Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар



Жұмыс мазмұны:

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.Негізгі бөлім
1.Фонетика жөніндегі жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Фонетика сөзінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.
1.2.Фонетиканың зерттеу тәсілдері
2.Тіл дыбыстарының түрлері.Дауысты,дауыссыз дыбыстар ... ... ... ... ... .6.23
2.1.Буын, тасымал, екпін ... ... ... ... ...
2.2.Үндестік заңы. Орфография, орфоэпия
ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша
Кіріспе
Фонетика (грек. phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын)қарастырады.6Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
Фонетика – тіл білімінің саласы, дыбыстарды, дыбыстар туралы заңдылықтарды қарастырады. Дыбыс деген мағына бірнеше атауға жатады. Сонын ішінде фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Сонымен қатар, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың үндесуін және буын, екпін мәселелері деген салаларды да зерттейді.Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Зтатпен заттың қақтығысуынан да дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстары да өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысуынан пайда болады.
Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos — естілу).Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі
Өзектілігі:
Қазіргі кезде мектепте фонетиканы оқытқан кезде ол тақырыпқа терең тоқталмайды. Сол үшін қазақ тіліндегі фонетиканың пайда болу және даму тарихын жан-жақты анықтай отырып, мен осы мәселені басшылыққа алып отырмын.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Фонетиканың шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктерін, зерттеу нысанын анықтау.
Міндеттері:
1) Фонетиканың зерттеу нысаны жайында ізденіс жұмыстарын жүргізу.
2)Фонетика туралы білімді кеңейту үшін тиімді жолдарды құрастыру.
3)Фонетиканы оқытуда дыбыстардың дұрыс жазылуын, буындардың айтылуын, тасымалдануын үйрету жолын табу.
Нәтижелілігі:
Егерде мектептегі оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, фонетиканың ерекшеліктерін тереңдетіп оқытсақ, онда оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстар, буын, екпін, тасымал, орфография, орфоэпиядан ешқандай қиыншылық көрмейді деп ойлаймын, өйткені олар фонетикаға жататын барлық түрлерін, олардың өзіне тән ерекшеліктерін толық меңгереді, оқушылардың білім сапасы артады.
1. Ш. Есмағамбетова, З. Бүркітбаева. Қазақ тілі. Алматы мектеп 2005ж.
2. Н Оразақынова, Ж. Исаева, Г. Сүлеева. Қазақ тілі. Алматы Арыс 2004ж.
3. С.М. Исаев. Алматы «Өнер» баспасы 2005ж.
4. М.Серғалиев. Қазақ тілі. Алматы «Білім» 1994 ж.
5. Г. Тайсюганова, 3.Рахмет. Қазақ тілі. Алматы Кітап 2007ж.
6. К.Д.Жүнісбеков. Қазақ тілі. Алматы Рауан 1994 ж.
7. Ш.К.Бектұров, А. Бектұрова. Казахский язык для всех. Алматы,
Рауан 1994 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Фонетиканы оқыту

Орындаған:4 - курс 406А - топ студенті
Турдиева Ахчигуль
Тексерген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Асимбекова А
Кафедра меңгерушісі:

Есік қаласы 2015 жыл

Жұмыс мазмұны:

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.Негізгі бөлім
1.Фонетика жөніндегі жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Фонетика сөзінің мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-
1.2.Фонетиканың зерттеу тәсілдері
2.Тіл дыбыстарының түрлері.Дауысты,дауыссыз дыбыстар ... ... ... ... ... .6-23
2.1.Буын, тасымал, екпін ... ... ... ... ...
2.2.Үндестік заңы. Орфография, орфоэпия
ІІІ.Қорытынды

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Өзектілігі:
Қазіргі кезде мектепте фонетиканы оқытқан кезде ол тақырыпқа терең тоқталмайды. Сол үшін қазақ тіліндегі фонетиканың пайда болу және даму тарихын жан-жақты анықтай отырып, мен осы мәселені басшылыққа алып отырмын.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Фонетиканың шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктерін, зерттеу нысанын анықтау.
Міндеттері:
1) Фонетиканың зерттеу нысаны жайында ізденіс жұмыстарын жүргізу.
2)Фонетика туралы білімді кеңейту үшін тиімді жолдарды құрастыру.
3)Фонетиканы оқытуда дыбыстардың дұрыс жазылуын, буындардың айтылуын, тасымалдануын үйрету жолын табу.
Нәтижелілігі:
Егерде мектептегі оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, фонетиканың ерекшеліктерін тереңдетіп оқытсақ, онда оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстар, буын, екпін, тасымал, орфография, орфоэпиядан ешқандай қиыншылық көрмейді деп ойлаймын, өйткені олар фонетикаға жататын барлық түрлерін, олардың өзіне тән ерекшеліктерін толық меңгереді, оқушылардың білім сапасы артады.

Кіріспе
Фонетика (грек. phônçtіkуs - дыбыстық, дауыстық) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын)қарастырады.6Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.
Фонетика - тіл білімінің саласы, дыбыстарды, дыбыстар туралы заңдылықтарды қарастырады. Дыбыс деген мағына бірнеше атауға жатады. Сонын ішінде фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Сонымен қатар, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың үндесуін және буын, екпін мәселелері деген салаларды да зерттейді.Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Зтатпен заттың қақтығысуынан да дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстары да өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысуынан пайда болады.
Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos -- естілу).Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі

Негізгі бөлім

1.2.Фонетика сөзінің мағынасы
Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынадатіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Дыбыстың артикуляциялық аймағы.
Фонетикалык заңдар
Фонетикалык заңдар -- тілдін дыбыстык материясынын кызметі мен дамуынын зандылыктары. Олар дыбыстык бірліктердін түрактылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу проиесінде болып отыратын күбылыстарды, аллофондык түрленулерді (варианттарды), дыбыстардын сөз кұрамындағы позициялык алмасуларын тілдін дыбыстык материясынын кызмегіндегі заңдылыктар аркылы түсіндіруге болады. Аллофондыктүрленулер көрші дыбыстардын әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.
Мысалы, казак тіліндегі екі дауысты дыбыстын арасындағы катан дауыссыздын ұяндауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардын бір-біріне икемделуі ( ерінбеу -- ерімбеу, сөзіиең -- сөшіиең). Тіл дыбыстары- нын даму зандылыктарына сай дыбыстардын калыптаскан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялык өзгерістердін тарихи тұрактануынын нәтижесі болып табылады. Мысалы: соқ - согым - сойу, семіз-семір, көз-көр, сөз - сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалык заңдарды бір тілдін диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын эр түрлі кезеніндегі (синхрондык күйіндегі) дыбыстардын үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалык өзгерістер тұракты зандылыктар нәтижесінде болып отырады. Біркатар фонетикалык өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай -маңлай, квңіл - кеуіл, иіоқ - чоқ, Шідерті - Шідерлі, Өлеңті-Өлеңді, Буқтырма - Бүқтарма). Фонетикалык заңдар-дыңбарлык тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.
Фонетикалык сөз -- екпін түспейтін көмекші сөздермен, шылаулармен тіркесіп келетін дербес сөз. Мысалы: Сен ғой, мың қаралы, ән сал.
Фонетика дыбыс атаулының бәрін зерттемейді, ол тек адамның аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды зерттейді.Мағыналы дегеніміз, мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстар. Мәселен: жол, жел, жал, жыл деген немесе тас, жас, қас, бас сөздерін алсақ алғашқы сөздердің мағыналарын ажыратып тұрған дауысты дыбыстар, екінші қатар сөздерде дауыссыз дыбыстар сөз мағынасын ажыратып тұр. Сонымен қатар, бұл сөздердегі дыбыстарды қалай болса солай орындарын ауыстыра алмаймыз. Сондықтан, тіл дыбыстары - жүйелі құбылыс.
Дыбыстау мүшелерінің дыбыстардың жасалуында қызметі зор. Ең алдымен, тіл дыбыстары дыбысталу мүшелері арқылы жасалады. Бұны дыбыстау аппараты дейміз.
Дыбыстау мүшелеріне - өкпе, дауыс шымылдығы, таңдай, тіс, тіл, ерін т.б. жатады. Оларды күрделі 3 топқа бөлеміз.
тыныс мүшелері - өкпе жатады
тамақ қуыс мүшелері - тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы
Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos -- естілу).Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.
1.2.Фонетиканың зерттеу тәсілдері
› адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай топтастырады;
› дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
› дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
› буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
› сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
› сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.

Фонология
Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.
Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық жүйенің статикасынзерттейді
диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.
Қазіргі Фонетикада палатография, интонография, спектрография, т.б. әр түрлі құралдарды пайдаланатын эксперимент тәсілдері, сондай-ақ электрондық-есептеуіш машиналар, компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге Фонетиканың сөз дефектологиясы, калиграфия, логопедия, сурдопедагогика, графика мен орфография сияқты ғылымның басқа да салаларындағы қолданбалы мәні артып келеді.
Әсіресе, эксперименттік фонетика нәтижелері тілді автоматтандыру, адам сөзімен басқарылатын күрделі электронды жүйелер, жасанды интеллект мәселелері үшін құнды.
Фонетиканың жоғарыда аталған бағыттарының барлығы қазіргі қазақ тіл білімінде өз деңгейінде дамыған.
Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық транскрипция орыс фонетическая транскрипция (латtranscriptio кайта көшіріп жазу) -- ауызша айтылған сөздің дыбысталуын неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.
Фонетикалык жазу орыс фонетическое письмо -- дыбыстык жазу. Емле ережелерінің фонетикалык принципіне негізден жазу, ягни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Казак жазуында түбір сөздердін көпшілігі айтылуы бойынша жазылады. Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, қус, тун.
Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері - сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады:
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3.мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз - тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан - сән, сол - сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиет жоқ. Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді - сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту - жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада:
1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ.
2. дыбыссыз сөз жоқ.
Дыбыс - сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп - дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп - бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл - фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы - фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады. Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.

2.Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бүі сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі үғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.
Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.
Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады:
1)Дыбыс ырғағы.
2)Дыбыс күші.
3)Дыбыс әуені.
4)Дыбыстың созыңқылығы.
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады.Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады. Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым. Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады.Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы. Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар.
1-физиологиялық классификация;
2-акустикалық классификация.
Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы.Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарайтоптастырылады.1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б)
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік).
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болады.
4. Қысаң(ұ,ү,ы,і).
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Тілдің
қатысына қарай:
Жуан: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың
қатысына қарай:
Ашық: а, ә, о, ө, е, э.

Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің
қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т ,(у),һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Ұяң:
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді:
й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң:
к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе - интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Методика - дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді.
2) Сөйлеудің темпі - шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай көңілді, ойнақы, қайғылы немесе қорқынышты секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек. Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады.

2.1.Буын. Тасымал. Екпін.
Буын -- сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер:
1) дауысты дыбыссыз буын болмайды;
2) дауысты дыбыстың өзі де буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.).
3)бір буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп);
4) буында мағына болмайды;
5)тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді);
6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі);
7) сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылудағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды).
Тіліміздегі сөздер бір буынды, не көп буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
1.Ашық буын -- бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым);
2.Тұйық буын -- дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас);
3. Бітеу буын -- дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін.Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң -- үндестік заңы (сингармонизм).Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалу қоры
Фонетиканы қарастыратын мәселелері
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері
Тіл дыбыстарының түрлері
Дауысты дыбыстар кестесеі
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дыбыс сөздің материалы
Пәндер