Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 1
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері . . . 6
Кіріспе. . . 3: 1. 1
Коммерциялық банктер - қоғамдық қатынастарды қаржылық-несиелік реттеудің негізгі тетігі ретінде . . . 6
Кіріспе. . . 3: 1. 2
Коммерциялық банктерді қаржылық институт ретінде тіркеу, қызметін жүргізу мен тоқтату және құқықтық қамтамасыз ету негіздері . . . 11
Кіріспе. . . 3: 1. 3
Қаржы нарығындағы коммерциялық банктерді ұйымдастыру мен басқару жүйесін дамытуға ықпал ететін факторлар . . . 23
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 2
Қазақстандағы банктік қызметтер нарығының дамуын талдау жасау («Нұрбанк» АҚ мысалында) . . . 34
Кіріспе. . . 3: 2. 1
«Нұрбанк» АҚ-ның активтік портфелін басқару жүйесін және оның тиімділік деңгейін зерттеп-талдау . . . 34
Кіріспе. . . 3: 2. 2
«Нұрбанк» АҚ-ның активтік және пассивтік операцияларының сапасын және банктің экономикалық дамуындағы басымдықтарын бағалау . . . 39
Кіріспе. . . 3: 2. 3
Қазақстандағы банктік қызметтер нарығының дамуына және банктердің капитал жеткіліктілігі мен активтер портфеліне талдау жасау . . . 54
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: 3
Нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтер нарығын дамытудың басымды бағыттары . . . 63
Кіріспе. . . 3:
Кіріспе. . . 3: Қорытынды . . . 70
Кіріспе. . . 3: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73
Кіріспе. . . 3: Қосымшалар . . . 76

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі және мәселенің зерттелу дәрежесі. Коммерциялық банктердің қызметі нарықтық қатынастарға өту барысында бірталай өзгерістерге ұшырады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін реформалау нарықтық экономикаға көшу кезіндегі объективтік экономикалық процестермен айқындалған болатын. Осы жылдар ішіндегі банк саласындағы қайта құрулар микро және макроэкономикалық процестерге оң өзгерістер әкеледі.

Банктер, салымшылар мен инвесторлар арасындағы делдалдарға айналуда, өзіне есеп айырысулар мен қарыз алушыларға көрсетілетін қызметтерді енгізетін қаржылық қызметтерді көрсету операцияларын жетілдірді. Қаржы жинақтауды ынталандыру және қаржы ресурстарын орналастыру жүйелерін жетілдіре отырып, банктер экономиканың сауығуына көмектесті, өмірлік қабілетті кәсіпорындарға және жаңа дамып келе жатқан жеке кәсіпорындардың несие алуын қамтамасыз етті.

Коммерциялық банк - пайда алу мақсатында қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастырушы кредиттік-банктік жүйе институты және ол тікелей заңды әрі жеке тұлғаларға, ұйымдарға қызмет ететін банктер. Сонымен қатар коммерциялық банктер ақша қаражаттарын шоғырландыру, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айрысу, халық шаруашылығының әр түрлі саласының кәсіпорындарына кассалық және кредиттік қызметтерін көрсетуші банк жүйесінің төменгі жұмысшы буыны болып табылады.

Коммерциялық банктер қазіргі ақша шаруашылығының ажырамас бөлігі. Олар нарықтық механизмнің негізін қалайды, солардың көмегімен елдің экономикасы қызмет жасайды. Коммерциялық банктер барлық қоғамның қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін ақша ағындарын, әсіресе, ең алдымен кредиттік ақшаларды және олардың экономикадағы маңызды әрі максималды пайда әкелетін салаларына құйылуын реттейді. Қазіргі уақытта еліміздің ақша-кредит жүйесі құрылымдық өзгерістерді басынан өткізіп отыр, бұл өзгерістер коммерциялық банк қызметтерінде де бар.

Бүгінгі таңда еліміздің алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері қаржы нарығында өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер мен банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Жалпы, қаржы нарығында қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау. Осы аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін коммерциялық банктердің ел экономикасындағы ролін айқындай отырып, қаржы нарығында ұсынатын қызмет түрлері мен операцияларын кешенді түрде қарастыру қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - банктік қызметтер нарығын дамыту жүйесін теориялық тұрғыдан зерделей отырып, қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің делдалдық қызметін кешенді талдау, дамыту жолдарын ұсыну болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

- коммерциялық банктердің мәнін, атқаратын қызметі мен ролін экономикалық тұрғыдан сипаттау;

- коммерциялық банктерді тіркеу, қызметін доғару және құқықтық қамтамасыз ету негіздерін ашып көрсету;

- коммерциялық банктердегі активтер портфелін басқару жүйесін зерттеу;

- коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы ұсынатын қызмет түрлерін, операцияларын, капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділік деңгейіне талдау жасау;

- қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің активтер портфелін басқаруға кедергі келтіріп отырған факторларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну;

- елдегі коммерциялық банктердегі активтер портфелін басқаруды жетілдіруге байланысты ғылыми негіздеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу пәні болып елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін банктік қызметтер нарығын дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру.

Зерттеу объектісі ретінде «Нұрбанк» АҚ алынды.

Жалпы, коммерциялық банктердің активті операцияларын сапалы бағалау жұмысы өте күрделі және активтердің тәуекелдігін, активтердің табыстылығын және активтердің өтімділігін қамтитын көп жақтылы процесс. Сондықтан бұл көрсеткіштерді есептеп көрсек, активтердің сапасын жалпы бағалау арқылы мынадай тұжырым жасауға болады. Активтердің жалпы өсуі нәтижесінде «Халық Банк» АҚ-ның табыстылығы 41, 6%-ды құраса, бұл көрсеткіштер «Казкоммерцбанк» АҚ-да - 23, 7%-ды, «Нұрбанк» АҚ-да - 66, 3%-ды құраған.

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда коммерциялық банктерді қаржылық институт ретінде тіркеу, қызметін жүргізу мен тоқтату және құқықтық қамтамасыз ету негіздері, қаржы нарығындағы коммерциялық банктерді ұйымдастыру мен басқару жүйесі теориялық тұрғыдан сипатталады.

Екінші тарауда «Нұрбанк» АҚ мысалында Қазақстандағы банктік қызметтер нарығының дамуына талдау жасау жасалады.

Үшінші тарауда нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтер нарығын дамытудың басымды бағыттары баяндалады.

Дипломдық жұмыс нәтижесінің практикалық маңыздылығы алынған теориялық, әдістемелік, практикалық қорытындыларды банктік міндеттерді шешу мақсатында, банктік қызметтер нарығын дамыту барысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктерді тиімді ұйымдастыру мен басқару жүйесіндегі орын алатын мәселелері туралы және банктік нарықтың тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасына коммерциялық банктердің қызметіне қатысты отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Парламенттің және Министрлер кабинетінің басқа да нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңнамалық актілері мен жылдық есептері, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің статистикалық деректері, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференциялар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар пайдаланылды.

1
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
1:
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері:
1: 1. 1
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері: Коммерциялық банктер - қоғамдық қатынастарды қаржылық-несиелік реттеудің негізгі тетігі ретінде

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Банктер немесе сондай-ақ институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған. Б. э. д. VIII ғасырда Вавилон банкісі белгілі болған. Ежелгі Римде және Грецияда банктік қызмет болған. Ал қазіргі түсініктегі бірінші банк 1407 жылы Генуяда пайда болған.

«Банк» ұғымы италиян сөзі «bank» - орындық, «айырбас орындығы - айырбас орны» дегенді білдіреді. Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен, қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуды, сонымен қатар, саудалық мәмлелердің және төлемдердің өсуімен тығыз байланысты. Aдам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында, маңызды тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңның және малдың, терілері т. б. ) яғни, тауар-ақша болған. Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.

Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері, діни ғимараттары, храмдар болды. Біріншіден, храмдар, мемлекеттің, қауымдардың сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қауымдармен айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни ғимараттардан ешкім, ол тауарлы ақшаны ұрлай алмайтын.

Храм шаруашылықтарының орнықтылығы оларға ғасырлар бойы орын алып келген қауымдар мен мемлекеттің сенімділігіне негізделген. Храм шаруашылығының салыстырмалы тұрақтылығы ақша айналымын қолдауда маңызды жағдай болды. Осы тұрақтылық храмдарға ақша операцияларын жүргізеді, тауарлы ақшаның сақтауға мүмкіншілік берді. Тауарлы ақшаның табиғи бұзылуы, бағасының төмендеуі оларды жаңартып отырудың қажеттігі, храмдарға ақша айналымын реттеу атқарымын жүктеді. Өз кезегінде, бұл атқарымды орындау қосымша ақша операциясын жүргізуді талап етті: есептеу және есеп айырысу. Сөйтіп, Шығыстың храмдық шаруашылықтарының тауарлы ақшаның сақталуын қамтамасыз еткені, банк құрудың алғашқы қадамы болды.

Есептеу, есеп айырысу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін болғандықтан үлкен көлемді тауарлы ақшаны жинақтау, сақтау, есептеу, сұрыптау қиынға түсетін болды, Сондықтан, жалпыға бірдей балама етіп басқа, көп шығынды, көп күшті керек етпейтін, тауарды қолданудың қажеттілігі туды. Осындай жалпыға бірдей балама болуға бәрінен де лайықты тауар метал болды (мыс, қола, күміс, алтын) . Бара-бара күміс пен алтын іріктеліп шықты. Олардың басқа металдарға қарағанда қосымша сапасы: ықшамдалып, яғни, құны жоғары, ал, көлемі кішкентай, сыртқы орталықта орнықты.

Бұдан кейін храмдар үшін ақша операциясының жаңа түрі - айырбастау пайда болды. Күміс пен алтын жетіспейтін жағдайда (олар көбінесе қазынаға кетіп жатты) тек храмдар ғана тауарлы ақшалы метал ақшаға айырбастай алатын болды. Сонымен қатар, храмдар метал және тауарлы ақшаны ақысыз сақтаудан бас тартып, енді ақы алатын болды. Және де олар төлем мерзімін ұзартып, тауарлық несие бере бастады.

Храмдардың ақша операциясын жүргізудегі үстемдігін жою үшін ежелгі мемлекеттер; біздің жыл санауымызға дейінгі VІІ-ғасырдан бастап, дербес метал ақшаларын соғуды бастады. Ақша айналымын стандарттау мен оны монеталармен қамтамасыз ету тек мемлекеттің қолына көшті. Монеталарды соғу елдер арасында сауда қатынасын өсірді, «Сауда үйлері» құрылды. Олар сауда жүргізумен қатар ақша шаруашылығымен шұғылданды, Вавилондық сауда үйлері Эгаби және Мурашу, біздің жыл санауымызға дейінгі 6-ғасырда, тиісті процентін алып, салым операцияларын жүргізе бастады. Сауда үйлерімен қатар мемлекеттік сауда агенттері «Тамкарлар» жұмыс істеді. Олар ел ішінде ғана емес, елдер арасында метал құймаларын алып-сатумен шұғылданған.

Біздің жыл санауымызға дейінгі V-ғасырда, Грецияда «Трапезиттер» пайда болды. Оларды стол басындағы адам деп атады. Олардың кейбіреулері салымдар қабылдады, клиенттің шотынан төлемдер жүргізді, кейбіреулері ақша айырбастаумен шұғылданды, ал, кейбіреулері кепілзатқа шағын несиелер беретін болды.

Сонымен, банктің пайда болуына арқау болған Храм шаруашылықтары, «Сауда үйлері», «Трапезиттер».

1179 жылы Венециядағы бір жарналы серіктестік салым банкісіне айналды, ал 1639 жылы басқа бір серіктестік «Жиробанк» деп аталды (Латын сөзінде айналым), Европада, 1609 жылы, Амстердам (Нидерланда) қаласында бірінші айырбастау банкі құрылды. Ол өзінің «Гульдень» деп аталған монетін соғып шығарды. Ол 1681 жылы депозиттік және аудармалық банк болып қайта құрылды. Мамандардың айтуына қарағанда, Ресейде банк қызметінің басталуы 18 ғасырдың ортасына келеді. Оның негізін салған 1733 жылы Петербургте құрылған монеттік кеңсе.

Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VІІІ-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XІІІ-XІV ғғ. Сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

XV ғ. ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регламенттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болды.

Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні - екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж. ) және Гамбургте (1618 ж. ) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ [3] .

Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етеді. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.

Қазақстанда банк мекемесі ХІХ-ғасырдың аяғында пайда болған. Олар қазыналық палаталар түрінде, немесе 1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет банкісінің бөлімшелері түріңде шықты. Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал қаласында ашылған, (1876 жылы), сосын Петропавл қаласында (1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы) ашылған.

Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 ж. Орыс-Қытай банкісінің бөлімшесі ашылған. Ол кейін Орыс-Азия банкісіне қосылып кетті. 1908 жылы Сибирь сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара несиелендіру қоғамы құрылды. Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік банкісінің Орынбордағы кеңсесі) 1930-32 жылдары жүргізілген несие реформасының нәтижесінде тарату тұрпатында несиелік жүйе құрылды.

Дегенмен, осы кезде Кеңес үкіметі банктің жұмысын нарық жағдайында реттеу, оны нарықтың талаптарына икемдестіру жөнінде бірнеше заңдар шығарып үлгерді. Мысалы, банк жүйесін екі дәрежелікке көшірді. Оның ішінде бірінші дәрежелі банк болып Орталық (ұлттық) банктер аталды, барлық басқа банктерді, екінші дәрежедегі банктер деп атады.

ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да тәуелсіз елдің қажетті кұрамы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж. ж. арасында қалыптаса бастады.

Нарықтық қатынастарға ауысудың, бастапқы кезеңінде банктер кооперативтік, коммерциялық жеке меншіктік, бірлескен банк болып құрылды. Оның үстіне жаңа құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік мамандандырылған банктер жүйесімен қатар істеді. Кейіннен барлық екінші дәрежелі банктер ашық, немесе жабық акционерлік банк болып қайта құрылды.

1999 жылдың басында Қазақстанда 76 екінші дәрежелі банк істеді. Оның ішінде 1 мемлекетаралық 6-мемлекеттік 20 шетелдік капитал мен бірлескен банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген банктердін тек 33%. Басқалары түрлі-түрлі себептермен жабылды, бірімен бірі қосылды, әйтеуір жұмыстарын тоқтатты. Ашығын айтсақ, бұл кездейсоқ жағдай болған жоқ, Үкімет пен Ұлттық банктің жүргізген саясатының нәтижесі еді.

1997 жылдан бастап Ұлттық банкарлық екінші дәрежелі банктерден халықаралық стандартқа сәйкес болуды талап ете бастады. Сол үшін көптеген көрсеткіштер бекітілді. Оның ішіндегі ең қиыны, банктің негізгі қоры 1, 0 млрд. теңгеден кем болмауы керек. Осы тұрғыдан қарай, Ұлттық банк жоғарыда көрсетілген 76 банкті үш топқа бөлді. Бірінші топқа ең ірі, негізгі қорлары 1, 0 млрд. теңгеге жеткен 29 банк енді, екінші топқа көрсеткіштері орташа, бірақ 2000 жылдың басына дейін негізгі қорды 1 млрд. теңгеге жеткізуге мүмкіншіліктері бар 31 банк енді. Қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ, жабылуға тиісті банктер болып танылды. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда банктердің саны жылдан жылға кеміп келеді (2000 жылдың басында 56 банк, 2001жылдың басында 47-ақ банк қалды) [7] .

Сонымен, банктер «несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Банк ісінің пайда болуы және дамуы капиталмен байланысты. Капиталдың басты формасы, проценттер әкелетін − ссудалық (қарыз капиталы) . Жеке меншіктің пайда болуымен, тауар-ақша қатынастарының дамуымен қоғамның меншіктік теңсіздігі күшейді. Ауқатты топтардың өкілдері кедейлерге қарызға ақша беру мүмкіндігін алды. Банк ісінің пайда болуы өсімқорлық капиталдың дамуымен өте тығыз байланысты. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

Несие жүйесінің негізгі буынын - банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.

Банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

  • уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
  • кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
  • ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлем айналымы жүретін орталық. банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
  • айналымға несие құралдарын шығару. банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
  • экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты - айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар-ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы
Төлем жүйелері ұғымы
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Шетел тәжірибесіндегі микроқаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Лизинг операциясы техникасы
Несие жүйесі
Вексель және вексель айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz