Ата Заң - Тәуелсіздігімнің айғағы (эссе)


Ата-заңым-тәуелсіздігімнің айғағы!
Кез-келген елдің, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын құжат- Конституция. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар- ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістер, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы- өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы қажет. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша Тәуелсіздік күннің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандар мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде күні бүгінге дейін бізге жеткізді. Бұл қасиетті шежіре- бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойынан жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу- бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.
Ата Заңның алғы сөзінде: «Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы . . . » деген сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде жатыр. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі уақыт ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі- Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы. жас өреннің сапалы білім алуы- стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Адам тұлға болып қалыптасқаннан бері ұлан-ғайыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болғаны бізге мәлім. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсті. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар- Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік- батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстік, оңтүстік- батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік- шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы- 13034 км. Қазақстан аумағының көлемі- 2 млн. 714, 9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы- кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Аустралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда- «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы- айшылық, Қаратауы- күншілік, » - деп толғаған.
Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі- адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол- Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтар егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы- Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігімнің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
Білім жағынан болсын, денсаулық саласында болсын көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, жаңалықтарға толы болдық. Біздің қайратты да салмақты спортшы ағаларымыз бен апаларымыз әлемдік додаларда үлкен жетістіктерге жетіп, туымызды биікке көтеріп, гимніміздің сан рет шырқалуына өз үлестерін қосты.
Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан- өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.
Егемендік алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды. Осы жылдар ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруыр шаруалар атқарылды. Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері- орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы- Конституциямыз, Тәуелсіздігіміздің айқын бейнесі мен Елдігіміздің символы- Ата Заң!
Ел болып, егемендік алуымыз, көк туымызды әлемге желбіретіп, Гимніміз дүлдүл додаларда шырқалуы, тұғыры мықты Ата Заңымыздың қабылдануы- осының барлығы Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздік пен Ата Заң- қос ұғым . Бұл екеуі- Тәуелсіз мемлекет деп аталатын алып ғимараттың алтыннан соғылған қос діңгегі секілді. Адамзат қоғамында өзіндік орны бар қай мемлекеттің болсын дербес және егеменді мемлекеттілігінің айғағы ретіндегі төл құжаты- Негізгі Заң.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін, біртұтастығын зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруда мемлекеттің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияның 3-бабында «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық» екендігі жазылған. Конституциямызда демократиялық институттардың дамуы мен өркендеуі, идеологиялық және саяси жағынан көптүрлілігі танылған. Қоғамдық бірлестіктер және адам заң алдында бірдей, Ата заңда жазылған барлық заңдарды бұлжытпай орындауға және заңға бағынуға тиісті. Ата Заңымызда адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, саяси, әлеуметтік, мүліктік құқықтарының қорғалуына мемлекетпен кепілдік берілген. Сонымен қатар, Конституциямызда адам құқықтарын ешкім айыра алмайтындығы айтылған.
Жаңарған Конституцияда бейнеленген түбегейлі реформалар- еліміздің қоғамдық-саяси дамудың жаңа бір баспалдағына қадам басқанның дәлелі. Мұның өзі біздің елімізде демократия мен азаматтық қоғамды дамыта отырып, оның дұрыс және оң саясаттың жүргізудің жемісі. Айта кететін жай, бұл Конституциямыз Қазақ елінің бесінші Конституциясы. Конституциялық жаңа өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан шынында президенттік-парламенттік республикаға айналып отыр. Негізгі Заңның рөлі мен ел өміріндегі алатын орны жылдар мен уақыт өткен сайын дамып тұғырланып келеді. Осыдан 18 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз ғасырлар бойы тағдыры тоғысқан көп этносты еліміздің баға жетпес алтын діңгегіне айналды. Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстан құлашын кеңге сермеп, өзінің дербес, қуаты мол, нарықтық экономикасы бар демократиялық және зайырлы мемлекет екенін барша әлемге танытты.
«Конституция- Қазақстанның өркені мен өрлеуінің негізі» деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзіне мен толықтай келісемін. Ата Заңымыздың арқасында ел тәуелсіздігінің нығаюын, экономикамыздың бүгінгі таңда дамуын, әлеуметтік-мәдени саласындағы табыстар және ұлтаралық, дінаралық келісімнің тұрақтылылығы, ел қауіпсіздігінің басты кепілі болғанын батыл түрде айтуға болады.
Жаңа Конституция елімізге жаңа бетбұрыс әкеліп қана қоймай, ол Қазақстанның тарихында бұрын-соңды болып көрмеген мүлде жаңаша заң шығарушы орган- қос палаталы Парламенттің тұсау кесуіне жол ашты. Он сегіз жыл шежіресі бар Ата Заңымыздың негізінде қолданыстағы заңдардың сақталуы жөніндегі шараларды орындайтын, қоғамды нығайтатын және басқаратын атқарушы билік пен соттың жаңа жүйесі құрыла отырып, осы бағытта өз жұмыстарын атқаруда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz