Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары


Мазмұны:
Кіріспе 3
І тарау. Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары. --6-7
1. 1. Адамға қатысты жұмбақтар. 7
1. 2. Қоғамға қатысты жұмбақтар7
1. 3. Табиғатқа қатысты жұмбақтар7
ІІ тарау. Қазақ жұмбақтарының жасалу негіздері. 8
2. 1 Жұмбақ обьектілері. 8
2. 2. Жұмбақ баламасы8
2. 3. Жұмбақ мотиві9
2. 4. Жұмбақтың тәрбиелік мәні. 12
2. 5. Жұмбақ айтыс12
Қорытынды16
2. 6. Қосымша жұмбақтардың тақырыптық топтары18
Пайдаланылған әдебиеттер 39
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілінің бай ауыз жанрының бірі- жұмбақтар. Жұмбақ та, мақал- мәтел, сықақ, өлең, өтірік өлең, нақыл сөз, бәдік т. б. салттық, дәстүрге байланысты дүниеге келген кіші жанрдың ең көне әрі байырғы түріне жататын рухани мұраларымыздың бірі. Ұрпақтан- ұрпаққа ауысып, жалғасып келе жатқан жұмбақтар түркі халықтары, соның бірі қазақтар үшін көне мұра екендігін дәлелдейтін деректер, ең алдымен, сол жұмбақтардың өз табиғатынан табылады. Мәселен, ұлы ғұлама ғалым- филолог Махмуд Қашғаридың «Дивану луғат- ит түрік» атты еңбегінде қыпшақ тілінің сөздігі- «Кодекс куманикс» т. б. көне жазба ескеркіштерде де жұүмбақтар көптеп кездеседі. Мәселен, «Кодекс куманикус» сөздігіндегі «отырғаны- оба жер, басқаны- бақыр шанақ» (ер мен үзеңгі), «Көк лағым көгенде жатып семіреді» («қарбыз), «жол үстінде үйлі қайыс» (жылан), «аузын ашсаң өкпесі көрінеді» (есік және үй ішіндегі жанған от) т. б. жұмбақтардың нұсқалары қазіргі қазақ және басқа түркі тілдеріндегі жұмбақтардан еш айырмашылығы жоқ.
Қазақ жұмбақтарының зерттелу тарихы сөз болғанда, олардың алғашқы үлгілерін жүйелі түрде жинау, түзеу, баспасөзде жариялау ісіне көп еңбек сіңірген орыстың тамаша ғалымдары: В. В. Радловты, А. Люшты, П. М. Мелиоранскийді, Э. А. Диваевты т. б. атауға болады. 1940 жылы белгілі ғалым С. Аманжоловтың тақырыптық топтарға жіктелген жұмбақтары жарық көрді. Бұл жинақ 1959 жылы Т. Жанұзақтың көмегімен толықтырыылып, қайта басылды. Оған үш мыңнан астам халық жұмбақтары енді. Жұмбақ табиғатына дәйекті ғылыми пікір айтқан ғалым- жазушылар М. Әуезов пен М. Ғабдуллин, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан болды.
Жұмбақтардың зерттеу тарихын жүйелі түрде қарастырған профессор Т. Жанұзақов.
Қазақ халқының жұмбақтарын арнайы зерттеуші әдебиетшілердің бірі- М. Әбжанов. бұл жанрдың шығу тарихын, даму бұлақтарын, дәстүрлі өзгерістерін, басқа әдеби жанрларға қатыстығын тақырыптық, мазмұн- мағыналық топтарын т. б. ерекшеліктерін сөз еткен. Жұмбақтардың көркемдігі бұл еңбекте сөз болғанмен, олардың тіл ерекшелігі қаралмайды. Жұмбақтар тілші ғалымдар тарапынан әлі де жан- жақты зерттелмей келеді. Бұл салада қазақ жұмбақтарының әдеби- стильдік және тілдік қолданыстарын бағышталған. Ж. Адамбаеваның диссертациясын ғана атай аламыз. Халық жұмбақтары туысқан түркі халықтары ауыз әдебиетінде біршама зерттелген. Бірақ таза тіл тоғысынан зерттеулер өте аз. Тақырыптың өзектілігі, біріншіден, қазақ жұмбақтарының ауыз әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетші ғалымдар тарапынан қарастырылғанымен, тіл обьектісі ретінде, тілдің күрделі мағыналық бірлігі (единицасы) ретінде күні бүгінге дейін тіл мамандарының зерттеу обьектісі болмай келуінде, екіншіден, жұмбақтар қара сөз не өлең түріндегі қысқа да нұсқа кіші жанр этюдтері ретінде сол жанрдың басқа түрлерінен (қара өлең, бәдік, мысал, нақыл сөз т. б. ) өзіндік композициялық, модельдік және мотивтік ерекшеліктері мен оқшау тұратын көркем сөз көріністеріне жататындығы, үшіншіден, жұмбақтар шығармашылықтардың нәтижесінде ғана дүниеге келген, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты, ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып келеді. Көркем сөз санатына жататын фразеологизм, мақал- мәтел, нақыл сөз, теңеу салыстыру т. б. тұрақты тіркестер сияқты жұмбақтардың да өзіне тән жасалу модельдері, даму заңдылықтары бар. Диссертацияның актуалдығын арттыра түсетін тағы бір фактор қазақ жұмбақтарының жасалуындағы мотивтік негіздердің этнолингвистикалық бағытта зерттелуі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Қазақ жұмбақтарының тілдік табиғатын айқындау, атап айтқанда олардың кіші жанр ретінде қалыптасып, жұмбақ болса да, мағынасы айқын міндетті түрде жұмбақ обьектісінен оның мотивті баламасынан тұратын, белгілі бір композицияға құрылатын, құрамы жағынан күрделі мағыналық бірлік ретінде өмір салтымыздың барлық саласынан табиғатқа қатысты табиғатпен тығыз байланысты құбылыс екендігін дәлелдеу. Ол үшін диссертацияда мына мәселелердің шешімін табуға тырыстық:
- Қазақ жұмбақтарының жанрлық, сюжеттік, тұлғалық, тақырыптық, мағыналық түрлерін айқындау; Жұмбақ түрлерінің ішінде зертеу обьектісі ретінде тек 1-2 жолдық қара сөз түріндегі және 2-4-6 жолдық өлең сөз түріндегі негізінен көне де байырғы халықтық жұмбақтарды таңдап алып, олардың жасалу заңдылығын сөз ету;
- Жалпы жұмбақ негізін құрушы төрт фактордың (жұмбақ обьектісі, жұмбақ баламасы, мотивтік негізі және мәтін- тексі) өзіндік ерекшеліктері мен өзара байланысын айқындау;
- Жұмбақ жасаудың демек, сол жұмбақты шешудің де көркем сөзбен бейнеленген, логикалық бірлікке сүйенген мотивация процесінің ұлттық негізін, яғни этонолигвистикалық жүйесін айқындау т. б.
Зерттеуге негіз болған материалдар. Зерттеу обьктісі етіп, тіліміздегі ұлан ғайыр жұмбақ байлығын бірден алу мүмкін емес. Сондықтан да, негізінен байырғы да көне халықтық жұмбақтар мен кейбір авторы белгілі жаңа жұмбақтарды ғана алуға тырыстық. Бұл жұмбақтардың бәрі арнайы жұмбақ жинақтаында топталып, әр кезде жарық көргендер.
Зерттеу методологиясы мен тәсілдері. Жұмбақ тілін, құрылымын, жеке сөздердің тілдік мәнін, ұлттық қасиетін түсіндіру мақсатымен біз жұмысымызда бірнеше тәсілді: аналиткалық талдау, басқа тілдермен шендестіре қарастыратын тарихи- салыстырма тәсілін, жұмбақ құрамындағы күңгіртенген сөздердің, сондай-ақ әр түрлі сөз табынан қатысып, ауыс мағынада қолданылатын сөздердің табиғатын ашу үшін этимологиялық семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау әдістерін де жиі қолдануға тура келді.
1. Жұмбақтар күрделі мағыналық бірлік ретінде, көркем сөз өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі ретінде де тіл білімі зерттейтін обьект екендігін дәлелдеу.
2. Жұмбақ табиғатының міндетті түрде төрт түрлі құрамдық элементтен:
- Жұмбақ объектісі, ол өзінің шешімімен сәйкес келеді.
- Жұмбақ баламасы- ол образ, бейне арқылы суреттелген эфвемизм мен перифразаға ұқсас тілдік құбылыс;
- Жұмбақ объектісінің мотивтік негізі;
- Жұмбақ тексі- тұратындығын дәлелдеу:
1. Жұмбақтардың жасалуында сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім, етістік, еліктеуіш сөз т. б. ) әр түрлі жиіліктің қатысуымен қатар, көркем сөз арсеналындағы метафора, метонимия, синекдоха, әсірлеу, жандандыру, бейнелеу, салыстыру, т. б. осы тәрізді тәсілдердің де көптеп қолданылуын айқындау.
Жұмбақтар тілдік бірлік ретінде алғаш рет этнолингвистикалық тұрғыдан арнайы сипатталды. Қазақ жұмбақтарын құрауға ұйытқы болатын 4 компоненттен тұратындығын дәлелденді. Олардың өзара байланысын көрсетіп, бай фактілік материал негізінде өзіндік ерекшелігі бар тілдік құбылыс екендігі айқындалды.
Жұмбақ жанрын жалпы филологиялық тұрғыдан да, таза тіл тұрғысынан да зерттеудің ең басты мақсаты қалың жұртшылыққа, әсіресе жас ұрпаққа рухани қазына, эстетикалық тәлім- тәрбие беру. Жұмбақ тіліне тән ерекшеліктерді терең білу деген сөз- тек көркем сөз өнерімен ғана емес, сонымен қатар олардың ұлттық, дүниетанымын кеңейту үшін де аса қажет.
Жұмбақтың жасалу негіздерін мотивтік негіздерін қазақ мектептеріндегі жұмбақ сабағы етіп өткізу, теледидар, радио арқылы берілетін балалар бағдарламаларында викторина, сөзжұмбақ т. б. түрлі қызықты ойын- шоу түріндегі хабарларға арқау ету- балалардың тіл байлығын, ой- өрісін кеңейту үшін, тапқырлығын арттыру үшін өте тиімді тәсілдің бірі болады деп ойлаймыз.
І тарау. Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары.
- Қазақ жұмбақтарының жанрлық топтары және жұмбақ объектілері және олардың тақырыптық топтары деп екі салаға бөліп қарастыруға болады.
Қазақ тіліндегі жұмбақтардың жанрлық тұрғыдан үш топқа бөліп, оларды өз ретінде бірнеше түрге жіктеуге болады:
- Қара сөз сөз түріндегі жұмбақтар;
- Өлең (сөз) түріндегі жұмбақтар;
- Жеке сөз түріндегі жұмбақтар;
- Қара сөз түріндегі жұмбақтар.
Қара сөз (проза) түріндегі жұмбақтарды жанрлық, сюжеттік, құрамдық, сондай- ақ мотивтік ерекшеліктеріне қарай іштей жүйелеп, төмендегіше топтастыруды жөн көрдік:
- Қара сөз түріндегі сұрақ- жауап жұмбақтар;
- Қара сөз түріндегі сюжетті жұмбақтар;
- Қара сөз түріндегі есеп жұмбақтар;
- Әзіл- ойын жұмбақтар;
- Қара сөз түріндегі ең қысқа жұмбақтар.
- Өлең (сөз) түріндегі жұмбақтар.
Өлең (сөз) түріндегі жұмбақтарды іштей төмендегіше топтастыруға болады:
- Өлең түріндегі жай жұмбақтар.
- Айтыс жұмбақтар.
- Өлең түріндегі сұрақ- жауап жұмбақтар.
- Өлең түріндегі есеп- шешім жұмбақтар.
- Сөзжұмбақтар.
Бүгінгі таңда қазақ тілінде жеке дара сөздің мағынасын, тұлғасын, қолданыс аясын айқындау принципіне негізделген жұмбақ жанрының бірнеше жаңа түрлері пайда болып отыр. Олар: а! «Сөжжұмбақ» (Кроссворд), ә) «Ұқсас сөздер жұмбағы» (омонимдер), б) «Ұйқас сөздер жұмбағы», б) «Метеграммалар», г) «Шарадалар» д) «Ребус», е) «Чанворд», ж) «Монограмма» т. б.
Жұмбақ объектілері және оның тақырыптық топтары . Жұмбақ түрлерін тақырыптық тұрғыдан мынадай үлкен үш салаға бөліп қарауға болады деп есептейміз: «Адам», «Қоғам», «Табиғат». Бұл салалар өзара тығыз байланысты. Адам болмаған жерде Қоғам да жоқ. Біз зерттеп отырған жай өлең сөз түріндегі жұмбақтардың объектісі осы үш саланың үшеуіне бірдей қатысты.
Міне, сондықтан да Адамға, өмір сүретін Қоғамға, оны қоршаған Табиғатқа қатысты барлық дүниені этнолингвистикалық дәстүр бойынша табиғи бірлікте қарастыра отырып, оларды өз ретінде толып жатқан микро және макро топтарға бөліп, жіктеп, зерттеуді тиімді деп есептедік.
- Адамға қатысты жұмбақтар. Адамға қатысты жұмбақтарды объектілеріне байланысты іштей алдымен үлкен екі топқа бөліп алып, оларды тақырыптық кіші топтарға бөліп қарастырамыз:
- Жұмбақ объектісі- адамның дене мүшелері мен ағзалары;
Қарағай басына қатық ұйыттым.
( Адамның миы)
Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс,
Пысылдауық, пысылдауық
Астында сақылдауық
( Қалың қамыс- шаш, қия қамыс- қас, пысылдауық- мұрын, сақылдауық- ауыз)
Асқар тауда қара орман
( Шаш)
- Жұмбақ объектісі- адамға тән қасиеттер
- Жұмбақ объектісі- адамның жасерекшелігі
- Жұмбақ объектісі- адамның кәсібі, мамандығы
- Жұмбақ объектісі- азық- түлік, тағам- тамақ
- Жұмбақ объктісі- киім- кешек.
- Жұмбақ объектісі- үй- жай
- Жұмбақ объектісі- үй- тұрмыс заттары, құрал- саймандар. Қоғамға қатысты жұмбақтар. Бұл саланың өзі де іштей жіктеліп, әр алуан топтардан тұрады.
- Шаруашылыққа қатысты құрал- саймандар;
- Әскери қарру- жарақтар
- Қарым- қатынас құралдары
- Құрылыс жабдықтары. Табиғатқа қатысты жұмбақтар. Табиғат саласындағы мыңдаған қазақ жұмбақтарын біз 5 топқа бөліп қарастырдық. Айта кету керек, бұл принцип қазақ жұмбақтарының көбінде- ақ қолданылып келеді. Олар:
- Аспан денелері;
- Табиғат құбылыстары;
- Жан- жануарлар дүниесі,
- Өсімдік дүниесі;
- Жер -су
Қорыта келе айтарымыз: қазақ жұмбақтарын жанрлық жағынан 18 кішігірім топтардан тұратын үш үлкен топқа бөліп, жұмбақ обьектілеріне қатысты кішігірім 17 топтан тұратын үлкен- үлкен үш тақырыптық, топқа бөліп, диссертациямызда нақтылы деректер келтіре отыра, бұларды жүйелі түрде толығырақ қарастырдық.
Бұлардың бәрі сакйып келгенде, жұмбақ табиғатын жан- жақты тани білудің тілдік және этнолингвистикалық тәсілдері болып саналады.
ІІ тарау. Қазақ жұмбақтарының жасалу негіздері.
Жұмбақ табиғаты- өте күрделі құбылыс. Оның күрделі болатын себебі- ол тек тілге, көркем сөз өнеріне ғана емес, сонымен қатар ол этностың дүниетанымына, өзі жасап отырған қоғамдық қарым- қатынастардың, табиғи ортаның даму заңдылықтарын терең де, жан- жақты білуге ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшеліктері мен мәдениет, өркениет деңгейіне тікелей байланысты.
Кез- келген жұмбақтың дүниеге келуі, халық санасына сіңіп, жадында жатталып, қалыптасуы ең алдымен жұмбақ түзушілер мен оны қабылдаушы қарапайым халық арасында ортақ ұғым, ортақ түсінік, ортақ дүниетанымда болса керек.
Жұмбақтың шын мәнісіндегі жұмбақ болып қалыптасуы төрт бірдей негізге сүйенуіне байланысты. Оларға:
- Жұмбақ обьектісі;
- Жұмбақ баламасы;
- Жұмбақ мотиві
- Жұмбақ тексі жатады. Олар өзара тығыз байланысты және бірінен- бірі туындап отырады.
Енді жұмбақ негізін құрайтын осы 4 тағанның әрқайсысына жеке- жеке тоқталып өтеміз.
2. 1. Жұмбақ обьектілері. «Жұмбақ обьектісі» деп отырғанымыз- жұмбақталған заттар мен құбылыстардың атауы не атаулары, басқаша айтқанда: ЖО- сол жұмбақтың басқалар үшін құпия болып тұрған шешімі не шешуі. Демек, «Жұмбақ обьектісі», «Жұмбақ обьектісінің атауы» және «Жұмбақтың шешуі» дегендеріміздің бәрі- бір- ақ ұғым, жұмбақ негізі болып отырған сөздер мен сөз тіркестері.
Олай болса, жұмбақ обьектісін- атауын- шешуін лексика- семантикалық единица деп қарауымызға әбден болады.
Кез- келген атауды жұмбақ етуге болады. Жұмбақ обьектісін тұрмыстағы мән- маңызына, нақтылығы мен бейнелілігіне, табиғи ерекшелігіне, тәрбиелік қажеттілігіне байланысты таңдап ала білу талап етіледі.
2. 2. Жұмбақ баламасы. Кез- келген жұмбақтың жұмбақ болып дүниеге келуіне, қалыптасуына қажетті төрт тіректің бірі- жұмбақ баламасы. «Жұмбақ балакмасы» дегеніміз жұмбақталған обьект атакуының мағынасын бейнелеу, бүркемелеу, астарлау, әсірелеу, теңеу т. б. тәсілдер арқылы екінші сөзбен беру. Өзара тығыз байланысты, біріне бірі туындап отыратын осы төрт фактордың ішінде жұмбақ тіліне байланысты әсіресе екінші фактор- жұмбақ баламасының мәнісі аса зор. Өйткені жұмбақ баламасын сайлау «автордың» шығармашылық қабілетіне, яғни жұмбақталып отырған зат пен құбылыстың бойына тән барша қаксиетін тап басып, дәл сипаттау шеберлігіне, тапқырлығына байланысты. ЖБ атауға тыйым салынған табу сөздерінің орнына қолдану үшін ойлап табылған лексикалық эвфемизмдерге өте ұқсас. Егер эвфемизмдер мен перифраздар үшін негізгі принцип- бірде ат тергеуге наным- сенімге, бірде этностық салт- дәстүрге байланысты тыйым салынған, өз атымен атауға болмайтын заттар мен құбылыстардың міндетті түрде екінші баламасымен атау болып саналса, енді сол сияқты жұмбақталған заттар мен құбылыстардың атын атамай, жұмбақтап, орағытып, тұспалдап, бейнелеп таныстыру тәсілдері- әсіресе жасөспірімдердің тапқырлығы мен танымдық қабілетін арттыруға өзара ұқсас. Қалай болғанда да бұл екі түрлі тілдік құбылыс өзара ұқсас. Ол ұқсастық- олардың шығармашылық табиғатында, логикалық жүйесінде, тәрбие- тағлым мәнінде.
Балама сайлау проблемасын кеңірек алып қарасақ, ол тіл байытудың ең бір өнімді лексика- семантикалық тәсілдеріне жатады. Балама сйлау тілімізде бар сөздер мен ұғымдарды екінші рет түлетіп, еселей түсудің, эвфемистік сөзжасам, перифраз, салытырма- теңеу, метафора, метонимия т. б. тәсілдерінің бір көрінісі болып саналады.
Жұмбақ текстеріне қарай отыра, біз мына төмендегі жұмбақ обьектілерінің ең қысқа баламаларын ұсынамыз:
Жеті қарақшы- «Жеті үйрек» ( ҚЖ, 13), Үркер- «Алты қаз»(ҚЖ, 13), Шолпан- «Бір бөдене» ( ҚЖ, 13), Ұршық- «Жалғыз аяқты кемпір» ( ҚХЖ, 35) .
Бұл тізімдің соза беруге болады. Қызығушыларды дссертацияның қосымша материалына сілтеп, баламалар тізімін ұсынып отырмыз.
Кейде жұмбақ обьектісіне бірнешеЖБ бағышиалады. Демек, бір обьектінің бірнеше баламасы бола береді. Оның екі түрлі себебі бар. Біріншісі- табиғаттағы әрбір зат пен құбылыс сан алуан қасиеттерге ие болса, екіншісі- оны көретін көзде, субьект тарапынан оған берілетін баға да сан алуан. Мәселен, «түтін» объектісінің жұмбақ қазақшасында көптеген түрлі баламасы бар. Шығармашылықтың шарықтауын осы «түтіннің» баламасынан көруге болады. «Шудасы желпілдеген бура», «Көлбеңдеген көк көйлекті жеңешем», «Айдап салған көк сиыр», «Ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ», «Мүйізі көк тіреген көк өгіз», «Көкке қарап үрген көк ит»т. б.
Жұмбақ баламаларын сайлап, қалыптастырудың тетігі мотивация проблемасында жатыр.
2. 3. Жұмбақ мотиві. Кез келген жұмбақтың дүниеге келуіне, қалыптасуына негіз болатың төрт құбылыстың бірі-жұмбақ, мотивтері. Жұмбақтар мотиві жұмбақ объектісі ретінде аланған заттар мен құбылыстарға тән сан алуан қасиеттері мен ерекшеліктері ішінен ең бастыларын айқындап, оларға балама сайлауға негіз болатын тілдік фактор. Басқаша айтқанда, мотивация процесі ЖО мен ЖБ арасындағы сәйкестікті айқындайтын көпір іспеттес құбылыс. Мотивация бұл көп жағдайда этнолингвистика талабына ұлттық менталитетке, яғни этностың салт-дәстүрі мен дүниетанымын, әрбір жұмбақ объектісіне деген көзқарасына байланысты. Мысалы: «Қоян»жұмбақ объектісі болса, ОРӘН бағышталған бірнеше жұмбақта мына төмендегі жұмбақ, баламалары келтіріледі:1) Жылқыны қарнына, Түйені ерніне, Есекті құлағына қыстырған (777, 29) ; 2) Жол үстінде қу құдық, Мергеншіге жол азық (ҚЖ, 22) ; 3) Түйені тістеген, Итті мінген, Ешкіні жетектеген, Есекті басына көтерген (ҚСЖ) ; 4) Жусаннан аласа, бөтегеден биік (ҚХЖ) ;
5) Ит мініп, есек тіркеп, түйе аулаған. Осы келтірілген бес жұмбақ баламаларынада бір «Қоянның»бейнесін суреттеу үшін оның жылқының қарнына, түйенің ерніне, есектің құлағына, иттің аяғына, ешкінің құйрығына, қу қазыққа теңеу, әрине, олардың қоян мүшелеріне ұқсастығына байланысты. Бұл- мәселенің бір жағы ғана, ол «автордың»шығармашылық қабілеті мен тапқырлығына байланысты десек, екінші жағы-ұлттық дүниетанымға байланысты және бұл екі жаққа-жұмбақтаушы мен жұмбақты шешушіге бірдей ортақ түсінік болуы шарт. Әйтпесе қазақтан өзге ұлт өкілдеріне бұл аталған ұқсастықтарды-түйенің жарық ернін, есектің ұзын құлағын, ешкінің қайқы құйрығын, т. б. бәрін бір қоянның бойынан іздеп табу оңайға түспеген болар еді. Міне, ЖО мен ЖБ арасындағы мотивация процессін ұлттық дүниетанымға, яғни этнолингвистикаға байланысты қарастыруымыздың қажеттігіосында.
Сөзжасамша, яғни кез келген сөздің дүниеге келуіне ұйытқы болатың мотивтік фактор ЖБ сайлауда да ерекше орын алады. Бірақ, сөзжасам жүйесіңдегі мотивация кдраганда жұмбақ жүйесіндегі мотивация әлдеқайда күрделі.
Мәселен, байырғы қазақ, жұмбақтарының біразы «Қазан» деген объектіге бағышталған: «Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр»(700. 15) Мұндағы «қара сиырымыз»-қара қазан, «қызыл сиыр»-қазан астын тілімен жалап тұрған от. Сонда жұмбақ объектісі «қазан» мен оның баламасы «кара сиырды» жақындастырып, шендестіріп тұрған қандай себеп?Осыларды анықтасақ біз баламаның мотивін де анықтаған болар едік.
Байқап қарасақ, біреуі жанды, біреуі жансыз болса да, бұларды шендестіріп тұрған белгі, мотив- «қазан»менен «қарасиырдың»түр-түсінің қаралығы. Енді, дәл осы «кдзанды»объект етіп алған: «Қарны жуан қампиған, Қос құлағы қалқиған»-деген(700, 15) жұмбақта мотив болып саналатын ұқсастық екеу:біреуі-«малдың қампиған қарны»мен «қазанның дөңгелеген аумағы»да, екіншісі-«малдың қалқиған екі құлағы мен кдзанның да қалқиған екі құлағы».
Қазанның бітім-тұлғасына, түр-түсіне, қызметіне, т. б. ерекшеліктеріне қарай шешдестірілген баламалар аз емес. Мәселен, тағы бір жұмбақта «Қазанның» баламасы етіп «Қабақға шөгіп жатқан қара бура» деген бейнесі, екіншісінде-«шалқиған құдық», үшінсісіңде -«төңкерілген күнбез»т. т. беріледі. Осы баламалы таңеулердің астарында қалыптасқан ұлттық ұғымдар бар. Мәселен, жар сияқты етін жерден қазылған ошақтың үстінде тұратың қара қазанның «Қабақға шөгіп жатқан қара бураға»ұқсауы, қазанның кейде төңкеріліп жатуы-күмбезге ұқсауы, шалқайып жатуы-ішінде суы бар аузы ашық құдықты көзге елестетуі т. т. Міне, осының бәрі балама сайлауға ұйытқы болып отырған мотивтер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz