Мектеп өмір қауіпсіздігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Мектептегі салауатты өмір тіршілік қауіпсіздігін қалыптастыру. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс - шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене - қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез - құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени - гигиеналық мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік - психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
-физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым - қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Зерттеудің міндеттері: Мектептегі оқушылардың өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі - жасөспірімдер арасындағы ішімдіке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік - патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік - экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т. б.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл - ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі - жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: Жалпы білім беретін орта мектептерде болашақ ұрпақты заман талабына сай оқыту - кәсіби даярлықтарын жетілдірудің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Таным теориясының физиологиялық негізі және оған жеке тұлғаның даму тұрғысынан келу; орта білім беру жүйесін жаңаша әдісі - тәсілдерін құру тұжырымдамасы; орта білім беру орындарында оқыту және білім беру процесін ұйымдастыру теориясы мен практикасы.
1 ҚАУІПСІЗДІК ТҮСІНІГІ
- Қауіп-қатердің көздері
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік тірі организмдер, онын ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.
Адам іс-әрекеттің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер - әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уакытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек. Қауіп нақты бар, адам қауіп-қатер аймағында, адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз. Сонымен, қауіпсіздік-бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп - қатерді талдау (идентификация) .
Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек. Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет-адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.
Үшінші міндет-осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп - қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге бірінші медициналык көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар) .
Үшінші міндетті елімізде денсаулык сақтау, Мемлекеттік санитарлық, эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары және т. б. жүзеге асырады.
Қауіп-қатер-ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс.
Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталык өзекті түсінігі.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
- адамның өзі;
- өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;
- адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.
Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды. Қазіргі уакытта толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен,
Қоршаған ортаға үлкен зардабын, тигізетін құбылыс, процесс, уақиға.
Шыққан тегі бойынша:
- техногендік әсер ету;
- антропогендік;
- тұрмыстық;
- спорттық;
- жол-көліктік. Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері
Балалар жазғы демалыстан соң уақыттарының көп бөлігін мектепте өткізеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы дәстүрлі түрде жалпы білім беру мекемелеріне өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне тексеру жүргізеді.
- Тамыз айының барысында біздің жалпы білім беретін мектептерді жаңа оқу жылына дайындау қарқынды түрде басталады. Мектептер жыл сайын тексеріледі, балалардың қауіпсіздігі бірінші орында тұратындықтан олар біздің қызметкерлеріміздің ерекше бақылауында. Ұйымдастыру іс-шараларының кешені білім беру мекемелерін оқу жылының басталуына дайындауға бағытталған және аталмыш нысандардың өртке қарсы жағдайын тиісті деңгейге келтірудің аса маңызды аспабы болып табылады.
Соңғы 5 жылда аталмыш объектілердегі өрттердің саны 45 пайызға дерлік төмендеген, дегенмен оң динамикаға қарамастан білім беру объектілерін өрттен қорғаудың тиісті деңгейін ұстану жөнінен жыл сайын салиқалы жұмыс жүргізеді.
Білім беру объектілерінде өртке қарсы тақырыптарға 173 дәріс өткізіліп, оларға барлығы 2124 адам тартылды, сондай-ақ шартты өрт пайда болған жағдайдағы оқытушылар құрамы мен оқушылардың іс-қимылдарын пысықтау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді.
Өрт қауіпсіздігі стенділері мен бұрыштарын безендіру кезінде өртке қарсы тақырыптар бойынша материалдарды іріктеуге әдіскерлік көмек көрсетілді, өртті анықтаған жағдайдағы іс-қимылдардың тәртібі, тұрмыстағы және мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану тәртібі, балалардың сіріңкемен ойнау және басқа себептері бойынша жаднамалар мен үнпарақтардың үлгілері таратып берілді.
Өрт қауіпсіздік талаптарын бұзудың қандай түрлері неғұрлым жиі кездеседі?
Бұл дәстүрлі тәртіп бұзушылықтар. Мәселен, автоматты өрт дабылы жүйесінің ақаулылығы, өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, эвакуация жолдарына қойылатын талаптардың бұзылуы, электр сымдарын пісірудің орнына бір-біріне бұралып жалғана салуы, опрессовка, арнайы қысқыштардың болмауы, электр сымдары мен кабельдің оқшаулағыштарының қарсылығын өлшеу жолдарының жүргізілмеуі, шатырдағы ағаш конструкциялардың отқа қарсы өңделмеуі, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жоқтығы немесе олардың жұмыс жағдайында еместігі, эвакуация жолдарын пайдалану кезіндегі тәртіп бұзушылықтар.
Оқу орындарында өрттер жиі болып тұра ма?
Бақытымызға орай, оларда өрт жиі болмайды. 2014 жылдың 1 жартыжылдығында 1 өрт болды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 2014 жылғы 14 мамырда Өскемен қаласындағы Амурская көшесінде ШҚМУ оқу-ғылыми зерттеу экологиялық орталығының № 11 спектральды зертхана кабинетінде өрт шығып, ұйымдастыру техникасының жанатын бөлшектері, үстелдің ағаш конструкциялары - жалпы аумағы 1 ш. м. жерде өрт болды. Өрттің себебі - электр қондырғысын монтаждау мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы болып табылады.
Мұның негізгі себебі - отқа абай болмау, өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, балалардың отпен ойнауы. Демек, профилактикалық жұмысты әкімшілік қызметкерлермен ғана емес, балалармен де жүргізу керек. Бұл бағытта біздің қызметкерлер жүйелі және интенсивті түрде жұмыс істейді. Өрт дабылы шыққанда немесе класта түтін пайда болған жағдайда не істеу керектігін мұғалімдер, мектеп қызметкерлері ғана емес, оқушылардың өздері де міндетті түрде білу керек. Бұл өрт шыққан жағдайда ешкімнің жазым болмауының кепілі. Алайда шұғыл жағдайлар пайда болған жағдайда, мекемелердің қызметкерлері әрдайым тиісінше әрекет ете білмейді. Соңғы уақытта адамдар көп жиналатын нысандардағы жағдай өзгеріп келеді. Енді апаттық жағдай пайда болғанда, ондай орындардың қызметкерлері не істеу қажеттігін білетін болды. Сондықтан да қызметкерлерді оқытудың маңызы аса зор.
Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғандығы үшін қандай жаза қарастырылған?
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 312-бабының 1) бөлігіне сәйкес ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймаларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерімен, техникалық регламенттермен, құрылыс нормалармен және жобалау кезіндегі ережелермен, ғимараттар мен құрылғыларды салу кезіндегі мемлекеттік стандарттар мен бекітілген өртке қарсы талаптарды бұзу немесе орындамау, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы аспаптарды, қондырғыларды, өрттерді анықтау мен өшірудің автоматтандырылған құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен ұстаудың ережелерін бұзу- жеке тұлғаларға -3, лауазымдық тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғалар немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25, ірі кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын заңды тұлғаларға -250 айлық есептік көрсеткіш көлемде айып салынады.
Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 312- бабының 2) бөлігі бойынша аталмыш баптың 1-ші бөлігінде көзделген іс-әрекет әкімшілік айып салынғаннан кейін 1 жылдың ішінде екінші рет қайталанса - жеке тұлғаға 10, лауазымды тұлғаға, жеке кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар емес болып табылатын заңды тұлғаларға 50, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айып салуға әкеп соқтырады.
Мектепте өрт қауіпті жағдай пайда болғанда бұл жағдай үшін кім жауап беруі тиіс?
«Азаматтық қорғау туралы » Заңның 16 және 18-баптарына сәйкес барлық жеке тұлғалар мен ұйымдар:
Азаматтық қорғау саласындағы ҚР Заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлар берген ұйғарымдарда көрсетілген тәртіп бұзушылықтарды жоюға;
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті ;
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдардың басшылары немесе жеке кәсіпкерлер «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 327- тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындауы тиіс.
Яғни, мектептерде ғана емес барлық басқа мекемелерде сол мекемені басқаратын лауазымды тұлға жауапкершілік арқалайды. Сондай-ақ директордың бұйрығы бойынша аталмыш нысандағы өрт қауіпсіздігіне жауап беретін қызметкер жауапты екінші тұлға болып табылады. Әрине, белгілі бір класқа, аудиторияға, зертханаға жауап беретін оқытушылар немесе қызметкерлер жауапкершілік аймағында болады.
Ақиқат өрттер кезінде білім беру мекемелерінің қызметкерлері бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдана ала ма?
Ия, өрт жаңа ғана шыққан кезде сөндіргішті, киізді немесе басқа бір қалың материалды пайдаланып, өртті өшіруге немесе от ошағын жаба қоюға болады. Дегенмен, өрт сөндірудің бастапқы құралдарын қолдану тек өрттің алғашқы стадиясында ғана тиімді. 1-2 шаршы метр жердегі қандай да болсын от ошағын бастапқы өрт сөндіру құралдарын оны қолдана білетін әрбір адам сөндіре алады.
- Мектептердің әрбір қабатындағы дәліздерде ілініп тұрған эвакуация жоспарын білу қаншалықты маңызды?
Бұл өте маңызды. Эвакуация жоспары әдетте сызба түрде жасалады және оның мазмұны да қарапайым болады. Онда сенің тұрған жерің және өрт болған жағдайда қай бағытта қозғалу қажеттігі 2-3 жебемен көрсетілген. Мұндай жоспардың болуы эвакуацияны дұрыс жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоспардың болуы әсіресе объектілер күрделі, үлкен, ондағы дәліздер өте көп болған кезде аса маңызды.
Өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша мектептің ерекшелігі туралы жалпы мәліметтер. Жұмыскерлердің міндеттері және олардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаулары үшін жауаптылығы. Ұйымдағы өртке қарсы режиммен таныстыру. Өртке қарсы режимді сақтау жөніндегі бұйрықтармен, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтармен таныстыру.
Өрттің алдын алу және оны сөндіру бойынша жалпы шаралар:
педагог мамандардың (гидранттар мен ішкі өрт крандарын тексеру және сынау, өрт сөндіргіштерді, автоматты өрт сөндіру және дабыл құралдарын зарядтау мерзімдері, мектеп персоналын алғашқы нұсқаулықтан өткізу бағдарламасымен таныстыру, жеке және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т. б. ) ;
Жұмыскерлер үшін (жану немесе өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрт туралы өрт сөндіру бөліміне және тікелей басшыға хабарлау, жануды немесе сөндіру тәсілдері мен құралдары, жеке және ұжымдық қауіпсіздік шаралары, объектіде белгіленген өртке қарсы режимді білу және сақтау) .
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, гидранттары, су қоры мен құм, көшіру жолдары мен шығу жолдары орналасқан орындармен танысу (көшіру жоспарына сәйкес) . Тиісті үй-жайлар мен аумақтарды аралау. Өрт сөндіргіштердің түрлері және оларды өрттің класына (жанғыш заттың түріне, жабдықтың ерекшелігіне) байланысты қолдану.
Электр қондырғылары мен өндірістік жабдықты сөндіру кезіндегі талаптар. Өрт кезінде және көшіру жолында қою түтіндеген кезде нұсқаулықтан өтушінің іс-әрекет жасауы.
Өрт туралы хабарлау тәсілдері. Өрт шыққан кезде жеке қауіпсіздік шаралары. Зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету тәсілдері.
- Оқушылырдың Жолда жүру ережелері
2014 жылдың 19-29 желтоқсан арасында 1-8 сыныптар аралығында кәмелетке толмағандардың көшедегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен «Жолда жүру ережесін білесіз бе?» атты тақырыпта жоспарлы онкүндік өтті. Бұл мәселе балалар арасында өзектілердің бірі болып табылады. Мұндағы мақсат оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу-адам өмірі үшін қажеттілік екендігін ұғындыру, әдептілікке, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Жол көлік оқиғаларының азаюын, балалар арасында қайғылы жағдайлардың болдырмау. Қозғалыстың қәуіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттің маңызды міндеті. Бұл мәселені шешудің аса маңызды мәні болып жол қозғалысының барлық қатысушыларын, соның ішінде ерекше назар аударуды қажет ететін ең кішкентай қатысушылар балаларды алдын-ала және дұрыс дайындау болып табылады. Көбінесе жол қозғалысының ережесінің қарапайым негізін білмеу, ересектердің балаларға деген аралассыз қатынасы, ата-аналар жағынан балаларға көшеде болған кезде олармен кездейсоқ жағдайдың болып қалуы туралы түсіндірмеуі жол апатының себебі болып табылады. Біздің мектепте оқушылардың жол-көлік жарақаттанудың профилактикасын және жолда жүру ережесін оқып білуіне үлкен көңіл аударылады. ЖЖЕ-сінің оқытылуы параллельді 1 мен 8 сыныптар арасында міндетті түрде ұйымдастырылған.
«Жолда жүру ережесін білесіз бе?», «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тақырыптарда өте тартымды тәрбие сағаттарын өткізді. Оқушылар өте қызыға қатысып, тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды. 1 сынып оқушыларына бағдаршам, жол ережелері туралы қосымша түсініктер беріле кетіп, сабақтан не түсінгендерін ойын арқылы жеткізе білді. Оқушылар бадаршам түстері арқылы топтарға бөлініп өздеріне берілген тапсырмаларды мұқият орындап шықты. 2 сынып оқушылары өткізілген сабақтан жолда жүру ережесін сақтауды, жол белгілерінің түрлерін, жол белгілерінің атқаратын қызметін үйренді. Оқушылар топқа бөлініп, «ҚЖТ» деген сөзге ой қозғау арқылы топтастырылды. Оқушыларға түрлі жағдаяттар көрсетіліп, одан шығу жолын бірге тапты. 3-4 сынып оқшылары да өткізілген сабақтан жақсы әсер алып шықты. Сабақ сайыс түрінде өткізіліп, оқушылар берілген кезеңдерден сүрінбей өтті. Сабақ соңында «Май емтиханы» атты кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерінің тағы да жағымды ақпараттармен толыққанын дәлелдеп шықты. 5 сынып жетекшілері ұйымдастыруымен «Абай болайық көшеде» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Жол белгілері туралы түсінік бере кетіп, оқушылардың дайындаған көріністері тамашаланды. Биыл құрылғанына 40 жыл толған жас жол қозғалыс испекторлары жасақтары мектепте жол жүру ережелерінің негіздері жөнінде дәріс алып, білгендерін басқаларға үйретеді, МАИ қызметкерлерімен көшелерге шығып жол-қозғалыс ережелерінің мүлтіксіз сақталуын қадағалайды, апатты жағдай бола қалса зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Өткен жұма күні облыстық білім және облыстық жол полициясы басқармаларының ұйымдастыруымен өткен «Жас жол қозғалыс инспекторлары» жасақтарының слетында қала, аудандардан келген осы жас жол инспекторлары жасақтары сап түзеуден, жолда жүру ережелері мен жол белгілерін білуден, жол апатына ұшырағандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуден, велосипедті мәнерлеп жүргізуден, үгіт тобы қойылымынан және тағы басқа бірнеше байқаудан сайысқа түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz