Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 мамандығы - « Қазақ тілі мен әдебиеті»


МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .
4
Кіріспе. . .: І тарау. Анықтауыш туралы түсінік . . .
4: 6
Кіріспе. . .: 1. 1. Анықтауыштың сипаттамасы . . .
4: 6
Кіріспе. . .: 1. 2. Айқындауыш . . .
4: 17
Кіріспе. . .:
4:
Кіріспе. . .: ІІ тарау. Қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар . . .
4: 22
Кіріспе. . .: 2. 1. Есімшелерден болған анықтауыштар . . .
4: 22
Кіріспе. . .: 2. 2. Анықтауыштық қатынастағы «есімше+зат есім» үлгісі . .
4: 28
Кіріспе. . .: 2. 3. Есімшелі күрделі анықтауыштар . . .
4: 33
Кіріспе. . .: 2. 4. Басқа сөз таптарынан болған анықтауыштар . . .
4: 43
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
4: 50
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
4: 52

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдегі ерекшеліктерді зерттеу, оның заңдылықтарын ашып, жан-жақты қырларын көрсету тіл ғылымының объектілерінің бірі. Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің бойында болатын өзіндік табиғаты, ерекшелігі, түрлері, жасалу жолдары, тіркесу қаілеттілігі, қалыптасуы сияқты заңдылықтарды тереңдете зерттеу арқылы ғана белгілі ерекшеліктердің беті ашылады. Бұл салада қазақ лингвистері келелі еңбек етті, әйтсе де, тіліміздегі барлық грамматикалық құбылыстар зерттеліп, өзінің шешімін тапты деуге болмайды.

Етістіктен жасалған анықтауыштардың табиғаты туралы пікірлердің, айтылған ойлар мен тұжырымдардың бар болғанымен бұл тақырыпқа кеңінен арналмағандығы білеміз. Бұл тұрғыдан алғанда зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.

Бұл жұмыс қазіргі қазақ тіліндегі етістіктерден жасалған анықтауыштар табиғатын зерттеп, жүйелеуге арналды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштар табиғатын кеңінен сөз ету.

Бұл мәселені шешуде төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • қазақ тіліндегі етістіктен жасалған анықтауыштарға сипаттама беру;
  • есімшелерден болған анықтауыштарды тілдік материалдармен дәлелдеу;
  • есімшелі күрделі анықтауыштар туралы сөз ету;
  • есімшелі оралымдарды жасауға қатысатын сөз таптарын байланысу формалары мен тәсілдеріне қарай жеке-жеке қарастыру;
  • басқа сөз таптарынан болған анықтауыштарға да тоқталу.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.

Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны қазақ тіліндегі етістіктерден жасалған анықтауыштар.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің тілдік материалдары көркем әдеби және публицистика стильдерінде жазылған мәтіндерден жинақталды. Әдеби тілдің үлгісі ретінде А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов т. б. ақын-жазушылар шығармаларының материалдары алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Осыған дейін қолданылып келе жатқан оқулықтар мен оқу құралдарындағы синтаксистік талдауларды басшылыққа ала отырып, тіліміздің табиғатында бар, бірақ қолданылмай келе жатқан, болмаса белгілі себептермен өз тұрғысында қарастырылмай жүрген синтаксистік құбылыстарды практикада дұрыс пайдалана білетіндей деректермен толықтыруды көздедік.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. АНЫҚТАУЫШ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

  1. Анықтауыштың сипаттамасы

Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есімнің орнына жұмсалатын басқа есім сөздерінен болған мүшелермен ғана байланысып, сол мүшелерді түрлі бейнелері жағынан сипаттап тұрады.

Қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары анықтауышқа мынадай сипаттамалар береді:

А. Байтұрсынов анықтауыштың сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік (есімше) сөздерден жасалатындығын көрсетеді. Автор алушы сөзін де есімшеге жатқызады. Ғалым ілік жалғаулы сөздің анықтауыштық қызметін, жалғаулық, одағай, бүтін сөйлемнің де анықтауыш болуын сөз ете келе, қандай? не? неше? нешінші? кімнің? не етуші? не еткен? сұрақтарын алға тартады. Ғалым алтын жүзік жоғалды сөйлеміндегі алтын сөзіне не? сұрағына жауап береді деуін қазір басқаша ойлау керек сияқты [1, 31] .

Ғалым Қ. Жұбанов тілдің барлық саласына өз үлесін қалдыра білді. Ғалымның синтаксис туралы негізгі ойлары «Қазақ тілі грамматикасы» деген еңбегінде. Автор ойынша, сөйлем бір сөзді де, бірнеше сөзді де болады. Бір сөзді сөйлем - басы, қол-аяғы жоқ тас-домалақ дене сияқты, яғни іштей талдауға болмайды. Ал көп сөзді сөйлем - басы, кеудесі, қолы, аяғы бар дене сияқты. «Көп сөзді сөйлемнің осындай түгел ойдың бір бөлшегін білдіретін әр сөзін сөйлем мүшесі» деген автор оларды баяндауыш, бастауыш және айқындауыш деп үшке бөледі. Ғалымның тілімен айтсақ, айқындауыштар, тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері анықтауыш пен толықтауыш арқылы тиянақталған. Ғалым жалғаулы болса, толықтауышқа, жалғаусыз болса анықтауышқа телиді [2, 401-402] .

Н. Сауранбаевтың анықтауышты қабыспалы, матаулы деп топтауы және қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? сұраулары негізінде жасалуы қазіргі күні қолдауын тапты. Сын есім, сан есім, есімдіктен жасалуын көрсеткен ғалым зат есім, сын еімдердің -дай, -дей, -тай, өтей түрі есіммен тіркескенде ғана анықтауыш, ал етістікпен тіркескенде пысықтауыш болуын дұрыс көрсетеді. Ғалым пікірінде, айқындауыш мүше де көбіне зат есім, есімшеден, тұйық райдан, көсемшенің -ғалы және үстеуден болған мүшені айқындайды. Сонымен қатар айқындауыштың өзі анықтайтын сөзімен тұлғалас келеді деуі де дұрыс. Ғалым айқындауыштың бір-ақ түрін беріп, оның екі түрлі тыныс белгісін көрсетеді. Біріншіден, айқындауыштар екі жағынан үтірмен және айқындалушы мүше жалпы есімнен болса, жақшаға алынады: Февральдің 7 күні (кеше) қалалық интеллигенцияның жиналысы болды [3, 153] .

Сөйлемде әртүрлі синтаксистік қызметте жұмсалатын әр заттың өзіне ғана тән не бір тектес көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты өзге нәрселерден сол сапалық ерекше белгілеріне қарай айыруға болады. Заттардың әртүрлі сындық, сапалық белгілерін білдіретін сөздер сөйлемде, көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады.

Алыс жол атты сынайды,

Ауыр жол ерді сынайды. («М. М. »)

Сәлім қызық кітапқа оқыды.

Бұл сөйлемдердегі алыс жол, ауыр жол, қызық кітап деген тіркестерде жол, кітап деген зат есім сөздерінің алдындағы алыс, ауыр, қызық деген сын есім сөздері арқылы сол заттардың бойында болатын айрықша белгілерінің бір түрі көрсетілген. Синтаксистік қызметі жағынан лыс, ауыр, қызық сөздері сөйлемде анықтауыш болып тұр.

Заттың белгісін (сынын, түр, түсін, т. б. ), заттық сапасын, меншіктілігін, санын білдіретін тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді.

Анықтауыштар қандай? Қай? Қайсы? (қайсысы?) қайдағы? Недегі? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Нешінші? Қайткен? Неткен? деген сұраулардың біріне жауап береді [4, 266] .

Аспазшы тәтті самсалар пісірді. 2) Боцманның жуан даусы бар болып шықты. (Л. К. ) 3. Ойдағы ел қырдағы елмен араласып. (А. Қ. ) 4) Менің белгім осы. 5) Ұлыған қасқырдың даусы жан-жақтан естілді. (С. М. ) 6) Ойда он сиырдың мүйізі сырқырайды. («М. М. ») .

Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.

Сөйлемде бастауыш, толықтауыш, т. б. қызметтерде жұмсалатын әр заттың өзіне тән, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты басқа заттардан сондай сапаларына қарай айырып танимыз. Сөйлемде заттардың әртүрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады; олар заттың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген - жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара, имек, қисық, қайқы бас тәрізді көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген ойымызды айқындай түседі. Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер - сын есім мен зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Бұйра толқын ойнақшып тұр. Жасыл жапырақ сыбдыр қағады деген сөйлемдердегі анықтауыштар мен анықтауыш сөздер де сын есім мен зат есімдерден құралған.

Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар (анықтауыш пен анықталатын сөздер, фразалық (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек (комплекс) болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімдерге жалғанады.

Анықтауыштар сөйлемде әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар әдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асау Терек (Абай), алтын күн, жазық дала, жұмсақ жел, т. б.

Бұл сияқты эпитеттердің поэтикалық тілде көркемдік мәні зор.

Жалпы ереже бойынша анықтауыштар зат есімдерден болған мүшені анықтайды. Кейде ол зат есім орнына жұмсалған есімді, сан есімді де анықтауы мүмкін: Асқар мен Ержан далаға шықса . . . көзілдірікті, қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен (С. Мұқанов) . Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы тұр екен (Ғ. Мұстафин) .

Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. сондай құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш деп үшке бөлеміз.

Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да әртүрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: 1) сапалық анықтауыш, 2) меншікті анықтауыш.

Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады; меншік анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады.

Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қабыса байланысады, меншікті анықтауыштар матаса байланысады [1, 160-161] .

Анықтауыш мүшенің қызметі де өзі тіркесетін сөздің лексика-семантикалық ерекшелігімен тығыз байланысты. Олар, негізінен, зат есімдерден немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшелермен атрибутивтік қатынаста болады да, өзі анықтайтын сөздермен интонациялық жағынан ыңғайласып, бір ритмикалық топ құрайды. Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінен, сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, етістіктің есімше, қимыл есімдерде тұрған орны не арнаулы грамматикалық тұлғалар арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады. Сондай-ақ анықталатын сөздердің де тек бастауыш қызметінде жұмсалуы міндетті бола бермейді. Сөйлемнің кез келген мүшелері анықтауыш бола алады, тек олардың түбірі заттық мағынада қолданылса болды.

Анықтауыштардың күрделі түрі интонациялық жағынан өзара бөліп-жаруға келмейтін, лексикалық бірлік ретінде түсініледі. Олардың жасалуының бірнеше жолдары бар:

  1. Сапалық және қатыстық (туынды) сын есімдердің тіркесінен болады:Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей осы отырғанның бәрінен де сұлу(Әуезов) .
  2. Екі сапалық сын есім тіркесінен болады:Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік . . . Құнанбайға тесіле қарамайды(Әуезов) .
  3. -ғы, -гі (-дағы, -дегі) тұлғасы арқылы жасалады:
  • негізгі сөз бен көмекші есімнің тіркесінен:ИгілікҰлытаудан бергіелдерді аралап қайтып еді(Мүсірепов) . Үй ішіндегіүлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды(Әуезов) .
  • Есімдік пен зат есім немесе заттанған басқа сөз таптарының тіркесінен:Сол күнгіауаның райы да әлі күнгі есімнен қалмайды(Сейфуллин) .
  • Есімше мен зат есім тіркесінен:Өткен түнгі оқиға қала халқын теңселтіп жіберді.
  • Күрделі сан есімдер, сан есімді анықтауышы бар зат есім сөздер тіркесінен:Жұрттыңон алтыдағыбаласы кісіге жалданып, я үйінде кәсіп етіп, әке-шешесін асырап отыр(Майлин) . Жуырда ауданнан15 шақырым жердегіЕсеншағым мекенінен орталық су құбыры тартылды.
  1. Қабыса байланысқан негізгі және туынды түбір есімдер, есімшелі тіркестер басқа бір сөзді анықтайды:Сонау етекте жазыққа беттепекі қотанқой өріп барады(Мұстафин) . Он екі қанатүйдің әр керегесін төрт жігіт қолдасып, әрең жайды(Мүсірепов) . Асқақтаған таусыз, мұнартқан ормансыз. . . шөл даладан бұл жерге келген Асқар рақаттанып қалды(Мұқанов) .
  2. Жалқы есімдер менсықылды, секілді, тәрізді, деген, дейтінтәрізді көмекші сөздердің тіркесі:. . . Шәкір бай . . . Кәдір сияқтыкісінің Айша сияқты қос өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алғалы жатыр(Сейфуллин) .
  3. Өзара матасу, меңгеру, қабысу арқылы байланысқан предикаттық мәніндегі есімшелі, есімді тіркестер өзінің субъектісі болатындай сөздердің алдында келіп, соларды анықтайды:Терезенің көзінен түскен күн сәулесі Бақыттың бетінен сүйіп, еркелетіп ойнатқандай болады. Ана Қадірдің үлкен баласы Сонабайдың үйінің сыртында жолдастарымен отырған төрт-бес кісі - сол Боранбайдың баласы(Сейфуллин) . Алдыңғы сөйлемдеТерезенің көзінен түскентіркесікүн сәулесісөзінің, екінші сөйлемдегіАна Қадірдің , Сонабайдың үйінің сыртында отырғантіркесітөрт-бес кісітіркесінің алдарында келіп, сол сөздерді анықтап тұр. Ал сол анықталатын сөздерде анықтауыш боп тұрған тіркестерді алдыңғы жағына қойса, ол сөздер субъектілік қызмет атқарып, тіркес сөйлемдік құрылымға түсер еді. Қалай болғанда да, күрделі анықтауыштардың осындай құрылымда сөйлем ішінде көбірек қолданылуы қазіргі әдеби тілде мол кездеседі. Бұл сөйлемдегі ойдың кең, ауқымды боп берілуін қамтамасыз ететін тәсіл боп отыр.
  4. Тілімізде осындай құрылымға ұқсас, бірақ предикаттық қатынастағы (бастауыш, баяндауышы бар) тіркестер тобы тұтасымен бір сөзді немесе бір лексикалық бірлік ретіндегі сөздер тобын анықтауы да жиі кездеседі. Бұлар, әдетте, үйірлі анықтауыштар деп аталады. Жалпы алғанда үйірлі анықтауыштардың соңғы сөзі зат есімгеіші алтын, сырты күміс, сын есімгеажымы мол, сан есімге, мөлшерлік сөздергежасы 25 шамасындағы, саны көп, модальдық сөздергеқалың қара қасы бар, тірлік белгісі жоқ, есімшелергеқұрағы жайқалған, иісі мұрын жаратынбіткен болады да, сол тобымен тұтаса отырып, зат есімді не заттық мағынадағы сөздерді анықтайды. Бұл жердің адамдарында сіз білмейтін тағы бір мінез бар(Сланов) . Ұйқысы келмеген сқар құлағын . . . әлсіз толқынға тікті(Мұқанов) . . . . Аласы аз қара көз нұр жайнайды(Абай) .

Анықтауыштарды, әдетте, мағыналық жағынан сапалық және меншікті деп бөледі. Жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай қабыса байланысқан және матаса байланысқан анықтауыштарға сәйкес келеді.

  1. Сын есімдерден жасалған анықтауыштар. Сын есімдердің лексикалық мағынасы зат есімдердің мағынасымен тікелей қатысты болғандықтан, оның зат есімді сапалық, сандық жағынан анықтауы - ең басты синтаксистік қызметі боып табылады. Сын есімдер зат есім немесе заттық мағынадағы басқа сөз таптарымен қабыса байланысып атрибуттық қатынас құрайды. Қонақ үйде дөңгелек стол үстінде, қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр(Әуезов) .
  2. Зат есімдер өзара қабыса байланысып бірі екіншісінің анықтауышы болады:- Омбыдан келген карден шыны аяқтарды шығар сандықтан! Бас қанттың қалғанын тұтасымен қоярсың!(Мүсірепов) .
  3. Сан есімнен болған анықтауыштардың да мәні зат есімдерге тікелей байланысты, себебі олар заттың мөлшерін, сандық шамасын, ретін т. б. білдіреді. Сан есімдер өздері анықтайтын сөздермен қабыса байланысады:Абай осы кезде «арбаға отырайық» деп екі әйелге белгі берді(Әуезов) .
  4. Есімдіктерден қабыса байланысып, анықтауыш қызметінде қолданылатындары -сілтеу, өздікжәне бірсыпырабелгісіздік, сұрау, жалпылауышесімдіктері.
  5. Етістіктердің ішіндеесімшежәнеқимыл есімдеріанықтауыш қызметінде жұмсалады:Тығылған аң бары рас болса, ін түбінде жатуға қанша шыдар дейсіз(Мұқанов) .
  6. Зат есімдер немесе басқа да заттанған сөз таптары ілік жалғауында келіп, басқа зат есімдермен не заттанған сөз таптарына матаса байланысып, анықтауыш қызметінде қолданылады. Анықталатын сөздер әр уақытта тәуелдік жалғауында болады. Кейде бір ілік жалғаулы сөз бірнеше бірыңғай сөздерді анықтап, кейде бірнеше ілік жалғаулы сөз бір ғана сөзді анықтайды. Тәуелдік жалғауының мәніне байланысты ілік жалғауының, тіпті ілік жалғаулы анықтауыштың өзі (көбінесе, жіктеу есімдіктері) түсіріліп айтылатын жағдайлары болады.

Анықтауыштар мынадай жағдайларда үнемі ілік септік жалғаулы болып қолданылады:

  1. Матаса байланысқан сөздер арасына басқа сөздер түскенде:Құнанбаевтың мынау жауабын айрықша ескерулеріңді сұраймын(Әуезов) .
  2. Есімдіктер («өз» есімдігінен басқа), заттанған сын есім, сан есім, есімшелер және тәуелдеулі есімдер меншікті анықтауыш қызметінде үнемі жалғаулы болып келеді:Абай аға, мынау - біздің үйлер. Жуынған сұлудың қос шынтағы шашын көтеріп бүлкілдегендей(Әуезов) . Мұндай мінезі біреуіміздің қарабасымызға арнаулы сөзі болып келенде байқалатын еді(Мүсірепов) .

Ілік септігінің түсіріліп айтылуы көбінесе күрделі тіркестер құрамында болады да, жасырын ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз тіркесінің бір ғана компоненті қызметін атқарады, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Түнде, ел орынға отыра, Көкшетау қаласына келді. Бетіне ай сәулесі нұрын төгіп, төсектен жібек шашы салбырайды (Сейфуллин) . [5, 654-656] .

Анықтауыштар басқа сөйлем мүшелері сияқты әлденеше сөзден де құралады. Олар өзара берік байланыста тұрған сөз тіркестері болады: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ши барқыт қамзолды келіншек, өңі сұп-сұр адам, жасы үлкен кісі.

Бірінші топтағы күрделі анықтауыштар ( ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ши барқыт қамзолды келіншек ) күрделі сын есімдерден ( ұзын бойлы,, ақ сақалды ) және зат есімдер мен туынды сын есімнен ( ши барқыт қамзолды ) құралған. Ол анықтауыштардың құрамындағы сөздердің алдыңғылары соңғыларын анықтап барып, сол сөз тіркесі түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтайды. Сондықтан мұндай күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатынастағы сөздерден құралған күрделі анықтауыштар деп қараймыз. Екінші топтағы анықтауыштар ( өңі сұп-сұр, жасы үлкен ) зат есім мен сын есімнен құралған. Бұлар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, екіншісі оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға тікелей қатысты болып тұр. Ондай анықтауыштарды предикаттық қатынастағы сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз.

Атрибуттық қатынастағы күрделі анықтауыштар анықталатын заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы кісі, ат жақты жігіт, т. б.

Предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа заттардың сапалары арқылы анықтайды: бойы ұзын кісі, малы көп ауыл, сен көрген бала, ұяты бар келіншек, т. б.

Күрделі анықтауыштар тобындағы сөздер өзара қабыса және матаса байланысқан әртүрлі сөз таптарынан құралады: ақ орамалды, ұзын бойлы, майда жалды, төрт қырлы, ат жақты, күміс қоңыраулы, мақпал қара шашты, қызыл күрең, ақ күмістей, дөңгелек қара сақалды, қақтаған ақ күмістей, таудай талапты, кер маралдай, кербез, семізше келген, қала халқының.

Осылар сияқты, күрделі анықтауыштар түрлі сөздерден құралғанда олардың құрамы көбінесе екі-үш (кейде одан да көп) сөзді болып келеді. Әдебиеттен мысалдар:

Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Жамбыл) . Көкшенің кілемдей келбетті даласындағы көп көл күміс теңіздей дөп-дөңгелек боп күнге шағылысуын қарашы (С. Мұқанов) . Көктемдегі қызғалдақтай қызық заман . . . (Жамбыл) . Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, аласы аз қара көзі нұр жайнайды (Абай) . Керілген кер маралдай кербез сұлу, қиын ғой сұлулардың сырын білу (И. Байзақов) . Асан . . . семізше келген қырықпа қызыл тоқтыны алып келді (С. Мұқанов) .

Үйірлі анықтауыштар тобының құрамындағы сөздердің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе ІІІ жағында айтылады. Ал олардың екінші сыңары сын есім, есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Анықтауыш, оның зерттелуі
Контаминация құбылысының қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері
Есімше зат есім үлгісіндегі сөз тіркестеріндегі бағыныңқы етістіктердің лексика-семантикалық синтагмалық мағыналары
Бірыңғай мүшелердің байланысы
СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz