Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын
жұмыстары
1. 1. Қазақстан Республикасындағы қазынашылық жүйенің
құрылуы, қазынашылықтың мәні 6
1. 2. Қазақстанның қаржылық ұйымдары жүйесіндегі қазынашылықтың
рөлі, қазынашылықтың міндеттері және функциялары 9
1. 3. Қазынашылықтың қызметтерi, құқықтары мен операциялары 28
2. Саран қаласының қазынашылық басқармасының алдын - ала
бақылау қызметіне, операциялық өткізу және шарттарды
тіркеу қызметіне талдау
2. 1. Саран қаласының қазынашылық басқармасының сипаттамасы
және түсiмдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын талдау 33
2. 2. Саран қаласының қазынашылық алдын - ала бақылау қызметіне
талдау 40
2. 3. Операциялық өткізу және шарттарды тіркеу қызметін талдау 47
3. Қазынашылық жүйенің жұмыстарының жақсаруына қол
жеткізу жолдары
3. 1. Саран қаласының қазынашылық басқармасының жұмыстарын
жақсаруына қол жеткізу жолдары 59
3. 2. Қазынашылық - клиент ақпараттық жүйесінің жұмыстарын жақсарту 62
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 77
Қосымшалар 79
Кіріспе
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.
Қазынашылық жүйе - Қазақстан бойынша қаражатты бір жүйеге орталықтандырылған, жаңа қаржылық бағдарлау және жоспарлау жүйесін құру болып есептеледі. Қаржылық жүйенің бір арнада дамуы, кассалық бюджеттің жергілікті бюджетті қамтуы болып табылады
1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге, қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньң Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық басқарумен басталды.
Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады», - делінген.
Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеді. Яғни индустриялдық кезеңнен ақпараттық кезеңге өту қажет.
Қоғамды информациялау дегеніміз - бұл глобальді процесс ерекшелігі: Әлеуметтік өндіріс саласында басты роль ақпаратта. Яғни ақпаратты әртүрлі жинау, сұрыптау, өңдеу, сақтау т. с. с. есептеуіш техникалармен құрылғылар арқылы.
Қоғамды информатизациялаудың ең өзекті мәселесінің бірі ол білімді информатизациялау, яғни оқыту білім беру сапасына жаңа ақпараттық технологияларды ендіру. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында дербес компьютерлер білім беруде бөлінбес технологияға айналыпта үлгерді.
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде, компьютерді оқу жүйесінде пайдалануы арқылы халыққа білім беру жүйесін реформалаудың негізгі буынының бірі болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде компьютердің мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.
Компьютерлік графиканың біздің өмірімізге дәл қазіргідей толығымен еніп, үлкен маңызға ие болады дегенді, кеше ғана елестету қиын еді.
Қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті мамандар мемлекетімізді одан әрі нығайтып, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын одан әрі көтеруге қызмет ететіні сөзсіз.
Өркениетті елдерде технология қарқынды дамуда және біздің елден бірнеше саты жоғарыда орналасқан. Біздің мақсат олардың соңынан қуып отыру емес, олардағы озық технологияларды игеріп, оны өндіріске ендіріп, қатар даму. Еліміздің басты саясатының бірі, әлемдегі елу елдің сапынан орын алу. Қазақстан Республикасы Президентінің елде «Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Соңғы он жылдағы технологияның қарқынды дамуы компьютерлік технологияның және оны бағдарламалық қамтамасыз ету саласының тез дамуына ықпал етті. Қазіргі өлшемдер бойынша маңызды емес болып көрінген арнайы эффектілер көмегімен құрылған фильмдер эпизоды, кезінде таңданыс толқыны мен пікірталас тудырғаны белгілі. Қазір кино мен теледидардағы арнайы эффектілермен ешкімді таңдандыра алмайсың. Олар компьютерлік графиканы және соның ішінде үш өлшемді модельдеуді құру бағдарламасның жалпылай тарауының арқасында күнделікті құбылыс бола бастады. Үш өлшемді өз мүмкіндіктері бойынша ең қызықтылары және меңгерілуі бойынша ең күрделілері.
Оқыту үдерісінде білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі - болашақ маманның ақпаратты игеру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Біз орта кәсіптік оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру ісі мен оқыту сапасын жақсартуда оқу-әдістемелік жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық-логикалық модельдеуді қолданудағы оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жасап ұсындық.
Модельдеу қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамда болып жатқан ақпараттық процестерді тану әдісі ретінде ерекше мәнге ие болады. Сондықтан да ақпараттық-логикалық модельдеуге ерекше назар аударуға тура келеді. Себебі ол оқушылар меңгеруге тиісті білім қорын таным тәсілі мен мазмұны тұрғысында қарастырылады. Бұл ақпараттық-логикалық модельдеу (АЛМ) мәселесі, қоршаған шындықты танып-білудің әдістері ретінде оқып-үйренуді қажет етеді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі:
А. Маслов өз еңбегінде «Ақпаратты ұсыну формалары, ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдауды ұйымдастыру», «Өндірісті басқару үшін ақпаратты пайдалану», «ЭЕМ құрылғылары және оны қолдану», бөлімдерімен қатар «Информатиканың философиялық және саяси көзқарасы» деген бөлімді ендірген. Соңғы бөлім оқушыларға қоршаған әлемді тану туралы, ойлау үлгілерін тану әдістерінің даму тарихы туралы, логикалық ойлау элементтері және оны қалыптастыру, математикалық модельдеу, модельдер және білімді ұсыну үлгілері туралы түсініктерді алу мүмкіндігін беретін тармақтардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары:
- Қазіргі қоғамға қажеттілігіне сай компьютердің мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын көрсету;
- Компьютерлік модельдеудің басқа пәндермен байланысынның ерешеліктерімен мазмұндарын анықтау;
- 3D өлшемді модельге байланысты бағдарламалермен танысып олардаң мүмкіншіліктерімен таныстыру;
- 3D өлшемді модельдерді басқа пәндермен байланысын және кездесетін проблемаларды анықтау;
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні:
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Физика және жоғары математикада кездесетін геометриялық фигуралар мен модельдер.
Дипломдық жұмысты зерттеу әдістері:
Жұмыста теориялық талдау әдістері, баяндау, салыстыру, сараптау, модельдеу, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Физика және жоғарғы математиканы оқыту процесінде 3D модель бағдарламаларын қолданылуы педагогикалық ұжым үшін инновациялық болып табылады.
Дипломдық жұмыста қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- 3D модель құру ұғымын анықтау.
3D модель бағдарламасында сплайндар мен полигональдардың жұмыс жасау мүмкіндіктері анықталып қолдану аясы көрсетілді.
- 3D модельдеу бағдарламалары арқылы үшөлшемді кеңістікте геометриялық фигураларды модельдеу.
3D модельдеу бағдарламаларының көмегімен екі өлшемді сплайндар мен полигональдарды үш өлмешді кеңістікте модельдеу жасалды.
- Физика және жоғары математика пәндерінде оқытуда қолданылытын 3d модель бағдарламалары.
«Жоғары математика пәнін оқытуда 3ds Max бағдарламсын қолдану әдістемесі» тақырыбына жасалған электронды оқулықтың проблемасы анықталды.
1. Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары
1. 1. Қазақстан Республикасындағы қазынашылық жүйенің құрылуы, қазынашылықтың мәні
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.
Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.
Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден - бір ұйым. Сонымен қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды. Қазынашылықтың құрылуымен қаржы жүйесінің нормативті және құқықтық базалар, жаңа механизмнің құрылуы және кассалық бюджеттің атқарылуы туралы жұмыстар жеңілденді.
Қазынашылық жүйесінің құрылуының алғашқы кезеңдерінде Ұлттық банктің есеп - айырысу кассаларының орнына аумақтық қазынашылық басқармалар құрылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің шотына аударылуын қадағалап отырды. Аумақтық басқармалар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мекемелерінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.
Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен республикалық бюджет - заң болып саналады. Барлық мемлекеттік бюджеттердің кірістері қазынашылықта жинақталады және барлық мемлекеттік бюджеттен кеткен шығыстар қазынашылықтың қарамағында жүріп отырады.
Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарының және қаржы құралдарының қорлары болып -мемлекеттік бюджет табылады. Ол Қазақстан Республикасының республикалық бюджетін және жергілікті бюджеттерді-облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді біріктіреді.
Қазынашылық комитеті республикалық мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы - Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының үкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулы және жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкімімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің жарлықтарымен, Қазынашылық комитетінің деңгейі туралы және қаржы процедурасының ережесімен барлық бюджет жүйесінің бөлімдері қызмет жасайды.
1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге, қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньң Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық басқарумен басталды.
1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазынашылық орган өзіне республикалық бюджеттің құрамы банктік операциялар бақылауындағы ұйымдастырушылық қызметті алды.
1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге, қазынашылық жүйенің функционалды бөлігі жасалды.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп-айырысу кассаларының орталықтары Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бұл банк - бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді, бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды пайдалану бірнеше сатыға жоғары болды.
Қазынашылықтың қаржылық жүйесін дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі - ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды. Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі. Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.
1996 жылдың қыркүйегі мен 1997 жылдың желтоқсанында Қазынашылық орган бюджеттік мекемедегі ақшалай шот арқылы есеп айырысу операцияларына бақылау жасады. 1995 жылдың аяғында орталык казынада валюталық операцияларға есеп беру және мемлекеттік бағалы қағаздар мен мемлекеттік қарыздар туралы бөлім ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық Қазынашылық басқару органы әр күн сайын мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер мен шығатын шығыстар туралы есепті, Қазақстан Республикасының Халықтық банкіндегі жеке шоттың мәліметтерін бақылап отырды.
Әр айдың бірінші күнінен бастап облыстық Қазынашылық басқару органы қазыналық Департаментке айлық шығыстардың есебі мен жыл басындағы бюджеттік класификацияның әрбір жаңа кодтарын беріп отырады. Негізгі міндеті - бюджеттік дисциплиналарды нығайту, ведомстваларды, қазыналық құжаттарды үйымдастыру, шығару мен кіргізумен байланысты және де қазыналық ресурстарды үкіметтің пайдалануын қадағалап отыру.
1997 жылдың қаңтарынан бастап қазына қызметі әр ай сайын министрліктер мен ведомстволарға кассалық шығындар мен операциялық шешімдер қабылдағаны туралы хабарлап отырады.
1997 жылдың 4 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бюджеттік мекемелер стипендияларды, еңбекақыны және басқа да каржылық төлемдерді жеке шоттар арқылы немесе пластикалық карта негізінде беру бекітілді.
1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қызынашылық органдарына берілді.
Қазынашылық өзінің қарамағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативті - құқықты актілермен басқарады.
Қазынашылық - мемлекеттің бекіткен ұйымдық - құқықтық түрдегі заңды тұлға. Қазынашылықтың мемлекеттік тілде жазылған мөрі және штампы бар, бланктің үлгісі, сондай-ақ заңмен сәйкес келетін банкте шоттары бар. Қазынашылық өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.
Қазынашылықтың толық атауы - «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің белгілеуі бойынша Қазынашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі босатқан Төраға басқарады.
2003 жылы қазынашылық органдары ORACLE бағдарламасы негізінде әзірленген жаңа ақпарараттық жүйеге көшіру іске асырылды. Осы уақыттан бастап Қазынашылықтың барлық аумақтық органдары республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттерге касалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, бірыңғай ақпараттық ортада жұмыс істеуде. Жаңа жүйе мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде орындалуын іс жүзінде бақылауға және негізделген қаржы-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Жүйе бюджет қаражатының аударылуын нақты уақыт режимінде белгілеп, оның мақсатты жұмсалуына бақылау жасайды.
2008 - 2011 жылдары «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемелермен электронды құжат айналым жүйесі дайындалып, іске қосылды. Бұл жүйе қаржы құжаттарын қабылдау және өңдеуге қатысты қазынашылық функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік тудырды.
2010 жылы Кеден одағына мүше мемлекеттер: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы Келісім шегінде кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу тетіктері енгізілді.
2011 жылы Астанада PEMPAL халықаралық қазынашылық қауымдастығы бағдарламасының аясында «Қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Аталған семинарға алыс - жақын 23 шет елден сарапшылар қатысты.
2012 жылдың бірінші тоқсанында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін қазынашылық органдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына қызмет көрсетуді бастады.
2013 жылғы шілдеден бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын ашу және оған қызмет көрсету басталды.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қазынашылық органдары белсенді қатысқан, республикада мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептерін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықарлық стандарттарына сәйкес есептеу әдісіне көшіру іске асырылды.
2013 жылғы сәуір айында Киев қаласында Қазынашылық комитеті және Федеральды Қазынашылық (Ресей Қазынашылығы) арасында Техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Нәтижеге бағытталған бюджетті енгізу жөніндегі іс - шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) сәйкес реформалау жөніндегі іс - шаралар жүргізілді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтері есепке алудың кассалық әдісінен есептеу әдісіне көшірілді.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазынашылық республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған алғашқы бухгалтерлік балансты қалыптастырды және 1 шілдеге алғашқы шоғырландырылған қаржылық есептілік алынды.
2013 жылғы желтоқсанда Қазынашылық комитеті және Украина мемлекеттік қазынашылығының арасында техникалық әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.
1. 2. Қазақстанның қаржылық ұйымдары жүйесіндегі қазынашылықтың рөлі, қазынашылықтың міндеттері және функциялары
Облыстар мен қалалар бойынша Қазынашылық Департаменттері Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитетінің территориялық бөлімдері болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз етумен, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуындағы операцияларды есептеуді қамтамасыз етумен және ашық шоттар бойынша мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізумен айналысады.
Өз қызметтерін Департаменттер Қазақстан Республикасының Заңына, Конституциясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің актілеріне, бұйрықтарына және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар қазіргі уақыттағы Типтік ережелер негізіндегі жасалып бектіліген Ережелерге сүйене отырып жүргізеді.
Департамент өзінің қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық - құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Өз құрылымында территориялық бөлімдер - аудандық, қалалық және қалалардағы қазынашылықтың тікелей бағынушылықтағы аудандық бөлімдерден тұрады. Олар да қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін банктегі шоттардағы ақшалай қаражаттары, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық - құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қызмет ету барысында Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер, олардың жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлінуі, жергілікті бюджеттердің шоттары, мемлекеттік мекемелердің шоттары және республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатын аударым операциялары мен олардың есебі бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар мен қарым қатынас жасайды.
Департамент туралы Ереже мен Департаменттің штаттық кестесі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетінің төрағасы мен жүзеге асырылады. Департаменттің штаттық санының лимиті Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетімен бекітіледі.
Департамент қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Департамент кәсіпкерлік субъектілерімен өзі қызмет атқаратын құралдарына келісім жасауға құқығы жоқ. Табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру барысындағы табыстар республикалық бюджеттің табыстарын жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 29 қыркүйегіндегі №1449 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитет туралы Ережесіне сәйкес Қазынашылық комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу; аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу, аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау; аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу; аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау; ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және бюджеттік даму бағдарламаларына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.
Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi
көрсеткiштердi және басымдықтарды анықтау:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттiк бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау;
2) жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi мынадай нысан бойынша жасалады:
- түсiмдер:
- кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер) ;
- несиелердi қайтару;
2) шығыстар;
3) бюджет тапшылығы (профицитi) ;
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) .
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Республиканың индикативтiк жоспарының негiзiнде және өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz