Теодолиттердің жіктелуі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Теодолиттердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Теодолиттердің негізгі бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3. Опткиалық техникалық теодолиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
4. Теолиттік түсірістің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5.Жергілікті жерде теодолиттік журістерді жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
6.Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін ғылыми өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
7.Теодолиттік түсірістің планын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Геодезиялық жұмыстар барысында горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін әр түрлі аспаптар кең қолданылады. Осындай аспаптардың бұрыштарды өлшеу негізіне төмендегідей түсініктер алынады.
Горизонталь бұрышты өлшеудің мәні төмендегідей. Жергілікті жерде әр түрлі биіктікте орналасқан А, В және С (1-сурет) нүктелері берілсін. Осы нүктелердің ВА және ВС бағыттарының арасындағы В горизонталь бұрышын өлшеу керек. Осы бұрыш АВС бұрышының Q горизонталь жазықтығындағы аbc проекциясымен анықталады. аbc–ның проекциясы Аа'В'В жән Сс'В'В вертикаль жазықтықтармен жасалған екі жақты бұрыштың өлшемі қызметін атқарады.

1- сурет.
Өлшенілетін бұрыштың төбесіне горизонталь жазықтыққа параллель градусталған шеңберді орналастырып, оның центр ВВ' тік сызығының еркін нүктесімен дәл келтіреміз. Сонда В'а және В'с' радиустарының арасындағы β бұрышы АаВ'В және СсВ'В вертикаль жазықтықтарының шеңбердегі қимасы өлшенілетін горизонталь бұрышты білдіреді. Егер шеңбердегі бөліктер сағат тілінің бағыты бойымен түсірілген, ал а' және с' шеңбердің градусталған дөңгелегінен алынатын шамалар болса онда бұрыштың мәні былайша табылады:
β = а'—с'. (1).
Горизонталь бұрышты өлшеуді сипатталған геометриялық схемасы бұрыш өлшеуіш аспапта жүзеге асырырылады.
Вертикаль бұрыштар вертикаль жазыктықтарда жатады. Егер вертикаль бұрышты екі жақты бұрыштың тік қырынан А және С нүктелерінің бағытына дейін есептеген жағдайда, Z1 және Z2 бұрыштары зениттік қашықтықта деп аталады. Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептеген кездегі бұрыштар ν1 және ν2 көлбеу бұрыштары болып табылады.[1]
Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екіншісі вертикаль болуы керек.

Горизоиталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит деп аталады. Теодолиттің жалпы кескіні 2-суретте көерсетілген.


2- сурет.



1.Теодолиттердің жіктелуі.
Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қалыбеков С. Топография негіздері – Алматы 1993 ж.
2.Грюнберг А.В. Картография с основами топографии – Москва 1990г
3.Бахрамелев А. Картография –Москва 1986 г.
4.Андреев Н. В. Основы топографии и картографии – Москва 1972г
5.Госпадинов В. Г. Топография – Москва 1974 г.
6.Түсіпбекова Г. Географиялық карта туралы жалпы мәліметтер.-
7.География және табиғат –2006,N 2.
8.Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
9.Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, N 6 10.Дүйсенов С. Қ. Географиялық белдеулер –ХБГ, 2001, N 4.
11.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
12.Топографиялық карталар.- География және табиғат . 2004, N 6.
13.Полярлық координаттар. – Физика және география. 2005, N 6.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Теодолиттердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4
2. Теодолиттердің негізгі
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5

3. Опткиалық техникалық
теодолиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7

4. Теолиттік түсірістің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8

5.Жергілікті жерде теодолиттік журістерді
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
6.Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін ғылыми
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
7.Теодолиттік түсірістің планын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе

Геодезиялық жұмыстар барысында горизонталь және вертикаль бұрыштарды
өлшеу үшін әр түрлі аспаптар кең қолданылады. Осындай аспаптардың
бұрыштарды өлшеу негізіне төмендегідей түсініктер алынады.
Горизонталь бұрышты өлшеудің мәні төмендегідей. Жергілікті жерде әр түрлі
биіктікте орналасқан А, В және С (1-сурет) нүктелері берілсін. Осы
нүктелердің ВА және ВС бағыттарының арасындағы В горизонталь бұрышын өлшеу
керек. Осы бұрыш АВС бұрышының Q горизонталь жазықтығындағы аbc
проекциясымен анықталады. аbc–ның проекциясы Аа'В'В жән Сс'В'В вертикаль
жазықтықтармен жасалған екі жақты бұрыштың өлшемі қызметін атқарады.

1- сурет.
Өлшенілетін бұрыштың төбесіне горизонталь жазықтыққа параллель
градусталған шеңберді орналастырып, оның центр ВВ' тік сызығының еркін
нүктесімен дәл келтіреміз. Сонда В'а және В'с' радиустарының арасындағы β
бұрышы АаВ'В және СсВ'В вертикаль жазықтықтарының шеңбердегі қимасы
өлшенілетін горизонталь бұрышты білдіреді. Егер шеңбердегі бөліктер сағат
тілінің бағыты бойымен түсірілген, ал а' және с' шеңбердің градусталған
дөңгелегінен алынатын шамалар болса онда бұрыштың мәні былайша табылады:
β = а'—с'. (1).
Горизонталь бұрышты өлшеуді сипатталған геометриялық схемасы
бұрыш өлшеуіш аспапта жүзеге асырырылады.
Вертикаль бұрыштар вертикаль жазыктықтарда жатады. Егер вертикаль
бұрышты екі жақты бұрыштың тік қырынан А және С нүктелерінің бағытына дейін
есептеген жағдайда, Z1 және Z2 бұрыштары зениттік қашықтықта деп аталады.
Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі
сызықтардың бағыттарына дейін есептеген кездегі бұрыштар ν1 және ν2 көлбеу
бұрыштары болып табылады.[1]
Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі
жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтық горизонталь, ал екіншісі
вертикаль болуы керек.

Горизоиталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап
теодолит деп аталады. Теодолиттің жалпы кескіні 2-суретте көерсетілген.

2- сурет.

1.Теодолиттердің жіктелуі.

Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі,
горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және
атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді.
Теодолиттерді горнзонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3
түрге бөлуге болады:
1. 1-және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы
бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті.
2. Дәл теодолит Т2—3-және 4-класты триангуляция мен по
лигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5—1-және
2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометрияда-
ғы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұ-
мыстарды жүргізу үшін қолданылады.
3. Техникалық Т15, ТЗО және Т60—теодолиттік және тахео-
метриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ
жер бетіндегі және жер асты қазбаларындағы маркшейдерлік
жұмыстарды атқару кезіндегі бұрыштарды өлшеуге арналған.
Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен
өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін
т β =5", ТЗО үшіл т β =30" және т. с. с.
Дөңгелегінің жасалу және есептеу құрылғысының құрылымы жағынан теодолиттер
екі топқа белінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер).
Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі
бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта шығарылатын техиикалық
теодолиттер тахеометрлер болып табылады.[2]

2. Теодолиттердің негізгі бөліктері.

Теодолиттің (3-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі
бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер түсірілген.
Бөліктерді есептеу сағат тілінің бағыты бойымен дәл келеді. Лимбаның центрі
өлшенілетін бұрыштың төбесі арқылы өтетін тік сызыққа орналастырылады.
Лимбаның жазықтығына өлшенілетін бұрыштың жақтары проекцияланады. Бұл кезде
лимб жылжымайтын әрі горизонталь болуы тиіс. Лимбаның үстінде тік сызықтың
төңірегінде айналатын теодолиттің жоғары бөлігі орналастырылған, бұл
беліктің ішінде алидада және дүрбі (4) бар. Дүрбі тұғырыққа (2) горизонталь
болатын НН1 осінің теңірегінде айналғанда, онда коллимациялық деп аталатын
жазықтықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек,
бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негізгі немесе вертикаль осі
деп аталады. Алидада да керсеткіш бар, ол алидаданың лимба шкаласындағы
орнын белгілеуге мүмкіндік береді және санаудың дәлдігін арттыру үшін
арнайы есептеу құрылғысымен қосақтала жасалған. Лимба мен алидада алидадаға
бекітілген металл қаптамамен жабылған.

3- сурет.

Теодолиттің негізгі осі цилиндрлік деңгей (5) арқылы үш көтеру
винттерінің (1) көмегімен вертикаль жағдайға келтіріледі. Теодолиттің
дүрбісі горизонталь осі маңайында 180°-қа айналдырылуы, яғни зенит арқылы
ауыстырылуы мүмкін. Дүрбінің айналу осінің бір жағында вертикаль дөңгелек
(3) бекітілген, ол осьпен берік жалғанған әрі онымен бірге айналады.
Негізінде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрізді жасалған; ол
вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеуге арналған. Егер
теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбінің оң немесе сол
жағында орналасуы мүмкін. Бірінші орны оң дөңгелек (ОD), екіншісі — сол
дөңгелек (СD) деп аталады. Теодолит буссоль, штатив және тіктеуіштен
тұрады. Буссоль магниттік азимутты өлшеу үшін қолданылады. Үш сирақты
штативтің бас жағы металдан жаса лады. Теодолит штативтің басына стан
винттің көмегімен бекітіледі. Тіктеуіш теодолитті нүктенің үстіне
центрлеу үшін, яғни лимбаның центрін өлшенілетің бұрыштың төбесіне
орналастыру үшін қолданылады.[3]

Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу
винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші)
винттермен жасалады.
3. Опткиалық техникалық теодолиттер.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген теодолиттердің ішінен Т30 және ТІ5
техникалық теодолиттерінің құрылыстарын қарастырып көрелік.
Теодолит Т30 — цилиндрлі вертикаль осі бар шағын көлемді оптикалық
қайталауыш теодолит. Теодолиттің табаны (1) (1-сурет) қораптың түбінің
қызметін атқарады, ол тұғырықпен (2) жалғанған. Бұл жағдай аспаптың
массасын азайтып қана қоймай, сонымен қатар пайдаланған кезде қосымша
қолайлылык туғызады, себебі бір нүктеден екінші нүктеге көшкенде теодолитті
штативтен шығармай-ақ қорабымен жабуға мүмкіндік береді.
Дүрбі (4) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін оптикалық визирмен
(5) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (6) айналдыру арқылы жүзеге
асырылады. Диолтриялық сақинаның (7) көмегімен дүрбіні көзге сәйкестендіріп
қоюға болады.
ТЗО теодолитінің вертикаль дөңгелегінің деңгейі жоқ. Оның орнына
дүрбінің айналу өсіне перпендикуляр орналасқан горизонталь дөңгелегіндегі
деңгей қызмет етеді.
Теодолитті центрлеуге дүрбіні қолдануға да болады, ол үшін вертикаль
(объективін төмен) қояды да саңылау (9) арқылы бұрыштың ұшына бекітілген
белгіні нысаналайды. Дүрбіні зенит арқылы екі жағымен де ауыстыруға болады.
Есептеу құрылғысына жарық түсіру үшін жарықтауыштың (10) айнасын қолданады.
Есептеу тетігінің оптикалық схемасы есептеу құрылғысының көз жетер жерінде
вертикаль және горизонталь дөңгелектердің шыныдан жасалған штрихтарының
кескіні бір мезгілде көрініп тұратындай болып құрастырылған.[4]
Т30 теодолитінде бұрыш өлшеуіш дөңгелек бөліктерінің үлесін бағалау
қозғалмайтын индекспен шығарылыды. Осылай есептеу әдісі неғұрлым қарапайым
болып табылады және мейілінше іші аралықтын оңдық үлестерін бағалауға
мүмкіндік береді.

4. Теодолиттік түсірістің мәні.
Белгілі бір жер территориясының жай-жапсарын 1 : 500— 1 : 5000
масштабтағы пландарда жер бедерінсіз кескіндеу үшін жүргізілетін
горизонталь түсіріс теодолиттік түсіріс деп аталады.
Осы жұмыстарда бұрыш өлшеуіш аспабы ретінде теодолит қолданылады, ал
ара қашықтықты өлшеу үшін ленталар (рулеткалар) және оптикалық қашықтық
өлшеуіштер пайдаланылады. Теодолиттік түсіріс геологиялық барлауда, тау кен
ісінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста т. с. с. пайдаланылатын мәліметтерді
алу үшін жүргізіледі.
Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі әдетте теодолиттік жүрістер жүйесі
түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті
нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендикулярлар және жарма
әдістерімен, сонымен қатар әр түрлі бұрыштық және ұзындық қиыстырулар
көмегімен анықтайды.
Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және ғылыми өңдеу жұмыстарынан
тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің
қажетті дәлдігіне сұйеніп, тұсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар
картографиялық материалдарды (планды, картаны және профильді) мұқият қайта
қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетің аудаңда геодезиялық тірек
жүйесінің пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап,
каталогтан координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар енеді: 1) жергілікті жерді
рекогносцировкалау және пункттерді бекіту; 2) түсірістің пландық негіздеуін
жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3) жергілікті
жердің контурын түсіру; 4) түсіріс негіздеуінің пункттерін мемлекеттік
немесе жергілікті жүйе пункттеріне байланыстыру.[5]
Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттері ізделініп
табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы
орындары белгіленеді. Рекогносцировканың нәтижесін ірі масштабтағы немесе
жұмыс барысында жасалған схемаға түсіреді.
5.Жергілікті жерде теодолиттік журістерді жүргізу.
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы
байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс (4, а-сурет),
әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде
болады. Тұйықталмаған жүрістер (4, б-сурет) басы мен аяғында геодезиялық
негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті
геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін
қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс (4, в-сурет) деп аталады.
Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі:
-теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен,
шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналар-
мен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері,
жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындаған жылы көрсетіледі;
бұрыштарды Т15, ТЗО, 2Т30 және т. б. техникалық теодо-
литтердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30" дәлдікпен
өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5—10) мм
қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың кө-
рініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаларының
көлбеулік бұрыштары ν±2° болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын

4-сурет.
есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бір
толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасын-
да лимбаның орнын 90°-қа ауыстырады;
— сызықтың ұзындықтарын 20 м-лік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура
және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін
арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген
ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде ұзындық 1 :2000-
нан, ал 2-разрядты жүрістер де — 1 : 1000-нан аспауы керек.

6.Теодолиттік түсірістегі өлшеулердің нәтижелерін
ғылыми өңдеу.
Далалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғылыми өңдеуге және теодолиттік
түсірістің планын жасауға кіріседі. Теодолиттік жүрістерді ғылыми өңдеудің
түпкі мақсаты нүктенің тікбұрышты координаталарының х және у мәнін және
олардың биіктігін шығару болып табылады.
Теодолиттік жүрістерді жүргізгендегі алынған өлшеулерді ғылыми өңдеу
мынадай жолмен жасалынады: далалық журналдағы жартылай тәсілдерден алынып
есептелген бұрыштардың дұрыстығы тексеріледі; жүрістің өлшенген
қабырғаларының ұзындығына (сызықтың горизонтқа көлбеулік бұрыштары 1,5°-тан
артық болса) көлбеулігі үшін түзетулер еңгізіледі.
Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің координаталарын
есептеп шығару жолын қарастыралық (5-сурет).

5-сурет.
Есептеп шығарулар арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Горизонталь бұрышты өлшеудің мәні
Теодолиттің құрылысы, тексермесі және дәлдігі
Жоғары дәлдікті бұрыш өлшеуіш аспаптар және олардың зерттеулері
GPS құрылғылары және геодезиялық аспаптар мен жабдықтар
Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер. Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге жүрістерін байланыстыру тәсілдері. Триангуляция жобасынын дәлдігін бағалау
Теодолитті түсіріс жүргізу
Теодолитті жұмыс қалпына келтіру
Микроскоп
Геодезиялық GPS жер өлшеу құралдарының түрлері
Жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер
Пәндер