Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Кафедра:
РЕФЕРАТ
Пәні :
(пәннің аты)
Тақырыбы:
Жетекшісі:
(аты-жөні)
(қолы) (күні)
Студент:
(тобы)
(аты-жөні)
(қолы) (күні)
Қарағанды 2014
Жоспар
Кіріспе
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық, саяси, әлеуметтік мәні
Инфрақұрылымның жіктелуі. Инфрақұрылым элементтері және оның функциялары
Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымның кейбір элементтерін басқарудың ерекшеліктері
Қорытыңды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі уақытта республикада көптеген нарық инфрақұрылым объектілері - банктер, қор және тауар биржалары, аудиторлық, консалтингтік, сақтандыру, лизингтік, жарнамалық, ақпараттық, телекомуникациялық, маркетингтік зерттеу компаниялары қызмет етуде. Бірақ, толықтай жүйе ретінде жұмыс жасау үшін қажетті бірқатар инфрақұрылым топтарын өңдеу мен жаңа еңгізулер әлі аяқталмаған. Ақша - несие және қаржы жүйесін тұрақтандырып, оны әрі қарай жетілдіру тікелей қаржы нарығының инфрақұрылым дәрежесіне байланысты. Өйткені, 2003 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер саны 36, ал шетел капиталының қатысы бар банктер саны 16. Қазақстандағы ЖІӨ-ге деген банк жүйесіндегі активтердің қатысуы қазіргі уақытта 37, 7 % құрайды, ал көптеген дамыған елдерде 200-300% құрайды. Қаржы секторын нығайту келесі бағытта жүргізілу ұсынылады: банктік қадағалауды күшейту, банктерді реабилитациялау, қаржылық және операциялық қызметті қайта құру, несие алу мен қолданудың ұйымдастырушылық - құқықтық шеңберін құру.
Қаржы нарығы инфрақұрылымының маңызды элементтерінің бірі болып бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Құнды қағаз нарығының толықтай қызмет етуі үшін мемлекет пен инвесторлардың қызығушылығы үйлестірілген құнды қағаз нарығын мемлекеттік қадағалайтын жүйе құру қажет. Құнды қағаз нарығын құру саласында қадағалаудың нормативті - құқықтық базасын жетілдіруі, белгіленген нарық инфрақұрылымын дамытуға, оның қызметін қадағалау және басқаруының институционалды жүйе құру бойынша бағдарламалық материалдар өңделіп жатыр.
Ақпараттық нарық инфрақұрылымының қазіргі ахуалын және дамуын айта кеткен жөн. Бәрімізге белгілі болғандай, қаржы секторындағы жұмыстар бірталай алға жылжыған болатын: мемлекеттік бюджетті құру мен орындауы бойынша ақпараттық жүйелер, салық пен кірістерді жинау, зейнетақы төлеу мен есепке алу, кедендік жүйе. Қазіргі уақытта келесі жүйелерді құру жұмыстары жүріп жатыр: жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер кадастыры, мекен-жай регистірі, заңды тұлғалар және т. б. 2003 жылы «Электронды-цифрлы қол қою мен электронды құжатайналым туралы» Заң қабылданып, «Ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» заң жобасы дайындалды. Электронды сауда, электронды бизнес терминдерінің қолданыс аясы қарқындау үстінде, ал қазіргі уақытта виртуалды ақпараттық саласының көмегімен электронды үкімет құрылды. Ол әкімшілік үрдістердін реинжинирингін ғана емес, сонымен қатар банк жүйесімен әрекеттесу үшін «төлем шлюзін», идентификациялы ұлттық жүйесі, базалық ақпараттық және интерактивтік қызмет көрсету және т. б. сияқты базалық компонеттерін қарастырады.
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
"Инфрақұрылым" термині латын сөзінен - "infra" - төмен, structura" -құрылым, орналасу дегенді білдіреді. Жеке жүйе ретінде нарыққа сәйкес инфрақұрылым - бұл қалыпты режимді қамтамасыз ететін нақты функцияларды орындайтын және нарыққа қызмет ететін кәсіпорындардың, қызметтердің, жүйелердің, институттардың жиынтығы немесе тауарлардың қозғалысы мен қызмет көрсетулерін, сату-сатып алу актілерін негіздейтін ұйымдастырылған құқықтық нысандардың жиынтығы. Нарықтық механизмнің дамуымен ел экономикасында сұраныс пен ұсынысты көрсететін ұйымдастырылған жүйені, жекелеген нарық қажеттілігін қанағаттандыру бойынша арнайы түрдегі іс-әрекеттерді қалыптастырудың қажеттілігі туындайды.
Нарықтық экономика табиғатына негізделген нарықтық типтегі (немесе кең мағынадағы нарықтық инфрақұрылым) инфрақұрылымның екі негізгі функциясын ажыратуға болады:
а) нарықтық экономика субъектілерінің өзара іс-әрекет пен шаруашылық өзара байланыстардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету.
б) тауар-ақшалы ағынның қозғалысын реттеу.
Нарықтық инфрақұрылым барлық экономиканың жүйесі ретінде өнімді қалыптастыруға қатыспастан экономикалық функцияларды (ең алдымен ресурстардың тиімді аккумуляциясы және олардан шаруашылық іс-әрекеттерінің өнімдерін қалыптастыру ретінде) орындау үшін мүмкіндіктер мен жағдайларды көрсетеді.
Реттеуші функция қамтамасыз етушіліктен туындайды, оның жалғасы болып табылады, бірақ оның ерекшелігі басқаша, тікелей қарама қарсы болып келеді. Ол ең алдымен сыртқы сипатта болады. Инфрақұрылым экономикалық жүйеде жүйелік болып табылатындығына қарамастан, бұл жүйе шаруашылық субъектілерінің өзара іс-әрекетінің үрдісіне ықпал етеді, яғни олар бір жағынан өзара әрекеттесе алмайды, басқа жағынан нақты жағдайларда қалпына келтіру үрдісіне мәнді ықпал етуге мүдделі болады. Осы өзіндік сапасына байланысты аталған функция белсенді болып табылады, ол өтпелі экономикалық жүйеде белгілі болады.
Нарықтық инфрақұрылым функциямен байланысты қызмет көрсетулерді ұсынады:
- тәуекелдік деңгейінің төмендеуі сақтандыру, аудиторлық іс-әрекет, консалтингтік, сертификациялық қызмет көрсету түрлеріне байланысты;
- сапалы әрі тез байланысты жұмыскерлер мен тасымалдаушыларды таңдау, брокерлік және маклерлік қызмет көрсетулер, факторинг есебінен айналыстағы құралдардың айналмалылығын тездету, жетілдірілген арнайы байланыс құралдарын қолдану. Құралдар айналымының жылдамдығына нәтижелі ықпал ететін маңызды факторлардың бірі әртүрлі экономикалық субъектілердің төлемдерді қабылдау, жіберу және беру жұмыстары бойынша банктік жүйенің тез және үзіліссіз қызмет етуі болып табылады:
- кәсіпорынды жалдау және лизинг қызметтерінің кеңеюі, бағалы қағаздар эмиссиясы, менеджмент саласында қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау есебінен дамыту; шағын және орта кәсіпорындарды әрі қарай дамыту;
- нақты нарық сыйымдылығы, тұтынушылардың сұранысын анықтау бойынша қолданбалы зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, жарнамалар мен басқа да қозғалыс құралдарын қолданып, тауарлар мен қызмет көрсетулердің тұтынушыға дейін жеткізілуі бойынша маркетингке көмек көрсету.
Сондықтан инфрақұрылым өзінің функцияларына байланысты тек өзіне қатысты механизмнің, экономиканың тиімділігін қамтамасыз етеді. Тиімділіктің бұл бөлігін жасырын тиімділік деп атауға болады, себебі оған шығын мен нәтижені қатар қоюда тікелей және үздіксіз әдістер қолданылмайды.
Нарықтық инфрақұрылым - бұл қаржы, тауарлы, шикізаттық, ақпараттық, технологиялықи, интеллектуалды ресурстардың еркін айырбасына жағдай туғызатын жүйе. Нарықтық инфрақұрылым нарықтық экономиканың дамуындағы айырылмас бөлігі бола тұрып, көбінесе оның іске асырылған және бәсекелестік мүмкіндігін анықтауышы болып табылады.
Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық белгіленуі, жекелеген нарық субъектілерінің жақсы жұмыс атқаруына қажет ұлттық шаруашылығының нарықтық функционалды бөлігін, нарықтық элементтерімен қамтамасыз етуінен тұрады. Бұл функцияны, орындай келе, нарықтық инфрақұрылым бұрын халық шаруашылығының жоспарлауына тән болған, жартылай реттеуші роль атқарады.
Нарықтық инфрақұрылымның саяси белгіленуі мемлекеттік мекемелер жағынан жанама басқаруға қатысты ықпал етуін нақты қадағалайтын, тұрақты жұмыс жүргізетін шаруашылық компонеттер құрудан тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар нарықтық инфрақұрылымның қызметінде белсенді қатысып, өндірістік қатынастардың мінезін анықтап және оны ұлттық экономиканың саяси шараларын өмірге әкеледі.
Нарықтық инфрақұрылымның әлеуметтік белгіленуі, халықтың жұмыспен қамтылу мүмкіндігінің артуы мен қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әрбір қоғам мүшесінің өзіне сай келетін орнын таңдаудағы еркіндігімен көрінеді. Әртүрлі қызмет көрсетуді ұсынатын делдал кәсіпорындар жұмысының спецификасы, ол жұмыспен айналысу үшін терең білім мен біліктілікпен қатар творчесвалық ыңғайын таба білуді талап етеді.
Инфрақұрылым - бұл негізгі нарық үрдістері, сатушы мен тұтынушының өзара ізденістері, тауарқозғалысын, тауардың ақшаға айырбасын, ұйымдаструшылық-материалдық қамтамасыз ететін және осы делдал құрылымдарының қаржы-экономикалық қызметінің саласын белгілейтін категория болып табылады.
Нарықтық инфрақұрылымның 4 негізгі функцияларымен байланысты қызмет көрсетеді:
- Әртүрлі сақтандыру, аудиторлық қызмет, консалтингтік, сертификациялау бойынша қызмет көрсету түрлері арқылы қауіп-қатер дәрежелерін төмендету;
- Айналымдағы құралдардын айналымын факторинг, брокерлік және маклерлік қызмет көрсету арқылы, жұмыскерлер мен мердігерлердің тез әрі сапалы келісімдік нысанда тандау арқылы, арнайы жетілдірілген байланыс құралдарын қолданып отыру есебінен тездету. Айналымдағы құралдардын айналымының жылдамдығының әсер етуші маңызды факторлардың бірі болып, әртүрлі экономикалық субъектілердін төлемдері мен қаражаттарын қабылдау, аудару мен беру бойынша тез және тоқтаусыз жұмыс істейтін банк жүйесі болып табылады;
- Жалға алу мен лизинг, құнды қағаздардың эмиссиясы, менеджмент саласындағы жұмыскерлердің кәсіби дайындығын арттыру мен қайта даярлау, инжиниринг, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту сияқты қызметтердің аясын кенейту арқылы кәсіпорындарды дамуты.
- Тауар мен қызметтерді жарнама мен басқа да қозғаушы құралдарды қолдана отырып, тұтынушы сұранысын және нақты нарық сыймдылығын зерттеулері бойынша қолданбалы зерттеу жұмыстардын қолданып, тұтынушыларға дейін жеткізу арқылы маркетингті қолдау.
Қазіргі уақытта республикада көптеген нарық инфрақұрылым объектілері - банктер, қор және тауар биржалары, аудиторлық, консалтингтік, сақтандыру, лизингтік, жарнамалық, ақпараттық, телекомуникациялық, маркетингтік зерттеу компаниялары қызмет етуде. Бірақ, толықтай жүйе ретінде жұмыс жасау үшін қажетті бірқатар инфрақұрылым топтарын өңдеу мен жаңа еңгізулер әлі аяқталмаған. Ақша - несие және қаржы жүйесін тұрақтандырып, оны әрі қарай жетілдіру тікелей қаржы нарығының инфрақұрылым дәрежесіне байланысты. Өйткені, 2003 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер саны 36, ал шетел капиталының қатысы бар банктер саны 16. Қазақстандағы ЖІӨ-ге деген банк жүйесіндегі активтердің қатысуы қазіргі уақытта 37, 7 % құрайды, ал көптеген дамыған елдерде 200-300% құрайды. Қаржы секторын нығайту келесі бағытта жүргізілу ұсынылады: банктік қадағалауды күшейту, банктерді реабилитациялау, қаржылық және операциялық қызметті қайта құру, несие алу мен қолданудың ұйымдастырушылық - құқықтық шеңберін құру.
Қаржы нарығы инфрақұрылымының маңызды элементтерінің бірі болып бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Құнды қағаз нарығының толықтай қызмет етуі үшін мемлекет пен инвесторлардың қызығушылығы үйлестірілген құнды қағаз нарығын мемлекеттік қадағалайтын жүйе құру қажет. Құнды қағаз нарығын құру саласында қадағалаудың нормативті - құқықтық базасын жетілдіруі, белгіленген нарық инфрақұрылымын дамытуға, оның қызметін қадағалау және басқаруының институционалды жүйе құру бойынша бағдарламалық материалдар өңделіп жатыр.
Ақпараттық нарық инфрақұрылымының қазіргі ахуалын және дамуын айта кеткен жөн. Бәрімізге белгілі болғандай, қаржы секторындағы жұмыстар бірталай алға жылжыған болатын: мемлекеттік бюджетті құру мен орындауы бойынша ақпараттық жүйелер, салық пен кірістерді жинау, зейнетақы төлеу мен есепке алу, кедендік жүйе. Қазіргі уақытта келесі жүйелерді құру жұмыстары жүріп жатыр: жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер кадастыры, мекен-жай регистірі, заңды тұлғалар және т. б. 2003 жылы «Электронды-цифрлы қол қою мен электронды құжатайналым туралы» Заң қабылданып, «Ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» заң жобасы дайындалды. Электронды сауда, электронды бизнес терминдерінің қолданыс аясы қарқындау үстінде, ал қазіргі уақытта виртуалды ақпараттық саласының көмегімен электронды үкімет құрылды. Ол әкімшілік үрдістердін реинжинирингін ғана емес, сонымен қатар банк жүйесімен әрекеттесу үшін «төлем шлюзін», идентификациялы ұлттық жүйесі, базалық ақпараттық және интерактивтік қызмет көрсету және т. б. сияқты базалық компонеттерін қарастырады.
Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық, саяси, әлеуметтік мәні
Нарықтық инфрақұрылым институттары инвестициялау, шаруашылық қызметтердің түрлі жақтарын сақтандыру салаларында делдалдық қызмет көрсетулермен айналысады, сенім білдіру операцияларын жүргізеді. Сондай-ақ, инфрақұрылым макроэкономикалық реттеу кезінде: оның көмегімен мемлекет инфляцияға қарсы іс-шараларды, еңбекпен қамту саясатын жүзеге асырады, экономиканың циклды тербелістеріне қарсы тұрады.
Инфрақұрылым нарықтық субъектілердің іс-әрекеттерінің өркениеттік сипатын қамтамасыз етуге бағытталған, оның элементтері субъектілерге жай ғана бекітіліп берілмеген, олардың өздері нарықтық қатынастар арқылы туындаған.
Осылайша, нарықтық экономикалық инфрақұрылым экономикалық жүйенің толығымен мәнді қызмет етуіне ықпал етеді.
Нарықтық инфрақұрылым нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар бұл орта тұрғындардың тепе-тең еңбекпен қамтамасыз етілуін қамтамасыз ететін және жұмыс орындарын құру үшін маңызды мәнге ие күрделі әрі жоғары біліктіліктегі еңбек сыйымдылығын білдіреді.
Нарықтық инфрақұрылымның экономикалық тағайындалуы нарық субъектілерінің сәтті жұмыс жасауы үшін қажетті, нарықтық сигналдармен ұлттық шаруашылықтың бір бөлігін жабдықтауға арналған. Бұл функцияны орындай отырып, нарықтық инфрақұрылым ертеректе халық шаруашылығын жоспарлауға тән болған координациялық рөлді жүзеге асырады.
Нарықтық инфрақұрылымның саяси тағайындалуы мемлекеттік мекемелер тарапынан жанама басқаруда ықпал етуге негіздейтін тұрақты қызмет ететін шаруашылық кешенін құрудан көрінеді. Сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымның қызметіне белсенді түрде қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар өндірістік қатынастардың сипатын анықтайды және ұлттық экономикалық саясат шараларын өмірде үздіксіз жүзеге асырып отырады.
Нарықтық инфрақұрылымның әлеуметтік тағайындалуы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесінде қоғамның әр мүшесінің өзіне сай орнын еркін таңдауынан және халықтың еңбекпен қамтылу мүмкіндігінің кеңеюінен көрінеді. Әртүрлі қызмет көрсететін делдалдық кәсіпорындардың өзіне тән жұмыстарын жүзеге асыру барысында тек терең білім мен кәсібилік қана емес, сонымен қатар шығармашылық қасиет талап етіледі.
Көптеген кәсіпорындар тауарлар өндірісі мен жаппай қызмет көрсетулер арқылы нарықтық инфрақұрылым қызметтеріне сәйкес келетін іс-әрекеттерді де орындайды. Сондықтан нарықтық инфрақұрылым объектілеріне нарықтық инфрақұрылымның қандай да бір функциясын жүзеге асыратын барлық кәсіпорындарды жатқызуға болады. Нарық жағдайында әрбір мәміленің жасалуын қамтамасыз ететін әртүрлі қызмет көрсетулердің қажеттілігі аса үлкен. Нарықтық инфрақұрылым - бұл қаржылық, еңбектік, тауарлық, шикізаттық, ақпараттық, технологиялық, шығармашылық ресурстарының еркін алмасулары үшін жағдай жасайтын жүйе.
Инфрақұрылымдық кешеннің қазіргі уақытта толыққанды даму ортасы үшін келесідей бағыттағы іс-әрекеттер бағдарламасы дайындалу қажет:
- кәсіпорындардың бәсекелестігі үшін қолайлы жағдай жасау;
- экономикалық өсудің және оларға жүктелген функциялардың шартсыз орындалуының негізгі міндеттерін шешу үшін кәсіпорындарды ынталандыру;
- нарықтық инфрақұрылымның объектілерін приоритетті дамыту үшін шет елдік инвестицияларды тарту;
- нарықтық инфрақұрылым объектілеріне қажет мамандықтар бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік беретін және қамтамасыз ететін, нарық талаптарының есебінен білім алу мәселелерін шешу.
Инфрақұрылымның жіктелуі. Инфрақұрылым элементтері және оның функциялары
Қазіргі уақыттағы нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері: биржалар (тауарлық, шикізаттық, қорлық, валюталық), олардың ұйымдық-рәсімделген делдалдары; аукциондар, жәрмеңкелер мен басқа да ұйымдық нысандағы биржалық емес делдалдар; кредиттік жүйе және коммерциялық банктер; эмиссиялық жүйе және эмиссиялық банктер; халықтың еңбекпен қамтылуын реттеу жүйесі және еңбекпен қамтуға ықпал ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес орталықтар; ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; коммерциялық шаруашылық тәуекелділіктен сақтандыру жүйесі және сақтандыру компаниялары; арнайы жарнама агенттіктері, ақпараттық орталықтар және бұқаралық ақпарат құралдарының агенттігі; сауда палаталары, басқа да қоғамдық, ерікті және іскерлік ортадағы мемлекеттік бірлестіктер (ассоциациялар) ; кеден жүйесі; жалдамалы қызмет бойынша жүмыс істейтін кәсіподақтар; коммерциялы-жәрмеңкелік кешендер; жоғары және орта экономикалық білім жүйесі; аудиторлық компаниялар; консультативтік (консалтингтік) компаниялар; іскерлік белсенділікке ұмтылдыруға арналған қоғамдық және мемлекеттік қорлар; - еркін кәсіпкерліктегі арнайы орталар.
1. Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында инфрақұрылым маркетингпен, жарнамалармен айналысатын, нарықтық ақпаратты қатысушыларына ұсынатын тауар биржаларымен, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарымен, фирмалармен көрсетілген. Инфрақұрылымның бұл бөлігі өндіруші мен тұтынушы арасындағы аса ауқымды экономикалық кеңістікті қамтиды ; оның қызмет етуі тұтынушыларға жұмыс істеуін, реттелуін қамтамасыз етеді. Бұл инфрақұрылым сұраныстан түсетін сигналдарды реттейді және тауар нарығында тепе- теңдікті қамтамасыз етеді.
2. Еңбек нарығында инфрақұрылым болып еңбек биржалары, қызметкерлерді оқыту мен қайта біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін жүйелер табылады.
3. Бағалы қағаздар нарығында бұл ең алдымен акциялар мен облигациялар сатылатын және сатылып алынатын қорлық биржалар болып саналады. Инвесторлар мен жинақтаушы салымшылардың біріктіре отырып, биржа салааралық және аймақаралық капиталдардың құйылуларына ықпал етеді.
4. Кредиттік нарықтағы инфрақұрылым - бұл қазіргі кездегі екі деңгейлі банктік жүйе (орталық банк және коммерциялық банктер), сақтандыру компаниялары және еркін ақша құралдарын белсендіруге қабілетті және оларды кредитке айналдыра алатын әртүрлі қорлар.
5. Мемлекеттік қаржылар (республикалық және жергілікті бюджеттер) нарық инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылады. Бюджеттер салық арқылы, сондай - ақ шығындар арқылы мемлекетке нарық ұсынатын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
6. Инфрақұрылымның келесі элементі - бұл нарықтағы қатысушылардың өзара іс-әрекетін реттейтін құқықтық жүйе, заңдылық. Құқықтық жүйенің болмауы немесе әлсіз дамуы нарықты «жабайы», ал экономиканы қылмыстылыққа айналдырады.
7. Тұрғын үй нарығы. Мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіруге байланысты барлық тұрғын жайларды қамтитын тұрғын үй нарығын «келісім бойынша» көлеңкелі сату немесе алмастыру зоналарын күтуге болады. Тұрғын үй нарығы - бұл мүлік нарығының бір бөлігі.
8. Еңбек немесе жұмыс күші нарығы. Жұмыс күші нарығының дамуы әр жеке адамға өзінің таңдауы, ниеті және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісім негізінде өз жұмыс күшін еркін сатуына құқық береді. Еңбек нарығы басқарушыларды, жұмыскерлерді, фирма басшыларын, білікті және білікті емес қызметкерлерді қоса алғанда барлық қызметкерлердің сату - сатып алу қызмет көрсетулерін білдіреді. Бұл нарықтың маңызды механизмі жұмыс күшіне сұраныс мен ұсыныс қалыптасатын еңбек биржалары болып табылады.
9. Өндіріс факторлары нарығының басқа құрамдас бөлігі болып нақты капитал нарығы алынады, оған ең алдымен өндірістік тағайындалған немесе халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы тағайындалмаған, бірақ жанама негіздерде (құрал - жабдықтар, машиналар, технологиялар, шикізат, материалдар жеткізіп беру арқылы) қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған тауарлар мен қызмет көрсетулерді жатқызуға болады.
Берілген нарық типінің түрлеріне технологияның, техниканың, шаруашылық және әлеуметтік экономикалық үрдістерді ұйымдастыру мен басқару жүйелерінің жетілдірілгендігін анықтайтын ғылыми өндірістің өнімдерін жатқызуға болады. Бұл фундаменталды және қолданбалы зерттеулер саласында тәуекелдіктің жоғары деңгейімен байланысты жаңадан жабдықталған инвестициялық материалдар мен тауарлар, өте жоғары интеллектуалдық және шаруашылық еңбек сипатты болып келетін нарық. Сату- сатып алудың объектісі болып патенттер, лицензиялар, ноу-хау (білім және тәжірибе), инжиниринг, тәжірибелі үлгілер және т. б. табылады.
10. Нарықтың басқа құрылымдық бөлшегі жер нарығы болып табылады.
Жер ретінде тек ауылшаруашылық өндірісіне, құрылысқа немесе басқа да қажеттіліктерге арналған жер учаскелері ғана емес, сонымен қатар жер қойнауы, пайдалы қазбалар да түсіндіріледі. Сондықтан жер нарығында ауылшаруашылық өкілдері де, құрылыс индустриясының өкілдері де, өнеркәсіп, мемлекеттік құрылымның өкілдері де кездеседі. Бұл нарықта жасалатын мәселелердің көпшілігі жерді сату- сатып алумен ғана байланысты емес, тек жерді белгілі бір мерзімге жалға берумен де байланысты. Бұл жағдайда меншік құқығы рента арқылы иеленетін экономикалық қатынастарды жүзеге асыратын меншік иесінде қалдырылады. Жаңа жалдап алушы-егісі жалдау келісімінің мерзіміне абсолютті түрде меншік құқығына ие болады, бірақ ол үшін жалдап алушы жыл сайын нақты меншік иесіне ренте төлеп тұруға міндетті болады. Жер рентасын беру жерге меншікті жүзеге асыратын экономикалық нысаннан көрінеді. Жер нарығында рента жердің өзіндік құны түрінде қатысады.
11. Ақша мен валюта нарығы. Егер әдеттегі тауар нарығында ақша тауарды айырбастаудағы делдалдық функцияны орындаса, ал қаржы нарығында ақшалардың өздері толыққанды тауар болып қалады, оларды пайдалану құны нарық заңына сәйкес сұраныс пен ұсыныс негізінде тұрақтандырылады. Ол процент түрінде болады, яғни ссуда түрінде ұсынылатын кіріс негізінде көрініс табады. Ақша ұсынысы ең алдымен халықтың жинақтауынан, кәсіпорындар мен ұйымдардың салымдарының есебінен қалыптасады. Ақша сұранысы олардың иелерінің процент алу ұмтылысына негізделген. Валюта нарығын қалыптастыру әлемдік, мемлекеттік еркін және аукциондық курстар бойынша валюталар сатылатын және сатылып алынатын қорлық және валюталық биржалардың құрастырылуын талап етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz