Жылқының шаншу ауруы


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Қысқартылған сөздер мен белгілер
Кіріспе 8
1 Негізгі бөлім 9
1. 1«Шаншу» құбылысымен сипатталатын аурулар9
1. 2 «Өлі тиюді» (колики) тудыратын қарын мен ішек аурулары11
1. 3 Асқазанның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы13
1. 4 Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі) 15
1. 5 Ішектердің түйілуі (энтералгия) 16
1. 6 Ішектерде химустың тоқтауы 18
1. 7 Ішектердің бітелуі және ішектердің қысылуы (странгуляциялық илеус және обтурациялық илеус) 21
1. 8 Ішектердің бір - бірімен шырматылып байлануы және инвагинация23
1. 9 Тромбоэмболиядан болатын шаншу 26
2 Өзіндік зерттеу 28
2. 1 Prоanamnesis28
2. 2Anamnesis vitae29
2. 3Anamnesis morbi29
2. 4Status praesens communis29
2. 5Алдын ала қойылған диагноз30
2. 6Status proesens universalе30
2. 7Status proesens localis34
2. 8Diagnosis34
2. 9Diagnosis morbi et therapia36
2. 10 Epicrises46
3 Техникалық қауіпсіздік47
Қорытынды 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 49
Кіріспе
Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық - экономикалық ғылым салаларымен тығыз байланыста.
Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындармен мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдаланудың тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып- жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспанцеризация жүргізу ұсынылады. Кей аурулардан әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және азықтықтың бір түрінен ғана азықтандырғанын пайда болатын ауруларды айықтырудан азықпен емдеудің мағынасы зор. Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуде, әсіресе, қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді. Сондықтан, агрономиялық және ветеринарлық лабороториялық азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес сапалы және дәріс азықтандырудың маңызы зор.
Өнеркәсіптік кешендерде арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және фермаларда ауруларды емдеу және сақтандыру шараларын ұйымдастыруда агротехника, мал азығын дайындау азық дайындау технологиясын және мал гигиенасының ережелерін сақтау бағытындағы ғылыми жетістіктерді басшылыққа алған жөн [1, 2, 3] .
Маңызды-маңызды қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игертудің, шаруашылықтарда ем әрекеттерін және малды аурулардан сақтау шараларын белсене ұйымдастырып, тиянақты орындай алатын мағлұматты мал дәрігері мамандарын дайындаудағы маңызы зор. Көптеген аурулардан айықтыруда кең түрде жүргізудің сапалы және дұрыс азықтандыруда қадағалау үшін маңызы зор. Әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй - жайын анықтайды.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқада, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотомитрия- зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография, руменография, биохимиялық тексерістер, люминесценті талдау-ішек қарындар, жүрек-қан тамырлар.
1 Негізгі бөлім
1. 1«Шаншу» құбылысымен сипатталатын аурулар
Бұл ауруларға асқазан мен ішек ауруларының үлкен тобы жатады. Аурулардың пайда болуы мен дамуы әр түрлі болғанымен, оларда жалпы ауырсыну және мазасыздану (СоІіса) синдромдары бірыңғай болып келеді.
Әр түрлі себептерден ас қорыту түтігінің әр жерінің қызметінің бұзылуы салдарынан шаншу белгілерімен сипатталатын бірнеше ауруларды жеке бөліп алуға болады. Ол ауруларда асқазан мен ішектер арқылы астың жылжуы бұзылады (Ileus), малдардың тынышсызданып қатты ауырсынғандығы (Colica) байқалады. Аурулардың негізгі себебі организмнің стереотипі шартты рефлексінің бұзылуын тудыратын факторлар болып табылады. Аурулар жылқыларда жиі анықталады.
Ауырсыну сезімдерінің көздері әртүрлі себептер болуы мүмкін және ауырсыну біркелкі болмайды, сол себепті дәрігер малдың мінезіне және мазасызданудың сипатына байланысты бұл жағдайда (колик) «шаншу» деп тауып, диагноз қоюға жақындайды. Мысалы, сфинктердің және ішектердең кейбір тұзағының қатты түйілуінен түйілмелі ауырсыну пайда болады.
Ал асқазан мен ішек қабырғаларының газдармен ненмесе қатты жынмен созылуында дистензионды ауырсынулар байқалады, үзбей мазасыздану және ұзақ мерзім болады. Шажырақайдың тартылуында шажырақайлы ауырсынулар болады, бұларда ол үзбей болады, ол бірақ мазасыздану сипатына байланысты өзгешеленеді. Соңында іш перденің қабынуында рецепторлардың тітіркенуінен перитонеальді ауырсыну болады. Бұл ауырсынулар сызданған сипатта және үзілмейтін әлсіз, бірақ азапты мазасыздану.
Мұндай аурулар өте ерте кезден белгілі. Олар туралы алғашқы деректерді Аристотельдің (384-322 б. э. д. ) еңбектерінен кездестіруге болады. Бертін оны ары қарай дамытып ғылыми зерттеулер жүргізген оқымыстылар: Ж. Роже (1921), А. Р. Евграфов (1931), Г. В. Домрачев (1940), А. В. Синев (1947), И. Н. Симонов (1953), Г. Х. Габидуллин (1955) және т. б.
Әуел баста жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қоздырғыштық қабілеті өзгеретін көрінеді. Соның салдарынан не парасимпатикалық тармақтың, не симпатикалық тармақтың қозырғыштық қабілеттері үдей түсетіні байқалады. Соңғысы барып ішкі ағзалардың, оның ішінде ас қорыту жүйесі ағзаларының, зат алмасуының қызметін бұзады. [1, 2, 4, 5]
Аурудың себептері мен дамуында «күн түюінінің, атмосфералық қысымның, ауаның ылғалдылығының бұзылуының, патологиялық висцеро-висцералды рефлекстердің маңызы өте зор. Шаншу құбылысында орталық бас мидың қызметінің өзгеруі негізігі роль атқарады. Оны тітіркендіру ағзалар мен ұлпалардағы экстрорецепторлар мен интерорецепторлар арқылы беріледі.
Вегетативті нерв талшықтарының үштері барлық ішкі ағзаларда, қан тамырларында орналасқан. Олар ауырсынғандықты; қызулықты; механикалық; химиялық әсерлерді білдіретін интерорецепторлар. Осы ішкі ағзалардан тиісті сезгіш сегментке рефлекстің берілуі висцеро-сенсорлық рефлекс деп аталады. Осындай рефлекстердің әсерінен асқазан мен ішектердің жиырылу, секрет бөлу процестері бұзылады.
Висцералды ауырсынғандықтың бірнеше түрлерін ажыратуға болады:
1. Спастикалық түрі - асқазан мен ішектің, сфинктрлердің, кейбір ішек - буындардың қатты, түйіле жиырылуынан болады;
2. Дистензиондық түрі - асқазан мен ішектердің және паренхиматозды
ағзалардың газбен керілуінен болады;
3. Ас қорыту жүйесіндегі жадағай еттердің қалыпты тітіркендіруге қатты реакция беруі;
4. Ішектердің жиырылуын үдететін холин мен ацетилхолиннің көп түзілуі;
5. Ас қорыту жүйесінің қан тамырларында қанның іркілуі, көмір қышқыл газдың шоғырлану, оның әсерінен жүйке жүйесі мен еттердің қозуы;
6. Калий ионының көбейіп, кальций ионының азаюы салдарынан жергілікті және жалпы зат алмасуының бұзылуы;
7. Вегетативті нерв жүйесін қоздыратын физостигминнің, ареколинні пилокарпиннің, адреналиннің т. б. заттардың түзілуі.
Организмнің улануы, сусыздануы, қанның қоюлануы, іш қысымының жоғарылауынан қан айналысының, дем алудың бұзылуы қышқылдықтың жоғарлауына (ацидоз) апарып соғады.
Шаншу құбылысымен сипатталатын аурулардың көптеген классификациясының ішінде Г. В. Домрачев пен А. В. Синевтің берген классификациялары көңіл аударарлық. Г. В. Домрачевтің ұсынысы бойынша барлық ауруларды үш топқа бөледі:
1. Асқазан шаншуы - асқазанның кеңеюінің жіті және созылмалы түрлері;
2. Ішектердің перитонитсіз шаншуы - ішектердің түйілуі, газға толуы,
оларда химустың тоқтап қалуы; ішектердің тастармен, конкременттермен, гельминттермен бітелуі;
3. Ішектердің перитонитті шаншуы - химустың механикалық кедергінің салдарынан жылжымауы: ішектердің шырматылуы, бірінің ішіне бірінің кіруі (инвагинация), қысылуы, түйнектелуі, тромбоэмболия т. б.
А. В Синевтің классификациясы бойынша аурулардың барлық түрлері динамикалық және механикалық болып екіге бөлінеді. Динамикалық түрінің өзі спастикалық және паралитикалық болып бөлінеді. [2, 3, 5]
Спастикалық түріне - асқазанның кеңеюі, ішектердің газбен керілуі және ішектердің түйілуі - энтралгия жатады.
Паралитикалық түріне - химостаз бен капростаз жатады.
Механикалық түрі үшке жіктеледі:
1. Обтурациялық түрі - ішектердің тастармен, басқа бөгде заттармен,
гельминттермен бітелуі;
2. Странгуляциялық түрі - ішек бөлшектерінің қуыстарға қысылуы,
шырматылуы, инвагинациясы, бұралуы, түйілуі,
3. Гемостатикалық түрі - ішек артерияларының тромбоэмболдармен - қан түйіршіктерімен бітелуі. [2, 6, 7] .
1. 2 «Өлі тиюді» (колики) тудыратын қарын мен ішек аурулары
«Өлі тиюді» (колики) тудыратын қарын және ішек аурулары. Жылқының ас қорыту органдары жүйесінде аса көп тарайтын түрі - «өлі тию». Ауру тудыру себептердің түрлеріне орналасу орнына қарай «өлі тию» әр түрлі болады.
Сыртқы және ішкі себептер салдарынан жалпы нарв жүйесінің оның ішінде вегетативтік нерв жүйесінің ішкі органдар қызметін үйлестіру (жымдастыру) процестерінің бұзылуы «өлі тию» ауруын тудырушы індеттердің дамуына тікелей әсерін тигізеді. Бұнымен қатар қарын мен ішектің бітеліп, іштің жүрмей қалуы (тоқтауы), вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің ас қорыту органдары функцияларын үйлестіру қабілетінің өзара теңдікте болмай, бірінен екіншісінің басым түсуі; жемшөппен судың берілмеуі, малды шіріген, бұзылған, көгерген жемшөппен азықтандыру және оларды жұмыста дұрыс пайдаланбау, сыртқы орта мен ауа райының кездейсоқ өзгеруі де «өлі тию» ауруын тудырушы індеттерді өршітеді.
Аталған себептер қарын мен ішектің сөл бөлу, жиырылу қабілетін бұзады. Ішектің кейбір бөліктері әрі қарай жүрмейді де, ішек бітеледі. Тоқталған жында ашу - шіру процестері жүріп, улы заттармен қатар газдар көп мөлшерде жиналады, жиналған газдар ішек қарын қабырғасын тым қатты керіп, ішкі нерв ұштарын тітіркендіргенімен қоймай, сыртқы шажырқай нервтеріне де қысым жасайды. Сөйтіп қарын мен ішекте шанышқақ ( «өлі тию») аурулары (Colica) осыдан келіп туады.
Кейбір ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, «өлі тию» кезінде қан құрамында хлор (И. Н. Симонов, З. Н. Обжорин т. б. ) мен резервті сілтілік ( Ф. Ф Порохов, П. С. ) азаятын көрінеді. Бұлармен қатар калий, магний, кальций
және фосфор қосылыстарының да (А. А. Кабыш ) қандағы мөлшері өзгереді
екен.
Ал, бауырдың белок пен углевод (гликоген) жинау, улы қосылыстарды зарарсыздандыру мен қорғаныстың қабілетінің бұзылуы организмнің тыныс алу, қан айналу жүйелерінің де жұмысы да бұзылады.
Төменде «өлі тиюдің» жылқыда жиі кездесетін ауру. Потологиялық процесс қарынның ішекке қарай ас өтетін бөлігі - пилорустың қатты түйіліп, ішіндегі шынның әрі қарай өтпеуінен басталады. Қарынның көлемі тым үлкейіп, оның сөл бөлу, жиырылу қабілеттері бұзылады. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді.
Себептер. Аурудың пайда болуына төмендегі жағдайлар әсер етеді: азықтандыру, дем алу, жұмысқа пайдалану режимдерінің бұзылуы, жемшөп сапасының нашарлауы, дәнді дақыл жемін көп беру, тойдыра азықтандырылған малды дем алдырмай жұмысқа салу және көгерген, бұзылған жемшөппен азықтандыру. Жоғары да аталған себептер салдарынан вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі қозып, осының нәтижесінде полирус қатты түйіледі. Бұған басқа пилорустың түйілуі (пилороспазм), ішек тарылып, ондағы жынның әрі қарай жүрмеуі, сондай - ақ өзге шанышқақ аурулардың салдарынан да өршуі мүмкін.
Белгілері. Ауыра бастаған жылқы қайта - қайта тынышсызданады. Жүріп бара жатып, кілт тоқтайды, мезгіл - мезгіл ішіне қарайды, аунайды. Түрегелген бойда алға ұмтыладлы. Ауру күшейген сайын тоқтай қалып, шоқиып отыра кетеді. Дәл осы кезде мойының күре тамыр жүретін ойысынан өңеш қабырғасының бас жаққа қарай толқындала жиырылып жатқанын байқауға болады.
Ауырған жылқының жалпы күйі тез нашарлай бастайды, терлейді, бұлшық еттері дірілдейді, жүрген кезде сүрінеді. Қызуы 39-41 дейін көтеріледі. Көздің кілегей қабығы қанталап, көкшілденіп тұрады. Тамыр соғуы жиілеп, минутына 80-90 -ға жетеді. Бастапқы кезде жүрек соғуы күшейіп, соңынан әлсірейді.
Тыныс алу үстірт жүреді, жылқы ентігеді. Тыныс алу 25-50 -ге дейін жиілейді.
Сырттан қарағанда құрсақ көлемі айтарлықтай өзгермейді. Әйткенмен дененің сол жағындағы 14-17 -ші қабырға аралық бөлігінің сыртқа шығынқы екенін байқауға болады.
Уақытша күшейген ішектің перистальтикалық жиырылуы тез арада тоқтап, ішек шығуы естілмейді. Қарын енгізілген зонд арқылы сыртқа газ көп мөлшерде шығады.
Қанда эриторциттер мен лейкоциттер саны, гемоглобин мен белок, оның ішінде глобулиннің мөлшері қалыптағы көрсеткіштен артады. Хлоридтер мен резервті сілтіліктер керісінше азаяды.
Ауру жоғарыда баяндалған клиникалық белгілерге орай зонд салу, ал керек жағдайларда лабораториялық зерттеу жүргізу арқылы анықталады.
Емі. Ем зонд өткізуден басталады. Газ бен сұйық азықтың біразы шыққан соң, ауру малдың күйі жақсарады. Қарынға енгізілген зондты 30-60 минут ұстай тұруға болады. Егер зонд жынмен бітелсе, оны кейін суырып алудың қажеті жоқ. Қуысын үрлеп тазартса да жетеді. Қарынды зонд арқылы 1% ас содасы қосылған 1% ихтиол ерітіндісімен (4-5 л) бірнеше рет жуады. Бұл мақсатпен авкуум насостарын пайдалануға болады. Ашыған жыннан газдардың үздіксіз енуін тоқтату үшін, бір шөлмек су мен 10-15 г сүт қышқылы, 5-10 г сірке қышқылы немесе 15-20 г. ихтиол ішкізіледі.
Қарындағы пилороспазма мен шанышқақты тоқтату үшін 30-50 мл 10% анальгин ерітіндісі, 200-300 мл 25% этил спирті, 10, 0 г хлоралгидрат пен 20, 0г ас тұзының 200 мл судағы зарарсыздандырылған ертінділерінің біреуі күре тамырға енгізіледі. Осы мақсатпен үстіңгі ерінді қатты бұрап, ауырту рефлексін тудырса да жақсы нәтиже береді [4, 5] .
Судың көп шығып, қанның қоюлануы салдарынан өршитін организмнің улануына қарсы және қызметін жақсарту үшін 300 мл 10% натрий хлоридінің ертіндісіне 2, 5 г кофеин натрий - салицилатын және 80, 0-100, 0г. глюкоза қосып ерітіп (зарарсыздандырып), күре тамырға негізу керек.
Іш кебу созылмалы түрде жүрсе немесе гастриттен асқынса, онда
іш кебумен қатар гастритті де емдеген жөн.
Пилорустың түйілуін диаметрия, соллюкс шамы, массаж, жылы клизма көмегімен де жазуға болады.
Уақтылы емделген мал аурудан жазылады. Ал қарын жарылып, диафрагма жыртылған соң асқынған «өлі тию» жылқыны өлім - жітімге ұшыратады.
Аурудан айыққан малды 2-3 күн бойы арнайы диеталық рационда.
Сақтандыру шаралары. Жылқыны іш кебуден аталған ауру тудырушы себептерді жою арқылы аман сақтауға болады.
1. 3 Асқазанның кеңеюінің жіті түрі, ұлғаюы
Асқазанның кеңеюінің жіті түрі (Dilatatio ventriculi acuta) асқазанның пилорусының (сфинктерінің ) түйілуі салдарынан асқазан мен ішектер арқылы ас жүрмей, асқазанның көлемі ұлғайып, оның жиырылуң және секрет бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Жылқыларда жиі кездесетін аурулардың бірі.
Себептері. Негізгі себебі - вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы салдарынан пилорустың түйіле жиырылуы (пилороспазм) . Ондай жағдай қалыптасқан азықтандыру, дем алдыру, жұмысқа пайдалану реттілігі бұзылғанда, кенеттен рационның құрамы өзгергенде, жұмыс көліктерін тамаққа тойғызып бірден жұмысқа пайдаланғанда; құнарсыз, бұзылған тамақ бергенде жиі кездеседі.
Қосалқы түрде ішек ауруларында, олардан ас жүрмей, тоқтап қалғанда, әсіресе 12 - тұтам ішек бітелгенде байқалады.
Дамуы. Асқазанның кілегей қабығының тітіркенуі салдарынан оның
қабырғасының қатты керілуі, оның жиырылуын түйілуге дейін айналдырып,
қатты ауыртады. Бас мидың қабының қозуынан қанда адреналин көбейеді.
Вегетативті жүйке жүйеснің симпатикалық бөлігінің қозуынан пилорус түйіледі де, асқазанда қарсы жиырылу пайда болады. Ол барып ішектердің жиырылуын бәсеңдетеді. Диафрагмаға қысым түсіп дем алу қиындайды және жүректің систолалық көлемі азаяды . Тотығу-тотықсыздану процесі бұзылады. Асқазанға тұзды судың көп бөлінуі (кейде 25-л дейін ) организмді сусыздандырады, зат алмасуы бұзылады.
Өлекседегі өзгерістер. Асқазан 2-3 есеге үлкейген, қышқыл реакциялы, ішінде сұйық, қоймалжың, газ бен қан аралас қоспа. Қабырғасы созылып жұқарған. Кейде тірі малдың қарнының диафрагмасының жыртылып, жарылғаны кездеседі. Жарық арқылы кеуде қуысына ішектің, қарынның бөліктерінің, бауырдың түсуі мүмкін. [3, 4, 7]
Клиникалық белгілері. Азық қабылдаған уақытта, немесе одан 1-1, 5 сағат өткеннен кейін білінеді. Басында ауру мал аяқтарымен жер тарпып, қарнына қарап, жерге аунап, алға ұмтылып тынышсызданады. Ауырсынғандықтың дистензиондық түрі үдей түседі. Жылқылар итке ұқсап шоқиып отырады. Мойын күре тамырының бойымен бас жаққа қарай жиырылған толқын байқалады. Ауру малдың жалпы жағдайы нашарлайды, сүріншек келеді, бұлшық еттері дірілдейді, терлейді. Дене қызуы көтеріледі. Кілегей қабықтары көгерген, дем алысы жиі, жүрек саздары қатты естіледі. Ішектердің шуылы сирек, әлсіз, кейде естілмейді де. Тік ішек арқылы тексергенде көкбауыр артқа қарай ығысқан, асқазанның пішіні дөңгелек, қабырғасы керілген, сөлі қышқыл реакциялы. Онда бос тұз қышқылы жоқ, ал сүт пен май қышқылдары бар. Организмнің сусыздану белгілері байқалады.
Қанда эритроциттер, гемоглобин, белоктың глобулин фракциясы көбейген, ал хлоридтер мен сілтілік қоры азайған. Кейде лейкоциттер де көбейеді, нейтрофилия, эозинопения анықталады. Эритроциттердің шөгуі баяулайды.
Диафрагма жыртылғанда демікпе пайда болады, жүректің қызметі нашарлайды, кілегей қабықтары көгереді. Асқазан жарылғанда ауру мал кенеттен тыныштала қалады, көзі шүңірейген, жанарын бір жерге қадаған, суық тер шығады, аяқтары, танауы суыйды, тамыр соғысы әрең білінеді, іш қуысында газ шоғырланады. Тесу арқылы тексергенде, одан қан аралас қоспа анықталады. [6, 7, 8]
Барысы. Өте жылдам, 2-6 сағаттың ішінде шешіледі.
Анықтау. Басалқы түрінде аурудың өзінің негізгі, ал қосалқы түрінде негізгі аурулардың клиникалық белгілеріне сүйенеді. Зонд арқылы тексергеннің нәтижесі жақсы.
Болжамы. Уақытында дұрыс емдегенде ауру мал жазылады. Ал, диафрагма не асқазан жарылса, онда өліммен аяқталады.
Емі. Бірінші кезекте ауырсынғандықты басу керек. Ол үшін он пайызды анальгин, 25 пайызды алкоголь, 10 пайызды хлоралгидрат ерітінділерін венаға жібереді. Асқазандағы газды, азықтың қалдығын зонд арқылы шығарып, жылы сумен, 1-2 пайызды ихтиолдың, не соданың ерітіндісімен жуып тазалайды. Кейде ондағы сұйықты шығару үшін Камовскийдің насосын қолдануға тура
келеді. Ауыз қуысы арқылы 6-12 мл сүт қышқылын, немесе 15-35 мл сірке
қышқылын бір бөтелке сумен араластырып, ішкізеді. 10 пайызды хлорлы натрийдің ерітіндісінде 2-2, 5 г кофеин бензоат-натрийді, 50-100 г глюкозаны қосып венаға жібереді. Уақытында дұрыстап, гастритті емдеу керек.
Аурудың созылмалы түрі асқазанның көлемінің тұрақты түрде ұлғаюымен және жиырылу, сөл бөлу қызметтерінің бұзылуымен сипатталады.
Себептері. Малды ұзақ уақыт құнарсыз, біркелкі қатаң азықпен (нашар шөп, сабан, диірмен қалдықтары, ұшқын т. б. ) азықтандырғанда; жылқылардың асқазаны топырақпен, құммен ластанғанда; пилорус тарылғанда; асқазан көрші ағзалармен жабысып қалғанда ; асқазанда, ішектерде жаңа ісіктер пайда болғанда; гастрофилезде пайда болатын ауру.
Дамуы. Аурудың себептері асқазандағы астың ары қарай жылжуын қиындатады. Басында оның еттері қатты жиырылып, көлемі ұлғаяды, қабырғасы қатты созылады, ондағы қоспада ащу-шіру процесі үдейді. Улы заттар мен газдар түзіледі. Асқазан көрші ағзаларды қысып дем алу, қан айналу, жалпы ас қорыту процестері бұзылады.
Өлекседегі өзгерістер. Асқазанның көлемі үлкейген қабырғалары жұқа, кей жерлері өлі еттенген, ішінде газ, толық қорытылмаған жағымсыз иістің астың қалдығы анықталады. Кейде асқазан жыртылған, ішіектердің кілегей қабықтарында, шажырақайда, бауырда қабынудың белгілері анықталады.
Клиникалық белгілері. Ауру мал салғырт, тез шаршайды, тершең келеді, жиі- жиі есінейді, жоғары ерінде көтеретін еті түйілген. Ішектердің жиырылуы әлсіз, нәжіс қатая бастайды. Тамақтан кейін малдың тынышсызданғаны байқалады. Тәбеті жиі өзгеріп отырады, ауру мал арықтайды. Асқазан бездерінің қозуы субацидті, инертті түрлерінде болады. Шаншу анық біліне бастағанда клиникалық белгілері аурудың жіті түріндегідей болады.
Емі. Аурудың клиникалық белгілері анық біліне бастағанда емдеу әдістері жіті түріндегідей. Рационның құрамында жусан аралас әр түрлі шөп, қызылша, сәбіз, ашытқы қосылған жем кірістіріледі. Басында жарты мөлшерін, артынан ақырындап, толық мөлшеріне жеткізеді. Асқазан сөлін дені сау жылқыдан алып, немесе қолдан жасап береді. Операция жасап емдеуге де болады. Қосалқы түрінде негізгі ауруларды емдеу керек. Қолданылған ем нәтиже бермесе, онда ауру малды уақытында шығысқа шығарған жөн [4, 5, 8] .
1. 4 Ішектердің газбен керілуі (метеоризмі)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz