Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Педагогика және психология
Кафедра меңгерушісі
Ж. И. Сардарова
2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуы»
5В010300- «Педагогика және психология» мамандығы
Орындаған: 06402 топ студенті Г. Б. Акашева
Ғылыми жетекшісі : педагогика ғылымдарының
магистрі Н. Е. Муканова
Орал, 2015
Бекітемін
Кафедра меңгеруші Ж. И. Сардарова
2013ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМА
1. Бастапқы материалды және көздерді сипаттау:
Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың психологиясының даму ерекшеліктері мен ақыл-ой дамуының құрылымын қарастыру. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының педагогикалық шарттарын негіздеу.
2. Студенттердің қарастыратын сұрақтарының тізімі:
1. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориялық негіздерін қарастыру;
2. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың дамуында ойынның басты түрткі іс-әрекеті және оның психологиялық жасерекшелікке сай ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету;
3. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуын зерттеу теорияларына шолу;
4. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының педагогикалық шарттарын негіздеу;
3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- Аверин В. А. Психология детей и подростков. СПб., 1998.
- Балабақшаға арналған ойыншықтар мен құралдар. Алматы, 1988.
- «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы». Алматы, 1989.
- Балаңыз мектепке дайын ба? Психологиялық тапсырмалар мен ойын, жаттығулар. Астана, 2003.
- Безруких М. Почему учиться трудно? Москва, 1995.
- Блонский П. П. Психология младшего школьника. Воронеж, 1997.
- Васильева А. И. Старший воспитатель детского сада. 3-е издание.,
Москва, 1990. Волков Б. С., Волкова А. Н. Задачи упражнения по детской психологии. Москва, 1991.
- Выготский Л. С. Воображение и творчество в детском возрасте. 3-издание, Москва, 1991.
- Гальперин П. Я. К исследованию интеллектуального развития
ребенка. // Вопросы психологии. 1969, №1.
10. Гальперин С. И. Физиологические особенности детей. Пособие для
студентов факультета естествознания педагогических институтов.
Москва, 1965.
- Дейноу Ш. Как пережить опасный возраст ваших детей? Москва,
1995.
- Диагностика умственного развития дошкольников. Под редакции
Л. А. Венгера, В. В. Холмовской. Москва, 1978.
- Дистерверг А. Избранные педагогические сочинения. Москва, 1954.
4. Графикалық материалдар тізімі:
Теopиялық және практикалық бөліміндегі кестелердің, сызбалардың саны 3, салыстырмалы диaгpaммaлapдың графиктердің сaны 4.
5. Дипломдық жұмысты жазудың күнтізбелік кестесі:
6. Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі: 10. 05. 2015 ж.
Ғылыми жетекшісі: Н. Е. Муканова
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
I. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 10
1. 1 Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық даму ерекшеліктерінің психологиялық негіздері . . . 10
1. 2 Көруі бұзылған балаларда өзін-өзі бағалаудың қалыптасу ерекшеліктері . . . 20
II. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК - ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ . . . 29
2. 1 Көруі бұзылған оқушылардың өзіндік бағалауын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру мазмұны . . . 29
2. 2 Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың салыстырмалы ерекшеліктері мен тұлғалық даму деңгейлерін зерттеу жұмысының әдістемесі . . . 45
2. 3 Көру қабілеті бұзылған мүгедек балаларды зеттеудегі тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы . . . 57
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі - мүгедек баланың тұлғалық дамуын әлеуметтік-мәдени қызмет арқылы зерттеу мәселесінің өзектілігі біріншіден, қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың болуымен анықталады.
БҰҰ мәліметтеріне сәйкес барлық адамдардың әрбір оныншысы мүгедек. Оның үстіне, Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының деректеріне сәйкес балалардың 20%-ынды психикалық қалыптан непатологиялық, шекаралық ауытқушылықтар бар.
Арнайы білім жалпы білім жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мемлекет арнайы білім беру қажеттілігіне ие тұлғалар үшін білім алуда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдайларды жасайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 47- бабының 7- тармағында «Көзі көрмейтін мүгедектердің және құлағы естімейтін мүгедектердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар» деп көрсетілген және де Қазақстан Республикасының Заңнамасымен білім беру саласының негізін қалаушы халықаралық құжаттарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім алуына тең құқықтар қағидасы қарастырылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын дамытудағы кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы", "Білім беру туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, иедициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарында бекітілген.
Елбасының тапсырмасына орай, 2004 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен әлеуметтік бейімделу және кәсіби реабилитациялау республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы арнайы білім беруді дамыту бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстар және инклюзивті білім беруге ауысу, арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу-әдістемелік жиынтықтарды даярлау жұмыстары жүргізілетін ұлттық ғылыми-тәжірибелік коррекциялау орталығы болып қайта құрылды.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы - Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуға деген тең құқысы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген. Біздің елімізде 39 арнайы балабақша мен 315 арнайы топтар қызмет етеді, онда мектепке дейінгі жастағы 15 мың бала тәрбие мен білім алуда, 25 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алып отырған 106 арнайы мектеп және жалпы білім беретін мектептер жанындағы 1219 арнайы сыныптар да қызмет етуде.
Мүгедектіктің пайда болуын бейімдейтін себептердің ішіндегі негізгілері -экологиялық ортаның нашарлауы, әйелдер қауымына арналған еңбек жағдайының қолайсыздығы, жарақаттылықтың өсуі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндіктің жоқтығы, ата-аналар арасындағы ауру-сырқаудың жоғары деңгейде болуы.
Бүкіл әлемде мүгедектер санының өсуі, олардың сандық көлемде аса көп әлеуметтік топтарға айналуы байқалуда.
Екіншіден, аталмыш тақырыпқа назар аударуға бұл жерде тұлғалық қалыптасу үрдісінің өзектілігі баланың әлеуметтік- мәдени бейімсізденуінің тереңдеуіне биологиялық, әлеуметтік, психологиялық және, тіпті, педагогикалық қолайсыз факторлармен ауырлатылғандығы себеп болып отыр. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала педагогтардың және психологтардың арнайы кәсіби көмегіне мұқтаж. Мұндай көмек болмаса немесе уақытында жүзеге асырылмаса оның салдары маңызды, ал кейде орны толмас зардап әкеледі. Мұндай қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын «Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуы» деп таңдауға негіз болды
Өкінішке орай, қазіргі таңда мүгедек балаларға көрсетілетін нәтижелі коррекциялық (түзетуші) -дамытушы және әлеуметтендіруші көмектерді жүзеге асыру мүмкіндіктері барынша шектеулі.
Коррекциялық педагогика саласындағы мамандар даярлаудың қалыптасқан практикасының тек кейбірі ғана қазіргі заман талаптары мен стандарттарына жауап береді және оны орындаушылардың теориялық, практикалық және психологиялық дайыныдығын толық деңгейде қамтамасыз етпейді. Әлеуметтік-адаптациялық (бейімдеушілік) шаралардың төмен нәтижелілігі себептерінің бірі - проблеманың теориялық жағынан жеткіліксіз өңделуі.
Түптеп келгенде, аталмыш проблеманың зерттелуі, бала тұлғасын түсінуге көлемді (ауқымды), кейін баланың қоғамға кірігуіне қажет болатын материал (мағлұмат) береді.
Осы мәселені зерттеген ғалымдар: шетелдік О. Л. Романованың, И. К. Левченконың, И. И. Мамайчуктің, И. В. Кривоностың, О. Е. Шаповалованың, Е. С. Шильштейннің Жарықбаев Қ. Сулейменова Р. т. б. жұмыстары.
Зерттеу объектісі - көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп- интернат;
Зерттеу пәні - көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуы.
Зерттеу мақсаты - көру қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауы мен түлғалық даму деңгейлерінің ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мекемелерде тұлғалық бағдарлы зерттеу жұмыстары мен әдістемелері жүйелі және жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қолданылса, онда мүгедек балалардың болашақта шығармашылық белсенді, жоғары адами, рухани өрісі бай, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра отырып, адамдар арасындағы орнын, құндылығын түсіне алуына және өзін- өзі бағалауын жоғарғы деңгейге, сау құрдастарымен өздерін тең ұстай алатындай дәрежеге жеткізе алады, өйткені әрбір қолданылатын әдіс-тәсілдерде мүгедек баланы қоршаған ортаға беймдеу, танымдық белсенділіктерін арттыру, әлеуметтік орында жұмыс жасау және сауықтыру бағыттары бар .
Зерттеу мақсатымен болжамына сәйкесті келесідей міндеттер қойылады:
1. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориялық негіздерін айқындау;
2. «Көру қабілеті бұзылған балалар», «мүгедек», «тұлғалық даму» ұғымдарының мәнін нақтылау;
3. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың даму ерекшеліктерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.
4. Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуын анықтаудың әдістемелері мен технологияларын тәжірибелік эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.
5. Психологиялық әдебиеттердегі теориялық және практикалық материалдардың негізінде талдау жасау.
Зерттеу әдістері: Көру қабілеті бұзылған мүгедек балаларды зерттеу бойынша мемлекеттік құжаттарды қарастыру; зерттеу бағыты бойынша психологиялық, педагогикалық, ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық, психологиялық тәжірибелерді, басылымдарды зерделеу, жинақтау, салыстырмалы түрде талдау; тренинг, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, бақылау; басқа мектеп оқушыларымен салыстырмалы түрде зерттеу; алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу, қорытындылау.
Зерттеудің жетекші идеясы : Көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету мен олардың тұлғалық даму ерекшеліктерін есеппен құрастыруға бағыттау. Өзін - өзі реттеу - алдын- ала болатын стреске мазасызданбай қарауға, әртүрлі мәселелерді белсенді шешуге және эмоцияның анық көрінуіне, өзін- өзі бақылауды дамытуға, стрессогендік факторларға саналы түрде қарауға үйрету
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: мүгедек бала тұлғасының даму мәселелері (сұрақтары) педагогикалық, психологиялық және дефектологиялық зерттеулер (Т. Ю. Андрущенко, Г. В. Бурменская, Г. В. Грибанова, И. В. Дубровина, Л. В. Занков, О. А. Карабанова, К. С. Лебединская, Л. П. Носкова, М. М. Райская, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин және б. ) қатарында қозғалады. Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік сауықтыру проблемаларының түрлі аспектілері Э. М. Александровский, В. Л. Багрицкий, С. А. Беличев, Н. Б. Берхин, А. В. Гордеев, В. П. Кащенко, В. В. Ковалев, И. А. Коробейников, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, А. С. Макаренко, А. А. Смирнов және б. жұмыстарында (еңбектерінде) қарастырылды. М. И. Никитина, Л. М. Кобрина, Р. И. Лалаева, Н. М. Назарова, Л. С. Волкова, Г. Н. Пенин және б. еңбектері коррекциялық педагогиканың арнайы сұрақтарына арналды. Көркем қызметтің сауықтыру және коррекциялық потенциалы (әлеуеті) А. З. Сведрлов пен В. П. Кантордың диссертациялық зерттеулері мен монографияларында ашылған.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық еңбектер, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы, арнайы мектептегі педагог-психологтардың озық тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының базасы: Орал қаласының жалпы білім беретін №12 мектебі мен Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп- интернат
1. КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН МҮГЕДЕК БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық даму ерекшеліктерінің психологиялық негіздері
«Индивид» - бұл қалыпты жеке немесе әлеуметтік өмірдің сұраныстарын, ол мейлі баланың туа біткен немесе жүре бара қалыптасқан болсын дене не ақыл-ой мүмкіндіктерін өз бетімен толықтай немесе жартылай қамтамасыз ете алмайтын, кез келген тұлға.
Мүгедек балалардың категориясына «баланың бойының өсуі мен дамуының бұзылуы салдарынан әлеуметтік бейімсізденуге, өз-өзіне қызмет көрсету, қозғалу, бағдарлану, өз тәртібін, оқуын, қарым-қатынасын, болашақтағы еңбек әрекетін бақылау қабілетіне әкелетін едәуір өмірлік шектеулері» бар балалар жатады.
Көзінің көруі бұзылған тұлғалардың психикалық дамуын зерттейтін, арнайы психологияның тарауы ретіндегі тифлопсихология өз атауын гректің «tiphlos» - соқыр деген сөзінен алып, бастапқыда тек соқырлардың психологиясымен ғана айналысты [21; 81б] .
Қазіргі уақытта тифлопсихологияның зерттеу нысаны қатарына тек қана соқырлар ғана емес, сонымен қатар көзінің көруі терең зақымданған тұлғалар да жатады.
Тифлопсихология көруі бұзылған тұлғалар дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторы қызметінің бұзылуымен байланысты ақпараттар кемшілігінің орнын толтыратын компенсаторлы үрдістерді қалыптастыруды, бұл кемшіліктің психика дамуына әсерін, сондай-ақ көруі бұзылған балалар дамуының жасерекшелік аспектісін зерттейді.
Тифлопсихологияның ғылым ретінде дамуы мен бөлінуі соқырларды арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастырумен байланысты.
Алғашқы мектепті 1784 ж. Парижде В. Гаюи ашты. Ал соқырлар психологиясын ең алғаш рет француз психологиясының материалистік бағытының негізін қалаушы Д. Дидро өзінің «Көретіндерге арналған ғибраттағы соқырлар туралы хат» жұмысында қарастырды [17; 93б] .
Көзі көрмейтіндердің ғылыми психологиясының қалыптасуы Т. Геллердің, М. Кунцтің, К. Бюркленнің, П. Виллейдің, А. А. Крогиустің, В. С. Сверловтың, М. И. Земцованың, Ю. А. Кулагиннің, А. Г. Литвактің еңбектерімен байланысты. Әлемдік тифлопсихологиялық әдебиетте бүгінгі күнге дейін соқыр психологиясы қалыпты көретін адамның психикасына жақын немесе ол сан қырлы дегенге қатысты екі позиция (ұстаным) өмір сүріп келеді.
Олардың біреуі психикалық дамуда көру кемшілігін (дефектісін), оның функционалдық маңызын және барлық даму барысына әсер етуін негізгі деп қабылдайды. Бұл басқа сенсорлы (сезімтал) жүйелер есебінен кемшілік компенсациясының мүмкіндіктерін жете бағаламауға алып келеді.
Соқырлардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері болатынын А. И. Скребицкий, А. М. Щербин атап өтті.
Оның спецификасын ұлғайту Ф. Цехтың көретіндердің тілінен де күшті ерекше «соқырлар тілін» құру қажет деген дәлеліне алып келді, ал К. Брюкленнің соқырларды оқшаулаудың нәтижесінде ерекше адамдар түрі шығады деген тұжырымын тудырды. Аталмыш авторлар саналы немесе санасыз түрде, көретіндердің даму деңгейімен салыстырғанда төмен болатын психикалық дамудың спецификалық стандарты позициясында тұр.
Ғалымдардың енді бір тобы Т. Катсфорт, Гомулицкий, Максфилд, В. Уильямс, М. Тобин, В. М. Коган, А. Г. Литвак, М. И. Земцова, Л. И. Солнцева кіші жастағы балалардың психикалық даму динамикасын бақылай отырып, ерте жастағы соқырлар мен көретіндердің жалпы психикалық статусы (дәрежесі) арасында көрініп тұрған айырмашылық көруі бұзылған балалардың психикалық даму динамикасының жақсаруы салдарынан бірдейлеседі деген тұжырымға келді.
М. Тобин әрбір жасерекшелік топтағы көруі бұзылған балалардың ең үздігі өзінің психикалық дамуы жағынан көретін баланы озып кетуі мүмкін деп көрсетеді [8; 37б] .
Көру кемшілігінің компенсациясы мен коррекциясының теориясы мен практикасы бейімдеген, көруі бұзылған және көретін балалар дамуының жақындасу позициясы қазіргі уақытта беки (нақтылана) түсті.
Көру кемшілігі коррекциясы және компенсациясының дайындалған (өңделген) жүйелері тұлғаның сенсорлық, интеллектуальдық және эмоциональды сферасын қалыптастырады. Бұл жұмыста балалардың көру кемшілігімен байланысты ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін негізге алуымыз керек.
«Соқырлар» түсінігіне балалардың екі категориясы кіреді: «О» визусы барлар және жарықты сезетіндер, сондай ақ коррекциясы бар жақсы көретін көзде 0, 05 - ке дейінгі қалдық көрудің қауіптілігі барлар; мұндай балаларды оқыту Брайл жүйесі негізінде, дене арқылы сезіп қабылдауға арналған оқулықтар бойынша жүзеге асырылады.
Ресей және шетел практикасында көруі бұзылған тұлғаларға ықпалдың әр алуан критерилері бар. Көруі нашар мүгедекке арналған қажетті әлеуметтік көмек деңгейі мен зейнетақы мөлшерін анықтау үшін бір критерилер қызмет етсе, білім алу, оқу, кәсіпке дайындау мүмкіндіктерін анықтау үшін басқа критерилер болады.
1980 - 1990 жылдардағы соқыр және нашар көретін балалардың психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу Л. С. Выготский, А. Р. Лури, М. И. Земцова, А. Г. Литвак, А. И. Зотов ұсынған теориялық қағидаларға сүйенеді және осы категориядағы балалардың компенсаторлық дамуын коррекциялық оқу мен тәрбие үрдісінде жүзеге асыруға бағытталған. Қазіргі заманғы тифлопсихологияның негізгі проблемасы - бұл дамып келе жатқан адамның потенциалды мүмкіндіктерін, психикалық үрдістер мен көрудің терең бұзылуынан пайда болатын, тұлға белгілерінің қалыптасуындағы ауытқушылықтарды олардың жеңу жолдарын анықтау [1; 92б] .
Қазіргі заманғы тифлопсихологтар позициясының ерекшелігі көруі бұзылған балалардың психикалық дамуын аномальды ағза дамуы ретінде емес, сенсориканың тікелей кемшіліктерін жан-жақты танымдық іс-әрекетпен толықтыратын белсенді тұлғаның дамуы ретінде түсінуінде. Көруі қатты бұзылған балалардың компенсаторлық дамуының өзіне тән ерекшелігі соқырлық пен нашар көру компенсациясын қамтитын психикалық үрдістер мен қасиеттер ансамбліндегі жаңа байланыстардың қалыптасуында көрініс береді.
Көру анализаторы қызметінің бұзылу тереңдігі мен сипаты сенсорлық жүйе дамуында көрінеді, айналадағының танымының алдыңғы қатарын, оның модальдығын, дәлдігін, сыртқы әлем бейнелерінің толықтығын анықтайды. Сыртқы әлемнің бейнеленуінің психологиялық жүйесі осыған байланысты көру анализаторының түрлі бұзылуында сан алуан болады.
Көруі бұзылған балалар айналадағы ортамен танысу тәсілімен, іс-әрекетті орындау тәсілімен және оның орындалуын бақылау тәсілімен бір-бірінен ажыратылады.
Көруі бұзылған балалар мен ересектердің психикалық дәрежесінде кемшіліктің пайда болу уақыты маңызды ролге ие. Бұл әсіресе ештеңе көрмейтіндерге қатысты.
Ғылымда және өмірлік практикада көруі бұзылған балалардың екі категориясы бар: туа біткен соқырлық және соқыр боп қалғандар. Туғаннан көзі ештеңе көрмейтін балалар және 3 жасқа дейін соқыр боп қалғандарда ереже бойынша көру есі болмайды (ерте соқыр боп қалған балаларда көру бейнелері сақталмайды) және барлық психикалық даму үрдісі шектеулі сақтау сенсорлық жүйе негізінде жүзеге асырылады.
Көру кемшілігі неғұрлым ерте пайда болған сайын, психика қалыптасуында соғұрлым көбірек көрінеді.
Көрудің көп кейінірек бұзылуы соқыр боп қалған адамның ертеде танымдық іс-әрекеттің орындалуы барысындағы көру негізінде қалыптасқан байланыстарды пайдалануға мүмкіндік беріп, басқаша, кемшілік компенсациясы барысында жанама байланыстар жүйесін қалыптастырады.
Осылайша, зақым келтіретін әрекеттің басталу сәті көруі бұзылған балалар мен ересектердің психикалық дамуының маңызды спецификалық факторы болады.
Соқырлықтың және көрудің терең бұзылуларының даму үрдісіне жағымсыз әсер етуі барлық таным үрдістерінде ауытқушылықтың пайда болуымен байланысты және ол тіпті, кемшілік бала дамуына зиянын тигізбеуі тиіс жерлерде де пайда болады. Алынатын ақпараттың саны азаяды, оның сапасы өзгереді. Көру сезімдерінің, қабылдауының және түсінігінің айтарлықтай қысқаруы немесе толықтай болмауы қиял мен есте бейнелердің қалыптасуын шектейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz