М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І тарау. М.ӘУЕЗОВ АБАЙ ТІЛІ ТУРАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 М.Әуезов Абай қара сөздері мен поэзиясының тілі туралы ... ... ... ... ... . 6
1.2 М.Әуезов Абай аудармалары хақында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ тарау. М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.1 М.Әуезов көркем әдебиет тілі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.2 М.Әуезов терминология мен диалектология туралы ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.3 Мақал.мәтелдер мен жұмбақтар құрылымы жайында ... ... ... ... ... ... ... .. 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Мұхтар Әуезов - әлемге әйгілі жазушы. Оның әдебиет теоретигі, тарихшысы және сыншысы екенін ғылыми жұртшылық мойындап қана қоймай, ондаған жылдар бойы ғұламаның зерттеулерін әдебиетшілер басшылыққа алып келе жатыр.
М.Әуезов тек қазақ әдебиетінің ғана мұратын ойлаған бір бағыттың ғалымы емес. Оның данышпандығының өзі сол – ұлттық мәдениетіміздің көптеген салаларының көкейтесті мәселелеріне дер кезінде көңіл бөлуінде жатыр. Сондай еңбектерінің бірқатары әр жылдарда жазылған сан-алуан үлкенді-кішілі еңбектеріндегі тіл туралы толғаныстары мен ой-тұжырымдары болып табылады. Олар да көрнекті тілші ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, жалпы жұртшылықтың назарынан тыс қалмай келеді. Бұл, әрине, тіл мәселелеріне қатысты ойларының да құндылығын көрсетеді.
«Шын мәнінде М.Әуезов – барынша кең ауқымдағы, зор тынысты, мол эрудициялы ғалым болғанын оның талай ой-пікірлері айқындайды.
Осы тұрғыдан келгенде, ұлы жазушының тілге қатысты толғамдарын арнайы әңгіме етудің әбден реті бар» [1, 160].
Тақырыптың өзектілігі. М.Әуезовтің лингвистикалық көзқарастарына қатысты академик І.Кеңесбаевтың, профессорлар Р.Сыздықованың, М.Серғалиевтің, Д.Ысқақовтың, А.Алдашеваның т.б. еңбектері сияқты ізденістерді атап айтуға болады. Бірақ елеулі мәселе көтеріліп, көңіл бөлерлік пікірлер қозғалғанымен, күні бүгінге дейін ұлы жазушының тілге байланысты ойларын жүйелеп, талдап, монография түрінде жүргізілген зерттеулердің жоқ екендігі де шандық.
Аталған авторлардың және басқаларының ой-тұжырымдары көп жағдайда мүшелтой, мерекелер мен айтулы күндерге байланысты ғалымның бір қырына назар аударту мақсатында жазылғаны белгілі.
Шындығына келсек, М.Әуезовтің әдеби шығармалардың бітім болмысына қатысты түйіндері, ұсыныстары мен ескертпелері, қазақ тілі мәселелеріне қатысты әр түрлі көзқарастары іргелі зерттеудің нысаны болуға әбден лайық. Әдебиет жасаушылардың басым көпшілігі тек шығарма жазумен ғана шектелетінін ескерсек, екінші жағынан, өркенниетті елдердегі сөз зергерлерінің қаламынан классикалық көркем дүниелер туындап жатуымен бірге, өз ана тіліне деген үлкен жанашырлығының көрінісіндей ұлағатты ойларының да кейінгілерге мұра болып қалып жатқанын ескерсек, М.Әуезовтің де дүниежүзілік ұлылардың игі дәстүрін жалғастырғанын сезінбеуіміз мүмкін емес. Ендеше, осы бағыттағы ізденісіміздің өзектілігіне күмән бола қоймас деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. М.Әуезовтің лингвистикалық көзқарастарын жүйелеп сипаттау, әуезовтанушылардың ой-ұсыныстарын ретке келтіру, ортақ түйін жасау, белгілі бір мәселелер бойынша басқа авторлар мен М.Әуезов пікірлерін салыстыра қарастырып, өз ұғымымызша қорытындыға келу жұмыстың басты мақсатын құрайды.
Аталған мақсатты орындау үшін мынадай мәселелерге қатысты міндеттерді атқару көзделеді:
- Абай лирикасы мен поэмаларының, қара сөздерінің тілі;
- Батыс, орыс классиктерінен Абай аударған шығармаларының тілі;
- Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің тілі;
- «Манас» эпосының тілі;
- Қазақ әдебиеті туындыларының тілі;
- Көркем аударманың тілі;
- Терминология және орфография мәселелері;
- Диалектология мәселелері.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Серғалиев М. Сөз сарасы. Алматы: Жазушы, 1989.
2. Сыздықова Р. Абай тілінің зерттелуі // Абай тағылымы. Алматы: Жазушы, 1986.
3. Серғалиев М. Сөз сарасы табылар іздегенге // Жұлдыз, № 7, 1977, 39-б.
4. Мұқанов С. 16 томдық шығ.жинағы. 16-т. Алматы: Жазушы, 1980.
5. Әуезов М. Таңд.шығармалар жинағы. 20-т. Алматы: Жазушы, 1985.
6. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы: Ғылым, 1967.
7. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы: Санат, 1994.
8. Әуезов М. Шығармалар жинағы. А., 1979, 19-том.
9. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1959.
10. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. 10-т. Алматы: Ғылым, 2003.
11. Шалабай Б. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының авторефераты. Алматы, 1997.
12. Дүйсенбаев Ы. Мұхтар Әуезов. Алматы, 1974.
13. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы: Жазушы, 1960.
14. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1970.
15. Ахметов З. М.О.Ауезов, 80 – лет со дня рождения. Алма-Ата: Наука, 1977.
16. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
17. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. Алматы: Ғылым, 1997.
18. Әуезов М. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. 1-кітап. Алматы, 1960.
19. Әуезов М. Әдебиет туралы. Алматы: Санат, 1997.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. М.ӘУЕЗОВ АБАЙ ТІЛІ ТУРАЛЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 М.Әуезов Абай қара сөздері мен поэзиясының тілі туралы
... ... ... ... ... . 6
1.2 М.Әуезов Абай аудармалары хақында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9

ІІ тарау. М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 М.Әуезов көркем әдебиет тілі туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2 М.Әуезов терминология мен диалектология туралы
... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.3 Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар құрылымы жайында
... ... ... ... ... ... ... .. 21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 29
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 30

Кіріспе

Мұхтар Әуезов - әлемге әйгілі жазушы. Оның әдебиет теоретигі,
тарихшысы және сыншысы екенін ғылыми жұртшылық мойындап қана қоймай,
ондаған жылдар бойы ғұламаның зерттеулерін әдебиетшілер басшылыққа алып
келе жатыр.
М.Әуезов тек қазақ әдебиетінің ғана мұратын ойлаған бір бағыттың
ғалымы емес. Оның данышпандығының өзі сол – ұлттық мәдениетіміздің көптеген
салаларының көкейтесті мәселелеріне дер кезінде көңіл бөлуінде жатыр.
Сондай еңбектерінің бірқатары әр жылдарда жазылған сан-алуан үлкенді-кішілі
еңбектеріндегі тіл туралы толғаныстары мен ой-тұжырымдары болып табылады.
Олар да көрнекті тілші ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, жалпы
жұртшылықтың назарынан тыс қалмай келеді. Бұл, әрине, тіл мәселелеріне
қатысты ойларының да құндылығын көрсетеді.
Шын мәнінде М.Әуезов – барынша кең ауқымдағы, зор тынысты, мол
эрудициялы ғалым болғанын оның талай ой-пікірлері айқындайды.
Осы тұрғыдан келгенде, ұлы жазушының тілге қатысты толғамдарын арнайы
әңгіме етудің әбден реті бар [1, 160].
Тақырыптың өзектілігі. М.Әуезовтің лингвистикалық көзқарастарына
қатысты академик І.Кеңесбаевтың, профессорлар Р.Сыздықованың,
М.Серғалиевтің, Д.Ысқақовтың, А.Алдашеваның т.б. еңбектері сияқты
ізденістерді атап айтуға болады. Бірақ елеулі мәселе көтеріліп, көңіл
бөлерлік пікірлер қозғалғанымен, күні бүгінге дейін ұлы жазушының тілге
байланысты ойларын жүйелеп, талдап, монография түрінде жүргізілген
зерттеулердің жоқ екендігі де шандық.
Аталған авторлардың және басқаларының ой-тұжырымдары көп жағдайда
мүшелтой, мерекелер мен айтулы күндерге байланысты ғалымның бір қырына
назар аударту мақсатында жазылғаны белгілі.
Шындығына келсек, М.Әуезовтің әдеби шығармалардың бітім болмысына
қатысты түйіндері, ұсыныстары мен ескертпелері, қазақ тілі мәселелеріне
қатысты әр түрлі көзқарастары іргелі зерттеудің нысаны болуға әбден лайық.
Әдебиет жасаушылардың басым көпшілігі тек шығарма жазумен ғана шектелетінін
ескерсек, екінші жағынан, өркенниетті елдердегі сөз зергерлерінің қаламынан
классикалық көркем дүниелер туындап жатуымен бірге, өз ана тіліне деген
үлкен жанашырлығының көрінісіндей ұлағатты ойларының да кейінгілерге мұра
болып қалып жатқанын ескерсек, М.Әуезовтің де дүниежүзілік ұлылардың игі
дәстүрін жалғастырғанын сезінбеуіміз мүмкін емес. Ендеше, осы бағыттағы
ізденісіміздің өзектілігіне күмән бола қоймас деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. М.Әуезовтің лингвистикалық
көзқарастарын жүйелеп сипаттау, әуезовтанушылардың ой-ұсыныстарын ретке
келтіру, ортақ түйін жасау, белгілі бір мәселелер бойынша басқа авторлар
мен М.Әуезов пікірлерін салыстыра қарастырып, өз ұғымымызша қорытындыға
келу жұмыстың басты мақсатын құрайды.
Аталған мақсатты орындау үшін мынадай мәселелерге қатысты міндеттерді
атқару көзделеді:
- Абай лирикасы мен поэмаларының, қара сөздерінің тілі;
- Батыс, орыс классиктерінен Абай аударған шығармаларының тілі;
- Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің тілі;
- Манас эпосының тілі;
- Қазақ әдебиеті туындыларының тілі;
- Көркем аударманың тілі;
- Терминология және орфография мәселелері;
- Диалектология мәселелері.
Жұмысты орындаудың әдістері. Қазақ тілінің Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев,
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Қ.Өмірәлиев,
Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев сияқты ғалымдарының құнды
тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері ретінде салыстыру, жүйелеу, сипаттау, талдау т.б.
қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

І тарау. М.ӘУЕЗОВ АБАЙ ТІЛІ ТУРАЛЫ
1.1 М.Әуезов Абай қара сөздері мен поэзиясының тілі туралы

Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына бүкіл өмірін арнаған, Абай
мұрасын жинап, зерттеп, ол туралы классикалық, мәңгі өлмейтін көркем туынды
жасаған, оның артына қалдырған мұрасы туралы да алғаш рет арнайы дәріс
беріп, абайтанудың негізін қалаған М.Әуезов екендігі көпшілікке белгілі.
Сонымен қатар, ол – тіліміздің әр түрлі мәселелеріне де көңіл аударған
ғалым. Сондай еңбектерінің бірі – Абай тілі туралы айтқандары.
Бұл жөнінде профессор Р.Сыздықова Абай тілінің зерттелуі атты
мақаласында ұлы Абайдың шығармаларының тілінің зерттелуі мен ол туралы
алғаш рет пікір айтқан зерттеуші-ғалымдарды айта келе, Абайтанушылардың ең
мықтысы М.Әуезов өзінің ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен
қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де
дұрыс әрі түбегейлі програмдық сөздер айтып отырды, - деп жазады және Абай
шығармаларының тілі туралы ең алғаш пікір айтушылардың бірі М.Әуезов
екендігін баса көрсетеді [2, 326].
Р.Сыздықова дұрыс атап көрсеткендей, Абай шығармаларының тілі, Абайдың
сөз қолдану шеберлігі мен ерекшелігі туралы бағыт-бағдар секілді ой
М.Әуезовтің Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әр түрлі мақалалары
мен көлемді зерттеу еңбектерінде жатыр. Атап айтсақ, өзінен кейінгі
зерттеушілерге тірек ой болған терең пайымдаулары мен шымыр түйіндеулерін,
тың топшылауларын М.Әуезовтің әр жылдарда жазылған Қазақ әдеби тілінің
кейбір мәселелері жайында (1951), Көркем әдебиеттің тілі (1954) атты
мақалалары мен Абай Құнанбаев (1959) деген монографиясынан және т.б.
еңбектерінен табуға болады.
Бұл жөнінде профессор М.Серғалиев Сөз сарасы табылар іздегенге деген
мақаласында: Абайдың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны, ақынның
өзіне тән тілдік ерекшеліктері дейтін мәселелер арнайы еңбектерінде болсын,
М.Әуезовтің қаламына жиі ілігіп жүрді, - деп жазады [3, 39].
М.Әуезов Абайдың ақын болып қалыптасуы мен ақындық биік деңгейге
жетуін ақынның сонау бала кезінен бастайды, соны Абай туралы өмірбаяндық
еңбегінде жан-жақты әрі терең баяндайды. М.Әуезовтің бұл пікірінің дәлелін
басқа да абайтанушы ғалымдардың еңбектерінен молынан табамыз. Мәселен,
қазақ жазба әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі С.Мұқанов ұлы Абай
туралы еңбегінде осы мәселе жөнінде былай дейді: Егер орыстың халық
әдебиетінсіз, Державинсіз, Жуковскийсіз, Батюшковсыз Пушкин болмаса, қазақ
халық әдебиетінсіз, Бұхар жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да
болмас еді [4, 302]. Ал академик Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тілі атты
маңызды еңбегінде осы пікірді растайды.
М.Әуезов Абайдың ақын болып қалыптасу кезеңін ғылыми дәлелдермен
көрсете отырып, оның тіл байлығының жетілуі, орнығып дамуы және сөздік
қорының баюы жайында маңызды топшылаулар жасайды. Және Абайдың шығармалары
тілінің әдеби тіліміздегі орны мен оны дамытуға, байытуға қосқан үлесі,
оған тигізген әсері туралы құнды пікірлер мен тартымды ойлар айтады. Ал
ғалымның сол ғылыми пікірлерінің күні бүгінге дейін өз мәнін жоймағанын,
қайта, күннен-күнге бағасы арта түскенін бүгінгі уақыт көрсетіп отыр.
Ғалымның тағы бір аса көңіл аударған мәселесі – Абайдың қазақ халқының
сол замандағы сөздік қорын мол әрі шебер пайдалана отырып, оларды қалай
қолданудың үлгісін көрсетуі және тіл тазалығы үшін күресі мен өнегесі.
Осыған орай ғалымның мына бір пікірін келтірейік: Өзіндік көркем
шығармаларын жазғанда халқының өз тілімен жазды. Бар қасиетті, қадірлі
нәрді, ажар кестені, толық сипатты өз халқының тілінен табады. Бұл –
Абайдың өзгешелік, ірілік, классиктік сипаты еді [5, 250].
М.Әуезовтің әі де өз мәнін жоймаған елеулі бір пікірі – Абай
шығармаларының қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны мен рөлі туралы ой-
тұжырымдары. М.Әуезовтің осы бағыттағы көзқарастары уақытында қазақтың
басқа да көрнекті әдебиетші, тілші ғалымдары тарапынан қолдау тапқан еді.
Мәселен, ондай пікірлерді С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Н.Сауранбаев
секілді т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Ал М.Әуезовтің
осындай ой-тұжырымдарын қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеп жүрген ғалымдар
да қолдап, қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңін сипаттауда басшылыққа
алған еді. Ондай еңбектерге С.Исаев, Б.Әбілқасымов т.б. ғалымдардың
жұмыстарын жатқызамыз.
Демек, бұл жайт – М.Әуезовтің әдеби тіл туралы ой-тұжырымдарының
өміршең екендігін көрсететін дәлел.
М.Әуезов Абай өлеңдерінің тақырыбына және мазмұнына сөздігі үнемі сай
келіп жататынын айтып, кей өлеңдерінің тақырыбына лайық қолданылған кәсіби
сөздер мен сөз тіркестерді теріп көрсетіп, ұлы Абайдың тақырыпты игерудегі
сөз қолдану шеберлігін нақты деректермен айқындап береді. Өлеңдерінің
кімдерге арналуына байланысты ақын өз өлеңдерінің тілімен шеберлігінің
кілтін ұстатқандай болады деп, араб, парсы және орыс тілдері сөздерінің
жұмсалу ерекшелігіне арнайы тоқталады. Бұл орайда Абайдың Иузи-рәушан,
Физули, Шамси, Әліфби, Интернатта оқып жүр, Ғылым таппай мақтанба,
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, бір дәурен кемді күнге – бозбалалық
және т.б. өлеңдерінің тілдік ерекшелігіне мән береді.
Ұлы Абай әрбір сөзді теңеумен, эпитетпен айтуда, көркем сөз образын
жасауда асқан шебер ақын екендігі баршамызға мәлім. Ол мұнымен қоса, жеке
сөздің мағынасын кеңейте, көркемдік бояуын қоюлата, бұрынғы қолданылып
жүрген дәстүрлі ұғымнан өзгеше ұғымда жұмсаудың да нағыз шебері. М.Әуезов
ақынның осындай қырларын әрдайым баса көрсетіп отырады.
1.2 М.Әуезов Абай аудармалары хақында

Ұлы ақын шығармашылығынан елеулі орын алатын туындылардың бір саласы –
оның поэмалары мен қара сөздері. Абайдың осы еңбектері туралы М.Әуезовтің
пікірлерінен тілі жөнінде де айтқан ойларын ұшыратамыз. Мысалы, Әзім
поэмасының тілін М.Әуезов: Ал өлеңдік құрылысына, кейбір сөз кестелерінің,
ұйқастарының оншалық Абай шығармаларына лайықты шеберлікке сай келмейтініне
қарағанда, бұл поэманы оншалық жоғары дәрежедегі көркем шығарма деуге
келмейді, - деп бағалайды және оның себебін де айқындап, түсіндіре кетеді
[6, 184].
Бұдан біз ғалымның ақын сөздігін, сөз саптау өзгешелігін, ақынның тек
өзіне ғана тән стилін өте-мөте жақсы білген бірден-бір зерттеуші екенін
пайымдаймыз.
М.Әуезовтің Абайдың қара сөздерінің тілі туралы айтқан пікірлерін көп
деп айтуға болмайды. Әйтсе де, ғалымның аз сөзбен білдірген бір-екі ауыз
пікірі бүкіл қара сөзінің тіліне берілген үлкен бағадай аса маңызды.
Мәселен, ғалым ол жөнінде былай дейді: Абайдың поэзиялық мұрасына қоса
қара сөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қазына бар. Ол
– Абайдың қара сөзді жазған тілі [6]. Ғалымның осы пікірінен кейін оны
дұрыстап, ыждағатпен зерттеп-тексерудің қажеттілігін де сезінеміз. Мәселен,
белгілі абайтанушы ғалым, профессор Р.Сыздықова Абайдың сөз өрнегі атты
кітабында Абайдың қара сөздерінің тілі жөніндегі зерттеу еңбегін жазуға
М.Әуезовтің жоғарыда келтірілген сөзі қамшы болғанын айтады [7].
М.Әуезов Абай шығармаларының үлкен бір бөлігі, ерекше бір саласы
аударма өлеңдері екенін атап көрсетеді.
Абайдың аудармашылық өнеріне үңіле қарасақ, көптеген асыл дүниелерге
кездесіп, қазақтың бай сөздік қорын қалай пайдаланудың тамаша үлгілерін
кездестіреміз. Тіліміздің орамдылығына қайран қалып, орысша небір қиын
ұғымдарды, егер Абайдай сөз саптай білсек, қазақша емін-еркін көркемәрі
мазмұнды етіп беруге болатынына көзіміз жеткендей. Осыны ескерген М.Әуезов
Абайдың аудармалары туралы ой қозғағанда, ең бірінші кезекте аударма
дәлдігі, мазмұн мен ойдың толық берілуі, көркемдік шеберлігі және осыларға
қатысты Абай пайдаланған тіл ерекшелігіне көңіл аударады.
Ал Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармаларына М.Әуезов өте жоғары баға
беріп, былай дейді: Абайдың осы Лермонтовтан аударған өлеңдері қазақ
әдебиетінде әлі күнге ешбір аудармашының жте алмаған тұрғысында тұр.
Қазақтың әдебиет тілі пісіп толмаған кезде майданға шығып, орыс әдебиетінің
ең шебер нұсқасы Лермонтов жырын, өз күшіндей, өз толғауындай етіп жеткізу
Абайдың ерекше шеберлігі үшін дәлел [6].
Сонымен, М.Әуезовтің Абай тіл туралы айтқан пікірлерін түйіндей келе,
Ұлы Абайдың көңілдегі көрікті де мазмұнды ойларын жарыққа шығару үшін
тіліміздегі көптеген үйреншікті сөздер мен тұлғаларды жаңаша жұмсап, өз
қажетіне тиімді жаратқан деп білеміз. Сондай-ақ өзінен бұрын халық тілінде
күнделікті тұрмыста, жеке ақындар шығармаларында қолданыста болған сөздер
мен сөз тіркестеріне тың мағына үстеп, жаңа рең беріп те көп ретте
пайдаланған. М.Әуезов Абай өлеңдерін тілдік тұрғыдан талдау жасағанда,
міне, осы жақтарын әрдайым еске салып, ескертіп отырады.
ІІ тарау. М.Әуезов қазақ тілі туралы ойлары
2.1 М.Әуезов көркем әдебиет тілі туралы

М.Әуезов көркем әдебиет тілін зерттеумен арнайы шұғылданбаса да, әдеби
туынды тілінің өзіндік қырларын, табиғи болмысын жақсы түсінеді және
түсіндіреді. ...Көркем шығарманың бір сөйлемінде тұрған сөз бір-ақ ұғым,
түсінік бермейді. Соны берудің үстіне ол әр алуан қосымша ассоциация
тудырып, оқушыға қосымша елес-емеурін танытып тұрады. Бұндай қатарда, жеке
сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жанданып кетеді... [8, 283].
М.Әуезовтің Манас жырының баяндау құрылымына байланысты айтқан
пікірлері өзінің сонылығымен, жаңаша талдау әдісімен оқшау тұрады. Егер
Көкетай асында сипаттау мен баяндау басым болса, - дейді ғалым, - ал Ұлы
жорықта геройлардың сөзі де мол берілген. Кейіпкерлердің жан сырлары,
сезім дауылдары, өткір қақтығыстары көбіне оқиғаны өрбітетін батырлардың
сөздері арқылы берілсе, ал олардың соғысы авторлық баяндау арқылы
жүргізіледі... Әншейін ғана жорық жырының шеңберінен асып түсіп, көп
мезеттерде дастанға ауысқан форма танытатын немесе тіпті кемел дастан
қалпына жеткен шығарманың стилін сипаттау үшін сол сөздердің қалай
берілгенін байқап барлау қызғылықты да... [9, 220].
Ғалымның келесі тұжырымы да осы ойға сабақтаса өріледі: ... Для
характеристики стиля произведения, перерастающего рамки дружинной песни,
интересна еще передача этих речей. В редких случаях они передаются
дословно, повторяются как прямая речь. Если в этом факте мы должны
усмотреть архаическую форму, то в ней же наряду с этим древним элементом
наличествует и авторская сокращенная передача смысла речей, то есть
косвенная речь, например, авторская передача речи завещания Кокетея в
последующем повторении ее перед Манасом и др. [10, 137].
М.Әуезов Манас жырындағы дауысты дыбыстар жөнінде де сөз қозғайды.
Қырғыз тіліндегі дауыстылардың жырдағы көрінісін суреттейтін мына пікірін
келтіріп кетсек: ...но тут нужно иметь в виду один специфический момент в
фонетическом составе киргизского наречия, имеющего долгие гласные, особо
подчеркивающиеся в стихе. Они имеют особо выделяющееся ритмическое значение
в тактовом делении времени в производительном интонационном строе стихов не
только при сопровождении их напевом, но и при обычной декламации ... [10,
144].
М.Әуезов эпикалық кең тынысты шығарманың өзіндік бітім, болмысын
ұйымдастыруда оның баяндау құрылымы зор рөл атқаратынын пайымдап отыр.
Жоғарыдағы сөздері сол құрылымды зерттеуге жөн сілтейді.
Ғалым Бердібай Шалабай бұл турасында мынадай пікір білдіреді: 50-
жылдары М.Әуезов тарапынан негізі қаланған бұл сала алғашқыда жекелеген
жазушылардың тіл жұмсау ерекшеліктерін сараптап, көркем әдебиет тілі мен
әдеби тілдің байланыс, қарым-қатынасын анықтау тұрғысынан қолға алынса,
кейін салмақты жалпы теориялық және нақты тәжірибелік зерттеулерге
ұласты... [11, 10]. М.Әуезов мақалаларында жекелеген ақын, жазушылардың
әдеби тілге қосқан үлесі, сөз қолданудағы көркемдік, шеберлік қырлары,
өзіндік стильдік ерекшеліктері талданады. Сондай-ақ көркем шығарма тілін
зерттеудің теориялық мәселелері, жекелеген көріктеу құралдарының тілдік,
көркемдік сипаттары қарастырылады. Бұл еңбектердің қай-қайсысы да қазақ
көркем әдебиеті тілін зерттеуге зор үлес қосқан, қазақ көркем әдебиеті
стилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына елеулі ат салысқан
еңбектер болды.
Қазақ фольклоры, әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған Мұхтар
Омарханұлы Әуезовтің терең зерттеулері, парасатты ойлары, ғылыми
топшылаулары біздер үшін қашан да үлгі-өнеге бола бермек, - деп белгілі
ғалым Ы.Т.Дүйсенбаев айтқандай [12, 181], қазақ ауыз әдебиетін және оның
тілін зерттеуде М.Әуезовтің сол еңбектеріндегі бірқатар тілге байланысты
көзқарастарының бүгінгі күнде мәні өте зор.
Кез келген халықтық әдеби мұраның тілі сол тілді пайдаланып отырған
халықтың өткен тарихынан мол хабар беретін, жалпы тұрмыстық, рухани
мәдениетімен тығыз байланысты материал екендігі рас.
Міне, ертегілер тілінің осындай өте құнды жағын жақсы білген М.Әуезов
оларды көне дәуір тарихынан көп елес беретін аса мол, терең және өзгеше
қымбат қазына деп тниды. Әсіресе, фольклорды зерттеуде бұл күнге шейін
өте аз ескерілген көркем тіл, көркем стилін халықтық-поэзиялық
шығармалардың ерекшеліктерін талдау проблемасымен байланыстыра ұғыну
қажет, - деп жазады [5].
М.Әуезов Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек жырларының тілі туралы
да аса құнды пікір айтқан. Сондай-ақ, М.Әуезовтің Қырғыз халқының батырлық
эпосы – Манас деген зерттеу еңбегіндегі тіл туралы ойлары да маңызды.
Егер ғалым І.Кеңесбаев М.О.Ауезов – тюрколог деген мақаласында М.Әуезовті
атақты тюрколог деп атап көрсетсе, бір жағынан, осы Манас жырына қатысты
еңбегіне орай айтса керек.
Манас жыры ұлан-асыр тарихи оқиғаларға толы, қырғыз хылқының өткен
өмірінен мол мағлұмат білдіретін, өте көлемді дастан екендігі көпшілікке
белгілі. Соны ескерген М.Әуезов жыр бойынан ұшырасып қалатын ұлт, тайпа,
жер-су аттарына көңіл аударады. Тарихқа қатысты сырларына мән береді.
аталатын тайпалардың кімдер екенін түсіндіреді. Сөзіміз нақтырақ болу үшін
ғалымның сондай бір ғылыми жорамалынан аздаған үзінді келтірейік: Сағымбай
нұсқасындағы жырлардың бірі көзкемендер эпизодына байланысты.
Көзкемендер - Манасқа туыс тайпа. Шындығында, ежелгі заманда көмендер
(кумандар) деп қыпшақтарды (половцыларды) атаған. Олар Европаның оңтүстік
шығысына ХІ ғасырда көшіп барған. Дастанда олардың Манас тайпасымен бірге
өмір сүргендігі айтылуы эпос шыққан кезде қыпшақтар-көмендер Азияның
орталығында, қырғыздармен көрші тұрғандығын көрсетеді, - деп ғалым сонау
бір өткен тарихи кезеңге бой ұрып, бір тайпаның аты арқылы эпостың шығу
уақытына болжау жасайды [5]. Ел-жұрт, тайпа атаулары жырда бекерден-бекер
аталмайтынын еске сала келе, оған көптеген мысалдар келтіреді.
М.Әуезов осыларды айтумен Манас жырының өте ежелгі уақытта
туғандығын дәлелдейді. Оған тарихи сөз-деректерді дастанның өн-бойынан
молынан табуға болатынын баса айтады.
М.Әуезовтің тіл туралы пікірлерінің бірқатары көркем әдебиет пен
көркем аударма тіліне қатысты ой-тұжырымдар болып келеді. Оның осы
саладағы, әсіресе, көркем әдебиет жөніндегі көзқарастарын бір жүйеге
келтіріп, мән-мағынасын ашып, кезінде арнайы бірнеше мақала жазған
профессор М.Серғалиев оны тереңірек танып-білу үшін былай қарастыруды
ұсынады: М.Әуезовтің көркем әдебиеттің тіліне деген көзқарасын шартты
түрде үш салада қараған жөн сияқты: көркем әдебиет тіліне қойылатын негізгі
талаптар, Абай тіліне қатысты мәселелер, замандас ақын-жазушылардың
шығармаларының тілі туралы ойлар [1, 161].
Көркем әдебиеттің тілі дегенде, М.Әуезовтің сөзі орынды да тиімді,
барынша әдемі етіп шебер қолдануға аса мән берген ұлы жазушы екендігі
есімізге түседі. Ол, әрине, бәрімізге белгілі.
М.Әуезов өзімен қатар қалам тартып жүрген замандас ақын-жазушылардың
шыармаларының тіліне әрдайым мұқият көңіл бөліп, жетістіктеріне қуанса,
кемшілігіне қынжылып отырады. Ғалымның ондай пікірлерін Қазақ әдебиет
тілінің кейбір мәселелері жайында, Көркем әдебиеттің тілі туралы, Мәлік
Ғабдуллинге жауап жат және тағы басқа мақалаларынан көптеп табамыз. Ал
ғалым-жазушының аталған алғашқы мақаласы тек өз елімізде ғана жарияланып
қоймай, сол кездегі Одақтық басылымдарда да жарияланып, көпшілік талқысына
түскен еді. Мәселен, М.Әуезовтің сол мақаласы 1951 жылы Литературная
газетада қысқартылып, Дружба народов альманағында толық күйінде
басылғаннан кейін, сол мақалаға Вопросы языкознания журналы үш рет
тоқталған.
М.Әуезов әдебиет-тілімен әдебиет деп атап көрсете отырып, көркем
әдебиет тілін аса күрделі мәселелердің біріне жатқызады [5]. Оған баса
назар аударады. Филолог мамандардың негізгі зерттеу объектілерінің бірі де
– осы көркем әдебиет тілі дейді. Ғалымның бұл пікірі ешқандай дау
тудырмайтындығы шүбәсіз. Мәселен, осыған ұқсас келелі ойды академик
Қ.Жұмалиев те Стиль – өнер ерекшелігі деген еңбегінде айтады [13].
М.Әуезовтің сол пікірінен бері бірталай жылдар өтті. Қазіргі уақытта
қазақ көркем әдебиет тілінің зерттелуі біршама қолға алынып, сүбелі зерттеу
еңбектерінің саны көбейіп, оның көптеген күрделі мәселелері өз шешімін
ойдағыдай тауып жатқандығы рас. Оған мысал ретінде, Қ.Жұмалиев,
Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, Х.Кәрімов, С.Қасқабасов,
М.Серғалиев, Б.Шалабаев секілді тағы басқа әдебиетші-тілші ғалымдардың
көркем әдебиеттің тілі жайындағы еңбектерін атап-атап айта аламыз.
М.Әуезовтің Тағы да көркем әдебиет тілі туралы мақаласында тілге,
соның ішінде көркем әдебиет тіліне қатысты көп дүниелер қамтылған.
Сондықтан болар, бұл мақала кезінде көпшіліктің назарын өзіне аударып,
бірталай еңбектердің негізгі өзегі болғандығы байқалады. Мәселен,
М.Әуезовтің сол мақаласында қарастырылған мәселелер жөнінде елеулі пікір
айтқан тілші-ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Серғалиев. Олар, негізінен, Абай
тілі мен көркем әдебиеттің тілін зерттеп, тексеруге М.Әуезовтің сондағы ой-
пікірлері түрткі болғандығын, өзімен қатарлас немесе кейінгі ғалымдарға
біраз ой салып, тереңдеп, жан-жақты зерттеуге мұрындық болғандығын еске
салады.
Ал, ғалым-жазушы, академик З.Қабдолов осы мақаладағы талас мәселее
көңіл аударған [14, 203].
М.Әуезов тіл көркем әдебиетте ерекше қолданысқа түседі және әр ақын-
жазушының оны пайдалануда өзіндік қолтаңбасы, яғни стилі болатынын айтады.
Бұнда ерекшелік те көп, оны ерекше ұғыну да керек. Бар жазушының стилін
бір қалыпқа салуға болмайды, бар көркем шығармаға ортақ бір-ақ рецепт
ұсынуға да болмайды, әр жазушы әр алуан стильмен жазады, - деп тұжырым
жасайды [5].
Осыған ұқсас пікірді Мәлік Ғабдуллинге жауап хат деген мақаласынан
да табамыз. Онда ол – М.Ғабдуллиннің Т.Бердияровтың поэмасына берген бағасы
мен ақын қолданған бір теңеуді сынауын орынсыз деп есептейді.
Көркем әдебиет тілінің әдеби тілге әсері және одан алатын орны туралы
М.Әуезовтің көзқарасы ерекше. Мәселен, ол оқыс сөзін өз шығармасында
орысша неожиданно деген сөздің баламасы ретінде ойда жоқта, шұғыл
өзгеріс мағынасында қолданғанын, жұрт тегіс жым-жырттыққа ауысқанда ғана
деген сөйлемдегі тосын сөз оралымын орыс тілінің үлгісінен алғандығын, Мол
үйдің төрт қабырғасы бірдей иін сүйесіп тұрған көрікті кітаптар екен деген
сөйлеміндегі сәл өзгеше тірескен иін сүйесіп деген тіркесті иін тіресіп
дегеннен гөрі көркем де әсерлі екеніне көңіл аударып барып алғанын айтып,
олардың солай жұмсалуының мән-мағынасын, ерекше сырын ашып береді.
М.Әуезов ендігі бір кезекте көркем әдебиетте сөздердің жаңаша тіркеске
түсіп, өзгеше эстетикалық қуатқа ие болып жұмсалуына Абай тілінің бойынан
табылатын ерекшеліктерді мысалға келтіреді. Ең әуелі, - деп жазады ол, -
Абай қазақтың халықтық, салттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттанудағы өзекті мәселелерге сіңірген еңбегі
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Жазушының драмалық шығармалары
М. Әуезов әңгімелеріндегі тақырып пен идея
Абайтану ғылымы туралы
Пәндер