Жер салығы және жер қатынастарын реттеудегі рөлін ашу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері ... ... ... ..18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... 29
II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне экономикалық талдау ... ... ... ... ... ..39
2.2 2001.2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ...68
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.
Өндірісті дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесін төмендету қажет деп санаймын.
Ірі салық төлеушілерден түскен салық түсімдерін жинауды тексеру үшін Қаржы министрлігінің Салық комитетінде арнаулы бөлім құруды ойластыру керек. Ол бөлім тексеру ісіне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиіс.
Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиіс”. [1]
Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Жер салығын енгізудегі ең бастысы жерді және басқада ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру және шығынға қарсы механизмді құру. Сонымен қатар ол жерде әртүрлі шаруашылықты жүргізуге мүмкіндік беруі қажет. Рентаны төлеу бұл жер үлесін пайдалануға төлем емес, ол жақсы учаскесі барлардың ерекше монополиясы мен артықшылықтарын пайдалануына төлем. Бұл барлық азаматтардың жерге деген құқықтарын теңестіру құралы болып табылады.
Жер салығын енгізу және өндіріп алу жөніндегі мәселелермен шетелдік, ресейлік және қазақстандық ғалым экономистер айналысқан. Қазақстандық авторларды атап өтсек: Ілиясов Қ.Қ., Аубакиров Я.А., Махмудов Ф.О., Алиев Р., Құлпыбаев С., Нұрғалиева Г.К., Мухитдинов М.Т., Ермекбаева Б.Ж.
Қазақстан Республикасында жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздеген: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті болды.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” Астана, 2006 жылғы 1 наурыз // Егемен Қазақстан 2 наурыз 2006 ж.
2. Ермекбаева Б.Ж., Құлжабаева М.Т., Бурабаев О.Б. “ Жергілікті салықтар мен алымдар” / Алматы 1998 ж. “Экономика”
3. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы” / Алматы 2003 ж.
4. Черник Д. Г. “Налоги” / Москва 2003г., “Финансы и статистика”
5. Черник Д.Г. “ Основы налоговой системы” / Москва 2002г., ЮНИТИ
6. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі. / 2002 жыл Алматы.
7. Волкова Н.О. “О налоговых льготах ”// Аль- Пари, №9, 2003 г.
8. Горохов Н.О. “О реформировании налогового законодательства” // Налоговый Вестник, № 9, 2003 г.
9. Есенов Б.М. “Уақыт кәсіпкерлерге тың міндетті жүктейді” // Егемен Қазақстан № 60, 25 наурыз 2005 ж.
10. Серикбаева К. “Экономическое содержание земельного налога и принципы налогообложения земли” // Қаржы- қаражат, 3/ 2003 ж.
11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жинақ // Астана, 2004 ж.
12. Смагулов Б.Р. “Организация рынка земли в ФРГ” // Экономика и жизнь, № 15, 2001 г.
13. Нургалиева Г.К. “Рынок земли в зарубежных странах” // Аль-Пари, № 4, 2004 г.
14. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. “Шет мемлекеттердің салықтары” / Алматы 2001 ж. “Экономика”
15. Джапарова Н. “Реформирование земельного налога как продолжение земельной реформы в Кыргызской Республике ” // Аль-Пари № 2, 2005
16. Сурашев А.А. “Налоговые проблемы” // Қаржы-қаражат № 5, 2005 г.
17.
18. Мустафаиева А.Т. “Проблемы залога земель сельскохозяйственного назначения и основные направления его развития в Республике Казахстан” // Банки Казахстана № 10, 2005 г.
19. Серикбаева К. “Совершенствование системы налогообложения земель” // Қаржы-қаражат № 4, 2003 г.
20. Пягай А.А. “Налогообложение-метод государственного регулирования аграрного сектора Казахстана” // Банки Казахстана № 9, 2004 г.
21. Серикбаева К.А “Финансовые аспекты совершенствования земельных отношений в Казахстане” // Аль-Пари № 2, 2003 г.
22. Есбайев Б. “Иелі жер киелі” // Егемен Қазақстан № 27, 2005 ж.
23. Ким И. “Управление земельными ресурсами” // Саяса № 8, 2005 г.
24. Касымов С. “Роль земельных отношений в углублении процессов экономической трансформации” // Аль-Пари № 2, 2003 г.
25. Назарбаев Н. “Қазақстан-2030” / Білім 1998 ж.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..3
I.Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері

1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары, қызметтері
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері ... ... ... ..18
1.3 Жер салығын салудағы шет елдік тәжірибе ... ... ... ... ... ... 29

II. Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен
салықтарға, түсімдерге экономикалық талдау
2.1 Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттерінің қызметіне
экономикалық талдау ... ... ... ... ... ..39

2.2 2001-2005 жылдардағы Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық
комитеттеріне түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .47
III. Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар
және оны жерілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін
проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3.2 Жер салығын салуды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ...6 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 73

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 75

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға
арналған жолдауында: “Салық және кеден саясатын реформалау күллі
экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Эканомикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл
салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және
бюджет саясатын пайдалану маңызды.
Өндірісті дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының
мөлшерлемесін төмендету қажет деп санаймын.
Ірі салық төлеушілерден түскен салық түсімдерін жинауды тексеру үшін
Қаржы министрлігінің Салық комитетінде арнаулы бөлім құруды ойластыру
керек. Ол бөлім тексеру ісіне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық
аудиторлық фирмаларды тартуға тиіс.
Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиіс”. [1]
Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір
мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды
және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті
төлемдер болып табылады.
Жер салығын енгізудегі ең бастысы жерді және басқада ресурстарды ұтымды
пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру және
шығынға қарсы механизмді құру. Сонымен қатар ол жерде әртүрлі шаруашылықты
жүргізуге мүмкіндік беруі қажет. Рентаны төлеу бұл жер үлесін пайдалануға
төлем емес, ол жақсы учаскесі барлардың ерекше монополиясы мен
артықшылықтарын пайдалануына төлем. Бұл барлық азаматтардың жерге деген
құқықтарын теңестіру құралы болып табылады.
Жер салығын енгізу және өндіріп алу жөніндегі мәселелермен шетелдік,
ресейлік және қазақстандық ғалым экономистер айналысқан. Қазақстандық
авторларды атап өтсек: Ілиясов Қ.Қ., Аубакиров Я.А., Махмудов Ф.О., Алиев
Р., Құлпыбаев С., Нұрғалиева Г.К., Мухитдинов М.Т., Ермекбаева Б.Ж.
Қазақстан Республикасында жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын
салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздеген: экономикалық әдістермен жерді
ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны
қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-
мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық
жер иелері үшін (бірқатар жағдайларды қоспағанда) міндетті болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғанынан бері жаңа құқықтық-нормативтік заңнамалар
қабылданып, жаңа өзгерістер өріс ала бастады. Оның ішінде жер мәселесі,
оның экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру,
жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау шараларын т.б. ары қарай зерттеуді
талап етеді. Осы мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді
Дипломдық жұмыстың мақсаты- “Жер салығы және жер қатынастарын реттеудегі
рөлін” ашу, теорияны практикамен ұштастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті- салықтардық мәні мен мазмұнын, атқаратын
негізгі қызметтері мен қағидаттарын кеңінен ашу, Алматы облысы мен Қаратал
ауданын бойынша салық комитеттеріне соңғы жылдардағы түскен жер салығының
түрленуіне талдау жасау мен оның жергілікті бюджеттегі атқаратын рөлін
анықтау, теориялық білімді бекіту мен кеңейту болып табылды. Жалпы жер және
жер ресурстары экономикада өзінің мазмұнына қарай маңызды қызмет атқарады.
Жер әр мемлекеттің негізгі байлығы, соның ішінде еліміздің қазіргі
жағдайында үлкен рөл атқарады. Міне осы сияқты мәселелерді қарастыру болып
табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде салықтардың экономикалық мәні, қағитаттары және
қызметтері сонымен қатар жер салығының мазмұны мен салық салу обьектілері
және жер салығын салудағы шет елдік тәжірибесі жөніндегі мәселелер
қарастырылған.
Екінші бөлімінде Алматы облысы, Қаратал ауданы бойынша салық
комитеттерінің негізгі атқаратын қызметтері, 2001-2005 жылдардағы Алматы
облысы, Қаратал ауданы бойынша салық комитеттеріне түскен жер салығының
түсімдеріне экономикалық талдау жасалынған.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін
проблемалары мен жер салығын салуды жақсарту жолдары аталған.

I. Салықтардың мәні, қағитаттары, қызметтері мен жер салығының алатын орны
1.1Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, қағитаттары, түрлері

Салық салу қазіргі кезеңде ең маңызды проблемалардың бірі болып
табылады. Ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік- экономикалық сфераларды
қамтиды. Бірде бір мемлекет салықтық түсімдерінсіз бола алмайды. Қоғамдық
категория ретінде салықтар мемлекеттің және адамдардың өмірінің нақты
тарихи- экономикалық жағдайларын бейнелейді.
Салықтарды зерттеу барысында ғалым экономисттер әр түрлі анықтама
берген. Мәселен, Д. Рикардоның ойынша: “Салықтар үкіметтің басқаруына
түсетін елдегі өнім мен еңбектің үлесін құрайды ”. [2]
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң
жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін
қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық
категория.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп,
дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық
нысандары мен әдістері өзгерді,игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен
сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-
ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін
және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал
салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табысымен және
функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу-
әрбір азаматтың борышы деген еді. [3, 211 б.]
Салықтар- мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі
бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сиппата болатын бюджетке
төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні:
• салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
• шаруашылық жүргізуші субьектілері мен халық табысының белгілі бір
мөлшерін мемлекет үлесін жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын
көрсетеді.
Салықтардың фискалдық, реттеуші және қайта бөлу қызметтері белгілі.
Фискалдық қызметі- барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Бюджеттің кіріс
бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті анықталды. Себебі, салықтар
мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери,
қорғаныс т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің
кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көзі салықтар. Қазіргі кезде
еліміздің бюджетінің кіріс көзінің 90 пайызы салықтардан тұрады. Ел
экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі ұлғайған сайын салықтық
түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі,салықтардың экономикалық
табиғаты өндіріске байланысты, өндіріс бар жерде табыс бар, онан алынатын
салықтарда бар. Сондықтан салықтар өндірістің дамуына барынша өз ықпалын
тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасау қажет.
Реттеушілік қызмет-салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі
негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтың
реттеушілік тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай сонымен
қатар ақша және баға саясатын, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Әрине
салықтың реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқада
экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтардың
мөлшерлемесін көбейту мақсатында салық ставкасын шектен тыс жоғары деңгейде
белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын
жоғалтуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі
мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі
өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады, ол ұлттық табыстың
мемлекеттендіру дәрежесін көрсетеді. [3, 213 б.]
Салық жүйесі-бұл мемлекетте өндіріліп алынатын салықтар мен міндетті
төлемдердің, сонымен қатар олардың бекіту әдістері мен түрлерінің,
өзгертулерінің, бақылау, төлену мен өндіріп алулардың жиынтығы.
Салық салудың төмендегідей элементтері болады:
- Салық обьектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын:
табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. тауарлы
материалдық игіліктер.
- Салық субьектісі- бұл салық төлеуші, яғни жеке және заңды тұлға.
- Салық көзі- табыстан төленетін салық.
- Салық ставкасы-бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
- Салық жеңілдігі-салық төлеушіні толығымен немесе жартылай салықтан
босату.
- Салықты төлеу мерзімі-салықтар мен басқада міндетті төлемдердің бюджетке
төлеу уақыты. [2, 65 б.]
Салықтарда ежелден салық жүйесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
пайда (алынған игіліктер) қағидаты, “қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі)
қағидаты.
Салықтық төлемдердің мәнін терең түсіну үшін ең алдымен салық салудың
негізгі қағидаларын анықтап алу қажет. Адам Смит классикалық қағидаларға
айналған төрт жағдайларды бөліп көрсеткен. Олар келесілер:
1. Мемлекеттің қол астындағылардың әрқайсысы өз мүмкіндігінше Үкіметтің
шығындарын жабуға ат салысуы керек, яғни Үкіметтің қорғауында бола отырып,
мөлшерленген табысына сәйкес. Бұл жағдайды орындау немесе орындамау салық
салу барысында теңдікке немесе теңсіздікке алып келуі мүмкін.
2. Әрбір адам төлейтін салық нақты анықталған болуы қажет. Салықтың
мөлшері, төлеу мерзімі және тәсілі салық төлеушіге түсінікті, әрі жариялы
болуы керек.
3. Әрбір салық салық төлеушіге ең ыңғайлы уақытта және тәсілмен өндіріліп
алынуы қажет.
4. Әрбір салық салық төлеушінің қалтасынан мемлекеттің кассасына түсетін
қаражаттардан әлде қайда аз қаражат алынуы қажет. [2, 157-158 б.]

Қазіргі таңдағы салық салудың қағидалары:
1. Салық ставкасының деңгейі салық төлеушінің мүмкіндіктерін ескере отырып
бекітілуі қажет, яғни табыс деңгейіне байланысты. Табыстан алынатын салық
прогрессивті болуы қажет. Бұл қағида кейде қолданылмайды, себебі көптеген
елдерде салықтарды пропорционалды түрде есептейді.
2. Табыстарға салық салу бір жақты болу үшін барлық күш жігерді жұмсау
қажет. Табыс немесе капиталға көп жақты салық салу мүмкін емес.
3. Салық төлеудің міндеттілігі. Салық жүйесі салық төлеушіге күмән
келтірмеуі керек.
4. Салық төлеу жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге жеңіл, анық және
ыңғайлы болуы қажет.
5. Салық жүйесі өзгеріп жатқан қоғамдық-саяси қажеттіліктерге икемді, әрі
жеңіл бейімделе алуы керек.
6. Салық жүйесі қалыптасып жатқан жалпы ішкі өнімді бөле алуы және
мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы бола алуы қажет.[4, 123-
124 б.]
Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының салық кодексі салық ісін мынадай
қағидаларға негіздеп жүргізілуін талап етеді:
- міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салық заңдарына сәйкес
салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде
орындауға міндетті;
- айқындық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке
төленетін төлемдер мен салықтар айқын, әрі нақты болуы қажет;
- әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республикасында салық салу
жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық
жеңілдіктерін беруге тыйым салынады;
- біртұтастығы қағидасы бойынша Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге
қатысты біртұтас болып табылады;
- жариялылығы қағидасы бойынша салық салу мәселелерін реттейтін
нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде
жариялануға тиіс. [6, 7 б.]
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар
бойынша жіктеледі:
- салық салу обьектілері бойынша;
- салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға
қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
- обьектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтар негізінен мынадай тәсілдер арқылы алынуы мүмкін:
- Табыс көзінен ұсталынатын- салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның,
мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алған жерде есептеп,
ұстайды (төлейді). Мәселен жеке тұлғалардың табыс салығы.
- Мағлұмдама (деклорация) негізінде- салық төлеушінің мағлұмдамада
көрсетілген табыстары, шегерімдері мен жеңілдіктерін ескере отырып
анықталады. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын
есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық
табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты, жер салығын
төлеушілер (арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды
қоспағанда) салық органына мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі
жылдың 31-інші наурызына дейін өткізуі қажет.
- Кадастр бойынша- салық салу обьектісін тіркеу арқылы, одан түсетін
табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады (жер және мүлік
салықтары).
- Патент негізінде- салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне
берілетін патент негізінде төленеді. Патент арнаулы салық режимін
қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке
төленгендігін растайтын құжат. [3, 216-217 б.]
Соңғы жылдары батыс елдерінде бағаның жоғарылауымен және инфляцияның
күшеюіне байланысты амортизациялық жеңілдіктер қаржы көзі ретінде өз мәнін
жоя бастады. Көбінесе компаниялардың амортизациялық қорларда жинаған
қаражаттары істен шыққан өндірістік активтердің орнына жаңа машиналар мен
құрал-жабдықтарды алуға жеткіліксіз болып, амортизацияны жедел түрде
пайдаланғанның өзінде көп жағдайларда тиімді нәтиже бермейді. Сондықтан
көптеген елдерде жеке бизнесті қолдау мақсатымен әртүрлі резервтер мен
қорларға есептелген табыс салықтарынан босата отырып тікелей қаржылық көмек
көрсетеді. Жеке компаниялар өз кезегінде сыртқы қаржыландыру көздеріне көп
көңіл бөлуде, яғни банктерден несие, ссудалар алуда. Амортизациялық
жеңілдіктердің құнсыздануы лизингтің (машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға
алу) кең таралуына мүмкіндік берді. Лизингтің көмегімен компаниялар
өздеріне қажетті техникаларды жалға алу төлемдері үшін шектелмеген
сомаларды шығындарға жазу (қатаң түрде лимиттелген амортизациялық
аударымдар шеңберінде бұл мүмкін емес) және салық салынуға тиісті
табыстарды қысқарту мүмкіндіктері туды. Банктер сияқты көптеген лизингтік
компаниялар сырт көзге қарағанда ғана тәуелсіз болып көрінеді, бірақ оларда
ірі корпорациялардың филиалдары немесе бөлімшелері болып келеді. Олар тек
салықтық мақсаттар үшін ғана пайда болған. [7]
Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа
қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды. Салық
жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болумен қатар,
ел дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік
туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға
болады:
1. 1992-1995 жылдары жаңа салық жүйесі базисінің салық кезеңінің өңделуі
және іске қосылуы.
2. 1996-1998 жылдары нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық
жүйесін құруды ұйымдастыру және анықтау.
3. 1998-2000 жылдары барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру.
4. 2001-2002 жылдары жаңа салық Кодексі қабылданып іске қосылды.
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 25 желтоқсанында қабылданған
Қазақстан Республикасындағы “Салық жүйесі туралы заңы” тәуелсіз салық
жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл мемлекеттің
экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналды. Осы
кезеңде елде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген
құбылыстар әсер етті. Атап айтсақ: меншіктің көптеген түрлерінің дамуы,
шаруашылық жүргізуші субьектілер мен ел арасындағы қатынастардың құқықтық
негізінде жүргізілуі және т.б. құбылыстар. Осы заң бойынша алғаш рет
Қазақстан Республикасында 42 салық түрі қызмет етті. Алғашқы салық
жүйесінің көптеген кемшіліктері болды, атап айтсақ басқа елдерге қарағанда
біздің салық жүйемізде жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибенің
жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкессіздігі, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және
т.б. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін
кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады. Аталған концепцияны
іске асырудағы негізгі кезең болып Қазақстан Республикасының Президентінің
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылдаған “Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдері туралы” заң күші бар жарлығы шықты. Ол 1995 жылдың 1
шілдесінен бастап іске қосылды. Нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салықтың
орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет етті. 1999 жылы салық жүйесі бес рет
күрделі өзгеріске ұшырады. Осының нәтижесінде 2000 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Қазақстан Республикасында 17 салықтар мен алымдар болды. 2001 жылдың
12 маусымында жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан
бастап іске қосылды. Қазіргі таңда елімізде 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1
мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген. [9] Атап айтсақ:
1. корпорациялық табыс салығы;
2. жеке табыс салығы;
3. қосылған құн салығы;
4. акциздер;
5. жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу;
6. әлеуметтік салық;
7. көлік құралдары салығы;
8. мүлік салығы;
9. жер салығы.
Алымдар:
1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
3.жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым;
3-1. жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
4.радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым;
5. механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін
алым;
6. теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым;
6-1. кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу
үшін алым;
7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
8. дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
9. автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы;
10. аукциондардан алынатын алым;
11. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
12. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Төлемақылар:
1. жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
2. жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
3. қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
4. жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
5. орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
7. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7-1. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін
төлемақы;
8. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
9. сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж

Кеден төлемдері:

1. кеден бажы;
2. кеден алымдары;
3. алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
4. алымдар. [6, 32-33 б.]
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2006 жылға
арналған жолдауында салық салу мәселелері бойынша Үкіметке төмендегі
тапсырмалалар тапсырылды:
• 2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1 пайызға, ал 2008-
2009 жылдары қосымша тағыда 1-2 пайызға азайту;
• 2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 пайыздық
белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының
табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына
олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды
ұсынды;
• 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субьектілері үшін салық
салудың кемітілген біріңғай мөлшерлемесі енгізіледі.
Салықтарды салу обьектісі бойынша, олар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура салықтар- салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген
салықтар. Жанама салықтар- баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген
салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес болып
келеді.
1.Корпорациялық табыс салығы- тікелей салыққа жатады және ол
заңды тұлғалардың табысына салынатын жалпы мемлекеттік салық.
Салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен
мемлекеттік мекемені қоспағанда Қазақстан Республикасының резидент заңды
тұлғалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы
қызмет жасайтын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын
резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Салық салу обьектілері:
• Салық салынатын табыс. Оған: жылдық жиынтық табыс және заңға сәйкес
алынатын шегерімдердің айырмасы жатады.
• Төлем көзінен салық салынатын табыс оған: девиденттер, қаржы рыногы
мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті
орган, лицензиясы бар банктердегі сыйақы, депозиттер, ұтыстар, купон
бойынша алынатын табыстар.
• Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлғалардың таза табысы.
Салық ставкалары:
- Салық төлеушілер салық Кодекссінің 122 бабына сәйкес жүргізілген
түзетулері ескерілген, шеккен залалдары сомасына азайтылған салық
салынатын табысы 30 пайыздық, ал негізгі өндіріс құралдары жер болып
табылатын резиденттер 10 пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс
салығын төлейді.
- Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын
табыстарын қоспағанда төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем
көзінен 15 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады.
- Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын таза табысы корпорациялық табыс
салығының үстіне салық Кодекссінің 185 бабында белгіленген тәртіппен
15 пайыздық ставка бойынша салық салынады. [6, 66 б.]
2005 жылы Астан қаласында өткен “Шағын және орта бизнестегі салықтарды
реттеу жолдары атты” Республикалық форумында: “жалпы мемлекеттік бюджетке
түсетін корпорациялық табыс салығының 85 пайызын 100 ірі кәсіпорын төлейді,
ал қалған 15 пайызы 30 мыңнан астам шағын және орта бизнес кәсіпорындарының
үлесіне тиеді. Сондықтан шағын және орта бизнес деңгейін көтеру үшін
корпорациялық табыс салығының ставкасын 30 пайыздан төмендету қажет” деген
ұсыныстарын кәсіпкерлер ұсынған. [9]
2. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер
болып табылады. Салық салу обьектісі төлем көзінен салынатын табыстар және
төлем көзінен салынбайтын табыстар болып бөлінеді.
Төлем көзінен салық салынатын табыстарға қызметкерлердің табысы, біржолғы
төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін
зейнетақы төлемдері, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар,
стипендиялар жатады.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға мүліктік табыс, жеке
кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен нотариустардың табысы
жатады
Салық ставкасы баспалдақты үдемелі табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20
пайызға дейінгі мөлшерде белгіленген [2, 27-28 б.].
3. Қосылған құн салығын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)
өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша
салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезінде аударымды
білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті
қосылған құн салынған тауар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының
сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. [2, 30-31 б.].
Салық салу обьектілері салық салынатын айналым, салық салынатын импорт.
Төлеушілер жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды
тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент еместер. Тауар айналымы 12000 айлық есептік көрсеткіштен
асқан жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қосылған құн салығы бойынша
есепке тұруға міндетті
4. Акциз салығы бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға
салынатын салық. Акцизднр көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл
орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және оның
аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет
түріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары,
құрамында темекі бар басқа өнімдер, бензин (авиациялық бензинді
қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге
арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа), ойын бизнесі,
лотореяны ұйымдастыру мен өткізу. Акциз мөлшерлемесін Үкімет бекітеді және
тауар құнына пайызбен немесе заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік
сомада белгілейді. [6, 137-138 б.]
Қазақстан Республикасының аумағында: акцизделетін тауарлар шығаратын,
акцизделген тауарларды кедендік аумағына импорттайтын, бензиннің және
дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын, қызметтің
акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз
салығын төлеушілер болып табылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын
пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.
Келісімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға
салық салудың екі үлгісі белгіленген: жер қойнауын пайдаланушының Салық
кодексінде көзделген салықтар мен басқада міндетті төлемдердің барлық
түрлерін төлеуін көздейді; жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін, сондай-ақ салық заңнамасында
көзделген салықтар мен басқада міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін
көздейді. [3, 237-240 б.]
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнаулы төлемдері:
- Үстеме пайдаға салынатын салық;
- Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері: бонустар (қол
қойылатын, коммерциялық табу), роялти;
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
6. Әлеуметтік салық еліміздің салық жүйесіне 1999 жылы енгізілген
тікелей салық. Қазақстан Республикасының резиденттері , сондай- ақ тұрақты
мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет ететін резидент емес заңды
тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар әлеуметтік
салықты төлеушілер болып табылады.
Салық салу обьектілері- резидент және тұрақты мекеме арқылы жұмыс
жасайтын резидент емес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу обьектісі
жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары, ал жеке кәсіпкерлер,
нотариустар мен адвокаттар үшін әлеуметтік салық обьектісі болып салық
төлеушінің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің саны болып табылады. Салық
ставкасы- 20 пайыздан 5 пайызға дейін сараланады.
7. Көлік құралдарына салынатын салықты меншік құқығында салық салу
обьектісі бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды
басқару құқығында салық салу обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың
құрылымдық бөлімшелері төлеушілер болып табылады. Уәкілетті органдарда
мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары,
тіркемелерді қоспағанда, салық салу обьектілері болып табылады. Жүк
көтергіштігі 40 тонна және одан асатын крьерлік автосамосвалдар,
мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып
табылмайды. Салық ставкасы көлік құралдарының двигателінің көлеміне қарай,
қуатына немесе жүк көтергіштігіне қарай айлық есептік көрсеткіштерге
белгіленген және көлік құралдарының түрлері бойынша сараланған. Аталмыш
салықтан Ұлы Отан соғысына қатысушылыр, көп балалы аналар, мүгедектер
жоғары наградалармен марапатталған адамдар (салық салу обьектісі болып
табылатын бір автокөлік құралдары бойынша), мемлекеттік мекемелер,
мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша біріңғай жер салығын
төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер
босатылған.
8. Мүлікке салынатын салық тура нақтылы салыққа жатады. Оның мөлшері
мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты.
Еліміздің аумағында меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару және
меншік құқығында салық обьектісі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
мүлікке салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар мен
материалдық емес активтер салық салу обьектісі болып табылады. Жеке
тұлғалар үшін салық салу обьектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы
тұрғын үй жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және т.б. құрылыстар мен
ғимараттар болып табылады. Жеке тұлғалар үшін мүлік салығының ставкасы 0,1
пайыздан 1 пайызға дейінгі аралықта сараланған, ал заңды тұлғаларға бір
пайыздан жоғары. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызмет ететін
ұйымдар, негізгі қызметі кітапханалық қызмет болып табылатын ұйымдар,
ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау қызметтерін іске асыратын
мекемелер, жұмыскерлерінің 51 пайыздан астамы мүгедектер болып келетін
кәсіпорындар салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 пайыз
мөлшерлеме бойынша мүлік салығын төлейді. [3, 242-247 б.]
9. Жер салығының мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды
пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру,
территориялардың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске
асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті
тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне
қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына
кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп
артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылыс еді. Меншік
салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған
нақты салықтарға жатады.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Дамыған
елдерінің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90% құрайды.
Қазақстан Республикасының бюджеті екі жүйеге бөлініп, қазіргі таңда
республикалық және жергілікті бюджетті құрап отыр. Республикалық бюджетке:
корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, бонустар,
роялтилер, ҚР территориясын өткені үшін алым, кедендік төлемдер, және
басқа да салықтық емес түсімдер кіреді. Ал жергілікті бюджетке жеке табыс
салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына
салынатын салық, бірыңғай жер салығы тағы басқа да алым және төлем түрлерін
атауға болады.

1.2 Жер салығының мазмұны, салық салу обьектілері

Жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржыларының бір
бөлігін жерге төлем ретінде мемлекеттің өзіне алуын жер салығы деп аталады.

XX ғ. басында Н. Сухановтың жүргізген теориялық зерттеулері өз
мәнділігін әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Ол ренталық салымдарды сипаттай
отырып: “ренталық салым екіге бөлінеді: біріншіден, қандай салық түрінде
жер рентасын алуға болады және екіншіден, қандай жолмен рентаны қоғамдық
қажеттілікке бағыттау, яғни қалай оны бөлуге болады және тек жер салығын
салу арқылы ғана белгілі бір топ жер иеленушілерінің монополиясымен және
артықшылықтарын басқалардың мүдделері үшін жоюға болады”. [10]
1992 жылы жер салығы енгізіліп, оның көздегені жерді рационалды
қолдану, жердің құнарлығын арттыру үшін түрлі қажетті шараларды жүзеге
асыруды қамтамасыз ету болды. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты
Қазақстанда 1995 жылдан бастап жер реформасы іске асырыла бастады. Бұл
реформаның негізгі мақсаты жер қатынастарын өзгерту, жаңа жер
пайдаланушыларын және жер нарығын қалыптастыру. Жер реформасының
нәтижесінде жер қоры қайта бөлініп, жерде әртүрлі шаруашылықтың түрлері
қалыптасты. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар акционерлік қоғамдар,
шаруашылық серіктестіктері, шағын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары ретінде
қайта қалыптасты.
Жер салығының мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды
пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын арттыру,
территориялардың әлеуметтік – мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске
асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті
тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне
қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына
кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп
артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылыс еді. Меншік
салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған
нақты салықтарға жатады.
Қазіргі іске асырылып жатқан салық заңдарына сәйкес заңды және жеке
тұлғалардың меншігі жыл сайын салық салуға жатады.
Жер салығын төлеушілер болып, Қазақстан Республикасының азаматтары,
ұйымдар, серіктестіктер, мекемелер, сонымен бірге кәсіпорындар, халықаралық
серіктестіктер және ұйымдар, шетел заңды тұлғалары және азаматтары, жер
учаскесін пайдаланатын резидент еместер.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы арналымы мен
тиістілігіне қарай санаттарға бөлді. Жердің белгілі бір немесе өзге
санаттарға жататындығы жер заңнамасымен белгіленетін болды.
Салық салу мақсатындағы барлық жерлер оладың арналған нысанасы мен
тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға және салық салу обьектілеріне
бөлінеді:
• ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
• елді мекендер жерлеріне;
• өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де шаруашылық емес
мақсаттағы жерлерге;
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, реакциялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;
• орман қорының жерлеріне;
• су қорының жерлеріне;
• запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз
етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне гектарға, шаршы
метрге белгіленген. Базалық мөлшерлемелерге Үкімет жыл сайын
белгілейтін болды. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан
жері бойынша төленетіні заңмен бекітілді.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан
Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер
жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1. тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2. тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен
ғимараттар орналасқан жерлер. [6, 171 б.]
Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды: елді мекендердің ортақ
пайдалануындағы жер учаскелері, алаңдар, көшелер, жолдар, өткелдер,
жағалаулар, парктер, скверлер, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және
халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер алып
жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы
жерлерге жатады. Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі
алып жатқан жер учаскелері. Ортақ пайдаланудағы кесіп берілеген белдеудегі
мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары,
көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол
бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар,
жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен
жасыл желектер орналасқан жерлер. [2, 70 б.]
Негізінде жер салығының мөлшері жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша
жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар және жер ресурстарын басқару
жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген
жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің дерекетері негізінде
есептеледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салық- ауыл
шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл
шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары,
коммуникацилар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен
ғимараттар орналасқан жерлер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр
және ауыл шаруашылығы алқаптарынының алабына қосылған басқа да алқаптар)
жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жерлер, көп
жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайлымдар жатады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер:
- жеке меншікке – Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы
шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін;
- жеке меншікке немесе жер пайдалануға – Қазақстан Республикасының жеке
және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл
шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми зерттеу, тәжірибе жүргізу және
оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын
жүргізу үшін;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге
жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы арналмаған жерді пайдаланушы заңды
тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20ақпанынан, 20 мамырынан, 20
тамызынан және 20 қарашада тең үлеспен төлейді.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке
берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бағалау
мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу,
топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау
материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелерінің паспорты жасалады. Жер учаскелері паспортының нысанын жер
ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен
оны беруді жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар жүзеге
асырады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерге салынатын жер салығының
базалық ставкалары – азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық жүргізуіне, бау-
бақша және сая-жай құрылысына арнап берген жерлерін қоспағанда, 1 гектар
есебімен белгіленіп, топырағының сапалығына қарай белгіленеді. Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің 329-
шы бабына сәйкес Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық
салық ставкасы төмендегі кестеде көрсетілген.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық
кодексінің 329-шы бабына сәйкес Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге
салынатын базалық салық ставкасы
Кесте – 1
Жер салығының Бонитет балы Базалық салық ставкасы
классификациясы (теңге)
Ауыл шаруашылық 1 - ден 10- ға дейін 0,48 – 2,41
мақсатындағы жерлерге 11-ден 20-ға дейін 2,89 – 4,82
салынатын базалық салық 21-ден 30-ға дейін 5,31 – 9,65
ставкасы 31-ден 40-қа дейін 14,47 – 24,12
41-ден 50-ге дейін 28,95 – 38,60
51-ден 60-қа дейін 43,42 -53,07
61-ден 70-ке дейін 57,90 – 82,02
71-ден 80-ге дейін 86,85 – 110,97
81-ден 90-ға дейін 115,80 – 144,75
91-ден 100-ге дейін 149,57 – 193,00
100-ден жоғары 202,65

Арнайы жер қоры. Жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің арасында
қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жермен босалқы жер
есебінен арнайы жер қоры құралады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай
келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге мүмкіндік бермейтін жер учаскелері
арнайы жер қорына енгізілмейді.
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелері. Жер
учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының
азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану
құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу
үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен Жер
Кодексіне және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы
заңдарына сәйкес беріледі. Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу
үшін алуға басым құқықты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық
жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл
шаруашылығында іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада,
ауылда, кентте тұратын азаматтар пайдаланады.
Елді мекендер жері. Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа
да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің
санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық
құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық елді мекеннің
шегі арқылы шектеледі.
Елді мекендердің жерлеріне салық салынатын алаңға құрылыс пен
ғимараттардың алып тұрған жер учаскесі, оларды ұстауға қажетті учаскелер,
сондай-ақ, егер олар басқа азаматтар мен ұйымдарға берілмеген болса, әрі
жалпы пайдаланымдағы жерлер болмаса, санитарлық-қорғау аймақтары,
техникалық және өзге де аймақтар енеді. Жергілікті өкілді органдар өз
құзыры шегінде жер учаскесінің орналасқан өңіріне, оның сумен қамтамасыз
етілуіне, шаруашылық жүргізудің өндірістік және басқа жағдайларына
байланысты жер салығының базалық ставкасын азайтуға немесе көтеруге құқылы,
бірақ 20% артық көтермеуге тиіс.
Жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге
жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ
пайдаланудағы жердің құрамынан шығаруды өз құзыретіне сәйкес жергілікті
атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортақ
пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге
мақсатқа арналған жер.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп
танылады. Бұндай жерлерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының
арнайы заңдарымен белгіленеді.
Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілері орналастыру мен пайдалану үшін
берілген жер, соның ішінде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар
жатады. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген
тәртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға
сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі
ескеріле отырып жүргізіледі.
Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік
түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және оларды пайдалану үшін
берілген жер көлік жері болып табылады.
Көлік жері. Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе және өзөге
де көлік түрі объектілерін дамыту, салу және қайта жаңарту үшін жағдай
жасау мақсатында Қазақстан Республикасының көлік туралы заңдарында
көзделген тәртіппен жерді резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкін.
Темір жол көлігінің жері:
- магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар
мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, сигналдық
жабдықтар, техникалық- қызметтік үйлер);
- кірме жолдарға;
- энергетика, локоматив, вагон, жол және жүк шаруашылықтары, сумен
жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері,
қызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсетілетін арнаулы мақсаттағы
өзге де объектілер бар темір жол станцияларына;
- темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген
жер жатады.
Автомобиль көлігінің жері. Автомобиль көлігі қажеттеріне арналған
жерге:
- автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтері мен жол
ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар және
ғимараттарға;
- автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігінің басқа
объектілерін және жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын,
ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту,
жөндеу, дамыту үшін қажетті жол шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жер салығын салудағы кездесетін проблемалар
Бюджет жүйесі жайлы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Салықтық есепке алу ережесі
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қазіргі кездегі жағдайының сипаттамасы
Экономикалық өсудің қарқыны
Пәндер