Сүтті және етті бағыттағы ірі қара


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы « Сүтті бағыттағы ірі қара» тақырып 30 бетті қамтиды.

Негізгі бөлімде қамтылған тақырыптар: Ірі қара малының сүтті тұқымының сипаттамасы, Ірі қараның етті тұқымдары.

Өзіндік бөлімінде қамтылған тақырып : Ірі қараның сүтті-етті тұқымдары,

Етті тұқымдардың жіктелуі

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

МЖМБС 2. 104-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01. -80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601-95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) Қ. Р 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класификаторы (ӘҚТБӨК)

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару.

АНЫҚТАМА

Жылқыны бастықтыру - оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды.

Баптау (жарату) - кең тұрғыдан алғанда белгілі бір мүшелер жүйесі немесе бүкіл ағза қызметін қалыпты бір жағдайда бірнеше рет қайталап күшейтіп отыру.

Тренинг - жылқыны жасынан баптау жүйесін айтады.

Сиыр - сауынды ірі қара малы.

Табиғатты қорғау - айналадағы орман бау-бақшаны күту.

Ұдайы өсіру - төл туғаннан бастап үздіксіз өсіру.

Азықтық өлшем - 1 кг сұлының қуатына тең өлшемді айтады.

Экономикалық тиімділік - әрбір алынған өнімнің өзіндік құны .

Азық өлшемі- организімнің тіршілігі мен өнім өндіруге қажетті энергия мен құрылымдық және биологиялық әсерлі заттарға мұқтаждығын айқындайтын жалпы нормалық көрсеткіштерге тәулігіне 1 басқа қажет азық.

Рацион құрылымы- рацион құрамына кіретін азық топтарының оның жалпы қоректілігіне (а. ө. не АЭЗ бойынша) пайыздық қатынасы айғақтайды.

Тетіктелген азықтандыру нормасы деп- толықтырылған организм мұқтаждығының 18-30 көрсеткішін қамтитын деректер.

Сұрыптау - жақсы малдарды іріктеп, таңдап алуды айтады.

Корреляция - малдың бір өнім көрсеткішінің екінші өнім көрсеткішімен тығыз байланыстығын айтады, әрі сол өнім көрсеткіштерінің біреуі өзгерсе екіншісінің де өзгеруін көрсетеді.

Элевер - мамандандырылған шаруашылықтар немесе фермалар, негізгі міндеті асыл тұқымды бұқаларды өсіру және оларды ұрпақ сапалары бойынша бағалау.

Азықтандыру типі- рацион құрылымындағы басым азық тобы немесе жекелеген азық белгілейді.

Рацион - бір тәулікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік заттары бір күндік нормаға сәкестендіріледі.

Мал азығын нормалау- мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті толықтыру.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

г - грамм

кг - килограмм

л - литр

мл - миллилитр

мм - миллиметр

т. б. - тағы басқа

т. с. с. - тағы сол сияқты

№ - нөмір

% - пайыз

а. ө-азықтық өлшем

см-сантиметр

млн. - миллион

Қ-қою

С-сирек

А-азоспермия

МАЗМҰНЫ

бет

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 6

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 7

КІРІСПЕ . . . 8

1. Әдебиетке шолу . . . 9

1. 1 Ірі қара малының сүтті тұқымының сипаттамасы . . .

1. 2 Ірі қараның етті тұқымдары . . .

2. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ . . . 21

2. 1 Шаруашылыққа сипаттама. ……21

2. 2 Ірі қараның сүтті-етті тұқымдары . . . 21

3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .

3. 1 Етті тұқымдардың жіктелуі . . . 25

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . , 30

КІРІСПЕ

Мақсаты

Міндеті

Ірі қара малы тұқымының бөлінуі, қазіргі уақыттағы ірі қара малының тұқымының бірінен бірінің айырмашылығы көп. Сондықтан ғалымдар оны бірнеше топқа бөлуде (зоологиялық, географиялық т. б. ), ал шаруашылықтарда қолайлы жағын қарастырып тұқымды әр түрге бөлуде.

Қазіргі асыл тұқымды ірі қара малын шаруашылық жағдайына қарап үш топқа бөледі: сүтті, сүтті-етті немесе етті-сүтті және етті тұқымдар. Бұрынғы КСРО ауылшаруашылық министрлігінің деректері бойынша сүтті тұқымының қара ала тобына: қара ала, әулиеата, литваның қара аласы, тагил, голланд, британия фризы, немістердің қара аласы, данияның қара аласы, польшаның қара аласы жатса, қызыл тұқымды топқа: қырдың қызылы, эстонияның қызылы, литваның қызылы, горбат қызылы, польшаның қызылы, тамбовтың қызылы, данияның қызылы, белоруссияның қызылы жатады. Ал етті-сүтті тұқымының сары ала тобына: симментал, сычев және монбельярд; сүтт-етті тұқымының қоңыр тұқымына: швиц, костром, лебедин, алатау, кавказдың қоңыры, карпаттың қоңыры, юрин тұқымдары.

Етті тұқымының тобына: абердин-ангус, герефорд, қалмақ, қазақтың ақбасы, санта-гертруда, шароле және шортгорн ірі қара малдары жатады.

Қазіргі голландия ірі қара малының тұқымы ХХ ғасырдың басында қалыптасқан. Голландияның қара ала сиырының тұқымы өте ірі, дене бітімі мен сүйегі мықты, еті жақсы жетілген, дене бітімі әдемі сиырларының тірідей орташа салмағы 550-600 кг, бұқаларынікі - 800-1000 кг, орташа сүті 5200 кг да майлылығы 4, 1%, белогі 3, 32-3, 55%, бұзауларының туғандағы тірідей салмағы 36-42 кг. Бұл тұқым тез өсіп дамиды және еттілік қасиеті жақсы. Бордақыланғаннан кейін ұша шығымы 55-60% жетеді. Осындай тұқымының асылдығына байланысты голландия ірі қара малының тұқымын көптеген мемлекеттерге жерсіндіруге әкеле бастаған. Мысалы голландия ірі қара малын Англия, Францияға, АҚШ - қа, Канадаға, Жаңа Зеландияға, Жапонияға т. б. мемелекеттерге әкелген. Қазіргі уақытта бқл ірі қараның тұқымын 50 мемелекетке әкелуде. Бірінші рет Ресей жеріне ХVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында әкелген. Бұл тұқым Ресейде жергілікті холмогор, тагил, украинның ақбас және бестужев ірі қара малының тұқымдарын шығаруға көп әсерін тигізеді. Голландия ірі қара тұқымы одағымыздағы әулиеата және бушуев ірі қара тұқымдарын шығаруда көп роль атқарады.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Ірі қара малының сүтті тұқымының сипаттамасы

Саны жағынан одағымыз бойынша бірінші орында (57, 3%) . Бұл тұқымының көпшілігі аса сүтті болумен қатар мал азығын ұтымды пайдаланады.

Тірідей салмағы басқа топтарға қарағанда онша үлкен емес, дене бітімі мықты, сөлекет келсе, сүйегі жеңіл, дене еті шымырлау терісі жұқа, ал ас қорыту мүшелері өте жақсы жетілген. Сүтті сиырлардың тұқымына қарай орташа тірідей салмағы 450 кг-нан 500 кг дейін жетсе, ұша шығымы 40-45% ғана. Көптеген осы тұқымға жататын сиырларының сүтінің майлылығы орташа: 3, 6-3, 8%, ал әр сиырдан орташа 3000-4500 кг сүт сауылады. Сүтті ірі қара тұқымдарының ішінде ең көп тарағаны голштин қара ала тұқымы, себебі бұл топқа жататын сиырлар аса сүтті. Одағымыз бойынша сүтті ірі қара мал шаруашылығының өндірістік негізде дамуына байланысты асыл тұқымды қара ала тұқымының саны көбеюде, себебі бұл тұқым өндірістік технологияға өте бейімді. [1]

Голландия ірі қарасының тұқымы. Бұл тұқым жергілікті іріктеу, жұптау тәсілдерін қолданып, жақсы бағып күтугебайланысты шыққан. Қазіргі голландия ірі қара малының тұқымы ХХ ғасырдың басында қалыптасқан. Голландияның қара ала сиырының тұқымы өте ірі, дене бітімі мен сүйегі мықты, еті жақсы жетілген, дене бітімі әдемі сиырларының тірідей орташа салмағы 550-600 кг, бұқаларынікі - 800-1000 кг, орташа сүті 5200 кг да майлылығы 4, 1%, белогі 3, 32-3, 55%, бұзауларының туғандағы тірідей салмағы 36-42 кг. Бұл тұқым тез өсіп дамиды және еттілік қасиеті жақсы. Бордақыланғаннан кейін ұша шығымы 55-60% жетеді. Осындай тұқымының асылдығына байланысты голландия ірі қара малының тұқымын көптеген мемлекеттерге жерсіндіруге әкеле бастаған. Мысалы голландия ірі қара малын Англия, Францияға, АҚШ - қа, Канадаға, Жаңа Зеландияға, Жапонияға т. б. мемелекеттерге әкелген. Қазіргі уақытта бқл ірі қараның тұқымын 50 мемелекетке әкелуде. Бірінші рет Ресей жеріне ХVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында әкелген. Бұл тұқым Ресейде жергілікті холмогор, тагил, украинның ақбас және бестужев ірі қара малының тұқымдарын шығаруға көп әсерін тигізеді. Голландия ірі қара тұқымы одағымыздағы әулиеата және бушуев ірі қара тұқымдарын шығаруда көп роль атқарады. [2]

Кейінгі уақыттарда Голландия және АҚШ-тың голштин ірі қара малдарының тұқымдары одағымыздың шаруашылықтарына әліде әкелуде. Әкелінген бұл тұқымның төлдері РСФСР, Украина, Беларусь, Литва Республикаларының шаруашылықтарында шоғырланған. Бұл шаруашылықтардағы сиырларының сүт өнімі өте жоғары, орташа сүті 4000 кг-нан 5500 кг- ға дейін, ал майлылығы 4, 0-4, 2% .

Ресейдің қара ала ірі қарасының тұқымы.

ТМД-да аса сүтті тұқымға жатады, әр аймақта жергілікті сиырларды голландылық қара ала тұқымының бұқаларымен шағылыстыру арқылы шыққан. Жеке ірі қара мал тұқымы болып 1959 ж бекітілген. Осы тұқымның малы Орталық Ресейде, Жайықта және Сібір аймақтарында шоғырланған. Украинның Львов және Хмельницкий облыстарында тараған. Қазіргі уақытта Киев, Харьков т. б. Украинның облыстарының шаруашылықтарында шоғырлануда. Кейінгі уақытта Беларусь жерінде де тарауда.

Қара ала ірі қарасы сүтті тұқымға жатқандықтан сүттілігі өте жоғары, дене бітімі мықты, сырттан қарағанда әдемі, түсі қара - ала. Сиырларының тірідей салмағы 550-650 кг, бұқаларының 850-950 кг, кейбір бұқалары 1100 кг жетеді, ұша шығымы 50-55%. Бұзауларының туғандағы тірідей салмағы үлкен (32-40 кг) . Төлдерінің өсіп-дамуы жақсы, орташа тәулік салмағы 800-1000 кг дейін өседі. 15-16 айлық тайыншалары 420-480 кг-ға жетеді. Асыл тұқымды мал зауыттарында сиырларыныңорташа сүттілігі 5500-6700 кг болса, майлылығы 3, 8-4, 0%, ал сүтінің белогі 3, 15-3, 40%. Аса сүтті сиырлары Ленинград облысы «Петров» асыл тұқымды мал зауытында шоғырланған. Бұл шаруашылықта 1986 жылы орташа әрбір 1100 сиырдан 6861 кг-нан сүт сауса, оның майлылығы 3, 92% жеткен. [3]

Бұл тұқымның «Волга ЕГП-339» атты сиырынан 305 күн ішінде 17517 кг сүт сауып, оның майлылығы 4, 2% жеткен, ал осы шаруашылықтың «Россиянка» атты сиырынан 1987 жылы 19162 кг сүтсауылғаг.

Қара ала ірі қара малы Одағымыздың қандай аймағында болмасын жақсы жерсінеді, қазіргі уақытта Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қазақстан т. б. Республикаларда да шоғырланған.

Голштин ірі қара тұқымы. Бұл тұқым АҚШ пен Канада да голландияның қара ала тұқымы арқылы шыққан. Алғашқы уақытта шығарушы фермерлер жаңа тұқымның сүттілігіне және өсіп-жетілуіне көп көңіл бөлген. 1871 жылы АҚШ-та голштин ірі қара малының өсіру қоғамы құрылған.

Голштин сиырларының орташа тірідей салмағы 670 кг-нан 700 кг дейін, бұқаларынікі - 960 кг-нан 1250 кг дейін. Еркек бұзауларының туғандағы тірідей салмағы 44-47 кг, ұрғашыларыныкі - 38-42 кг. Голштин малының сыртқы бітімі сүтті тұқымға ұқсайды. Шоқтығының биіктігі орташа 144 см, бұқаларда - 158-160 см. Ғалымдарының дерегі бойынша голштин сиырларының желіні астау немесе қазан тәрізді, әрі желіні өте аумақты соған байланысты тәулігіне 2 рет қана саууға болады, сауу жылдамдығы 2, 37 кг/мин.

Бұл тұқымның дене бітімі мықты, түсі қара-ала, бұл тұқымның түсі қызыл ала сиырларда кездеседі. Қазіргі уақытта голштин малының қызыл-ала тұқымы да шыққан. [4]

Сүттілігі жағынан голштин тұқымы дүние жүзінде бірінші орында. АҚШ ғалымдарының дерегі бойынша 1981 жылы голштин тұқымының сақа сиырларынан орташа - 7418 кг сүт сауса, ал сүтінің майлылығы - 3, 61% болған, айршир сиырларынан - 5519 кг және 4, 89%, гернезей сиырларынан 4991 кг және 4, 59%, джерси - 4784 кг және 4, 83%, шортгорн сиырларынан 5193 кг және 3, 61%. АҚШ-тың көптеген асыл тұқымды шаруашылықтарында әр сиырдан 9000 кг-нан астам сүт саууда. Сондықтан голштин ірі қара малы әлемге кеңінен тарауда. Әсіресе біздің Одағымызға 70-жылдары көбірек әкеле бастады. 1988 жылы КСРО-да 137 шаруашылық голштин ірі қара мал тұқымын өсірумен айналысқан. 1987 жылғы санақ бойынша голштин ірі қара малының қара ала түсті сиырларының саны 1 млн. - нан асты, олардың сүт өнімі басқа сиырлар тұқымына қарағанда 230 кг-ға дейін артық. Бұл тұқым одағымызда жаңа сиыр тұқымдарын шығару үшін қолданылуда. Қазақтың қара ала сиыры мен қызыл ала сүтті типтерін шығаруда голштиннің қара ала және қызыл ала тұқымдары пайдаланылады.

Әулиеата асыл тұқымды ірі қарасы. Қазақстанның оңтүстігінде және Қырғыстанның талас өлкесінде өсіріліп шығарылған. Оны өсіріп шығаруға голландия мен қазақ ірі қаралары қатынасты. Дене тұлғасы жағынан голландия ірі қарасына ұқсайды.

Түсі қара ала, қара. Кейінгі 25-30 жылдың ішінде, асылдандыру жұмысының нәтижелі болуының арқасында іріленеді, дене тұлғасы кеңейеді. Қазіргі дене өлшемдері қара ала тұқымды қаралардан онша кем емес. Тұрқы созыңқы, бөксесі жақсы дамыған. Желіннің үлкендігі орташа, пішіні жағынан ір түрлі.

Асыл тұқымды шаруашылықтардағы орташа сүт өнімділігі сауу маусымы үш және одан да көп ірі қараларынікі 2500-3500 кг-ға дейін, ал сүттерінің майлылығы 3, 8-4, 0%. Үлкен сиырлардың орташа тірідей салмағы 550 кг-ға дейін.

Бұқаларының тірідей орташа салмағы 780-850 кг. Бордақыланған пішпелерінің, өгізшелерінің және ірі қараларының еттілігі жақсы, ет шығымы 49-55% - ға дейін. [5]

Бұл ірі қараның тұқымы жергілікті жағдайға Қазақстанның оңтүстік облыстарына жақсы бейімделген. Қан тамырларының зиянды ауруларына өте төзімді және ол ауруларға көп шалдықпайды. Сондықтан бұл тұқым Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ең негізгі сүтті ірі қара малы болып табылады. әулиеата іріқарасының асыл тұқымдарымен өсіру жұмысымен Шымкент облысының «Победа» колхозы, «Октябрь», «Пахта-арал», «Турксиб» совхоздары, ал Жамбыл облысының «Жамбыл» қанат қызылша совхозы айналысқан.

Бұл тұқымның ең жақсысы Атлас 490, Веселый 1047, Борьки 9041 жәнеАбрикос бұқаларының линиясынан тараған. Ірі қара сүтінің майлылығын арттыру жағынан Атлас 490 линиясының бұқалары үлкен әсер еткен. Олардың ұрпақтары да өте жақсы өсті.

Бұл тұқымды асылдандырудың негізі - сүттілігін, сүтінің майлылығын мықтылығын арттыру.

Эстонның қара ала ірі қарасы. Жергілікті ірі қараларды голландия, остфриз, және Шығыс Пруссия ірі қараларының бұқаларымен өндіре шағылыстыруарқылы шығарылады. Ондағы мақсат буданның сүттілігін көбейту, әрі көлемді азықты жақсы пайдалану болды. Бұл тұқымды асылдандыру ХХ ғасырдың ортасына дейін, былайша айтқанда 100 жылға таяу уақыт жұмсалады. 1951 жылы эстонияның қара ала ірі қарасы асыл тұқымды мал деп бекітіледі.

Эстонияның қара ала ірі қарасы сүтті тұқымға жатады. Ең жақсы асыл тұқым табандары эстонияның «Виизу», «Костивере», «Кохила», «Кехра», «Кехтна» және басқа совхоздарында тараған. Асыл тұқымды эстониялық мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының тәжірибе станцияларында шоғырланған. Дене пішіні сүйірлеу, бүкіл тұрқы сопақтау, ал артқы жағы аз кем жалпақ, ішті келеді. [6]

Кеуде, бел, арқа омыртқалары, түзу, ұзын әрі сымбатты. Сирақтарының жіңішкелігі орташа, түзу, буындары айқын көрініп тұрады, тұяқ бітісі мықты. Еті орташа дамыған. Желіні үлкен, әрі аумақты, терісі жұқалау жұмсақ. Эстонияның қара ала ірі қарасы басқа одақтас республикаларға әкелінген. Әсіресе, көпшілігі Белорусь КСРО - іне, Мәскеу және Ленинград облыстарына, аздап Украина мен Қазақстанның шаруашылықтарына әкелінді. Әкелген жерлерге көңілдегідей бейімделді, жерсінді. Бұл тұқымның бұқаллдарын басқа ірі қара малымен будандастыру үшін қолданады.

Үлкен ірі қараларының тірідей орташа салмағы 500-550 кг, ал жақсы табындарда 600 кг-ға дейін. Бұқаларының салмағы 900-1000 кг-ға дейін, тіпті одан да артығырақ.

Ірі қараларының сүттілігі орташа 3500-4000 кг, ал сүтінің майлылығы 3, 8-3, 9%. Жалпы, бұл тұқым сүт өнімділігімен және жеген азығын сүтпен жақсы өтей алатындығымен көзге түседі. Ет сапасы да жақсы.

Қазір бұл тұқымда бірнеше бұқаның линисы бар. Олар: Линберг Н - 2363, Мазсум - Ролланд Н - 1595, Атлет Н - 2385, Пярта Н - 2505. Бұл линиядан тараған ірі қаралардың сүттілігі және сүтінің майлылығы басқа ірі қаралардан едәуір көп. Пиймик Н - 25490 атты ірі қарадан бір маусымда 10321 сүталған, сүтінің майлылығы 3, 51% болған. Міне, осындай сүтті сиыр бұл тұқымда көп.

Эстон ірі қарасының тұқымы Қазақстанға ірі қаралар мен өндіріс орталықтарының төңірегінде мамандырылған сүтті мал шаруашылығын құру үшін әкелінген.

Англер (Ангельн) ірі қарасының тұқымы. Ангельн аймағында жергілікті ірі қараны асылдандыру арқылы шығарылған. 1879 жылы ірі қара мал шаруашылығын дамыту үшін ұйымдасқан ұйымның ангельн ірі қарасын асылдандыру және сүтейтудегі көп еңбегі зор. Соның нәтижесінде қазіргі англер ірі қарасының көрсеткіштері өте жоғары: шоқтығының биіктігі 128-130 см, дене тұрқы ұзын, ал желіні тегене тәрізді. Соңғы 60 жылдың ішінде сиырларының сүті 1600 кг-ға дейін артты, ал сүтінің майлылығы 3, 88%-дан 4, 62%-ға дейін жоғарылады. Аса сүтті сиырларының сүті 10-11 мың кг-ға, ал сүтінің майлылығы - 6, 29% - ға дейін жетті. Бұл тұқымның түсі - қызыл. Бұзауларының туғандағы тірідей салмағы 30-37 кг, сақа сиырларыныкі 500-560 кг, бұқаларыныкі - 900-1000 кг. [6]

Ангельн ірі қарасын ертеде Дания мемелекетінің шаруашылықтарына көп әкеліп, дания қызыл ірі қарасын шығаруға пайдаланған.

Өткен ғасырда бұрынғы Совет мемлекетіне де әкеліне бастаған, әсіресе Балтық теңізі бойындағы республикаларға, бұл аймақта эстонияның және латвияның қызыл ірі қарасын шығаруға әсерін тигізді. Сонымен қатар біздің еліміздегі қырдың қызылы және беларусияның қызыл тұқымды ірі қарасын шығаруда да көп үлес атқарды. Ұлы Октябрь Социалистік Революциясынан кейін де ангельн ірі қарасы бұрынғы КСРО-ның солтүстік батыс, Украина т. б. аймақтарына әкеліне бастады. Қазақстанда англер ірі қарасының бұқалары 1970-1980 жылдары әкелініп, Қостанай, Целиноград, Торғай, Қарағанды облыстарының мемелекеттік мал асылдандыру станцияларына шоғырландырылған. Бұл бұқалардың ұрығымен жергілікті қырдың қызылы, латвиялық қызыл қоңыр сиырларын қолдан ұрықтандырған. Соның нәтижесінде бірнеше мыңдаған 1\2, 3\4, 7\8 буындыұрпақтар алынған. Негізгі бұл аталған ірі қара тұқымдарымен туыстас, себебі шығу тегі бір. Англер ірі қара сиырларының Украина т. б. аймақтарындағы орташа сүттілігі 3600-3800 кг, ал сүтінің майлылығы 4, 5-4, 6%. Желіннің индексі 42-45. Қазақстан шаруашылықтарында англер ірі қарасымен асылдандырылған қырдың қызыл және латвияның қызыл қоңыр сиырларының асыл тұқымды шаруашылықтарындағы сүті орташа 3500-4000 кг, ал сүтінің майлылығы 3, 8-4, 4%-ға жетті, әрі жергілікті сиырлардың желіндері жақсарып, көбіне астау және тегене тәрізді болады, сонымен қатар мыңдағын сиырлардың сырт пішініде түзелді. Алынған буын ұрпақтарының сиырлары машинамен саууға лайықты болады. Сонымен англер ірі қарасы қазақстанның қызыл түсті ірі қараларын асылдандыруда пайдасы зор.

Данияның қызыл тұқымды ірі қарасы. Дания мемелекетінде сүт өндірісінің дамуына, сүт тағамының қажеттілігіне, әрі шет елдерге сүт тағамын сатуға байланысты сүтті ірі қараның дамуына көп әсер етті. Өткен ғасырдың бірінші жартысында жергілікті ұсақ, әрі шамалы ірі қараны ангельн және қызыл солтүстік шлезвиг, кейін шортгорн ірі қара малының бұқаларымен шағылыстыра бастаған. Бірнеше жыл қатарымен алынған ұрпақтарын ылғи сүт өнімі, сүтінің майлылығы және дене пішінінің әдемілігі бойынша сұрыптау жұмысын атқарады. Соның нәтижесінде ХIX ғасырдың аяғына таман үлкен бірнеше топ қызыл ірі қара табындары шыққан, 1878 жылы оларды сүтті қызыл ірі қарасы деп атаған.

Данияның қызыл ірі қарасын Швецияға, Норвегияға, Польшаға, Чехословакияға, АҚШ-қа әкелген, бұл аталған мемелекеттерде жергілікті ірі қараларының сиырларымен шағылыстырылған, әрі жаңа ірі қара тұқымын шығару үшін пайдаланылған. Біздің мемлекеттерімізде өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл тұқымды Балтық теңізі бойындағы республикаларда жаңа ірі қара тұқымын шығару үшін пайдаланылған. 1934 жылы бұрынғы КСРО-ға дания қызыл ірі қарасын көп әкеліп, оны Ленинград және Новгород облыстарының шаруашылықтарына шоғырландырған. Кейінгі уақыттарда данияның қызыл ірі қара малын Мәскеу, Ленинград, және т. б. Ресей облыстарының, әрі Балтық теңізі республикаларының, Беларусь, Украина, Молдавия, Қазақстан шаруашылықтарына әкелген. Әсіресе қызыл түсті ірі қара малы қандай аймақтарда өсірілсе, сонда данияның іріқарасы әкелінен.

Дания қызыл ірі қара малының түсі - қызыл, сүтті бағытқа жатады. Ал тұқым ішінде сүтті-етті типке жататындығы көп. Данияда бұл тұқымның еттілік қасиетін жақсартуға көп көңіл бөлінуде. [7]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
Сиыр етін өндірісте қолдану
Симментал тұқымды малына сипаттама
Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz