«Қазақ» қайдан пайда болған?
1. «Қазақ» сөзі не мағына береді?
2. «Сақ» деген халық болған ба?
3. «Қазақ» . жауынгерлік ұғым.
4. Қазақшылық құрудың тарихы.
5. «Қазақ» сөзі . жауынгерлік ұғым.
6. «Казак.орыстың» пайда болу тарихы.
7. Қазақ хандығы қандай рухани құндылыққа құрылды.
Қорытынды.

Қазақ тарихын зерттеу - «қазақ» сөзінің мағынасын білуден басталады. Қазақтың қайдан пайда болғаны, қандай рухани құндылыққа бірігіп халық ретінде ұйысқаны: бәрінің жауабы осы сөздің ішінде жасырулы. Бүгінгі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған. Мысалы, 1) «қаз-ақ», яғни «ақ-қаз» деп; 2) «қазғыш-добытчик» деп; 3) «қай-сақ», «қас-сақ», яғни түбірі «сақ» тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Мұндағы «қас-сақ» деген болжалды дұрыстау деп санап, қисынсыздығына көз жұмып, «қазақстан тарихы» оқулығына ендіріп те жіберген.
2. «Сақ» деген халық болған ба?
«Сақ» деген атау қайдан шықты, не мағына береді? - деп іздеп көрелікші. «Сақтар» жайлы негізгі дерек көзі – бұл, б.з.б.522-486ж. өмір сүрген парсы патшасы І Дарийдің бұйрығымен сына тәріздес әріппен ойылып жазылған Бехистун жартасындағы бедер. Онда, парсы патшалары Кир, Дарий, Ксеркстердің жорықтары дәріптеліп, ал қарсыласы-«көшпелілерді» кемсіту үшін «сақ» сөзін пайдаланған екен. Кемсіту екеніне төмендегі деректен айқын көз жеткізуге болады.
«Сақ» сөзі парсыша «ит» деген мағына береді екен. Яғни, көшпелілерді, мал соңында жүретін ит сияқты, деп кемсіткен. (Бақтияр Әбілдаұлының «Қас-сақ» атты мақаласын қараңыз: «Жалын» журналының 2004жылғы №10-санында, 47-бетте).
Яғни, «сақ» сөзі б.з.б. ҮІ-ІҮ ғасырлардағы парсы патшаларының көшпелілерге қойған кемсіту атауы. Бірақ парсы халқы «көшпелілерді» «тур» деп атапты. Сол заманадағы парсылардың «Заратуштра» дінінің «Авеста» атты кітабына қарасақ, онда Орта Азиялық көшпелілерді «сақ» демеген, «турлар», «жүйрік атты турлар» деп жазған. Яғни, парсы патшалары «сақ» деп кемсіткен көшпелілерді діндарлары «тур» депті.
* Ежелгі мал өсіруші тур тайпасынан «турлар елі» деген мағына беретін «Тұран» сөзі пайда болған.(Алматыда 2007жылы басылған Г.В.Кан. Н.У.Шаяхметовтың «Қазақстан тарихы» оқулығының 25-ші бетінде).
Тур (яки, тұр), Тұран, Түрік деген атаулар сабақтастығына қарасақ «Авеста» кітабында көшпелі елді «тур» деп халықтың төл атауымен жазғанына көз жеткіземіз. Дегенмен, б.з.б. Ү-ІҮ-ғасырларда айбыны асып тұрған парсы патшасының көшпелілерге қойған кемсіту атауы да ізсіз кетпесе керек. Аталған көшпелілердің парсыларға етене жақын оңтүстік бөлігіндегілерге «сақ» атауы, шамада б.з.б.ІІ-ғасырға дейін жапсырма, қосалқы атауға

Қазақ қайдан пайда болған?
1. Қазақ сөзі не мағына береді?
Қазақ тарихын зерттеу - қазақ сөзінің мағынасын білуден басталады. Қазақтың қайдан пайда болғаны, қандай рухани құндылыққа бірігіп халық ретінде ұйысқаны: бәрінің жауабы осы сөздің ішінде жасырулы. Бүгінгі тарихшылар бұл сөздің не мағына беретінін дәл таба алмай сан-саққа апарып, қисынсыз жорамалдар шығарған. Мысалы, 1) қаз-ақ, яғни ақ-қаз деп; 2) қазғыш-добытчик деп; 3) қай-сақ, қас-сақ, яғни түбірі сақ тайпасының атауы деп, үйлестірмек болады. Мұндағы қас-сақ деген болжалды дұрыстау деп санап, қисынсыздығына көз жұмып, қазақстан тарихы оқулығына ендіріп те жіберген.
2. Сақ деген халық болған ба?
Сақ деген атау қайдан шықты, не мағына береді? - деп іздеп көрелікші. Сақтар жайлы негізгі дерек көзі - бұл, б.з.б.522-486ж. өмір сүрген парсы патшасы І Дарийдің бұйрығымен сына тәріздес әріппен ойылып жазылған Бехистун жартасындағы бедер. Онда, парсы патшалары Кир, Дарий, Ксеркстердің жорықтары дәріптеліп, ал қарсыласы-көшпелілерді кемсіту үшін сақ сөзін пайдаланған екен. Кемсіту екеніне төмендегі деректен айқын көз жеткізуге болады.
Сақ сөзі парсыша ит деген мағына береді екен. Яғни, көшпелілерді, мал соңында жүретін ит сияқты, деп кемсіткен. (Бақтияр Әбілдаұлының Қас-сақ атты мақаласын қараңыз: Жалын журналының 2004жылғы №10-санында, 47-бетте).
Яғни, сақ сөзі б.з.б. ҮІ-ІҮ ғасырлардағы парсы патшаларының көшпелілерге қойған кемсіту атауы. Бірақ парсы халқы көшпелілерді тур деп атапты. Сол заманадағы парсылардың Заратуштра дінінің Авеста атты кітабына қарасақ, онда Орта Азиялық көшпелілерді сақ демеген, турлар, жүйрік атты турлар деп жазған. Яғни, парсы патшалары сақ деп кемсіткен көшпелілерді діндарлары тур депті.
* Ежелгі мал өсіруші тур тайпасынан турлар елі деген мағына беретін Тұран сөзі пайда болған.(Алматыда 2007жылы басылған Г.В.Кан. Н.У.Шаяхметовтың Қазақстан тарихы оқулығының 25-ші бетінде).
Тур (яки, тұр), Тұран, Түрік деген атаулар сабақтастығына қарасақ Авеста кітабында көшпелі елді тур деп халықтың төл атауымен жазғанына көз жеткіземіз. Дегенмен, б.з.б. Ү-ІҮ-ғасырларда айбыны асып тұрған парсы патшасының көшпелілерге қойған кемсіту атауы да ізсіз кетпесе керек. Аталған көшпелілердің парсыларға етене жақын оңтүстік бөлігіндегілерге сақ атауы, шамада б.з.б.ІІ-ғасырға дейін жапсырма, қосалқы атауға айналған сияқты.
* Геродот(б.з.д.484-425ж) сақтар туралы сөз еткенде, көшпелі скифтерді парсылар сақтар деп атайды, деп жазған. (Бақтияр Әбілдаұлының аталған мақаласында, 47-бетте)
* Қытай тарихшылары дерегінде, шамада б.з.д.ІІ-І-ғасырларда, Орта Азияда түркітілді ғұн, қаңлы, үйсін, нүкіс (яки нүтша, яки иозы) елдері жайлағанын және сака елі олардан жеңіліп, билеуші тайпасының ығысып оңтүстіктегі Памир тауынан әрі босып кеткені, бүгінгі Ауған, Тәжік жеріне ауып барғаны жайлы жазылған. Қытай деректеріне сенсек, бүгінгі тәжік пен ауған халқының үлкен бөлігі - сакалардан тараған тұқым. Ең қызығы, ауған мен тәжіктер, өздерінің арғы аталарының Орта Азиядан ауып келген көшпелілер екенін мойындағанымен сақтың ұрпағымыз демейді. Қытай қытай тарихшылары дерегі бойынша, қазақ халқы - бұл, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының тұқымы екен. Яғни, сақ атты тайпа болған күнде оның қазаққа қатысы мүлде болымсыз болмақ.
Сақ атауы б.з.д. І-ғасырдан кейінгі тарихи деректерде мүлдем жоқ. Бұл түріктердің өркендеуі кезеңі еді. Яғни, алдымен Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері дәуірлесе, кейін батысы Каспий мен Қара теңізге дейін, ал шығысы Қытай мен Корей түбегіне дейін созылған Ұлы Түрік қағанатын құруға бет алған кез. Ендеше, оларды көшпенді сақ(ит) деп кемсітуге парсылардың дәті бармаса керек.
Парсы тілінде сақ пен қазақ сөздері мүлдем бөлек ұғымдар екен. Яғни, сақ сөзі - ит, ал қазақ сөзі - батыр, жауынгер деген ұғымда.
* Парсылар, ХХ ғасырдың 20 жылдары ағылшын отаршыларына қарсы көтеріліс жасаған әскерлерін қазақтар деп атағандығы туралы Иран тарихы деген кітапта (Алматы 2002ж, Зерде баспасы) талай деректер келтірілген. Парсылар казарманы (әскери жатақхананы) әлі күнге дейін қазақхана дейді. (Бақтияр Әбілдәұлының жоғарыда аталған мақаласында)
Яғни, парсылардың өз батырларын қас-сақ (сақ-ит) демейтіні, керісінше қазақ -жауынгер деп отырғаны түсінікті болар.
Жоғарыдағы деректер, 1-шіден, сақ деген халықтың болмағанын; 2-шіден, қазақ сөзінің сақ сөзіне еш қатысы жоқ жауынгерлік ұғым екенін көрсетеді. Ендеше, оның қандай жауынгерлік ұғым екенін ашып көрейік.
3. Қазақ - жауынгерлік ұғым.
Қазақта қаза деген қастерлі сөз бар. Өлімнің бәрін қаза демейді. Мәселен, майданға қатыспай өз үйінде жатып көз жұмған кісіні қаза тапты деп айтпайды: қайтыс болды, бақилық болды, дәм-тұзы таусылды дегендей басқа сөздермен сипаттайды. Қаза - бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған кісіні ел-жұрты батыр деп дәріптеп, жоқтап аза тұтқан. Яғни, қаза табу - жауынгердің ғана маңдайына жазылған ақ өлім.
Қаза сөзіне ақ дегенді жалғасақ қазақ сөзі шығады. 1-шіден қаза мен қаза-ақ деген дыбыстық үйлесімі, 2-шіден екеуінің де жауынгерлік ұғым болуы кездейсоқ сәйкестік емес. Бұл сәйкестікті қазбалай түссек, онда қаза сөзінен қазақ сөзінің қалай туындағанын пайымдай аламыз.
Қазақта Ердің орыны елдің шетінде, жаудың өтінде жүру! дейтін нақыл бар. Яғни, ерлер елдің шетіне шығып, иен далада әскери қосындар құрып ел қорғаған, және аңшылық жасап, жау елдерге шапқыншылық жасап өзінше күн көруге тиіс болған. Бұл түркі жұртының көнеден келе жатқан дәстүрі. Жаугершілік шерулер, майдан даласы дегенің қазасыз болмайды ғой. Яғни, иен далаға кетіп, жауынгерлікті кәсіп қылудың ұраны: Мен ел үшін қаза-ақ болуға бекіндім! дейтін өлімге бас тігу антымен басталса керек. Әлбетте, қаза-ақ болуға бекініп, ел шетіне шыққан әскери қауымды қазақшылық құрушылар, яки қазақтар деп атаған. Оларға, жауынгерлік тіршілік - кәсіп, соғыс - олжа көзі болған. Жауынгерлікті кәсіп ету нағыз ердің ісі саналған. Кәсіпқой жауынгер болу үшін бойында күші тасыған алып және ержүрек болуы керек. Денсаулығы мықты, өзіне сенімді ерлер ғана қазақшылық құра алған. Жігіт-желең кезінде қазақшылық құрып, ауырғанда және қартайғанда ел жұртқа барып бейбіт тірлік кешкен ерлер де аз болмаса керек. Бірақ, атышулы батырлар бүкіл өмірін қазақшылыққа арнап, үйлі-жайлы күйінде, әйел-баласымен де қазақшылық құрып жүре берген. Осындай батырлардың бастамасымен бүкіл отбасы, әулеті, тіпті ру-тайпасымен қазақшылық құрушылар пайда болған. Отырықшы тайпаның қазақшылық құруы, әлбетте, мүмкін емес. Яғни, қазақшылық құрушылар көшпелі тайпалар болған. Қазақ хандығы құрылмай тұрып-ақ, қазақ аталған көшпелі әскери тайпалар болғанын түрлі тарихи деректерден кезіктіреміз.
Қазақ аталатын тайпалар ешкімге тәуелсіз, ерікті, еркін тіршілік кешкен. Сахараның о шеті мен бұ шетіне дейін кезіп, шерулетіп жүре берген. Кімсіңдер, қайда барасыңдар? - дегендерге: қазақпыз! деген жалғыз сөзбен-ақ еркінше шерулетіп жүргенін түсіндіре алса керек. 1245-жылы Мәмлүктер билеген Мысыр мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде, қазақ сөзіне еркін, кезбе адам деген мән берілген екен. Жаугершілік заманда еркін, кезбе адам болып жүру жауынгердің ғана қолынан келгені анық. Қазақ дегеннің әскери қауым екенін айғақтайтын деректер де жеткілікті. Мысалы, парсы тарихшысы Шарафуддин Иааздидің Зафарнама атты еңбегінде: Дешті Қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған елді - Өлейіт чатур қазақ, деп атаған.
Одан беріде, Шағатай ұлысында қазақ аталатын әскери-тайпаның болғаны (көтеріліс жасағаны) жайлы, сондай-ақ, Ноғайханның да, әйгілі Ақсақ Темірдің де қарамағында қазақы әскері болғаны жайлы деректер бар. Сондай-ақ, қазақы соғыс өнері деген терминді тарихи деректерден кезіктіреміз. Әйгілі Ақсақ Темір қазақы соғыс өнерінің білгірі болған дейтін деректер бар.
Сонымен қатар, батырлар жырына (Алпамыс, Қобланды, т.б.) қарасақ, онда 10-20 жігіт-желеңнің жиылып, елден жеке шығып, шағын әскери қосындар құрғанын, яғни қазақшылық құруын көре аламыз. Жыр-дастандардағы баяндауларға қарасақ, жас жігіттер ата-анасынан рұқсат-батасын алып, сосын жалғыз атқа мініп, қарудан басқа ештеңе алмай әскери сапарларға шығады. Ер азығы мен бөрі азығы - жолда! деп азықсыз да жүре береді. Яғни, қазақшылық құруға желең шыққан жігітте далада тігетін киіз үйі де болмаған. Парсы тарихшыларының жазбаларындағы үйлі қазақ, үйсіз қазақ дейтін сөздері осыдан шықса керек. Мұндай шағын топтар көп жортуылдап, өзге елдерге, саудагерлерге тонаушылық шабуылдар да жасаса керек. Орыс, парсы, үнді т.б. елдердің тілінде қазақ сөзіне қарақшы дегенді қосақтайтын тіркестер кездеседі. Мысалы, казаки-разбойники. Мұны олар, түркі қазақтарының шапқыншылығына жиі ұшырау себебінен айтқан деп түсіну керек. Түркі халықтары тілінде қазақ пен қарақшы сөздерінің тіркесуі кездеспейді.
Бертіндегі, ХІІІ-ХҮ ғасырларда, қазақ сөзіне кезбелер, қашақтар, билеушіге қарсы шығушылар дейтін қысыр сөздерді кейбір Өзбек тарихшылары деректерінен кезіктіреміз. Шыңғысхан ұрпақтарының азғындаған заманында хандар билігіне бағынбай өзінше қазақшылық құратын тайпалар көбейіп, олар билеуші хандар езгісіне қарсылық көрсетіп, қаша жүріп соғысуы көбейген. ХҮ- ғасырда, Орда ыдырап, Ақ орда, Көк орда, Қырым хандығы, Қазан хандығы, Ноғайлы дегендей көптеген хандықтар бөлініп шыға бастаған кезде, Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақшылық құра шығып, даладағы қазақы тайпалардың көпшілігінің басын қосып, жаңа ел - Қазақ хандығын құрған. Алтын Орданың қалдығы болған Өзбек хандығы, әлбетте, қазақтардың жеке хандық құрғанын бөлінушілік деп санаған. Қазақ хандығы құрылған соң қазақ атауы әскери тайпаның емес, халықтың атауына айналған.
4. Қазақшылық құрудың тарихы.
Халық аңызына сенсек, қазақшылықтың бастауы Алашаханмен байланысты. Яғни, бір патшаның баласы денесінде ала дақтарымен туылыпты (Ақтаңдақ болса керек). Патша баласын жұртқа көрсетуден ұялып, бірнеше нөкерімен бірге иен далаға апарып тастапты. Бала далада ержетіп, батыр болып, қасына көп нөкер жиыпты. Нөкері көбейгесін Алашахан атаныпты. Алашаханның әскери күші әкесінің елінен басым болса да әкесіне қарсы соғыс ашпапты, қайта патша әкесінің елін сыртынан қорғаштап иен далада жүре беріпті. Әкесі қартайып қайтыс болғанда ғана әке тағына отырыпты, дейді халық аңызы. Алашаханның өмірбаяны ел шетінде жүріп ел қорғаудың, басқаша айтқанда қазақшылық құрудың айқын көрінісі емес пе?!
Алашаханның қай заманда тіршілік еткенін нақты айту қиын. Бір аңызда Алашаханның әкесі Абдолла хан, екіншісінде Қызыл Арыстан, үшіншісінде Абдул-Азис деп кете береді.
6* Әбілғазы ханның Түрік шежіресінде: Нұхтың баласы Яфет (оны Абылжа хан дейді), одан Түрік, одан Түтік, одан Елшехан, одан Диб Бануй, одан Алаша хан, ал одан екі ұл - Татар мен Моңғол тарайды деп көрсетілген.
Құрбанғали Халид болса Тауарих хамса кітабында Алаша хан - жалпы хұндардың бабасы, моңғол-татардың атасы деп жазған.
Яғни, Алаша атын түрлі дәуірлерге қатысты шежірелерден көріп қаламыз.
ХҮ-ХҮІ-ғасырда Ұлытауда Қасымхан Алаша-ханға кесене салдырған. Мұнда, қазақ қауымының ішіне кірген әр текті рулар Алаша баласы болып, бірі ағалық, бірі інілік жолмен туыстық жүйе құрайды. Ең бастысы Шыңғысхан немесе Жошыханды емес, Алашаханды мемлекеттің символы етіп алу, туыстық идеологиясын соған бекіту жас Қазақ мемлекетіне мықты іргетас жасап берді. Алаша ұғымы содан бері қазақтан ажыраған жоқ.
(Ж.О.Артықбаевтың Алаш һәм Алаша хан атты мақаласынан үзінді.Бұл мақала, Алаш тарихи-этнографиялық ғылыми журналының №2(05),2006жылғы санында жарияланған, 34-45 беттерде.)
Касалар (қазалар) деген аттылылар жөніндегі деректер қытай тарихшыларының І-ІІІ ғасырлардағы жазбасында кездеседі екен. Сонымен, жоғарыдағы деректер бойынша, қазақшылық құрып жүретін ерлер І-ІІІ ғасырлардағы түркітектес ғұн, үйсін, қаңлы елдерінде де болған, Алашахан сол замандағы тұлға, деуге болады. Яғни, қазақшылық өте көне заманадан басталған дәстүр.
5. Қазақ сөзі - жауынгерлік ұғым.
Қазақ сөзін зерттеген Сәкен Сейфуллин атамыз Қазақ тарихынан қысқаша мағлұмат атты еңбегінде, Мұқаметжан Тынышбайұлы деген тарихшының еңбегіне сүйене отырып қисынын былайша өрбітеді:
* 1) Наков деген орыс шежірешісі: 1223-жылы Шыңғыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz