Бастауыш мектеп математикасында арифметикалық ұғымдар және оны оқыту


Жоспар:
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында.
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың рөлі артты, сондықтан математиканың білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының даму қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті тұрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге үйретеді.
Арифметикалық амалдар, математиканың бастауыш курсында өзекті орын алады. Мұның өзі күрделі де сан қырлы мәселе. Оған арифметикалық амалдардың, зандардың және амалдар қасиеттерінің, амалдардың компоненттері мен нәтижелерінің арасындағы және амалдардың өздерінің арасындағы байланыстар мен тәуелділіктердің нақтылы мағынасын ашып көрсету, сондай-ақ есептеу дағдыларын, арифметикалық есептерді шығара алу шеберліктерін қалыптастыру мәселесі енеді. Әрбір арифметикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты, жиындарға қолданылатын операцияларды орындау процесінде нақтылы негізге сүйеніп айқындалады: қосу амалы-ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру операциясына, азайту амалы - жиынның бір бөлігін (ішкі жиынды) айырып алу операциясына, көбейту амалы - саны бірден жиындарды біріктіру операциясына сүйеніп және бөлу амалы - жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру операциясына сүйеніп айқындалады. Мұндай жол балалардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Әрбір арифметикалық амалдың нақтылы мағынасын айқындаумен бірге мынадай тиісті символика (амалдар таңбасы) мен терминология енгізіледі: амалдар, атауы, амалдар компоненттері мен нәтижелерінің атаулары.
Сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушының қызығушылығын арттыру мәселесі алға қойған міндет деп түсіну керек.
Ендеше мектептің жұмысын қайта құру орта білім беру мақсатын біздің еліміздің нарықты қатынасқа өтуіне тән жағдайлары мен талаптары сәйкес келтіруге бағытталған. Бұл кезде адамның ақыл - ой шығармашылық мүмкіндігіне қойылатын талап артады. Еңбек өнімділігінің артуы тек сондай адамдарға ғана байланысты болғандықтан олардың арасында жұмыс орнын сақтап қалуға қатысты бәсеке күшейеді.
Бастауыш мектеп оқушыларды оқуға үйретіп, олардың танымдық мұқтаждығын сақтап және дамытып, ғылым негіздерін игеру үшін қажетті танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс.
1. Бастауыш математиканың білім беру мазмұны және оқытуды ұйымдастыру
1. 1 Бастауыш білім беруде математиканың рөлі, мақсаты мен міндеттері
Осы заманға педагогикалық ой - тұжырымдарда гуманизм идеялары еркін білім беру оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қаумының алдындағы үлкен мақсаты: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті қабілетті еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан - алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді, шығармашылық - тұлға бойында батылдық, еркіндік ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды аңықтау шығармашылыққа деген құштарлық әсерін арттырады.
Жалпы білім беру жүйесінде математиканың атқаратын рөлі айрықша.
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл - ой белсенділігін дамытуға және жетілдіруге арналған математика курсының өзіндік ерекшеліктері бар.
Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан - жақты жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің аса маңызды міндеті. Осы орайда мектептегі математика курсының күнделікті практикалық өмір талабына сай жаңа мазмұнда оқытылуы жеткіліксіз.
Ендеше, оның оқытудағы мазмұн, мақсат, міндетін айқындап алу шарт. Математикада мақсат, міндеттін нақтылығы - білім шыңына жетер нақты жол деуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасын игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчествалық жұмыс іспеу керек.
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен өзінің негізі - математика ғылымымен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтетін курсы мазмұнын таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп отырады. Математиканы оқыту әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты болады.
Математиканы оқыту методикасы педагогикамен және педагогикалық психологиямен тығыс байланысты математика курсын құруда, математиканы оқыту методикасын таңдап алуды, математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеуден математика методикасы педагогикамен педагогикалық психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарын сүйенеді.
Мектепте математиканы оқыту, кез-келген басқа пәндерді оқыту сияқты білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс.
Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бір қатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардың сапалы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта біліуін қамтамасыз ететін болуы керек.
Математиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көз-қарастын бастамасы қалыптаса бастады. Сан, арифметикалық амалдар, санау системасы, геомериялық фигура т. с. с. математика алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш сыныптардың өзінде-ақ оқушы математиканың объектісі - шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек, мұнын өзі реалдық материал екенің» сол сияқты «сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағанын, нақты дүниеден алынғанын оқушы түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланыстылығын жүзеге асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан тани білуге, үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдер мен оқушыларды қаруландыру, мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп - қисапты шығару т. с. с.
Математиканы оқыту ісі өз Отаның сүйетін, біздің қоғамымыздың ігі мақсаттарын сезіне білетін, өз білімін мемлекеттік мұраттарды жүзеге асыру үшін сарп етуге дайын ғылыми - техника дамыған қоғамнын адамдарын тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамдардың еңбек сүйгіштігі, ұқыптығы сияқты ерекшіліктерін қалыптастыру міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінің, қиялын дамытуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс, математикаға ден ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істеуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математиканы бастауыш сыныпта оқыту оны әрі қарай жоғары сыныптарда оқып - білуі үшін, оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой - өрісінің дамуына сенімі негіз болуы тиіс.
Ендеше, математика оқыту мен тәрбиелеуді, оқушылардың білімді игеруі мен танымдылық қабілеттерін дамытуды табиғи үйлестіру: білімнің теориялық деңгейін арттыру және алған білімді практикада қолдана білуге дағдыландыру, ол үшін қажетті дағдылар қалыптастыру - міне, математиканы мектептің төменгі сатыларында оқытуда жетекші принцип болып табылатындар осылар болмақ.
1. 2 Бастауыш математиканың білім беру мазмұны
Математиканың бастауыш курсы құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелігі: Курстың негізгі мазмұны арифметикалық материал болып табылады. «Натурал сандар мен негізгі шамалар арифметикасы бастауыш курстың негізі болады. Сонымен бірге, оған, геометрия мен алгебралық пропедевтина элементтері енді, бұлар мүмкіндігінше сан, арифметикалық амалдар мен математикалық қатынастар жөніндегі ұғымдардың барынша жоғары дәрежеде игеруіне көмектесе отырып, мүмкіндігінше арифметикалық білімдер жүйесіне енеді, яғни алгебра мен геометрия элементтері математика курсының ерекше жеке тарауы бола алмайды, арифметикалық математикамен тығыз байланыста болады. Осындай байланыс, бір жағынан балаларды алгебра және геометрия идеяларымен таныстыруға, екінші жағынан төменгі сынып оқушыларынын арифметикалық білімді неғұрлым жоғары дәрежеде игеруіне көмек етеді.
Екінші ерекшелігі: Бастауыш курс материалы шоғырланған түрде беріледі. Ең алдымен ондық бөлшектеуге келмейтін алғашқы он саннын нумерациясы оқылады, осы сандарды жазу үшін цифрлар енгізіледі, қосу және азайту амалдары үйреніледі. Сонан соң 100 көлеміндегі сандардың нумерациясы қарастырылады, разряд ұғымы, ондық бөлшектеуге келетін сандарды жазудың позициялық принципі айқындалады, екі таңбалы сандарды қосу және азайту оқылады, жаңадан арифметикалық екі амал бөлу және көбейту еңгізіледі. Бұдан кейін 1000 көлемдегі сандар нумерациясы үйретіледі. Ақырында, көп таңбалы сандар нумерациясы үйретіледі, класс ұғымы қарастырылады, цифрлардың ондық мәнінің принципі жөніндегі білетіндері жинақталып қорытылады, жазбаша есептеулер алгоритімі еңгізіледі. Сонымен курста төрт көк центр бөлініп алынған: ондық, жүздік, мың, көп таңбалы сандар. Нумерацияны және арифметикалық амалдарды қарастырумен бір мезгілде және тығыз байланысты басқа да мынадай мәселелер қарастырылады: шамалар, бөлшектер алгебралық және геометриялық материал.
Курстың мұндай құрылысы жүйелі қайталап отыруды және сонымен бірге оқып білгенді тереңдете түсуді қамтамасыз етеді, үйткені бұрын үйренген білім мен білік, дағды сандардың жаңа көлемінде қолданылады. Осынын бәрі курсты жақсырақ игеруге көмектеседі.
Үшінші ерекшелігі: Теория мәселелері мен практикалық сипаты мәселелер бірімен - бірі табиғи байланыста болады. Теорияның көптеген мәселелері индуктивті түрде енгізіледі, ал практикалық сипатты мәселелер соларға негізделіп айқындалады. Мысалы, көбейтудің үйлестірімділік қасиеті дербес фактілерді жинақтап, қортындылау негізінде енгізіледі де осы қасиет пайдаланып, көбейту әдісі ашып көрсетіледі.
17*3=(10+7) *3=10*3+7*3=51
Осындай өзара байланыс кезінде теориялық мәселелер жақсы игеріледі және саналы түрде практикалық іскерлік қалыптасады.
Төртінші ерекшелігі: Математикалық ұғымдар, қасиеттер, заңдылықтар курста бір - бірімен өзара байланыстырыла айқындалады. Бұл тек арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалдар арасындағы байланыс қана емес курстағы әртүрлі ұғымдар, қасиеттер заңдылықтар арасындағы ішкі байланыс деп аталатын байланыстар.
Бесінші ерекшелігі: Арифметикалық амалдарды өткенде ең алдымен олардың нақтылы мағынасы айқындалады. Сонан соң амалдар қасиеттері, амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы, байланыстар мен тәуелдіктер айқындалып ашылады.
Алтыншы ерекшелігі: Ұқсас немесе өзара байланысты мәселелерді салыстыра отырып қарастырған орынды екенің тәжирибие көрсетіп отыр. Бұл жағдайда елеулі ұқсастығын және айырмашылығын бірден бөліп көрсетуге болады.
Бастауыш курстың құрылыс ерекшелігі осындай. Енді оның мазмұнын қарастырайық.
Арифметикалық материалға мыналар жатады: теріс емес бүтін сандар нумерациясы, сол сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар шамалар, оларды өлшеу жөнінде, бөлшектер жөнінде, атаулы сандар мен оларға қолданылатын амалдар жөнінде мағлұматтар.
Бастауыш курстын өзекті мәселелерінің бірі натурал сан ұғымы қарастырылады.
Бастауыш курста ноль санына бос жиындар класынын сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі.
Математиканың жүйелік курсын оқып үйренуге дайындау мақсатымен бастауыш курста бөшек жөнінде көрнекті түсінік беріледі.
Санау системасы жөніндегі ұғым курстын құрылысы консептрлі болғанда натурал сандар нумерациясы мен оларға қолданылатын арифметикалық амалдарды оқып - үйрену процесінде біртіндеп айқындалады.
Матеметиканың бастауыш курсына арифметикалық амалдардың бір қатар онымыз - қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің үйлестірімділік қасиеті сондай - ақ мынадай қасиеттер: санды қосындыға қосу, санды қосындыдан азайту, қосындыны санға қосу, қосындыны саннан азайту, санды қосындыға қосу және қосындыны санға көбейту, қосындыны санға бөлу, санды көбейтіндіге көбейту, санды көбейтіндіге бөлу.
Арифметикалық материалды оқып - үйренуге байланысты мынадай алгебра элементтері енгізіледі, теңдік, теңсіздік, теңдеу, айнымалы деген ұғымдар қарастырылады.
Геометриялық материал негізінде қарапайым геометриялық фигуралармен таңыстыру және оқушылардың кеңістік түсініктерін дамыту көзделеді.
Арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалдарды оқып - үйренумен тығыз байланыстырыла оқытып шама ұғымы мен шамаларды өлшеу идеясы айқындалады.
Есептеу жаттығулар, олардың көмегімен ең алдымен математиканың бастауыш курстың көптеген мәселелері айқындалады.
Бастауыш кластардың математикасы негізгі мектеп математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыдан бастауыш мектепте математиканы оқытудың мына сияқты мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:
- бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және
дағдыларды игеру;
- математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімделу, сондай - ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт - сана, ха-лықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
- оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;
-негізгі мектепте оқуға, меңгерген - математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.
Осы мақсаттардан математиканы оқытудың мына сияқты міндеттері айқындалады:
- баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тігізу.
- математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету.
- оқушының өмір тіршілігіне және мектептің келесі буынында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер жаңа математикалық бастауыш білім мазмұнын, жасаудың және онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді.
Математикалық бастауыш білім мазмұнын, оның құрамы мен құрылымын анықтау барысында педагогика ғылымы және озық тәжірибедегі ұғымды идеялар мен үрдістер, тұжырымдамалар мен принциптер басшылыкқа алынды. Ұсынылып отырған білім мазмүны:
- кіші жастағы оқушыларды оқыту - тәрбиелеу және дамыту тұрғысынан қойылатын талаптарға сәйкес;
- дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес;
- кіші жастағы оқушылардын жас ерекшеліктеріне және
мүмкіндік өрісіне сай;
- қоршаған ортаның, әдет - ғұрыптардың, салт - дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді және халыктық педагогиканың элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді;
- бірсарындылықты және орынсыз қайталауды болдырмай сабақтаса дамуды қамтамасыз етеді, өйткені оқушылардың дайын болуына орай білімді толықтыра және кеңейте түсуді екі бағытта яғни ауқымын ұлғайту және жоғары өрлеу мүмкін болатындай сызықты - сатылы және блокты-модульді құрамда түзілген;
- оқушылардың мектепке дейінгі білімінің нақты деңгейін ескере оқу материалының мектептің бастауыш буынында класаралық тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді;
- арифметикалық, алгебралық және геометриялық мәселелердің пәнішілік үйлесімді байланыста болуын және олардың өзара әсерін, әсерлесуін және бірін-бірі байыта түсуін қамтамасыз етеді.
- бастауыш мектептегі басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстарды ескереді;
- теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді ара қатынасын, жүзеге асыру; арқылы математикалық заңдылықтар, ережелер мен қорытындылардың өмір кажеттігі және мұқтаждығынан туындайтынын көрсетіп беруге мүмкіндік туғызады. Оны оқытып-үйрету процесін оқу материалының қолданылу жиілігіне орай ажыратып және жоспарлаған нақты нәтижеге жетуге бағдарлауға мүмкіндік береді.
Математикалық бастауыш білім мазмұны біртекті емес және екі /әр түрлі/ деңгейді қамтиды; міндетті және мүмкіндік деңгейлері.
Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Олар теріс емес бүтін сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы; аса маңызды шамалар және олардың өлшем бірліктері; жай есептердің негізгі түрлері және оларды шешу және т. б. Осы деңгейдін материалын әр оқушы қанағаттанарлықтан төмен емес деңгейде игеруі тиіс. Осы денгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін білімді керсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді.
Ал мүмкіндік деңгейлеріне мазмұны тұрғысынан алғанда негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді; математиканын жүйелі курстарынын аса маңызды тарауларын - ілгеріде окы-тып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі. Олар: теңдеулер және оларды шешудің әдістері, геометриялық фигураны нүктелердің жиыны түрінде көрсетіп беру, кесінділердің қосындысы мен айырмасын геометриялық әдіс арқылы анықтау, берілген параметрлері бойынша геометриялық фигураларды салу, есептерді теңдеулердің көмегімен шешу, қызықты және логикалық материалдар және т. б.
Мүмкіндік деңгейлеріндегі материалды жақсы білмеу окушының, жегістігін қанағаттанарлық емес деп бағалаудың себебі бола алмайды. Осы деңгейлерге жету әр оқушы үшін жеке-дара және түрліше шешілетін мәселе болып табылады.
Осы қағидаларға негізделе отырып анықталған бастауыш мектеп матсматикасының базалық білім мазмұны біршама кеңейді. Мұнда теріс емес бүтін сандар, оларға қолданылатын арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері, аса маңызды шамалар мен оларды өлшеу қарастырылады, сондай-ақ білім мазмұнына енген алгебра мен геометриянын бастама элементтері және шамалар арасындағы тәуелдіктермен танысу, сан мен арифметикалық амалдар және математикалық, қатынастар жөніндегі ұғымдарды жоғары деңгейде түсініп-білуге көмектеседі. Әрбір жаңа ұғым, оның мән-мағынасын аша түсуге септігін тигізетін іс-әрекеттер мен практикалық жұмыстарды орындаумен және оны қолдануды көздейтін қандай да бір есептерлі қарастырумен байланысты болады. Сондықтан біплім мазмұнына тексті арифметикалық есептердің жүйесі енгізілген.
Осы түрғыдан алғанда бағдарламаның ен басты ерекшелігі бастауыш мектепте теріс емес бүтін сандардың арифметикасын оқытып-үйретуді толық аяқтау. Мұнда: "Он көлемдегі сандар", "Жүз көлемдегі сандар". "Мың көлеміндегі сандар", "Натурал сандар және нөл саны" біртіндеп кеңейтіле және дамытпалы түрде қарастырылады.
Бағдарламада ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімді қатынасы анықталған. Сондай-ақ, көп таңбалы натурал сандармен арифметикалық амалдарды жазбаша орындауды саналы түрде игергеннен кейін есептеулерді орындау барысында микрокалькуляторды пайдалану көзделінеді. Жаңа есептеу тәсілін енгізу оны жүргізудің қажеттілігімен негізделеді. Ал сандар аймағының біртіндеп кеңейтілуімен байланысты бірнеше рет қарастырылуы тиісті есептеу тәсілдері керекті жерінде бір рет қана оқытылып - үйретіледі, содан кейін белгілі тәсіл ретінде жаңа сандарға қолданылады. Енгізілетін есептеу тәсілдерін негіздеп беру барысында қолданылатын көрнекіліктің немесе теориялық білмнің тиімділігі нақты жағдайларда түрліше анықталады.
Есептеулердің негізіне алынатын арифметикалық амалдардың заңдары мен қасиеттері табиғи тілдің көмегімен тұжырымдалады және тәжірибеде тікелей қолданылады, ал оларды әріптермен жазып көрсету қарастырылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz