Нефросклероз


Аннотация
«Жануарлардың нефросклерозы» атты курстық жұмысым 38 беттен тұрады.
Жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Сонымен қатар өзіндік зерттеумен қамтылған.
Анықтама
Нефросклероз -Nephrosclerosis. Бүйректердің артериолдары жарақаттанып, дәнекер тінмен өсіп, паренхимасының өлі еттенуінің салдарынан олардың несеп түзу және шығару процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Диагноз - ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік.
Пальпация - қолдың сезу қабілеті арқылы малды сипап тексеру.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Диспансеризация - жоғарғы өнімді дені сау малдар табынын құру үшін ауруды анықтауға, оның алдын алуға және емдеуге бағытталған жоспарлы жүйе
Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын, темпераментін анықтау
Новокаинмен тежеу - нерв талшығының тітіркенісін (сезімталдығын) уақытша тоқтатып, сол арқылы белгілі бір ағзаны (ми, сопақша ми) қорегін жақсартып, ондағы ауырсыну сезімін басу арқылы нерв жүйесінің бұзылған қызметтерін қалпына келтіріп емдеу тәсілі
Протеинотерапия - құрамында әр түрлі белок бар заттарды ауыз қуысынан басқа жерлерге жіберу арқылы емдеу әдісі
Гистолизаттар немесе лизаттар - сау малдардың тіндерінен оларды бөлшектеу немесе еріту әдісімен алынған препараттар
Қысқартылған сөздер мен белгілер
л -литр
мл -миллилитр
г -грамм
кг -килограмм
т. б -тағы басқа
т. с. с -тағы сол сияқты
% -пайыз
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтама
Қысқартылған сөздер мен белгілер
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
1. 1 Зәр бөлу мүшесі-бүйректің морфологиясы . . . 9
1. 2 Бүйректің қызметі мен қанмен жабдықталу ерекшеліктері . . . 14
1. 3 Нефросклероз ауруының дамуы, клиникалық белгілері, емі . . . 17
2Өзіндік зерттеу . . . 23
2. 1 Proanamnеsis . . . 23
2. 2Anamnesei vitae . . . 23
2. 3 Anamnesei morbi . . . 24
2. 4 Status praesens communis . . . 24
2. 5 Status prаesens localis . . . 25
2. 6 Diagnosis . . . 27
- Decursus morbi et therapia . . . 27
2. 8 Epicrisis . . . 35
3Техникалық қауіпсіздік . . . 36
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы сол «Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, рентгенологиясы пәні» бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, малдың өнімділігін түсіретін, кейін барып малдарды өсіп өндіруге жарамсыз ететін аурулардың бірі - бүйрек ауруының нефросклерозы болып табылады.
Ветеринария ғылымдарының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, сатыларын анықтау әдістерін, емдеу әрекеттерін және сақтандыру шараларын жетілдіре қағидалайды. Пәннің негізін жалпы биология, биологиялық химия, физиология мен патфизиология, азықтандыру, фармакология, аурутану және экономика пәндері құрайды.
Болашақ мамандыққа маңызы зор қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игерген, шаруашылықтарда ауруды емдеу әрекеттерін және олардан сақтандыру шараларын ұйымдастыруды тиянақты түрде орындай алатын білімді малдәрігері мамандарын дайындауда бұл пәннің алатын орны ерекше.
Мал дәрігерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алады. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты - организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт балмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.
Ішкі жұқпалы емес ауруларды, соның бірі несеп-зәр жүйесі ауруларын анықтауда бұл пәннің маңызы зор. Бүйрек ауруларына шалдыққан малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болады:
- Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу;
- Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу.
- Ауруды тудырған себептерді анықтау ( этиология) ;
- Аурудың даму процесіне көңіл аудару ( патогенез) ;
- Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау;
- Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау;
- Аурудың өту барысына сүйене отырып оған болжам жасау (прогноз) ;
- Ауруға ем тағайындау (терапия) ;
- аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика) .
Бұл жоспардың ішінде ауруды анықтау мен оның себептерін дәл табудың ауруды емдеу және сақтандыру шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы өте зор.
1 Негізгі бөлім
1. 1 Зәр бөлу мүшесі-бүйректің морфологиясы
Бүйрек- пішіні бұршақ тәріздес, қызыл-қоңыр түсті, қомақты жұп мүше. Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан қысымын және су-тұз алмасуын реттеугеде қатысады. Бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың вентральді бұлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы қапшығымен қапталған. Оның төменгі беті құрсақ қуысы сірлі қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төиенгі және екі бүйір беттері ғана қапталған. Бүйректің ішкі медиальді ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен жүйкелері енетін жерін бүйрек қақпасы -деп атайды.
Бүйректі қақ жарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірінен айқын ажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы несеп түзгіш қыртысты аймақ, ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аймақ.
Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәрдің түзілуін іс жүзіне асыратын қоңыр-қызыл түсті көптеген ұсақ бүйрек денешіктері мүшенің сыртынан ішіне қарай қатарласып орналасады. Оларды бір-бірінен сәуле тәрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады. Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана көруге болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан құралған. Пирамидалардың табандары бүйректің шетіне қарай орналасы, олардан бүйректің қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал бүйректің ішкі жағыцна қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек емізікшелері -деп аталады. Шекаралық аймақтағы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аймағына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар болып, бүйрек шенешіктері орналасады [1, 2, 3, 4] .
Бүйректің түрлері. Бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің бастапқы құрылымдық бірлігі -бүйрекшелер алынған. Бүйрекшелерде де, бүйрекке тән үш аймақ пен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері бір-бірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы және ішкі морфологиялық құрылысына байланысты бүйректің көптеген түрлері ажыратылады. Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен төменде танысамыз. Оларға: көптік, тілімді көпемізікшелі, тегіс көпемізікшелі және тегіс біремізікшелі бүйректер жатады.
1. Көптік бүйрек бір-бірімен зәр шығару өзектері -бүйрек сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген майда жеке бүйрекшелерден тұрады. әр бір бүйрекше сыртынан дәнекер ұлпалақ қапшықпен қапталған. Бүйрекшенің кесіндісінде бір-бірнен ажырайтын үш аймақты байқауға болады. Қапшықтың астындағы қыртысты аймақ зәр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек түтікшелері нефрондардың денешіктері мен проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек түтікшелері құрайды. Олардың аралықтарында қан мен лимфа тамырларына бай, тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар (строма) орналасады. Бүйрекшелердің орталығында нефрондардың түзу түтікшелерінен (просимальді және дистальды бөлімдердің түзу түтікшелері, жіңішке бөлімдер мен жинағыш түтікшелер) құралған, бөлінген зәрді өткізетін бозғылт аймақ орналасады. Стромасы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Қыртысты және бозғылт аймақтар аралығында ірі қан тамырлары (доғалық артериялар мен веналар) өтетін шекаралық аймақ болады. Бүйрекшелер сабақшалары бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, бұлар өз кезегінде бір-бірімен қосылып несепағарды түзеді. Бүйректің бұндай түрі теңіз сүтқоректілерінде (китте, түленде, дельфинде, ақ аю, моржда т. б. ) болады.
2. Тілімді көпемізікшелі бүйрек бүйректің сыртқы жағы бір-бірінен тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақтары толық қосылып бірігіп кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп кеткен бұрынғы жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер түтікшелері іші қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде өзара қосылып, несепарғарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады.
3. Тегіс көпемізікшелі бүйрек шошқада, маймылдарда және адамда болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде көптеген емізікшелерден тұрады. Бұларда да, емізікшелер түтіктері тостағаншаларға ашылып, олардан шығатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақпасы маңындағы қуыс мүше -бүйрек түбегіне ашылады. Бүйрек түбегінен несепағар шығады.
4. Тегіс біремізікшелі бүйрек барлық жыртқыш жануарларда, қойда, ешкіде, жылқыда, түйеде т. б. көптеген жануарларда болады. Бұйрекшелердің барлық аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шыкаралық және бозғылт аймақтарды түзеді. Бүйректің сырты тегіс, ішкі кескіндісінде бір емізікше көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады. Тостағаншалар мен сабақшалар болмайды [1, 2, 3, 4] .
Бүйрек құрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхимасын жануарлардың түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікщелері -нефрондар құрайды. Нефронның қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптайтын, іші қуыс екі қабат бір қабатты жалпақ эпителийден құралған бастама бөлігін бүйрек денешігінің қапшығы деп атайды. Қан капиллярлар шумағына артерия қаны әкелгіш артериола арқылы ағып келеді. Бұл шумақтан артерия қаны әкеткіш артериоламен ағып шығады. әкелгіш артериоланың арнасы әкеткіш артериола арнасына қарағанда 5-6 еседей кең. Демек, капиллярлар шумағынан ағып шығатын қанның мөлшері ағып келетін қан мөлшеріне қарағанда бірнеше есе аз болады. Осыған байланысты қан капиллярларындағы қанның қыысымы көтеріліп, нәтижесінде қанның сұйығы капиллярлардың қабырғасы және бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы, оның қапшығы қуысына сүзіліп шығады да, алғашқы зәрге айналады. Нефрон денешігі тығыз жанасқан екі бөліктен: қан капиллярлары шумағынан және оны сыртынан қаптаған бүйрек денешігінің қапшығынан құралған. Нефрондар бүйрек денешігінен басқа, проксимальды, жіңішке және дистальды бөлімдерден құралған. Бұлардың қабырғалары бөлімдердің атқаратын қызметтеріне байланысты бірқабатты текше немесе бірқабатты жалпақ эпителийден тұрады. Алғашқы несептен аталған бөлімдерден ағып өту барысында организмге керекті заттар кері қанға сорылып, керек емес заттар қосымша қаннан несепке шығарылады да, нефронның соңына қарай несепке айналады. Бүйректің стромасы (борпылдақ дәнекер ұлпасы) арқылы қан, лимфа тамырлары мен бүйректің қызметін атқаратын жүйкелер өтеді.
Бүйректің гистологиялық құрылысы. бүйректі сыртынан тығыз дәнекер ұлпалық қапшық (капсула) қаптап жатады. Бүйрек құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Бүйректің паренхимасын нефрондар, ал оның стромасын нефрондардың араларындағы қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Жоғарыда баяндалғандай, бүйрек сыртқы қыртысты, ішкі бозғылт аймақтардан құралған. Бүйректің қыртысты аймағын бүйрек денешіктері, нефрондардың проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек өзекшелері, ол оның бозғылт аймағын проксимальды және дистальды бөлімдердің түзу өзекшелері, жіңішке бөлім және жинағыш түтікшелер құрайды.
Нефрон (бүйрек өзекшесі) бүйрек парнехимасының құрылымдық және қызметтік бірлігі. Жануарлардың түрлеріне байланысты бүйректе 2-8 миллиондай бүйрек өзекшелері болады. Нефронның орташа ұзындығы 2-5 см. Нефрон құрылысы мен қызметі әр түрлі бірнеше бөлімдерден құралған. Оларға бүйрек денешігі, жоғарғы (проксимальды), жіңішке және төменгі (дистальды) бөлімдер жатады[1, 2, 3, 4] .
Бүйрек денешігі екі: тамырлы және несептік бөліктерден тұрады. Тамырлы бөлікті әкелгіш артериола, қан капиллярларының шумағы және әкеткіш артериола түзеді. Несептік бөлікті төменгі жағы проксимальды бөлімімен жалғасатын нефронның жоғарғы тұйықталған қос қабатты қапшығы құрайды. Нефон қапшығы қан капиллярлары шумағын сыртынан қаптап жатады. Нефронның просимальды бөлімі ирек және түзу бөліктерден тұрады. Оның ирек бөлігі бүйректің қыртысты затында бүйрек денешігі маңында ирелеңдеп, бүйректің бозғылт затына қарай төмен бағытталып, түзу бөлікке айналады. Проксимальды түзу өзекше төмендеп, жіңішке бөлім өзекшесіне ауысады. Нефрондардың 80%-ының жіңішке бөлімдері қысқа болып келеді және олар бүйректің қыртыстыаймағында жатады. Жіңішке бөлім ілгек жасап, қайтадан жоғары қарай бұрылып көтеріледі де, дистальды бөлімнің түзу бөлігіне ауысады. Дистальды бөлімнің түзу бөлігі өзінің бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне қарай жоғары көтеріліп иректеліп, дистальды ирек бөлікке ауысады. Олар доғалық жинағыш түтікшклермен жалғасып, бір-бірімен қосылып, түзу жинағыш түтікшелерге айналады. Нефрондардың 20%-ы бозғылт аймақтың маңында орналасып, олардың жіңішке бөлімі бозғылт аймаққа терең еніп, кері көтеріледі. Оларды бозғылтмаңы (юкстамедулалы) нефрондары -деп атайды. Түзу жинағыш түтікшелер қыртысты аймақтағы бозғылт сәулелердітүзеді. Бірнеше жинағыш түтікшелер бір-бірімен қосылып, емізікше өзекшелерін жасайды. Емізікше өзекшелері бүйрек тостағаншаларына ашылады. Несеп бүйрек тостағаншаларынан, бүйрек сабақшалары арқылы бүйрек түбегіне, одан несепағармен қуыққа барады. Қуықтан несепшығар өзегімен еркек жануарларда несеп-жыныс өзегімен, ұрғашы жануарларда несепжыныс қойнауы арқылы сыртқа шығарылады.
Қан плазмасы жоғарғы қан қысымының әсерінен қан капиллярларының қабырғалары мен бүйрек денешігінің ішкі қабаты арқылы сүзіліп, бүйрек денешігінің қос қабатты қапшығы қуысына өтеді. Алғашқы несеп қан плазмасынан сүзілу арқылы түзіледі. Бүйрек денешігінің тамырлы бөлігіне артерия қаны әкелгіш артериоламен қан капиллярлары шумағына ағып келеді. капиллярлар шумағынан артерия қаны әкеткіш артериола арқылы ағып шыцғады. Әкелгіш артериоланың диаметрі әкеткіш артериоланың диаметріне қарағанда бірнеше есе кең. Демек, қан капиллярлар шумағына көп мөлшерде ағып келіп, аз мөлшерде ағып кетеді. Осыған байланысты, қан капиллярларының арасында жоғары қан қысымы пайда болып, қан сұйығының қан капиллярларының қабырғалары арқылы сүзіліп шығуына ықпалын тигізеді. Оның үстіне, қан капиллярларының қабырғаларында диаметрі 70-90 нм тесіктер бар. Капиллярлардың аралықтарында перициттер жұлдызша тамырлараралық (мезангиальды) торшалар болады. Олар өсінділерімен капиллярлар эндотелиоциттеріне жанасып жатады. Бүйрек денешігінің ішкі қабатын құрайтын тым жұқа (бірқабатты жалпақ эпителий) эпителий торшалары -подоциттер де, капиллярлар эндотелиоциттеріне сыртқы жағынан тығыз жанасып жатады. Олардың аралықтарында тек негіздік жарғақ қана қалады [3, 4, 5, 6] .
Пішіні жалпақ келген өте жұқа подоциттердің көптеген өсінділері болады. Подоцит денесінен таралатын біріншілік өсінділерден (цитотрабекулалардан) көптеген ұсақ екіншілік өсінділер (цитопдийлер) таралады. Әр бір подоцит өсінділерінің жалпы ұзындығы 1-2 мкм болады. Подоциттерің өсінділері бір-бірімен ілгектене ілінісіп байланысып, араларында торшааралық саңылаулары бар күрделі сүзгі торлы құрылым түзеді. Тесікті капиллярлар эндотелий мен саңылаулы тесікті подпциттер аралығында, гликопротеид мен талшықтар торынан құрылған негіздік жарғақ ғана қалады. Міне, осы эндотелийден, негіздік жарғақтан және подоциттерден түзілген сүзгі тор арқылы қан плазмасы сүзіліп, алғашқы несепке айналады да, бүйрек денешігі қуысына өтеді. Қалыпты жағдайда бұл сүзгі арқылы белоктардың ірі молекулалары өтпейді, тек альбуминдер өтеді. Бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабаты бірқабатты жалпақ эпителийден тұрады. ол нефронның проксимальды бөлімі қабырғасына жалғасады.
Проксимаальды бөлімнің жоғары ирек бөлігі бүйрек денешігі қапшығының сыртқы қабатынан басталады. Ол бүйрек денешігі маңында иректеліп, бүйректің қыртысты аймағы затынан бозғылт аймаққа қарай төмендеп, түзу бөлікке ауысады. Проксимальды өзекшенің қабырғасын бірқабатты текше тәрізді эпителий құрайды. Оның орташа диаметрі 60 мкм. Эпителиоциттердің апикальды бетінде плазмолеммадан түзілген микробүрлер және олардың астындағы цитоплазмада лизосома тәрізді көпіршіктер болады. Торшалардың базальды бөлігінде тігінен тізбектеле орналасқан митохондриялар мен олардың аралықтарындағы қатпарларынан базальды жолақ түзіледі. Эпителиоциттердің апикальды бетіндегі микробүрлер мен көпіршіктер эпителий торшаларының алғашқы несеп құрамындағы организмге керек заттарды белсенді түрде кері сорып, қосымша қорытып жатқандығының, ал торшалардағы базальды жолақ, керісінше, эпителиоциттердің зат алмасу процесі нәтижесінде түзілген соңғы ыдырау өнімдерін қосымша несеп құрамына шығаратындығының белгісі. Демек, проксимальды өзекшеде алғашқы несептің құрамындағы керекті заттар кері организмге сорылып (реабсорбция), керек емес ыдырау өнімдері қосымша несеп құрамына шығарылады. Реабсорбция арқылы проксимальды өзекше қабырғасымен алғашқы несептен судың 85%-ы, глюкоза, керекті электролиттер, амин қышқылдары, витаминдер кері сорылады.
Жіңішке бөлімді проксимальды бөлімнің төмендеген түзу бөлігі түзеді. Оның диаметрі 13-15 мкм, қабырғасын бірқабатты жалпақ эпителий құрайды. Бұл бөлімде негізінен су кері сорылады.
Дистальды бөлімнің түзу бөлігінің диаметрі 20-50 мкм, қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителий құрайды. Ол жіңішке бөлімнің өрлеме жалғасы. Өрлеме дистальды түзу өзекше өзінің бүйрек денешігіне қарай көтеріліп, оның маңында ирек дистальды бөлікке айналып, жинағыш түтікшемен жалғасып кетеді. Дистальды бөлім өзекшелерінде натрий және калий тұздарының электролиттері сорылады [4, 5, 6] .
Нефрон ілгегін төмендеген түзу проксимальды өзекше, жіңішке бөлімнің төмендеген және өрлеме өзекшелері, дистальды бөлімнің өрлеме өзекшесі құрайды.
Жинағыш түтікшелер басталар бөлігінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийден, төменгі бөліктерінің қабырғасы бірқабатты призма тәрізді эпителийден тұрады. Жинағыш түтікшелерге құрамында тұзы аз гипотониялық несеп ағып келеді. Себебі: электролиттер жинағыш түтікшелер қабырғасының сыртында жиналады. Осының нәтижесінде жинағыш түтікшелер қуысындағы сұйық несептен, су кері қанға сорылып, нағыз несеп түзіледі.
Юкстагломерулалы кешен несеп бөлуге қажет қан қысымын реттейтін және су мен электролиттердің кері сорылуына ықпалын тигізетін ренин гормонын бөледі. Аталған кешенді дистальды өзекшенің тығыз дағы, әкелгіш артериола қабырғасындағы эпителий тәрізді ( юкстагломерулалы) торшалар, әкелгіш және әкеткіш артериолалар аралығындағы торшалар (Гурмагтиг торшалары) құрайды.
1. 2 Бүйректің қызметі мен қанмен жабдықталу ерекшеліктері
Бүйректің қанмен жабдықталуында да айтарлықтай ерекшеліктер бар. Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары Шумлянский-Боумен капсуласына кіріп, онда ұзындығы 0, 5 мм шамасында 30-50 капиллярларға тарамданады да, мальпигий шумағын құрайды. Бұл тамырды қанды әкелуші тамыр деп атайды. Аталған капиллярлар жинала келіп қанды әкелетін артериялар құрайды. Осы тамырдың диаметрі қан әкелуші тамырлардан 2 есе тар келеді. Шумақтан шыққын тамыр ирек түтікшелер мен Генле ілгегі тұсында қайтадан тарамданып, екінші рет капиллярлар торын құрайды. Осыдан кейін ғана капилляр тамырларындағы қан вена торына жиналып, одан бүйрек венасына барып құяды. Шумақ кпиллярында қан қысымы басқа орган капиллярларындағы қысымнан әлдеқайда жоғары . Оның себебі әкетуші тамырлардың диаметрінің тарлығында және оның қайтадан капиллярларға таралуында. Сонымен қатар бүйрек артериясы тікелей құрсақ қолқасынан басталады да, ол қысқа келеді [ 3, 4, 5] .
Бүйрек қанмен жақсы жабдықталады, басқа органдарға қарағанда оған қан 20 есе көп келеді. Мысалы: адамның әр бүйрегіне минут сайын 750мл қан келеді. Бір тәулікте бүйрек тамырларынан 1700 л қан өтіп, оның 170 л қыртыстық қабаттағы мальпигий шумақтарында сүзіледі. Адам организміндегі 5 л қан тәулігіне бүйректен 200-300 рет өтеді. Салмағы 90-100 кг шошқа бүйректерінен тәулігіне 1, 5 мың л қан сүзіледі.
Адамның екі бүйрегінде 2 миллионнан аса, ірі қарада -8 млн, шошқада -1, 5, қойда -1млн нефрон болады. Нефрондардың ішкі бетінің жалпы ауданы адамның екі бүйрегінде -4-6м², ірі қарада-39, 5, шошқада -7, 2, қойда -3, 5м². Әрбір нефронның ұзындығы 30-50 мм, ал олардың жалпы ұзындығы адамда 60-70 километрге жетеді.
Бүйректің негізгі қызметі -зәр (несеп) түзу. Зәр түзу екі кезеңнен -сүзу және қайта сору, тұратын күрделі физиологиялық процесс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz