Векторлық графика


«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Векторлық объектілермен жұмыс

Орындаған: Тәңірбергенова А. А.

8 «Ә» сынып оқушысы

Жетекшісі: Жеткизгенова К. Т.

информатика пәні мұғалімі

мамыр, 2015 ж.

М А З М Ұ Н Ы

  1. Кіріспе

Компьютерлік графика

  1. Негізгі бөлім

Векторлық графика

Векторлық графиканы өңдейтін программалар

  1. Қорытынды
  2. Қосымшалар
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Векторлық объектілермен жұмыс

Компьютерлік графика.

Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Векторлық графика.

Векторлық кескіндер , бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер сoreldraw, adobe illustrator, micrografx draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Векторлық графиканы өңдейтін программалар.

Векторлық кескіндер CorelDraw, Adobe Illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

СorelDraw - машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін дизайнердің құра-лы.

Түрлі-түсті көркемдеулерді: күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалықшын емес бейнелерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т. б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.
Векторлық графикада қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ.
СorelDraw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады.
Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгрмейді.
Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектінді құруға болады.
Объектті беттің сыртында құруға да болады, ал бетте таңдаған беттін форматына өз объектілерінді орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады.
СorelDraw - бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады.
Клон - оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты.
Свиток - вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т. б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі.

Объект - құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, сурет-терді жасауға болады.
Түрлі-түсті модельдер
Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:
1) RGB - (қызыл + жасыл + синий) - бейнелеулерді экранға шығару үшін
2) CMYK - (көгілдір + қызыл + сары + қара) - баспа өнімін жасау үшін
3) HSB - (рең + қою бояу + жарық) -жеке көркем шығармаларды жасау үшін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ
Компьютерлік графика бойынша
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
Компьютер графикасы
Компьютерлік графиканың маңызы
Модель және модельдеу ұғымдары
Графикалық мәліметтердің бейнелену негізі
12-жылдық білім берудегі компьютерлік графиканын мүмкіншіліктері
Компьютерлік графиканың даму тарихы туралы
Мектеп оқушыларын компьютерлік графикамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz