Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Бөлім. Кәсіпкерліктегі бәсекелестік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Бәсекеге әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II Бөлім. «Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1 «Алматы нан» АҚ қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 «Алматы нан» АҚ технико . экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... .16
2.3 «Алматы нан» АҚ бәсеке қабілеттілігн талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
III Бөлім. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары ... ... ... ... ...20
3.1 «Алматы нан» АҚ . ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары ... ... ... .20
3.2 «Алматы нан» АҚ .ң маркетингтік жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының -өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:
• Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
• Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі
• Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
• Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану
• Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
• Халықты жұмыспен қамту
• Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады.
Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:
• Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі
• Еркін бәсекенің қалыптасуы
Қолданылған әдебиеттер:

1. Предпринимательство: Горфинкель В.Я. М.ЮНИТИ 2005 г.
2. Аграрлық нарық проблемалары, 2005 ж.
3. Кәсіпкерлік негіздері: Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш. Орал 2007 ж.
4. Қамшыбаев Р.А., Баймағамбетова Л.Қ. Халықаралық маркетинг, Экономика, Алматы 2008 ж.
5. Вестник министерство образования и науки РК.
6. Транзитная экономика 2007 г.
7. Вестник КазЭУ 2007г.
8. ҚР–ның Президенті Н. Назарбаевтің 2030–стратегиялық бағдарламасы.
9. ҚР–ның Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.
13. Экономика предприятия, Сафронова М. М.2004.
14. Қаржы және қаражат 2004ж.
15. Егемен Қазақстан 2005ж.
16. Маркетинг, Есімжанова А.К.,Алматы:2004.
17. Кәсіпорын экономикaсы: Жолдaсбaевa Г.Ө. - Aлмaты:Экономикa,2008ж.
18. Шaруa қожaлықтaрының бәсекеге қaбілеттілігін aрттыру: Сaзaновa Ж.О - Aлмaты, 2008
19. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы Әмірбекұлы.Е – Алматы,2009ж
20. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы Әбдікәрімова – Алматы,2008ж
21. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі: Оспанова, ҚазЭУ хабаршысы,2009ж
22. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру: оқу құралы Елшібаев – Алматы,2009ж
23. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы Ниязбекова, Рахметов – Алматы,2008ж
24. Кәсіпорын экномикасы және кәсіпкерлік: Үмбеталиев – Алматы,2009
25. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау:Дүйсенбаева, Төлегенова Алматы,2007
26. Бәсекелестік экономика: оқу құралы Оразалы Сәбден Алматы,2007ж
27. Кәсіпкерлік негіздері: Мамыров - Алматы,2003ж
28. Маркетинг негіздері: Алтынбаев, Исатаева – Алматы,2002ж
29. Маркетинг негіздері: Нысанбаев, Адыханова – Қазақ университеті,2002ж
30. Маркетинг: Есімжанова: Алматы – 2007ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Бөлім. Кәсіпкерліктегі бәсекелестік туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Бәсекелестік және оны талдау
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Бәсекелестіктің түрлері және
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Бәсекеге әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9
II Бөлім. Алматы нан АҚ әлеуетін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Алматы нан АҚ қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Алматы нан АҚ технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... .16
2.3 Алматы нан АҚ бәсеке қабілеттілігн
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...18
III Бөлім. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ...20
3.1 Алматы нан АҚ – ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру
жолдары ... ... ... .20

3.2 Алматы нан АҚ -ң маркетингтік жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында
көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз
орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір
бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының
негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін
қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының -өндірістік саясаты, осы
салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару
процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар
жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін
жоғарлату. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері
төмендегідей:

Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және
экспорттың өсуі
Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді
қолдану
Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
Халықты жұмыспен қамту
Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта
құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады.
Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:
• Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі
• Еркін бәсекенің қалыптасуы
• Баға қалыптасудың еркіндігі
• Тың қаржы – нарық жүйесі
• Нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.
Қаржылай көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі
абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде кәсіпорынның экономикалық
дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика жағдайындағы ең маңызды
корсеткіш табыс және бәсеке қабілеттілік. Табыстың өсуі өзін-өзі
қаржыландыру үшін қаржылық база құрады.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестіктің
рөлін айқындау, бәсекелестік формаларын және бәсекелестікті қамтамасыз
ететін әдістерді көрсету.

I Бөлім Бәсекелестік туралы түсінік

4 Бәсекелестік және оны талдау қажеттілігі

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге
жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы
жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-
бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен
оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма
жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және
жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Нарық механизмнің қалыпты әрекет етуі елдің қаржы, ақша және валюта
жүйелердің тұрақтылығы жағдайында ғана болуы мүмкін. Бұл жүйелердің
тұрақсыздығы нарықтық іс-әрекеттердің наразылығын тудырып, жағымсыз
жағдайларға алып келетін нарықтық үрдістерді, соның ішінде, ең бастысы,
бәсекелестікті бұрмалайды. Орталықтанған жоспарлы экономикалы елдер
нарықтық экономикаға өту барысында шешуге тура келетін басты мәселелер
болып, нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуына қажетті талаптарды құру
және бірінші кезекте, нарық монополизациясының дәрежесін біршама төмендету
табылады.
Өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасына әкімшіл-әміршіл жүйеден мұраға
қалған өте жоғары монополизация нарықтық бәсекелестікті әлсіздетеді. Бұл
мәселені шешудің басты құралы ретінде, демонополизацияның ізділікті,
экономикалық қамтылған саясатын жүргізу болып табылады. Соның ішінде,
біріншіден, жоғары монополизация мен бәсекелестіктің шектелуіне алып
келетін қосылу және өзге де шаруашылық аралық келісімдерге шектеулер
жүйесін әзірлеу; екіншіден, қалыптасқан кәсіпкерлік монополиялардың
шоғырланбауын ойластыру; үшіншіден, мемлекет тарапынан монополияланған
салаларда бәсекелестікке белсенді көмектесу.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы
бәсекелестіктің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына
байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы
күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-
әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекетінің
құрылымдық талдауын пайдалануға болады.
Бәсекелестіктің салалық деңгейіндегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық
экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: cалада потенциалды бәсекелестердің,
яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және
(немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі
мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.

Бәсекелестер мақсаттары мен
талаптарының диагностикасы

Бәсекелестердің нарықтық үлесін
Талдау және бағалау

Бәсекелестердің Бәсекелестер Бәсекелестер өткізу
тауарлық саясатының бағаларының торабының құралуын
формалары мен өзгерісін зертеу және олардың өтізуді
әдістерін ынталандыру
зерттеу құралдарын талдау

Бәсекелестердің
қаржылық қуаты
мен тұрақтылығын
бағалау

Нарықтың бәсекелестік картасын
құрастыру

1 –cурет. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы

Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы
мүмкін. Олардың негізгілері:
- өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
- өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың көп түрлілікке әдеттенуі;
- капитал қажеттілігі;
- жабдықтаушылардың алмасуына байланысты сатып алушылардың да сол
кезеңдегі шығындары;
- тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
- саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленген тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасындағы бәсекелестіктің
қарқындылығы мынадай факторлармен анықталады:
- бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің
теңдігі
- саланың салыстырмалы баяу өсуі;
- үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі
тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
- дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
- қуаттардың секірмелі өсімі;
- жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Өнімнің бағасы, дизайны және сапасы нарыққа шығарылған ұқсас өнімге
бергісіз болса ғана өнім бәсекеге қабілетті деп есептеледі.

1.2 Бәсекелестіктің түрлері және формалары

Нарықтық экономиканың ең басты принципі – тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе
жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді
тиімді өткізу үшін күрес.

Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы
өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандылығына
байланысты.
ІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды.
Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты
болды.
Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек
өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға
ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі екі түрі бар:
1) Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері
арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми - техниканы
қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың
табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2) Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары арасындағы
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қорытындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу,
өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі- жұмысшылар жалдайды, үшіншісі- акция,
облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу
өндірісті қаржыландырады (инвестициялайды) т.б. Әрбір кәсіпкер немесе
бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын
арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады.
Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді
көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір
фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал
шоғырланып орталықтанады ол монополия құрылуына әкеледі, яғни нарықты басып
алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно-жалғыз,
полия-сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық
бәсеке, олигополия.
1. Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт
ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма, 2) сатылатын тауардың орнын
басатын тауар жоқ, 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды, 4)
нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ
компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт кәсіпорындары,
метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде
болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
2. Монополиялық бәсеке – нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар
ұсынады. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен рөль атқарады, оған
қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
3. Олигополия – мұның ерекшелігі бәсекелестіктер көп болмайды. Олар өзара
баға жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген. Олигополия
сөзінің мәні: Олиго- көп емес, азғантай; полия- сату.
Бәсекелестік әдістері:
1. Баға бәсекесі – басқа бәсекелестіктерге қарағанда төмен бағамен тауар
сату, төмен тарифпен қызмет көрсету. Бұл жағдайда бағаның төмендеуі өнім
бірлігіне шығындарды азайтқаннан немесе пайда есебінен болады. Ірі
монополистер бағаны төменге түсіріп барлық бәсекелестіктерді жояды, сонан
кейін бағаны өсіріп жіберген зиянын немесе ала алмаған пайдасын қайтарады.
2. Баға емес бәсеке – нарыққа жоғары сапалы, артық сенімділігі бар,
пайдалану мерзімі ұзақ, жоғары өнімділікті, көп ассортиментті тауар
ұсынады. Өнімнің аса ерекше маңызды параметрі – экологиялық тазалығы, қуат
сыйымдылығы, эстетикалық көрсеткіші, қауіпсіздігі т.б.
3. Арсыз бәсекелестік – бұл әдіс бәсекелестіктің нормасын, ережесін бұзу,
демпинг (төмен бағамен сату), нарықта үстемдік ету, өтірік мәлімет т.б.
Бәсекелестер фирманың өзі қызмет істеуге тырысатын нарық түрлерін
таңдауына өте қатты әсер етуге алады. Бұл жерде бәсекенің 3 түрін көрсетуге
болады
1. Функционалды бәсеке – бұл әр түрлі қажеттіліктерді көптеген тәсілдермен
қанағаттандыруға болатындықтан туындайды. Осыған сәйкес қанағатты
қамтамасыз ететін барлық тауарлар функционалды бәсекеге жатады, оған спорт
дүкендеріндегі спорт құралдары мен жабдықтары жатады.
2. Көріністі бәсеке – бір ғана мақсатқа арналған маңызды өлшемдермен
ерекшеленетін тауарлардың түрі. Мысалы: бір класты 5 орынды жеңіл
автокөліктер, бірақ двигательдерінің мүмкіндіктері әр түрлі болады.
3. Затты (предметная) бәсеке – фирмалардың ұқсас тауарларды шығаруының
нәтижесі, олар дайындаудың сапасымен, кейбір жағдайда бірдей сапамен
ерекшеленеді.
Кәсіпорын өнімінің бәсеке қабілетілігін қалытастыру үшін басқару мен
өндірісті жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп,
қандай мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең
бастысы: бәсекелестік күресте өзіңнің салыстырмалы артықшылықтарыңды тез
және тиімді қолдана білу. Барлық күштер сені әлеуетті бәсекелестеріңнен
оңашалайтын салаларды дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы
фирмалар барлық жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы
артықшылықтарын ереже, лозунг түрінде қалыптастырды.
Кәсіпорын -ндірісінде әлемдік класты қалыптастыру үшін өзі жұмыс
істейтін әлемдегі ең таңдаулы салада немесе нарықта маңызды бір өндірістік
қызметтің аспектісін таңдауы қажет. Ол үшін бәсекелестік нарықтағы
кәсіпорын өнімінің салыстырмалы артықшылықтары қандай екенін айқындап,
өндірістің қандай аспектілеріне немесе шаруашылықтың қандай қызметіне ең
бірінші көңіл аудару керектігін анықтаған жөн (мысалы, өндіріс шығындары
және баға, сапа, техникалық деңгейі, қызмет көрсету деңгейі, өндіріс
икемділігі және т.б.).
Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе
дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгейлі кәсіпорынның басшылары
басқаруды ұйымдастыруды ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз
қызметін өнімді беруде деп қана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері
үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және
конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен
салыстырғанда артықшылықтары маркетингтік қызметте және тұрмыстық
бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны
қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірістегі немесе басқарудағы жоғарылау
ешбір мотивациясыз артық болып саналады.
Мұндай жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз болып көрінгенмен егер ол
жылдам бәсекеден сақтайnын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты
болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өсіп өндіріс көлемін ұлғайту
барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін: кәсіпорын алғашқы жұмыс
істеген нарық нишасынан келесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін
немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды
бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өқндіре білу аз, яғни
бәсекелестер ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызмет
көрсету деңгейі аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу
керек.
Сондықтан да бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар
өздерінің өндірістік жүйесін сыртқы нейтралды етіп жасауға тырысады. Бұл
дегеніміз кәсіпорынның негізгі бәсекелестері орнатқан стандартқа толық
сәйкес болу. Олар техникалық приемдарды, технологияларды, өндірісті
ұйымдастыру әдістерін алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан алып өзінде қолдануға
және шикізат материалдарын, полуфабрикаттарды және толықтырушы заттарды да
басты бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады. Өнімнің сапасын
басқарудағы принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістік бітеулері,
өзінің өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты
орнатады. Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары
квалификациялы, білікті инженер – техник мамандарын осы саладағы
компаниялардан шақыруға тырысады.
Осындай туындаған мәселелерді шеше алған кәсіпорындар ғана өз
бәсәкелестерін жеңіп бәсекеқабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді, басқару
өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге белсенді әсер ете
бастайды.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай
ерекшеліктердің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы
негізінде тауарлар мен тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық
жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсеке жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруға мүмкіндік
беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды.
Бәсекеге қабілетті өнім нарықта тез және жеңіл сатылады. Әрбір сатып алушы
өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы
алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық
сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды,
оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді. Тауарлы нарықтың зерттеулері
көрсеткендей сатып алу туралы тұтынушылардың үштен бірінің соңғы шешімі
тауардың сапа көрсеткіштерімен байланысты.
Мәселенің мәнін толық түсіну үшін негізгі салдарын ашып көрсетуге
болады:
Бәсеке қабілеттіліктің үш негізгі құрамдас болігі бар. Біріншісі
өнімнің сапасымен тікелей байланысты, екіншісі сатып алушының экономикалық
мүмкіндіктерімен, шектеулерімен және тауарды өткізу экономикасымен
байланысты. Үшіншісі тұтынушыға сатып алушы ретінде ұнамды немесе ұнамсыз
болып табылатын барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер және тағы басқалар.
Сатып алушы – ең басты тауарды бағалаушы. Бәсекеқабілетті тауарлардың
барлық элементтері әлеуетті сатып алушыға күмән тудырмайтындай айқын болуы
керек. Жарнамада бәсекеқабілеттілік кешенін қалыптастырарда сатып алушылар
мінез-құлқының жеке факторларын, интеллектуалдық деңгейін және
психологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Қызықты факт: шетелдік жарнама
беруші барлық құралдар жарнамамен байланысты материалдарда сауатты және
сауатсыз аудитория бөліп көрсетеді
Әр нарық өзінің сатып алушысымен сипаталады. Тәжірибеде
бәсекеқабілеттілікке жалпы анық көзқарас қалыптасқан. Ол біз талқыға салып
отырған ойды толықтырады.

1.3. Бәсекеге әсер ететін факторлар

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға
бөліп көрсетуге болады:
• Өнім және қызмет сапасы;
• Өнім және қызмет бағасы;
• Персоналдың квалификациялық деңгейі;
• Өндірістің технологиялық деңгейі;
• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.
Енді бұл факторларды ашып талдайық.
Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі
бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты орын
алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт бойы қолдану,
сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың
болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаны аталған қасиеттер сай келе бермеуі
мүмкін. Мысалы, бір рет қолданатын стаканнан ұзақ уақыт қолдануын талап ете
алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды
көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс:
• Физикалық;
• Техникалық;
• Сенімділік;
• Эксплуатациялық;
• Эстетикалық;
• Қауіпсіздік;
• Экологиялық;
• Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б.
Өнімнің бағасы. Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып
табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының
жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:
1. Өндіріс жалпы шығыны;
2. Қоғамдық еңбек шығыны;
3. Өнім саны;
4. Өнім қызметі мен қасиеті;
5. Персоналдың квалификациясы;
6. Өндірістің технологиялық деңгейі;
7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
8. Өнімді тасымалдау және сақтаумен байланысты шығындар;
9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
10. Өнімнің орамы;
11. Фирманың танымалдылығы;
12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
13. Фирманың маркетингтік қызметі;
14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
15. Фирманың садалық баға стратегиясы.
Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының
тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені
нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең
төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да
өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға
бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу
реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын сурет-2 көруге болады.

Нарықтағы жағдай

Тұтынушылар

Мемлекет

Бәсекелестердің
ықпалы

Шикізат
ресурс-тары,
шығындар

2 – сурет. Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін
қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар
қойылады:
• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік
кезінде;
• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
• Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір
өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.
Практикада қолданылатын баға стратегиялары:
1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады,
одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы
жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
2. Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл
сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни
кәсіпорынға деген ынтасын арттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген
бағамен сатылады.
4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың
мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын
99 теңгеге сатып алады.
7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.
Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:
1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да
тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен
өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған бәсеке.
2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау
салдарынан тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру
бәсекесі.
3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат
сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының
жеңіп шығатынына байланысты болады.
4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут –
тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын
салааралық бәсеке.
Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар
болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз
өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент
те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар
болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге
қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі
маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.
Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың
деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа
уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саланың қазіргі жағдайы
Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік
Кәсіпорынның потенциалын бағалау
Тұтыну тауарлар нарығының қызмет етуінің негізгі тенденциялары және тұтыну тауарлар маркетингін жалпылау арқылы оның тиімділігін жоғарылату бойынша кешенді шаралар
«Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалдану мен қалдықсыз технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігі»
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің мәселелері
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері
Кәсіпорынның экспорттық әлеуетін бағалау әдістемесі
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Пәндер