Иммундық жүйе


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы

2 Иммундық жүйенің қызметі

3 Иммундық жүйенің қасиеттері

4 Иммундық жүйе мүшелері

5 Иммундық жүйенің жасушалары

Иммунды жүйе

Иммунды жүйе - барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2, 5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

  1. Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

  1. іштен туа біткен иммунитет
  2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

- макрофагтар,

- моноциттер

- нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

- сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т. б. қосылыстар.

- комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі:

- организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

- организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

- организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

- ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады т. б қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері: жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.

организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс - иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйе мүшелері:

орталық иммундық жүйе мүшелері:

тимус (айырша без), сүйек кемігі;

перифериялық иммундық жүйе мүшелері:

көкбауыр,

лимфа түйіндері,

әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

Тимуста - Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі - бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.

Көкбауыр - қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.

Лимфа түйіндері - лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.

Иммундық жүйенің жасушалары:

- лимфоциттер,

- фагоциттер,

- базофилдер,

- бағана жасушалар,

- тромбоциттер,

- басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.

Барлық жасушаларының тегі - плюропотентті бағана жасушалары.

Мазмұны:

1. Имунитет дегеніміз не?

2. Оны зерттеген ғалымдар

3. Қорғаушы заттар, антидене

4. Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу

5. Лимфа жүйесі

Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу), Биологияда - организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т. б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді. Иммунитет - ағзаның ауру тудыратын агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін, сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды қабылдамаушылығы. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-біріне байланысты, әрі нейрогуморальды реттеу жағдайында әрекет етеді. [1]

Зерттеулер

Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л. Пастер, И. И. Мечников, т. б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П. Эрлих (1854 - 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды. Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф. Бернет (1899 - 1985) және даниялық ғалым Н. Кай Ерне (1911 жылы туылған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды. Иммунитет - өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н. И. Вавилов. Ол өсімдіктер иммунитетнің екі формасы: сортты иммунитет және түрлік иммунитет бар екенін анықтады. Өсімдіктер иммунитеті олардың морфол., физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен байланысты, олардың біреулері шешуші, ал екіншілері қосымша рөл атқарады. Иммунитет заңдылықтарына сүйене отырып, адам мен жануарлар арасында кездесетін әр түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қою, емдеу және оларға қарсы егу әдістерін енгізуде, ауруға тұрақты өсімдік сорттарын шығару бағытында Қазақстан ғалымдары айтарлықтай зерттеулер жүргізді.

Қорғаушы заттар, антидене Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар - фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т. б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әр түрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын белок, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар - антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т. б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.

Жасанды және туа пайда болған иммунитет, иммунитеттеу Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады) . Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т. б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.

Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса - белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса - енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т. б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 - 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган - орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны - иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде - вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 - 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні - бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т. б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т. б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әр түрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі - организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.

Лимфа жүйесі Лимфа (лат. lympha - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады. Лимфа - кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкрек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады. Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сүйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0, 1% глюкоза; 0, 9% минералды түздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

Иммунитеттің генетикалық негіздері.

Иммунитет туралы түсінік өте ерте заманда пайда болған. Қытай мен Үнді елдерінде жұқпалы шешек ауруымен ауырған адамдардың денесіне күлдіреген копіршіктерін алып, оны дені сау адамдарға алдын ала сол аурумен ауырмас үшін жұқтырған. Батыс және Оңтүстік Африканың жергілікті халқы малдың өкпе қабынуына қарсы егуді бірнеше ғасырдан бері нәтижелі қолданып келеді. Олар өкпесі қабынып өлген малдың өкпесіне пышақ сұғып, сол пышақпен сау малдардың тұмсығын тілгілейді екен. Дегенмен ең алғашқы иммунологиялық тәжірибені жасаған ағылшын дәргері Э. Дженнер. Ол 1796 жылы сиыр шешегімен ауырып тұрған адамның қайтадан шешекпен ауырмайтындығын байқаған. Ол сиыр шешегімен ауырған сауыншылардың қолдарындағы күлдіреген көпіршіктердің суын басқа адамдарға екті. Сол сұйықты ол вакцина деп атады.

Иммунологиялық ғылым болып қалыптасуы кейбір жұқпалы ауруларды қоздыратын микробтың ашылуымен тікелей байланысты. Егер бұдан ертеректе иммунитетті организімнің ауруға қарсы тұратын қасиеті деп түсінсе, бүгін ол ұғым әлдеқайда кеңейтілді.

Иммунитет-организімнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р. В. Петровтың (1983) айтуы бойынша иммунитет-организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін-өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша өзінікін және басқаны тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі-организмнің ішкі тұрақтылығын (гомеостазды) бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т. б. ) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді.

Иммундық жүйе және оның қызметі, гуморальдық және клеткалық жүйе.

Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Иммундық жүйенің құрамына төс астсндағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер жатады. Бұл органдар денеге таралып сөл тамырлары арқылы организмнің барлықмүшелерін қамтып жатады. Жоғарыда қан сарысуының иммундық қаблеті туралы әңгімеледік. Сол сарысу қанмен қосылып жатқан лимфа болып табылады. Иммундықоргандардан ағып шыққан лимфа иықтығы бұғана сүйегінің тұсында қанмен қосылып, онымен бірге денені айналып келіп, лимфалық түйіндерде қайтадан қаннан бөлініп, иммундық органдарға келеді. Олар қанның сарысуында болғандықтан ғалымдар иммунитеттің гуморальдық теориясын жасады.

Лимфа негізінен лимфоцит деп аталатын клеткалардан тұрады. Иммундық жүйенің құдіретін көрсететін дәл осы клеткалар. Лимфоциттер жасалатын клеткалар алғаш іште жатқан баланың бауырынды пайда болады. Одан соң сүйектің майына түсіп, сол жерде пісіп жетіледі де, одан майда лимфоциттер жасалады. Жіліктен шыққан лимфоциттердің бір бөлігі тимусқа жетіп, ол жерде ерекше қасиетке ие болады. Одан шыққан лимфоцитті Т-лимфоцит деп атайды. Иммундық жүйеде Т-лимфоцит әрі қарай бөлініп, мынадай клеткалар тобын береді:

1. антигенді жұтып, ыдыратып жіберетін макрофаг;

2. антигендік клетканы өлтіретін клеткалар- Т-киллер(ағылш. «килл»-өлтіру деген сөз) .

3. антидене жасайтын лимфоциттермен хабарласып Тұратын клеткалар-Т-хелпер(«хелп»-көмектесу) .

4. антидененің жасалуын тоқтататын-Т-супрессор клеткалар.

Осы айтылғандар иммунитеттің ең белсенді клеткалары болып табылады. Бұлар ешқашанда антидене жасамайды.

Т-және Б-лимфоциттердің шығу тегі.

Тимус - төс сүйегінің астындағы айырша без. Бұл без организмнің жасы ұлғайған сайын біртіндеп кішірейе береді. Жатырда жатқан баланың салмағының 2 проценті тимус болса, жаңа туған баладағы оның үлесі- 0, 5 процент, ал қырыққа келген адамда небәрі - 0, 01 процентке дейін төмендеп, қарт адамдарда ол мүлдем жойылып кетеді. Адам қартайғанда аурушыл болатыны да осы бездің жоғалуынан. Көптеген зерттеулер тимусы хирургиялық жолмен алып тасталған жас малдың нашар болып өсетінін көрсетіп отыр. Ондай малдарда лимфоциттердің мөлшері күрт азайып, иммунитеттің ешбір белгісі байқалмайды, жұқпалы аурумен тез ауырады. Егер малдарға тимус безін қайта салса, ауруға қарсылығы күшейетіні анықталды. Осы нәтижелер тимустың иммундық жүйеде ең басты роль атқаратынын дәлелдейді.

Сонымен тимустан иммунитетте ерекше қызмет атқаратын төрт түрлі клеткалар тобын - макрофаг, өлтіргіш, көмекші және тежегіш-клеткалар беретін Т-лимфоциттер, дайындалып шығатынын білдік. Т- лимфоциттер соншалықты мықты болғанымен иммундық жүйе Б- лимфоциттер деп аталатын клеткаларсыз организмді бөтен заттардан қорғауы мүмкін емес. Антиденелерді осы Б- лимфоциттер жасап шығарады. Яғни денеге енген антигенді «сиқырлы оқ» - антиденелермен «атқылайтын» осы клеткалар. Бұл клеткалардың Б- лимфоциттер деп аталу себебі мынаған байланысты. 1956 жылы Глик антидене жасайтын клеткаларды алғаш рет құстың «бурса» деп аталатын безінен тапты. Сондықтан «бурса» деген сөздің бірінші әріпн қосып, антидене жасайтын иммундық клеткаларды Б- лимфоциттер деп атайды.

Адам және жануар организмінде бурса безі жоқ. Ал құста сүйек майынан шыққан лимфоциттердің бір бөлігі бурсада, антидене жасайтын клеткаларға айналады. Ал адам мен жануарларда сүйек майынан шыққан лимфоциттердің бір бөлігі Т - лимфоцитке айналу үшін тимусқа барса, екінші бөлігі Б - лимфоциттерге бірден айналып отырады екен. Сонымен қорыта айтқанда иммундық жүйе организмді Т- және Б- лимфоциттердің арқасында ғана антигеннен қорғай алады. Қалыпты жағдайда иммундық жүйедегі Т- және Б- лимфоциттер бір-бірімен араласпай, лимфалық түйіндердің әр бөлігінде орналасқан. Олар иммундық органдардан шығып қан тамырларына енгенде ғана араласады.

Иммундық жүйенің әрекеті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунды жүйе туралы
Иммундық жүйеге байланысты патологиялар
Адамның иммундық жүйесі
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Макроорганизм
Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Иммунология
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz