Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

I тарау. Қаратпа, зерттелуі, негізгі белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
I.1. Қаратпаның зерттелу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
I.2. Қаратпа туралы теориялық түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

II тарау. Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... 16
II.1. Қаратпалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
II.2. Қаратпа сөз тіркестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
ІІІ.3 Қаратпа сөйлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жай сөйлем синтаксисінің көптеген мәселелерімен бірге оған қатысты оқшау сөздер де А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Р.Әміров, М.Томанов, Т.Сайрамбаев, Х.Арғынов, М.Бимағанбетов т.б. ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болып келеді. Оқшау сөздер туралы Ш.Сарыбаев, М.Бимағанбетовтер кандидаттық диссертация қорғаса, М.Томанов, Т.Сайрамбаевтар методикалық құралдар шығарды. Түркі тілдерінде бұл мәселе жөнінде А.Н. Кононов, Н.А.Баскаков, Е.И.Убрятова, М.З. Закиев сияқты ғалымдар оқулық көлемінде өз пікірлерін жазған. Орыс тілінде оқулық та, жеке кандидаттық диссертациялар да жазылып, соның негізінде бірнеше монографиялық еңбектерде жарық көрді. Оқшау сөздер, олардыңтүрлері, жалпы сөйлемге қатысы, оны алып тастағаннан сөйлемнің өң бойына тигізетін әсері, жасалу жолдары туралы айтылып келе жатқанмен, ол туралы әлі де көптеген мәселелер толық шешілген жоқ. Әсіресе, оқшау сөздердің ішінде қаратпаларға қатысты көптеген арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Сондықтан да бұл жұмыста тек қаратпалардың табиғаты туралы арнайы тоқталдық.
Тақырыптың маңыздылығы. Орыс тілінде тек ұаратпалар туралы А.М.Пешковский, А.А.Потебня, А.А.Шахматов, В.В.Виноградов, В.В.Бабайцева, Л.Ю.Максимов, Е.С.Скобликова, Н.С.Валгина, В.А.Белошапкова сынды ғалымдар оқулық көлемінде өз пікірлерін білдірсе, ал, В.П.Проничев, Л.П.Иванова, Л.К.Дмитриева, А.О.Костылев, И.В.Мальцев, Е.П.Бейлина, А.В.Велистова, Аль-Кадими, түркологияда Р.Р.Сайфуллаев диссертация жазып, монографиялар шығарғаны белгілі. Орыс тіліндегі қартпалар туралы осынша еңбектердің шығуы көптеген мәселелердің нақты шешімін тапқаны деп білеміз. Ал қаазқ тілінде қаратпалар тек оқулықтар көлемінде ғана айтылып келеді. М.Бимағанбетовтың диссертациялық жұмысында қаратпа, қыстырмалар бірге қаралған. Онда да қаратпалардың жасалуы мен стильдік қолданылуы берілген. Осы себептерге байланысты қаратпа, оған қатысты көптеген мәселелер ғылыми жағынан толық шешімін тапты дей алмаймыз.
Оқшау сөздердің табиғи қасиеті сөйлемде айқындалады. Соның бірі қаратпа- сөйлемнің аясын кеңейтетін үлкен тілдік категория. Қаратпалардың сөйлем мазмұнына өзіндік әсері бар. Тілде бекерден- бекер қосыла салған элемент емес. Сөйлемген күшейту мәнін үстейтін және сөйлем мүшелерінң қызметінде басқа біреудің ойын, назарын аударту үшін үнемі жаңару үстінде жұмсалатын синтаксистік элемент. Сондықтан да қаратпалардың табиғатын айқындау- қазіргі тіл білімінң кезек күттірмейтін мәселесі.
Диссертацияның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері. Ұлттық тіліміздің мемлекеттік мәртебесін толыққанды дәрежеге көтеру үшін әрбір зерттеуші тілдің бұрын еленбей келген үлкенді- кішілі компоненттерін жете зерттеп, ғылыми жүйеге түсіру жолында еңбек етуде. Осыған орай біз де қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалардың түр- тұлғалық ерекшеліктерін жан-жақты айқындауды мақсат еттік.
Осы мақсатты орындауды қаратпалардың сөйлемдегі орны мен қызметі, жасалу жолдары, өзі ұқсас категориялардан айырмашылығы (тіпті, қаратпаладың одағай, қыстырмаладан аырмашылығы), оның сандық, жақтық, көптік қасиеттері мен тұлғалары сияқты мәселелерді шешуге назар аудармақпыз.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Осы күнге дейін жалпы қаратпалардың берілуінің өзінде ала- құлалық бар. Соңғы кезде шыққан еңбектерде қаратпаларға жай сөйлем синтаксисінен орын берілмеуі, ал қаратпалардың жасалуы мен түрлері, сұраулары мен интонациясы, оның тілдік ерекшеліктері сияқты мәселелер әр оқулықта әр түрлі. Қаратпаларды сөйлемнен алып тастағанда сөйлемнің аса бір қажетті бөлшегі деген пікірлердің берілуі оқушы қауымға үлкен қиындық келтіріп жүр. Сондықтан тілімізде қаратпалардың өзекті мәселелерін айқындап, бір ізге түсіруде, әсіресе, жай сөйлем синтаксисінің ғылыми- лекциясында және практикалық оқулықтарында оған тән мәселелерге жаңаша толықтырулар енгізу қажет.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қаратпалар туралы бұрын айтылған пікрлерге талдау жасалды, ғалымдар тарапынан толық айтылмаған қырлары сараланды. Осы бағытқа сай қаратпалар кең көлемде жеке зерттеу объектісі етіп алынды. Осыған байланысты қаратпалардың жасалу жолы зерттелді. Қаратпа бола алатын адам, жан- жануар, табиғат атауланың ұғым аясының кеңеюі мен тарылуы мағыналық жағынан жаңаруы мен көнеруі жинақталды. Нәтижесінде қаратпаның түрлері, әрқайсысының грамматикалық ерекшеліктері айқындалады. Қаратпа сөз, қаратпа сөз тіркесі, қаратпа сөйлем түрлері жеке-жеке қаралып, олардың тек қабыса, матаса байланыса алатын қабілеті анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Серғалиев М. «Қазіргі қазақ әдеби тілі».
2. Аманжолов С. «Қазақ тілі грамматикасы» А, 1972.
3. Амангжолов С. «Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсы» А,1984.
4. Әміров Р.С. «Жай сөйлем синтаксисі» А,1983.
5. Қазақ грамматикасы. Астана, 1993.
6. Оралбаева Н. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993.
7. Қалиев Ғ. «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі» А, 2005.
8. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы» А, 1992.
9. Қазақ тілі энциклопедиясы А, 1998.
10. Егіншібаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар. Ф.ғ.к. дисс. ... авторефераты. А, 1997.
11. Оралбаева Н.,Мадина Ғ., Әбілқаев А. «Қазақ тілі» А,1966.
12. Руднев А.Г. «Синтаксис осложненного предложения» М,1959.
13. Мещаников И.И. «Члены предложения и части речи» М,1945.
14. Дмитриева Л.К. «Обращение и вводный компонент» Л,1976.
15. Арғынов Х. «Сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында».
16. Бимағанбетов М. «Обращение и вводные слова в современном казахском языке» А,1967.
17. Сарыбаев Ш.Ш. «Междометие в казахском языке» А,1959.
18. «Қазақстан мектебі» журналы. 1960 №5, 68-б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 3

I тарау. Қаратпа, зерттелуі, негізгі белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
I.1. Қаратпаның зерттелу жайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
I.2. Қаратпа туралы теориялық түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9

II тарау. Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
... ... ... ... ... ... ... 16
II.1. Қаратпалардың түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
II.2. Қаратпа сөз тіркестері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21

ІІІ.3 Қаратпа сөйлем
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 32
Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жай сөйлем синтаксисінің көптеген
мәселелерімен бірге оған қатысты оқшау сөздер де А.Байтұрсынов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Р.Әміров,
М.Томанов, Т.Сайрамбаев, Х.Арғынов, М.Бимағанбетов т.б. ғалымдардың
еңбектерінде арнайы сөз болып келеді. Оқшау сөздер туралы Ш.Сарыбаев,
М.Бимағанбетовтер кандидаттық диссертация қорғаса, М.Томанов,
Т.Сайрамбаевтар методикалық құралдар шығарды. Түркі тілдерінде бұл мәселе
жөнінде А.Н. Кононов, Н.А.Баскаков, Е.И.Убрятова, М.З. Закиев сияқты
ғалымдар оқулық көлемінде өз пікірлерін жазған. Орыс тілінде оқулық та,
жеке кандидаттық диссертациялар да жазылып, соның негізінде бірнеше
монографиялық еңбектерде жарық көрді. Оқшау сөздер, олардыңтүрлері, жалпы
сөйлемге қатысы, оны алып тастағаннан сөйлемнің өң бойына тигізетін әсері,
жасалу жолдары туралы айтылып келе жатқанмен, ол туралы әлі де көптеген
мәселелер толық шешілген жоқ. Әсіресе, оқшау сөздердің ішінде қаратпаларға
қатысты көптеген арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Сондықтан
да бұл жұмыста тек қаратпалардың табиғаты туралы арнайы тоқталдық.
Тақырыптың маңыздылығы. Орыс тілінде тек ұаратпалар туралы
А.М.Пешковский, А.А.Потебня, А.А.Шахматов, В.В.Виноградов, В.В.Бабайцева,
Л.Ю.Максимов, Е.С.Скобликова, Н.С.Валгина, В.А.Белошапкова сынды ғалымдар
оқулық көлемінде өз пікірлерін білдірсе, ал, В.П.Проничев, Л.П.Иванова,
Л.К.Дмитриева, А.О.Костылев, И.В.Мальцев, Е.П.Бейлина, А.В.Велистова, Аль-
Кадими, түркологияда Р.Р.Сайфуллаев диссертация жазып, монографиялар
шығарғаны белгілі. Орыс тіліндегі қартпалар туралы осынша еңбектердің
шығуы көптеген мәселелердің нақты шешімін тапқаны деп білеміз. Ал қаазқ
тілінде қаратпалар тек оқулықтар көлемінде ғана айтылып келеді.
М.Бимағанбетовтың диссертациялық жұмысында қаратпа, қыстырмалар бірге
қаралған. Онда да қаратпалардың жасалуы мен стильдік қолданылуы берілген.
Осы себептерге байланысты қаратпа, оған қатысты көптеген мәселелер ғылыми
жағынан толық шешімін тапты дей алмаймыз.
Оқшау сөздердің табиғи қасиеті сөйлемде айқындалады. Соның бірі
қаратпа- сөйлемнің аясын кеңейтетін үлкен тілдік категория. Қаратпалардың
сөйлем мазмұнына өзіндік әсері бар. Тілде бекерден- бекер қосыла салған
элемент емес. Сөйлемген күшейту мәнін үстейтін және сөйлем мүшелерінң
қызметінде басқа біреудің ойын, назарын аударту үшін үнемі жаңару үстінде
жұмсалатын синтаксистік элемент. Сондықтан да қаратпалардың табиғатын
айқындау- қазіргі тіл білімінң кезек күттірмейтін мәселесі.
Диссертацияның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері. Ұлттық
тіліміздің мемлекеттік мәртебесін толыққанды дәрежеге көтеру үшін әрбір
зерттеуші тілдің бұрын еленбей келген үлкенді- кішілі компоненттерін жете
зерттеп, ғылыми жүйеге түсіру жолында еңбек етуде. Осыған орай біз де
қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалардың түр- тұлғалық ерекшеліктерін жан-
жақты айқындауды мақсат еттік.
Осы мақсатты орындауды қаратпалардың сөйлемдегі орны мен қызметі,
жасалу жолдары, өзі ұқсас категориялардан айырмашылығы (тіпті, қаратпаладың
одағай, қыстырмаладан аырмашылығы), оның сандық, жақтық, көптік қасиеттері
мен тұлғалары сияқты мәселелерді шешуге назар аудармақпыз.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Осы күнге дейін жалпы
қаратпалардың берілуінің өзінде ала- құлалық бар. Соңғы кезде шыққан
еңбектерде қаратпаларға жай сөйлем синтаксисінен орын берілмеуі, ал
қаратпалардың жасалуы мен түрлері, сұраулары мен интонациясы, оның тілдік
ерекшеліктері сияқты мәселелер әр оқулықта әр түрлі. Қаратпаларды сөйлемнен
алып тастағанда сөйлемнің аса бір қажетті бөлшегі деген пікірлердің берілуі
оқушы қауымға үлкен қиындық келтіріп жүр. Сондықтан тілімізде қаратпалардың
өзекті мәселелерін айқындап, бір ізге түсіруде, әсіресе, жай сөйлем
синтаксисінің ғылыми- лекциясында және практикалық оқулықтарында оған тән
мәселелерге жаңаша толықтырулар енгізу қажет.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қаратпалар туралы бұрын айтылған
пікрлерге талдау жасалды, ғалымдар тарапынан толық айтылмаған қырлары
сараланды. Осы бағытқа сай қаратпалар кең көлемде жеке зерттеу объектісі
етіп алынды. Осыған байланысты қаратпалардың жасалу жолы зерттелді. Қаратпа
бола алатын адам, жан- жануар, табиғат атауланың ұғым аясының кеңеюі мен
тарылуы мағыналық жағынан жаңаруы мен көнеруі жинақталды. Нәтижесінде
қаратпаның түрлері, әрқайсысының грамматикалық ерекшеліктері айқындалады.
Қаратпа сөз, қаратпа сөз тіркесі, қаратпа сөйлем түрлері жеке-жеке қаралып,
олардың тек қабыса, матаса байланыса алатын қабілеті анықталды.
Жұмыстың зерттеу әдісі- теориялық және практикалық талдау жасау.
Тіл ғылымындағы сипаттау әдісі, кейде тарихи және салыстырмалы әдістер де
қолданылды. Зерттеу барысында жалпы тіл білімі методологиясының
біртұтастығы негізге алынды.
Жұмыстың объектісі. Бұл жұмыста негізінен жай сөйлем синтаксисінің
үлкен бір бөлігі жалпы оқшау сөздер, соның ішінде, тек қаратпалар жеке
объекті етіп алынды.
Зерттеу жұмысыынң материалдары. Жұмысты жазу барысында халық ауыз
әдебиеті, Абай, Жамбыл, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.ұстафин, М.Мағауин,
Ә.Нүрпейсов, Б.Майлин т.б. ақын- жазушылардың еңбектерін, сол сияқты
Егеменді Қазақстан, Жас алаш, Ана тілі, Қазақ әдебиеті газеттері
мен Жұлдыз журналық пайдаландық.
Жұмыстың құрылысы. Диссертация кіріспе, екі тарау, қорытынды және
ғылыми, көрке әдебиеттердің тізімінен құрылған.

I тарау. Қаратпа, зерттелуі, негізгі белгілері
I.1. Қаратпаның зерттелу жайы

Орыс тілінде осложненное предложение Руднев А.Г., қазақ тілінде де
Қ.Есенов осы көзқарасты енгізгенімен, жалпы тілші қауымнан қолдау
табылмағаны сөз болады. Осы сияқты қазақ тілінде А.Әбілқаев оқшау сөздер
деген жалпы атаусыз-ақ қыстырма, одағай түрлерін қарастырады да, қаратпа
ескерілмейді. Осы пікірді Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабаевтар да қолдайды.
Біздіңше, оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді жатқызу орынды.
Орыс тілінде В.В. Виноградов, В.В.Белошапковалар оқшау сөздерді
енгізсе, И.И.Мешанинов, А.Г.Руднев, тюркологияда М.З.Закиев сынды ғалымдар
ғана қаратпа, қыстырмалардың сөйлем мүшелік қызметін баса айтып, тіпті
оларды сөз тіркесінде де жеке қарастыруды қолға алды. Сөйтіп орыс
тіліндегі қиысу, меңгеру, қабысу, байланысу формаларына соотношение деген
оқшау сөздер үшін жаңа байланысу формасын енгізді. Орыс тіліндегі тек
қаратпа туралы диссертация жазған Л.К.Дмитриева, А.Л.Рудневтің
соотнешение деген байланысу формасын қолдай келіп, что проблема
соотносительной связи обрашения нуждаются в дальнейшей разработке деп, бұл
мәселенің келешегі барын байқатады. Осы пікірді қазақ тілінде тек Х.Арғынов
қаратпа, қыстырмалар сөйлемде әрі қиыса, әрі меңгеріле байланысады деп,
олардың интонациялық ерекшелігін негізге алады. Жалпы алғанда оқшау
сөздерді сөйлем мүшесі, сөз тіркесі тұрғысынан сөз ету- олардың табиғаиын
түсінбеуден туған ой.
Негізінде оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағайларды жатқызуда
үшеуінің сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні басты
фактор, ол үшеуі де тек сөйлемде ғана өмір сүреді, сөйлемнің өн бойына ғана
қатысты жұмсалуы арқылы ерекшеленеді. Оқшау сөздер сөйлемде қаншалықты
оқшауланып айтылады дегенмен, олардың негізгі қасиетін Проф. Р.Әміровтің
Грамматикалық жүйеден оқшауланғанымен, бұл компоненттер сөйлемнің
коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланысты болады. Олардың жай
сөйлем құрамына кірігуі де сол себепке бағынышты деген пікірін құптай
келе, біздіңше, олар сөйлемге талғап барып кірігеді. Сөйтіп оқшау сөздер
сөйлемде ғана мәнді, ал сөйлем ішінен оарды алып тастасақ сөйлемнің мазмұн-
мәні төмендейтіні анық байқалады.
Қаратпа туралы А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Қ.Жұбанов,
М.балақаев, Р.Әміров, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, М.Томанов, Х.Арғынов,
Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, М.Бимағанбетов, Р.Әсенова сынды ғалымдар оқулық,
оқу құралы көлемінде мағлұмат бергені мәлім. М. Бимағанбетовтың қазақ
тіліндегі қаратпа, қыстырмалар туралы диссертациясында , біріншіден, екі
бірдей үлкен категорияны біріктіріп, екіншіден, олардың грамматикалық
ерекшелігі және стильдік қолданысы қоса қамтылған. 30 бет көлемінде
қаратпаның әрі грамматикалық ерекшелігі, әрі стилистикалық қолданысы туралы
мағлұмат жеткіліксіз. Сондықтан біз бұл жұмыста қаратпаның ғаа сөйлемдегі
орны, зерттелуі, ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, түрлері, тыныс
белгілері, интонациясы, синтаксистегі қызметінің ұқсастығы, өзі ұқсас
категориялардан айырмашылығы, құрамы, қабаттасуы, сөз таптары, олардағы
шақтық, жақтық, сандық мәселелеріне жеке-жеке тоқталамыз.
Қаратпаның ережесінде сөйлемдегі ой, назар кімге? Неге? Қаратылып
айтылуы туралы бірнеше варианттар айтылады. Осыларды жинақтай келгенде
біреудіғң назарын аудару варианты дұрыс сияқты.
Синтаксисте сұрау оқшау сөздерге қатысты деп айтылмайды. Дегенмен
қаратпа сөздер де- сөз. Бірақ ондағы сұраулардың қызметі басқаша. Онда
сұраулар әрбір сөздің кімге? Арналғаны туралы болатын белгілі. Қаратпадағы
сұрау туралы А.байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектерінде
айтылмаса, проф. М.Балақаев алғашқы еңбектерінде кім? сұрауын, соңғы
еңбегінде не? сұрауын да қоса береді. Мұның өзі де алғашқы кезде қаратпа
ьолатын сөздер көбіне адамға байланысты айтылса, ал қазір жанды, жансыз
заттарға да байланысы мол. Оның үстіне қаратпалардың нөлдік, кптік,
тәуелдік тұлғаларды келуіне байланысты осы сұраулар өзгере ме деген де ой
келеді. Біздіңше, сұрауларды тұлғалық жағынан өзгертіп айту онша келе
бермейді. Керісінше кім? не? сұраулары кімге? неге? Болып өзгеруі
қаратпалардағы тұлғалық көрсеткіш болмаса керек, олардың кімге? неге? назар
аударуын негізге алғандық деп білеміз.
Қаратпаларға байланысты екпін мәселесі де ойландырады. Жоғарыда
аталған ғалымдардың бәрі де оқшау сөздердің интонациясын ауызша естілуі
арқылы көрсетсе, соңғы кезде техникалық құралдар арқылы көрсете бастады.
Негізінде интонация қаратпалар жоқ сөйлемде де болады, оның үстіне
қаратпалар қосылғаннан кейін оған тағы да қосымша интонация пайда болады.
Мұның өзі бүткіл сөйлемнің интонациясының мролаюына, әсіресе, қаратпаның
түрлері және олардың сөйлемдегі орнына байланысты айтылу күшінің аз, көп
болуына қарай ескеретін жайт. Зерттеушілердің дәлелдеуінше қараптаплардың
сөйлем басында, соңында келуі олардың сөйлемнің ортасында қолданылуына
қарағанда басым екендігін де дұрыс деп білген жөн.
Қаратпаладың сөз, сөз тіркесі, тіпті, сөйлем түрлеріне одағай
сөздердің қабаттасып келуі кезіндегі интонация да ерекше. Қаратпалардағы
интонация кейде бір сөздің не сөз тіркесінің бірыңғай немесе бір сөздің әр
түрлі морфологиялық құрамда келуіне байланысты (Балта, Балтабай, Балтажан)
әр түрлі болады. Сөйтіп, қаратпалардағы ішкі өзгерістер олардың
интонациясының әр түрлі болуына әкеліп соғады.
Қаратпалардың тұлғасы А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев еңбектерінде сөз
болмады. Тек С.Аманжоловтың Ғылыми синтаксисінде нольдік, көптік тұлғасы
алғаш сөз болса, ал кейін келе М.Балақаев, Р.Әміров, М.Томанов,
Т.Сайрамбаев еңбектерінде нольдік, көптік, тәуелдік тұлғалыры да дұрыс
көрсетіледі. Бірақ бұл көрсеткіштер көбіне қаратпа сөз туралы ғана айтылады
да, оның басқа түрлерінің тұлғасы ескеріле бермейді.

I.2. Қаратпа туралы теориялық түсінік

Сөз тіркестерін есімді, етістікті т.б. деп бөлу заңды. Сонда
олардың ондай түрлері арқыыл тұлғалық белгіні іздемей, тек қай сөз табы
басыңқы сыңарда жұмсалатыны ғана сөз болады. Басыңқы сыңардағы жалғаулар,
олардың енді өзінен кейінгі сөзбен тіркесуі үшін ғана керек те, бағыныңқы
сыңары үшін еленбейді. Керісінше, қаратпа сөз тіркесінің сөйлемде
байланыссыз қолданылуына сәйкес олар, біріншіден, тек есімді түрде
кездеседі, екінщіден, қаратпа сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары көбіне
зат есімі немесе заттанған сөз таптары болуына сәйкес олардың да тұлғасы
қаратпа сөздің тұлғасындай. Өйткені олар сол тұлғалық күйде қаратпалық
қызмет атқарады. Қадірлі билер, енді сөз жарыстырып ұшықтыра бергеніміз
лайықсыз болар (Ғ.Мүсірепов).
Түркологияда А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Е.И.Убрятова, сол сияқты
Русская грамматика авторлары мен В.С.Скобликова, В.В.Бабайцева,
В.И.Проничев еңбектерінде қаратпа, оның түрлерінің тұлғасына назар
аудармайды. Негізінде қаратпалардағы дара, көптік, тәуелдік тұлғалар арқылы
олардың жақтық, сандық жағына да ұғыну оңай. Сондықтан олардың тұлғасын да
айқындау қажет.
Қаратпа, оның түрлерінің қай сөз таптарынан жасалуы туралы түрліше
көзқарас бар. А.Байтұрсынов және 1939ж. А.Байтұрсынов қаратпаға төмендегіше
сипаттама береді: Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында
жүретін бұратана сөздер болады. Ол бұратана сөздер екі түрлі. Бір түрі- сөз
арасынан керек жерінде қыстырыла айтылатын сөздер. Бұлар қыстырма сөздер
деп аталады. Қыстырма сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді,
байланыспайды. Алып тастағанда орны ойсырап қалмайды.
Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйлегенде айтылатын
сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады.
Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, байласпайды.
Қызым, саған айтамын, келінім , сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, әлеумет!
Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда. Оңға баста... Мұнда қаратпа сөз
болатындар: қызым, келінім, әлеумет, Әлжан, құдай, өйткені сөз
беті соларға қаратылып айтылып тұр.
Мектеп грамматикасында С.Аманжолов, Р.Сыздықова олардың қай сөз
таптарынан жасалатынына тоқталмаса, С.Аманжолов Ғылыми синтаксисінде
олардың зат есім, одағай, сілтеу есімдіктерінен, онан кейінгі еңбектерде
оларға заттанған сын есім, есімшелерді қосады. Н. Сауранбаев, М.Томанов,
Т.Сайрамбаев, М.Серғаливтер тек зат есімнен жасалғанын атаумен шектелсе,
проф. Р.Әміров оған сын есім, одағайларды қосады. Түркологияда А.Н.Кононов
тек зат есімнен ғана жасалуын көрсетсе, Е.И.Убрятова оған есімдікті қосады.
Орыс тілінде Русская грамматика еңбегінің авторлары зат есім, сын есім,
жақша ішінде есімшені көрсетеді. Сонымен қазақ тілінде қаратпа сөздер ғана
зат есім, заттанған сын есім, есімше, одағай, еліктеуіш сөз таптарынан
жасалатыны белгілі болып отыр. Бірақ олардың ондай кездегі қолднылуы
дәрежесі әр түрлі.
С.Аманжолов Ғылыми синтаксисінде! Қаратпаларды бір сөзден,
сөйлемнен, оның соңғысын одан әрі толықтауышы, анықтауышы бар сөйлемнен де
құралады дегенмен, сөз тіркесі тұрғысынан түсінген жөн. Н.Сауранбаевтың
дара және тіркес сөздер деп беруін сөз тіркесі тұрғысынан түсіну оңай.
Қаратпалады М.балақаев, Р.Әміров, М.Томанов, Т.Сайрамбаевтар үшке бөліп
қарастырады. Соңғы пікірді бізде қолдаймыз. Сонымен қаратпалар сөз, сөз
тіркесі, сөйлем түрінде беріледі. Осыларға қоса біз айқындаышты қаратпалар
да жеке қаралуы тиіс деп білеміз.
Срнымен, біз қаратпа деп сөйлемдегі ой назарының кімге, неге
айтылғандығын блдіру үшін қолданылатын сөз, сөз тіркесі, сөйлемді айтамыз.
Тіл білімі термминдерінің түсіндірме сөздігінде қаратпаға мынадай
түсініктеме беріп өткен: Қаратпа сөз- сөйлемде айтылған ойдың кімге
арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын
сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөздер сөйлемде басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады., сөйлеушінің
көңіл-күйін, модальдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер,
туыстық атаулар, эмоциональдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-
жануарлар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан
кейін үтір не леп белгісі, ортасында келсе, оның алдынан үтір қойылады.
Мысалы: Балам, жөніңді айтшы. Бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді,
жоқ өздігіңнен істедің бе?-деді (М.Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам,
дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның
бос (Махамбет). Қыстырма сөйлемдерді А.Байтұрсынұлы тіл құралында
бұратана сөздердің қатарына жатқызған.
Практикалық қазақ тілі оқулықтарында да қараптаға түсініктеме беріп
өтеді. Мәселен, Сөйлемде сыртқы тұлғасы жағынан бастауышқа ұқсас сөздер
болады. Солардың бірі- қарапта сөздер.
Қаратпа сөздер дегеніміз- басқа біреудің назарын аудару мақсатымен
соған қаратыла айтылдған оқшау сөздердің бір түрі.
-Раушан-ау, Маримнан айырылып қалыппыз ғой! (Б.М.).
- Осының бәрі рас, Абай.
- Қазаққа қызыл тілге дес бермегеніңмен, Базеке, сен де бұ жолғы
дауды маған бер. (М.Ә.).
Бұл мысалдардағы Раушан-ау, Абай, Базеке- қаратпа сөздер. Олар
сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі
болмайды.
Қаратпа сөздердің сөйлемдегі орны әрқалай. Егер сөйлемнің басында
келсе, одан кейін үтір не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір,
ал соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Қаратпа сөздер, көбінесе, кісі аттарымен, туыстық қатынасты
білдіретін сөздерден, адамның кәсібіне, жынысына, жасына байланысты
сөздерден болады.
Сондай-ақ, үй хайуанаттарының аттары, жер-су, қала аттары, тіпті,
жалпылама дерексіз сөздер де, кейде қаратпа сөз ретінде жұмсала береді.
Өлеңім, шарла ауылды,
Тыңда, дала, Жамбылды!
Дайын бол, менің Украйнам!
Беруге жауға көп соққы... (Ж.Жабаев).
Кәне тұрғызшы енді! Шу, Ойсыл-қара! (С.Елубаев).
Сөйлемнің мазмұны тек пікір білдірумен тынбайды. Сөйлем пікірді
сөйлеушінің түрлі эмоциясын қосып атайтыны белгілі. Мұнымен бірге сөйлемнің
мазмұнына тыңдаушыны үндеу, яғни оның назарын сөзге аудару, контекст
жасауда кіреді. Осыған орай К.Бюлер тіл үш түрлі қызмет атқарады дейді. Ол
қызметтер мыналар: пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру, үндеу. Үндеу сөз
жоқ, тілдің қосымша атқаратын қызметі, пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді
хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі, анық болу үшін жәрдемдеседі.
Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамына қыстырма компонент
рөлінде қатыстырылады. Қыстырма компонент рөлінде қаратпа сөздер және
тыңдаушының назарын аудару үшін қызмет ете алатын, оның атына айтылатын
пікірге байланысты ассоциация тудыруға жәрдемдесетін сөздер жұмсалады.
Қаратпа сөз- үндеу амалының бірі. Қаратпа рөлінде жиі жұмсалатын
сөздер бар. Олар мыналар:
1.Жалқы есімдер.
2.Туыстық қатынасты білдіретін сөздер (бөле, құда т.б.).
3.Кісілерді жас, жыныс, әлеуметтік ерекшелігіне қарай атайтын
(батыр, жігіттер т.б.) сөздер.
4.Лақап атын білдіретін сөздер (төрежан, тетелес т.б.).
5.Қаратпа сөз рөлінде тілек істі білдіретін зат есім, сын есім
сөздер эмоцияны білдіретін басқа да сөздер жұмсалады. Әй, өркенің өскір,
айтар сөзіңді ашып айт. Ит-ау, солай құшақта деппін бе (Б.м.). Беу,
дарылдақ-ау, зекпірімді жаңылтпашы (Б.М.).
6.Одағай сөздер. Ау, сен неге жайластың (Б.М.).
Қаратпа сөздер анықтауыш, айқындауышты қатыстырып іргесін кеңейте
алады.
Әй, атаққа нәлет байлар, салып едің ылаңды (Б.М.).
Қаратпа сөздер сөйлемнің комуникативтік талабына сай мағыналық өң
алады, сонысына сай лексикалық, грамматикалық, интонациялық түр алады. Ол
бірде сөздерді қатал, суық, сұсты етіп көрсетуге қызмет етсе, бірде
сыпайылық, эмоциялықты білдіру үшін қызмет етеді. Мұндайда ол өзіне түрлі
демеулік сөздерді үстейді.
Кісі атын білдіретін жалқы есімдер тәуелденіп, қаратпа сөздер
ретінде жұмсалғанда, сөйлеушінің үстем, өктем, кексіп сөйлеуін білдіреді.
Жарайсың, Бәйімбетім! деді де, Байболат ұмытылып барып оны арқаға қақты
(С.О.).
Қаратпа сөздердің осылай жұмсалуы әсіресе мына қаратпа сөзден
айқын көрінеді.
Сүйіндік баласы Асылбек ру жігі бойынша күнтулармен бірге болса
да, кесір іске бармайтын адал адам болған. Абайға өз басы дос. Үйде жатқан
момын жан екен. Соған бір күн Жиренше көп-көп амандасқанда:
- Аманбысың, Байғызым,- тастың арасында тек жатып, түбін ойлап жатырсың
ғой,- дейді.
- Асылбек соған орай:
- Аманбысың, бәбісегім! Бәбісек көкекке әр қидың түбінен барып пыс деп,
исі Олжайды түртіп тұрғызып жүрсің ғой!- деп мысқылдайды (М.Ә.).
Тәуелділік жалғаудың бұл тәрізді синтаксистік қызметі бастауыш
мүше құрамынан да байқалады. Жіліктің майлы басын анадайдан таниды-ау
кәрің!- деп Жақып мәз болып қалады (Ғ.М.).
Қаратпа сөздер сөйлем құрамында негізгі қызметке қоса актуализация
үшін де жұмсалатыны бар. Бұл әсіресе оның орын тәртібіне байланысты.
Қаратпа сөздердің орны көп жағдайда сөйлемнің ой екпінін түсіретін
мүшесінің жанында болады. Тұр, құда, аяғыңды жи. Шалжиып жата бергенше,
басыңды көтерсеңші (Б.М.).
Осы тәрізді қосымша қызметі жүктелуіне байланысты бір сөйлемде бір
емес, екі қаратпа сөздер қоса енгізіледі.
Көкетайлар-ау, біреуің тұр дейсің, біреуің тұрма дейсің, қайсыңның
тіліңді алайын. Дұрысын айтыңдаршы, көкетайлар! (Б.М.).
Мұндайда қаратпа сөздердің біріншісі үндеу үшін қызмет етсе,
екіншісі актуализация міндетін атқару үшін енгізіледі.
Кейде екі қаратпа сөздің бірі үндеу үшін жұмсалып, екіншісі сөзге
сипаттылық және ажарлық үстеу үшін де енгізіледі.
, сен осы істі бітіріп бер, қарағым! Асан, бері кел, қарағым.
Зере, аяғыңды тез бас, сені тосып отыр ғой жұрт, ит-ау! (Б.М.).
Қаратпа сөздердің жұмсалуы кейде үндеу қызметінен гөрі, поэтикалық
әсер туғызуға байланысты болады.
Куә бол, айым, куә бол, Алатауым!
Бұл сөйлемдегі қаратпа сөздер тыңдаушының назарын аудару үшін
жұмсалып тұр деп ешкім де айта алмайды. Қаратпа сөздің поэтикалық мақсатта
жұмсалуына Қозы Көрпеш- Баян сұлу жырындағы Ай мен
Таңсықтың ел аузына кең тараған әйгілі қоштасуы да дәлел бола алады:
Балталы, бағаналы, ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды, көл аман бол.
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол!
Қаратпалар кейде бағытты атап қана қоймай, айтылар ойдың алуан түрлі
қорқу, жеку, қуаныш, сыйлау т.б. мағыналық қырларын көрсетеді. Яғни, ойға
экспрессивті- эмоциональды мағына үстейді: Қарағым-ай, сен бе едің?!-деді
Күңше (Ғ.М.). Мұндай мағыналық қырларды беруде интонация ерекше роль
атқарады. Қаратпа сөздердің стильдік қызметін ашып, айқындайтын амал
ретінде жұмсалады. Қаратапалар диалогта, шешендік сөзде, үндеуде, көркем
әдебиетте, поэзияда өте мол қолданылады. Нақтылық мағына беру үшін іс
қағаздарында да жиі кездеседі.
Қаратпалар құрылымы жағынан дара және күрделі болады. Бір сөзден
болғандары дара, бір немесе бірнеше сөз тіркестерінен жасалғаны күрделі
болады: Қымбатты достар, сөзімді сендерге арнаймын! Тыңда- дала, Жамбылды
(Ж.Ж.).
Күрделі қаратпалар дараланған нақты ұғымды, дара қаратпалар тұтас
жалпы ұғымды беруге ыңғайланған: Жолдастар, ертең клубта жиналыс болады.
Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіңе!

II тарау. Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
2.1. Қаратпалардың түрлері

Қаратпа сөздер қаратпалардың осы үш тобының алғаш қалыптасқаны да осы
түрі. Бұлай айтуымыздың басты себебі қай уақытта да әрбір грамматикалық
категориялардың дара түрі алғаш қалыптасады да, күрделі түрлері кейін
қалыптасатыны сөйлем мүшелерінң құрылысынан да, сөйлем түрлерінен де анық
байқалады. Олай болса қаратпа сөздер арқылы олардың сөз тіркесі, онан кейін
сөйлемдік түрлері қалыптасты.
Зат есім. Қаратпа сөз ретінде зат есім сөз табының қызметі ерекше.
Қаратпа сөз ретінде зат есімдердің жанды, жансыз, деректі, дерексіз, тіпті
топонимикалық атау түрлері жұмсалады. Зат есімнің осы таптарының қаратпа
сөз ретінде жұмсалуының өзіндік эволюциясы бар. Сонда, ең алдымен, жалқы
есім, онан кейін, жалпы есім, келе-келе барлық жан-жануар, тіпті, барлық
тіршілік атауы, соңынан, сөйлеу тілінің ең дамыған сатысында абстракт
заттардың да қаратпа ретінде жұмсалуы қалыптасты. Бұған қарап зат
есімдердің барлық категориялары қаратпа сөз ретінде жұмсалатыны нақты
дәлелденіп отыр.
Жалқы есім қаратпа сөз. Жалқы есімді қаратпаның жалпы есімді
қаратпа сөзге қарағанда айырмашылықтары бар. Жалпы есімдерде лексикалық
мағына, біріншіден, басым, екіншіден, сан, жақ, септелу жағынан да жалпы
есім ерекшеленеді, үшіншіден, жалпы есімдердің жұрнақтар арқылы өзгерісі де
мол. Батаңды бер, Домалақ, сенің батаңды аламын (Жұлдыз). Сарталиев,
Толстов, бекіністі түгел тексеріп шығыңдар. (Ғ.Мүсірепов) осында жалқы
есімдер дара және бірыңғай түрде де жұмсалған.
Кей жалқы есімдер –ақа,-еке, -жан, -тай қосымшалары арқылы
еркелетуді, сыйлауды білдіріп, толық жалқы есімдерден кем түспейді. Бөжеке,
кібіртіктей, кібіртіктей болдық қой (М.Әуезов). Мені күтесің бе, Нағжан
(З.Ақышев). Жамбылтай-ау, сендерді сағынамын-ау- дейді бетінен еңкейіп
сүйіп (Егемен Қазақстан).
Қосымшасызда, қосымшалы түрде де жалқы есімді қаратпа сө түрлері
одағайлардың тіркесуі, олардың қайталануы, демеулер арқылы қосымшамен
берілу кезінде де эмоциялық мән әлдеқайда басым. Қаратпа сөз туралы
диссертация қорғаған В.П.Проничев жалқы есімдердегі эмоциялық мән жалпы
есімдерге қарғанда онша емес дейтін пікірін қолдауға болғанмен, аздап болса
да жалқы есімдерге де ондай қасиеттің бар екені айқын. Қадиша-ау, Қадишажан-
ау, олай демеші, құрбың ғой,- деп Күлімше бейбақтың қысылғанын көрсең
(Б.Майлин). Балта, Балтабай, Балтажан! Әне бір ағашты кесіп тастамашы?
(Ертегі).
Жалқы есімдер қатарына топонимикалық атаулар да жатады. Оған жер-
су, қала атаулары көбіне дара түрде атау, тәуелдік тұлғада келеді. Шіркін,
Көкшетау! Шіркін, дүниеде сендей жер бар ма екен (С.Мұханов). Шалқышы
қайта, Аралым (Жұлдыз).
Жалқы есімді қаратпа сөз төрт түлік малға байланысты да айтылады.
Құлагер, әкең- тұлпар, шешең- сұңқар (Ақансері).
Жалқы есімді қаратпа сөз. Көлемі жағынан да, мағына,, мәні жағынан
да ең көп қолданылатын қаратпалар-жалпы есімдер. Олар адамдарға, жан-
жануарларға және деректі, дерексіз заттарға байланысты. Олардың ішінде,
әсіресе, адамдарға байланысты қаратпалардың лексикалық та, грамматикалық та
мағынасы өте көп. Олар: жас мөлшері, дәрежесі, туыстық, дін, адамның дене
мүшелері, басқа тілден енген сөздер, алғыс, қарғыс мәнді сөздер. Мамандық,
көкініске байланысты түбір қалпында, түрлі жұрнақтар арқылы дара да,
бірыңғай түрде де нольдік, тәуелдік, көптік жалғауларда келеді. Мұның
қалай, әкем, мәртебелім, қайырымыңыздан дәметіп, қанша тырысқанымда
(Л.Толстой). Бала, ай, бала қайдасыз?-деді адам (С.Ерубаев). Сәл тұра
берші, ұлым (М.Қабанбай). Жиенжан, жақсы келдің ғой, не істерімді білмей
отыр едім. (Б.Әлменұлы). Міне, інішек, осы бөлмеде Қаныш ағаң тура 39 жыл
тұрып кеткен (Егемен Қазақстан). Проф. М.Балақаев қаратпа сөздерег шырақ,
қарақ, қарағым, шырағым, күнім, қалқам, бауырым сөздерін жатқызса, ал бұл
топтағы сөздер саны шырайлым, жарығым, ділдәрім, құлындарым, күнім тәуелдік
тұлғадағы сөздермен толыға түсіп, еркелету, өзіне жақын санау, бағалау
мағыналарында жұмсалады. Қош, шырағым, енді көремін бе, көрмсеймін бе деп
егіледі. (Б.Әлменұлы). Жаным , қай ұлсың? (А.байтұрсынов).
Оқыңдар,көкетайларым, осының бәрі сендер үшін жинақталған дүние (Жалын).
Бұлбұл, көгершін, құлын сөздері тәуелдік жалғауда малға, құсқа байланысты
болғанмен, жас адамдарға байланысты жұмсалады. Бұлбұлым, мың күніме татиды,
осы отырған бір күнім (Жамбыл).
Қаратпа сөз ретінде төрт түлік малға, дүниедегі барлық тіршілік
иесіне байланысты, құмырсқа, тышқан, жылан, балық т.б. сөөдер де мол
жұмсалады. Құйындай құйғытып жет, тұлпарым (Ертегі). Қандай жауызсың,
қасқыр (Ертегі). Бірге ұшқым келеді, аққуым (Жұлдыз). Құмырсқа, құмырсқа,
сен неден күшті болдың?... (Ертегі).
Дерексіз затты қаратпа сөздерге: тірішілк, дүние, есім, мақұлық,
өмір, көңіл, ақыл, қайрат, уақыт, сол сияқты поэзия сөзі де қаратылып
айтылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі
ОҚШАУ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА
Сөйлем
Туыс халықтарға қазақ тілін ортақ сөздер арқылы үйрету
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тұстары
Сөйлемнің оқшау бөліктері
Қазақ тілінен дәрістер
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Сөз этикетінің қызметі
Пәндер