Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамыту


Кіріспе . . . 3
- Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері . . . 6Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудағы теориялық негіздер . . . 61-4 сыныптарға арналған «Математика» электрондық оқулық арифметикалық ұғымдарды оқытудардың мазмұны . . . 17
- Тәжірибе-эксперименттік жұмыстады ұйымдастыруды жолдары . . . 25Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамытуды эксперименттік -тәжірибе арқылы деңгейлері мен талаптары . . . 25Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудың әдістемелік нәтижесін анықтау, ұсыныстарын тәжірибеге ендіру . . . 41
Қорытынды . . . 45
Пайдаланған әдебиет . . . 47
Кіріспе
Елімізде саяси, әлеуметтік, эконимикалық өзгерістріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізу. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде . . . қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технологияны енгізу және тиімді пайдалану » - деп, ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл прцесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі : Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп тоқталып кеткен болатын. [1] .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесін жаңғырту барысында бізге келесі шараларды іске асыру маңызды. Біріншіден, оқу үрдісіне жаңа әдістемелер және технологияларды енгізу» деп айтқан болатын.
Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттері шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - біздің міндетіміз. Математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болып табылады. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: 1-4 сыныпта арифметикалық ұғымдарды тиімді игеру үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
Осы мақсатқа жету үшін біз алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- нақты мәселелер бойынша арнайы әдебиеттерді қарастыру;
- математика сабақтарында қолданылатын ақпараттық технологиялар түрлерін қарастыру;
- 1-4 сынып оқушыларының математика сабақтарында арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігін қарастыру;
- 1-4 сыныпта ақпараттық технологияларды қолдану жолдарын анықтау;
- эксперимент және бақылау сыныптарын таңдауда жүргізілген жұмыстарды сипаттау;
- констативті экспериментті өткізу;
- эксперименттің қалыптастырушы кезеңін жүргізу;
- бақылау кезеңдерін өткізу және оның нәтижелерін сипаттау;
- 1-4 сынып оқушыларының арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдануды эксперименттік түрде зерттеу.
Жаңалығы: математиканы оқыту үрдісінде арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану бойынша сабақтар конспектісін құрастыру.
Практикалық маңыздылығы: 1-4 сынып оқушыларының арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
Ғылыми мәселенің шешу жағдайының қазіргі бағасы : қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
Зерттеу пәні: 1-4 сыныпта арифметикалық ұғымдарды оқыту үрдісінде қолданылатын ақпараттық технологиялар.
Зерттеу объектісі : 1-4 сынып оқушыларын математикаға оқыту үрдісі.
Теориялық және әдістемелік негізі: 1-4 сынып оқушыларының арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану.
Болжамы - егер 1-4 сыныпта математика сабақтарында ақпараттық технологиялар қолданылса, онда оқушылардың арифметикалық ұғымдарды игеруі жеткілікті деңгейге жетеді.
Зерттеудің ғылыми әдістері: 1. Теориялық : зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы; 2. Эмпирикалық : оқушылардың әрекет өнімінің және құжаттарының талдауы, бақылау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сауалнама; 3. Қалыптастырушылық : педагогикалық эксперимент.
Қорғауға шығарылады:
- 1-4 сынып оқушыларының арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- арифметикалық ұғымдарды тиімді игеруі үшін ақпараттық технологияларды қолдану көрсеткіші мен жұмыс тәжірибесін жүргізу.
1. Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудағы теориялық негіздер
Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.
Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады.
«Ақпараттық технология» терминін академик В. М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты прцестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады [4] .
Енді осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік.
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Қазіргі мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлауға болады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2] .
1 сурет. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер
Оқыту технологияларына байланысты түсініктерді 1 суреттен көруге болады. Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Оқушылардың арифметикалық материалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада арифметикалық фигураларды салады. Келесі сабақта олар өздері фигураларды, тақтаға салып көреді.
Математика сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге математика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.
- Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
- Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
- Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін математика сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [5] .
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі - оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз [4] .
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) - ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Маңызды жаңа АКТ құралдары ретінде сәйкес программалық қамтамасыз етілген компьютер және ақпарат орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады.
Мүмкіндіктері онда орнатылған программалық қамтамасыз етумен анықталатын дербес компьютерлер кез келген білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін негізгі АКТ құралдары болып табылады. Программалық құралдардың негізгі категориялары - жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрал-саймандар. Жүйелік программаларға, біріншіден, дербес компьютер қолданушысының программалармен және барлық басқа програмалардың құрылғымен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін операциялық жүйелер жатады. Сонымен қатар, бұл категорияға қызметтік және сервистік программаларды да жатқызуға болады. Ал қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның инструментариі, яғни мәтінмен, графиктермен, кестелік мәліметтермен және т. б. жұмыс істейтін технологиялар болып табылатын программалық қамтамасыз ету жатады.
Білім берудің жаңашыл жүйелерінде әмбебап кеңселік қолданбалы программалар және АКТ құралдары: мәтіндік процессорлар, электронды кестелер, презентация дайындау программалары, МҚБЖ, органайзерлер, графикалық пакеттер және т. с. с. кең тараған.
Компьютерлік желілердің және басқа АКТ құралдарының арасындағы баламалары пайда болуынан білім беру жаңа сапаға ие болды. Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болды. Интернет ауқымды желісі арқылы әлемдік ақпарат ресурстарына (электрондық библиотекалар, мәліметтер қоры, файлдар қоймалары және т. б. ) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Интернеттің әйгілі ресурсы - WWW бүкіл әлемдік өрмегінде екі миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған.
Желіде АКТ-ның басқа да құралдарын пайдалануға мүмкіндіктер бар. Олардың қатарына электрондық пошталарды, сілтемелер тізімдерін, жаңалықтар топтамаларын, чаттарды жатқызуға болады. Нақты уақыт режимінде сұхбаттасу үшін байланыс орнатылғаннан кейін дыбысты, суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу мүмкіндігін беретін арнай программалар жасалынған. Бұл программалар жойылған қолданушылар бірігіп жергілікті компьютерде қосылған программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілер арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі телефон желілеріндегі дыбыс сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде жаңа АКТ құралы - Интернет - телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады.
Телекоммуникациялық желілерде ақпараттарды іздеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты - компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.
АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар (семинарлар, дәрістер) жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар.
Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәніне талдау жасай келе келесідей тұжырымдар жасалды:
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстарды белсеңді және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді;
Өркениеттің дамуы, жұмыс істейтін тұрғындардың көпшілігінің еңбек объектілері мен нәтижелері ұғымдарды қ құндылық емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылатын ақпараттық қоғам бағытында іске асуда. Сонымен қоса ақпараттық технологиялар қоғамда болып жатқан ақпараттық үрдістерді тиімді ету және көп жағдайларда автоматтандыру мүмкіндігін береді;
Ақпараттық үрдістер, басқа, одан да күрделі өңдірістік немесе қоғамдық үрдістердің маңызды элементі болып табылады. Осыған байланысты ақпараттық технологиялар қоғамдық немесе өңдірістік технологиялардың сәйкес құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады;
Телекоммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялардың бір бөлігі бола тұра, адамдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуде, сондай-ақ жаппай ақпарат тарату мен дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады;
Ақпараттық технологиялар қоғамды тұлғаландыру, оның білім беру жүйесін және мәдениетін дамыту үрдісінде негізгі орын алады. Сондай-ақ, оқытатын ақпараттық құралдарды пайдалану, кадрларды қайта дайындау және олардың квалификациясын өсіру жүйесі үшін де, өзіндік білім алу жүйесі үшін де тиімді әдіс болып табылады.
Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің көзқарасы бойынша маңызды болып келетін АКТ-ның бірнеше негізгі кластары бар. Бейнежазбалар мен телевидениялар осы технологиялардың бірі болып табылады. Бейнетаспалар және сәйкес АКТ құралдары көп көлемді студенттерге мықты оқытушылардың дәрістерін тындауға мүмкіндік береді. Дәрістер жазылған бейнетаспаларды арнайы бейнекластарда да, үй жағдайларында да қолдануға болады. Мысалға, американдық және европалық білім беру курстарындағы негізгі материал баспа беттерінде және бейнетаспаларда ұсынылады.
Оқытылатын ұғымдарды ұсынатын мұндай жүйелер біздің елде де таралуда. Сонда да барлық курстарды бейнематериалдармен бекіту қажет емес: ресейлік студенттер батыс студенттеріне қарағанда бейне көрсетілімдерге аса үйренбеген; егер курс материалы кітаптан және бейнетаспалардан тұрса, онда ресейлік студент, бәрінен бұрын кітапты, сосын барып бейнетаспаларды қарастырады.
Егер оқу курсына визуальды ақпарат қажет болса және оны қағазға басылған түрде ұсыну мүмкін болмаған жағдайларда бейнематериалдар қажет болады. Егер бейнетаспа - қосымша иллюстрациялары жоқ құр ғана дәріс жазбасынан ғана тұрса, онда ол пайдалы, бірақ қажет емес.
Қазіргі жағдайларда бейнелік оқытуды қолдануға психолоиялық та, техникалық та бөгеттер жоқ, өйткені халықтың көп бөлігінде бейнеаппаратуралар бар және бейнетаспаларды арендаға ала алатындай көптеген бейнепрокат пунктары бар. Мысалы, осы принцип бойынша оқу материалдары жазылған бейнетаспаларды прокатқа ала алатындай қашықтан оқыту орталықтарын құруға болады.
Кең тараған АКТ құралдарының бірі болып табылатын телевидение адам өмірінде үлкен роль атқарады: әрбір жанұяда дерлік ең болмағанда бір теледидар бар. Оқу теле-бағдарламалары бүкіл әлем бойынша кеңінен қолданылуда және қашықтан оқытудың жарқын мысалы болып табылады. Телевиденияның көмегімен білімнің меңгерілгендігін бақыламай-ақ кең көлемді аудиторияның жалпы дамуын көтеру мақсатында дәрістерді беру мүмкіндігі және де соңынан арнайы тесттер мен экзамендердің көмегімен білім деңгейін тексеру мүмкіндігі пайда болды.
Өкінішке орай аталған технология тек үлкен аудиторияларға, мысалға, шет тілін оқитындарғы немесе қандай да бір ғылым негіздерін оқитындарға ғана қолданыла алады. Анағұрлым тар бағыттағы курстар үшін ұлттық немесе қалалық телевидениені пайдалану қиынға түседі.
Кабельді телевидение үлкен қалаларда кең таралған. Бұндай қала тұрғындарының көбі, хабарламалар күніне 4-6 сағаттай жүргізілетіндіктен кабельді телевидениенің пайдасын сезінді. Кабельді телевидение студиялары көшіруге рұқсат етілмеген бейнематериалдарды тарату орталықтарына айнала алады.
Көптеген оқу теле және радиобағдарламалары спутниктік телевидение арқылы беріледі. Мысалы, 1971 жылы құрылған INTELSAT халықаралық ұйымы оқыту бағдарламаларын бүкіл әлемге дерлік ұсыну үшін өзінің 15 спутнигін бөлді. Спутниктік арналар бейнекескіндердің, дыбыс, мәтін және құжаттар көшірмелердің барлығын бірге цифрлік түрде ұсына алатын ISDN коммуникациялық желісін ұйымдастыру мүмкіндігін де береді.
Оқу материалының негізгі көлемін ұсыну және сақтау мүмкіндігін беретін, компьютерлік желілерде таратылатын және де CD-ROM-ға жазылған мықты технологиялар - оқу-электрондық басылымдар болып табылады. Олармен жекеше жұмыс істей келе ұғымдарды толық түсініп, меңгеруге болады. Бұл технологиялар бар курстарды жекеше қолдануға сәйкестендіру, өзіндік білім алу және алған білімді өзіндік тексеру мүмкіндігін береді. Дәстүрлі кітаптарға қарағанда оқу-электронды басылымдар ұғымдарды динамика-графикалық түрде бере алады.
Телефонияның әр түрлі формаларына негізделген студент пен оқытушы арасында хабар алмасудың асинхронды жүйесі мәлімет ( сұрақтар, кеңес беру, қосымша материал, қорытынды бақылау) алмасу үшін қажет. Сонымен қоса ол оқып үйренуші мен оқытушыларға алынған хабарларды талдау және кез келген уақытта оларға жауап беру мүмкіндігін береді.
Асинхронды-телефонды хабар алмасудың бір түрі - дыбыстық пошта. Аталған АКТ құралын қолданғанда студент белгілі бір телефон номеріне қоңырау шалады және оның қойған сұрақтары таспаға жазылады. Кейіннен оқытушы жазбаны тыңдайды да, өз жауабын студент өз кезегінде асинхронды режимде тыңдай алатындай басқа таспаға жазады.
Қашықтан оқыту жүйесінде дыбыстық пошта кеңінен қолданылады. Қазіргі уақыттағы АКТ-ның асинхронды құралдарының танымал түріне ауқымды телекомуникациялық компьютерлік желілер жатады. Бұл байланыста Internet, Bitnet, TUNet сияқты халықаралық және ұлттық желілерді пайдаланудың білім берудегі өзектілігі белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz