Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Алматы қаласының физика.географиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Алматы қаласының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар ... ... ... 8
1.4 Қаланы ластаушы көздердің сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.2 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.3 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН КӨРКЕЙТУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі. Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.
Соңғы жылдары Алматы қаласының экологиясы автокөлік және өндіріс тастандыларынан, өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы, қаланың географиялық қолайсыз орын тепкені көптеген мәселелерге алып келіп отыр. Алматы қаласының экологиялық мәселелерін шешу мақсатында қаланың экологиялық ластаушы көзерін анықтап, мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмымыстың мақсаты мен міндеттері: Алматы қаласын экологиялық және географиялық мәселелерді шешу, ластаушы көзерді анықтау, қаланы көркейту шараларын ұйымдастыру
Осыған байланысты келесі міндеттерді шешу көзделген:.
-Алматы қаласының физика-географиялық ерекшеліктері, қаланың орналасыу аймағы;
-Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын қарастыру;
- Алматы атмосферасының ластаушы көздерін анықтау;
-Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы;
-Топырақ грунттарының ластану деңгейін анықтау;
- Су бассейндерінің ластану деңгейін анықтау;
Зерттеу нысаны болып Алматы қаласының экологиялық және географиялық мәселелрі болып табылады.
Дисертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дисертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
- Алматы қаласының эколгиялық және географиялық мәселелерін шешу жолдарын көрсету;
- Алматы қаласының қалыптасуында, агломерациясының дамуында экологиялық ластауыштарды анықтау;
- Қаланы көрекйту шараларын ұйымдастыру;
Күтілетін нәтижелер: Автокөліктердің шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Себебі мына шараларды да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Сондай-ақ, жылу жүйелеріндегі мазут, көмір пайдалануды толықтай газбен алмастыру керек. Сонан соң қала ішіндегі құрылыс заттарын сататын базарларды, бірінші кезекте, сыртқа көшірген жөн. Өйткені, ауаның ластануына құрылыс заттарының да қосып отырған үлесі аз емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Коробкин В.А., Лященко Л.В., Лищенко Г.Х., Стуканов В.А. Токсикологические свойства сточных вод. Алматы
2. Белозеров Е.С. Современные проблемы оценки движущих факторов здоровья. Население-гигиена окружающей среды 1998. 3-4 бет.
3. Кенесариев У.С., Мусин Е.М., Амрин М.К. Гигиеническая оценка техногенных биохимических провинций Республики Казахстан и их клинико-эпидемиологической классификации // Сб. Актуальные вопросы гигиены и профпатологии в Казахстане. Алматы. 1994, 129-133 бет.
4. Құлқыбаев Г.А. Медицинские аспекты экологии / Караганда, 1995. 25-29 бет.
5. Острикова В.М., Байжанова М.К. Газопоглатительная, пылеулавливающая способность деревьев и кустарников в условиях г. Алматы / Сб. Региональное использование и охрана природных ресурсов Северного и Центрального Казахстана. Алматы. Изд. ГВС, 1999, 143-144 бет.
6. Фурсов В.И. Содержание свинца в окружающей среде и в организме жителей г. Алматы и ее пригородов. Информационное письмо 1995 жыл
7. Молдақұлова М.М. Экологические проблемы крупных городов // Здр. Казахстана № 5 1996, 24-27 бет
8. Ренкевич В.Э. Экологические проблемы столицы // Здравоохранение Казахстана, № 4, 1995, 19-21 бет
9. Шардабаев М.С. Экологическое районирование крупного промышленного города // Методические рекомендации, Қарағанды қ. 1994 жыл
10. Щербак В.Г. Роль растительных индикаторов в выявлении загрязнений окружающей среды / Тезисы докладов конференции/ Окружающая среда здоровье человека. Барнаул, 1991, 63 бет
11. Омарова М.Н., Байназарова С.Ж. Алматы қаласын техногенді әсеріне байланысты аймақтарға бөлу, Алматы, 1998, 66-69 бет
12. Омарова М.Н. Алматы қаласындағы өсімдіктерді ауаны ластауынан қорғауға пайдалану. Проблемы окружающей среды в республике Казахстан, Алматы, 1998, 70-72 бет
13. Жаркинов Е.Ж. Состояние экологической ситуации в Алматинской области и актуальные задачи научных исследований в этом регионе. Проблемы окружающей среды в Республике Казахстан, Алматы, 1998, 125-128 бет
14. Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе Алматы қаласы, Қазақ университеті, 2004 жыл, 36-52 бет
15. Скаков А.А., Елеуова К.Т. Оценка окружающей среды Алматинской области. – Алматы: Ғылым, 2002. –136 б.
16. Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий. РНД 211.2.01.01. –97. – 49 б.

ҚАЗАҚСТАН РИСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Мамандық: 6М0600900-География
Магистрант
М.О. Рахмедова
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Алматы қаласының физика-географиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .
5
1.2 Алматы қаласының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.3 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар ... ... ...
8
1.4 Қаланы ластаушы көздердің сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
12
ІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
16
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
2.2 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
2.3 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
21
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
ІІІ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН КӨРКЕЙТУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі. Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.
Соңғы жылдары Алматы қаласының экологиясы автокөлік және өндіріс тастандыларынан, өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы, қаланың географиялық қолайсыз орын тепкені көптеген мәселелерге алып келіп отыр. Алматы қаласының экологиялық мәселелерін шешу мақсатында қаланың экологиялық ластаушы көзерін анықтап, мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмымыстың мақсаты мен міндеттері: Алматы қаласын экологиялық және географиялық мәселелерді шешу, ластаушы көзерді анықтау, қаланы көркейту шараларын ұйымдастыру
Осыған байланысты келесі міндеттерді шешу көзделген:.
-Алматы қаласының физика-географиялық ерекшеліктері, қаланың орналасыу аймағы;
-Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайын қарастыру;
- Алматы атмосферасының ластаушы көздерін анықтау;
-Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы;
-Топырақ грунттарының ластану деңгейін анықтау;
- Су бассейндерінің ластану деңгейін анықтау;
Зерттеу нысаны болып Алматы қаласының экологиялық және географиялық мәселелрі болып табылады.
Дисертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дисертациялық зерттеу барысында ғылыми жаңалық ретінде мынадай нәтижелер алынды:
oo Алматы қаласының эколгиялық және географиялық мәселелерін шешу жолдарын көрсету;
oo Алматы қаласының қалыптасуында, агломерациясының дамуында экологиялық ластауыштарды анықтау;
oo Қаланы көрекйту шараларын ұйымдастыру;
Күтілетін нәтижелер: Автокөліктердің шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Себебі мына шараларды да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет. Сондай-ақ, жылу жүйелеріндегі мазут, көмір пайдалануды толықтай газбен алмастыру керек. Сонан соң қала ішіндегі құрылыс заттарын сататын базарларды, бірінші кезекте, сыртқа көшірген жөн. Өйткені, ауаның ластануына құрылыс заттарының да қосып отырған үлесі аз емес.
І. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
0.1 Алматы қаласының физика-географиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы - Алматы қаласы өзінің территориясының экологиялық ерекшеліктерін қалыптастыратын физикалық-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамалары бойынша таңғажайып болып табылады.
Қала Іле Алатауының баурайында, тау жотасының етегі зонасында орналасқан. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан тау жотасы белдеулейді. Жергілікті жер жалпы еңіспен солтүстік-батысқа қарай шамамен 2°-қа төмендейді. Одан басқа, қаланың орталық бөлігінің экологиялық жағдайының нашарлау себептерінің бірі - екі еңісті жазықтардың қосылған жерінде орналасуы.
Алматы, біздің планетамызда орналасуы ерекше "биік", аздаған қалалар қатарына кіреді. Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі теңіз деңгейінен 670 метр биіктікте, ал ең төменгісі 970 метр биіктікте орналасқан. Қаланың мұндай тік орналасуы оның табиғи-климаттық жағдайларының алуан түрлілігін қалыптастырды. Алматыда суық оңтүстіктің және ыстық оңтүстіктің табиғи зоналары қиылысады. Сібір қайыңымен Тянь-Шань шыршасы жүзім, өрік ағаштарымен көршілес өседі.
Қала климаты континентті. Алматы қаласының ерекшелігі болып табылатын, оның толық желсіздігі. Қаланың жел режимі қаланың ауа алабының күйіне едәуір әсер ететін өзіндік ерекшеліктері бар. Желдің барлық бағыттарында қала "аэродинамикалық көлеңкеде" қалады. Сондықтан абсолюттік желсіздік кезеңдері жиі болып тұрады, жазда штилдердің қайталануы 45% , қыста 77% . Бұл қала қалдықтарының барлығының жерге жақын қабатта қалып, тұмшаның түзілуіне әрекет етеді.
Жерге жақын желге ауаның таулы-аңғарлы желі ластанған қала ауасын тау жаққа әкетіп, соның салдарынан таулар тез арада түтінделіп қалады. Түнде қала жаққа таза таудың ауасы соғады. Сондықтан С.И. Төребаеваның (1985) пікірінше, тау беткейлерінде орналасқан қаланың оңтүстік бөлігі қаланың орталық және солтүстік бөліктерімен салыстырғанда ыңғайлы жерде орналасқан. Таулы-аңғарлы циркуляция қаланың желденуінің жалғыз механизмі болып табылады. Алайда Б.Н. Ахметов (1990) жасаған математикалық модельдеу мәліметтеріне сәйкес, қаланың жылу аралының болуына байланысты бір циркуляциялық ұяшық екіге бөлініп, тау ауасының ағыны қалаға тіке өтпейтіндігінің салдарынан қаланың желденуі нашарлайды. Соңғы жылдары қаланың архитекторлық-жоспарлау құрылымы жел режимін өзгерткен - қаланың негізгі ауа жүйесін қамтамассыз ететін салқын тау ауасының ағынына бөгет болып тұр. Оңтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай басым желдердің ығысуы жүрді, яғни 45 %-ға жел жылдамдығы 3 мс-ке өзгерді (бұрыңғысы 5 мс). Бұл өзгерістер ауа алмасу процестеріне және ауа алабының табиғи тазалануына әсер етеді. Қаланың оңтүстік бөлігінде желдердің әлсізденуімен байланысты түнде тау желі мүлдем соқпайды. Ауаның күндізгі аңғарлы циркуляциясынының дамуы қала территориясының оңтүстік бөлігінде ауаның ластануына әрекет етеді.
Өзіміз көріп отырғандай, соңғы жылдары жел режимінің өзгеруі қала шегіндегі ауа алабының сапасында бейнеленеді.
Бұл аспектіде тау бөктерінде орналасқан аудандарға ерекше қауіп туады. Қаланың орналасуы тау беткейінің жазықтыққа қарай өту зонасында жатыр, мұндай орналасудың нәтижесінде қала территориясында тектоникалық бұзылулар, жер бетінің жарықтары кездеседі. Қаланың қазіргі тектоникалық өмірінде анықтаушы жарықтар Іле Алатауы және Күнгей Алатауы жоталарының көтерілуін бақылайтын Іле Алатау жарығы және тауалды жарығы болып табылады.
Қоршаған ортаның денсаулыққа зиян және қауіпті химиялық заттармен ластануы экологиялық фактор мәніне ие болады. Қаланың экологиялық статусы қауіп тудырады және қоршаған ортаның ластануын ғана емес деградациясын куәландырады. [1]
0.2 Алматы қаласының экологиялық жағдайы
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Қазіргі танда Алматы еліміздің экономика, қаржы, мәдени және білім беру орталығы екені бәрімізге мәлім. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі.
Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.
Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес Алматыда автокөлітің саны 521 мыңнан астам бірлікті құраса, халықтың автомобильдерге ие болу деңгейі әрбір 1000 адамға 350-ден астам жеңіл көлікке жетті.
Сонымен қатар, соңғы жылдары экологиялық жағдай жақсаруға бет алғанын айта кету керек. Мысалы, Қазгидрометтің Гидрометеорологиялық мониторинг орталығының ақпаратына сәйкес Алматыда атмосфералық ауаның ластану деңгейі 2008 жылы 13,3 құраса, ағымдағы 2013 жылы бұл көрсеткіш 11,3 құрады.
Экологиялық проблемалардың қоғам үшін жоғарғы маңыздылығын ескере отырып, М.Әсер қоғамдық қоры қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарға қысқа талдау жүргізді.
Талдау барысында Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту үшін кешенді жұмыс атқарып жатқаны белгілі болды. Осы бағытта атқарылған оң шаралар тізімінде ТЭЦ-1-ді толықтай сығымдалған газға көшіру, кәсіпорындар мен жекеменшік секторларға газ тарту жұмыстарын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жеке үйлерді газбен қамтамасыз ету мақсатында 63,6 км газ құбыры салынған екен.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясына реконструкция жұмыстары жасалып, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда.
Қалада көлікті газға көшіру барысында да оң істер атқарылуда, мұнда республика бойынша тұңғыш рет муниципалды автобус паркі пайда болды. Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының мәліметіне сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсанында екінші коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталады және 2014 жылы үшіншісінің құрылысы басталады. Бұл үшін қала әкімдігімен Еуропалық даму және қайта құру банкінің кредиттік қаржысы есебінен 200 автобус және жергілікті бюджет есебінен 400 автобус пен 200 такси сатып алынады. Бұл парк газбен жұмыс істейтін болады. Ал 200 автобус пен 200 такси жеке тасымалдаушыларға қызмет көрсетуге беріледі екен.
Ағымдағы жылы тролейбус паркінің тозуына байланысты Алматы әкімдігімен оның жылжымалы құрамын жаңарту бойынша шешім қабылданып, Еуропалық даму және қайта құру банкі ұсынған кредиттік қаржы есебінен 195 жаңа тролейбус сатып алынған болатын.
Қазіргі уақытта жеңіл рельсті көлік желісі құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Аталған жобаның құрылысын қаржыландыру үшін қала әкімдігі мен Еуропалық даму және қайта құру банкі арасындағы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ қалалық автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы аясында қала шекарасында үш бекет пен 2 автостансаның құрылысын салу қарастырылған. Олардың әрқайсысында кемінде 5 мың көлікке арналған автотұрақ салынады. [2]
Бұл кешенді шаралар тысқары жерден келетін көліктер легін төмендетіп, қаланың орталық бөлігінде жеке көлікті пайдалануды қысқартып, Алматының экологиялық ахуалын жақсарта түсетіндігі сөзсіз.
0.3 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар
Алматы өзінің гидрогеологиялық жағдайы жөнінен Іле артезиан алабына, Іле Алатауының солтүстік бөктерлік терең ойпаңы аймағына жатады. Қалыңдығы 3200 метрден астам палеоген-неоген, антропоген шөгінділерінде түзілу тегі мен құрамы әртүрлі жер асты суы жиналған.
Палеоген мен төменгі неогеннің құм қабаттарында тұзды (37-54 гл), хлоридті натрийлі, ыстық (70-80), арыны күшті (250-300 атмосфералық қысымдағы) жер асты суы бар. Суының құрамы (гкг): йод - 0,007; бром - 0,060; бор - 0,006-0,018; кремний қышқылы - 0,017; фтор - 0,007.
Жоғары неоген жыныстары қабатының 1750 метр тереңдігінен ыстық (забойында 81 С°), сәл тұздылау су шығады. Құрамы (гкг): йод - 0,001 - 0,002, бор - 0,020, бром - 0,012 - 0,017, кремний қышқылы - 0,036, фтор - 0,003; газдары ( % ): азот пен сирек газдар - 85%, оттек - 13%, метан - 2%. Судың емдік қасиеті анықталды. Мұнда қол аяқ, жүйке, ішек-қарын ауруларын емдейтін санаторий салынуда.
Антропогеннің дөңбектасты-малтатасты, құмды-саздақты шөгінділерде (қалыңдығы 500 метрден астам) жер асты суының ағыны бар. Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы өзендерінің ысырынды конустарында бұл су арынсыз келеді, ал таудан 16-20 км қашықтықтағы сазды қабаттарда арынды судың бірнеше горизонттары қалыптасқан, суы тұщы (0,2-0,3 гл), гидрокорбонатты, кальцийлі және салқын. Бұл горизонттарда 50-60 % өзен суы, 20-25% ирригациялық су, 10 % атмосфера суының үлесі бар. Антропоген жыныстарының сулары қаланы сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануда.
Тауда жарықшақтық және өте тұщы (0,1-0,3 гл), гидрокорбонатты, кальцийлі-магнийлі су көздері өте көп. Неогеннің тұзды шөгінділерінің жапсарларындағы су сәл ащы (1-3 гл), сульфатты-натрийлі болады. Тектоникалық жарылыстар мен минералды жылы су аймақтары өзара байланысты. Бұл сулардың шипалық қасиеті бар. Алма-арасан санаторийі осындай судың негізінде жұмыс істейді.
Қала және оның төңірегіндегі өзендер Іле алабына жатады. Негізінен бұлар ағыны қатты, арналы енсіз (10-15 м) және терең шатқалды (800-1000 м) келеді. Бастауларының орналасу және су жинау сипатына қарай бұлар екі топқа бөлінеді: бастаулары қар жиегінен төменде жатқан бөктерлік өзендер мен мұздықтардан шығатын биік таулық өзендер. Негізінен атмосфералық жауын-шашын суымен толысатын болғандықтан су көздерінің ең жоғары деңгейлері көктемгі қар еруге шілде айларындағы таудағы қар мен мұздықтардың еруіне байланысты байқалады. Өзен суы шілденің басында, яғни ауа температурасының шұғыл жоғарылауына байланысты мұздықтардың көп еритін уақытында молыға түседі. Осы кезде сел тасқындары жиі болады. Таңертеңгілікте су деңгейлерінің тәуліктік ауытқуы аз, ал кешкілікте мұздықтардың күндіз еруінен су деңгейі 15-20 см-ге дейін көтеріледі.
Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және бұлардың салалары - Есентай, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады сурет 1. Бұлар 3000 метрден жоғары беткейлерден басталады, негізінен мұздық суымен толысады, деңгейінің төмендеуіне немесе көтерілуіне жауын - шашын мен жер асты суы әсер етеді. [3]
Үлкен Алматы өзені Іле Алатауының 3500 м биіктіктегі беткейлік мұздықтан басталады. Негізінен мұздық суымен толысады. Орта биіктік аймағында мұның бір тармағының жоғары антропоген мұздық моренасымен көмкерілуіне Үлкен Алматы көлі пайда болған. Оның төменгі жолында өзен суы құбырымен СЭС-тің тізбегіне беріледі. Одан сәл төменіректе өзен аңғарында Үлкен Алматы су бөгені салынған. Өзен қаланың батыс бөлігімен ағып, қаладан 52 км қашықтықта Қаскелең өзеніне құяды. Жылдың орташа су шығыны 4 мс. Қаланы электр энергиясы және сумен қамтамасыз етуде маңызы зор.
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу су бөгені бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және бұтақты салалары құяды. Қаладан үш тармақ - Кіші Алматы, Есентай, Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп жағасы бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.
Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық аймақта орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер боп екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Тұйықсу мұздығының етегінде Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді., кейде мүлде тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор.
Іле бойындағы Қапшағай тағы басқа бөгендер қала халқының демалыс орындарына айналып отыр.
Қалаға тікелей әсер ететін Іле Алатауы жотасының солтүстік баурайында жалпы аумағы 308,3 км2 болатын 307 мұздық бар, Солтүстік баурайдың мұздық аумағы батыста Ұзынқарғалы өзенінің бас жағынан шығыста Түрген өзенінің бас жағына дейін созылып жатыр. Қарлы белдеу 3800-3900 м биіктікте өтеді. Ірі мұздықтар жотаның орта бөлігіндегі шыңдарда 4700-4900 м биіктікте орналасқан. Тұйықсу мұздығы Кіші Алматы мұздықтар тобының ішінде ең ірісі болып саналады. Оның ұзындығы 5 км-ге жуық, аумағы 4 км2. Тұйықсу инесі мұздығының ұзындығы 4 км, аумағы 2,5 км2, Молодежный мұздығы - 2,5 км мұз қабатының қалыңдығы төменгі жағында 15 м жуық, ортасында - 60-70 м, ал жоғарғы жағында - 100 м. Мұздықтардың төменгі бөліктері күшті (200-230 м) моренамен қапталған. Морена гляциалдық талқандаушы селдерді қалыптастыру көзі болып табылады. Соңғы онжылдықта 1951, 1956, 1973 және 1999 жылдары ірі селдер болды. [4]
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы - желсіз, тымық ауа-райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы 9 С°, ең жоғары температурасы 42 С°, ең төменгі минус 38 С° (кесте 1).
Кесте 1. Ауаның көпжылдық орташа экстремалдық және жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері, салыстырмалы ылғалдығы
Айлар
І
ІІ
ІІІ
ІV
V
VІ
VІІ
VІІІ
ІX
X
XІ
XІІ
Жыл
Орташа темпера-
турасы (С°)
7
-6
2
10
16
21
23
22
17
10
0.1
-5
9
Абс. максимумы
17
18
26
33
37
39
42
40
36
31
25
18
42
Абс. минимумы
36
-38
-27
-10
-7
-2
-7
-6
-2
-15
-34
-32
-38
Жауын-шашын (мм)
28
29
62
92
93
57
36
24
26
49
47
32
575
Салыстырмалы ылғалдылық
68
67
65
50
48
42
35
33
34
45
65
68
52
Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 ақпан аралығында байқалды, ерте түсетін кезі 28-ші қыркүйек, кешіккенде 30-шы мамырға дейін созылады. Ауаның 0°С-ден жылы кезі жылына орташа есеппен 240 тәулікке дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 176 тәулік, 10 наурыздан 8 қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 0°С-ден төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей, шамамен 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Ауа температурасы 30°С-ден жоғары ыстық күндердің саны орта есеппен 36 күндей.
Қуаңшылығы басым кез - тамыз айы, бұл айда қалаға орта есеппен 4 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғал мол түсетін кезең - көктем мезгілі мамыр айы - 93 мм. Жылдық жауын-шашындық кезең ақпан мен мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан - қараша айларында байқалады.
Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 қазаннан, толық еру мезгілі ақпанға дейін созылады. Тұманды күндер қала және оның маңында орта есеппен жылына 50-70 күндей болады. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау жылына орташа есеппен 23-45 күндей болады. Аспанды көбіне орта және жоғарғы ярусты бұлт басады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%. Күннің ашық болуы жыл бойына 70%-ға жуықтайды. Сібір антициклоны: қалыптасуына байланысты қала үстінде атмосфералық қысым артады. Ең жоғарғы қысым гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясы деңгейінде 1930 жылы байқалды. Ол 951 гПа (гектопаскаль) тең болды. Радиация толқынының ұлғаюына және ауаның жылынуынан атмосфералық қысым кемиді. Алматы гидрометеорологиялық станциясы деңгейіндегі ең төменгі қысым - 897,5 гПа 1964 жылы байқалды. Қысым ауытқуының жылдық орташа көрсеткіші - 13,6 гПа-ға тең. Жыл ішіндегі қысым максимумы - 926,3 гПа қарашада, минимумы 912,7 гПа шілдеде болады. Қысымның өзгеруі жыл бойы бір қалыпты болмайды, күн сайынғы өзгеру шамасы - 2-4 гПа тең. Циклон әрекетінің күшті кезінде өзгеріс шамасы шілдеде 10,5 гПа желтоқсанда 37,7 гПа-ға жетуі мүмкін. Қаланың бір-бірінен 30 шақырым қашықтықтағы оңтүстік пен солтүстік шекарасы аралығындағы қысымның жылдық орташа ауытқуы 110,5 гПа шамасында. [3]
Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%) жазда мұның тұрақтылығы артады (37%), қыста кемиді (19%). Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде ( Боралдай және әуежай маңында) жел көбіне солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы 1мс, немесе бұдан да күшті жел жыл бойы 15 тәуліктей соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да жылы аралда ауа қыста -0,8 - (-3,8) °С, жазда -2,2 - (-2,6) °С жылы. Қаланың солтүстік жағына қарағанда орталық бөлігінде аяз жеті тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады. Сондықтан да қаланың солтүстік жағына қарағанда орталық бөлігінде аязсыз уақыт он күн ұзақ болады.
Алматы қаласының климаттық ерекшелігінің қалыптасуына қала аумағының ұлғаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және асфальт төсеніші ауданының артуы, өнеркәсіптік және көліктік қалдықтар айнала қоршаған ортаға көптеп шығарылуы тағыда басқа жағдайлар ықпалын тигізуде. Алматы қаласының орналасқан территориясының табиғи жағдайын, оның ішінде жер бедері мен климаттық көрсеткіштерін бағалай келіп айтарымыз:
1) Қаланың оңтүстігі түгелдей биік таулармен қоршалғандықтан оның қала аумағының табиғи климаттық және экологиялық жағдайларына әсері орасан зор.
а) Бұл аса биік таулар солтүстіктен де оңтүстіктен де келген ауа ағыстарын ешқайда жібермей ұстайтын экран. Негізгі ылғал әкелетін ауа ағыстары солтүстіктен болғандықтан оның басым бөлігі осы тау етектері мен таулардың әртүрлі биіктіктерінде түсіп, таудан ары өтпейді десе болады 15.
ә) Тек ылғал ғана емес, сонымен қатар (ауа) жел ағысы де тау етектерінде бәсеңдеп, тоқтайды. Сондықтан да қала территориясында, кейбір жергілікті сирек уақытша тұратын қиын желдер болмаса, жалпы желсіз. Міне, сондықтан да қала территориясында ауа ағысының жылжуы жоқтың қасы. Бұл қаланың экологиялық жағдайын нашарлататын негізгі себеп. Бұл жайында анықталған көрсеткіштер жұмыстың келесі бөлімдерінде келтірілген. Міне осылардың нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайын одан әрі қарай шиеленістірмеу үшін қала халқының одан ары қарай өсуі қажет емес. Эколог-ғалым М. Шымболатовтың есебі бойынша Алматы қаласының экологиясын нашарлатпау үшін халық саны 600-700 мыңнан аспауы қажет. Ал қаланың тек өзінде тұратын халықтың саны 1 млн-нан астам. Астананың Ақмолаға көшуінің бір себебі осы болса керек. [4]
0.4 Қаланы ластаушы көздердің сипаты
Алматы қаласы статистика Басқармасының 2006 жылдың 1 қаңтардағы деректері бойынша Алматы қаласы көлік парктерінде 186,9 мың көлік болды. Олар атмосфераға бір жыл ішінде 200 мың тонна зиянды зат шығарады. Әрбір жүргізуші бір күнде орташа алғанда 5 литр жанармай жұмсайды. Бұл көлемнің үштен бірін дизель жанармайы құраған күннің өзінде де, Алматыда күнделікті 1,5 миллион литр бензин жағылады.
Қазір қалада автокөлік саны 500 мыңға жетті (2006). Бұл 14-15 облыстағы көлік санына тең. Оның көбі ескі. Оның ішінде қауіптісі - формальдегид, фенол, азот диоксиді, полициклидтік көмірсутегі. Сонымен қатар олардан шығатын улы газдар мен олардың фотохимиялық айналуларының нәтижесінде түзілген зиянды өнімдер - фотооксиданттар (озон, Na2O), альдегид иемденеді [5]. Бұған қоса өндірістерден шығатын түтіннің де зияны айтарлықтай. Төменде келтірілетін диаграммалардан соның біржақты көрінісін байқауға болады. (сурет 1,2)
Алматы қаласының өндірістік қалдықтарының пайда болу және көмілу көлемінің диаграммасы
Сурет 1
Алматы қаласындағы өндірістік улы қалдықтардың пайда болу және көмілу көлемінің көрсеткіштері
Сурет 2
Халықтың денсаулығына және қоршаған табиғатқа теріс әсерін тигізіп отырған атмосфералық ауаның ластануы Алматы қаласындағы көкейкесті экологиялық мәселе болып отыр. Қаланың бір тұрғынына орташа алғанда жылына 152 кг жуық зиянды зат келеді екен, соның ішінде: 117,6 кг оксид көміртегі, 13,9 кг - көмірқышқылы, 12,1 - азот оксидтері, 4,7 - күкірт диоксиді.
Тұрақты көздерден зиянды заттар шығарудың біршама қысқарғанына қарамастан, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып қалып отыр, қала Қазақстан қалаларының ішінде ең лас қала қатарында тұр. Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) бойынша қала Өскемен, Шымкент, Ақтөбе және Лениногорск қалаларынан кейін 5-ші орында тұр. Бұл көрсеткіш 2000 жылы 9,9 құрады. Қаладағы ауаның ластануы нормадан 2,5-2,7 есе асып түсіп отыр.
Казгидрометтің көптеген жылдар бойы бақылау бойынша ауаны ластаушы негізгі заттар:
oo шаң (ұшып жүрген бөлшектер);
oo күкірт диоксиді;
oo көміртек оксиді;
oo азот оксиді мен диоксиді;
oo формальдегид.
Алматы қаласындағы ауа бассейінінің ластану мәселесінің көкейкестілігі - ластау заттарын шығаратын бірнеше бастаудың болуын, Іле Алатауы етегіндегі аймақ жағдайында атмосфераның өздігінен тазалану ресурсының әлсіздігін анықтайды.
Қаладағы атмосфералық ауаның ластануының негізгі көзі - транспорт, қала өнеркәсібі және энергоқуат көздері болып табылады. Соңғы жылдары экономиканың қайта құрылуына байланысты қаланың шаруашылық құрылымында біршама өзгерістер болды: көптеген ескі, соның ішінде ірі кәсіпорындар тоқтатылды, бір бөлігі бағытын өзгертті. Сервистік және коммерциялық қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар қызметтерін қайта ұйымдастырды [6].
Алматы қаласындағы аудандар атмосферасының өзін-өзі тазарту ресурсының әлсіздігі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) жиі қайталануларымен түсіндіріледі. Бүкіл ТМД территориясынан Алматыдағы секілді желі өте әлсіз ауданды табу өте қиын.
Қазгидромет РМК-ның көп жылдық бақылауы көрсетіп отырғандай, әлсіз желдің (1мс) қайталану жиілігі жазда 71%, қыста 79%-бен бағаланады. Қаладағы жел жылдамдығының орташа жылдық белгісі 1,7 мс аспайды, ал 2,2 мс-ке дейін көтерілуі жылдың жылы жарты жылдығында, қарама-қарсы процестердің жиілеп және таулы-жазықты айналымның дамуы есебінен байқалады. Қыс мезгілінде атмосфера ұзақ уақыт бойы қимылсыз болады, желдің орташа жылдамдығы 1 мс шеңберінде қалып қояды.
Алматы өнеркәсіптік ауданы шегінде табиғаттың келеңсіз өзгерістерге ұшырауы салдарынан, қоршаған ортаның жағдайы стандартқа сай келмейді. Таулы және тау маңындағы аймақтарда орналасқан санаторий, курорттарында, бұрынғы пионерлагерінде, ресторандарда т.б. сол сияқты жерлерде ластанған су қалдықтарын тазартқыш желілер жоқ, сондай-ақ бағбандар шаруашылықтары өздерінің егін немесе бау бақша отырғызған массивтерінде пестицидтерді, гербицидтерді, тағы да басқа минералды тыңайтқыштарды қолданып жатыр.
Осы жоғарыда аталған объектілер су қорғау аймағында жатыр, сондықтан да бұл талаптарды бұзу өте қауіпті екенін ескеру қажет.
Тікелей су шығару конусында жер асты суын пайдалану аймақтың бастапқы кездегі су деңгейінің 40 метрге дейін төмендеуіне алып келеді. Сондықтан тау етегіндегі сайға жиналған шөгінділердің астындағы жер асты суларымен түйіскен жерінде территориялық ауқымының ені 1 км-ге дейін және ұзындығы 20 км-ге жуық жаңа жер асты суының ағыны аймағының түзілуіне алып келеді. Бұл жерде айта кететін жай ластандырғыш заттар сумен араласып сулы горизонтқа түсуі мүмкін.
Су ағындарының химиялық құрамы әр түрлі, бұлардың көпшілігі барлық тірі ағзаларға қауіпті химиялық қосылыстар түзуі әбден мүмкін. Мысалы үшін Сайран су қоймасының жер асты суларының фенолмен ластануы байқалуда, бұл су да тасымалданады, пирокатехиндер мен буфенол сияқты зиянды қалдықтар, бастапқы затпен салыстырғанда өте улы жаңа зат түзеді. Бұрыннан келе жатқан қайнар су көздері орналасқан жерлерінде шіріген органикалық заттар жергілікті ластандырғыш азот қышқылының тұздарымен қосылып ритраттарға өту кезеңінде ауыр уландырулар тудыруы ғажап емес. [6]

НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы
Алматы қаласындағы халық тығыздығы - адам қоғамының қаланың табиғатына тигізетін әсерінің маңызды факторы. Алматы үлкен қала мен елді мекендер ландшафттарының дамитын регионына жататындықтан барлық табиғи құрам бөліктеріне антропогенді жан-жақты әсер етеді. Әсіресе бұл қалада қатты әсерге душар болатын гидроклиматогенді және биогенді құрам бөліктер. Олар атмосфералық ауаның ластануында жер асты және жер беті сулар ресурстарының сарқылуында, топырақ түзуші процестердің тоқтатылуы мен өзгертілуінде, табиғи өсімділікпен қаланың биотоптардың толық жоғалуымен өзгеруіне ықпал етеді.
Қала ландшафтының литогенді ортасы да едәуір әсерге ұшырайды: қозғалыстың нәтижесінде жер бедерінің теңестірілуі жүреді, бір жерден екінші жерге көптеген жиыны тасталады. Елді мекендердердің жанында, яғни Алматы қаласының айналасында, антропогенді әрекет ықпалымен су және эрозия процестері белсендіріледі, грунт өзгереді.
Урбандалудың қоршаған ортаға ықпалы ретінде ауылдық жерлермен салыстырғанда Алматы қаласы - ірі қала ретінде өнеркәсіптік орталық ретінде климаттық жағдайлардың өзгеруіне әкеледі.
Келтірілген мәліметтер қолайсыз экологиялық жағдайы атмосфералық ауаның ластануымен қалыптасатын жасанды қалалық ортаның құрылуына ықтимал.
Техногенездің негізгі факторлары және қоршаған ортаның қазіргі жағдайын әсіресе ауаны нашарлататын негізгі көздерге тоқталайық; техногенездің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz