Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 мамандығы - « Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .
4
Кіріспе. . .: І тарау. Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын оқытудың ғылыми негіздері . . .
4: 6
Кіріспе. . .: 1. 1. Тілді оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу . . .
4: 6
Кіріспе. . .: 1. 2. Үндестік заңдылығын оқытудың лингвистикалық негіздері . . .
4: 12
Кіріспе. . .: 1. 3. Үндестік заңдылығын оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері . . .
4: 17
Кіріспе. . .: ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын дамытудың әдістемесі . . .
4: 25
Кіріспе. . .: 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына үндестік заңдылығын дамытудың әдістері . . .
4: 25
Кіріспе. . .: 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларына үндестік заңдылығын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар жүйесі . . .
4: 28
Кіріспе. . .: 2. 3 Үндестік заңдылығын ойындар арқылы игерту . . .
4: 44
Кіріспе. . .: 2. 4 Үндестік заңдылығын меңгерту әдістемесін эксперимент жүзінде дәлелдеу . . .
4: 52
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
4: 58
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
4: 59

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қазақ тілі мамандарын, тілші ғалымдарды, мектеп мұғалімдерін, сол сияқты жалпы зиялы қауымды ойландырып отырған өткір мәселелердің бірі - ауызша сөйлеу мәдениеті, оның деңгейі, қазақ тілінің сөйлеу нормаларын бірыңғайландыру. Соңғы кезде қазақ тілінің ауызекі сөйлеуде қарадүрсіндене бастауы, радио, теледидардан айтылатын сөздің сәні кете бастағаны, әсіресе кейінгі жас буынның тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан сөйлеу мәнерінен тыс қалып бара жатқаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Байырғы сөздердің өзін жат тілдер ықпалымен айту да үйреншікті құбылысқа айнала бастады.

Мәселе жылдар бойына қазақ тілі оқулықтары мен әдістемесінде сөйлеу мәдениетінің негізі әрі тілдің тілден айырмашылық, ерекшеліктерін білдіретін бірден-бір құрылым - фонетикалық құрылымға, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «тілдің басты законы» болып табылатын дыбыстық заңдылықтарға жете көңіл бөлінбей келгендігінен туындап отыр. Дұрысжаз деген талап бар да, дұрыс сөйле деген талап болмай келгендігі баршамызға белгілі. Кез-келген тіл әдістемесінде тіл үйретудің бастапқы кезеңінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл, әсіресе, мектепке дейінгі мекемелердегі тіл үйретуге, бастауыш, орта мектептердегі тіл әдістемесіне ерекше қажет. Тілдегі сөйлеу нормалары сол тілдің басты фонетикалық заңдылығынан туындайтынын ескерсек, қазақ тілінің басты заңы үндесім (сингармонизм) тілді оқыту әдістемесінде негізгі тірек болуы керек. Бұл туралы кезінде А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедовтер айтып, өзге тілдің әсері мен ықпалынан тек тіліміздің ата заңын сақтау арқылы ғана аман қалуға болады деген болатын. Қазір де тілші ғалымдар - Р. Сыздықова, С. Мырзабеков, Ж. Әбуов, Б. Қалиұлы, басқа да тіл жанашырлары сингармонизмнің тілдегі орнын баса айтып, тілдің табиғи болмысын көрсететін нормаларды тіл теориясы мен әдістемесінің негізі деп тану қажеттілігі туралы айтып жүр.

Бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш сыныптарда қазақ тілінің үндестік заңдылығын оқытудың әдістемесін жүйелеп ұсыну бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын оқытудың әдістемесін жүйелеп ұсыну. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • үндестік заңдылығын оқытудың лингвистикалық негіздеріне тоқталып өту;
  • үндестік заңдылығын оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне шолу жасау;
  • бастауыш сынып оқушыларына үндестік заңдылығын үйретудің әдістерін анықтап беру;
  • бастауыш сынып оқушыларына үндестік заңдылығын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар жүйесін ұсыну;
  • үндестік заңдылығын ойындар арқылы игерту әдістемесіне тоқталу;
  • үндестік заңдылығын меңгерту әдістемесін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында салыстыру, баяндау, талдау және жинақтау, эксперимент жүргізу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу нысаны. Бастауыш сыныпта үндестік заңдылығын оқытудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттер оқылып, талданып, зерттеудің негізгі бағыттары анықталды.

Екінші кезеңде бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында үндестік заңдылығын оқытуға арналған жаттығулар жүйесі әзірленді. Ұсынылған жаттығулардың тиімділігін анықтау негізінде сабақтар жүргізілді.

Үшінші кезеңде бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында үндестік заңдылығын оқытуға байланысты тәжірибе жадығаты жинақталып, сұрыптаудан өткізілді. Үндестік заңдылығын оқытуда қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер мен жаттығулар жүйесі анықталды; эксперимент жасалды. Оқушылар арасында жүргізілген тәжірибе нәтижелері қорытындыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҮНДЕСТІК ЗАҢДЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Тілді оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу

Қазақтың тұңғыш педагог-ғалымы Ы. Алтынсарин қазақ балаларына тіл игертудің әдістемесінің негізін қалады. Ол « . . . сондай бай, өткір ана тілін елемеуді қою керек деп ақыл айтатын. Ол қазақ сөздерінің, мысалдарының, жұмбақтары мен ертегілерінің өткірлігін, шеберлігін көрсете өрістетіп, меңгеру керек дейтін» [1, 7] . Ы. Алтынсарин қазақ тілін оқытуда тым теориялық жағын ұстамауды, ауызекі сөйлесу әдісін көбірек қолдануды өз мұғалімдеріне ескертіп отырған.

Бұл ойдың үндестігін біз қазақ тілі терминологиясының негізін қалаған А. Байтұрсынов еңбектерінен де кездестіреміз: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын», - дейді ғалым [2, 141] . А. Байтұрсыновтың балаға сөз өнерін тіл заңдылықтары мен әдебиет заңдылықтарын қатар бірлікте үйрету керек деген пікірі өте құнды.

30-жылдарда қазақ тілінің теориясы мен оны әдістеме саласына Құдайберген Жұбанов көш басы болған бір ғалымдар келген еді. Олардың қатарында С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, Ғ. Бегалиев, К. Басымов, С. Кеңесбаев, Ә, Садуақасов бар еді.

Қазақтың тұңғыш лингвист профессоры Қ. Жұбанов қазақ тілін теория жағынан ғана емес, әдістемесі жағынан да негізін қалаған ғалым. «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында автордың әдіскерлік шеберлігі айқын көрінеді. Қ. Жұбанов: «Сөз бөлшектерінің жасалуы үйдің салынуы сияқты . . . Қиынын тауып қаламасаң, байлауын тауып ұстатпасаң, сөз бөлшектері де сөгіліп кетеді, » - деген сөздерінде балаға тілді оқытқанда сөз бен оның мағынасын үйретуде тиімді әдістерді қолдану қажеттігін айтады [4, 330] . Қ. Жұбанов оқулықты жазуда оқушылардың тек қана тіл заңдылықтарын біліп қоймай, сонымен қатар сөз бен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың байланыстарын да танытып отыруына назар аударған. Ал бұл қазақ тілін оқытуда ескерер негізгі шарттардың бірі.

Профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша, түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрауға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді.

Кітаптың тіл ширату бөлімінен гөрі «Сауаттандыру, жазуға үйрету» бөлімдері жақсы жазылған.

Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор [4] .

Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлары бар. Мысалы, Ш. Х. Сарыбаев өзінің «3-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар» деп аталатын кітабында бастауыш сынып оқушыларына «Түбірлес сөздер» тақырыбын түсіндірудің тиімді жолдарына тоқтала келіп, тіл дамыту үшін, түбірлес сөздер мен омонимдердің бір-бірінен өзгешелігін аңғартуға ерекше назар аудару қажеттігін айтады [4, 10-11] .

Ш. Сарыбаев еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады. «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:

1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездесетін советтік-интернационалистік сөздерді тергізіп, оны күн сайын тексеріп отырамыз.

2. Сол теріп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.

3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.

4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.

5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.

6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңа көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз», деген ғалым Ш. Сарыбаевтың сөздерін әдіскер С. Рахметқызы «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» атты еңбегінде келтіреді [4] .

Ғалымның бұл пікірінің тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.

Ал Ш. Сарыбайұлының «Жаздырып үйрету әдістері», «Күнделікті керектер» деген еңбектерінің оқушылардың тілін дамытуға тікелей қатысы бар [4] .

Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» (ол кезде осылай алынған) кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қортынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөз сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде, басшылыққа алынатын құралдың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың әрі көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылған.

С. Жиенбаев - алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, бұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қолданудың мәнін көрсеткен әдіскер.

Бастауыш мектепте тіл дамыту жұмысын жүргізуге едәуір үлес қосып, бұл жұмыстың қадір-қасиетін мұғалімдер жұртшылығына танытуға тырысқан әдіскер - Ғ. Бегалиев. Ол өзінің «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» атты көлемді еңбегінде тіл дамыту жұмысының түрлерін, оған қойылатын талаптарды, сөздік жұмысының маңызы мен оны жүргізу жолдарын әр қырынан белгіледі.

Автор, ең алдымен, сауат ашу кезеңінде әр түрлі дыбыстарды меңгеру үшін, оқушылардың сөздік қорындағы бұрыннан бар сөздерді оңтайлы пайдаланудың маңыздылығын айта отырып, осы әдіс тиімді қолданылған бірнеше сабақ үлгілерін келтіреді. Мысалы (сабақ үлгілері мұғалім атынан баяндалады) ; « . . . Мен сөздің басқы дыбыстарын айтамын, сендер аяғына «ш» дыбысын қосып айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. А (ш), ша (ш), қа (ш) . Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер соған «ш» дыбысынан басталатын буын қосып айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. Ар (ша) - Ол қайда өседі? Ала (ша) - Оны неден тоқиды? Ал (ша) - Оны кісі жей ме? Үлкендігі қандай?» Оқушыларға «ш» дыбысын меңгертудің осындай тәсілін ұсына отырып, бір жағынан, балалардың сөздік қорындағы сөздердің мағынасын пысықтауды көздесе, екінші жағынан, осы пысықталған мағынаны дыбыс туралы жаңа түсінікті меңгерту үшін, сөз үйрету, үйренген сөздерді бекіту үшін, оңтайлы қолданған. Енді бұл тәсілді автордың «Д» дыбысын оқытуға қатысты қалай қолданылатынына назар аударып көрейік: « . . . Кісі аты болсын, жай сөз болсын, «д» дыбысынан бастап айтылған сөздер тауып айтыңдар (дала, доп, дос, доға, Досан, Данаш, домбыра) . Д дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер тауып айтыңдар (адам, адыр, орындық, сандық, ондық, жолдас, Қодар) ».

Бұдан әрі автор бірінші сыныптағы «грамматика я емле материалының түріне қарай» ұйымдастырылатын сабақтың құрылысын екіге бөледі;

а) сөздерді мағына жағынан талдау жолымен жүргізілетін сабақ;

ә) мағыналақ талдауға және есту қабілетіне сүйене жүргізілетін сабақ.

Бұл сабақтардың екеуінде де түсіндірілетін грамматикалық ұғым немесе емлелік ереже сөз мағыналарын талдауға сүйенелінетіні айта келіп, ғалым өз пікірін нақты мысалмен тұжырымдап отырады. Мысалы, « . . . О мен Ө дыбыстары (1-класс) . Бұл екі дыбысты бір-бірінен айыру үшін, олардың айтылу өзгешелігін байқау керек. Әрине, оны есту арқылы және айтылуда бір-біріне ұқсас болғанмен, олар сөз мағынасын өзгертетінін байқау арқылы айыруға болады: тор-төр, жон-жөн, боз-бөз».

Ғ. Бегалиев «Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері» кітабында бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысын 8 түрге бөледі: заттың атын білдіретін сөздерді топтастыру (мектеп саймандары, оқу құралдары, балалардың киімі, көшеде не болады, қырманда не болады, өзенде не болады, т. б. ) ; заттарды мезгілдік, кеңістік байланысына қарай айырту (тоғайда не өседі, қыстыгүні не болады, жаздыгүні не болады? т. б. ) ; заттарды ұқсас белгілері мен амалдарына қарай топтастыру (Қай мақұлық бауырымен жорғалайды? Не ұшады? Қандай заттар ақ, қара, жасыл, сары болады? т. б. ) ; бір заттың белгісін немесе амалын анықтау (алма - домалақ, қызыл, тәтті, хош иісті; жылқы - жүреді, шабадығ кісінейді, т. б. ) ; синоним сөздерге байланысты сөздік жұмысы (құйғып жөнелді, оқтай зымырап келеді деген мысалдар келтірілген) ; ауыспалы мағынадағы сөздермен байланысты сөздік жұмысы (көз оттай жанады, жел ұлиды, жаңбыр сабалап құйып тұр, тау қойнауында, күн нұры төгілді) ; терминдермен және түбірлес сөздермен таныстыру (екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты таралған соғыс терминдері: рота, пулемет, жауынгер, секунд, т. б. және су, сушы, суат, сусын, сулық сияқты түбірлес сөздер мысалға келтірілген) ; баланың сөздігін байыту сабағы (кітапта мұндай сабақтың үлгісі беріліп, жоғарыдағы жұмыс түрлерін жинақтап қолданудың әдісі көрсетіледі) .

Ғ. Бегалиев еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тіл» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. Мәселен, автор жоғарыда аталған еңбегінде «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:

1. Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді оқушылар мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.

2. Оқылатын текстіде кездескен кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды әдеби тілімізде қолданылатын жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сым, белдемше, аптап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегіндегілер солай деп атайды.

3. Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешелігі болатынын айыра алмайды: құладым - құлап кете жаздадым, көл - көлшік, жылы - жылылау, ат - атақ, оқылды - оқылған, оқимын - оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.

4. Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ сол сөздің бұрма мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты - Сәрсен үкідей ұшты, қолымды сермедім - қолымды кеш сермедім.

5. Текстіде кездескен кейбір сөздердің мағынасын білмеуі мүмкін. Мысалы: көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т. б.

Автор алғашқы кезде 1-2-сыныптарда жазбаша шығарма, мазмұндама жұмыстарын жүргізуге болмайтынын айтып, яғни «Бастауыш мектептің жазу жұмыстарында оқушыларды ойдан шығарып жазуға және мазмұндамаға (оқып шыққанды, ауызекі айтқанды оқушылардың өз сөзімен жазуы) үйрету жоқ десе болғандай», - деген пікірде болып, «Бастауыш мектепте тіл дамыту» еңбегін 3-4-сыныптарға ғана арнаған.

Балалардың тілін жетілдіру жұмысын оқытудың бірінші күнінен бастап жүргізудің керектігін мойындап, 2-сыныпта жүргізілетін диктанттардың түрлері мен оқыған мақаладан түсінгенін жазуға, мақаланың мазмұнына еліктеп, шығарма жазуға үйрету жұмыстарын жүргізудің әдістерін көрсеткен келесі бір әдіскер - Әлішер Сәдуақасов.

М. Балақаев «Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту» атты еңбегінде: « . . . оқушы, . . . грамматика-лексикалық тұлғаларды тек жаттап алатын догмаға айналмай, олардың мағыналық мазмұнына қанық болуы тиіс. Сонда ғана оқушы тілдегі заңдылықтар мен ережелерді біліп, оларды күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар, олардың сөйлеудегі стильдік, экспрессивтік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтерін де түсініп пайдалануға тиіс. Бұл өскелең жаңа өмір мұқтаждығы деп білеміз», - дейді [5] . Ғалымды алаңдатқан мәселелерді сөздікпен жұмыс жүргізу барысында шешуге болады.

80-жылдарда қазақ тілін оқыту мәселесі көп ілгерілеу болды деп айта аламыз. Бұл ретте 1989 жылы Б. Құлмағамбетованың авторлығымен шыққан «Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту» атты методикалық нұсқау [6], Б. Катембаева шығарған «Тіл ұстарту методикасы» атты методикалық [7] нұсқауын атап кетеміз. Бұл еңбектерде сөздікпен жұмыс жүргізу әдістемесі тіл дамыту мәселесінің төңірегінде қарастырылып кетеді.

Асхат Әбілқаев өзінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегінде «Тіл дамыту әдістемесі» атты үлкен тақырыптың ішінде «Қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмысын жүргізудің әдістемесі» деген тақырыпшаны қарастырады [8] . Ғалым өз еңбегінде сөздік жұмысына тек 3-4 бет қана арнаған. Әрине, мұндай мөлшерге үлкен әдістемені сыйдыру мүмкін емес. Бірақ та ғалым бастама болар негізгі ойларды айтады.

Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстарына жерлес әдіскеріміз - Гүлнар Жәрдемқызы Тұрдалиева да көңіл аударып жүр. Әдіскердің 2007 жылы баспадан «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмыстары туралы айтылады [9, 73] .

Сонымен қазақ бастауыш мектептерінде сауат ашу, ана тіл мен грамматиканы оқыту әдістемесіне арналған еңбектердегі оқушылардың тілін ұстарту мәселесінің, сөздік жұмысының қарастырылуына шолу жасай келіп, мынадай қорытынды ой түйе аламыз: ең алдымен, жоғарыда айтылған ғалымдар пікірлерін бір жүйеге салып, бастауыш сыныптардағы оқушылармен сөздік жұмысын жүргізудің жалпы желісін - негізгі тірегін анықтап алу қажет. Сонда ғана қазіргі мектептегі, ана тіліміздегі болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, сөздік жұмысын жүргізу әдістемесін жеке-жеке салалар бойынша тереңдете зерттеуге болады деп ойлаймыз.

Қазақ тілі әдістемесінде дамыта оқыту мәселесі туралы кейінгі кездері айтылып жүр. Ж. Нұржанова, Г. Серікбаева, С. Дүйсебаева, Г. Құрманбаева, Б. Мешімбаева т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде дамыта оқыту мәселесі жөнінде аз да болса өз ойларын қосады [10-11] .

Дамыта оқыту - жас мөлшері бірдей оқушының жеке басын жан-жақты жетілдіру, оның болашағына пайдалы, терең білім беру, біліктілігін көтеру, озық біліммен қамту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыту
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz