Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау



Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Социологиядағы детерменистік тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
III Қорытыңды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды.
Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз - арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау
1. Социология : Лекциялар курсы / Жалпы редакциясын басқарған -Ә.Х. Тұрғынбаев . - Алматы : Білім , 2001. - 160 бет.
2. Социология : оқулық / Философия және саясаттану институты ; [жауапты ред. Ә. Нысанбаев]. - Алматы, 2002. - 222 б.
3. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы:Экономика, 2004. -208 бет.
4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. - толықт., жаңарт., 2-ші бас. . - Алматы : Қарасай, 2007. - 384 б.
5. Ш.Қ. Қарабаев. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2007. – 528 бет.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..4
Социологиядағы детерменистік тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
III Қорытыңды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Кіріспе
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің метедос, яғни таным тәсілі және логос, яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды.
Сондай-ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз - арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау.

Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам - бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет - ғұрыптар, салт - дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.
Жүйе - бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе - өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.
Біртұтастылық - қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін социеталды (лат. Societas - бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) әлеуметтік жүйе деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.

Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік - географиялық аудан, немесе әлеуметтік - техникалық - қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.
Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны дифференциацияланған таза түрде қарастыруы керек.
Қоғамның негізгі ерекшелігі - ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.
Басқару - қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.
Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды әлеуметтік институттар алады. Әлеуметтік институттар - бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар - бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.
Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың Қазіргі социологиялық сөздігінде берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде институт термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.
Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:
1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;
2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар
3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;
4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;
5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.
Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының - нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды.
Әлеуметтану пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.
Әлеуметтік уақыт. Қоғамның жүйелілігінің социологиялық концепциясы әлеуметтік уақыт пен әлеуметтік кеңістік туралы ілімдерді қамтиды. Әлеуметтік уақыт біздің оны елестетуіміз бен басымыздан кешуімізге тәуелсіз жүзеге асатын, кез-келген қоғамдық жүйенің нақты қозғалысының формасы болып табылады. Социологтың назарындағы негізгісі - әлеуметтік уақытты тасымалдаушылар болады: индивид, әлеуметтік қауымдастықтар, біртұтас қоғам. Уақыт - қозғалыстың сандық болмысы, оның саны. Бірақ қоғамда ол іс-әрекет түрінде болады. Бұл құбылыстың ұзақтығы, затты жасаудағы сағат саны, өмір ұзақтығы. Сонымен, уақыт болмыстың сапалық жағын да білдіреді, яғни қоғамдық процесстің мазмұнын (бәсеңдеу, жылдамдық, жоғарылау, құлдырау, регресс, прогресс).
Уақытты социологиялық зерттеудің негізгі категориялары болып уақыт бюджеті, уақыт балансы, уақыт шығыны, уақыт көрсеткіштері, т.б. табылады.
Уақыт бюджеттерін социологиялық зерттеудің пәні - бұл уақыт көрсеткіштерімен бейнеленетін адамдардың өмірлік әрекетінің әлеуметтік заңдылықтарын зерттеу, түрлі әлеуметтік топтардағы уақытты үлестіру тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау.
Әлеуметтік дүниені кеңістіктік деп атауға болады, себебі, ол орта мен қоғамдық субъектінің өзара әрекет ету облысы болып табылады. Адам үшін кеңістік ең алдымен географиялық, табиғи орта болады. Сондықтан ол белгілі бір мағынада бүкіл адамзат эволюциясының негізгі себебі. Кеңістік туралы объективті әлеуметтік шындық ретінде де, адамдардың кеңістіктік құрылымды белгілеуінің, яғни байланыстарды орнату, коммуникациялар жасау, әлеуметтік-психологиялық қауымдастықтарға бірігу, баспана тұрғызу, бір сөзбен айтқанда, өмірлік ортаны қалыптастырудың субъективті мүмкіндігі ретінде де айтуға болады.
Сонымен, әлеуметтік кеңістік - бұл, қазіргі кезде табиғаттың игерілген бөлігіне айналған, адамдардың өмір сүру ортасына, олардың іс-әрекетінің кеңістіктік-территориялық ареалына айналған, қоғамның табиғи ортасы кеңістігі, адамдандырылған табиғат кеңістігі.
Социологиялық талдау үшін маңызды болып әлеуметтік кеңістіктің қашықтық, әлеуметтік дистанция сияқты көрсеткіші табылады. Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға американ социологы және психологы Дж. Морено және американ социологы Э. Богардус енгізген. Әлеуметтік дистанция - бұл физикалық мағынадағы қашықтық емес, индивидтер, топтар және басқа да қауымдастықтардың жақындығы дәрежесі, олардың байланыстарының тығыздығы, сондай-ақ, әлеуметтік дистанция - бұл психологиялық өзара қатынас (өзара түсіністік, симпатия, антипатия, т.б.). Социологтар барланған жақындық метафорасын пайдаланады, оның мәні - егер жақындықтың белгілі бір көлемі болмаса, әлеуметтік шындық та болмайтындығында. Мореноның пікірінше, қоғамда ерекше фактор - әлеуметтік өзара қатынас, теле, сезімнің қарапайым бірлігі өмір сүреді, ол бір адамнан екінші адамға беріліп қана қоймай, олардың қарым-қатынастылығын да анықтайды. Егер метафораны тағы да қолдансақ ол - әлеуметтік алаң болады.
Сонымен, қоғам жүйелі. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл - әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).
Қоғамның ерекше белгісі - оның автономиялылығы және өзін - өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу - оның мөлшеріне қарамастан өзінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі шешім әзірлеу және қабылдау
Әлеуметтану және саясаттану
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Саяси жүйе туралы
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Пәндер