Әлеуметтік құқық


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Кафедра:

РЕФЕРАТ

Пәні :

(пәннің аты)

Тақырыбы:

Жетекшісі:

(аты-жөні)

(қолы) (күні)

Студент:

(тобы)

(аты-жөні)

(қолы) (күні)

Қарағанды 2015

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім:

1 Азаматтық құқық туралы ұғым

2 Азаматтық құқық қатынастарының элементтері

3 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты мен негіздері

III Қорытыңды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік - аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Азаматтық құқық туралы ұғым

Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең.

Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін бару үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық де көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің 1-бабының 1- тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынасар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субьектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын” атай келе, “азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады” десе, осы баптың келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субьектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

1. Азаматтық заңдарда 1994 -жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыэдағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.

Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

2. Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 -бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқықтық нормалары бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншік тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншік мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтырдың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатыныстарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.

Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24- тараудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.

Азаматтық құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.

Азаматтық құқық қатынастарының элементтері

1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер) .

2. Осыған орай құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте “құқық” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін “Азаматтық құқық” “құқық нормалары” дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі “құқық” дегеніміз мемлекетке қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекетткүшіне сүйенеді. Осы мағынада қолданылатын “құқықтың обьективті мағынасындағықұқық” деп немесе “обьективті құқық” деп атайды.

Бұл күнделікті өмірде “менің меншік құқығым бар”, “сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ”, “оның зейнетақы алуға құқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кедесетін “құқық” сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақті адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “құқық” туралы субьективтік мағынада немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептелінеді. Құқық қатынастарының элементті ретінде атқанымыз, біз субьективік құқық туралы да айтамыз “құқтық” деген сөзге беретін екінші мағына .

Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субьективтіқұқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындаы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу- сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.

3. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматттық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т. б. заңдылық фактілер болып табылады.

Азаматтық кодексте сатып алу- сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртітейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу- сату туралы АК- баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу -сату мәмілелеріне кірісуі керек.

Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. (АК -тің 7 бабы, 8- тармағы) . Адамның қлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.

Заңдылық әрекеттер. Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады ( АК -тің 7-бабы, 7-тармақ) . Мысалы, мәміле жасау, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері деп маңыз бермейді; біздің әркеттеріміздің көбі құқық үшін бейтарап әрекеттер, бұл әрекеттер заңдылық қатынастарды тудырмайды да, өзгертпейді де. Кісі біреумен әңгімелесіп отырғанда, кітап оқып отырғанда, жазатын мақласын ойланып отырғанда, кәдуілгі жағдайдағы оның қызметтері құқық шеңберінен тыс жатады.

Заңда, заңдылық салдары бар деп табылатын әрекеттердің мазмұны бірнеше түрде кездеседі және белгілі белсенді бір түрінде-істелген немесе айтылған сөз түрінде, сондай-ақ әрекеттен бой тартқан (өзін-өзі ұстап қалған) түрде- әрекетсіздік түрінде, үн қатпай қалғандық түрінде кездеседі:

Заңды және заңсыз әрекеттер (құқыққа сыйымды және құқыққа сыйымсыз әрекеттер) . Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әректтер заңды әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, - басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 4-тарауы)

Мәмілелер мен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т. с. с.

Кейбір әрекеттер құқық тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана,, яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тударыды. Мәселен, АК -тің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру (деликт) болып тадылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқа тарту салдарынан тударатын заңсыз әрекет болғандықтанзиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады.

Зиян келтірушінің жауаптылық мөлшері.

“Жауапкершілік” термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.

“Әлеуметттік жауапкершілік” түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілік тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шарты мен негіздері

Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық -құқық бұзушылықтың құрамы басқа элементтерін толығымен қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  4. құқық бұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық -құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы -азаматтық -құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары қаутілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АК -тің 931 бабы) . Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.

Құқыққа қарсы мінез.

Құқыққа қарсылық құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы екендігін білген немесе білмегеніне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.

Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтіректін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқққа қарсы мінез болып табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы бақа нормативтік актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмікн. Егер заңмен немесе нормативті құқықты актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа құқықтық нормативтік акиіге шартқа бір жақты мәмле немесе міндеттеме талабының негізінде қайшы келетін борышқордың іс-әркекті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273 бабы осының дәлелі . заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Азаматтық заңдылық негізіне сәйекс бір тараптың басқа бір тараптың есебінен мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады. Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады. шартпен белгіленген тауарды мерзімінде жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағады демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: “Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.

Себепті байланыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Құқық социологиясының пәні
Құқық ұғымы туралы
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Құқық әлеуметтануы
Құқықтың түсінігі мен мәні
Құқық функциялары
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Құқық пен мемлекеттің арақатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz