Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері

Еңбек деп - адамдардың өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи заттардың түрін өзгертіп, өз қажеттіліктерін өтеу үшін ыңғайлап, көзделген мақсатқа сәйкес жасалған іс-әрекеттерін айтады. Еңбек тек қана әлеуметтік емес, сонымен қатар биологиялық категория болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық және мәдени дамуына жағдай жасайды. Ол организмдегі биологиялық процесстердің дұрыс жүруіне қажетті адам өмірінің құрам бөлігі және өсіп келе жатқан жасөспірімдердің әлеуметтік іс-әрекетке толық қабілеттілігі болып табылады. Бірақ, төменде көрсетілген шаралар: еңбектің көлемі мен негізі организмнің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі; еңбектік іс-әрекеттердің қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайы; организмге түсетін жүктемелерді ақырындап, "баспалдақты" түрде жоғарылату ережесінің қатал сақталуы; еңбектік іс-әрекеттердің қарқыны мен әсер ету уақытының қатал регламенттелуі сияқты белгілі шаралар сақталғанда ғана адам еңбегі организмнің дамуының ең мықты факторы болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек организмнің жаттығуын, дағдылану механизмін жеделдетіп, төзімділігін арттырады, қызмет қабілетін жоғарылатады, жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, жалпы денсаулықты нығайтады. Еңбек процессі дұрыс қойылса, жұмыс ритмінің жақсаруына әсер ететін жоғарғы жүйке орталығының динамикалық стереотипі қалыптасады. Уақыт тығыздығы организмнің ритмділігіне сәйкес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, күнделікті уақыттың дұрыс пайдаланылуын және соған сәйкес ми қыртысындағы қозу және тежелу процесстерінің дұрыс алмасып тұруын қамта-масыз етеді. Мұндай жағдайда жұмысты өте жоғары қарқынмен орындағанның өзінде қажу басталмайды. Керісінше, жұмыс уақытының тығыздығының төмендегі, организмнің ритмділігінің жоқтығы, жұмыс қарқыны төмен болғанның өзінде қажу дамуын жеделдетіп, организмнің қызмет қабілетін азайтып, физиологиялық көрсеткіштерін төмендетіп жібереді.

Балалардың қызмет қабілеті жас мөлшеріне байланысты, организмдерінің функционалдық жүйелерінің жетілуіне, олардың дұрыс реттелуіне сәйкес қалыптасады. Жұмыс процесстерінің ауысып тұруы, оның әртүрлілігі, ұзақ уақыт бірыңғай жұмыс іс-тегеннен пайда болатын тежелу әсерін жойып отырады. Еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау, жүйке жүйесіне аса көп жүктеме түсірместен, динамикалық стереотипті қалыптастырады. Бұл жағдайдың өсу мен даму процесстері әлі жетілмеген балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта: еңбектің мазмұнына, еңбектің тәртібіне және еңбектің жағдайына жүргізіледі. Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қауіпі туа бастайды. Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін шеберханалардың жұмыс зонасының ауасында зиянды химиялық заттар жоғары концентрацияда болады, ал, токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл деңгейі жоғары болып келеді.

Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін, дене салмағының әрббір килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдерге өндірістік химиялық заттардың әсері ере-сектерге қарағанда анағұрлым қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.

Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен болып келеді, ал, өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар, балалар организмінде улы заттарды детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екен. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады:

Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;

Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату. Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері

Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.

Еңбекке тәрбиелеу тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке тәрбиелеудің негізгі түрі- еңбек сабағы, оның саны әр сыныптарда оқу жоспары бойынша 2 сағаттан қарастырылған: 5-7- сыныпта аптасына бір рет екі еселенген сабақ жүргізіледі, 8-9- сыныпта еңбек сабағы үшін аптасына 3 сағат, 10-11- сыныптар үшін 4 сағат бөлінеді.

5-10 -сынып оқушылары үшін жыл сайын еңбек іс- тәжірибесі өткізіледі:оның ұзақтығы 5-7- сыныптар үшін күніне 3 сағаттан, 8-9 сынып оқушылары үшін 4 сағаттан 10-11 сыныптарда 6 сағаттан аспауы керек. Еңбек бірлестіктерінде болу уақыты 3-4 аптадан аспауы керек.

Еңбек сабақтары түске дейінгі кезеңдерде 3-4 сабақтарда және түстен кейінгі кезеңде 1-2 сабақтарда жүргізілсе ең тиімдірек уақыттарға қойылған болып саналады. Апта ішіндегі күндерден еңбек сабағына сәрсенбі және бейсенбі күндерін алған дұрыс. Осындай тәртіп мектеп оқушыларының қызмет қабілетінің төмендемеуінің алдын алудың ең тиімді жолы болып табылады. Мектеп шеберханаларының мүмкіндіктері шектеулі болған жағдайда, мұндай тәртіп, оқу жағдайлары қиын сыныптар үшін ұсынылады (жаңа тәртіптерді бастайтын, соңғы емтихандар тапсыратын т. б. )

Балалар организмі қозу, зат алмасу процесстерінің жоғарлығымен және төзімділігінің аздығымен сипатталады. Сондықтан, үзіліссіз еңбектің ұзақтығы бірінші сы-ныптарда 5 минут, 2-ші сыныпта 5-7 минут, 4-ші сыныпта 10 минут, 5-7 сыныптарда 15 минут болуы керек. Егер жұмыс процесстері қиын болса, онда көрсетілген уақыттар одан да көбірек қысқарады. 1-2 сыныптарда практикалық жұмыстардың жалпы ұзақтығы 20-25 минуттан, ал, 3-4 сыныптарда 30-35 минуттан көп болмауы керек. Бүтіндей алғанда, жеңіл операцияларды қоса есептегенде еңбек сабағының тығыздығы жалпы уақыттың 80%-нан жоғары болмауы керек. Еңбек сабағының тәртібіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

Мектеп оқушыларының еңбек сабағынан алатын тапсырмалары 3-5 операциядан кем болмауы керек;

Операцияларды жасау арасында, құрал-саймандарды ауыстыру үшін 1-3 минуттық үзіліс жасалуы керек және мұндай үзілістер жақсы демалыспен қамтамсыз етілуі керек;

Бастауыш мектептерде екі еңбек сабағын қатар жүргізуге болмайды;

Жұмысқа қалыптасқан стеротипті бұзып алмау үшін, денешынықтыру үзілісі бірінші сабақтың соңында немесе екінші сабақтың басында жүргізілуі керек, ал, қосалқы емес жеке сабақтарда 15-20 миуттан кейін жүргізіледі. Қосалқы сабақтардың арасында міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалуы керек.

Сабақтың тығыздығы, оның жалпы ұзақтығының 60-80% мөлшерінде болуы керек, өйткені тығыздығы одан төмен болса динамикалық стереотип қалыптаспайды.

Денсаулығында кемшіліктері бар мектеп оқушылары ерекше бақылауға алынады.

8-11 сыныптағы мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу үшін 6-7 сағаттан тұратын аптасына 1 күн бөлінеді, оның 3-4 сағаты сабақ түрінде өтуге, ал, қалған 2-3 сағаты міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбекке арналады. Мұндай еңбекке тәрбиелеу тәртібінің күнделікті оқу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Әрбір 45 минуттан кейін 10 минуттық үзіліс жасалады, ал, түс кезінде тамақтануға 30минут уақыт берілді. Алғашқыда 1-2 теориялық сабақ, одан соң 3-5 тәжірибелік сабақ жүргізіледі.

Мектеп оқушыларының жыл сайынғы іс-тәжірибесі еңбек күнінің бірінші жартысында, ал, өндірістік жұмыс орнында өтетін болса 1-аусымда жүргізілуі керек. Мұндай жұмысты түнгі ауысымға қоюға тиым салынады. Жұмыс істеген кезде, дене тұлғасы амалсыздан ыңғайсыз жағдайда тұрса және жұмыс едәуір жүктеме түсіретін болса, әрбір 45-60 минуттан кейін міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалады. Барлық мектеп оқушыларына, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына әртүрлі жұмыс түрлерін кезекпен жүргізу керек, құрал-саймандар балалардың жасына сәйкес болуы керек.

Балалардың да, жасөспірімдердің де еңбекке төзімділіктері ересек адамдарға қарағанда төмен болады. Оларда жұмысқа үйреніп, дағдылану кезеңі ең жақсы жұмыс қабілеті кезеңінен жоғарырақ және жұмысқа қабілетін қайтадан қалыптастыру кезеңі ұзағырақ болады. Сондықтан, мектеп оқушыларының организмі қысқартылған жұмыс күнінің өзінде, әрбір 2, 5-3 сағат жұмыстан соң үзіліс қажет етеді. Сол үзіліс өндірістегі жалпы түскі үзіліске сәйкес келуі үшін, мектеп оқушыларының жұмыс күнін жұмысшыларға қарағанда 1 сағат кейін бастау керек. Жұмыс уақытының ең қолайлы ұзақтығы, әрбір мамандықтың өз ерекшеліктеріне байланысты болады.

Мектеп оқушыларына міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбектердің тәртібі, оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сыныпта немесе асханада кезекші болу, оқу жүріп жатқан күндері өткізіледі, ал, бөлме жинау, табиғатты қорғау, екінші шикізат жинау өндірістік еңбекке оқыту уақытынан тыс жүргізіледі. Мұндағы ең бастапқы мақсат, мектеп оқушылырының организміне үлкен жүктеме түсірмеу және денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау. Сонымен қатар, олардың ынтасын жойып, қажытатын және тәрбиелеу сапасын кемітетін ұзақ уақыт біржақты тапсырмалар беруден сақтану керек. Кезекшіліктің кестесі ыңғайлы жасалған болуы керек.

Жазғы каникул кезіндегі пайдалы еңбек оқушылардың күн тәрті- бінде ескерілуі керек және тек қана таңертеңгі уақыттарға жоспарлануы керек. Оқушыларға кешкі және түнгі жүмыстарды істеуге мүлде болмайды. Түнгі ұйқының уақыты қысқармауы үшін оларды таңертең өте ерте оятуға болмайды. Мектеп оқушылары өндіріс орындарында жұмыс істеген кезде, өздері тапқан есеп ақы есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Еңбек жағдайына қойылатын гигиеналық талаптар

Еңбектің салауаттандырудағы әсері көбінесе оның жағдайымен анықталады, яғни табиғи және жасанды жарықтың, ауа және жылу тәртібінің жағдайларына, өндірістік қолайсыз факторлардың әсеріне, жұмыс орнының рационалды орналасуына т. с. с қатысты болады.

1-7- сынып оқушылары үшін еңбекке баулу мектеп кабинеттерінде, шеберханаларда жүргізіледі. Еңбектің сипаты (темір ұстасы, ағаш шебері, тігін жұмыстары) оқушыларға қолайсыз өндірістік факторларымен әсер етпеуі керек. Бірақ мұндай жұмыстарда темір және ағаш шаңдары, үлкен деңгейде шуыл бөлінуі мүмкін. Осы факторларды болғызбау үшін күнделікті бөлмені ылғалды жуып-жиыстыру, қабырғаны дыбыс өткізбейтін затпен қаптау т. с. с. гигиеналық талаптарды орындаса да жеткілікті.

Өсіп келе жатқан организмге еңбектің жақсы әсер етуі және оқушылардың еңбек дағдыларын меңгеруінің жетістігі - еңбекке оқытуға арналған бөлмелердің дұрыс жабдықталуына байланысты болады. Мұнда, жабдықтардың жиыны, орналасуы, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, құрал-саймандар, техника қауіпсіздігі бірқатар гигиеналық және педогогикалық талаптарға сай болуы керек. Жабдықтар жиыны еңбекке оқытудың бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі керек. Шеберханалардың негізгі жабдықтары верстак, станоктар, тігін машиналары, құрал-саймандар және қосымша жабдықтар - шкаф, сөрелер, тазалық құралдары болып табылады.

Жабдықтарды орналастыруда көру жұмысына, жұмыс кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығына және жарақаттанудың алдын алуға қолайлы жағдай туғызу қарастырылады. Егер жарық сол жақтан түсетін болса ағаш немесе мата өңдеген кезде көлеңке пайда болмайды, сондықтан верстактар мен тігін машиналарын жарық сол жақтан түсетіндей етіп терезеге перпендикуляр орналастырған дұрыс. Верстактарды 450 бұрыш жасай отырып орналастыруға болады.

Еңбекке оқытуға арналған бөлмелер қабырғадан ойылған немесе қабырғаға жапсырылған жабық шкафтармен, сөрелермен, қоқыс салуға арналған ыдыстармен, арнаулы киімдерді ілетін орындармен, қол жуғышпен және электр сүлгілерімен жабдықталады. Жабдықтар құрамында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған таңғыш заттар, дәрі-дәрмектер сақталатын қорапшалар, зембілдер болуы керек.

Жұмыс орнын ұйымдастырған кезде дене тұлғаның дұрыстығы, энергияны үнемдеу, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, жұмыстың қауіпсіздігі ескерілуі керек. Оқушының дене тұлғасы еңбектің сипатына, жеке алғанда бұлшық ет күші мен қимыл-қозғалыс амплитудасына байланысты болады. Егер тепе-теңдік тұрақтылығы жүрек, қан-тамыр және тыныс алу жүйесінің көру және есту анализаторларының дұрыстығы сақталса, бұлшық еттерге қосымша статикалық жүктеме түспесе жұмыстағы дене тұлғасы дұрыс деп табылады (сурет)

Дұрыс дене тұлғасы ең алдымен құрал, жабдықтардың өлшемдері оқушылдардың дене пропорцияларына сәйкес келуіне, дәлірек айтқанда жұмыс орнының биіктігі, оқушының бой ұзындығына сәйкес келуіне байланысты болады.

Жұмыс орнының биіктігінің дұрыстығын анықтау үшін оқушы верстактың сырт жағына қырынан тұрады да, оның бетіне алақанын тіреп, қолын бос қояды. Егер жұмыс орнының биіктігі оқушының бойына сәйкес келсе, оның иығы мен білегі түзу тұрып, білек пен қолдың басында тік бұрыш пайда болады.

Тұрақты түрде тұрып жұмыс істегенде пайда болатын статикалық қажудың алдын алу үшін ағаш ұстасы немесе темір ұстасына арналған шеберханалардың әрбір жұмыс орны орындықтармен (бүктеліп-жазылатын, кронштейнға орнатылған биіктігі 40-42 см табуреттермен) жабдықталынуы керек. Сонда оқушылар мезгіл сайын дене тұлғасының жағдайын алмастыра алады.

Дене еңбегіне берілетін жүктемелер жоғары жылу бөлінумен қатар жүреді, сондықтан шеберханалардың ауасының температурасы сыныптарға қарағанда біраз төмен болуы керек (темір ұстасының шеберханасында 14-160С, ағаш ұстасы шеберханасында 16-170С, бастауыш сыныптардың еңбек кабинеттерінде 180С), тамақ дайындайтын уақыттарда терезе көздері ашық болуы керек. Жел ағынынан сақтану үшін осы жұмыстар кезінде есіктер жабық тұруы керек.

8-11 - сынып оқушыларының оқу-өндірістік комбинаттардағы еңбек жағдайы, өзінің сипаты жағынан өндірістік процесстерге ұқсас болып келеді. Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қауіпі туа бастайды. Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін шеберханалардың жұмыс аймағында зиянды химиялық заттар жоғары концентрацияда болады, ал токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл деңгейі жоғары болады.

Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін дене салмағының әрббір килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдер үшін өндірістік химиялық заттардың ересектерге қарағанда анағұрлым қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.

Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен, ал өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар балалар организмінде улы заттарды детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екенін. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады:

Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;

Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.

Бірінші бағыт мақсатқа сәйкес келмейді және оны практикада қолдану мүмкін емес. Өйткені 1500 -ден артық химиялық қосылыстарды регламенттеу үшін, бірнеше ондаған жылдар мен өте үлкен экономикалық шығын қажет болады. Дүниежүзінде жыл сайын бірнеше жүздеген жасанды түрдегі заттар шығарылып жатады, оларды гигиеналық бағалаудың өзі бірнеше жылдарға кешігіп жүргізіледі. Сондықтан, жасөспірмдерге улы химиялық заттармен жұмыс істеуге жас мөлшері және уақыт әсері бойынша шектелуі түрде ғана рұқсат етіледі. Мектеп шеберханалары үшін химиялық және физикалық өндірістік қолайсыз факторларға қарсы қосымша профилактикалық шаралар қарастырылған.

Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау

Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта: еңбектің мазмұнына, еңбектің тәртібіне және еңбектің жағдайына қарай жүргізіледі.

Еңбектің мазмұнына жүргізілетін санитарлық бақылау жұмысына:

оқушылардың еңбектің іс-әрекеттерінің барлық түрінің сипатын олардың жасы мен жыныс ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтау; жоғарғы сынып оқушыларының өндірістік тәжірибеге өтуіне арналған жұмыс орындарын таңдап алу;

еңбектің денсаулық жағдайына әсерін анықтау; мектеп оқушыларын терең медициналық тексеруден өткізуге баға беру; емдеу-мамандық кеңес қызметінің жұмысын және мамандыққа жа-рамдылық туралы қорытындылар берілу жағдайын анықтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары
Адамгершілік тәрбиесіне ықпал етуші механизмдер
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектептерде гигиеналық оқыту және тәрбиелеу. Мектептерде еңбекке оқытудың гигиеналық негіздері
Эстетикалық тәрбие әдістері
Дене мәдениеті теориясы мен әдістемеснің жалпы негідері
Аномальды балалар
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еңбектің маңызы түрлері ұйымдастыру жолдары
Кәсіби денсаулықты сақтау
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz