5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру (2015 жылғы. 5-ке тапсырылды)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Көкшетау қаласындағы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж. Мусин атындағы

педагогикалық колледжі

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Шифр 0101000 мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

Пәні: Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

Мазмұны

Кіріспе
3
:
Кіріспе:
3:
: I.
Кіріспе: Негізгі бөлім
3:
:
Кіріспе:
3:
: 1. 1
Кіріспе: Бес - алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың теориялық ұғымдары
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: Бес -алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері
3: 26
:
Кіріспе:
3:
: II.
Кіріспе: 5-6 жас балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыруда жүргізілетін іс-тәжірибелік жұмыстар
3:
: 2. 1
Кіріспе: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру барысында жүргізілетін іс-тәжірибелік жұмыстары
3: 44
: 2. 2
Кіріспе: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыруда жүргізілген іс-тәжірибелік жұмыстың қорытындысы
3: 51
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 70
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3: 72
:
Кіріспе: Қосымшалар
3:
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе:
3:

Кіріспе

Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: “білім беру жүйесінің басым міндеттеріңде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту”-деп атап көрсеткен. Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту, жалпы білім беретін XXI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау, балалардың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Жұмыстың өзектілігі:

Балабақшада тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

- 5-6жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын меңгерту;

- 5-6жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.

Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бұл тұста орыс ғалымдары Д. Н. Богоявленскийдің, Н. Ф. Жуйковтың, Н. С. Рождественскийдің, Е. Г. Шашкованың және т. б. балаларға грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М. Балақаев, Р. Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т. б. ) өз еңбектерінде балалардың дұрыс сөйлеу, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру туралы ұғым беру.

Жұмыстың міндеті:

- 5-6жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыруда, жас ерекшелігін ескеру;

- 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын оқыту принциптерін басшылыққа алу;

- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;

- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Зерттеу пәні: Балабақшадағы бес - алты жасар балалардың тілін, грамматикалық дағдыларын ойын арқылы дамыту.

Зерттеу нысаны: Балабақшадағы оқу процессі.

Зерттеу болжамы: 5-6 жастағы балаларда тілдің морфологиялық және синтаксистік жалпы нашар дамуы мен өзіне тән кемшіліктерді түзету . Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру - бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • 5-6 жас балалардың грамматикалық дағдыларын теориялық тұрғыдан зерттеу;
  • 5-6 жас балалардың грамматикалық, танымдық қабілеттерін зерттеу, қалыптастыру жұмыстары кезіндегі әдістемелерді жүйелеу.

Зерттеу орны: «Еркемай» балабақшасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.

1. Негізгі бөлім

1. 1 Бес - алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың теориялық ұғымдары

Грамматикалық мағыналар - бұл болмыс кұбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни АЛМА ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «алма ағашы отырғызылды» немесе «алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістін немесе толықтауыштык, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының шақ формаларының мағынасын түсінбейді) . Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.

Тіл дамытудың грамматикалық мағыналарын үйретудің қиындығы мынада бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.

Мұнан баланың (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады, тіл дамытудың грамматикалық, мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру жене оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. 5-6жастағы балалардың грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарынан арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді [3] .

Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар калыптасады.

Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген. Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді. Тілдегі грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұннан қателерді болдырмайды.

Балалардың тіліндегі қолданылып жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысалдар келтірейік.

Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар өздерінің үйренген, сөздеріне құсас өзіндік сөздер жасап алады. Мысалы:

Тракторшы сөзіне ұқсату арқылы: «көлікші» - «Көлік жүргізуші жүр» (5 жас) ; «Электршы» - «Электршының резина қолғабы бар» (4 жас) ;

Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: «көктемдік» - «Анам маған көктемдік киім сатып алып берді»; «балалық» - «Біздің үйде балалық кішкене үстел бар».

Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады: өз сөзін «шығармай» дұрыс дамыған бала кемде - кем.

Ересек адамдар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жан ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді, шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған, олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс; мұндағы қате сол, балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемалармен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.

Сөз түрлендірудегі грамматикалық қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін «ілесіп барады».

Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.

Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:

  • зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер», «баладар», «көліктар»;
  • зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: «баладың» («баланың» деудің орнына), «үстелга» («үстелге» деудің орнына), «адамты» («адамды» деудің орнына), «бақшатан» («бақшадан» деудің орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына) ;
  • стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы - «үйге бардым»), «көлікте міндім» (дұрысы - «машинаға міндім»), «жолда бардым» (дұрысы - «жолмен бардым»), «орындыкқа отыр» (дұрысы - «орындыққа отыр»), «орманда кетті» (дұрысы - «орманға кетті»), «кино бардым (дұрысы - «киноға бардым») ;
  • табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен бейне суретті салдым» (дұрысы - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды жазды» (дұрысы - «Жазу жаздым») ;
  • септелмейтін зат есімдерді септеу;
  • салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;
  • етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;
  • сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшікпен келді» (дұрысы -«ит бес күшігімен келді»), «тауық екі балапанмен келді» (дұрысы -«тауық екі балапанымен келді») [7] .

Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.

Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді, мысалы, олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауын немесе ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: «менің ойыншығым», «менің ойыншық», «сенікі қуыршақ», «сенің қуыршақ», «біздің аюым», Балалардың тіліндегі диалектикалық қателерді жою баланың үйдегі ересектердің сөзінен кейде тіпті бала бақшада да үнемі естіп жүретіндіктен қиынға түседі.

Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі. Балалар алдын ала аздаған сөз мөлшіерін үйренбейінше, дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем интонациясының ерскшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.

Тәрбиешінің негізгі міндеті балаларды тәжірибеде фразалық тілді пайдалана білуге үйрету, яғни тілде негізгі грамматикалық категорияларды дұрыс пайдаланудан, сөзді практикада жекелік, көптік, септік, шақтық, жақтық формалармен түрлендіру дағдысын қалыптастырудан тұратын себебі сол. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тәрбиеші пәндік сабақтарда арнайы грамматикалық жаттығулар жүргізеді.

Біздің тіліміздегі сөздердің жартысынан көбі зат есімдерден құралатындықтан, грамматикалық құрылым үстінде жүргізілетін жұмысты зат есімдермен танысудан бастау керек, зат есімдердің түрленуі негізінде басқа сөз таптары да өзгеріске түсіп отырады: сын есімдер - септіктерге, жекеше, көпше түрге; сын есімдер мен етістіктер өткен шақта - жекеше, көпше түрге түрленеді [5] .

Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты табыс септігінен, яғни табыс септігін атау септігімен салыстыра отырып бастау керек, сонан соң өте нақты және түсінуге жеңіл септіктер ретінде барыс пен көмектес септікті үйрету керек, тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің кейбір мағыналарымен, осы септіктердің негізінде жасалған жатыс септігіндегі тіркестермен және кайда? (кай жерде?), (қайда? (қай жақта?), қайдан? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.

Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл болу керек. Жатыс септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты болып келеді, сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен бірге жүргізген қолайлы. Ең алдымен балалар ішінде - үстінде; астында - түбінде; жанында - қасында - маңында; алдында; артында деген үстеулердің айырмашылықтарын түсінуі керек. Аталған үстеу сөздер күнделікті өмірде жиі қолданылатын, түсінуге жеңіл әрі оңай сөздер. Мысалы: қарындашы қораптың ішіне, үстіне, астына қой; қораптың үстінен қарындашты ал; қарындашты қораптың ішінен алып таста; оны қораптың жанына қатарластырып қой. Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып отырған өте маңызды.

Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына қойды, үстелдің астында отырды.

Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін, оны сан есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек. Ол үшін практикада зат есімді бір деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы, бір алма, бір алмұрт) пайдалануға болады. Әрине, бұл кезге дейін балалар бір, көп деген сөздерді айыра білуге тиіс. Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып, бір сөзін олармен байланыстыра айтып үйренеді.

Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын: ішу, беру етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүре бер, алып бар, жу тәрізді бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді.

Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек. Етістіктің өткен шағы, әдетте, жеңіл меңгеріледі және балалардың негізгі сөздік қорына енеді. Етістіктің өткен шағының материалдары негізінде балалардың тіліне сан есімдер оңай енетін болады. Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ тұлғасын меңгереді. Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда болады.

Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізудің ең дұрысы «әрекет - тіл» тәсілін пайдалана отырып, етістіктерге жалғанатын қосымшаларды қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байланыстыру керек. Мұнымен қоса бала белгілі бір картинаға сүйене отырып, қосымшамен келген етістіктің (кетті, кірді, келді, шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін. Балалар қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана, оның үстеулермен арақатынасын белгілеуге болады ( . . . ішіне кірді . . . артынан кірді, . . . ішінен шықты, . . . сыртын айналып шықты және т. б. ) .

Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұсынамыз:

Зат есімдерді табыс, барыс, көмектес, ілік септіктері бойынша үстеу сөздерсіз және табыс, барыс, көмектес, ілік, жатыс септіктері бойынша үстеу сөздермен қолдану:

а) сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: Балалар сурет салады, кітап оқиды, ертегі тыңдайды; Бақыт апай ботқа пісірді, пирог пісірді; Санжар ойыншыктарды жинайды; Әділет еден жуады; Анам ойыншық сатып әкелді; Мен телевизор көріп отырмын; Осы бөлімде өздік және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп жатырмын. - Мен қуыршақты киіндіріп жатырмын. Мен жуынып жатырмын. - Мен аюды жуындырып жатырмын. Анам таранып жатыр, - Анам қызы Сағынның шашын тарап жатыр;

ә) болады, керек, болмайды сөздері қатысқан етістіктермен келген барыс септігіндегі зат есімдер: Сымбат Талғатқаға қарындаш берді; Гүлжан күтушіге көмектеседі; Маған анам қуыршақ сыйлады; Мақсат әкесіне кедергі жасайды; Балалар елкаға қуанды; Кітапты Гүлденге беру керек. Сезім бақшаға баруға болады. Санияға бақшаға баруға болмайды;

б) ілік септігіндегі зат есімдер (меншіктілік, сан есіммен бірге ілік септігінің қолданылуы) : Бұл малақай Игорьдікі, бұл үй Еламандікі, ағамның кітабы; Мен бір (екі) қарындаш әкелдім; Ол үйде алмұрт жеді; Бағдат Саматқа төрт кубик (марка, қарындаш) берді;

в) көмектес септігіндегі зат есімдер (қимыл құралы) : Мен қарындашпен, бормен сурет саламын; Балалар қолын жылы сумен жуады; Айжан тісін пастамен тазалайды; қолды сүлгімен сүрту қажет;

г) етістіктік қатынастарды білдіру үшін кызмет ететін, сөз тіркесінде келіп, кайда (қай жерде?), кайда? деген сұрақтарға жауап беретін үстінде, басында, ішінде, алдында, жанында, қасында деген үстеулері бар зат есімдер: Бақшаға (қайда?) барамын; Бақшада (қайда?) болдым; Бақшадан (қайдан?) келемін; Аю ағашқа (қайда?) шықты; Аю ағаштың үстінде (қайда?) отыр; Аю ағаштан (қайдан?) түсті; Құс бұтаның басында (қайда?) отыр; Құс бұтадан (қайдан?) ұшып кетті; Жібек орманның ішіне (қайда?) кірді; Жібек орманда (қайда?) болды; Жібек орманнан (қайдан?) қайтып келді; Балалар парктің ішінде (қайда?) серуендеп жүр; Жүк көлігі көгалда (кайда?) кетіп барады; Мен көшеде (қайда?) болдым; қаланың ішін (қай жерді?) араладым; Шкаф терезенің (қабырғаның) алдында (жанында) тұр. Ағаштың үстінде отыр құрылымы мен ағашта отыр құрылымын салыстыру;

д) қайда? қайдан? деген сұрақтарға сәйкес айтылып кеңістіктік қатынасты білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер: Ербол ағашқа жақын келді; Ербол ағаштан алыс кетті. Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес келуі [6] .

Етістіктер: а) қимыл етістіктері: кету, жүгіру және басқа, ә) хал-күйді білдіретін етістіктер: ұйықтау, жеу, сөйлеу, б) әрекетті білдіретін етістіктер: сурет салу, жапсыру, қозғау және басқа; в) қосымшалы және қосымшасыз етістіктер: жүру келді; сурет салу - суретін салу; . . . жөнінде сұрау; г) өздік етістіктер: ертеңгілікті әзірлеу - ертенгілікке әзірлену, ойыншықты көтеру - басқышпен көтерілу, лифтімен көтерілу.

Материалдың түсін, тұлғасын білдіретін сын есімдер, сын есімнің салыстырмалы шырайы: көбірек, артығырақ, жіңішкерек, биігірек, қысқарақ, ұзынырақ және т. б.

Біз бұрын айтып өткеніміздей, тәрбиеші арнайы сабақтарда балаларға тілдік практика ұйымдастырады. Ондай оқу іс-әрекетіне арналған материал ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, тағамдар болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
Ортаңғы сыныптарға тыңдап түсінуді үйрету
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Пәнаралық байланыстың негізі
Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz