Оқытудың белсенді оқыту әдістері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Оқыту əдістеріне сипаттама, оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Оқу, оқыту, əдіс, тəсіл ұғымдарына анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
р1.2Оқытуиəдістерінртоптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Оқытудың белсенді оқыту əдістері және оның ерекшеліктері ... ... ... ...13
2 Оқытудың белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ..17
2.1 Психологиядағы оқытудың белсенді әдіс түрлері мен пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Оқытудың белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстурлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс-тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.
Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты – білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, студенттер деңгейін, оқу аудиторияларының, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сол себепті де курыстық жұмысымның кіріспе бөлімінде , ең алдымен «Әдіс» және «Тәсіл» деген екі ұғымға тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Курстық жұмыстың мақсаты. Оқытудың белсенді оқыту әдістеріне мейлінше кешенді талдау жасау. Белсенді әдістерді қолдана отыра оқушылардың немесе білім алушылардың сабақты белсенді түрде қабылдауын арттыру болып саналады. Аталған тақырып бойынша маңызды оқыту міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, түрлі тәсілдерді қолдануға байланысты барлық белсенді әдістерді толықтай біріктіреді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың немесе білім алушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады, оның біріншісі жалпы оқыту əдістері жəне құрал жабдықтары. Ал екінші бөлімі, оқытудың белсенді оқыту әдістері туралы айтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әмірова Б.А, Молдабаева Р.А. «Психологияны оқыту әдістемесі» - Қарағанды, 2012ж.
2. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» - Алматы, 2011ж.-328 б.
3. Нұрғалиева. Г.Қ. Психологиалық логикалық-құрылымдық курсы,- Алматы, 1996.
4. Мұханбетжанова Ә. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» - Алматы, 2011ж-356
5. Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. –М., 1989.-77
6. Савин Н.В. Методика преподавания педагогики: учеб. пособие /Н.В. Савин. – М.: Просвещение, 1987. – 207с.
7. Смолкина А.М. Методы активного обучения /А.М. Смолкина. - М.: Юрайт, - 1991. – 260с.
8. Психология и педагогика: учебник для студентов высш. учеб. заведений /Под ред. П.И. Пидкасистого. – М.: Юрайт, 2011. – 714с.
9. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе: учебно-метод. пособие /З.А. Исаева. – Алматы.: Қазақ университеті, 2005. – 122с.
10. Карандашев В.Н. Методика преподавания психологии. –СПб., 2005.-250с.
11. Оконь В. Введение в общую дидактику. - Москва: Высшая наука, 1990.
12. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. – Москва «Владос», 2001.-390с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Оқыту əдістеріне сипаттама, оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
1.1 Оқу, оқыту, əдіс, тəсіл ұғымдарына анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
р1.2Оқытуиəдістерінртоптастыру ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Оқытудың белсенді оқыту əдістері және оның ерекшеліктері ... ... ... ...13
2 Оқытудың белсенді оқыту әдістерін қолданудың тиімділігі ... ... ... ... ... ..17
2.1 Психологиядағы оқытудың белсенді әдіс түрлері мен пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Оқытудың белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Сабақ сапасын арттыру барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі - күнделікті сабақты өткізудің стандарты, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі сабақтарды айтуға болады. Күн сайын өтетін, тіпті тамаша көрнекіліктер арқылы болса да, жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын классикалық немесе дәстурлі сабақ студенттерді жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруді, бұған студенттерді тарта білуді, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі міндет. Бірақ, бұдан жаңа әдіс-тәсілдер дәстүрлі сабақтарды толық алмастыруы керек деген ой тумауы керек. Олар дәстүрлі сабақтарды толықтырып, жандандыра түсуі, студенттің білімге қызығуын арттыруы тиіс, сонда ғана оқу үрдісі жетілдіріле түседі.
Тәжірибелі, іскер мұғалімдердің авторлық сабақтарының дәстүрлі сабақтар сияқты қандай да бір шаблон, стереотиптік жүру жолы жоқ десек артық емес. Оның түпкі мақсаты - білім сапасын көтеру, оқыту үрдісін жандандыру, оны бірізділік пен формализмнен аулақтау. Әрбір педагогтің тілегі осыған саятын болғандықтан, әрқайсысының оқытудың белсенді әдістерін қолдануда өз деңгейін, студенттер деңгейін, оқу аудиторияларының, материалдық базасын және өтілетін сабақ материалының тарау ішіндегі алатын орны мен маңызын ескере отырып, сәтті пайдалануға толық мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сол себепті де курыстық жұмысымның кіріспе бөлімінде , ең алдымен Әдіс және Тәсіл деген екі ұғымға тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Курстық жұмыстың мақсаты. Оқытудың белсенді оқыту әдістеріне мейлінше кешенді талдау жасау. Белсенді әдістерді қолдана отыра оқушылардың немесе білім алушылардың сабақты белсенді түрде қабылдауын арттыру болып саналады. Аталған тақырып бойынша маңызды оқыту міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, түрлі тәсілдерді қолдануға байланысты барлық белсенді әдістерді толықтай біріктіреді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың немесе білім алушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады, оның біріншісі жалпы оқыту əдістері жəне құрал жабдықтары. Ал екінші бөлімі, оқытудың белсенді оқыту әдістері туралы айтылады.

.

1 Оқыту əдістеріне сипаттама, оның ерекшеліктері
1.1 Оқу, оқыту, əдіс, тəсіл ұғымдарына анықтама

Оқу - жеке тұлғаның іс-әрекетінің түрі, оқыту (өзі оқу, бірін-бірі оқыту) жүргізіледі де, оқымыстылыққа жетеді.
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
Әдіс (грек. methodos - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді. Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі. Оқыту әдістері - оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады. Әдістердің әрбір негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын, жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен ақпаратты практика жүзінде қолдана білуге негізделгендіктен, оқыту әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік әдістерін (әңгіме, дәріс, сұхбат және т.б.); оқу материалын көру арқылы беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация, демонстрация және т.б.); оқу ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін (жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек әрекеті және т.б.) жатқызуға болады
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді. Оқу əдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді. Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі - бұл "оқу тəсілі" жəне "оқу ережелері".
Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "əдіс" түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік - тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.
Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.
Ереже əрқандай тəсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - əдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
Оқу əдістері - тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.
Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең əулетке тəжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-əркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дəуірлердегі басты оқу əдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай əрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), ("мендей етіп істе") əдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша əдістер осы қайталай жасау əдісінен өз бастауларын алды.
Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) əдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда жəне əулеттен əулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау əдісі болды.
Кітап əрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мəтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) əдісі үрдіске айналды. Бұл əдістің сəл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.
Ұлы жаңалықтар ашу жəне ойлап табу дəуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік əдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған əдістер ене бастады. Көрнекі оқу əдісі де кең тарады.
XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік əдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік əрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) əдіс маңызды орын иелей бастады. "Кітаби" əдістердің орнына "табиғи " əдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық əдістерін қажет ететін "іс-əрекет арқылы оқып- үйрену" əдісі қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-əрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мəн беріліп, балалардың өз тəжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу əдістері қалыптасты.
Дегенмен, білім дамуының əр кезеңдерінде қолданымға келген əдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нəтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу əдістерінің əрбірі өз алдына əмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында əрқилы əдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.

1.2. Оқу əдістерін топтастыру

Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын əдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу əдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мəнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жəрдемдеседі, оларды мақсатқа орай əрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.
1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау əдісі;
- ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі;
- білімді қолдану, пайдалану əдісі;
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері.
2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).

Оқыту әдістерінің тобы
Оқыту әдістерінің тобына жататын әдістер
Сөздік
Дәріс, әңгіме, сұхбат, түсіндіру, пікірталас, кітаппен жұмыс
Көрнекілік
Иллюстрация және демонстрация
Практикалық
Жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, зертханалық жұмыс
Индуктивті және дедуктивті
Талдау, салыстыру, салғастыру, абстрактілеу, жинақтау, қорыту, модельдеу (үлгілеу), педагогикалық есептерді шешу, педагогикалық жағдаяттарды талдау
Репродуктивті
Түсіндіру, дәріс, әңгіме, нұсқау беру, кітаппен жұмыс, жаттығу
Проблемалық-ізденістік
Эвристикалық әңгіме, проблемалық сұрақ, жағдаятты талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, модельдеу (үлгілеу), зертханалық зерттеу жұмысы
Өзіндік жұмыс әдістері
Кітаппен жұмыс, жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы, жоба құру
Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері
Оқу пікірсайыстары, иллюстрация және демонстрация, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер, жеке (топтық) жобалау, зертханалық жұмыс
Оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері

Ауызша бақылау: жеке, фронтальды (жаппай) тексеру. Жазбаша бақылау: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілеу, түсіндірмелі және графикалық диктанттар.
Машиналы бақылау: тестілеу, виртуалды зертханалық жұмыс

Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.

Оқытудың сөздік әдісі

Жазбаша
Ауызша

Диалогты
Монологты
Монологты
Диалогты

Əңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат - оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады.
Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.
Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми - теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз - жарысының басты қызметі - шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс - кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі - оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.
Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:
- конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;
- тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;
- реферат құрастыру - тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;
- мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;
- сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;
- түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба);
- пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян.
- анықтама (справка) түзу - ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б.
- формальды - қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу;
- тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау;
- идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру;
- пиктографиялық жазба - сөзсіз бейнелеу.
Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Оқытудағы көрнекілік әдіс

Сөздік
Сурет
Заттық

Мәтіндік
Символдық
Көркемдік

Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті - тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.
Жаттығулар - материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.
Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.
Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.
Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.
Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.
Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.
Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні - оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.
Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.
Оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйене отырып, оқытушы оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың жолдарын, яғни олардың әлеуетін анық танып білуі тиіс. Оқыту әдістерін таңдау кезінде төмендегідей критерилерді басшылыққа алу керек:
1) әдістердің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай келуі;
2) әдістердің оқыту принциптеріне сай келуі;
3) әдістердің оқылатын тақырыптың мазмұнына сай келуі;
4) әдістердің студенттердің оқу мүмкіндіктеріне сай келуі: жас ерекшелігі, физикалық дамуы, психикалық дамуы, дайындық деңгейі (білімділігі, тәрбиелілігі және дамуы); студент топтарының ерекшеліктері;
5) әдістердің техникалық жағдайлар мен оқу үшін бөлінген уақытқа сәйкестігі;
6) әдістердің оқытушының мүмкіндіктеріне сай келуі, оның ішінде теориялық және практикалық жағынан даярлығы, оқытушының жеке бас қасиеттері және т.б..

1.3. Оқытудың белсенді оқыту əдістері және оның ерекшеліктері

Белсенді оқыту - қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендету әдістерін іздестіру мәселесі әр түрлі уақытта әр түрлі авторлармен өте жиі қойылып отырады.
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.
В.Я.Ляудистің берген анықтамасы бойынша: оқытудың белсенді әдістері деп бірлескен және жеке оқу іс-әрекеті жағдайында әлеуметтік құнды нәтижелер жетістіктерімен байланысқан оқытуды құнды шығармашылықпен ұйымдастыратын әдістер деп түсінуге болады
Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:
-жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;
-білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, дөңгелек үстел, эвристикалық әңгіме, миға шабуыл, оқу пікірталасы, кейс-стади, өзіндік жұмыс.
Оқудың белсенді оқыту əдістері белгілі оқу (дидактика) құрал - жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқыту құрал - жабдықтары түсінігі кең жəне тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқыту жəне көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқыту əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқыту құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
- оқыту процесін авмоматтастырушы құралдар - тіл кабинеттері, компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
- сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Психологиялық қызмет əдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объектив жəне субъектив себептерге тəуелді, атап айтатын болсақ, олар:
- оқыту заңдылықтары жəне оларға негізделген принциптер;
- адамның оқу, тəрбие жəне дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
- нақты білімдену - тəрбие міндеттері;
- оқуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқу пəнінің əдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқыту материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шəкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дəрежесі;
- дəріс түрі мен құрылымы;
- оқушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқыту еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шəкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не əміршіл - əкімшіл);
- материалды - техникалық қамсыздандырылуы;
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дəрежесі.
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты əдіс пен құрал - жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дəріс өткізудің жағдайына орай бірнеше əрқилы əдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.
Оқытудың белсенді әдістері ерекшеліктері :
* Білімді берік, саналы меңгеруге жеткізетін практикалық және ойлау іс - әрекетінің бірлестігі;
* Танымдық іс -әрекетінің белсенділігі үшін жағдай туғызады;
* Дәлелдік (себептік) дәрежені көрсетеді;
* Таным процесі сезімдік және ақыл - ой нәтижесін береді;
* Таным процесінде жетекшілік етудің әкімшілік стилін теріске шығарып, оқушының студенттермен іскерлік негізіне байланыс орнатуды негіздейді;
* Шығармашылдықтың жоғары деңгейінде дамуын қамтамасыз етеді;
Оқытудың белсенді әдістерін студенттердің өзін - өзі басқару тәрбиесін жинақтауына әсерін тигізеді.
Педагогикада белсенді оқыту әдістері алуан түрлі. Олар әр түрлі пәндерді оқытуда қолданылады. Қазіргі кездегі белсенді оқыту әдістерінің ішінен В.Я.Ляудис психологияда қолдануға едәуір қолайлы әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді:
* Бағдарламаланған оқыту әдісі
* Проблемалық оқыту әдістері
* Интерактивті оқыту әдістері.

Бағдарламаланған оқыту әдістері білімнің пәндік мазмұнына байланысты мақсатты, міндетті шешу тәсілдерін, қолдау мен қадағалау формаларын нақтылау және түрлендіру арқылы дәстүрлі оқытуды қайта құруды көздейді.
Бағдарламаланған оқыту бұл П.Я.Гальпериннің ХХ-ғасырдың 50 жылдарында жасаған ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясына негізделген оқытудың белсенді әдістерінің жиынтығы. Бұл теория оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыру туралы білім процесін қалыптастырады; қоғамдық тәжірибе жоспарынан жеке тәжірибе жоспарына ауысудың негізгі кезеңдерінің пайда болуы туралы білім және бұл іс-әрекет туралы тәуелсіз сипаттама жүйесімен орналастыру болып табылады.
Бағдарламаланған оқытудың ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясына сәйкес ұйымдастырылған негізгі әдістемелік құралдары келесідей болып табылады:
1. Оқушыға меңгеретін әрекетті қатесіз орындауға мүмкіндік беретін белгіленген әрекет негіздерінің сызбасы.
2. Берілген әрекетті орындау барысында әр түрлі модельдеуші жағдайлардан тұратын оқу есептерінің жиынтығы.
Есептер үш түрлі болады: пәндік, логикалық, психологиялық. Пәндік типтегі есептерге психологияда практикалық психологтың әрекетінде кездесетін жағдайларды моделдеу.
Логикалық типтегі есептерге - бұл шешу үшін логикалық заңдылықтары бойынша ойға салуды талап ететін есептер жиынтығы, яғни ойша әрекет болып табылады.
Психологиялық типтегі есептер белгілі бір жағымды әсер тудырады, себебі олар құбылыстар мен заңдылықтардың анықтамалық және көрнекілік сипаттамалары арасындағы қарама-қайшылықтардан құрастырылағн есептер болып табылады.
Оқытудың проблемалық әдісінде басты назар оқушылардың ақыл-ой әрекеттерінің мотивтері мен әдістеріне, сондай-ақ оның проблемалық (мәселелік) жағдайға кіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері ұғымы
Жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңызы
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Химияны оқыту әдістері
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері
Химияны оқыту әдістемесіндегі оқушылардың танымдық даму мәселесінің қазіргі жағдайы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Оқытудың белсенді әдістері оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермейлейтін әдістер
Пәндер