Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі


«Есеп және аудит » мамандығы

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
7: 7
: 1
Кіріспе: Кәсіпорын қызметінің шаруашылық-қаржылық қызметімен танысу.
7: 9
: 2
Кіріспе: Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі, аудиті, талдауының құрылу негізі
7: 14
: 3
Кіріспе: Шаруашылық субъектінің меншік капиталының есебі, аудиті, талдауы
7: 20
: 4
Кіріспе:

Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің

есебі, аудиті және талдауы

7: 25
: 5
Кіріспе: Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі, аудиті, талдауы
7: 31
: 6
Кіріспе: Ақша қаражаттарының есебі, аудиті және талдауы.
7: 36
: 7
Кіріспе: Дебиторлық қарыздардың есебі, аудиті және талдауы.
7: 40
: 8
Кіріспе: Міндеттемелердің есебі, аудиті және талдауы.
7: 43
: 9
Кіріспе: Еңбек пен еңбек ақының есебі, аудиті және талдауы.
7: 47
: 10
Кіріспе: Кіріс пен шығындардың есебі, аудиті және талдауы.
7: 53
: 11
Кіріспе: Қаржылық есеп: толтыру әдістемесі және практикасы, оның аудитінің жүйесі.
7: 56
: 12
Кіріспе: Өндіріс шығындардың есебі, аудиті және талдауы.
7: 59
: 13
Кіріспе: Өнімді шығару мен сатудың есебі, аудиті және талдауы.
7: 63
:
Кіріспе: Қорытынды
7: 67
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
7: 70
:
Кіріспе:
7:

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорыннан өндіоріс тиімділін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді

Қ. Р. Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экномикасының негізгі принциптері -ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесіне өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін әрде қайда пайдалану нұсқаны таңдау.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдық азайтуға, шыѓындарды жоюға, бәсекеге жағымды өнімдерін өндіруге оның сапасыл көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынсыз материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстварын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және талауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімдерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтер қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Нарықтық экономика және бәсеке жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін толық әрі нақты ақпаратсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Және осындай жағдайларда кәсіпорын қызметі көптеген факторларға тәуелді, яғни оның ішіндегі ең бастысы өзінің бәсекелік күресіндегі стратегиясы мен ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.

Бухгалтерлік есепті жүргізуде ең алдымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп субьектінің тиімді қызметінің негізін қалайды. Сондықтан бұл есепте қазыналық мекеме ішінен қалыптастырылған білімнің қызметіне тоқталып есепке алудағы жүйесіне тоқталып, қызметіне талдау жасалған.

Кәсіби тәжірибені өту барысында алынған теориялық білімдер тәжірибемен бектіледі. Менің кәсіби тәжірибені өту орным - «Ай-Ер-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Тәжірибені өту барысында коммерциялық құпия болып табылмайтын барлық құжаттар қолданылды. Кәсіби тәжірибе жөніндегі есеп кіріспеден, есептен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімен тұрады. Бұл есепте осы кәсіпорындағы бухгалтерлік есебі, аудиті және талдауы қарастырылған, қажетті есептеулер шығарылған, құжаттар тіркелеген.

1. Кәсіпорын қызметінің шаруашылық-қаржылық қызметімен танысу.

«Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша шауапкершілікті серіктестіктер жөніндегі» Заңға сәйкес құрылған. Серіктестік таза табыс алу мақсатында ерікті салым жолымен құрылады.

Серіктестік қатысушыларының өзара қарым-қатынастары Құрылтайшылық келсімшарт және Жарғымен анықталады. Серіктестің қызмет ету мерзімі шексіз. мемлекеттік тіркеуден кейін серіктестік заңды тұлға болып табылады, меншік құқығында оқшауланған мүлігі бар және осы мүлігі бойынша өзінің міндеттемелеріне жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерін жүзеге асырады, сотта шағым беруші және жауакершілікке тартылушы бола алады. Серіктестіктің мүлігі оның қатысушыларының Жарғылық капиталға үлестік салымдарынан, оның қызметінен алынған табыстар және Қазақстан Республикасының заңды актілерімен рұқсат етілген қайнар көздерден құрылады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы шаруашылық-коммерциялық қызметінен табыс есебінен толықтырылады. Серіктестік мүлігінде барлық қатысушылардың үлестері жарғылық капиталға салымдарға пропорционалды және пайыздық мөлшерде есептеледі. Жарғылық капиталға кез келген салымның бір қатысуышысының болсын кез келген өзгеруі барлық қатысушылардың үлесінің өлшемі тиісінше қайта есептеледі.

Серіктестіктің жылдық және қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын тексеру және дәлелдеу, сонымен қатар ағымдағы қызметін тексеру үшін серктестік оның мүліктік мүдделерімен байланысты емес кәсіби аудиторды тартуңа құқылы. Серіктестіктің кез келген қатысушысы өз себінен серіктестіктің қаржылық есеп берушілігін аудиторлық тексеруін жүргізуге талап етуге құқылы.

Серіктестік қатысушылары арасында жыл ағымындағы қызмет нәтижелері бойынша алынған тадза табысты бөлу серіктестің қатысушыларының кзекті жалпы жиналысының шешіміне сай жүргізіледі. Жалпы жиналыс серіктестік қатысушылары арасында бөлуден табысты немесе оның бір бөлігін алу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

Серіктестіктің мүмкін шығыдары резервтік қор есебінен өтеледі. Резервтік қор қаражаттарының жетіспеушілігі кезінде шығындарды өтеу үшін оларды өтеу жөніндегі қайнар көздер туралы жалпы жиналыста шешім қабылданады.

«Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің басты мақсаты әрекет етуші заңдылқтарға қайшы келемейтін қызметті жүзеге асыру арқылы пайда алу болып табылады. Басты мақсатына жету үшін серіктестік қызметттің келесі түрлерін жүзеге асырады.

  • халықты және жақын орналасқан ұйымдарды жылумен қамтамасыз ету;
  • сұйық және қатты қалдықтарды тасымалдау;
  • ЖҚС ашу және жанар-жағар май сату
  • Құрылыс материалдарын шығару
  • Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын атқару
  • Көліктік қызмет көрсету
  • Жүк және жолаушылар тасымалдау
  • Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Қазақстан Республикасының заңдылығна қайшы келмейтін қызметтің басқа да түрлері.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін «Ай-Ер-Нур» ЖШС-де күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің негізгі қызметі болып табылады. Бухгалтерлік құжат орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстармен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Есептік саясатты құрудың негізгі талабы:

--бухгалтерлік есептеу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепте есептеу әдісі қолданылады. - Бюджетпен есептесу келесі салық түрлері арқылы жүзеге асады:

  • заңды тұлғалардың табыс салығы;
  • жеке тұлғалардың табыс салығы;
  • қосымша құнға салық;
  • және міндетті зейнетақықорға төлемдер.

- Шаруашылық салық заңдарына сәйкес салық органына ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын қаржылық ақпараттарды және керекті есептері, декларацияларды тапсырып отырады. Сондықтан бухгалтерлік есеппен қатар салықтық есеп жүргізіледі.

-Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты ақпарат беру мен мүделі жақтарға сыртқы мәліметтер беруде талаптар өзгерді. Сондықтан әр түрлі жағдайларда шұғыл және дәл қимылдау үшін ақпаратты компьютерлік өңдеуге аса көп мән беріледі. Шаруашылықта «1С. бухгалтерия» мамандандырылған жиынтығы «Бухгалтерлік есеп» компонентімен қолданылады.

2004-2006 жылдарға «Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдайық.

1-кесте

«Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің

негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Жылдар

Ауытқу

2005 жылдан 2004 жылға

Ауытқу

2006 жылдан 2005 жылға

2004
2005
2006

Абс

+, -

Сал

%

Абс

+, -

Сал

%

Көрсеткіштер:

1. Қызмет

көрсетуден түскен табыс, мың теңге

Жылдар: 8025
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 8415
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 8952
390
4, 8
537
6, 4
Көрсеткіштер: 2. Өнімнің өзіндік құны, мың теңге
Жылдар: 8315
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 7505
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 7613
-810
-10
108
1, 4
Көрсеткіштер: 3. Жалпы табыс, мың теңге
Жылдар: -290
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 910
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 1339
1200
3 есе
429
47, 2
Көрсеткіштер: 4. Кезең шығындары, мың теңге
Жылдар: 996
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 937
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 1170
-59
-5, 9
233
24, 8
Көрсеткіштер: 5 Корпоративті табыс салығы, мың теңге
Жылдар: -
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: -
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 142
-
-
+142
100
Көрсеткіштер: 6 Таза табыс (пайда), мың теңге
Жылдар: -1286
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: -27
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 27
-1313
- 4 мың есе
54
-100
Көрсеткіштер: 7. НӨҚ орта жылдық құны, мың теңге
Жылдар: 1483, 5
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 1284
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 1133, 5
-199, 5
-13, 4
-150, 5
-11, 7
Көрсеткіштер: 8. Жұмысшылар санының орта тізімі, адам
Жылдар: 11
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 11
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 15
-
-
+4
36, 4
Көрсеткіштер: 8. Қор қайтарымы
Жылдар: 5, 4
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 6, 5
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 7, 9
1, 1
20, 4
1, 4
21, 5
Көрсеткіштер: 9. Қор сыйымдылығы, теңге
Жылдар: 0, 2
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 0, 15
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 0, 12
-0, 05
-25
-0, 03
-20
Көрсеткіштер: 10 Еңбек ақы қорының орта жылдық құны, мың теңге
Жылдар: 2376, 0
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 2376, 0
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 4860
-
-
2484
104, 5
Көрсеткіштер: 11. Орта айлық еңбек ақы, теңге
Жылдар: 18000
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 18000
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 27000
-
-
9000
50
Көрсеткіштер: 12. Еңбек өнімділігі, мың тг
Жылдар: 1518
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: 1634
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 2046
116
7, 6
412
25, 2
Көрсеткіштер: 13Дебиторлық қарыз, мың тг
Жылдар: 1, 5
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: -
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: -
Көрсеткіштер: 14. Кредиторлық қарыз, мың тг
Жылдар:
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға:
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға:
Көрсеткіштер: 15. Рентабельділік, %
Жылдар: -
Ауытқу2005 жылдан 2004 жылға: -
Ауытқу2006 жылдан 2005 жылға: 0, 4
-
-
0, 4
100

Енді «Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінің көрсеткіштеріне тадау жасайық:

1-кестеде көрініп тұрғандай қызмет көрсетуден түскен табыс 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғада 537 мың теңгеге, немесе 6, 4 % -ға жоғарлады, бұл теплоқуатты пайдаланатын тұтынушылардың көбеюімен байланысты.

Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда108 мың теңгеге немесе 1, 4%-ға көбейгенін көреміз. Бұл көмір құнының кенеттен жоғарылауына байланысты.

Кезең шығындарының және өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы таза табыстың төмендеуіне әкелді, яғни 2004 және 2005 жылғы болған шығындарды айтуға болады. Бірақ 2006 жылы ҚР ШҚО бойынша монополияға қарсы комитеттің жаңа тарифінің енгізуіне байланысты табысты шығындарға қарағанда 27 мың теңге сомасына көбеюіне жол ашылды.

«Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысшылардың орта тізімдік саны 2006 жылы 2004 және 2005 жылмен салыстырғанда 4 адамға, яғни 36, 4%-ға көбейді. Бұл өндірістік персоналдың көбеюімен байланысты.

Кәсіпорынның еңбек ақы қоры 2006жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2484 мың теңгеге немесе 104, 5%-ға жоғарылады. Бұл көрсеткіштің жоғарылауының негізгі себебі еңгізілген жаңа тарифте жұмысшылардың еңбек ақысы да қарастырылған, өйткені өткен жылдары олардың деңгейі өте төмен болған.

«Ай-Ер-Нур» Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі өндірістік қорларының орта жылдық құны 2006 жылы 2005 және 2004 жылдармен салыстырғанда төмендегенін көреміз. Оның негізгі себептері: біріншіден-нқж-ның қалдық құнының төмендеуі, екіншіден-нқж жаңартылмаған. Бірақ нқж-дың тиімді пайдалану көрсеткіштері жоғарылады, яғни қор қайтарым көрсеткіші 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда1, 4 теңгеге немесе 24, 1%-ға көбейген. Қор сыйымдылық көрсеткіші 14, 6 %-ға төмендеген. Бұл жақсы нәтижені береді. Бірақ бұл нәтиже нқж тиімді пайдалануымен байланысты емес, бұл оның деңгейінің ұлғаюымен, яғни сапалық емес сандық өсуі.

Кәсіпорын 2006 жылы ғана рентабельді болды, бұл жаңа тарифтің енгізуімен байланысты.

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп, аудит және талдауының

құрылу негізі.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін «Ай-Ер-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің негізгі қызметі болып табылады. Бухгалтерлік құжат орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің міндетті деректемелеріне жататындар келесілер:

  • құжаттың аты, нысанының коды;
  • құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы, жылы) ;
  • Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
  • шаруашылық операциясының мазмұны;
  • шаруашылық операцияның өлшемі;
  • шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні, қолдарының үлгілері;

«Ай-Ер-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т. с. с.

Жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «Ай-Ер-Нур» жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит - бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдауға көмектеседі.

«Ай-Ер-Нур» жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметін талдау келесідей бірқатар шешімдер қабылдауға үлкен үлесін қосады:

  • тауарды шығарудағы түпкі мақсатпен маркетинг стратегиясының шаруашылық мақсатына сай келетінін анықтау үшін сатудың, шығындардың және пайданың межелеген бақылау көрсеткіштерін талдау.
  • өндіру мен өткізімге жұмсалған қаражатты үнемдеу мүмкіндігін анықтап талдайды
  • кәсіпорынды салуға немесе белгілі бір тауарды өндіру немесе қызметті көрсету жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға ресурстар жұмсау керек пе және қанша мөлшерде жұмсау керек деген мәселені шешу кезінде шығын мен пайданы салыстырудағы қызметі
  • қандай шығындардың неғұрлым тиімді екенін, қандай өзгерістер еңгізу керек екенін анықтауға мүмкіндік береді
  • қажетті факторларды анықтауға, құндық пайдалылығын талдау үшін
  • жалпы табыс жинақтық шығынға тең болатын істің жай-күйін анықтау үшін
  • жалпы экономикалық факторларды анықтау үшін және күтіліп отырған көрсеткіштермен салыстырмалы талдау жасауға және т. с. с.

Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептеу мүмкіндігі немесе сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей түрлерге жіктейді:

  1. Пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
  2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
  3. Құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
  4. Әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.

Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды фактроларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай - ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтердің басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорын өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табысының көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылыды.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкідіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпоырын өз кредиторларымен уақытында есептесе алады және де кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
  • Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым - қатынас үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорынға салады.

Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы эканомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау. Ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:

  • Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгірісі;
  • Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • Қаржы - есептік және несие еражесін сақтау;
  • Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қотындылаушы кезеңі болып табылады және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

Қаржылық тұрақтылығын талдауға жататындар:

  1. кәсіпорынның активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  2. кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  3. баланс өтімділігін талдау;
  4. кәсіпорынынң төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау;
  5. кәсіпорын активтерінің қалыптасыу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау

«Ай-Ер-Нур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты келесідей нышанда жүргізіледі:

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді:

мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері,

мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері,

табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты. Кәсіпорынның есеп саясатына еңгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Агросервис Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есептіліктері мен алғашқы құжаттары
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Корпоративтiк табыс салығын алу
Шаруашылық серіктестік түсінігі
Шаруашылық серіктестік түрлері
Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Өндірістік іс-тәжірибе
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz