Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі



1.Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі.
2.Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”.
3. XVI.XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.
1. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Фрунзе, 1943.
2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. А., 1961.
3. Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. СПб., 1864.
4. Жуковский С.В. Сношения России с Бухарой и Хивой за последнее трехсотлетие. СПб., 1915.
5. Казахско-русские отношения в ХVI-ХVІІІ вв. Алма-Ата, 1961.
6. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. СПб., 1832.
7. Макшеев А.И. Географические сведения Большого чертежа о киргизских степях и Туркестанском крае. СПб., 1880.
8. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. Алма-Ата.: Наука, 1966. -322 с.
9. Нефчина В.Н. К истории создания карты Средней Азии в России в первой четверти ХVІІІ в. М., 1961.
10. Савельев П.С. Средняя Азия. СПб., 1848.
11. Харузин А.Н. Степные очерки. М., 1888.
12. Ягмин А. Киргиз-кайсакские степи и их жители. СПб. 1845.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

1.Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі.
2.Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”.
3. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда
алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының
шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел
жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның
ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы
әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б.
деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі
аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң
жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр
бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы
қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған
Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық
орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы
қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы
болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып,
сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға
қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ
бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда
және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ
Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200
жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес
тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет
қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас
орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар
тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан
шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас
жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен
дипломатиялық байланыс орнатты.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – Қасқа жолды жарыққа шығарды. Бұл заң
қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.
Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің
(шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң
болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: Қасым ханның
қасқа жолы деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди
кітабінда: Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті
ешкім болған емес дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен
феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз
болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге
әкеп соқты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы
Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.
Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің
билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш
хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.
Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл
кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп
1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды.
Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген
Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында
үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын
күйзелтті.
Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ
тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз
Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды.
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-
98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба
сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.
Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей
мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті.
Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге
қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз
жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене
күресті.
1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы
қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ
хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан
жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-
қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы
Бұқарамен бітім шарттын жасасты, – шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған
Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ
хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның
бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі,
Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.
Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып
бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу,
әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі
салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын Есім хан
салған ескі жол деп атады.
Ол ел арасында Еңсегей бойлы – Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI
ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен
) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы
күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар
тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы
Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің
орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі
тілдес Сібір тайпалары деген атпен белгілі.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол
басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында
оны Салқам Жәңгір деп атаған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі
еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара
хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.
Қазақ- ойрат қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.
Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері
үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;
Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып
алғысы келді.
Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – бірін- шісі
1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.
1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр
Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл
шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.
Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды.
Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып
алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір
жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске
ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай
әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді.
Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652
жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады.
Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал
шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.
Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі
күшейе түсті.
Ол қазақ тарихында Әз Тәуке, адамзаттың данасы деп аталды. Ол бір
орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.
Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған хандық кеңестің және
билік кеңесінің рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі
Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді
билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты.
Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.
Тәукенің тұсында Жеті жарғы деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің
жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік
құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында
ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Жет жарғы сол заманға сай құқықтық құжат
қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты
ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды
ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда
әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар,
діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық
жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында
заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.
Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен
айналысқан феодалдық мемлекет болды.
Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық –
феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық
қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық
(ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық
тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті
атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын
аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге
бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық,
әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.
Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру
басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды.
Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден
келе жатқан тәртіп болатын.
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе
және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды.
Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды
маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.
Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.
Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқы- сы бай
малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000
шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым
жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону
әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар
қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті
семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды.
Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы
шикізат -–жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.
Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған
орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы
үздіксіз өркендеп отырды.
Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы
жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен
арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік
саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.
Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен
шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар,
жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар
тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін
пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.
Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта,
шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа
соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе,
сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар:
білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын
шеберлер – зергер деп аталды.
Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс
алды.
Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін наурыз
тойы –деп атап өтуді әдетке айналдырған.
XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні
еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін
жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі
ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды
ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл
қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан
шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.),
Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры
мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих
шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық
дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық
қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Халық арасында ана тіліндегі жазба әдебиет діни және тарихи мазмұндағы
кітап түрінде тарады.
“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI
ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары
жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай
әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде,
Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда
қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырырдың ортасында батыс
Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының
қатынасы. Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.
Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші.
Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды
пайдаланған.
“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде
жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген
қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының
шежіресі беріледі.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар
әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға
дейінгі тарихы баяндалады.
Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи
оқиғалар баяндалады.
Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен
хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер
берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадрғали Қосынұлы Жалайыр (1530-
1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен
“Жалайыр” аталған.
Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың
тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық
көрген.

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-
экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс.
Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының
артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр
хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың
үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып
соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы
өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш
көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен,
солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір
орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың
басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың
билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен
соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды
талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен
Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары
мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы —
Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457
ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан
өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз
жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға
кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.
Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына
және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны
Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне,
соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп
кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр
хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас
өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі,
оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып
келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және
экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын
тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына
айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің
солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид
қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы
келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы,
ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың
дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің
жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының
құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін
қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу
халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың
күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр
хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте
түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек
пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу
жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін
қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері-
оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан
болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең
жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың
маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз
құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық
сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны
(Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып
алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы
Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-
ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары
үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын
билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс
Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ,
Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы
өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.
Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті
Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге
мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана
отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және
этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол
астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп,
Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы.
Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп,
үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана
бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз
тұсында жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында
қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас,
Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы,
Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс
болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу
мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
Қасым ханның қасқа жолы деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ
заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет
болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас
басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы
қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша
елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери
қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ
хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен
айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі
Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар
тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар
(1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті
пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында
Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы
ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау
арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның
Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан
жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған
Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған)
бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла
Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы
Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының
иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы
ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып,
Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты.
Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан
соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы
Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған
Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр
бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым
ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға
қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және
т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп
атады.
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы
Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ
жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім
ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар
тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес Сібір
татарлары деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және
сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен
көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан
жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ
Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты
пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп
жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті
алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір
Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді.
Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да
жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының
нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың
қосылуы күшті жүрді.
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында Жеті
жарғы деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу
заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни
біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой,
әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі,
жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе,
оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел
ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн
төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан
босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері
әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден
ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан
шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері,
әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында
қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды.
Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын
егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын
әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі,
әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге
Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал
басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.),
Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы:
Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам
діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы
болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде
-Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді.
Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді
ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы
башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір
казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ
жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды.
Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің
жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы
хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ
басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге
бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-
жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе
түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды,
маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың
қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің
артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы
Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды,
осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының
маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін
қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап,
әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып
кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында
қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды
Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді.
Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді.
Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса,
екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл
жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу
Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына
топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан
тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік
жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына
орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-
жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды.
Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды.
Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол
жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама деп атады. Елім-ай деген ән туды.
халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр
бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер
Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында Қара
сиыр деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай,
Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға
аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін Аңырақай деп аталып кетті. Шуно Дабо
бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің
әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып
Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды.
Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке
(Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік
танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып
Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып,
майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай
өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің
ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз
сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол
сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ
хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында
қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп
туғызды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ,
қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз
жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа
байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс
қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап,
қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне
тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр
болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа
таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті
пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта
қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен
Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның
солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар
Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі
басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның
күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет,
Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз
әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның
қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары
сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп,
Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға
тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына
қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың
әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан
тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен
Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың
әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына
шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр
болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің
қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой
бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді.
1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ
жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін
1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс
Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс
шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап
қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар
жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын
іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің
ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың
жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй
салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды.
Орнына Уәли сайланды.
Қазақ хандығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихы
Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi туралы
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының кеңеюі
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және қоғамдық құрылысы
Мәңгілік ел идеясы. Қазақстанның даму жолдары және перспективалары
Мәңгілік Ел идеясы мен Рухани жаңғыру жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
XVI-XVII ғ. Қазақ хандығы
Тәуекел хан туралы
Пәндер