Малдардың улануы
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1Негізгі бөлім ... ...
1.1Малдардың уланулары ... ... ... ... ... ..
1.2Малдардың жемшөптен улануы ... ... ... ... ... ..
1.3Жекелеген минералды элементтердің маңызы және алмасуы ... ... ...
2Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Proanamnеsis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Аnamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4Status praesens universalis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8Decursus morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.9Epicrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Улану өте қауырт өткенде бронхылардың түйілуі немесе тыныс алу орталығын паралич соғуы салдарынан мал тұншығып өледі. Улану жіті өткенде сілекейдің шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсызданатыны, жүріс-тұрысының бұзылатыны, көз шарасының кішірейетіні, жүректің жиырылу ырғағы сирейтіні, жас ағатыны, малдың тіс қайрайтыны, ішек қарынның, өңештің жедел жырылып-созылатыны, дамылсыз нәжіс тастайтыны, бұлшық еттердің дірілдейтіні, тырысып – құрысу түрінде ауық-ауық қатты дірілдейтіні, танау және ауыз кілегей қабықтарының көгілдендірленіп кететіні, малдың тыныс алғанда қиналатыны, рефлекторлық сезімнің күйзелетіні байқалады.
Мал жіті түрде уланғанда, мысалы, фосфамидпен, хлорофоспен және фталофоспен уланғанда құрысып-тырысып, паралия соққан белгілері, қаңқа бұлшық етінің қабынуы, ішек-қарынның түйілу белгілері біршама тез дамиды, мал несепті жиі шығарады, жалпы ылғал көп шығады, жүрек қызметі бұзылады.
Созылмалы түрде уланғанда сілекейі өте көп ағады, терлейді, іші өтеді, арықтайды, жалпы әлсірейді, дене температурасы төмендейді.
Фосфор-органикалық қосылыстар өсімдік кенелеріне, қаракүйеге, трипистерге, қандала-бақашықтарға және басқа да өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес жүргізуде инсектицидті, акарацидті дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Улы заттар малдың терісіне тигенде, тыныс алу жолдары мен ас қорыту жолы арқылы енгенде малдың уланып қалуы мүмкін.
Жемшөпте және суда фосфор-органикалық қосылыстары қалдығының қанша екенін бақылап отыру қажет; мал азығындық егістік өнімін жинап алуға кемінде 6 күн қалғанда бір-бірімен үйлесе әсер ететін препараттармен өңдеуге және жүйелі түрде әсер ететін препараттарды – кемінде 45 күн қалғанда қолдануға жол бермейді; жемшөпті және суаттарды келіп түсуі мүмкін улы химикаттардан қорғау ісі ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрескенде бұл топтың улы химикаттары шекиеулі түрде қолданылады. Хлор-органикалық қосылыстар сыртқы ортада мейлінше төзімді, жемшөпте, суда, топырақта едәуір мөлшерде жинақталады, олар мал организміне түскенде де жинақталатыны айқын байқалады.
Маңызды органдардың көптеген жерлерінде қан құйылған, өкпе ісініпкеткен, ішек қанталап қабынған, бауыр ұлғайған, қан тез қоюланады, ми қабының тамырларына қауырт қан шашырған, бүйректері ісінген, қуықтың кілегей қабығына дақ тәрізденіп қан құйылған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1.Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней с.-х. животных. под. ред / А.М. Смирнова, П. Я. Конопелько и др. Ленинград, Колос, 1981 г.-58 б.
2.Полный справочник внуттренних болезней, под. ред /Ю. Ю. Елисеева. М.,2003 г. 112 б.
3. Ветеринарные консультации для владельцев лошадей. Учебник:/Т.К. Ливинова. Москва: Аквариум, 2003г.86 б.
4. Внутренние незаразные болезни с-х. животных. Учебник:/ М. Агропромиздат, 1991г. под. ред/ В.М. Данилевского. 91б
5. Внутренние незаразные болезни с-х. животных. Учебник. М. Колос, 1985г. под. ред/ И.Г. Шарабрина. 95б.
6. Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных. Учебник. М. Колос, 1983г. Под. ред А.Д. Белова
7. Внутренние незаразные болезни КРС. Учебник. М. Колос, 1984. Ионов П.С., Тарасов И.И.
8. Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии. Учебное пособие. М. Агропромиздат, 1985г. Кондрахин И.П. Курилов Н.В.
9. Диагностическая и терапевтическая техника в ветеринарии. Учебное пособие. М. Колос, 1979 г. Под. ред. П.С. Ионова
10. Лекарственные средства в ветеринарии. Д.К. Червяков, П.Д. Евдокимов
11. Внутренние болезни животных. Г.Г. Щербаков, А.В. Коробов. Санкт –Петербург, 2005г.
12. Малдың жұқпалы емес ішкі аурулары. Оқулық. Құрастырып редакциясын қараған М. А. Молдагулов. –Алматы, 1993ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. К.Н. Қожанов.Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары.Семей – 2005 ж.134-150 беттер
2. Сабаншиев М., Сүлейменов Т., Қарамендин Ө., Шардарбаева Г., Жантөре М. Паразитоология және жануарлардың инвазиялық аурулары.Алматы 2003ж.200-211беттер
3. Т. Сайдулдин. Ветеринарлық індеттану Алматы 1999 ж. 66-74беттер
4. Кононов. Ветеринарлық анықтама. 115-119 беттер
5. Ж.Бердімұратов. Ірі қара аурулары. Алматы Қайнар 1976ж.180-182 беттер
6.Ермахан Әмірбек. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы. Алматы 2006ж. 42- 55 беттер
7. Б.К. Ілиясов Алғашқы ветеринарлық жәрдем. Алматы – 2000ж.20- 25 беттер
8. Жаңабай Төлеуіш.Малың аман болса, май ішесің. Шымкент-2007ж. 60-63 беттер
9.Қошағанов Х.Е.Жылқы және түйе аурулары. Қайнар.1978ж. 248бет.
10.Сайдулдин,Тілеуберді.Ветеринарлық індеттану. Оқулық:/ 56-64бет

Аннотация
Ішкі жұқпалы емес аурулары пәнінен жазылған Малдардың улануы атты
курстық жұмысым беттен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім,
өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімін қамтиды.
Мазмұны
Белгілер мен қысқартулар
Қысқартылған сөздер
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1Негізгі бөлім ... ...
1.1Малдардың уланулары ... ... ... ... ... ..
1.2Малдардың жемшөптен улануы ... ... ... ... ... ..
1.3Жекелеген минералды элементтердің маңызы және алмасуы ... ... ...
2Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Proanamnеsis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Аnamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3Anamnesis
morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4Status praesens universalis
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5Status prаesens
localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.8Decursus morbi et
therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.9Epicrisis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3 Техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Анықтама
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус – ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын,
темпераментін анықтау.
Инфильтрация - зат алмасу өнімдерінің қалыпты жағдайдан мөлшерде қан
және лимфа арқылы келіп клеткаларда және тканьде жиналуы.
Бұрмаланған синтез - клеткаларда және торша аралық зат аномальды, яғни
қалыпты жағдайда кездеспейтін заттың түзілуі.
Трансформация - қалыпты жағдайда түзілетін өнім түрінің пайда болуы
мысалы, белоктың майға және көмірсуға айналуы.
Декомпозиция - клеткалардың және клеткааралық заттардың ультра
құрылымдарының ыдырауы.
Белгілер мен қысқартулар
м2 - шаршы метр
м3 – метр куб, көлем
м – метр
% - пайыз
°С – температура
мг м3 – көлем
г – грамм
кг – килограмм
ЖК - жарақат
Кіріспе
Улану өте қауырт өткенде бронхылардың түйілуі немесе тыныс алу орталығын
паралич соғуы салдарынан мал тұншығып өледі. Улану жіті өткенде сілекейдің
шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсызданатыны, жүріс-тұрысының
бұзылатыны, көз шарасының кішірейетіні, жүректің жиырылу ырғағы сирейтіні,
жас ағатыны, малдың тіс қайрайтыны, ішек қарынның, өңештің жедел жырылып-
созылатыны, дамылсыз нәжіс тастайтыны, бұлшық еттердің дірілдейтіні,
тырысып – құрысу түрінде ауық-ауық қатты дірілдейтіні, танау және ауыз
кілегей қабықтарының көгілдендірленіп кететіні, малдың тыныс алғанда
қиналатыны, рефлекторлық сезімнің күйзелетіні байқалады.
Мал жіті түрде уланғанда, мысалы, фосфамидпен, хлорофоспен және
фталофоспен уланғанда құрысып-тырысып, паралия соққан белгілері, қаңқа
бұлшық етінің қабынуы, ішек-қарынның түйілу белгілері біршама тез дамиды,
мал несепті жиі шығарады, жалпы ылғал көп шығады, жүрек қызметі бұзылады.
Созылмалы түрде уланғанда сілекейі өте көп ағады, терлейді, іші өтеді,
арықтайды, жалпы әлсірейді, дене температурасы төмендейді.
Фосфор-органикалық қосылыстар өсімдік кенелеріне, қаракүйеге,
трипистерге, қандала-бақашықтарға және басқа да өсімдік зиянкестеріне қарсы
күрес жүргізуде инсектицидті, акарацидті дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.
Улы заттар малдың терісіне тигенде, тыныс алу жолдары мен ас қорыту жолы
арқылы енгенде малдың уланып қалуы мүмкін.
Жемшөпте және суда фосфор-органикалық қосылыстары қалдығының қанша
екенін бақылап отыру қажет; мал азығындық егістік өнімін жинап алуға
кемінде 6 күн қалғанда бір-бірімен үйлесе әсер ететін препараттармен
өңдеуге және жүйелі түрде әсер ететін препараттарды – кемінде 45 күн
қалғанда қолдануға жол бермейді; жемшөпті және суаттарды келіп түсуі мүмкін
улы химикаттардан қорғау ісі ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрескенде бұл топтың улы
химикаттары шекиеулі түрде қолданылады. Хлор-органикалық қосылыстар сыртқы
ортада мейлінше төзімді, жемшөпте, суда, топырақта едәуір мөлшерде
жинақталады, олар мал организміне түскенде де жинақталатыны айқын
байқалады.
Маңызды органдардың көптеген жерлерінде қан құйылған, өкпе ісініпкеткен,
ішек қанталап қабынған, бауыр ұлғайған, қан тез қоюланады, ми қабының
тамырларына қауырт қан шашырған, бүйректері ісінген, қуықтың кілегей
қабығына дақ тәрізденіп қан құйылған.
1Негізгі бөлім
1.1 Малдардың уланулары
Уланғанда емдеудің жалпы принциптері. Уланған малды емдеудің негізгі
принциптері мынадай: удың қанға сіңуіне жол бермеу (асқазанды жуып – шаю,
құстырғыш, іш өткізгіш тұзды, дәрі-дәрмектерді қолдану); уды ыдыратып,
бейтараптау (сілтіден уланғанда қышқылдар, қышқылдан уланғанда сілті, ауыр
металдар тұздарынан уланғанда күкірт сутегінің суы қолданылады); уды
теріден, көрініп тұратын кілегей қабықтардан сумен жуып-шайып кетіру және
оны химиялық жолмен зиянсыздандыру (бейтараптау).
Антидоттарды қолдана отырып, сіңіп кеткен удың өзінде зиянсыздандыруға
болады. Антидотпен емдеу былай жүргізіледі: цианидтермен уланғанда
метагемоглобин түзетін заттар (натрий тиосульфаты, натрий нитриті, метилен
көгі); күшәла, сынап қосылыстарымен уланғанда оған қарсы әсер ететін
антагонизм (унитиол); орталық нерв жүйесінің күйзелтетін заттармен
уланғанда функциялық антагонизм ( орталық жүйке жүйесі қызметін
жақсартқыш); холинергиялық нерв жүйесін қоздыратын заттардан (фосфор –
органикалық, карбамат қосылыстары және басқа антихолиэстераз заттары)
уланғанда холинометикалық дәрі-дәрмектер (фосфолитин, ТМБ-4,
атропинсульфаты, тропацин, метацин); құрыстырып тастайтын улармен уланғанда
миорелаксанттар қолданылады; организмнің тіршілік ету қызметіне қолайлы
жағдай жасалады (жүрек-қан тамырларының дәрі-дәрмектері, тыныс
алудыжеңілдететін дәрі-дәрмектер пайдаланылады, қолдан тыныс алдырады,
оттегімен емдейді, қан немесе қан орнына жүретін сұйық зат көк тамырға
құйылады), зат алмасуды күшейтетін дәрі-дәрмектер (глюкоза қосылған
инсулин) беріледі [1,2,3].
Несеп айдауды тездету (организмге суды мейлінше көп енгізу, натрий
хлоридінің қыссымды арттыратын ерітіндісін ішкізу, несеп айдағыштарды
белгілеу), асқазан, ішек – қарынның жиырылуын күшейту (тұзды ерітіндімен іш
өткізу, клизма қою), дем алуды шапшаңдату (дем алуға қалай да жағдай
жасау), қан алу жолымен удың айдап шығарылуын тездете түсуге болады.
Фосфор және хлор-органикалық қосылыстардан улану.
Фосфор және хлор-органикалық қосылыстардан улану, бұл уыттылығы жөнінен
4 топқа бөлінеді: 1) күшті әсер ететіндері – тиофос, октаметил; 2)
уыттылығы басымдары – метафос; метилмеркаптофос, М-81, ДДВФ; 3) уыттылығы
орташалары – фосфамид, хлорофос, трихлорметафос-3, карбофос, метилнитрофос,
метилацетофос, бутифос; 4) уыттылығы шамалысы – авенин.

Октаметил – болар – болмас иісі бар, түсі күңгірт-қоңыр немесе түссіз
сұйық зат.Теріге сіңгенде, тыныс жолына еніп кеткенде қатты уландырады;
қайталап пайдаланғанда күшті әсер етеді. Ол жеміс-жидек дақылдарын, мақта
егістіктерін өңдеу үшін пайдаланылады.
Метафос – кристалл тәрізді ақ қатты зат, суда жөнді ерімейді, сілтіде
тез ыдырайды.
Тролен – кристалл тәрізді ақ зат. Уыттылығы шамалы препарат. Инсектицид
ретінде қолданылады.
Фосфор – органикалық қосылыстардан улану өте қауырт, жіті және созылмалы
түрде өтуі мүмкін, мұнда оның көптеген клиникалық белгілері барлық түлікке
тән нәрсе.
Белгілері.Улану өте қауырт өткенде бронхылардың түйілуі немесе тыныс
алу орталығын паралич соғуы салдарынан мал тұншығып өледі. Улану жіті
өткенде сілекейдің шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсызданатыны,
жүріс-тұрысының бұзылатыны, көз шарасының кішірейетіні, жүректің жиырылу
ырғағы сирейтіні, жас ағатыны, малдың тіс қайрайтыны, ішек қарынның,
өңештің жедел жырылып-созылатыны, дамылсыз нәжіс тастайтыны, бұлшық
еттердің дірілдейтіні, тырысып – құрысу түрінде ауық-ауық қатты
дірілдейтіні, танау және ауыз кілегей қабықтарының көгілдендірленіп
кететіні, малдың тыныс алғанда қиналатыны, рефлекторлық сезімнің
күйзелетіні байқалады.

Ішін жарып көру. Өлексе тез сіресіп қалады және жақсы байқалып тұрады;
дене қуыстары мен қуыс органдарда мыналар табылады: ауыз ішінде – сілекей
жиналып қалады, танау ішінде көпіршік зат бар, кеңірдек пен бронхыларда -
көпіршіктенген сұйық зат бар; өкпе ісінеді; бауыр мен талақ – нашар ұйыған,
түсі күңгірт қанға толы; өт қабын өт кернеген; ми қабығының тамырларына
дәрі жіберілген; ми қабына және қуықтың кілегей қабығы астына дақ
тәрізденіп қан құйылғаны байқалуы мүмкін; ішек-қарын жолының кілегей қабығы
ісініп, қызарып кетеді, оған дақ тәрізденіп қан құйылады; ішкі органдардан
фосфор-органикалық улардың иісі шығады.
Өлген мал органдарындағы патологиялық – морфологиялық өзгерістер қан
тамырларының бұзылуымен және нерв тканьдерінің, паренхималық органдардың
жеткіліксіз қоректенуімен сипатталады [1,2,3].
Емі. Фосфор- органикалық қосылыстардан уланғанда атропин сульфаты,
тропацин, фосфолитин және дипироксим неғұрлым тиімді болып табылады. Мал
жіті уланғанда уыт қайтаратын дәрі-дәрмектер тез арада денеге енгізілуі
керек. Атропин сульфатын тері астына немесе бұлшық етке енгізу керек. Ірі
және ұсақ қараға, жылқыға және шошқаға 1 мгкг, құсқа 10-20 мгкг; тропацин
– 4 мгкг; дипироксим – 10-15 мгкг; фосфолитин 75 проценттік су ерітіндісі
күйінде ірі малға (жылқы, ірі қара) 10-12 мл, шошқаға 1,5-2 мл мөлшерінде
қолданылады.
Бұл препараттарды араластырып қолданғанда жақсы нәтиже алынады: атропин
сульфаты – дипироксим немесе атропин сульфаты - фосфолитин. Уыт қайтаратын
дәрі-дәрмектерді уланудың алғашқы тәулігінде 2-3 рет, екінші және үшінші
тәуліктерде күніне 1-2 рет енгізеді.Осы айтылған дәрі-дәрмектерден басқа
венаға кальций хлоридің немесе бұлшық етке кальций глюконатын енгізген
пайдалы; созылмалы улану кезінде тері астына В1 витаминін, венаға аскорбин
қышқылы аралас глюкоза енгізген тиімді келеді. Ауру малға тыныштық жағдайы
жасалады,жақсы қорытылатын жемшөп беріледі. Фосфор-органикалық
қосылыстардан уланған малға этил спиртін, морфин гидрохлоридін,
питуитринді, теофилинді қолдануға болмайды.
Сақтандыру шаралары. Жемшөпте және суда фосфор-органикалық қосылыстары
қалдығының қанша екенін бақылап отыру қажет; мал азығындық егістік өнімін
жинап алуға кемінде 6 күн қалғанда бір-бірімен үйлесе әсер ететін
препараттармен өңдеуге және жүйелі түрде әсер ететін препараттарды –
кемінде 45 күн қалғанда қолдануға жол бермейді; жемшөпті және суаттарды
келіп түсуі мүмкін улы химикаттардан қорғау ісі ұйымдастырылады.
Хлор-органикалық қосылыстардан улану. Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне
қарсы күрескенде бұл топтың улы химикаттары шекиеулі түрде қолданылады.
Хлор-органикалық қосылыстар сыртқы ортада мейлінше төзімді, жемшөпте, суда,
топырақта едәуір мөлшерде жинақталады, олар мал организміне түскенде де
жинақталатыны айқын байқалады.
Белгілері. Жіті уланғанда малдың әр түлігінің клиникалық белгілері
негізінен ұқсас болып келеді. Ірі қараның аузынан сілекей ағатыны , күйіс
қайырмайтыны, тәбеті соқпайтыны, қатты шөлдейтіні, алдыңғы қарындардың
әлсірейтіні, тазқарын маңының кінәраты, сыртқы ортаның түйіршіктенуін өте
тез сезетіні, ішектің жиырылып-созылуының күшейе түсетіні, сандарының сал
бола бастайтыны аңғарылады.
Созылмалы түрде уланғанда малдың барлық түлігінің жалпы күйзелетіні,
тәбеті нашарлайтыны, бірте-бірте арықтай беретіні, ішек-қарын жолының
бұзылатыны, өнімділігі төмендейтіні (сүт шығымы, қосымша салмағы, жұмыртқа
салуы азайып кетеді) және өз төлі есебінен өсіп-өрбуі нашарлайтыны
байқалады [2,3,4].
Паталогиялық-марфологиялық өзгерістер. Жіті уланудан өлген малдың ішін
жарыпкөргенде айрықша өзгерістер мыналар: өкпені қан кернегені айқын
білінеді, ол ісініп кетеді, әр жерінде эмфизема пайда болады, май қан
тамырларына қан шашыраған, бауырды қан кернеген және ол азғындай басттаған.
Емі.Іш жүргізетін тұзды дәрі-дәрмектің (натрий сульфаты немесе магний
сульфаты) көмегімен ішек-қарын жолы нәжістен тазартылады; венаға кальций
хлориді, глюкоза енгізіледі; кофеин, атропин сульфаты тері астына
жіберіледі, фолие қышқылы бұлшық етке енгізіледі; құрысып-тырысуды тоқтату
үшін венаға немесе бұлшық етке натрий тиопенталы немесе барбамил
енгізіледі. Сүт, өсімдік майын, басқа да майды беруге болмайды, өйткені
олар хлор- органикалық қосылыстардың денеге сіңуін тездете түседі.
Сақтандыру шаралары. Малға дәріленген дәнді азық беруге болмайды;
жемшөптік дақылдарды гексахлоран препараттарымен және жуықта күші
жойылмайтын улы химикаттармен өңдеуге рүқсат етілмейді; хлор-органикалық
пестицидтер қолданылған егістіктен жинап алынған картоп пен қызылша жапырақ
– сабақтарын егістікті өңдегеннен кейін кемінде 2,5 ай өтпестен бұрын,
сондай-ақ осы пестицидтермен өңделген бақтардың шөбін малға беруге
болмайды. Гексахлоранды топыраққа, картоп, сәбіз, асханалық қызылша және
басқа тамыржемістілер отырызылғанға дейін кемінде 4 жылдан кешігіп енгізуге
рұқсат етілмейді.
Ас тұзымен улану
Ас тұзына негізінен құстар, шошқалар өте сезімтал болады. Шошқалар тағам
қалдықтарын жегенде ішінде тұзы көп болғанда және тауықтарға жеммен бірге
тұзды көп салып жібергенде жаппай уланады. Құс шошқалардың тұзбен улануында
негізінен олардың организмде түрлі макро және микроэлементтердің
жетіспеуінен орын алады.
Ас тұзы көбінесе ащы ішекке сіңіп кетеді. Оның уландыра алатын мөлшері
организмдегі бір валентті және екі валентті катиондардың тепе-теңдігін
бұзады, тканьдердегі осмос қысымын өзгертеді (тканьдер құрғай бастайды),
клеткалардың тыныс алу процесін бұзады, мұның өзі тканьдерде оттегінің
мүлде жетіспеуіне апарып соқтырады.
Организміне ас тұзы азықпен бірге шамадан тыс көп барған (тұздалған
қиярдың, капуста, селедка мен ет тұздықтары аралас асхана қалдықтарын қалай
болса солай бергенде) шошқаның улануы жиі байқалады. Құрама жемдегі тұздың
мөлшері 1,5 проценттен артып кеткенде де мал уланып қалуы мүмкін.
Патагенез. Желмен, шөппен ас тұзы көп түскен жағдайда хлорлы натрий
ішек қарын арқылы қанға түседі. Қанда ас тұзының көп болуынан гипортониялық
ерітіндісі орын алады. Бұл жағдайда ас тұзының құрамы эритроциттердің
сыртқы қабықтарына және ішкі асмотикалық қысымына қатты әсер етеді.
Эритроциттер талқандалынып, оттегі тасымалдау қабілеті бұзылады.
Организмде гипоксия басталады [3,4].
Белгілері. Мал шөліркейд, тәбеті соқпайды, аласұрып тынышсызданады,
сілекейі ағады, лоқсиды, қан аралас іші өтеді, қаңқа бұлшық еттері
дірілдейді, кілегей қабықтары көгілдір тартады, жүрек әлсірейді. Мал құрыса
дірілдегенде және тұншыққан кезде өліп кетеді.
Паталогиялық-марфологиялық өзгерістер. Маңызды органдардың көптеген
жерлерінде қан құйылған, өкпе ісініпкеткен, ішек қанталап қабынған, бауыр
ұлғайған, қан тез қоюланады, ми қабының тамырларына қауырт қан шашырған,
бүйректері ісінген, қуықтың кілегей қабығына дақ тәрізденіп қан құйылған.
Емі. Су еркінше беріледі; венаға кальций хлориді, глюкоза шанышып
енгізіледі; жабырқаған кезде тері астына кофеин, каразол құйылады.
Сақтандыру шаралары. Құрама жем мен ас қалдықтарындағы ас тұзының
мөлшері қанға екеніне қатаң бақылау жасалады.
Нитраттан және нитритпен улану. Нитраттан және нитриттен уланудың ошағы
азот тыңайтқыштары болып табылады; аммоний нитраты (аммоний селитрасы),
натрий нитраты (натрий селитрасы); калий нитраты (калий селитрасы), сол
сияқты пісіріліп, жайымен суытылатын қызылша.
Нитраттар, әлдеқашан анықталғанындай, оншалық уытты емес, бірақ олар
белгілі бір жағдайда өте уытты заттарға – нитриттерге айналады.
Нитриттердің уыттылығы көбінесе қан тамырлары-қозғаушы орталығын
параличке ұрындыратындай әсер етеді, мұның өзі қан қысымының шапшаң
төмендеуімен ұштасады. Осымен қатар нитриттер қан гемоглобинінің
метгемоглобинге айналуына себепкер болады және оны тканьдерге оттегін
жеткізіп тұру қабілетінен айырады, соның салдарынан тканьде оттегінің
жетімсіздігі үдей түседі.
Патогенез. Улар, нитриттер, ішек қарын арқылы қанға сіңеді,
эритроциттердегі гемоглобинді метгемоглобинге айналдырады да, оттегіні
қосып ала-алмай қалады. Организмде оттегі жетіспей асфексия орын алады.
Нитриттер орталық жүйке жүйесін істен шығарады да, демалу орталығының
процесі келтіреді, паралич болып, мал дем ала алмай өледі.
Белгілері. Малдың тәбеті соқпайды, сілекейі ағады, жалпы әлсірейді,
жүрыс-тұрысы бұзылады, бұлшық еттері жіпшіктене тартылады, кілегей
қабықтары көгілдір тартады, тыныс алуы жиілейді, тамыры жиі және ақырын
соғады, құрсақ көк шандырының ауыратыны сезіледі, ішектері өте шапшаң
тартылып-созылады, іші өтеді, қан аралас нәжіс тастайды, қанының түсі қара
қоңыр, күйіс қайыратын малдың тазқарыны кеуіп кетеді, буаз мал көбінесе іш
тастайды, одан әрі ес-тұсынан айырылу халіне душар болады.
Патологиялық-морфологиялық өзгерістер. Шошқаның ішіндегісіне тез өтетін
хлор иісі шығады, асқазан мен ішектің кілегей қабықтары қанталап қабынған,
бауырда, жүрек бұлшық еттерінде азғындау өзгерістері бар; қан жөнді
ұйымаған, түсі лайланып-күңгірттеніп тұрады, өт қабын өт кернеп кеткен.
Диагнозы. Малдың улануы жайында жеген жем-шөп жай толық анамнез алады,
клиникалық белгілерін тексереді. Берген минералды тыңайтқыштарды басына
барып көреді және лабараториялық тексеруден анықтайды.
Аурудың болжамы жақсы емес, малдар жем-шөпті көп жеп қойып, көбінесе
малдар өледі [3,4].
Емі. Көк метиленнің 1 проценттік ерітіндісі 5-10 мгкг мөлшерінде венаға
енгізіледі; сүт қышқылы беріледі; асқазан (тазқарын) сумен жуып-шайылады;
тері астына кофеин, коразол, оттегі шанышып енгізіледі.
Сақтандыру шаралары. Малдың минералдық тыңайтқыштарға жақын баруына жол
берілмейді, судың, жемшөптің сапасына бақылау жасалады, өйткені топыраққа
азотты тыңайтқыштарды өте көп енгізгенде нитраттың суға және жемшөпке түсуі
мүмкін.
1.2 Малдардың жемшөптен улануы
Мақта күнжарасынан улану. Мақта күнжарасында улы зат – госсипол болады.
Ұзақ уақыт бойына күнжарамен кеңелте азықтандырғанда мал уланып қалады.
Рационда кальций тұзының және витаминдердің жетіспеуі малдың улануын
тездете түседі. Барлық мал түлігі, әсіресе төл уланады. Енесін еміп жүрген
төл сүт арқылы улануы мүмкін. Күнжара беру тоқтатылғаннан кейін 10-30 күн
өткен соң малдың уланып қалатыны жиі кездеседі (госсипол организмде
жиналуға қабілетті келеді).
Белгілері. Малдың тәбеті соқпайды, ішек-қарын жолы талаурап қабынады.
Мейлінше әлсірейді, бұлшық еттері тарамдалып тартылады, аласұрып
дірілдейді, күйіс қайыруы тоқталады, месқарын қызметі нашарлайды; жылқыда,
мұның үстіне шаншу пайда болады, іш қатады, нәжіспен бірге кілегей, ал
кейде қан аралас шығады, жүрек нашарлайды, қан аралас несеп шығады, демін
ентігіп және жиі алады, өкпе ісінеді, табиғи саңылаулардан қан ағады, кейде
дене температурасы көтеріледі, кілегей қабықтар көгілдір тартады.
Паталогиялық-марфологиялық өзгерістер. Мұнда өкпенің қанталағаны,
ісінгені, кеуде және құрсақ қуыстарына сұйық зат жиналғаны, эндокардта және
эпикардтың астына дақ тәрізденіп қан құйылған; ішек қабынған, оған қан
құйылған, маңызды органдар ісініп кеткен, май азғындай бастаған.
Емі. Мақта күнжарасы рационнан шығарып тасталады. Қарын калий
перманганаты ерітіндісімен (1:3000) немесе 3-5 проценттік натрий
бикарбонаты ерітіндісімен жуып-шайылады; іш жүргізгіш тұзды дәрі-
ішкізіледі; 5-10 проценттік натрий бикарбоннаты ерітіндісімен клизма дәрмек
қойылады; венаға глюкоза енгізіледі, тері астына кофеин, камфора
жіберіледі.
Сақтандыру шаралары. Малға мақта күнжарасын бергенде, госсиполдың
организмде жиналып қалмауы үшін әрбір 15-20 күн сайын 2 апта бойына үзіліс
жасау қажет.
Шаршыгүлділер (қыша, рапс, сурепка) күнжараларынан улану. Бұл
күнжараларда аллил қыша майы жиналғанда мал уланады.
Белгілері. Малдың іші өтеді, іші кебеді, ішек-қарынның талаурап қабыну
құбылысы орын тебеді, несеппен бірге қан аралас шығады, мал жалпы
әлсірейді, танауынан көпіршікті сұйық ағады, жүрек қызметі нашарлайды, дене
температурасы төмендейді, талықсиды, іш тастауы мүмкін.
Емі.Қарын танин ерітіндісімен жуып-шайылады; крахмалдың кілегей
қайнатпасы ішкізіледі; тері астына кофеин, стрихнин нитраты; венаға калций
хлориді, глюкоза енгізіледі[4,5,6].
Сақтандыру шаралары. Шаршыгүлділер күнжараларын малға құрғақ күйінде
беру керек. Рапс және сурепка күнжарасын әрбір сақа ірі қараға тәулігіне 2-
2,5 кг, шошқаға – 0,5 кг дейін берген жөн.
Зығыр күнжарасынан улану. Күнжараны мол жылы сумен бірге бергенде мал
уланып қалады; құрғақ күнжара бергенде – уланбайды.
Зығыр ұрығында цианглюкозид линамарин болады, егер су қосылса, одан
липаза ферментінің әсерінен көгерткіш қышқылы пайда болады; соңғының зығыр
күнжарасындағы мөлшері 0,03-0,065 % шамасында ауытқып отырады. 1 кг
күнжарадағы көгерткіш қышқылдың мөлшері 200 мг жеткенде малға беруге
қауіпті. Күнжараны ыстық сумен жидіту линамаринді ыдырата қоймайды, бірақ
оның гидролизін күшейтеді, соның нәтижесінде көгерткіш қышқылдың түзілуі
арта түседі. Қайнап тұрған ыстық сумен өңделген күнжараны, бөлініп шыққан
көгерткіш қышқылдың буға айналуы үшін тәулік бойына сол күйінде қалдыру
керек.
Белгілері. Мал әлсірейді, аяқтарын шалыс басады, жанталаса аласұрып
дірілдейді, кілегей қабықтары көгеріп кетеді, қатты ентігеді, іші өтеді,
шаншу пайда болады. Зығыр күнжарасынан уланған мал тынысы тарылғанда өліп
кетеді.
Емі.Тынысы тарылып күйзелген кезде венаға лобелин, цититон енгізіледі,
қолдан дем алдырылады. Уды зиянсыз ету үшін мүмкіндігінше тезірек натрий
тиосульфатын, натрий нитратын немесе метилен көгін венаға енгізу қажет;
тері астына кофеин, коразол енгізіледі.
Картоптан улану. Көбінесе шошқа, кейде жылқы мен ешкі уланады. Картопта
гиакоалкалоид соланині болғандықтан мал уланады. Көктеп кеткен, әбден пісіп-
жетілмеген картоп өте қауіпті келеді.
Белгілері. Сілекей ағады, құсады (бұл шошқада), іші өтеді, күйзеледі,
артқы аяқтары әлсірейді (аяқтарын паралич соғуы мүмкін), жүрек қызметі
бұзылады; улану жеңіл және созылмалы түрде өткенде нервінің бұзылу құбылысы
сәл ғана білінеді, ішек-қарын жолының ауыратыны басымырақ байқалады,
ауыздың және артқы ішектің төңірегіндегі теріде, сол сияқты желін маңында
теміреткі пайда болады.
Емі. Қарын жуып-шайылады; іш жүргізгіш дәрі-дәрмек (кастор майы), танин,
кілегей қайнатпа ішкізіледі; венаға глюкоза, тері астына – кофеин, коразол,
камфора жіберіледі.
Сақтандыру шаралары. Картопты пісіргеннен кейін суы сарқып төгіледі;
көктеп шыққан түйнектің өнігі жұлынып тасталады және жойып жіберіледі.
Картоп сабақ-жапырағынан улану. Сабақ – жапырақтағы улы заттың (соланин)
мөлшері гүл шашқанға дейін бірте-бірте көбейе береді; гүл шоғы мен жидегі
неғұрлым улы болады.
Қорғасын қосылыстарынан улану. Уыттылық мәні бар қорғасын қосылыстарының
қатарына қорғасын ұнтағын, яғни қорғасын тотығының қантын жатқызуға болады.
Белгілері. Қорғасын қосылыстарынан улану жіті және созылмалы түрде өтеді
[5,6,7].
Емі.Қарын жуып-шайылады, тұзбен іш жүргізілед, сүт, ағаш көмірі
қолданылады; тері астына атропин сульфаты, унитиол енгізіледі.
Сақтандыру шаралары. Жем-шөпті тасымалдағанда және сақтағанда қорғасыны
бар заттардың қосылып кетуінен сақ болу керек.
Мыс қосылыстарынан улану. Ауыл шаруашылығында мыс препараттарының үлкен
бір тобы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес жүргізу
үшін пайдаланылады. Бұл препараттардың ішінде уыттылары да бар, бұлар
малдың улануына себеп болуы ықтимал. Олардың қатарына мыс сульфаты, бордос
сұйығы, мыстың хлор тотығы жатады.
Белгілері. Сілекей ағады, құсады, іш өтеді, нәжістің түсі көгілдір –
жасылданып тұрады, жанталаса аласұрып дірілдейді, жүрек соғуы
тоқталғандықтан мал өліп кетеді.
Емі. Қарын жуып-шайылады, күйдірілген магнезия, сары қан тұзы, жұмыртқа
ағы, кілегей қайнатпа тағайындалады; венаға натрий тиосульфаты енгізіледі;
қалған ем аурудың белгілеріне қарай жасалады.
Сақтандыру шаралары. Өсімдігі мыс препараттарымен өңделген жерлерге мал
жіберілмейді. Құрамында мысы бар улы химикаттарды тиісті ережелерге сәйкес
сақтау ісі ұйымдастырылады.
1.3 Жекелеген минералды элементтердің маңызы және алмасуы
Магнийдің жетіспеушілігі немесе оның алмасуының бұзылу салдарынан малда
гипомагнемия байқалады. Мал шығынға ұшырайды. Балапандарды
магнисіздендірілген жасанды (синтетикалық) рациондармен азықтандырғанда
олар небәрі 6-8 күндей ғана тіршілік етеді. Мекиен тауықтардың
жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқадағы магний көлемі азаяды, балапан
шығымы бәсеңдейді.
Шошқалардың азық құрамында магнийдің жетіспеуінен пайда болатын ауру,
кальцийдің аздығынан туындайтын тетанияға қатты ұқсайды.Сақа күйіс
қайыратын малдың гипомагнемиясы жайылым тетаниясы атымен белгілі. Магний
жетіспеуі салдарынан бүкіл микроэлементтер байланысының бұзылуына әкеп
соғуы ықтимал. Мұндай ауру малды магний қоспаларын беріп емдеуге болады.
Организмге магний артық түссе де мал зардап шегеді. Малдың зат алмасуын
әлсіретіп, төлдің өсіп-өнуін тежейді.
Кобальт. Организмдегі мөлшері аз – 0,3˙10 - 0,6˙10%. Кобальттың
активтілігі оның В12 витаминінің құрамына енуіне байланысты. Оның құрамында
4,5% үш валентті кобальт болады. Кобальт гидролитикалық ферменттердің
активтігін арттырып, нуклеин қышқылдары мен қанның түзілуін жылдамдатады.
Оның тікелей әсерінен сүйек кемігінің қан түзетін қабілеті күшейіп,
эритроциттер гемоглобиндерінде темір сіңімділігі артады.
Цианакобаламин құрамындағы кобальт организмдегі гемопоэзді реттестіріп,
азот, нуклеин қышқылдары, көмірсулар және минералды заттар алмасуына әсер
етеді. В12 витамині кофермент ретінде трансметильдендіру және оттекті
алмастыру реакцияларына қатынасады [5,6,7].
Кобальт жетіспеуінің алғашқы белгілері – малдың шөп, суға қарамауы,
өсуінің баяулауы, арықтап, қанының азаюы болып табылады. Асқынған жағдайда
мал акобальтоз (сухотка) ауруына және В12 витаминінің гипо және
авитаминозына шалдығады. Акобальтозға әсіресе қозы, лақ, қой, ешкі, бұзау
және сақа ірі қара тез шалдығады.
Акобальтоз немесе энзоотикалық маразм ауруы қазіргі кезде де бар. Оның
басты себебі – кобальттың топырақ пен өсімдіктерде аз кездесуі болып
табылады.
Күйіс қайыратын малда кобальт алмасу В12 витаминін түзетін
микроорганизмдерден байланысты болғандықтан қарында өтеді. Осы
микроорганизмдер арқылы күйіс қайыратын мал бір қарынды малға қарағанда
азықтағы кобальтты анағұрлым жақсы пайдаланады. Кобальт организмнен
несеппен шығарылады.
Мыс. Мыстың мал денесіндегі жалпы көлемі 0,0002-0,00025%. Жануарлар
тіршілігінде мыс ерекше орын алады. Ол да темір сияқты қанның дұрыс
түзілуіне қажет элемент. Бұл элемент темірдің гем құрамына енуін тездетіп,
эритроциттердің жетілуіне әсер етеді. Мыстың жетіспеушілігінен
эритроциттердегі гемоглобин төмендегенімен, олардың қандағы жалпы мөлшері
азаяды. Құрамында мысы бар ферменттік белоктар арқылы мыс жүн мен
қауырсынның өсуіне, олардың боялуына, жүйке және сүйек клеткаларының
жетілуіне әсер етеді. Мыс күйіс қайыратын малдың қарнындағы микрофлораның
жетілуіне де қажет.
Мыс қарында және ащы ішекте сіңіріледі.
Мыс жетіспесе малдың азыққа зауқы соқпай, сүйектеріне, жүйке жүйелеріне
зақым келеді. Денедегі қаны азайып, өсіп-жетілу қабілеті төмендейді,
өнімділігі азаяды. Ірі қара малы жалаңшақ (лизуха), яғни оның табиғи
тәбетінен айырылып айналасындағы заттарды жалауы ауруына тап болады.
Мырыш. Мал денесінде 0,0003% мырыш болады. Инсулин гормоны мен көптеген
ферменттердің белсенділігін арттыру арқасында, мырыш өсіп жетілу, көбею
процестерінде жан-жақты ықпал жасайды. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке,
фолликулин арқылы жыныстық қабілеттерге әсер етеді. Организмдегі тыныс алу
процесінің маңызды бөлшегі – көмірқышқыл газын шығаруды да құрамында мырышы
бар карбоангидраза ферменті қамтамасыз етеді [8,9,10].
Мырыштың жетіспеушілігінен төлдің өсуі баяулап, аузы мен мұрнының
кілегей қабағы ісініп, аяқтары ұйып қала береді. Ауруға шалдыққан мал
терісінің қабынуына (дерматит), ал торайлар паракератозға ұшырайды.
Мырыш ащы ішекте сіңіріліп, бауырға жиналады. Мырыштың алмасуы қалқанша
безімен реттеледі. Сыртқа мырыш нәжіс арқылы, аздап несеп арқылы да шығады.
2 Өзіндік зерттеу
Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік
факультетінің Ветеринарлық медицина кафедрасына қарасты Ветеринарлық
клиникасында жүргіздім.
Ветеринарлық клиникада лабороторияның құрылымымен түгел танысып, әр
бөлімде өлексені, патологиялық материалды және қан сарысуын зерттеудің
түрлі әдістерін үйрендім. Мысалы, бактериология бөлімінде өлексені немесе
патологиялық материалды қабылдап алуды, алып жүруші құжаттарын тексеруді,
өлексені жарып, жұғынды жасау, қоректік орталарға себін жасау,
лабороториялық малдарға биосынама қоюды меңгердім және қоректік орталарда
қарап дайындауды, оларды қоздырғыштың түріне қарап, қандай әдіспен бояуды
үйрендім.
Серология бөлімінде қан сары суын қабылдап алуды, қабылдау құжаттарын
толтыруды, қандай ауруларға тексеру керек екенін, қандай әдістер және
реакциялар қолдану керек екенін донор-қошқарлардан қалай қан алып, оны
фибриннен ажыратып, эритроцитті қалай алуды жетік меңгердім.
Клиникаға ауырып немесе жарақат алып түскен малды тексеріп, емдеуді
үйрендім. Ол үшін, алдымен анемнезден бастап, сосын малды жалпы тексеруден
өткіземіз. Малдың жалпы күй-жағдайына қараймыз, симптомдары мен синдромына
назар аударамыз. Алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Нақты диагнозын
қойып, емдеу жұмыстарын бастаймыз.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, уланған сиырды емдедім.
Жетекшім в.ғ.к. аға оқытушы Нуралиев С. болды.
2.1Proanamnesis
1.Амбулаторлық журналындағы тіркеу нөмірі -1
2.Емдік мекеме мекен-жайы: Шымкент қаласы,Ильяев көшесі
3.Емдік мекеме аты: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Агроөнеркәсіптік
факультетінің Ветеринарлық медицина кафедрасының клиникасы
4. Иесі- Икрамов Махкам
5. Иесінің мекен жайы: Шымкент қаласы, Алтай көшесі 180 үй
6. Мал түрі- ірі қара
7. Жынысы-сиыр
8.Тұқымы- Әулие-Ата сиыры
9.Түсі- қызыл ала
10.Жасы- 4 жасар
11.Салмағы- 350кг
12. Лақап аты-Бобби
13.Дәрігерге көріну күні: 30.03.2013ж.
14.Сауығу күні: 14.04.2013ж.
15. Алдын ала қойылған диагноз: сиырдың улануы.
2.2Anamnesis vitae et morbi
Боббидің иесі өз үйінде асыраған. Мал жайылымға шығарылған.
Азықтандыруы зоотехникалық нормаға сай болмаған. Сүтті бағытта
өсірілгендіктен құнарлы азықпен (жем) күніне екі рет (азанда, кешке)
азықтандырылмаған, жайылымда дала шөбімен қоректенген, судан мұқтаждық
көрмеген. Қыста сиырдың буаздығы жақсы өтіп, ешқандай асқынуларсыз
төлдеген. Профилактика мақсатында вакциналарды уақытылы қабылдаған. Осы
уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған. Мал иесінің мәліметтеріне
қарағанда осыдан 3 күн бұрын асфальт жол бойында сиыр жайылған, ол жердің
арам шөптерін өлтіру үшін тракторлармен фосфорорганикалық қосындылармен
өңдеген, сол жол бойындағы уланған шөптерге жайылған. Қасында бірге жайылып
жүрген бұзау да ауырған, оларға ешкім көмек бермеген. Ауырған малдар
үйлеріне әрең жеткен.
2.3Anamnesis morbi
Егесінің мәліметтері бойынша сиыр мен оның бұзаулары кешке қарай келген,
мазалары болмаған, теңселіп келген, ауыздарынан шұбатылып сілекейлері ағып
келген. Малдар ентіп демалып тұр. Клиникалық тұрғыдан тексерген кезде
малдың жүнінде ерекше өзгерістер байқалады: қоңырқайланып, күңгірттенеді,
қатаяды, созылыңқы болып келеді.Тәбеті бұзылған, сиырдың іші өтуі
байқалады, денесін табиғи қалыпта ұстай алмайды, жүргенде теңселеді.Малдың
клегейлі қабықтары қызарып, қанталаған. Месқарын ісініп, қампиып кеткен,
күшену бар, көп су ішеді.
2.4Status praesens communis
Малды жалпы тексеру.
Габитус: дене бітімі ірі, дұрыс. Қоңдылығы орташа. Денесін кеңістікте –
дұрыс ұстап тұра алмайды, теңселеді.
Симптомдары мен синдромдары:
1. Дене қызуы көтеріңкі
2. Ауыз, танау, көз кілегейлі қабықтары қатты қанталап тұр.
3. Тамырдың соғуы төмендеген
4. Ентігіп -жөтеледі
5. Аузынан сілекей ағып тұр
6 Тынысы тарылған
7. Қанның қысымы төмен
8 .Сүт шықпайды
9. Ауру малдың тәбеті жоқ
10. Жалпы әлсіздік
11 Теңселіп, бірқалыпты тұра алмайды
Алдын ала қойылған диагноз
Сиырдың егесінің айтуына қарағанда және сырт белгілеріне қарағанда:
Клиникалық белгілері. ауру мал жабырғаңқы, азыққа тәбеті нашар, ентігіп
–жөтеледі, тынысы тарылған, дене қызуы көтеріңкі, не жоғарғы деңгейде,
жүрек соғысы жиілеген; сиырдың көру және есту қабілеті нашарлаған. Денесін
табиғи қалыпта ұстай алмай, теңселіп тұр, мойын еттері тартылып басын қайта
–қайта қимылдатады.Іші өтіп, сүт шығуы мүлдем тоқтаған.
Мұндай өзгерістер мал уланғанда байқалады. Сиыр қатты қиналып тұр.
Азыққа тәбеті жойылған, жем-судан бас тартқан. Тамырдың соғуы, дем алысы
жиі. Қанның қысымы төмен.
Осы аталған белгілерге қарағанда тек алдын ала қойылатын диагнозды
болжап айтуға болады: сиыр уланған. Өршу кезеңінде.
2.5 Status proesens localis
Сиырдың жалпы жағдайы төмен. Температурасы көтеріңкі. (-39,5°С)
Стетоскоппен тыңдағанда қырылдаған дыбыс естіледі, азыққа тәбеті жоқ,
жөтеледі. Сілекейдің шамадан тыс көп ағатыны, малдың жалпы тынышсыздануы,
жүріс-тұрысының бұзылғаны, көз шарасының кішірейгені, жүректің жиырылу
ырғағы сирегені, көзінен жас ағып тұр, сиыр тіс қайрайды, ішек қарынның,

2.6 Status proesens universalе
Дене қызуы 39,5°С
Тамыр соғуы 95
Тыныс алуы 36
Арнайы зерттеу
1. Асқорыту жүйесі. Ауырған сиырдың азық қабылдау және су ішу қабілетін
тексердім. Ол үшін сиырға жем-шөп су бердік. Сиырдың азыққа зауқы нашар.
Лабораториялық тексеруге сиырдың мес қарнына 3 литрдей жылы су құып, мес
қарыннан анализге 200 мл сұйық үлгі алып, оны ветеринариялық
лабораторияға жіберіп уланғанын анықтадық. Лабораториялық зерттеудің
нәтижесінде сиырдың ас қорыту жүйесі бұзылғанын, бауырдың қызметі бұзылған,
мес қарында фосфорорганикалық улы заттардың бары анықталды.
2. Жүрек қан тамырлар жүйесі. Жүрек-қан тамырлар жүйесін фенондоскоппен
тыңдап зерттегенде, тамыр соғысы 95 рет, яғни ауытқуы бар. Қалыпты
жағдайда, дені сау жылқының тамыр соғысы 80 (минутына) болуы керек. Жүрек
саздары қалыпты емес. Қан тамырлары кеңейген. Жүрек қан –тамыр қызметтері
бұзылған. Лабораториялық зерттеудің нәтижесінде қанның құрамында
холинэстраза ферментінің мөлшері төмендеген, бұл организмде фосфор
қосындыларының жиынтықталғанының белгісі.
3.Зәр бөлу жүйесін зерттеу. Нәжістің физикалық қасиетін зерттеген кезде,
оның түсіне, иісіне қоюлығына сондай-ақ онда бөгде заттардың – газ, кілегей
, қан, ірің т.б көпіршіктердің бар-жоқтығына назар аудардым.
Несептің химиялық қасиетін зерттеген кезде, ондағы белоктың, глюкозаның,
лактоза мен мальтозаның қан пигменттерінің, ацетонның тағы басқалардың
мөлшерін тексердім. Тексеру нәтижесінде сиырдың зәрінде фосфор пайда
болғандығын анықтадым.
4.Жүйке жүйесін зерттеу. Сиырдың аяқтарында, құйрығында жансыздану
белгілері байқалмайды. Оны ине тығу арқылы байқаймыз. Онда рефлексті жауап
болады. Ауырсыну сезімдерін сезеді. Сиырда орталық жүйке жүйесінің бұзылуы
салдарынан вегетативтік бүліністер байқалады. Тексеру нәтижесінде
парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозғандығы байқалады.
5.Тыныс алу жүйесі.
Стетоскоппен тыңдағанда тыныс алу мүшелерінің зақымдалған белгілері:
жөтел, күшейген ауыр тыныс және ентікпе. Бронхылар мен өкпелерде алдымен
құрғақ, сонан соң ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс алуы жиілеп зорланады.
Тынысы тарылған (минутына 46 рет).
2.7 Diagnosis
Мал иесінің берген мәліметтеріне, анамнез және клиникалық және
лабораториялық зерттеулерге сүйене отырып, сиырға түпкілікті диагноз
қойылды. Ауру сиырдың диагнозы: фосфор органикалық қосылыстармен уланған.
D.S: Сиырдың органикалық улармен улану
2.8 Decursus morbi et therapia
Дене Тыныс Тамыр Клин белгілері
Күні қызуы алуы соғысы Емі
30.03. 2013ж40,5°С 36 95 Сиырдың жалпы 1.Атропиннің
жағдайы төмен. судағы етіндісі
Жөтеліп, 0,5 мг бұлшық
ентігіп, етке.
аузынан сілекей2. Платифиллин 3
тоқтамайды, мг тері астына
дірілдейді, 3. Пентафен 1%
тісін қайрап ерітінді 10-15 мл
тұр. Кілегей тері астына
қабықтары 4.Зонд арқылы мес
көгерген, жүрекқарынын 2 л
жұмысы марганцовкамен
әлсіреген. шайдым.
5. Тамырға 200мл
10% глюкоза
ерітіндісін
тамырға жібердім +
10мл Вит С
жібердім
6.200 мл хлорлы
кальций
ерітіндісін
тамырға жібердім
7.200мл
изотоникалық
ерітіндіні
тамырға жібердім
8.6 мл НО-ШПА
бұлшық етке
енгіздім
9.6 мл Вит В1
бұлшық етке
10. 4мл Вит В12
күнара бұлшық етке
11. 4 мл кофейн
бұлшық етке
12. 2 литр 2%
ихтиол ертіндісін
ауыз қуысына
13. 150 гр
карлобад тұзын + 3
литр сумен ауызға.
Сиырдың жалпы 1.Атропиннің
40°С 27 93 жағдайы төмен, судағы етіндісі
01.04. азыққа тәбеті 0,5 мг бұлшық
2013ж жоқ, әлсіреп, етке.
мазасызданып 2. Платифиллин 3
тұр. Тыныс алуымг тері астына
да зорға. Іші 3. Пентафен 1%
өтіп тұр. ерітінді 10-15 мл
тері астына
4.Зонд арқылы мес
қарынын 2 л
марганцовкамен
шайдым.
5. Тамырға 200мл
10% глюкоза
ерітіндісін
тамырға жібердім +
10мл Вит С
жібердім
6.200 мл хлорлы
кальций
ерітіндісін
тамырға жібердім
7.200мл
изотоникалық
ерітіндіні
тамырға жібердім
8.6 мл НО-ШПА
бұлшық етке
енгіздім
9.6 мл Вит
В1бұлшық етке
10. 4мл Вит В12
Күнара бұлшық етке
11. 4 мл кофейн
бұлшық етке
12. 2 литр 2%
ихтиол ертіндісін
ауыз қуысына
13. 150 гр
карлобад тұзын + 3
литр сумен ауызға.
1.Атропиннің
Сиырдың судағы етіндісі
өзгерген. 0,5 мг бұлшық
02.04.2013ж 39°С 28 92 Азыққа тәбеті етке.
жоқ, аузынан 2. Платифиллин 3
сілекейі аздап мг тері астына
ағып тұр. 3. Пентафен 1%
ерітінді 10-15 мл
тері астына
4.Зонд арқылы мес
қарынын 2 л
марганцовкамен
шайдым.
5. Тамырға 200мл
10% глюкоза
ерітіндісін
тамырға жібердім +
10мл Вит С
жібердім
6.200 мл хлорлы
кальций
ерітіндісін
тамырға жібердім
7.200мл
изотоникалық
ерітіндіні
тамырға жібердім
8.6 мл НО-ШПА
бұлшық етке
енгіздім
9.6 мл Вит В1
бұлшық етке
10. 4мл Вит В12
Күнара бұлшық етке
11. 4 мл кофейн
бұлшық етке
12. 2 литр 2%
ихтиол ертіндісін
ауыз қуысына
13. 150 гр
карлобад тұзын + 3
литр сумен ауызға.
1.Зонд арқылы
Сиырдың жағдайымес қарынын 2 л
жақсара марганцовкамен
бастаған азықтышайдым.
03.04.2013ж 39°С 30 88 аздап қабылдап 2. Тамырға 200мл
жатыр, тыныс 10% ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz