Мұнайөңдеу кәсіпорнының бір бөлімшесінде инженера – технолог қызметін атқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I МҰНАЙӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫМЕН ТАНЫСУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Техника қауіпсіздігі және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру ... ... ... ... .4
1.2 Кәсіпорынның құрлымы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II МҰНАЙӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫНЫҢ БІР БӨЛІМШЕСІНДЕ ИНЖЕНЕРА . ТЕХНОЛОГ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Қондырғылардың негізгі құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Шығарылатын өнім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Жобалық құрастыру бөлімнің жұмысы. Қондырғының техника . экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.4 Зертхананың жұмысың бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Отандық компаниялар ішінде «Helios» компаниясы жалғыз өз жұмысында батыстық көлденең, интегралданған құрылым стандарттарын ұстанады және барлық ГСМ өндіру процесін – скважинадан соңғы тұтынушыға дейін қадағалайды. Компания өнімді лабараториялық талдаудан өткізіп отырады. «Helios» компаниясы мұнай өнімдері нарығын зерттеп, сұраныс пен ұсынысты анықтап, өз АЗС жүйесін дамытуды жоспарлайды. Компания құрылу күнінен бастап өз АЗС жүйесін кеңейтуге кірісті, әсіресе Helios логотипі бар АЗС терді салу. Сол себепті құрылыс департаменті құрылды. Департамент құрылыс және АЗС жөндеу мен айналысады. Жерді таңдап сатып алу , жобалаушы мекемені таңдау, мемлекеттік қызметтерден рұқсат алу, құрылысшылар арасында АЗС ті салуға тендір жүргізу және т.б жұмыстар құрылыс департаменті жүргізеді. Мұнай өңдеуші заводтарында отын, автобензин, авиабензин және дизель отынын өндірудің төмендеуінің байқалғаны, ішкі нарықтың жанар-жағар майға үнемі тапшы болғандығынан орын алды. Қондырғыларда жүргізілетін лабораториялық байқаудың нәтижесінде технологиялық процесті дұрыс жүргізуге қажетті мәліметтер алынады. Лабораторияда қондырғыға айдауға түсетін мұнай сапасын және қондырғыдан шығатын өнімдер сапасын зерттейді. Мұнайды анализдегенде оның тығыздығын, ондағы тұздар, судың мөлдір фракциялар мөлшерін анықтайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Омаралиев К.О., «Мұнай мен газды өңдеу химиясы және технологиясы», І бөлім, 2003 жыл.
2. Иоффе И.Л., «Проектирование процессов и аппаратов химической технологии», 1997 г.
3. Эмирджанов, «Сборник задачей по химии и технологии переработки нефти и газа».
4. Дытнерский, «Основные процессы и аппараты химической технологии».
5. Эмирджанов, Лемберанский Р.А., «Основные технологические расчеты нефтипереработки и нефтехимии», 1989г.
6. Надиров Н.Н., «Нефть и газ», 1995.
7. Сарданашвилий «Примеры и задачи по технологии и переработке нефти и газа».
8. В.Н.Эрих, «Химия и технология нефти и газа».
9. Ә.Ахбердиев, «Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары», Алматы-1944.
10. Г.С.Лутошкин, «Переработка нефти и газа», 1980.
11.Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN
12. Омаралиев Т.О. «Мұнай мен газды өңдеу химиясымен технологиясы. 1-бөлім, «Білім» 2001.
13. Омаралиев Т.О. «Мұнай мен газды өңдеу химиясы мен технологиясы» ІІ-бөлім, «Білім» 2001.
14. В.Н. Эрих., М.Г: Расина және басқалар, «химия технология нефти и газа». Л.Химия 1985
15. А.Г. Сарданоливили, А.И.Львова, примеры изадачи по технологий переработки нефти и газа. М. Химия 1980

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
I МҰНАЙӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНЫМЕН ТАНЫСУ

1.1 Техника қауіпсіздігі және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру

Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т.б. жатады. Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады. Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т.б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды. Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.
Өрт сөндіргіштердің түрі - көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады. Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дере у ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші - жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. Әсіресе ылғал тимеуі қажет, жылыту аспаптардың жанында қоюға болмайды, күн сәулесі түсетін жерден аулақ болуы керек.
Әр түрлі мақсаттағы объектілерде автоматты өрт дабылы, өрт туралы хабарлау, өрт сөндіру, түтін жою және өрт кезінде технологиялық және инженерлік жабдықты басқару қондырғылары мен жүйелерін қолдану олардың өрт қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады. Объектіде адамдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті деңгейіне қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындау арқылы қол жеткізуге болады, осы деңгейді қамтамасыз етуде өрт автоматикасы жүйесі едәуір үлесін қосады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, объектіде өрт автоматикасын дұрыс әрі орынды пайдалану объектідегі адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ өрттен байланысты материалдық залалдарды азайтуға мүмкіндік береді.
Жұмыс орындағы қауіпсіздік техникасының ережелері
1.Лабораторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек.
2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның,көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек.
4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп,қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тағып алғаны дұрыс.Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де,қажет болуы мүмкін.
5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып керек.
6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн.
7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың иесін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек.
11. Барлық банкалар, шынылар, колбаларды, ішінде қандай да бір болмасын сонын сыртында сонын ішінде не бар екендігі жазулы болу керек.
12. Тәжірбиеге кірісердін алдында вентиляция қосулы болу керек. Вентиляция қосулы болмаса жұмыс істеуге болмайды.
13. Тәжірбие жасаушы 18 жастан кем болмау керек.
14. Лабораторияда ішкен яғни мас адамға немесе аурып турган адамға тәжірбие жасауға болмайды.
15. Қиын тәжірбие болған кезде яғни қышқылдармен т.б заттармен тәжірбие жасағанда лабораторияда 2 адамнан көп адам болу қажет.
16. Лабораторида пипедкамен жұмыс істегенде пипедканы қарама қарсы тұрған адамға қаратуға болмайды, себебі пипедканын ішіндгі зат абайсыздан шашырап кетуі мумкін.
17. Қышқылдармен тәжірбие жасағанда міндетті түрде перчаткимен жұмыс жасау керек.
18. Лабораторияға кіргенде міндетті түрде ақ халат киіу керек. Ақ халатсыз тәжірбие жасауға болмайды.
19. Тәжірбиені кір ыдыста жасауға тиым салынады.
20. Қышқылдарды және сілтлерді бір ыдыстан екіншісіне құюға зертхана қызметкерлеріне ғана рұқсат беріледі.
21. Химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.
22. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез өшірілу, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды құммен немесе сумен өшіреді.
23. Киім жанса, көрпеге орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.
24. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су, асбест көрпесі) өртті өшіреді.
25.Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа қою керек.
26.Зертханада жалғыз жұмыс істеу тыйым салынған, қайғылы жағдайда зақымдалған адамға және апатың алдын ала алмайды.
27.Зертханада жұмыс уқытында тазалықты, рет және қауіпсіздік техникасы ережесі сақтауға керек, асығыстық және салақтық өйткені зардабы бар қайғылы жағдайларға жиі алып келеді.
28.Әрбір жұмыс істейтіні өртке қарсы қорғауының құралының зертханасында және бірінші көмектің көрсетуі үшін барлық қажетті болатын дәріханаларда болатын білуі керек.
29.Зертханада шылым шегуге, тамақ ішуге, су ішуге рұқсат етілмейді.
30.Оқушыларға жұмысқа кірісуге болмайды оның барлық орындау техникасын түсінбейінше.Тәжірибелер тек қана таза химия ыдыстарында өткізуі керек. Ыдысты тәжірибенің аяқталғаннан кейін бірден жуу керек.
31.Жұмыс барысы кезінде тазалық пен ұқыптылықты сақтау керек, өйткені кейбір заттар бетпен қолға тисе тері мен шырышты қабықшаларды туршіктіреді.
32.Әрбір зертханада міндетті түрде қорғаныш бетпақ, ұпайлар болуы керек.
33.Әрбір зертханада өртке қарсы бөлме болу керек ( тескендір немесе жуан киіз ) өртке қарсы көрпесі, оқтаулы от сөндіргіштер, жәшік пен қалақ болуы керек.

1.2 Кәсіпорынның құрлымы мен мақсаты

ТОО "Helios" компаниясының 1999 жылы құрылды. Бұл компания мұнай өнімдерін сатумен айналысады. ТОО "Helios" компаниясы Павлодар мұнайхимиялық заутының (ПМХЗ) ресми операторы болып саналады. Бүгінгі күде ПМХЗ Қазақстанның ең қуатты зауыды болып саналады, зауттың жылдық өндіргіш күші жеті милион тоннағат тең. Сол себептен компания өнімдерінің жоғары сапалығын түсіндіруге болады. Компания зауытпен тікелей жұмыс істейді, сондықтан өнім сапасына күмән келтіруге болмайды. Отандық компанияларішінде Helios компаниясы жалғыз өз жұмысында батыстық көлденең, интегралданған құрылым стандарттарын ұстанады және барлық ГСМ өндіру процесін - скважинадан соңғы тұтынушыға дейін қадағалайды. Компания өнімді лабараториялық талдаудан өткізіп отырады.
Helios компаниясы мұнай өнімдері нарығын зерттеп, сұраныс пен ұсынысты анықтап, өз АЗС жүйесін дамытуды жоспарлайды. Компания құрылу күнінен бастап өз АЗС жүйесін кеңейтуге кірісті, әсіресе Helios логотипі бар АЗС терді салу. Сол себепті құрылыс департаменті құрылды. Департамент құрылыс және АЗС жөндеу мен айналысады. Жерді таңдап сатып алу , жобалаушы мекемені таңдау, мемлекеттік қызметтерден рұқсат алу, құрылысшылар арасында АЗС ті салуға тендір жүргізу және т.б жұмыстар құрылыс департаменті жүргізеді.
ЖҚС-ның түрлері
Стационарлы (қалада).
Контейнерлі (адам саны он мыңға дейін болатын ауылдық жерлерде).
Жылжымалы (ауылшаруашылық орындардағы жұмыстарды жүргізгенде ауылшаруашылық техникасының орнатылуы).
ЖҚС келесі үш ғимарат пен құрылыстардың құрамы
ЖҚС аумағы тұйық қоршалған желдетуші кеңістіктен тұрады (қоршау биіктігі 1,6 м болу керек)
Міндетті түрде бейтарап, өртке қауіпсіз жасыл желек сорттарымен көгалдандырылады
ЖҚС резервуар паркінен, ЖҚС ғимаратынан, жанармай тарату бағаналарынан, бастырма, тазалау құрылысынан, найзағай қабылдаушыдан тұрады.
ЖҚС тағайындалуы технологиялық операцияларды жүзеге асыру үшін қолданылады
Жанармай қабылдау
Сақтау
Жанармайды сату.
ЖҚС-сының технологиялық құрал-жабдықтарына жанармайды қабылдау, сақтау және сату технологиялық операцияларың жүзеге асыру үшін қолданылатын құрал-жабдықтары жатады.
Кәсіпорынның жауапкершілігі
Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі барлық мүлікке жауап береді.
Кәсіпорынның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді

II МҰНАЙӨҢДЕУ КӘСІПОРНЫНЫҢ БІР БӨЛІМШЕСІНДЕ ИНЖЕНЕРА - ТЕХНОЛОГ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУ.

2.1 Қондырғылардың негізгі құрылғылары

Мұнай өңдеуші заводтарында отын, автобензин, авиабензин және дизель отынын өндірудің төмендеуінің байқалғаны, ішкі нарықтың жанар-жағар майға үнемі тапшы болғандығынан орын алды.
Мұнай өндеу зауытының негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы). ЛК -6У технологиялық цехі - зауыттағы басты және жетекші цех болып табылады. Бұл оның өндіріс көлемінде ғана емес, сондай-ақ негізгі өнімді шығарудағы алатын орны. ЛК-6У қондырғысы - зауыттың басты қондырғысы, бұл жерде АИ-92Н, АИ-95Н маркалы тауарлық бензиннің компоненттері, дизель отыны, ТС-1 маркалы реактивтік қозғалтқышқа арналған отын, мазут, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарылады. КТ-1 кешені мазуттан құнды мұнай өнімдерін алуға мүмкіндік береді: АИ-92Н, АИ-95Н бензин маркаларының жоғары октан компонентін, гидротазартылған дизель отынының компонентін, пропан- пропилен және бутан-бутилен фракциясын алкирлеуге арналған және мұнай химия шикізаты, пеш отынын.(3 сурет)

3 сурет. КТ-1 қондырғысының схемасы

КТ-1 кешені технологиялық қондырғылар жиынтығы бойынша ерекше болып табылады:
-мазутты вакуумдік айдау қондырғысы;
-каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысы;
-каталитикалық крекинг және ректификация қондырғысы;
-абсорбция және газ фракциялау қондырғысы;
КТ-1 Секцияларының сипаттамасы
001 секциясы - мазутты вакуумдік айдау қондырғысы, вакуум астында ректификациялау әдісімен мыналарды алу үшін мазутты өңдеуге арналған:
вакуумдік дистиллят - вакуумдік газойльді гидротазартуға арналған шикізат (С-100);
гудрон - баяу кокстеу және битум өндіру қондырғысының шикізаты;
жеңіл дизель фракциясы - 100 секциясының гидратазалау шикізаты;
қарайған өнім - қазандық отынының компоненті.
100 секциясы - вакуумдік дистиллятты гидротазарту қондырғысы, күкірт, азот, оттегі құрамдас, металл органикалық қосындылары мен полициклдік ароматиканың құрамын төмендету мақсатында, бір уақытта оның кокстенуін төмендете отырып, сондай-ақ күкіртті сутектен моноэтаноламинмен газдарды тазарта отырып, каталитикалық крекинг шикізатын алғашқы гидрогенизациялық жақсартуға арналған.
Каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысы барлық гидротазалауға тән дәстүрлі технология бойынша жүзеге асырылады және оған мыналар кіреді:
гидротазалау процесі және гидрогенизаттың циркуляциялаушы су құрамды гидрогенизаттан және көмірсутектес газдардан бөлінуі жүзеге асырылатын реакторлық блок;
ректификацияның (стабилизацияның) гидрогенизаттан айырылуы, мұнда кейін гидрогенизат бензинге, дизель отыны мен гидротазаланған вакуумдік дистиллятқа бөлінеді;
реакторларға кірер алдындағы газқоспа қосындыны қыздыру және атмосфералық колоннада кейін бөлінуі үшін тұрақсыз гидрогенизат кіретін пештер блогы;
бутан-бутилен фракцияның сілтілену блогы, мұнда реактор жұмыс істемей тұрған кезде висбрекингтің көмірсутектес газын тазалау колоннасы бутан-бутилен фракициясын сілтімен тазалаудың сұлбасында пайдаланылады.
Алынатын өнімдер:
-гидротазартылған вакуумдік газойль;
-тұрақсыз бензин (фракция н.к. - 180°С);
-дизельдік отын (фракция 180-350°С);
-технологиялық пештер отын газдарының компоненттері;
-қою МЭА ерітіндісіндегі күкіртті сутек.
200 секциясы- құрамалы КТ-1 қондырғысының құрамындағы 200 секциясына каталитикалық крегингтің реакторлық блогы, технологиялық конденсатты ректификациялау (аршу) және тазалау блогы, ауа компрессорлық қондырғысы кіреді. Реакторлық блоктың негізіне микросфералық катализатордың псевдо сұйылтылған қабатымен тік ағатын лифт-реакторы бар Г-43-107 қондырғыларының типі бойынша каталитикалық крекинг сұлбасы қабылданған. Гидротазартылған шикізаттың каталитикалық керекинг процесі КТ-1 қондырғысының процестері жиынтығында мақсатқа сай болып табылады және мына өнімдерді алуға мүмкіндік береді:
пропан-пропилен, бутан-бутилен фракцияларын, құрғақ көмірсутектес газ, автобензиннің жоғары октанды компонентін алу мақсатында абсорбциялау және газ фракциялау секциясында шикізат ретінде қолданылатын қою газ бен тұрақсыз бензин (фр. н.к. - 205°С);
дизель отыны немесе тауарлық пеш отынының компоненті ретінде пайдаланылатын жеңіл газойль (фр. 195-270°С);
техникалық көміртегі немесе қазандық отынының компонентін өндіру үшін шикізат компоненті ретінде пайдаланылатын 270-420°С фракциясы;
техникалық көміртегі немесе қазандық отынының компонентін өндіру үшін шикізат компоненті ретінде пайдаланылатын 420°С фракциясы.
300 секция.Абсорбция және газ фракция секциясы каталитикалық крекинг секциясынан түсетін қою газ бен тұрақсыз бензинді абсорбциялауға, тұрақтандыруға және фракциялауға арналған. Абсорбциялау және газ фракциялау секциясы мына блоктардан тұрады: қою газ бен тұрақсыз бензиннің деэтанизациясы мен абсорбциясы жүзеге асырылатын абсорбция блогынан; абсорбция процесі сумен және ауамен салқындатылған төмен температурада жүргізіледі, бұл фракцияның потенциалдың 80% кем емес С3 және одан жоғары шығарылуын қамтамасыз етеді;

2.2 Шығарылатын өнім

Бензин - 30 - 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр түрлі жеңіл көмірсутектердің қоспасы бар, түссіз не арнайы боялған сұйық (1-сурет). Судан жеңіл, тығыздығы 0,70 - 0,78 гсм3, өзіне тән иісі бар, 60°С-та қатады. Бензин тез буланғыш, оңай тұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Бензин алудың негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тікелей айдау, мұнайдың ауыр фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу, тас көмірді гидрогендеу және көмірсутек газдарын (изобутан, бутан, пропан) алкилдеу, т.б. Бензинді іштен жанатын қозғалтқыштарда отын, майды, шайырды, каучукті еріткіш ретінде, т.б. қолданады.

1-сурет Бензин

Отын ретінде қолданылуына қарай авиация Бензині және автомобиль Бензині болып бөлінеді. Бензиннің негізгі қасиеті - детонацияға тұрақтылығы, яғни қозғалтқыштарда бірқалыпты жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық қасиеті октан санымен сипатталады. Октан саны неғұрлым көп болса, детонацияға тұрақтылық қасиеті соғұрлым жақсы болады. Бензиннің маркалары (А-80, А-93, А-95, т.б.) осы қасиетке негізделген. Автомобиль санының күрт өсуіне байланысты бензин үлкен қалаларда ауасын ластаушы негізгі факторға айналып отыр. Ауадағы бензин буының қорытпалығы 100 - 300 мгм3-ден көп болса, адам организміне қауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде және оны пайдаланғанда барлық сақтық шаралары қадағалануы тиіс. Каталитикалық реформингте қолданылатын катализаторға байланысты 480-540℃, 0,7-0-1,5мПа қысымда өтеді. Бұл процесс тармақталған парафинді көмірсутектер сияқты жоғары октан санына ие құрамында ароматты қосылыстары жоғары бензиндерді сондай-ақ ароматты көмірсутектерді мақсатты алуға арналған. Каталитикалық реформинг шикізатты кең көмірсутектің құрамында яғни құрамында көмірсутектердің барлық типітері бар бензиндік фракцилар болып табылады.
Бұрын мұнай құрамында алкендер болмады немесе болса өте аз мөлшерде делінген еді. Бірақ 20 ғасырдың 80 жылдардың аяғында Шығыс Сібір, Татарстан және бұрынғы СССР аймағында мұнайдың құрамында 15 - 20 % дейін олефин көмірсутектерінің болатындығы ашылды. Мұнайдағы олефин көмірсутектері жоғары молекулалық массасымен ерекшеленеді, (2-сурет) жорамал бойынша, олардың кендегі жату жағдайларындағы табиғи радиоактивті сәулеленуі нәтижесінде алкандардың радиолиз өнімінен пайда болғандығымен түсіндіріледі. Бәріне мәлім радиолиз кезінде С - Н байланыс бойынша ыдырау реакциялары пайда болады.
Қазақстанда бензин Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы мұнай өңдеу зaттарында өндіріледі.


2-сурет. Бензинді айдауға арналған құрал:

Әдетте товар ретінде қолданылатын бензинді тікелей айдау, крекинг, риформинг, кокстеу, алкилдеу және мұнай өндеу мен мұнай фракцияларынан алынған бензинмен араластыру арқылы дайындайды. Мұнай өңдеу сатысы мен әртүрлі процестердің өнімін беретін осындай компаненттерсаны оннан астам болады. Газ бензинін араластырудың октан саны тікелей айдау бензинінің парафинді және аралас шикізаттардан кейбір изоқұрылысты техникалық таза көмірсутектердің, әдетте олардың таза күйдегі октан санына жақын.товар ретінде қолданылатын бензинді дайындауда компаненттер таңдауда бензин фракцияларына октан сандарының біркелкі таралуын қамтамасыз етуі қажет. Тікелей айдау арқылы алынған бензиннің төмен қайнайтын фракциясының детонацияға төзімділігі жоғары қайнайтын фракцияға қарағанда жоғары болады. Катализдік крекинг бензиндеріндегі әртүрлі фракциялардағы октан сандары бір-біріне жақын. Платформинг бензинінде кейбір басты фракциялардың детонацияға төзімділігі төмен, жоғары қайнайтын ароматталған фракциялардың октан сандары 100-ден астам.
Мазут -- мұнайдан бензин, лигроин, керосин және жанар майды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Қара қоңыр түсті қою сұйықтық. Мазуттың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бастапқы мұнай құрамына (парафинді, күкіртті, шайырлы, т.б.) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Терендік электр сораппен ұңғыма жабдықталуы
Реакторлар және регнераторлар
Атмосфералық вакуумдық құбырлық қондырғысын жобалау
Шымкент қаласындағы ЖШС «Канди-шымкент» кәсіпорнының агрегатты аумағын ұйымдастыру
Желі жыныстары палеозойлік
ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Персоналды басқару туралы
Пәндер