Математика пәнінде сыни тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдерін пайдаланудың тиімділігі


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері . . . 3
  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын зерттеудегі нәтиже. . 4
  3. Қорытынды . . . 9
  4. Әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.

Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»

Ахмет Байтұрсынов

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Сондықтан, қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педогогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педогогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам[1. 2]

Математика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс. Соның бірі «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын.

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Л. Стил, Куртис С, Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. [4. 52]

Технологияның басты мақсаты-дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда «Сыни тұрғысынан ойлай алу үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. [4. 17]

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

-шыңдалған ойлау кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды,

Жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық. [6. 38]

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын зерттеудегі нәтиже

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсатым -оқушыларын кез - келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Зерттеу нысаным : сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс - тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы) ;
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы) ;
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау) ;
- ымыралы келісімді іздеуі;
- коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.

Нәтижесінде:
- сабақтың мазмұны, сапасы артады;
- жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;
- оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;
- пәнге деген қызығушылығы артады.
Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) -сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:
-оқушыларды ойландыруға;
-өз ойларын ашық айтуға;
-пікір таластыруға /дебат/;
-дұрыс сөйлей білуге;
-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;
-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте көп. Мен өз сабағымда пайдаланатын стратегиялар түрі:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4 Ой қозғау
5. Болжам кестесі
6. ЖИГСО
7. Венн диаграмма
8. Миға шабуыл
9. Қос жазба күнделік
10. Авторға сұрақ қою
11. Әлемді шарлау

Сабақта СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:
I. Қызығушылықты ояту
II. Мағынаны ажырату
III. Ой толғанысы
Қызығушылықты ояту кезеңі -мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.
Мағынаны ажырату кезеңінде - нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді.
Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды.
Осыған орай 5 сыныпта «Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир» тақырыбына ашық ашық сабақ өткіздім.

Күні:
Математика
5 сынып
Күні:: Сабақтың тақырыбы
Математика: Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир.
Күні:: Жалпы мақсаты
Математика: Білімділік мақсаты: оқушыларды сыни тұрғысынан ойлануға бағыттай отырып, өз беттерімен бұрыштың түрлерін түсінуге бағыттау, алған білімдерін практикада қолдана алуға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: жеке тұлғаны дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, білімділікке, шапшаң ойлауға,
ойларын қорыта білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: өзіне сын көзімен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Күні:: Оқу нәтижелері
Математика: Бұрыштың түрлерін анықтау, транспортирмен өлшемін табу, суретін сала білу, үшбұрышты сызғышты пайдаланып тік бұрыш салу.
Күні:: Тапсырмалар
Математика: Топқа бөлу, миға шабуыл, Ассосация жасау, «10 сұрақ» әдісі
Күні:: Бөлімдері
Математика: Мұғалім әрекеті
5 сынып: Оқушының іс-әрекеті
Күні:: І. Қызығушылығын ояту:
Күні::

Білу

Түсіну:

Математика:

Оқушылармен амандасу, түгендеу Барлық оқушыларды ортаға шеңбер құрғызып, бір-бірлеріне бүгінгі күнге тілек айтқызу арқылы Сыныптың психологиялық ахуал көтеру.

Топқа бөлу( бұрыштың түрлеріне қарай) (2минут)

1-тапсырма (3 минут)

Миға шабуыл:

  • Тамаққа салатын ашты ұнтақ (Бұрыш)
  • Бұзықтық жасаған оқушыны тұрғызатын сынып бөлмесіндегі орын (Бұрыш)
  • Үйдің әрбір екі керегесінің ортасында не бар (бұрыш)

Ал осы бұрыштың Қайсысы математикаға қатысты?

ребусы в картинках с ответами

Осы екі ұғым бірімен бірі өте тығызбайланыста екенін айтып өту

5 сынып:

Топқа бөлінеді

Топта ынтымақтастық орнайды.

Сыни тұрғысынан ойлай отырып, Сұрақтарға жауап береді. Осы ұғымның омонимдерінің қайсысы математикада қолданылатынын табады.

«Транспортир» ребусын шешеді.

Күні:: II. Мағынаны ажырату
Күні::

Қолдану

Талдау

Математика:

ІІ тапсырма (15минут)

постерге Бұрыш бойынша өз түсініктерін жазу.

Бұрыш (Әдісі: Ассосация. 5 минут)

5 сынып:

Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып, бұрыш ұғымына қатысты алған ақпараттарын топта талдап, пікірлесе отырып жазады.

Әр топ тақтада түсіндіреді. Топтарға сағат тілінің бағытымен бірін бірі бағалаудың 3 түрлі критериін әзірлеу тапсырылады. Сол критерийлер бойынша топтар бірін бірі бағалайды

Күні:: III. Ой толғанысы
Күні::

Жинақтау:

Қорытынды

Үйге тапсырма

Математика:

ІІІ . Әрбір оқушыға транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеуге тапсырма беріледі.

IV . Топтарға тапсырма:

V. тапсырма:

«10 сұрақ» әдісі бойынша жинақтау

Қорытынды.

Бағалау.

Топ басшысы бағалау өлшемдері бойынша бір-бірін бағалайды.

5 сынып:

Әр оқушы өз тапсырмасын орындап жұпта бірін бірі тексереді.

І топ - №1387(а)

ІІ топ -№1387 (Ә)

ІІІ топ-№1389

ІV топ-№1390

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Джигсо әдісі бойынша түсіндіреді.

Бір Оқушыны шығып оған маңдайына жабыстырылған жазуды басқа оқушылар сол сөзге қатысты сұрақ қояды, сол оқушы табады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Қорытынды

Қазіргі кезде республикамызда әлемдік жалпы білім беретін сатыға көтерілуі бағытында, білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру үрдісі өтіп жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені белгілі[1, 15] .

Бүгінгі күн ұстаздың басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.

Осы бағытта ең негізгі міндет қоғамның қазіргі даму кезеңіне жауап беретін білім мен тәрбие берудің жаңа үлгілерін жетілдіре оқыту технологияларын пайдалана білім беру.

Әлемде неше түрлі әдістемелер бар, оның тиімдісін таңдай білу абзал. Әңгіме әдістеменің дүрілдеген атауында емес, оның оқушының дамыта алатын тұжырымдамасында, стандарттан аса алатын технологиясында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz