Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі.

1.1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Т. Рысқұловтың қоғамдық саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Т. Рысқұловтың тарихқа қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – бұрыннан белгілі түрлі деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мұрағат материалдарын сараптай келе, Т.Р.Рысқұловтың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және кәсіби қызметін, шығармашылық мұрасын тұтастай көрсету. Сондықтан Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылық мұрасына сүйене отырып, оны ғылыми – тарихшы ретінде қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мындай міндеттерді алға қойдық:
- Кеңестік басқару жағдайында Т.Рысқұловтың қайраткер ретінде қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторды анықтау.
- Т.Рысқұловтың ұлт-азаттық қозғалыс туралы көзқарасын анықтап, оның 1916 жылғы көтеріліске қатысуын нақты көрсету.
- Т.Рысқұловтың қазақстандағы ашаршылыққа күресін жан-жақты ашып көрсету.
- Т.Рысқұловтың революцияға, қазақ интеллигенция тарихына арналған еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығын бағалау.
- Т.Рысқұлов еңбектері арқылы Түркістан Республикасында орын алған тарихи оқиғалар мен саяси үрдістерге баға беру.
- Т.Рысқұловтың ғылыми және публицистикалық еңбектерін сараптай келе, оны тарихшы ретінде көрсету.

Жұмыстың тарихнамасы :
Т.Рысқұлов жалған айыптармен «халық жауы» аталып атылып кеткен отызыншы жылдардың екінші жартысынан кейінгі ондаған жылдар бойы оның өмірі, қоғамдық, мемлекеттік саяси қызметі мен ғылыми мұрасы жөнінде зерттеу жүргізуге тиым салынды.
Т.Рысқұлов туралы алғашқы шындыққа сай газеттік мақалалар мен жекеленген зерттеулер «Хрущевтік жылымық» аталған 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында жариялана басталды. Бұл ретте ең алдымен журналист Р.Байжарасовтың, тарихшы С.Бейсембаевтің, москвалық тарихшы В.М.Устиновтың 60-жылдар басында жарияланған мақалаларын бірінші кезекте атаған жөн. 1974 жылы С.Бейсембаев пен С.Көлбаев Қазақстан компартиясы Орталық комитеті жанындағы партия тарихы институтының атынан орыс тілінде «Турар Рыскулов» атты кітапша шығарды. Т.Рысқұловтың туғанына 80 жыл толуына арнап жарияланған бұл кітапшада қысқа да нұсқа түрінде оның Қазақстан, Орта Азия аймақтары көлемінде және бүкіл Кеңес мемлекеті шеңберіндегі ірі мемлекет және партия қайраткері болғандығы айтылып, оның Коминтеріннің Монғолиядағы өкілі ретіндегі қызметі мен оның шығармашылық мұрасына, ең алдымен көсемсөздік-публицистикалық шығармаларына қысқаша шолу жасалды.
1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институты орыс тілінде Т.Рысқұловтың таңдамалы шығармалар жинағын шығарды.. Онда Т.Рысқұловтың 30-дан асқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге және Қазақстан мен Орта Азия тарихының жекелеген оқиғаларына арналған мақалалары топтастырылды. Жинаққа тарих ғылымының кандидаты В.К.Григорьевтің Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметіне арналған очеркі жарияланды. Онда жалпы алғанда Т. Рысқұловтың ғылыми өмірбаяны мен жан жақты қоғамдың, саяси, мемлекеттік және шығармашылық қызметіне оңды баға беріліп, Рысқұловтанудың өзекті мәселелері сөз болды. Сол, 1984 жылы Т. Рысқұловтың 90 жылдығының Алматы, Ташкент және Баку қалаларында кеңінен атап өтілді. Осының бәрі ірі қайраткерлерді азаматтық және саяси тұрғыдан толық ақтауға негіз болды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Әбілтайұлы М. Әбілдаев Н. «Тұрар рысқұлов маңғолияда» А., 1994 ж.
2. Бейсембаев С. «Верный сын партии» 1962 ж
3. В.М. Устинов Зам. Пред. Совнаркома Российской Федерации. Алма-Ата 1988 ж.
4. В.М. Устинов Турар Рыскулов А., 1996 ж.
4. В. М. Устинов «Служение народу» А., 1984 ж.
5. Казахстанская правда 1991. 22 июня.
6. К. Есмағамбетов «Қазақтар шетел әдебиетінде» А., 1994 ж.
7. Қозыбаев М. Қ. «Жауды шаптым ту байлап» А., 1994 ж.
8. Қойгелдиев М. Омарбеков Т. «Тарих тағлымы не
9. Қойгелдиев М, Омарбеков Т «Тарих тағлымы не дейді?» А., 1993 ж.
10. Н. Назарбаев «Тарих толқынында» А., 1999 ж.
11. Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931-1933 гг. А., 1988 ж.
12. Оралтай Х «Алаш – Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны» Азат. 1991
13. С. Бейсембаев С. Кульбаев «Турар Рыскулов» Алма-Ата 1974 ж.
14. Т. Рыскулов избранные труды. А., 1984 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі.

1.1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Т. Рысқұловтың қоғамдық саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Т. Рысқұловтың тарихқа қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – бұрыннан белгілі түрлі
деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған
мұрағат материалдарын сараптай келе, Т.Р.Рысқұловтың ғұмырының
барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін,
ғылыми және кәсіби қызметін, шығармашылық мұрасын тұтастай
көрсету. Сондықтан Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне,
шығармашылық мұрасына сүйене отырып, оны ғылыми – тарихшы ретінде
қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мындай міндеттерді алға
қойдық:
- Кеңестік басқару жағдайында Т.Рысқұловтың қайраткер ретінде
қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторды анықтау.
- Т.Рысқұловтың ұлт-азаттық қозғалыс туралы көзқарасын
анықтап, оның 1916 жылғы көтеріліске қатысуын нақты көрсету.
- Т.Рысқұловтың қазақстандағы ашаршылыққа күресін жан-жақты
ашып көрсету.
- Т.Рысқұловтың революцияға, қазақ интеллигенция тарихына
арналған еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми
құндылығын бағалау.
- Т.Рысқұлов еңбектері арқылы Түркістан Республикасында орын
алған тарихи оқиғалар мен саяси үрдістерге баға беру.
- Т.Рысқұловтың ғылыми және публицистикалық еңбектерін
сараптай келе, оны тарихшы ретінде көрсету.

Жұмыстың тарихнамасы :
Т.Рысқұлов жалған айыптармен халық жауы аталып атылып
кеткен отызыншы жылдардың екінші жартысынан кейінгі ондаған
жылдар бойы оның өмірі, қоғамдық, мемлекеттік саяси қызметі мен
ғылыми мұрасы жөнінде зерттеу жүргізуге тиым салынды.
Т.Рысқұлов туралы алғашқы шындыққа сай газеттік мақалалар
мен жекеленген зерттеулер Хрущевтік жылымық аталған 50-жылдардың
соңы мен 60-жылдардың басында жариялана басталды. Бұл ретте ең
алдымен журналист Р.Байжарасовтың, тарихшы С.Бейсембаевтің,
москвалық тарихшы В.М.Устиновтың 60-жылдар басында жарияланған
мақалаларын бірінші кезекте атаған жөн. 1974 жылы С.Бейсембаев
пен С.Көлбаев Қазақстан компартиясы Орталық комитеті жанындағы
партия тарихы институтының атынан орыс тілінде Турар Рыскулов
атты кітапша шығарды. Т.Рысқұловтың туғанына 80 жыл толуына
арнап жарияланған бұл кітапшада қысқа да нұсқа түрінде оның
Қазақстан, Орта Азия аймақтары көлемінде және бүкіл Кеңес
мемлекеті шеңберіндегі ірі мемлекет және партия қайраткері
болғандығы айтылып, оның Коминтеріннің Монғолиядағы өкілі
ретіндегі қызметі мен оның шығармашылық мұрасына, ең алдымен
көсемсөздік-публицистикалық шығармаларына қысқаша шолу жасалды.
1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы
партия тарихы институты орыс тілінде Т.Рысқұловтың таңдамалы
шығармалар жинағын шығарды.. Онда Т.Рысқұловтың 30-дан асқан
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге және Қазақстан
мен Орта Азия тарихының жекелеген оқиғаларына арналған
мақалалары топтастырылды. Жинаққа тарих ғылымының кандидаты
В.К.Григорьевтің Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметіне арналған очеркі
жарияланды. Онда жалпы алғанда Т. Рысқұловтың ғылыми өмірбаяны мен
жан жақты қоғамдың, саяси, мемлекеттік және шығармашылық қызметіне
оңды баға беріліп, Рысқұловтанудың өзекті мәселелері сөз болды. Сол,
1984 жылы Т. Рысқұловтың 90 жылдығының Алматы, Ташкент және Баку
қалаларында кеңінен атап өтілді. Осының бәрі ірі қайраткерлерді
азаматтық және саяси тұрғыдан толық ақтауға негіз болды.

Жұмыстың өзектілігі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жеткеннен бері төл
тарихымыздың бұрындағы бұрмаланып жазылып келген мәселелерін қайтадан
жазып шындық тұрғыда ашып көрсетуге мүмкіндік туды. Жан жақты
зерттеу арқылы ұлттық тарихымыздың құныдығы артып, бүгінгі күндерде
оған деген көзқараста мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Осы күндері
ақиқаты айтылмаған мәселелер қайта ой елегінен өткізіліп, өзінің
обьективті бағасын алуда.
Тоталитарлық жүйе үстемдік құрған 70 жылдық кеңес дәуірінде
қоғамдық және ғылыми өмірдің шеттен тыс идеологияландыруы ХХ ғ.
басындағы отарлық саясаттың проблемаларын зерттеде өзінің теріс
ықпалын тигізді., осы мәселелерге қатысты сынаржақ тұжырымдар
жасалды.
Ұлттық санамыздың оянуы өткен жылдарымызды бұрмалай тарихи
процесті қаз қалпында көрсетуді талап етуде. Кеңестік тоталитарлық
құрылыста қазақ тарихында жеке тарихи тұлғаның атқаратын қызметі
мен ол өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық саяси ахуал арнайы зерттеле
қалса, зерттеу методологиясы не біріңғай қаралуға ,не асыра
марапаттауға құрылатын.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған, бірақ
та әлі де болса, зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп.
Бұлар саналы өмірін мемлекетке, халықтың болашағына арнаған.
Лауазымды қызметттерге көтеріліп, 30 жылдардың соңында қуғын сүргін
құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында - атты
кітабінда ХХ ғ. зиялылар тағдыры турасында: Ғасыр басында
мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да
қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы
ұмыт болған жоқ, (1) деп жазған еді.
Осы орайда, кезінде тәуелсіздігіміз үшін күрескен, кеңестік
тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, саяси жүйе есімдерін кейінгі
ұрпақ саласынан біржолата ығыстыруға күш салған тұлғаларымыздың
есімдері бұл күндері тарих сахнасының төрінен өздеріне тиісті орын
алып, олардың өмір жолы мен сан-салалы қызметі халық арасында
кеңінен насихатталуда.
ХХ ғ. алғашқы 10 жылдықтарында қазақ халқының азаттық жолында
күрескен зиялы азаматтарының бірі - Тұрар Рысқұлов. Оның қоғамдық-
саяси қызметі отаршылдыққа қарсы күреске қызмет етсе, шығармашылық
мұрасы ең алдымен өз халқының арғы бергі тарихының өзекті
мәселелерін шындық тұрғысынан зерттеуге арналды.

Кіріспе
Қазақстан республикасы - қазақ халқының тәуелсіз ұлттық
мемлекеті . тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай
ғасырларға созылған ұлт азаттық күресінің заңды нәтижесі.
Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең
басталды. Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ. ол ұлы
белестерден, қиын қыстау асулардан тұрді. Болашақ ұлттық мемлекеттің
іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да
азаттық жолындағы қажетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу
қазыргы таңда зор маңызға ие болып отыр.
ХХ ғ. басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы еді.
Қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушіліктің,
ұлттық тәуелсіздіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау
саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясат
күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті.
Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан
түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық
жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған
аса саяси ірі жетекшілерінің бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов
болатын.
Басқа сіңірген еңбектерінің бәрін былай қойғанда Т.
Рысқұловтың дәл осы ерлігі үшін ғана халықының жан - тәнімен
сүйе білген үлкен жүрегінің көп жылытқан ыстық оты үшін ғана
оны құрметтеуге оны сүйюге оны үлгі етуге әптен болады.
Т. Рысқұлов деген еісм бізге келер ұрпаққа өзінің нағыз
лениншіл адалдығымен шыншылдығымен халықына қалтықсыз еріле қызмет
етуге халқы үшін қандай қиындықтан болсада таймай өз мүддесінен
ел мүддесін биік қоюмен бағалы. Уақыт өте Т. Рысқұловтың
атына жағылған қара күйе жуылып ардақты есім бір жолата
ақталды.

І тарау. Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
1.1 Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама
Т. Рысқұлұлы 1894 жылы Алматы облысының Талғар ауданында туған.
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері.
Тұрардың әкесі кедей шаруа Рысқұл жалғандық атаулығы жаны қас
тектілерден тарған өр мінезді кісі болған. Орыс патшасының жемқор
жетдеттері мен жергілікті жадайшаптарының қоқан лоққы қорылығана
қарсы тұрғаны үшін Сібірге он жылға жер айдалып кетеді. Он жасар
Тұрар туысқандарының қолында қалып, Меркідегі қазақ мектебінде хат
таниды. Одан соң Бішкектегі бағбандық училищеде оқиды. Оны үздык
бітіріп Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Институтты
бітіруге үлгермейді. Дәл осы кезде Қазақстан мен Орта Азияда ұлт
азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен еді. Тұрар осы қозғалыстың
ортасында жүрді.
1917 жылы Ақпан Төңкерісінен кейін Әулиеатада өзі секілді
көкірек көзі ашық қазақ жастарын төңкеріс жолына бастаған , саяси
көзқарасы оянған бірден бір азаматы еді.
1917 жылдың қарашасынан 1918 жылғы қараша айына дейін Әулиеата
уезі Совдепінің Кеңестер депутатының төрағасы, ал 1918 жылы
маусымынан желтоқсанына дейін Түркістан республикасының денсаулық
сақтау халық комиссары болды.
1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін
республика министрлер кеңесі төрағсының орынбасары қызметін атқарды.
1920 жылдың қаңтарынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық
комисариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілетті уәкілі, ал
1922 жылы РСФСР Ұлт істері халық комисариатының орынбасары болып
тағайындалды.
Жігіттік дер шағы 25 жалынды Тұрар 1922-1924 жылға дейін
аттай екі жыл Түркістан республиканың қызметін атқарды.
1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың тамызына дейін Коминтерннің
Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен бірге 1924
жылдың ортасынан 1925 жылдың маусымына дейін Коминтерннің
Маңғолиядағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Қазақ өлкелік комитеті
баспасөз бөлімінің меңгерушісі, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың
тамызына дейін РСФСР Хаық Комиссарлары Кеңесі Төраасының орынбасары
қызметтерінде аса жауапты қоғамдық саяси міндеттер атқара жүріп
теориялық мәселелермен де айналысты.
Т. Рысқұлұлы өз республикасы үшін көп игілікті істер жасады.
Оның тікелей байланысымен Қарағанды көмір бассейні кен байыту,
Қоңырат мыс кенін ашу, Балқаш мыс қорыту комбинатын салу секілді
алуан алуан ауыр өндірісі саласында жұмыс атқарылды. әсіресе,
Түркісіб темір жолын салу комиссясына төрағалық еткен еңбегі
ерекше. Ел өміріне өзгерістер енгізген өндіріс ошақтарын
жандандырумен бірге оқу білім мен өнерді өркендетугеи де өлшеусіз
үлес қосты. Оның тікелей ұсыныс тілегі мен Ташкентте Орта Азия
университеттері ұйымдастырылса , Алматыда Киров атындағы қазақ
мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді. (1)
Сол РСФСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып
тұрғанда сол кезге бүкіл ел астанасы Мәскеу қаласының қала
шаруашылығына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.
Т. Рысқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін
айтқанда, ол Орта Азиядағы басшылардың ішіндегі ең көрнекті әрі
ықпалды қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме
хатында М. В. Фрунзе: Қалың бұқара соңдарына еерген жергілікті
кадрлар ішіндегі екі дарабоз Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға
ғана бай емес, мінездері де шарболаттай сан қырлы деп жазған.
Т. Рысқұлұлы партияның ХҮІ және ХҮІІ съездерінің делегаты
болып сайланды. ХҮІ партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп,
Ресей шаруаларының жағдайымен қатар Орта Азия диқандарыны ң да
хал күйіне көңіл бөліп, оларды бір бірімен өшіктірмеу керек. Орта
Азия әлі де болса патшалық Ресейдің отарлдау саясатының зілді
зардаптарын тартып отыр, бұған төзіп бағуға болмайды деп, өзінің
батыл ойын бүкпесіз айтқан.
Тұрар Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросының және Түркістан
Республикасы компартиясын басқарып тұрған кезінде Түркістан
өлкесінің біртұтастығын сақтау туралы әлденеше рет мәселе қойды.
Ол түркі тілдес Түркістан халықтары – біртұтас халық, тек тарихи
жағдайлар жан жаққа таратып жіберді деген тұжырымында талай рет
дәлелдеді. Республикадағы компартияны түрік халықтарының коммунистік
партиясы деп атауды және де бұл партияны республика секілді
Мәскеуге тәуелсіз дербес етіп құруды ұсынды. (2)
Қазір ұлттық Ұлан құрылды ғой. Ал А. Байтұрсынұлы мен Т.
Рысқұлұлы сол кездерде ақ мұсылман емес халықтардан тұратын Қызыл
Армияны Түркістаннан алып кетіп, Мұсылман түрік әскерін құруды,
республиканың өзінің қаржы қаражаты, сыртқы істер мен айналысуға
дербестігі болуын қамтамасыз етуді ескертті.
Бірақ осының біәрінен буржуазиялық-ұлтшылдық ұшығы шығады
деп, түріккомиссия мүшелері бұл шешімді жүзеге асыртпауға жандарын
салды.
1920 жылы мамыр айында Лениннің нұсқауымен Т. Рысқұловтың
түркі республикасын құру туралы тезистері қабылданбады.
Тұрарға пантюркист деп кінә тақты. Тұрардың тұжырымдары
көкейге қанша қонымды болса да, бұл мәселелер партиялық жүйеге
қайшы келді. (3)
Тұрардың шынайы адалдығы мен қайсарлығы, табандылығы көптеген
партия қайраткерлеріне ұнаған жоқ. Оны бір қызметтен бір қызметке
ауыстырып, әр түрлі өлкелердегі ауыр жұмыстарға жұмсап отырды.
Тұрарды Түркістан республикасының қызметіне де ұзақ уақыт ұстамады.
Себебі, Тұрар тұрғанда Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп
қорықты. Ресей ондай бөлектеулерге ыммырасыз болды. Қазына байлығы
мол республикадан айрылып қалу қауіпті еді. Оған мүлдем жол беруге
болмайтыны айдан анықты.
Осы Түркістанның бірлігі жөніндегі ұсынысынан соң ақ Тұрар
қудалауға түсті.
1925 жылы И. В. Сталин мұсылман аймақтарының басшы
кадрларымен кеңес өткізді. Сол кеңестегі сөйлеген сөзінде Тұрарды
пантюркист ретінде айыптап, оны басмашылар жағына өтіп кеткен
көрнекті қайраткер, татар революционері Сұлтанғалиевті қолдайды деп
кінәләді. Тұрар бұл таққан айыпты мойындамиай , оны революция
ісіне берілгген нағыз коммунист деп бағалаған Сталиннің дәл өзі
болатын дегенді де бетін бар, жүзің бар демей батыл айтып салды.

Ал Сұлтанғалиевтің большевизмнен бөілініп, басмашыларға қосылып
кетуіне қайндай себептер болғаны БКП (б) Орталық комитетіне де
мәлім еді.
1929 жылы Т. Рысқұлұлының известия газетінде мақаласы
жарияланды. Ол онда партия саясатын іс жүзіне асыру барысында
қателіктер жіберген мен партияның басты бағытынан таймағанын
жасырмады. Ол басқа ешбір партияны мойындамады. (4)
Түркістан - Тұран иен жайлаған түркі халықтарының ортақ
___________________________________ __
2. Х. Оралтай Алаш – Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны Азат
1991 ж. 18-б. 3. Бұл да сонда 21-б.
шаңырағы болды.
Сондықтан олардың бөлектенуіне болмайтынын, ондағы жергілікті
жағдайды міндетті түрде айрықша ескеру қажеттігін талап етті.
Т. Рысқұлов өз халқының қайғы қасіреті мұң мұқтажын
жоқтады. 1933 жылы Тұрар қатыгез Сталинге аштықтан шыбындай қырылып
жатқан қазақтардың ауыр халін айтып хат жазды. Шақыруын күтпей ақ,
қайсар Тұрар қаһарлы Сталинмен кездесуге ұмтылды.
Тұрардың осы тайсалмас талаптарынан соң Қазақстанға азық
түлік көмегі туралы мәселе шешілді. (5)
Қазақ жеріндегі бай кулактарды тәркілеу мене күштеп
ұжымдастыру халықтың ең басты күн көрісі – малынан айырды. (6)
Міне, осындай сын сағатта Тұрар Рысқұлов 1932жылы сентябрь айында
Сталинге бірінші хатын жазды. Одан нәтиже бола қоймаған соң араға бірнеше
ай салып, Сталин, Молотов, Кагановичтердің атына екінші хатын жазды. Ол
хатында Рысқұлов Қазақстанда әсіресе мал баққан халықтың халі адам төзгісіз
екенін, аштықтан көбі ажал құшып, көп адам Қазақстаннан басқа жаққа тамақ
іздеп, жұмыс іздеп ауып кеткенін, Голощекин: Лучше пересолить, чем не
досолить, яғни асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деп тұтас
халықтың басына алапат қауіп төнгендігін бұлтартпас фактілермен,
документтермен, жан-қиярлық батылдықпен ашына айқайлап айтты.
Дәл осы тұста жеке адамға табынудың дерті белең алған шақта мұндай
орасан батылдыққа барып, өз басын оққа байлау қаупіне қарамай, халқым!
деп жан ұшыра қайраткерлік көрсету — теңдессіз ерлік еді.
Көп ұзамай, 1933 жылы март Пленумында Қазақстан жағдайы талқыланып,
Голощекин Қазкрайкомның бірінші секретарьлығынан алынып, республика ауыр
бұлттан арылып, оділеттік орнай бастады.
Қазақтардың бір ауданнан Қазақстаннан тыс жатқан екшші бір аудандарға
1931 жылдың аяғында басталып, жазғытұры ұлғая- түскен қоныс аударулары
(қолданылған шараларының нәтижесінде олардың бір бөлігі 1932 жылдың жазында
кері оралғанды) қазір қайта үдей түсті. Аштық пен індеттің салдарынан
бірқатар қазақ аудандары мен қоныс аударушылардың арасында елім-жітім етек
алып отырғандықтан, бұған орталық органдардың шұғыл араласуы қажет. Мұндай
жағдай — қазақ халқының белгілі бір бөлігіне қатысты Қазақстанда пайда
болған қазіргі жағдай өзге өлкенің, не республиканың ешқайсысында орын алып
отырған жоқ. Қоныс аударушылар өздерімен бірге көрші өлкелер мен Ташкент,
Сібір, Златоуст темір жолдары бойына індет ауруларын таратты. Совет
тарапынан (атап айтқанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан)
белгіленген ішінара шаралар мәселені шеше алмайды. Орталық Комитеттің
қаулысымен дер кезінде жәрдемге босатылған азық-түліктің едәуір бөлігі
көздеген жерге жетпеді (оның себептері төменде айтылады.) Бұл мәселенің
маңызы зор болғандықтан, Сізден осы хатпен танысуы-ңызды және аштан өлу
қаупіне душар болған көптеген адамдардың өмірін сақтап қалу үшін осы іске
ара түсуіңізді өтінемін.
Жігерлі жас ерлікке парапар өжеттік танытып, сонау алыстағы Самар
(қазіргі Куйбышев) қаласына сапар шегіп, сондағы ауыл шаруашылық
институтына түсуге арыз береді. Қабылдау емтиханын үздік тапсырып тұрған
жерінде әлгі институттың бастығы оған: Сен мал баққан киргиздың баласысың,
ауыл шаруашылық ғылымында нең бар? Еліңе қайт, малыңды бақ деп қабылдамай
қояды. Сөйтіп, әлеуметтік әділетсіздіктің тағы бір сорақы түрі алдынан
шығады. Мұндай әділетсіздікке төзбей, әлі де болса үмітін үзбей
Петербургтегі патшаның Оқу министрінің атына өтініш жазады. Министрден
жауап-қайыр болмаған соң, Ташкентке барып, сондағы мұғалімдер институтына
ілінеді. Мұнда оқи жүріп, өзінің Пішпектегі алған білімі бойынша Краснопад
бау-бақша шаруашылығына бағбан болып жұмыс істеп, күнкөріс ақша тауып
әрекеттенеді. Өйткені оған қаражатпен қол ұшын беретін ағайын-туған жоқ
тұғын.
Сөйтіп жүргенде 1916 жылы патшаның бұратана халықтан қара жұмыс үшін
әскерге адам алу туралы әйгілі жарлығы шығады. Ол жарлық халықтардың
бұрыннан асқынған наразылығын шарасынан асырып төгілдіреді де, қанауға
қарсы ұлт-азаттық кетерілісі Орта Азия, Қазақстан сияқты елдердің әр
жерлерінде бұрқ-бұрқ ете қалады. Халық тағдыры осындай бір шешуші кезеңге
келіп тірелгенде, Тұрар оқуын жайбарақат оқи алмай, Меркеге келіп мұндағы
көтерілісті басқаруға қатысады.
Егер өз басының қамын ойлап, өзінің ғана күйін күйттеген тоғышар
болса, Тұрар мұндай қатерлі әрекетке бармай, оқуын оқып жүре берер еді. Елі
үшін еңіреген ерлер әр заманда да болған, олар жайшылықта ғана емес, халық
басына күн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Тұрар Рысқұлов жайында
Т. Рысқұлов
Тұрартұғыр Рысқұлов Тұрар
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Пәндер