Жылқы спорты мен ат ойындары



Мазмұны

Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Ұлттық ат спорты ойындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1 Ат спортының классикалық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе

Ат спорты сонау көне заманда пайда бола бастаған. Азиат әскерлері арқасында сұрапыл пайда болған ат жарысы, Ертедегі Греция, Рим және Византиядағы ат ойындары (ристалица), орта ғасырдағы рыцарлар жарысы, неше түрлі атты әскерлерге жекпе-жектері және бүгінгі күнгі олимпиада ойынары міне ат спортының ұзаққа және күрделі даму жылдары.
Ат спортының дамуының зор оқиғасының бірі 1952 жылы еліміздің ат спорт федерацисының (ФЕИ) мүшесіне кіруі.
Алғашқы рет 1952 жылы біздің шабандоздары (Хельсинки) X олимпияда ойындарына қатысты. Осы уақыттан бастап ат спорт шеберлері олимпияда ойындарына үнемі тұрақты қатысуда.
Қазақтың ұлтық ат спорты түрлерінің дамуына 1 спартакиадағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырады. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан атсалысып, спартакияданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. Әрбір ауданда жарысты өткізу ережелері жасалып, бекітіледі. Бұлардың бәрі өз жемісін береді де. Соған орай республика аумағында жыл сайын жарыс өткізіліп тұру кәдімгідей дәстүрге айналды. Әрбір шаруашылықтарда, мектептерде мен орта және жоғарғы оқу орындарында үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қорытындылары шопан тойларында егін орағының соңында шығарылып отырылады.
Біздің заманымызға дейін жеткен әдибиеттер мен көркемөнер ескіштері, Азия, Африка, және Европа халықтары әскери іс, шаруашылық өмірінде және ат спортында жылқыны пайдаланғанын айқын көрсетеді.
Олимпиадада ойындары біздің дәуірімізден 680 жыл бұрын Грецеяда алғашқы рет екі дөңгелекті күйме соғыс арбасы мен, ал біздің дәуірімізден 648 жыл бұрын ат жарыс ойындары басталған.
Ертедегі Грецияда әскери аттарға және спортық арналған жылқыларға жаттықтыру жүргізіп және сұрыптау тәсілдерін қолданғаны туралы Ксенофонт «Гаппика және Гиппарх» еңбектерінде жазылған.
Англияда, Францияда, Испанияда, және Германияда әйгілі орта ғасырдағы рыцарлар сайысы кейін ат ойындарына айналады, оның біреуі « бой султанчиков» бүтінгі күнге жетті.
Көп ғасырлар бұрын Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда пайда болған ұлттық ат ойындары ұрпақтан ұрпаққа көшіп жалғасуда.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық ат спорт түрлеріне бай халық. Көкпар, қыз қуу, бәйге, сайыс, жорға жарысы, күміс алу, жамбы ату тағыда басқа спорт түрлері баяғы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгінге дейін олар өздерінің мән мазмұнын жойған жоқ. Қайта егемендік алғанның арқасында жаңарып, түрленіп келеді.
1960 жылы өткен Рим олимпиадасында біздің ат спорты шеберлері үлкен табысқа жетті. Ат спорт шебері С.Филатов ахалтекс айғыры Абсенттің үстінде салт жүрудің жоғарғы мектебі түрінен алатын жүлдеге ие болып XVII олимпиада чемпионы атанды.
Токиада өткен (1964) XVIII Олимпиада ойындарында біздін шабандоздар өзіндік сынақта және команда бойынша үшінші орынға көтерілді.
Ал Мехиқо қаласында өткен XIX Олимиада ойындарында ат спорт шебері И.Калита алдыңғы жолы С.Филатовтың жетістігін кайталап жүлдені жеңіп алды. Команда бойынша (И. Кизимов, Г Петушкова) күміс жүлдеге ие болды.
1972 жылы Мюнхен қаласында өткен XX Олимпиада ойындарында ат билету түрінен біздің щабандоздар (Е.Петушкова, И.Кизимов және Калита) команда бойынша алтын медальға марапаттанумен қоса XX Олимпиада чемпионы атанды
Мәскеуде (1980) өткен XXII Олимпиада ойындарында ат спорт ойындарына Австрия, Болгария, Венгрия, Гватемала, Индия, Мексика, Польша, Румыния, Финляндия және Кеңес өкіметінін ат спорт шеберлері қатысты. Көп сатылы жарыс (троеборье) бойынша ат спорт шеберлері А.Блинов, Ю.Сальников, В.Волков және С.Рогожин жетістіктерге жетіп, алтын олимпиада медалін жеңіп алды.
Кедергіден ат секіртуден (конкур) тағыда біздің шабандоздар Н.Корольков, В.Погоновский, В.Асмаев, В.Чуканов Кеңес ат спортының тарихында алғашқы рет XXII Олимпиада ойының Үлкен жүлдесін жеңіп алып, чемион атанды.
Ат мінудің жоғарғы мектебін көрсетуде (выездка) команда бойынша тағыда біздің ат спорт шеберлері Ю.Ковшов, В.Угрюмов, В.Мисевич жеңіске жетті. Үшеуі де алтын медальмен марапатталды.
Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарынан кейін совет ат спорт шеберлері халықаралық жарыстар (Франция, Голландия, Болгаршц Чехословакия және ФРГ) қатысып, өздерінің ат спортындағы кластары жоғары дәрежеде екендігін дәлелдеді. 1955-1985 жылдарыда шабандоздары Чехословакияда өткізілген кедергі және стипль чез жарыстарына қатысып 100-ен астам халықаралық жүлделерді жеңіп алды. Бірнеше дүркін қиындығы белгілі Пардубиц Стипльчезін және Клардубиц жүлдесінің иегерлері болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Барминцев Ю.Н " Етті және сүтті жылқы шаруашылығы " Алматы , 1964 ж 114 - 119 беттер
2.Бозымов Қ.Қ " Жылқы және түйе шаруашылығы " Ер қанаты - Алматы : Қайнар 1981 ж, 54-65 беттер
3.Әкімбеков Б.Р , Мүслімов Б.М , Әкімбеков А.Р . Дәленов Ш.Д " Жылқы шаруашылығы " Қостанай 2007 ж , 45 - 75 беттер
4.Барминцев Ю.Н " Етті және сүтті жылқы шарушылығы " Алматы 1990 ж 123-169 беттер.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Ат спорты мен ат ойындары тақырып 24
бетті қамтиды.
Негізгі бөлімінде қамтылған тақырыптар: ұлттық ат спорты ойындары,спорт
жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану,
Өзіндік зерттеу бөлімінде қамтылған тақырыптар: ат спортының классикалық
түрлері.

Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелерде қолданылды:

МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01.-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) Қ.Р 04-2003.Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің
класификаторы (ӘҚТБӨК).
СТ ОҚМУ 4.02-2008.Университет стандарты.Сапа менеджменті жүйесі,
құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008.Университет стандарттары.Оқу әдістемелік процестерді
басқару.

Белгілер мен қысқартулар

Г-грамм
Сағ-сағат
Мм-миллиметр
Квт-киловольт
Кг-килограмм
СКЖЗ-синтетикалық кір жуғын зат
О-градус
Мкм-микрометр
Км-километр
Т-тонна
Мс-метрсекунд
ПВС-поливинилді спирт

Анықтама

Будандастыру- малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік құбылыстарына қарай
ықпал ететін халықтың ежелден қолданылып келген әдісі.
Шегелік - қас пен қапталдың қиылып,шегемен бекітілетін жері.
Терлік- Ат денесіне тіке түсетін,атарқасының тері соған сіңетін ең соңғы
тоқым қабаты.
Белағаш- екі қапталға,екі қас қиылғанда ердің белортасы ашық болады.
Оқпан- ерді шалқасынан тастап қарағанда, екі қапталдың арасында болатын
ойық.

Мазмұны

Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..8
1.1 Ұлттық ат спорты ойындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Спорт жылқысын таңдау және дұрыс
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..18
2.1 Ат спортының классикалық түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..18
3.Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Ат спорты сонау көне заманда пайда бола бастаған. Азиат әскерлері
арқасында сұрапыл пайда болған ат жарысы, Ертедегі Греция, Рим және
Византиядағы ат ойындары (ристалица), орта ғасырдағы рыцарлар жарысы, неше
түрлі атты әскерлерге жекпе-жектері және бүгінгі күнгі олимпиада ойынары
міне ат спортының ұзаққа және күрделі даму жылдары.
Ат спортының дамуының зор оқиғасының бірі 1952 жылы еліміздің ат спорт
федерацисының (ФЕИ) мүшесіне кіруі.
Алғашқы рет 1952 жылы біздің шабандоздары (Хельсинки) X олимпияда
ойындарына қатысты. Осы уақыттан бастап ат спорт шеберлері олимпияда
ойындарына үнемі тұрақты қатысуда.
Қазақтың ұлтық ат спорты түрлерінің дамуына 1 спартакиадағы дайындық
кезеңі үлкен серпіліс тудырады. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан
атсалысып, спартакияданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. Әрбір ауданда
жарысты өткізу ережелері жасалып, бекітіледі. Бұлардың бәрі өз жемісін
береді де. Соған орай республика аумағында жыл сайын жарыс өткізіліп тұру
кәдімгідей дәстүрге айналды. Әрбір шаруашылықтарда, мектептерде мен орта
және жоғарғы оқу орындарында үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып,
олардың қорытындылары шопан тойларында егін орағының соңында шығарылып
отырылады.
Біздің заманымызға дейін жеткен әдибиеттер мен көркемөнер ескіштері,
Азия, Африка, және Европа халықтары әскери іс, шаруашылық өмірінде және ат
спортында жылқыны пайдаланғанын айқын көрсетеді.
Олимпиадада ойындары біздің дәуірімізден 680 жыл бұрын Грецеяда алғашқы
рет екі дөңгелекті күйме соғыс арбасы мен, ал біздің дәуірімізден 648 жыл
бұрын ат жарыс ойындары басталған.
Ертедегі Грецияда әскери аттарға және спортық арналған жылқыларға
жаттықтыру жүргізіп және сұрыптау тәсілдерін қолданғаны туралы Ксенофонт
Гаппика және Гиппарх еңбектерінде жазылған.
Англияда, Францияда, Испанияда, және Германияда әйгілі орта ғасырдағы
рыцарлар сайысы кейін ат ойындарына айналады, оның біреуі бой
султанчиков бүтінгі күнге жетті.
Көп ғасырлар бұрын Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда пайда болған
ұлттық ат ойындары ұрпақтан ұрпаққа көшіп жалғасуда.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық ат спорт түрлеріне бай халық. Көкпар, қыз
қуу, бәйге, сайыс, жорға жарысы, күміс алу, жамбы ату тағыда басқа спорт
түрлері баяғы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгінге
дейін олар өздерінің мән мазмұнын жойған жоқ. Қайта егемендік алғанның
арқасында жаңарып, түрленіп келеді.
1960 жылы өткен Рим олимпиадасында біздің ат спорты шеберлері үлкен
табысқа жетті. Ат спорт шебері С.Филатов ахалтекс айғыры Абсенттің үстінде
салт жүрудің жоғарғы мектебі түрінен алатын жүлдеге ие болып XVII олимпиада
чемпионы атанды.
Токиада өткен (1964) XVIII Олимпиада ойындарында біздін шабандоздар
өзіндік сынақта және команда бойынша үшінші орынға көтерілді.
Ал Мехиқо қаласында өткен XIX Олимиада ойындарында ат спорт шебері
И.Калита алдыңғы жолы С.Филатовтың жетістігін кайталап жүлдені жеңіп алды.
Команда бойынша (И. Кизимов, Г Петушкова) күміс жүлдеге ие болды.
1972 жылы Мюнхен қаласында өткен XX Олимпиада ойындарында ат билету
түрінен біздің щабандоздар (Е.Петушкова, И.Кизимов және Калита) команда
бойынша алтын медальға марапаттанумен қоса XX Олимпиада чемпионы атанды
Мәскеуде (1980) өткен XXII Олимпиада ойындарында ат спорт ойындарына
Австрия, Болгария, Венгрия, Гватемала, Индия, Мексика, Польша, Румыния,
Финляндия және Кеңес өкіметінін ат спорт шеберлері қатысты. Көп сатылы
жарыс (троеборье) бойынша ат спорт шеберлері А.Блинов, Ю.Сальников,
В.Волков және С.Рогожин жетістіктерге жетіп, алтын олимпиада медалін жеңіп
алды.
Кедергіден ат секіртуден (конкур) тағыда біздің шабандоздар
Н.Корольков, В.Погоновский, В.Асмаев, В.Чуканов Кеңес ат спортының
тарихында алғашқы рет XXII Олимпиада ойының Үлкен жүлдесін жеңіп алып,
чемион атанды.
Ат мінудің жоғарғы мектебін көрсетуде (выездка) команда бойынша тағыда
біздің ат спорт шеберлері Ю.Ковшов, В.Угрюмов, В.Мисевич жеңіске жетті.
Үшеуі де алтын медальмен марапатталды.
Мәскеуде өткен XXII Олимпиада ойындарынан кейін совет ат спорт шеберлері
халықаралық жарыстар (Франция, Голландия, Болгаршц Чехословакия және ФРГ)
қатысып, өздерінің ат спортындағы кластары жоғары дәрежеде екендігін
дәлелдеді. 1955-1985 жылдарыда шабандоздары Чехословакияда өткізілген
кедергі және стипль чез жарыстарына қатысып 100-ен астам халықаралық
жүлделерді жеңіп алды. Бірнеше дүркін қиындығы белгілі Пардубиц Стипльчезін
және Клардубиц жүлдесінің иегерлері болды.

1.Негізгі бөлім

1. Ұлттық ат спорты ойындары

Ат спорты түрлі халықтар арасында көп тараған. Оның қатарында өмір
серігі болып, оған қанатындай қараған қазақ халқында да ат спортына
жатқызуға болатын ат ойындарының көптеген түрлері бар. Олардан бәйгені,
жорға салыстыруды, сайысты, қыз қууды, көкпар тартуды, жамбы атуды,
аударыспақты (сайысты), орамалды іліп алуды, т.б. атауға болады. Соның
ішінде казақтың өте жақсы көретін, ежелден келе жаткан ұлт ойындарының бірі
- ат бәйгесі.
Қазақстандағы бәйге аттарын келесі қашықтықтарға жібереді: құнандарды -
10-15 км, бесті мен одан ересек аттарды - 20-25 км, арнайы бапталған ең
күшті де жүйрік аттарды үлкен той-жиындардағы аламан бәйгеде - 30-50 км.
Бәйге өткізуге аттар мен шабандоздарға кауіп төндіретін шүңқырсыз,
көрермендерге жайлы кең ауқымды жер таңдалды. Шарт бойынша бәйге атына 12
жасқа толған, денсаулығы жақсы, алдынала дайындалған балалар отырғызылады.
Бәйгеге қатысу үшін ат атбегінің аты-жөні, туған жылы, бәйгеге қосылатын ат
жөніндегі мәліметтер (жынысы, туған жылы, құндылығы ж.б.) жазылған тіркеу
қағазын толтырып, қажетті жағдайда катысу жарнасын өтеп,
үйымдастырылушыларға өткізеді. Ат шабыстан кеш қалғандар, оның тәртібін
бұзғандары үшін ескерту алғандар, белгіленген жолдан тайып немесе оны қиып
төтесінен шапқандар бәйгеден шығарылады.
Бәйгеге қосылған аттардың күші, ұшқырлығы, жүйріктігі барлық жағынан
сыналумен қатар, атқа мініп шапқан шабандозға да үлкен сын. Олар ұзаққа
созылатын бәйге атының күшін үнемдеп, қажетті жерде мейлінше жылдамдықпен
шапқызып, жүлделі орнын алдыра білетін ісінің нағыз шебері болуға тиіс.
Шабандоз ұзақ қашықтық бойында астындагы атының ширақ аяқ тастап, бойын
сергек ұстап, шаңға көміліп, түншықпай, алдыңғы қатарда келуін ойлауға
тиіс. Ол үшін сырын жақсы біліп, алыс -жақынға шапқандағы күш-қуатын, элін
сақтау үшін басын қай жерде тежеп, қай жерде босатып, ұтымды шабысын
басқара білуге тиіс. Олар атымен бірге алдынала мұқият даярланып, байгеге
қосылуға жан-жақты әзірліктен өтуі керек.
Бәйге басталар алдында жасалған жеребе нөмірін ат пен шабандозға іліп,
сол нөмірі ретімен мәреге сапқа тұрады. Олардың ер-тұрманының дұрыстығы
жете тексеріледі. Бәйге ережесіне сәйкес аттың жүгені жеңіл, тізгіндері
мықты болып, беліне ер орнына киіз терілік-тоқым салынады. Бәйгесі кезінде
шауып келе жатқан аттарға кедергі туғызып, үркітіп, бәйге нәтижесіне әсер
ететеін жағдайларға (төтесінен қосылып көтермелеп айқайлау, бәйге атының
басын тартып не қамшылау, алдын көлденеңдеп кес-кестеп бөгеу) қатаң тиым
салынады.
Бәйге өткізуге құрамында аға төреші, шабыстың барысын бақылайтын
төрешілер, уақытты қадағалайтын хронометристер, жол бойындағы қауіпті
жерлердегі бақылаушылар, адам және малдәрігері, бәйге құжаттарын толтырушы
хатшы кіретін комиссиясы құрылады. Комиссия мүшелері ауа райын бақылап,
бәйгенің басталуына рұқсат береді, аттар мен шабандоздардың құжаттарын
тексеріп, бәйге тәртібін түсіндіреді, сөреге жеткен ат басының озуымен
жүлдегерлерді анықгайды.
Ұлттық ат спортының қызғылықты түрі - сайыс. Сайысқа түскен екі жігіт
ат үстінде жекпе-жек тартысып, бірін-бірі аттан аударып түсіруге тырысады.
Сайыс жігіттің ауыртпалыққа шыдамдылығын шыңдап, шапшаңдыққа, әдісқойлыққа,
батылдыққа үйретіп, күш-қайратын арттырады. Сайыс атының да күші,
шыдамдылығы, алғырлығы күшейеді. Ережеге сәйкес сайыска түсушілерді 65 кг
дейінгі - жеңіл, 65-80 кг аралығындағы - орта және 80 кг астам - ауыр
салмақтық категорияға бөледі.

Оларға берік матадан тігілген киім кигізіліп, аттарына үзеңгі баулары
мықты ер ерттеліп, өмілдірік пен қәсерысқан тағылып, айылтартпасы қатты
тартылады. Сайысқа тусушілер қамшы ұстамайды, тек тістейді. Сайыс
дөңгелектенген кеңдігі 30-40 м тегіс жерде 20 минут бойында өткізіледі
Сайыстан абсалюттік чемпионды анықтау үшін жарысты оған қатысу-шыларды
салмақ категорияларына бөлмей-ақ олимпиадалық жүйе бойынша өткізуге болады.
Мұндай жарыстың нәтижесі бойынша атақ және разряд беріледі.
Спортшылардың салмақ категориясьн анықтау үшін өлшеу, жарыс басталатын
күні ереже бойынша жарыстың басталуына кем дегенде екі сағат қалғанда
өткізіледі. Өлшеуге кешіккен немесе келмей қалған спортшы жарыстан
шығарылады. Жарысқа қатысушы өлшенген кезде куәлігін көрсетуге міндетті.
Жарысқа қатысушылар шешініп өлшенеді. Өлшеудің нәтижелері хаттамаға
түсіріледі.
Аға төрешенің ысқырығы бойынша екі атты шеңбердің ортасына шығып бір-
біріне қарама-қарсы тұрады. Ер-тоқымандарын тексергеннен кейін
спортшылардың аты-жөні, салмак категорияларын және к,ай командадан екенін
хабарлайды. Содан соң олар бір-бірімен шеңбер сызығының бойына барып тұрады
да аға төрешінің белгісі бойынша жекпе-жекті бастайды. Сайыс аяқталған соң
спортшылар шеңбердің ортасына келіп жарыс басталар алдындағыдай тәртіппен
сондай күйде тұрады. Бас төреші бәсекенің нәтижесін хабарлаған соң олар
тағы да бір бірінің қолын алып, шсңберден шығып кетеді.
Сайыс аға терешінің ысқырығы бойынша басталып және тоқтатылып, гонгтың
белгісімен аяқталады. Бәсеке 5 минутке созылады. Егер сол уақыт өткенше
олардың бірде-бірі жеңіске жете алмаса, онда жарыс нәтижесі ұпай саны
бойынша анықталады.
Бәсеке кезінде спортшылардың аға төрешінің рұқсатынсыз шеңберден шығып
кетулеріне рұқсат берілмейді. Жарақатаннып қалған жағдайда немесе киімінде
қолайсыздық болғанда жекпе-жек тоқтатылады,бірақ мәсерндай тоқтау уақыты әр
спортшы ушін 5 минуттан аспауы керек. Егер 5 минут өткеннен кейін ол
бәсекені жалғастыра алмайтын болса, онда ол жеңілді деп есептеледі.
Егер спортшылардың бірдей айқасты қайта-қайта тоқтата берсе оның
токтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол 5 минуттен аспауға тиіс. Сайыста
спортшы таза немесе балл бойынша жеңуі мүмкін.
Таза жеңіс. Жекпе-жек барысында аттан сүйреп түсірген немесе аударып
тастаған (егер оның денесінің бір мүшесі жерге тимеген болса) споршыға
беріледі. Таза жеңіске 3 ұпай, жеңіліп қалған сайысшыға 0 ұпай есептеледі.
Ұпай бойынша жеңіске жету. Бәсеке кезінде басым түскен, яғни ескертуді
аз алған және белсенді болған спортшыға жеңіс ұпай бойынша беріледі. Ал
ескерту алған және жарыстан шығарылған (ережені бұзғанда және екінші рет
сақтандырғаннан кейін де сайыста белсенділік керсет-пегені үшін) спортшы
ұпай бойынша жеңілді деп есептеледі.
Ұпай бойынша жеңіске жеткенде 2 ұпай, жеңілгенде 0 ұпай беріледі. Егер
жекпе-жек аяқталғанша екі спортшының бірі жеңіске жете алмаса, сондай-ақ
олардың алған ескертіулері бірдей болса, тең түсті деп хабарланады да
әрқайысысына бір-бір ұпайдан жазылады.
Жарыс өткізу тәртібі. Жекпе-жек кезінде қарсыласының қолынан,
белбеуінен, үзеңгіден шығарып алуға тырысып, аяғынан ұстауға, кеудесінен
кұшақтап алуға, қарсыласын қолымен ұруға болмайды. Денесімен кез келген
жаққа итеруге, өз атының мойнынан, құшақтап ұстауға, тізесін немесе
табанын қарсыласының атының бүйіріне тіреуге рұқсат етіледі.
Қарсыласының не оның атын қолмен, қамшымен ұруға, немесе тебуге,
қарсыласын басынан, бетінен, мойнынан, шашынан немесе ер-тоқымынан, сондай-
ақ аттың басынан, жалынан, құйрығынан ұстауға, ережеде рұқсат етілмеген
әдістерді қолдануға (қолын, саусақтарын бұрауға) және қолын қарсыласының
аяғының және оның үзеңгісінің астына жіберіп ұстауға, тізгінді қарсыласының
қолына, басына салып орауға тыйым салынады.
Әдісті дұрыс қолданбаған сайысшының бұрын алған ұпайлары
есептелінбейді. Егер төрешілер спортшының біреуінің тыйым салған әдісті
қолданылғанын байқамай қалса, онда жапа шеккен сайысшы дауыстан белгі
беруіне болады. Осы белгі бойынша аға төреші жекпе-жекті тоқтатып, жағдайды
анықтап, кінәліге ескерту жасайды. Жағалап белгі берілген болса, ол тыйым
салынған әрекет ретінде бағаланып, спортшы сондағыдай дәрежеде жазаланады.
Тыйым салынған әдісті қолданып, шеңбердің сыртына әдейі шығып кеткені,
сайысты дөрекі жүргізгені, шеңберге 2 минуттен астым кешігіп шыққаны үшін
спортшыға ескерту жасалады.
Жарысқа қатысушы екі адамның біреуіне ескерту жасалғанда екіншісіне 1
әсертыс ұпай есептеледі. Егер ескерту екі шабандозға да жасалатын болса,
онда екеуіне бір-бірден әсергылыс баллы беріледі. Сайыс кезінде әр
спортшыға екіден артық ескерту жасалмауы тиіс. Ережені ол одан әрі бұзса,
жекпе-жек тоқтатылып, ондай шабандоз жеңілді деп есептеледі.
Жарысты белсенді қимыл көрсеткен шабандозға әуелі ескерту жасалады да
сонымен мұны қайталайтын болса жарыстан шығарылатындығы ескертіледі.
Бірінші және екінші ескерту төрешілердің көп дауысымен жасалады, ал үшінші
ескерту үш төрешінің пікірі қосылғанда ғана беріледі.
Сайыстың нәтижесін хабарлағанда аға төреші екі сайысшыны да шеңбердің
ортасына тұрғызып, жеңімпаз жағына қарай қолын көтереді.
Нәтиже былай хабарланады: Еңбек спорт коллективінің өкілі Бакиров 5
минут 2 секунд ішінде таза (ұпай санымен) жеңіске жетті.
Егер тең түскен болса, төреші қолын екі жағындағы жарысушыларға қарай
созады.
Төрешілік хаттамасы бәсекенің жекелеген сәттерін, яғни ескерту "е",
мақтандыру "с" әріпімен көрсетіліп, қарсыласына тиісінше 1 ұпай қойылғанын,
т.с.с. тіркейтін негізгі құжат болып табылады. Сайыстың соңында оның
нәтижелері толтырылады.
Қазақтың өте қызығы, қозатын ұлт ойындарының бірі - көкпар. Әуелгі аты
"көк бөрі" дегеннен шыққан. Мал баққан көшпелі халықтар үшін өте қауіпті аң
- қасқыр (бөрі). Оны соғып алған жұрт қуанып, өлігін ат үстінде сүйрелеген,
бір-бірінен алып қашып, тартып тамашалаған.
Кейін бұл дәстүрлі ойынға айналған. Бірақ салтанатты жиындарда
бөрі табыла бермегендіктен, көкпар орнына серке, қой кейде бұзау тартатын
болған.
Көкпар Қазақстан мен қатар Орта Азия халықтарының арасында кең тараған.
Ол Қырғыз, Өзбек тілінде "Ұлақ тартыш", Тәжік тілінде "Бұзавши" деп
аталады. Көкпар тарту ойындарында ұсақ ат спорт жарыстары бірсыпыра Шығыс
елдерінде де бар. Ауғаныстанда кең тараған бузавши ойыны біздің көкпарға
өте ұқсас. Сондай-ақ Аргентина халықының да көкпарға ұқсас ат спорт ойыны
бар.
Көкпар ретінде жиын-той (ұйымдастырушылар) серке тушасын береді де, оны
додаға түсіп іліп алып, тұқымына кысқан шабандоз өз ауылына (сөреге)
жеткізеді. Көкпар тарту жігіт күші мен жігерін, ептілік пен айлакерлігін,
батылдығы мен алғырлығын, аттың төзімділігі мен жүйріктігін, шабандоз
қимылы мен ойын тізгінсіз-ақ аңғаруын, түрлі қиын жағдайларға үйреншіктігін
шыңдайды.
Тартыс қызығына кіріп, азарттанған шабандоздар арасында жиі-жиі жанжал
шығып, қамшы сілтеніп, бас жарылатындықтан, бүгінде көкпар тарту ережесі
жасалған. Ол ережеге сәйкес серкенің орнына кілем тартылады. Көкпарды
арнайы белгіленген кеңдігі 400-1000 м алаңда өткізіледі. Оған жасы 18-ге
толған, көкпар тарту ережесімен таныс, дәрігерден денсаулығы жөнінде
куәлігі бар ер адамдар ғана қатыстырылады. Көкпарды екі түрде-барлық
катысушылар жалпы тартысқа түсіп жекелеп және 5-9 мүшесі бар екі команда
болып тартады. Көкпарды тек колмен тартып алып, тұқымына басады. Соны
мәреге (қақпаға) жеткізгені үшін үлай беріліп, көкпар тарту 45 минутқа
созылады.
Жарыс өтетін орын. Көкпар тарту үшін жан-жақты төрт бұрышталып келген
ашық және топырағы жұмсақ тегіс алаң таңдалады. Алаңның ұзындығы 400 метр,
ені 200 метр. Осы алаңның ортасында мәре - диаметрі 9 метр шеңбер сызылады.
Алаңның екі жағына жалаушылармен қақпалар белгіленіп койылады.
Жалаушылардың ұзындығы 50 сантиметр, қақпа ені 15 метр. Қақпаның сыртына
ені 3 метр, ұзынды қақпаның еніндей алаң жасалады. Егер көкпар осы алаңға
немесе әйтеуір оның шекарасына түссе, оны лақтыру есепке алынады. Егер
көкпар алаңға немесе оның шекарасына түспесе, оны сол қақпаның алдына 30
метр жерге тастайды да төрешінің ысқырығы бойынша жарыс жалғаса береді.
Қақпаның сыртына тағы 25-30 метрлік сызық сызылады. Серкені алған
көкпаршы осы сызықтан асып кетсе, төреші жарысты тоқтатады. Көкпар қайтадан
шеңбердің ортасына тасталып, ойын тағы да жалғастырылады.
Жарыс тәртібі. Командалардың негізін білу үшін жарыс басталар алдында
кемінде бір сағат бұрын жеребе тартылады. Аға төреші көмекшілермен бірге
ортаға шығып, кезекті командаларды ысқырып, жалау көтеріп, радиомен
шақырады да жарыстың басталғанын білдіреді. Осы белгі бойынша жарысқа
қатысатын командалар ұйымдасқан түрде жеребе салып, таңдап алған өз
қақпаларына барады да, беттерін орталыққа қаратып, тізіліп тұра қалады да
сәлемдеседі.
Командалардың капитандары төрешілердің қасына келеді. Аға төреші
капитандармен сәлемдесіп болған соң қай қақпаға қай команда тұратындығын
анықтайды. Бұдан соң капитандар орындарына оралады. Аға төреші белгі
бергеннен кейін шеңбердің ортасына көкпар қойылады. Төрешінің көмекшілері
ортаға шығып, орындарына барып тұрады. Әр командадан көкпарға бір-бір адам
жақындап, аға төрешінің белгісі бойынша көкпарды жерден көтеріп алуға
тырысады. Сол сәтте-ақ команданың басқа мүшелері де сайысқа түсіп кетеді.
Әр команданың мақсаты қарсы жақтың қақпасына көкпарды тастау, ал өз
қақпасына тастауға әрекет болғанда оған жол бермеу. Көкпарды қарсы жақтың
қақпасына көбірек лақтырған команда жеңіске жетеді. Көкпардың салмағы 30-40
килограмм шамасында. Жарысты өткізетін ұйым көкпардың салмағы мен жарыс
ұзақтығын басқаша етіп те белгілей алады.
Көкпар тартуға қатысатын адамдар мынандай кез келген жерінен көкпарды
көтеріп, қарсыласынан тартып алуға, оны командалас жолдасының қолына
ұстатуғы немесе оған қарай лақтыруға, тақымына қысуға, қолмен ұстауға, егер
бөктеруге, аттың қабырғасына жанастырып сүйреп немесе аттың аяқтарының
арасына ұстауға, командалас жолдастарына алып қашып, қарсыластарының
қақпасына тастауға көмектесуге, таласып жүргенде қақпа сыртына (бұл кезде
25-30 метр сызықтан әрі асып кетпесе) шауып шыққанда алаңға қақпа арқылы
емес сырт жағынан оралуға, сөйтіп оны қақпаға лақтыруға рұқсат етіледі.
Егер спортшының бірі лақтырған көкпар алаңға немесе сызыққа түспесе,
онда оның артында шауып келе жатқан екінші спортшыға көкпарды
алып, қарсы жақтың қақпасына қайта лақтырып түсіруіне болады.
Көкпар кезінде, қарсыласының тізгінін ұстауға, жүгенін сыпыруға, жалпы
ер-тұрманнан ұстауға, қарсыласының қолынан, белбеуінен, денесінен тағы
басқа жерінен ұстауға ,байлауға, шауып келе жатқан аттың алдына кесе-
көлденең тұруға, айқайлауға немесе сөйлесуге, алаңның шекарасынан шеттен
шығып кетуге, қақпаға түсірілгеннен кейін де сайысты жалғастыра беруге
тыйым салынады. Егер бір команда немесе жекелеген спортшылар жарыс ережесін
өрексел бұзатын болса және төрешілердің сақтандыруын тыңдамаса, сол команда
түгас немесе жеке сайысшылар жарыстан шығарылады. Жарыстан шығарылған
жігіттің орнына басқа спортшы қатыстырылмайды. Егер команда құрамындағы
спортшы үштен аз болып қалса, ол команда жеңілді деп есептеледі. Жарыстан
тұтас шығарылған команда да солай жазаланылады.
Мұндай жағдайда жеңіліс алу (-), ал жеңіс қосу (+) белгісімен
белгіленеді. Қарсыласының қақпасына көкпарды көп рет лақтырған команда
жеңіп шыққан болып есептеледі.
Жеңіп шыққан командаға - 2 ұпай, тең түскенде - 1 ұпай, жеңілген
командаға - 0 ұпай жазылады. Төрешілер коллегиясы жеребе тартқызу
жолмен командаларды 2 (4) және одан да көп топтарға бөледі, ол топтарға
командалар айналым жүйесі бойынша сайысады. Бір команда бір күнде ең көп
дегенде тек үш рет қана сайысқа қатыса алады.
Екі команданың ұпайы бірдей болған жағдайда жеңіпаз өзара кездесу
нәтижесінде бірінің жеңіске көп жетуіне қарай, қарсыласының қақпасына
көкпарды көп тастауына қарай анықталады.
Командалардың алған орындарын анықтау үшін ең аз немесе ең көп ұпай
бойынша есептеу жүйесі пайдаланылады. Бұл жайында жарыс ережелерінде
жазылады немесе төрешілердің отырысында келісіледі.
Жорға жарыс. Жорғаға әдетте ұлттық киім киген ер-жігіттер немесе қыз-
келіншектер мініп жарысады. Әйелдер үшін қашықтық 3 километр, ерлер үшін 6
километр. Мұндай жарысқа жорға мінуге эбден дағдыланған спортшылар
қатыстырылады. Олардың жасы он сегізден жоғары болу керек. Жорғаның жасы үш
жастан жоғары болуы тиіс. Жарысқа кез келген жылқы түқымына жататын атты
қосуға болады. Қашықтық 2 мың метірден 10 мың метрге дейін болуы мүмкін. Ол
жарыс ережелерінде белгіленеді.
Жарыс өткізу тәртібі. Жарысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ат спорты
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану
Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы
Ұлттық спорт түрлері. Ойын ережесі
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Дизайн қызметінің жалпы типологиясы
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Пәндер