Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 - 8

І тарау. Жасөспірімдердік кезең - әртүрлі тұжырымдама тұрғысынан

1. 1. Жасөспірімдер дағдарысы және классикалық зерттеулер . . . 9 - 15

1. 2. Ересектіктікті зерттеудің жаңа тенденциялары . . . 16-22

1. 3. Жасөспірімдердің әлеуметтік ортамен қарым - қатынасының психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері . . . 23-37

ІІ тарау. Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының психологиялық - педагогикалық жұмыс бағыттары

2. 1. Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының психоло-гиялық, педагогикалық дамыту жұмыстарының әдіс- тәсілдері . . . 38-46

2. 2. Тәжірибелік зерттеу жұмысының қорытындысы . . . 47-54

III тарау.

Қорытынды . . . 55-56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57-58

Қосымша . . . 59-60

Кіріспе

Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 - жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңітігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын. Бүгінгі азаматтың білімділік шығармашылық ізденіске қабілеттілігі, кәсіпкерлігі сияқты жеке тұлғалық сапалары елдегі нарықтық экономиканың, саясаттың, мәдени дамудың түпкі негізіне айналып отырған кезде, барлық білім беру мекемелерінің басты назарында оқушының жеке тұлғасы тұрмақшы.

Әлеуметтену процесі арқылы ғана адам жеке тұлғаға айналады, рухани, әлеуметтік, психологиялық даму адам қоғамынан тыс болуы мүмкін емес. Адам дамуы жүзеге асатын нақты болмыс орта деп аталады. Жеке тұлғаның дамуына алуан түрлі сыртқы жағдайлар, оның ішінде географиялық орны, әлеуметтік ортасы, мектеп, отбасы әсер етеді. Қарым - қатынасты интенсивтілігіне орай алыс және жақын деп бөледі. Қоршаған ортаның әсері деген ұғымды қолдануда ғалымдар әлеуметтік және отбасылық ортаны меңзейді. «Әлеуметтік орта» түсінігіне жалпы қоғамдық құрылым, өндірістік қатынастар жүйесі, өмірдің материалдық жағдайы, өндірістік және әлеуметтік процестердің ағымының сипаттамалары да кіреді. Жақын ортаға отбасы, тума - туыс, достар жатады. Ең жоғары даму деңгейіне адам оның жақын және алыс ортасы оңтайлы жағдай жасағанда жететіні заңды құбылыс.

Адамның дамуына ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың қайсысы көбірек әсер етеді? Мамандар көзқарасы екіге бөлінеді: биогенді бағытты ұстанушылар тұқымқуалаушылық десе, социогенді бағытты ұстанушылар орта дейді.

Гуманистік психологияның неғұрлым айқын өкілдері Карл Роджерс, Абрахам Маслоу жеке тұлға мәселесін әр қырынан қарастырады. Жеке тұлға теориясының гуманистік бағытын негіздеуші А. Маслоу тезистерінің бірі бихевиористік теорияға қарама-қарсы тұлға тұтастығын ұсынады. Демек, тұлға жекелеген әрекеттердің жиынтығы ретінде емес, тұтас бір даралық ретінде қарастырылуы қажет.

Ғылымда тұлғаның дамуы физикалық, когнитивтік, психоәлеуметтік, кәсібилік сияқты 4 салада қарастырылады. Мұндағы:

1) физикалық сала - адамның дене бітімі мен бойының өсуі, сондай - ақ оның сүйектеріндегі, бұлшық еттері мен сезім органдарындағы болатын өзгерістер жатады;

2) Когнитивтік сала - мәселелерді шешуге әкелетін, ойлау әрекетіне жататын психикалық үрдістерден тұрады. Басқаша айтсақ психикалық үрдістердегі өзгерістер болып табылады;

3) Психоәлеуметтік салаға индивидтің дамуы мен тұлғааралық қарым - қатынастар кіреді. Дамудың бұл екі аясы өзара байланыса отырып, бір жағынан «Мен - тұжырымдамасының», эмоция мен сезімдердің, екінші жағынан мінез - құлықтың үлгілері мен әлеуметтік дағдылардың қалыптасуын қамтамасыз етеді;

4) Кәсіби сала. Тұлғаның маман иесі ретіндегі жетістіктерге жетістіктерге жеткізетін сапаларының дамуы.

Тұлғаның дамуы жалпы диалектикалық, табиғи, әлеуметтік - биологиялық, психологиялық - педагогикалық, акмеологиялық және әлеуметтік - экономикалық заңдарға сәйкес жүреді. Бұл үрдістің заңдылықтарына мыналар жатады:

  • имманенттілік: адамның дамуға деген қажеттілігінің оның табиғатында болуы. Ол - оның бөлінбейтін бөлшегі;
  • биогендік: адамның психикалық дамуы генетикалық тетіктермен анықталады;
  • биоэнергетикалық: адамның психикалық және физиологиялық жағдайы оның биологиялық энергиясының қызметінің қалыпты болуымен сипатталады;
  • психогендік: адамның - өзін - өзі басқара, өзгерте алатын жүйе, даму барысында ол өзгерістерге ұшырап отырады;
  • тұлғалық: жеке тұлға - өзіне тән сапалар жиынтығы, өзіндік даму варианты бар құбылыс;
  • стадиялық: жеке тұлғаның дамуы жалпы айналымдық заңға бағынады, демек пайда болуды, шырқау шегін, солуды, құлдырауды бастан кешеді;
  • әрқалыптылық: әр индивид қайталанбайтын жарық жұлдыз, олардың әрқайсысы өз темпінде, әр түрлі мерзімде дамиды. Өмірде болатын дағдарыстарды да олар өздерінше бастан өткізеді.

Жасөспірімдік шақ өзгеріс, өтпелі шақ, ауыр - қиын шақ, жыныстық жетілу шағы болып табылады. Орыс психологы Л. С. Выготский осы жетілу шағын үш түрге бөледі: органикалық, жыныстық, әлеуметтік пісіп - жетілу. Бүгінгі заман адамының дамуында бірінші жыныстық жетілуі мен органикалық дамуы байқалады, кейіннен әлеуметтік дамуы жетіледі, осы кезде жасөспірімдік кезең пайда болды.

Француз этнографы, тарихшысы Ф. Ариестің айтуынша жасөспірімдік жас XIX ғасырда пайда болды. Қазіргі уақытта әлемнің дамыған елдерінде өмірдің бұл кезеңі шекарасының үнемі кеңею тенденциясы бар. Осы күнгі мәліметтер бойынша, жасөспірімдік жас 10 жылды-11-ден 20-жасқа дейін кезеңді қамтиды.

ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Ресейде әртүрлі әлеуметтік бұқара мен топтардағы (жұмысшылар, шаруалар, интелегенциялар, қызметкерлер, қолөнешілер) ересектікке өту кезеңіне орай біршама қоңды материал (Н. А. Рыбникова, В. Е. Смирнова, И. А. Арямова және т. б. ) жинақталды. Соның негізінде Л. С. Выготский: «Қоршаған орта ешқашанда дәл жасөспірімдік кезеңдегідей тұлға ақыл - ойының дамуына әсер етпейді. Интелектуалдық даму деңгейіне қарай әртүрлі әлеуметтік және бұқаралық топтардың балалары, ұл мен қыз, қала мен ауыл балалары айқын ерекшеленеді», - деп жазды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында француз психологы Б. Заззо әртүрлі әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық топтардағы жасөспірімдік кезеңнің ұзақтығын зерттеді. Б. Заззоның айтуынша ересектікке өту кезі 14 жастың шамасы, яғни жыныстық жетілу кезіне сәйкес келеді. Бірақ оның аяқталуы әртүрлі болып келеді: жұмысшылар мен төмен біліктілікті мамандарда ол 19 жаста аяқталса, инженерлік - техникалық мамандарда 20 жасқа дейін, кәсіпкерлер мен еркін маман иелерінде 21- ге дейін созылады дейді. Тұтас алсақ жасөспірімдік кезең 4 - 7 жыл аралығына созылады.

80 - ші жылдардың басында Н. Н. Толстой жасөспірімдерде нағыз өтпелі кезең алтыншы және сезігінші сыныптарға сәйкес келіп, 13 жас дағдарысын бастарынан өткізеді деді.

Қазіргі кезде елімізде және әлемде болып жатырған көптеген өзгерістер, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін әлеуметтенген, қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білетін, өзін - өзі жүзеге асыра алатын, ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі - жеке тұлғаны тәрбиелейтініміз анық. Бұл мәселелер тақырыбымыздың көкейтестілігін анықтап, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты . Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының педагогикалық - психологиялық негізінде әлеуметтендірудің, өзін - өзі жүзеге асырудың, өмір құндылықтарын айқындай білуге, өскелең ұрпақты қалыптастыруға жағдай жасайтын жолдарды, әдіс-тәсілдерін іздестіру.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер жасөспірімнің қоршаған ортасы: мектеп, отбасы, қоршаған орта сауатты қолдау көрсетсе жасөспірімдік кезеңнен, 13 жас дағдарысынан жасөспірімдер сәтті өтіп, әлеуметтенген тұлға қалыптасар еді.

Зерттеу нысанасы - жасөспірімдік кезеңдегі оқушылар.

Зерттеу пәні - жасөспірімдер психологиясы, әлеуметтік орта және қарым - қатынас психологиясы.

Зерттеудің мақсаты, болжамы және пәніне сәйкес зерттеуге төмендегідей міндеттер қойылды :

  • жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін саралау;
  • жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасынының педагогикалық - психологиялық негіздерін зерттеу;
  • жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым - қатынасын арттыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей зерттеу әдістері жүргізілуі тиіс:

  • Философиялық, педагогикалық және психологиялық, т. б. әдебиеттерге теориялық талдау, нормативтік құжаттарды талдау;
  • Теориялық зерттеу нәтижелерін бағалауға жүйелі тұрғы, теориялық және эмпирикалық материалды талдау, мазмұндық жалпылау әдісі, прогностикалық модельдеу;
  • Психодиагностикалық әдістер (әңгімелесу, тест, анкета) арқылы зерттеу жүргізілген жалпы орта мектептің жасөспірімдерінің (7 - 9 сыныбындағы оқушылардың) қоршаған ортамен қарым - қатынасын зерттеу, эксперттік бағалау, құжаттарды зерттеу, оқушылардың іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, констатациялау және қалыптастырушы эксперимент элементтерімен жұмыс, нәтижелерді өңдеу әдісі (статистикалық, нәтижелерді бейнелеудің графикалық әдісі) .

Зерттеудің теориялық негіздері ғылымда талқыланған зерттеулер жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі теориясы (Л. И. Божович, Б. Т. Лихачев, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б. ), әлеуметтену тұжырымдамасы (Б. Г. Ананьев, Г. М. Андреева, Л. С. Выготский, И. С. Кон, В. С. Мухина, А. В. Петровский), оқу іс-әрекеті мотивациясы және мотивтерін қалыптастыру тұжырымдамалары (В. Г. Асеев, В. К. Вилюнас, В. И. Ковалев, А. Н. Леонтьев, М. Ш. Магомед-Эминов, Д. Н. Узнадзе, П. М. Якобсон, Дж. Аткинсон, Г. Холл, А. Маслоу, Х. Хекхаузен, А. К. Маркова, Т. А. Матис, және т. б), оқу-тәрбие мекемелерінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі педагогикалық астарларын жан-жақты қарастырған Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, К. Б. Жарықбаев, К. Ж. Қожахметова, Л. И. Керимов, А. А. Бейсенбаева, Т. С. Сабыров, Г. А. Уманов, Р. М. Қоянбаев сияқты белгілі қазақстандық ағартушылардың тұжырымдамалары.

Зерттеу базасы: Қаратөбе ауданы, Мұхит ат. жалпы орта білім беретін мектептің 7 - 9 сынып оқушылары.

І тарау. Жасөспірімдердік кезең - әртүрлі тұжырымдама тұрғысынан

1. 1. Жасөспірімдер дағдарысы және классикалық зерттеулер

Жасөспірімдік кезеңді әдетте шұғыл өзгеріс, өтпелі, сынақ кезеңі, бірақ көпшілігіне жыныстық жетілу кезеңі деп сипатталады. Ата-ананың бала дамуын отбасын құрғанға дейін бақылау кезеңінде XIX ғасырда жасөспірімдік жас пайда болады.

Жұмысшы ортадан шыққан баланың бозбала және балаң жігіттік шақтағы сапалары анық емес, жұмырланған, жұтаң, ал таза, толық, кең дамуды қоғамның оқыған қауымының балаларынан көруге болатынын зерттеушілердің өзі мойындайды, жасөспірімдік кезеңнің көрнекті психологиялық тұжырымдамалары буржуазиялық «армандағы жасөспірімді» зерттеу негізінде ғасырдың басында дүниеге келді.

Ст. Холл адамзат тарихында жасөспірімдік кезеңнің жеке тұлғада дамуы романтизм дәуіріне тұспа-тұс келеді деп санады. Жануарлар, алғашқы адамдар, жабайылар тенденциясы әлеуметтік өмір талаптарымен тоғысқан кезде, жасөспірімдік кезең хаос дәуірін тудырады. Оның «бүліктік» балаң жігіт кезеңі, стреске және дау-дамайға толы, онда тұрақсыздық, ынта, абыржу басым, қарсылық заңы билеген кезең туралы түсінігі психологияға терең енді.

Ст. Холл ең алғаш жасөспірім мінезінің амбиваленттілігі (әсері тепе-тең) және парадокстылығын сипаттады, ол осы жасқа тән негізгі бірнеше қайшылықтарды анықтады. Жасөспірімдердегі шамадан тыс белсенділік қажуға, аса көңілділік мұңға ауысады, өзіне сенімділік ұялшақтық пен қорқақтыққа айналады, өзімшілдік альтруистікке, жоғары адамгершілік тілектер төменгі түрткілерге, қарыс-қатынасқа талпыныс апатияға, білімге құштарлық ақыл-ой селсоқтығына, оқуға құмарлық-оны жек көруге, жаңашылдыққа талпыныс ескішілдікке, байқампаздық шексіз талқылауға ауысатынын атап айтты. Ст. Холл бұл кезеңді «Дауыл мен тегеурін» кезеңі деп орынды атады.

Ст. Холл жасөспірімдік кезеңнің мазмұнын өзіндік сананың тоқырауы деп сипаттады, егер адам бұл кезеңді жеңсе, онда «жекелік сезімі» оянады деді.

Ст. Холлды өтпелі кезең психологиясының атасы деп атайды, себебі ол ең бірінші бұл құбылысты түсіндірді, қиыншылықтарды ашып, тұжырымдама ұсынды. [ 29, 146-152б]

Немістің философы және психологы, жасөсіпірдік шақты зеттеуші Э. Шпрангер жасөспірімдік кезеңнің мәдени-психологиялық тұжырымдамасын жасақтады. Э. Шпрангердің айтуынша жасөспірімдік кезең мәдениеттік өсу кезеңі. Сананың дамуы сол дәуірдегі жеке сананың объективтік және нормативтік рухы деп жазды ол.

Жасөспірімдік кезең үнемі «Дауыл мен тегеурін» кезеңі бола ма деген сұрақты талқылай отырып, Э. Шпрангер балаң жігіттік кезең дамуының үш түрін сипаттайды.

Бірінші түрінде жасөспірімдік кезең аяқ астынан құйындататын тоқырау кезеңі және балаң жігіттік жас екінші дүниеге келгендей күй кешіріп, нәтижесінде жаңа «мен» пайда болады. Екінші түрінде даму бірқалыпты, жәй біртіндеп жүреді, жасөспірім ересектікке жеке тұлғалық терең және маңызды өзгерістерсіз өтеді. Үшінші түрінде жасөспірім даму процесінде өзі белсенді және саналы түрде өзін тәрбиелейді, қалыптастырады, ішкі мазасыздану мен тоқырауды өз ерік күшімен жояды. Бұл өзін-өзі бақылау және өзіндік тәртіп жоғары деңгейде дамыған адамдарға тән.

Э. Шпрангердің айтуынша, бұл жастың маңызды өзгерісі «меннің» ашылуы, рефлексияның пайда болуы, әр жасөспірім өзінің жекелігін, даралығын ұғынуы.

Психологияның басты міндеті тұлғаның ішкі әлемін ұғынуы тарих пен мәдениетке тығыз байланысы тұрғысынан келсек, Э. Шпрангер жасөспірімнің өзіндік санасын, құнды бағытын, әлемді тануын жүйелі зерттеудің бастамасын қалады.

Э. Шпрангер адам өмірінде ең терең әсерлену-махаббат туралы және оның жасөспірім мен бозбалалық жаста көрінуін түсінуге тырысты. Ол махаббаттың екі жағын психологиялық тұрғыдан сипаттады, олар эротикалық және сексуалдық болып екіге бөлінеді және бір-бірінен әсерлену сапасы өзгеше және сананың әртүрлі алаңына жатады.

Бастапқыда эстетикалық махаббат немесе эротикалық басқа санамен бірігу, оны сезіну, сыртқы тұлғасын көру арқылы оны сезіну. Э. Шпрангер эротикалық сезімнің үш деңгейін анықтайды:

Бірінші өзінің жетілуіне қарай жас адам ішкі, рухани әдемілікті сезінуді үйренеді.

Екінші басқа адамды белгілі бір мағыналы пішінде рухани білім ретінде қабылдауын саналы түсінуі.

Үшінші саналы ұнату эстетикалық қатынастағы жандар үндестігі және терең құндылықтарға бірге әсерлену негізінде пайда болады.

Жасөспірім үшін мұратқа сенімділік сүйікті адамға сеніммен тең. «Балаң жігіттің эростық күшінің көзі-деп жазады Э. Шпрангер, -оның бағытталған нақты сыртқы көрінісінен гөрі, өзіндік ішкі өмірінің барлық түрлері болып табылады».

Сексуалдылықты Э. Шпрангер саналы және тұлғаның әсерлену кешені және арнайы рахаттану сезімдеріне құмарлығы деп сипаттайды. Алғашқы әрленген сексуалдылық сезім құпия, бейтаныс заттардың алдында үрей, қорқу сезімдерімен байланысты. Сонымен бірге бұлыңғыр, тыйым салынған нәрселермен байланысқан ұялу сезімі араласады. Жасөспірімнің өзін кем санау және ыңғайсыздық сезімінен туындаған әсерлер тек әлем алдындағы қорқыныштан емес, сонымен бірге адамдардан, тіпті адамдарға жабығудың пайда болуына септігін тигізуі әбден мүмкін (ұялшақтық пен жүрексіздік оның қарапайым түрі) . Қорқудың себебін сексуалды әрленген әсерлердің рухани ортаға әсерінен іздеу керек. Жасөспірімге қорқақтық пен тоқырау жағдайларымен күресуге, үлкен, таза махаббат пен мұратқа талпыныс күші көмектеседі. Жасөспірім санасында эротикалық және сексуалдылықтың әсері бір-бірінен өзгеше. Өтпелі кезеңде эротикалық, не эстетикалық махаббаттың тән құмарлыққа ауысуы таза махаббатты бұзуы мүмкін. Бұл екі жақтың (эротикалық және сексуалдылық) келісуін Э. Шпрангер «есею белгісі» деп санады. [ 21, 112-115б]

Ш. Бюлердің еңбектерінде жасөспірімдік кезең пубертат ұғымы негізінде түсіндіріледі. Пубертаттық кезең - жетілу кезеңі, жыныстық жетілу стадиясы, одан кейінде адамда бірталай уақыт дене өсімі жалғаса береді. Ш. Бюлер пубертаттық мерзімге дейінгі уақытты балалық шақ, ал соңғы кезеңін жастық жас деп атады.

Психологиялық пубертеттық адамның биологиялық қажеттілігінің жетілуі, яғни қосымша қажеттіліктің пайда болуы. Оның ойынша жасөспірімдік кезеңдегі әсерленулердің тамыры дәл осы өмірлік құбылыстың салдарында дейді. Жетілумен қатар жүретін сыртқы және ішкі қозулар жасөспірімді өзіндік қанағаттану мен жайбарақаттық күйінен шығарып, қарсы жыныс өкілін іздеуге және қарым - қатынас жасауға түрткі болу қажет. Ш. Бюлер психикалық физиологиялық пубертаттықтан ажыратады. Оның пікірінше мәдениеттің өсуіне байланысты психикалық пубертаттық кезең ұлғаюда, ал бұл осы кезең көптеген қиыншылықтардың себепшісіне айналуда.

Ұлдарда физиологиялық пубертаттық 14 - 16 жас аралығында, ал қыздарда 13 - 15 жас аралығында өтеді. Әрине қала мен ауылдың, әртүрлі елдердің айырмашылығы болады және климатта бірталай әсер етеді. Пубертаттықтың ең төменгі қалыпты бастауы 10 - 11 жас, ал жоғарғы шегі -18 жас.

Ал өтпелі кезеңнің психологиялық симптомдары ерте басталады, тіпті кей жағдайда 11-12 жаста көріне бастайды. Олар төбелескіш, жүгенсіз, үлкен жасөспірімдердің ойындары әлі түсініксіз, ал балалар ойынынына өздерін ересек көреді. Бұл фазаны Ш. Бюлер психикалық пубертаттықтың бастауы дейді.

Осы фазадан кейін екі маңызды фаза жалғасын табады, оны Ш. Бюлер пубертаттық және жастық деп атайды. Олардың арасында шекара 17 жаста болады.

«Жоғары сезімталдылық пен абыржу, мазасыздық және тез қозғыштық күй», сонымен қатар «дене және рухани сырқат» күйлері жасөспірімдердің дөрекіліктерінде пен қылықтарында көрініс табуын Ш. Бюлер негативті фазаның негізгі ерекшеліктері екенін айтты. Жасөспірімдер өз - өздеріне разы болмауы сыртқы ортаға шығады. «Олар өз жағдайларының жақсы еместігін, мінез - құлықтарының нашарлығын, олардың талаптары мен жағымсыз қылықтары ешқандай себептермен ақталмайтынын біледі, олар басқа адам болғысы келеді, бірақ олардың денесі, болмысы оларға бағынбайды», - деп жазды Ш. Бюлер.

Ш. Бюлер жасөспірімдердің өзін жек көруі мен қоршаған ортаға жауласуы бір мезгілде де болуы мүмкін, не кезектесуі мүмкін, бұл оны өзін - өзі өлтіру ойына жетелеуі мүмкін дейді. «Күнделікті, бір сарынды өмірден тыс құпия, тыйым салынған, ерекше нәрселерге» олардың ішкі талпыныстары қосылады. Осы кезеңде тыңдамау, тыйым салынған әрекеттермен айналысудың тартылыс күші басым болады. Жасөспірім өзін қоршаған ересектер мен құрдастары әлемінде бөтен сезінеді. Бұл құбылыстардың салдарынан жасөспірімдердің жұмысқа қабілеті төмендейді қоршаған ортадан оқуланады немесе оларға белсенді қарсылық көрсетеді және асоциалды әрекеттер жасайды. Негативті фаза ұлдарда 14 пен 16 жас аралығы, қыздарда 11 мен 13 жас аралығында өтеді. Негативті кезеңнің аяқталуы дененің жетілуімен сипатталады. Содан кейін екінші фаза - позитивті фаза басталады.

Позитивті кезең біртіндеп басталады, жасөспірім алдында оған дейін көңіл аудармаған қуаныштардың жаңа көзі пайда болады. Ең бірінші «табиғатты сезіну» - саналы түрде әдемілікті сезінуді бастарынан өткізеді. Оңтайлы жағдайда өнер мен ғылым қуаныш көзіне айналады. «Ересектер адам үшін нағыз бақыт көзі болып табылатын құндылықтар әлемінің есігі жастық шақта алғашқы рет ашылады», - деп атап өтті Ш. Бюлер. [ 21, 341-342]

Г. Герцер зертттеулері мазмұнының маңыздылығы жыныстық жетілу кезеңінің негативтіктен позитивтік кезеңге ауысуын көрсетуі. Г. Герцер негативті кезеңге өтуді алғашқы белгісі 70% қыздарда «бірінші шығармашылық жұмыс әдеби шығармалар болады, дегенмен олардың оқу үлгерімінің төмендігіне қарай оларды жазуға қабілетсіздер деп сипаттауға болады». Негативтік кезең соңына қарай көптеген қыздарда әдеби шығармаларда жазуға талпыныс пайда болады: хат жазу, күнделік жүргізу, өлең шығару. Қыздардың бұл жағымсыз кезеңге дейін шығармашылықпен шұғылданғандары, осы кезеңге түскенде шығармашылықтың үзілетінін айтқан жөн. Негативтік кезең аяғында армандау кезеңі басталады, ол 13-тен 16-ға дейін созылады.

Ұлдар негативтік кезеңге түскенде, оларда «досты сағыну» пайда болады, бірақ ол енжар көрінеді. Негативтік кезеңнің аяғына қарай жасөспірім досты қарқынды іздеп және оны табады, соңынан олардың достық қатынастары сақталмауы мүмкін. Сонымен досқа қажеттілік және оны табу негативтік кезеңнің позитивтік кезеңге ауысуының ерекшеліктерінің бірі болып саналады.

Л. С. Выготский жасөспірімдік кезеңде ойлаудың дамуына баса назар аударды. Ойлау дамуындағы маңыздылық- түсінік білімін жасөспірімнің меңгеруі, ал ол жоғары ақыл іс-әрекет түрлеріне, әрекеттің жаңа тәсілдерін қолдануға апарады.

Бұл кезеңде қиялдың дамуында үлкен өзгерістер болады. Абстракциялық ойдың әсерінен қиял «фантазияға айналады». Жасөспірім «өзінің іс-әрекеттерін мойындауға әзір, ал қиялын асыл құпиядай жасырады».

Л. Выготский сонымен қатар бұл жаста пайда болатын екі жаңа құрылым, рефлексияның дамуы және оның негізінде өзіндік сананың жетілуін атап өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірімдік шақтағы даужанжалдың теориялық негіздері
«Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары»
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Көру қабілеті бұзылған мүгедек балалардың тұлғалық дамуының теориясы
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие процесінде ескерілуі
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz