Құс өнімдерінің сапасын бақылау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ҚР БОЙЫНША ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ САПАТТАМА
- Құс шаруашылығының түрлері
- Құс шаруашылығының технологиясы
- Құс өнімінен өндірілетін өнімдер
2 ҚҰС ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
2. 1 Құс ет өнімдері
2. 2 Құс жұмыртқа өнімдері
- Құстардың қосымша өнімеріне қойылатын талаптар
3 ҚҰС ӨНІМДЕРІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
3. 1 Құс ет өнімдерінің стандарттары
3. 2 Құстардың жұмыртқа өнімдерінің стандарттары
3. 3 Құстардың қосымша өнімдерінің стандарттары
4 ҚҰС ӨНІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Құс шаруашылығы дегеніміз бұл елімізде ет және жұмыртқа қорын жедел толықтыра алатын шаруашылықтардың тез жетілетін саласы. Құс шаруашылығының шоғырлануы және оның өнеркәсіптік негізге көшіріліуі құс еті мен жұмыртқаны өндірудің іс жүзіндегі бүкіл технологиясын қамтитын салаларды басқарудың бірқатар мәселелерін ғылыми тұрғыда жетілдіріп, өндірістік сынақтан өткізуді талап етеді. Өндіріс типті ірі шаруашылықтарда, фабрикалардақұс еті мен жұмыртқа өндіру - осы заманғы технологияның өндірістік қарқындылығы және ырғақтылығымен, барлық цехтар және звенолардың өзара байлансытылығымен, көп еңбек сіңіруді қажет ететін жүйелерді жоғары дәрежеде механикаландыру және автоматтандырумен, табындарды стандарттап, біртектестендірумен сипатталады. Басқа үй малдарымен салыстырғанда құс саласы - аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруімен ерекшеленеді. Қазіргі уақытта құс шаруашылығын өркендетуде үлкен ғылыми-өндірістік жұмыс жүргізілуде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Құс өнімдерін стандарттарын және сәйкестігін анықтау.
Диплом жұмыстың міндеттері:
- ҚР бойынша құс шаруашылығына жалпы сапаттама беру;
- Құс шаруашылығының түрлерін анықтау;
- Құс өнімдерінің сапасына қойылатын жалпы талаптарын талдау;
- Құс өнімдерінің стандарттары бoйыншa қoйылaтын тaлaптaрды aнықтaу.
Қазіргі заман ағымына сай көпсалалы нарықтық экономика кезінде республикадағы осы саланың қарқынды дамып, еліміздің азық-түлік қорын толықтыру мүмкіндігіне қомақты үлес қосады деген сөз. Осыған орай еліміздегі тұтынушылардың сұраныстарының өсуіне байланысты құс өсірушілердің алдына Үкімет тарапынан үлкен мақсаттар қойылуда. Медициналық мөлшер есебі бойынша еліміздегі әр жанға шаққанда жылына 14 килограмм құс еті, 290 дана жұмыртқа өндірілуі қажет екен. Республика халқын бұл өнімдермен осы мөлшерге сай толықтай қамтамасыз ету үшін жылына 180 мың тоннаға жуық құс еті және 3, 5 миллиард дана шамасында жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне жету керек.
Құс шаруашылығының өнімдері қай кезеңде де болмасын үлкен сұранысқа ие екені бесенеден белгілі. Қайта құру кезеңіне дейін елімізде құс жұмыртқасы мен етін өндіру және олардан алынған құнарлы өнімдермен тұтынушыларды қамтамасыз ету толығымен құс шаруашылықтары арқылы жүзеге асырылатын. Сонымен қатар өндірілген өнімнің біраз бөлігі шетелдерге жөнелтілетін еді. Бүгінгі таңда еліміздегі құс шаруашылығы өнеркәсіптік негізде қарқынды дамып, жұмыртқа, ет өндіру бағыттарындағы құс фабрикалары мен асылтұқымды зауыттар ашылып, репродукторлы шаруашылықтар мен инкубатор станциялары ұйымдастырылды. Тиімді технологияларды қолдану мен білікті мамандардың еңбегінің нәтижесінде бұл сала көп жылдар бойы еліміздегі мал шаруашылығының алдыңғы қатарында болды. Сол себепті құс өнімдері басқа өнімдерден қарағанда ыңғайлы және қолайлы болып табылады.
Қазіргі уақытта еліміздің құс шаруашылығы оң шешімін күтіп отырған басты мәселелердің бірі - отандық құс кросстарының жоқтығы. Осының негізінде елімізге жыл сайын шетелдік кросстардың асылтұқымды арғы тектік және аналық түрлері, инкубациялық жұмыртқалары 7-7, 2 миллион доллар шамасындағы қаржыға сатып алынады. Бұл мәселенің шешілуіне тиісті іріктеп-сұрыптау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейінің төмендігі басты кедергі болып отыр. Осы олқылықтар Отанымыздағы құстардың тектік қорын жоғалтуға және тауар өндірушілеріміздің шетелдік асылтұқымды өнім өндірушілерге тәуелді болып қалуына себеп. Әлемдік және отандық генотиптер негізінде елімізде жоғары өнімді құстардың асылтұқымды жүйесін құру үшін асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғары деңгейге көтеріп, селекциялық-тектік орталықтар мен асылтұқымды зауыттардың ашылуы нәтижесінде бәсекелестікке тұрақты құс желілері мен кросстарын шығару қажет. Бұл мәселенің шешілуі шетелдерден келетін құс өнімдерінің көлемінің қысқарып, отандық тауар өндірушілердің жұмысына және биоазықтық қауіпсіздігіне оң әсер береді, құстар инфекцияларының өтуіне шектеу қойылып, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнының анағұрлым төмендеуіне әкеледі. Алайда, бұл іс-шара біреуге тәуелді болып қалу дегенді көрсетеді. Сондықтан осындай тәуелділіктен арылу үшін өзімізде асылтұқымды құс шаруашылықтарын ұйымдастырып, әртүрлі бағыттағы құс кросстарын шығарып, отандық құс өндірісін аналық құстардың түрлерімен қамтамасыз ету керек. Өкінішке қарай, республикамызда құстардың тек шетелдік кросстары ғана пайдаланылады. Мәселен, бройлер өндірісінде - Смена, Сибиряк, Хаборд Флек, Гибро, Кооб, Титан, Иза, Росс - 308; жұмыртқа өндірісінде - Радонит, ақ және қоңыр Хайсекс, Яффа, Ломанн, хат Лайн кросстары.
Зерттеу нысаны: Алматы облысындағы құс өнімдерін стандарттау.
Тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі таңда құс өнімдерін аса маңызды мәселе ретінде қарау керек. Құс өнімдерін өндіріп және оны зерттеу орталықтарын көбейту керек. Өнімнің адам өміріне қауіпсіз екен аса қатты бағалап, оны өндірісте сұранысы жоғары өнімдердін бірі ретінде, әлемдік экономика саласына, табысты бизнес жүргізу үшін, жақсарту жолдарын дамыту маңызды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі: бұл жұмыстың теориялық негізі ретінде Таңатаров А. Б. «Құс шаруашылығы және құстың жұмыртқасы мен етін өндірудің технологиясы», оқулықтарындағы ғалымдардың тұжырымдары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, өңдеу туралы жинақтары қолданылды.
1 ҚР БОЙЫНША ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ САПАТТАМА
1. 1 Құс шаруашылығының түрлері
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әр шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі.
Сондықтан тауар өндірушілерді арзан да сапалы тәуліктік балапанмен және инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ету үшін алдымен құс тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюымыз керек.
Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жемазық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70%-ын жемазықтың бағалары құрайды. Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады. Соңғы жылдары құс саны мен олардан алынатын өнімдер өндіру деңгейінің елеулі өсуі еліміздегі құс шаруашылықтарының тұрақты дамып келе жатқанын білдіреді. Бұл дегеніміз - қазіргі заман ағымына сай көпсалалы нарықтық экономика кезінде республикадағы осы саланың қарқынды дамып, еліміздің азық-түлік қорын толықтыру мүмкіндігіне қомақты үлес қосады деген сөз. Осыған орай еліміздегі тұтынушылардың сұраныстарының өсуіне байланысты құс өсірушілердің алдына Үкімет тарапынан үлкен мақсаттар қойылуда. Медициналық мөлшер есебі бойынша еліміздегі әр жанға шаққанда жылына 14 килограмм құс еті, 290 дана жұмыртқа өндірілуі қажет екен. Республика халқын бұл өнімдермен осы мөлшерге сай толықтай қамтамасыз ету үшін жылына 180 мың тоннаға жуық құс еті және 3, 5 миллиард дана шамасында жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне жету керек.
Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жемазық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70%-ын жемазықтың бағалары құрайды. Құрама жемнің нәрлі болмауы (әсіресе, ақуыз жетіспеуі), оның амин қышқылдары мен алмасу қуаты бойынша өз мөлшері деңгейінде болмауы құс шаруашылығына әжептәуір шығын әкеледі. Өйткені, бір килограмм ет өндіру үшін ондай құрамажем ғылыми дәлелденген мөлшерден 1, 5-2, 0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, құстың генетикалық әлеуеттілігі толық жүзеге аспайды. Қазiргi таңда я жұмыртқа өндiрiсi болсын, не болмаса құс етi өндiрiсiнiң тауашасы (ниша) өте сиымды болып келедi және республика аумағында берiлген өнiмге жоғары сұраныс бар.
Қазақстан Республикасында жұмыртқа және құс еті өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруда, осы сала кәсіпорындарында, жоғарыда аталған маркетингтің даму ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жасайтын маркетинтік бөлімдер ұйымдастырылған жөн. Бұл кәсіпорындарда арнайы маркетингтік жүйені ұйымдастыру олардың нарықпен тығыз байланысты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстар-дың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес, Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көп-шілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қыр-ғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалалар т. б. жатады.
Күлгін қара торғай (Раstог гоsеиs) Орта Азияға, Қазақстанға, Кавказда Төменгі Еділде тараған. Кейбір жылдары Украинада да болады. Ересегі бір тәулікте көптеген жүз насекомдарды жояды. Р. Н. Мекленбурцевтің мәліметі бойынша, Орта Азиядағы қара торғайдың әрбір үйірі, ұялаған кезінде (бір ай-да) 100 мыңдай шегірткелерді құртады. Сонымен қатар жас балапандары жүзім мен шиені жеп зиянын тигізеді. А. Н. Фор-мозов Қазақстанда дала бөктергісінің шегірткелерді жейтінін бақылаған. Оның айтуынша, безгелдек (Місгоtіs tеtгах) таң-ертеңгі уақытта 250 шегірткені жегенін байқаған. Батыс Си-бирьде және Қазақстанда мыңдаран шағалалар, үйректер, қызғыштар және ақ тұмсық қара қарғалар далалық жерлерге шығып, шегірткелермен қоректенеді.
Самырсын құстар (Nисіfгаgа сагуосаtасtеs) самырсын ағаш-тарының көптеген жаңғақтарын жеп, өндірістік маңызы бар жаңғақтың қорын кемітеді. Сонымен қатар бұл құстар көпте-ген самырсын жаңғақтарын мүктердің арасына, топыраққа апарып көміп, самырсын ағашының тұқымының тарауына се-бепші болады.
Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығына үл-кен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кэдімгі жамансары, қорған жамансарысы, қыстақ жамансарысы (АгсһіЬиtео lаgориs), құладындар (батпақ жердің құладынынан басқалары), қорган бүркіті (Аqиіlа һеlаіса), дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергігі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар т. б. жатады.
Кемірушілер аз болған жылы, бұлардың бірқатары насеком-дармен, рептилилермен, құстармен коректенеді. Кемірушілер көбейіп кеткен жылы ұсақ кемірушілермен тек қана жыртқыш құстар емес, құзгын, сауысқан, құтандар, дегелектер де қоректенеді. Олар кемірушілер көбейіп кеткен жерге топтанып ұшып барып, қырады.
Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруа-шылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіруге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштар\ды көбірек егу керек. Бұл жұмысты бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары жүзеге асырып, халық шаруашылығына үлкен пайда тигізіп отыр. Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқым-ды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торгайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олар-дың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.
Қазіргі уақытта еліміздің құс шаруашылығы оң шешімін күтіп отырған басты мәселелердің бірі - отандық құс кросстарының жоқтығы. Осының негізінде елімізге жыл сайын шетелдік кросстардың асылтұқымды арғы тектік және аналық түрлері, инкубациялық жұмыртқалары 7-7, 2 миллион доллар шамасындағы қаржыға сатып алынады. Бұл мәселенің шешілуіне тиісті іріктеп-сұрыптау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейінің төмендігі басты кедергі болып отыр. Осы олқылықтар Отанымыздағы құстардың тектік қорын жоғалтуға және тауар өндірушілеріміздің шетелдік асылтұқымды өнім өндірушілерге тәуелді болып қалуына себеп. Әлемдік және отандық генотиптер негізінде елімізде жоғары өнімді құстардың асылтұқымды жүйесін құру үшін асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғары деңгейге көтеріп, селекциялық-тектік орталықтар мен асылтұқымды зауыттардың ашылуы нәтижесінде бәсекелестікке тұрақты құс желілері мен кросстарын шығару қажет. Бұл мәселенің шешілуі шетелдерден келетін құс өнімдерінің көлемінің қысқарып, отандық тауар өндірушілердің жұмысына және биоазықтық қауіпсіздігіне оң әсер береді, құстар инфекцияларының өтуіне шектеу қойылып, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнының анағұрлым төмендеуіне әкеледі.
Соңғы жылдары құс саны мен олардан алынатын өнімдер өндіру деңгейінің елеулі өсуі еліміздегі құс шаруашылықтарының тұрақты дамып келе жатқанын білдіреді. Бұл дегеніміз - қазіргі заман ағымына сай көпсалалы нарықтық экономика кезінде республикадағы осы саланың қарқынды дамып, еліміздің азық-түлік қорын толықтыру мүмкіндігіне қомақты үлес қосады деген сөз. Осыған орай еліміздегі тұтынушылардың сұраныстарының өсуіне байланысты құс өсірушілердің алдына Үкімет тарапынан үлкен мақсаттар қойылуда. Медициналық мөлшер есебі бойынша еліміздегі әр жанға шаққанда жылына 14 килограмм құс еті, 290 дана жұмыртқа өндірілуі қажет екен. Республика халқын бұл өнімдермен осы мөлшерге сай толықтай қамтамасыз ету үшін жылына 180 мың тоннаға жуық құс еті және 3, 5 миллиард дана шамасында жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне жету керек.
Қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатының негізгі мәселесі болып табылады. Өткен жылы халқымыздың жан басына шаққандағы жұмыртқа тұтыну көлемі 172 дана болса, құс етін тұтынуы 12, 2 килограмм деңгейінде болды. Ал бұл көрсеткіш Қытай, АҚШ және Батыс, Шығыс Еуропа елдерін айтпағанның өзінде, көршілес Ресейдегі деңгейден 32% кем болып отыр.
Еліміздегі осы саланың одан әрі қарқындап дамуына Қазақстан нарығының шетел өнімдерімен толып кету мүмкіндігі айтарлықтай кедергі тудыруы мүмкін. Жыл сайын жұмыртқаның 15-20%, құс етінің 60-65%-ы шетелдерден әкелінеді. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ғылымның басты мақса ы - елімізде отандық асылтұқымды құстар шығару.
Әрине, құс шаруашылығы өнімдерін ше телдерден әкелуге болады. Алайда, бұл іс-шара біреуге тәуелді болып қалу дегенді көрсетеді. Сондықтан осындай тәуелділіктен арылу үшін өзімізде асылтұқымды құс шаруашылықтарын ұйымдастырып, әртүрлі бағыттағы құс кросстарын шығарып, отандық құс өндірісін аналық құстардың түрлерімен қамтамасыз ету керек.
Осы жылдары республикамызға өзге елдерден 130 мың тонна шамасында ет әкелінді. Әлемдік ауқым бойынша бұл соншалықты көп көрсеткіш емес. Сонда да өзімізде ет өндірісін дамыту мәселесі мемлекетіміздің саясатынан тыс қалмауы керек. Осыған орай, тағы бір айта кететін жай, бүгінде Үкімет бройлер мен жұмыртқалағыш тауықтар өсіретін кешендер мен шаруашылықтарға көмек беріп жатыр. Ал соның арасында қаз, үйрек, күркетауық, бөдене, түйеқұстар шетте қалып отыр. Бұл құстарды өсірумен айналысатын өндірушілерге мемлекет тарапынан ешқандай да көмек көрсетілмейді, тіпті Үкіметте бар деп саналатын тізілімде жоқ екен. Ауылдық жердің тұрғындары мен фермерлік қожалықтар, әсіресе, өзен-көлі мол, астықты Солтүстік Қазақстанда осылармен айналысуға толық мүмкіндіктері бар.
Қазіргі уақытта, яғни Кеден одағына еніп, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында құс өнімдерінің номенклатурасын кеңейту мақсатындағы іс-шараларды жеделдеткен жөн. Айталық, АҚШ-та өндірілетін және бірдей талаптар бойынша ішкі нарыққа шығарылатын, шикілей суытылған және мұздатылған құс өнімдерінің тауар ретінде 77 саудалық сипаттамасы бар екен. Ал біздің еліміздегі ассортиментімізде тек 10-12 аталым көрсетіледі. Демек, ассортименттегі өнімдер көлемін ұлғайту үшін түбегейлі өңдеуге баса назар аудара отырып, еліміздегі құс фабрикалары инвестицияны пайдалану жолдарын оңтайлы шешіп, құс өнімдерін өндіру технологиясын уақыт талабына сай жаңартулары керек.
Ендігі бір уақыт күттірмей тездетіп шешетін мәселе республикаға импорттық құс өнімдерін шамадан тыс әкелуден сақтау, құс етінің импортына тарифтік квота қою болмақ. Бұл - отандық тауар өндірушілерімізді алауыздық тайталастан қорғайтын заңды және орынды шешімдердің бірі. Бұл мәселедегі басты мақсаттың бірі - еліміздің ішкі нарығында ет өнімдерінің құнын бір деңгейде ұстап қалу. Осы жағдайда еліміздің құс өсірушілері өз жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете алады деуге болады. Республикаға келетін импорттық өнімдерге кедендік салық енгізбей және тарифтік квота қоймай болмайды. Себебі, құс шаруашылығының өнім нарығында шетелдікін емес, отандық тауар өндірушілердікін пайдалану керек. Еліміздегі құс шаруашылығы тұрақты дамуы үшін тұқымдық жұмыртқамен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тауар өндірушілерді арзан да сапалы тәуліктік балапанмен және инкубациялық жұмыртқамен қамтамасыз ету үшін алдымен құс тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюымыз керек. Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын жемазық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 65-70%-ын жемазықтың бағалары құрайды. Құрамажемнің нәрлі болмауы (әсіресе, ақуыз жетіспеуі), оның амин қышқылдары мен алмасу қуаты бойынша өз мөлшері деңгейінде болмауы құс шаруашылығына әжептәуір шығын әкеледі. Өйткені, бір килограмм ет өндіру үшін ондай құрамажем ғылыми дәлелденген мөлшерден 1, 5-2, 0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, құстың генетикалық әлеуеттілігі толық жүзеге аспайды.
Республика экономикасы тұрақты дамып жатқанда, асылдандыру бағытында жұмыс жасап жатқан ғалымдар мен мамандарға қолайлы жағдай туғызу арқылы бұл дағдарысқа төтеп беруге болады. Осыған орай, бұл саланың әрі қарай дамуын аса маңызды мәселе ретінде қарастыру қажет. Генетикалық іріктеп-сұрыптау және құс шаруашылығының ғылыми-тәжірибе орталықтарын ұйымдастыру бағдарламасында жоғары деңгейдегі асылдандыру және ауыл шаруашылығы құстарының жоғары өнімді желілері мен кросстарын шығару керек. Сонымен қатар бағдарламада ғылыми дәлелденген жолмен күтіп-бағу негіздерін және азықтандыру мөлшерлерін анықтау зерттеулері қарастырылған. Осыны жүзеге асыру арқылы біз отандық құс шаруашылығын асыл- тұқымды және тауарлы өнім өндіруші елдердің қатарына шығатынына сенімдіміз. Қазіргі уақытта республикадағы құс шаруашылығының стратегиялық даму бағыты Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай, нарықтық бәсекелестікке төтеп бере алатын жоғары сапалы құс өнімдерін өндіру және құс етін, тәуліктік балапандарды, инкубациялық жұмыртқаларды шетелден сатып алудан арылу болып келеді.
Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы дегеніміз-орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен желдету жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасы мен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу, куту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температура мен ылғалдылық сақталатын құрылғылардан инкубаторлардан шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz