Бастауыш сыныптағы ғылыми жұмыс



І. Кіріспе бөлім 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 5
2.2 Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті және түрлері 8
2.3 Зерттеушілік іс . әрекет . оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы
14
2.4 Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателер және оны түзету жолдары 17
2.5 Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми.зерттеу жұмысындағы жаңашылдық
20
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26
Қосымшалар
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет.
12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу жұмысы тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудың басты құралы - ең алдымен зерттеушілік ізденіс, білуге деген құштарлық, бақылауға, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық болып табылады. Дарынды баланың бойынан табылатын қасиеттердің, білімге құштарлықтың кілті-білімде. Баланы ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысын меңгерту - мұғалімнің міндеті. Мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеу арқылы олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, біліп отыруы қажет. Зерттеушілік, ізденушілік, шығармашылық қасиеттер балаға тән құбылыс. Мұндай белсенділік баланың жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор.
Өзектілігі:
Қазіргі кезде оқушылардың ғылыми ізденіс жұмысына деген жаңа талапты өмірдің өзі қажет етіп отыр. Бала жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін дарынды оқушыны қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалымен байланыстыра қараймыз.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сыныпта оқыту барасында оқушылардың ғылыми жұмысқа ынталандыру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы ғылыми жұмыс.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
Міндеті:
- Бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруын қарастыру;
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызын анықтау;
- Зерттеушілік іс – әрекет оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру;
-Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты белгілеу.
Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымша метериалдардан тұрады.
1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл
2. «Білім беру сапасы – Қазақстан Республикасының тұрақты даму ұстанымдарын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету кепілі» атты материалдар жинағы 2009 жыл
3. Республикалық ғылыми –әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» 4,6.
4. «Бастауыш мектеп», №6, 2008
5. «Педогогикалық кеңес» журналы № 2,3 2011жыл.
6. Г.Қопабаева.Қазақ тілі пәндерінде өз бетімен жұмыстарды ұйымдастыру жолдары. «Бастауыш мектеп» №2,2006, 27-б.
7. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.
8. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.
9. Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.
10. Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл.
11. Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. - Алматы, 2004 -443 б.
12. Педагогика және психология. Алматы. Мектеп, 2002 -956 б.
13. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002. -270 б.
14. Молдағалиев . Педагогика. Сөздік. Орал, 2004ж.
15. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж. 383 б.
16. Сағындық ұлы. Педагогика. - Алматы, 1998 - 356 б.
17. Қозыбаев С. Педагогика.- Алматы, 1999 - 274 б.
18. Рахметова С. Тестік бақылау жүйесі. Бастауыш мектеп. № 6. 2004 ж.
Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. -Ақтөбе, 2003.
19. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1987. 392
20. Жалпы бастауыш білім. Қазақстан Республикасы. Стандарт. -Алматы, 2003 ж. -23 б.
21. Бақтыбаева С. Білім деңгейін анықтаудағы педагогикалық бақылау. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 5, 2002 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
3
ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
5
2.2 Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті және түрлері
8
2.3 Зерттеушілік іс - әрекет - оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы

14
2.4 Ғылыми жоба жазу кезінде жиі кездесетін қателер және оны түзету жолдары
17
2.5 Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жаңашылдық

20
Қорытынды
25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
26
Қосымшалар

І. Кіріспе бөлім

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты - еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет.
12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу жұмысы тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудың басты құралы - ең алдымен зерттеушілік ізденіс, білуге деген құштарлық, бақылауға, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық болып табылады. Дарынды баланың бойынан табылатын қасиеттердің, білімге құштарлықтың кілті-білімде. Баланы ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысын меңгерту - мұғалімнің міндеті. Мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеу арқылы олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, біліп отыруы қажет. Зерттеушілік, ізденушілік, шығармашылық қасиеттер балаға тән құбылыс. Мұндай белсенділік баланың жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор.
Өзектілігі:
Қазіргі кезде оқушылардың ғылыми ізденіс жұмысына деген жаңа талапты өмірдің өзі қажет етіп отыр. Бала жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін дарынды оқушыны қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалымен байланыстыра қараймыз.
Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сыныпта оқыту барасында оқушылардың ғылыми жұмысқа ынталандыру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптағы ғылыми жұмыс.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
Міндеті:
- Бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруын қарастыру;
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің маңызын анықтау;
- Зерттеушілік іс - әрекет оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру;
-Оқушылардың тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты белгілеу.
Зерттеудің әдісі: зерттеудің алға қойған мақсат, міндттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, төрт тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымша метериалдардан тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Бастауыш сыныптарда ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Ғылыми жобалардың негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон ізденістің әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми ізденіс осындай құрал болып табылады. Сондай - ақ, зерттеу, іздену адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
ХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Оның айғағы интеллектуалды мектептер болып табылады. Бұл мектептердегі негізгі талаптардың бірі- үш тілді еркін меңгерген білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашыл, таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңашыл, тәуелсіз ойлайтын ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Қоғамның әлеуметтік даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты емес пе?! Қазіргі заман талабына сай білім берудің шығармашылық жолдарын айқындау барысында адамның шығармашылыққа деген жанданысы оның өз жекелігін, өз қабілетін іске асыруға деген жолын ашады. Кез келген әрекет шығармашылықты туғызып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді,оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы қабілет қалыптасады, әр қарай дамиды. Зерттеу-ізденушілік қабілет әр баланың бойында болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Зерттеу-дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалын ашу, оны әрі қарай дамыту мүмкін емес. Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі деген екен Питер Клайн. Ұстаз бен ата-анаға да керегі сол емес пе? оқушы ұстаз көңіл-күй қарым-қатынас еңбек ата-ана Оқушы, ұстаз, ата-ана - үштік одақ бірлесе отырып жұмыс істеу арқылы ата-ана бұл зерттеу жұмысының баласына пайдасы бар екенін түсініп, өзі де көмек көрсете отырып, өзінің мектеппен тығыз қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезінеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыда танымдық қабілет, тіршіліктің қыр-сырын меңгеруге талпыныс, білуге деген құштарлық туындайды. Зерттеу жұмысы негізінде үштік одақтың арасында жағымды көңіл-күй, тығыз қарым-қатынас, аянбай еңбек ету, сол еңбектің нәтижесін көруге ұмтылу әрекеттері орныға түседі. Сабақ барысында да тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың зерттеу-ізденушілік әрекеттерін ұйымдастыруға небір жұмыстар жүргізуге болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту - оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі - білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс - табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады.
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсету, қосымша мағлұматтар беру.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және сұрыптау.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4. Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау.
5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
1) Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау;
2) Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;
3) Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;
4) Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
5) Жұмыстың көркем безендірілуі (қосымша А).
Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми - зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.
Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін:
- мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
- зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
- зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
- зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
- шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай таңдау;
- оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты мектепте, мысалы Зияткер оқушылардың ғылыми қоғамын құрұға болады. Оқушылардың ғылыми қоғамы өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі болып табылады. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Білім туралызаңымен, нормативті- құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады. Оқу жылының жұмыс жоспары оқушылармен бірлесе отырып құрылып, әр түрлі формада (дөңгелек үстел, практикалық сабақтар, кездесулер, эксперимент, шығармашылық сабақтар т.б. ) өткізуге болады.
Мақсаты:
1. Оқушыларда ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту;
2. Қоршаған ортаны танып білуге деген құштарлығын арттыру;
3. Өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету.
Жыл сайынғы жұмыстың қорытындысы оқушылардың ғылыми - практикалық конференциясымен ұштасады. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері:
- шығармашылық қабілеті;
- ғылыми ойлауы;
- зерттеу дағдыларын қолдану әдістерінің тиімділігі;
- тақырыптың ашылу деңгейі;
- сөйлеу шеберлігі;
- жаңалығы;
- көрнекілігі.
Бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса, бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді, оны зерттеу негіздері, логика сабақтарындағы оқушылардың белсенділігінен байқауға болады. Осындай секция жұмыстарының арқасында оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға болады. Жалпы алғанда, істелінген жұмыстар нәтижесі, оқушылардың шығармашылық дамуы алғаш секцияға келген кездегі диагностика көрсеткішінен біршама динамикалық өсудің болғанын аңғартады.
Қай жұмысты болсын қызығушылықпен, ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.


2.2 Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті және түрлері

Ғылыми жоба және оның түрлері.
Қазіргі таңда дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін мектеп оқушыларының танымдық, шығармашылық, әсіресе ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту мақсатында ғылыми жоба жазуға ереше мән берілуде.
Жоба латын сөзі, қазақша жаңа нәрсенің жобасын, сұлбсын жасау деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз ағылшында құрылыс - техника саласында қолданылса, қазіргі таңда өмірдің барлық салаларында қолданылып келеді.
Жоба дегеніміз - нақты тәртібі, шығындары бар және айналысқан адамның танымдық, шығармашылық, зерттеушілік қасиеттерін дамыту мақсатында жүргізілетін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Кез келген жоба үшін мына белгілері ортақ:
1. Жоба нақты мақсатқа жетудің жолы.
2. Жобаны жүзеге асыру үшін әртүрлі жұмыстарды жүзеге асыру.
3. Жобаның әрқайсысы бірегей және қайталанбас.
4. Жобаның орындалатын реті-орны.
Жобаның түрі көп. Сондықтан оларды классификациялау қажеттілігі туады.
1. Затының сипаты бойынша жоба:
- ғылыми - зерттеу жоба;
- идентификациялық жоба;
- мәдени жоба;
- аралас жба;
- ақпараттық жоба.
2. Іс-әрекеттің негізгі талдауы бойынша жоба:
- техникалық жоба.
3. Құрылымы мен құрылысы бойынша жоба:
- моно жоба;
- мега жоба;
- мульти жоба.
Жобаға мынадай қасиеттер тән:
- жаңалық болу керек;
- заманауи болу керек;
- кешенді болу керек;
- жүйелі болу керек;
- техниканы жүзеге асыру керек;
- практикалық жарамдылығы.
Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысымен білімін игерту - бүгінгі күннің маңызды міндеті болып саналады.
Зерттеу түсінігі - жаңа білімді өңдеу үрдісі және таным қызметінің бір түрі.
Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - әр - түрлі әдіс тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, белгілі бір тақырып төңірегінде жан-жақты ізденіп, жаңалық ашу. Зерттеу жұмысымен айналысу үшін ең маңызды мәселе проблеманы көре білу. Проблема жай ғана нәрселер емес, проблема грек тілінен алынған сөз, қазақша (қиындық, кедергі, міндет) деген мағыналарды білдіреді. Қиындықтан шығу үшін зерттеу жұмысымен айналысу керек. Ал зерттеу жұмысы кез келген оқушыдан ізденісті талап етеді.
Зерттеу жұмысының міндеті - тақырыпты ашу үшін оқушы өз алдына бірнеше міндеттер қояды. Олар:
-өзіне ұнайтын тақырыпты таңдау;
-осы тақырып бойынша материалдар жинастыру;
- керекті мәліметтерді, деректерді жинастыру;
- жинаған материалды сұрыптап, керектісін алу;
- белгіленген мерзімде ғылыми жобаны құру.
Қазіргі таңда ғылыми зерттеу жұмысының қарапайым түрлеріне мыналар жатады:
1. Баяндама - ғылыми практикалық құндылығын ашу, тақырыптың ғылыми жағынан мәнін ашу, қорытынды жасап, ұсыныстар айту.
2. Тезис - баяндаманың негізгі мазмұны.
3. Ғылыми мақала - белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстың жазуында қандай әдістемені қолданғанын, қандай ғылыми нәтижеге жеткенін қорытып, жариялауды айтамыз.
4. Ғылыми есеп - ғылыми жұмысты жазып біткеннен кейін осы жұмыстың құндылығы практика мен ғылымдардың мәні, қандай әдіс- тәсілдерді қолданғаны туралы, жеткен нәтижелері туралы баяндауды айтамыз.
5. Реферат - кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұратын әдебиеттер тізімі көрсетілген шағын ғылыми жұмыс.
6. Ғылыми жоба - кіріспе, зерттеу мәтіні, эксперимент нәтижесі көрсетілген, қорытынды жасап, әдебиеттер тізімін жасайды.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері.
Ғылыми зерттеу жұмысы басты 5 кезеңнен тұрады.
1. Ғылыми жобаның тақырыбын таңдау.
2. Зерттеу жұмысын жүргізу.
3. Ғылыми жобаны әзірлеу.
4. Ғылыми жобаның жоспарын құру.
5. Ғылыми жоба бойынша әдебиеттерді зерттеу.
1. Ғылыми жабаның тақырыбын таңдау.
Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, санымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған айқынды мағыналы мәселелерді шешу әдістері болады. Тақырыпты таңдамастан бұрын оған мынандай талаптар қайылады:
1. Бұған дейін мәлім болмаған ғылымның жаңалықтарын ашу.
2. Практикалық тапсырмаларды шешудк жаналық енгізетін аппараттарды, конструкцияларды, кейбір өндіріс үрдістерінің, моделдерді кеңінен пайдалануға болады.
3. Кәмелетке толмған балаларға арақтың құрамы,темекі, радиактивті заттарды қалданып эксперимент жасауға рұқсат бермейді.
4. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған жобалар жарысқа қатысады. Ғылыми тақарыпты таңдау үшін мынандайережелерді сақтаймыз.
1. Тақырып оқушыға қызықты оны таңдатындай болу керек.
2. Оқушының қызығушылығын ескере отырып мұғалім өзі жақсы білетін тақырыпты таңдау керек.
3. Тақырып шынайы болу керек, яғни күтпеген жаңалықтар жаңа дүние ашу.
4. Тақырып оқушының жас ерекшелігіне ыңғайлы болу керек және тақырып мектепте арнайы бекітеді және сол бойынша жетекші ақыл кеңес беру керек.
1. Зерттеу жұмысын жүргізу. Зерттеу жұмысының өзі басты 2-кезеңнен тұрады.
1. Зерттеу жұмысының теориясы. Мұнда тақырыптың маңыздылығы бүрінгі таңдағы шешу жалдары осы тақырып жайлы әртүрлі көзқарастар барлығы осы теориялық бөлімге жатады.
2. Эксперимендалды немесе практиқалық жұмыс - эксперименты жүргізу, сауалнама алу, осы тақырып жайлы басқалармен әңгімелесу, интервью алу, оқушы өзінің шығармашылық жұмысын көрсетеді.
3. Зерттеу жұмысымен айналысп жүрген оқушы күнделікті оқу керек. Оның үлгісі:
Сырты ғылыми зерттеу.
Екінші бет (зерттеу тақырыбы).
oo Оқушының аты - жөні.
oo Мектеп, сыныбы.
oo Ғылыми жетекшінің аты - жөні.
oo Төменгі жағына мектептің мөрі.


Жұмыстың маңызы
Зерттеу әдістері
Ескерту

Ғылыми жетекші күнделікті бетінің мазмұнымен танысып, оған қол қою.

3. Ғылыми жобаны әзірлеу.
Ғылыми жоба:
oo бет парақ;
oo мазмұны;
oo кіріспе;
oo теориялық бөлімі;
oo зерттеу бөлімі;
oo қорытынды;
oo пайдаланған әдебиеттер тізімі;
oo қосымша (слайд, видеоролик және т.б.).
Ғылыми жоба әдемі рәсімделу керек. Осы жұмыс жайлы аннотация жазу керек. Ғылыми жұмысының рецензиясы, егер республикаға қатысатын болса, жоғары оқу орнын зерттеу керек.
Кіріспе - 2 бет.
Қорытынды бөлім - 1 бет.
oo Компьютермен басқанда: сол жақ-2,5 см, оң жақ - 1 см, жоғары - 2 см, төменгі - 2 см., шрифт 14 кегль.
oo Әдебиет тізімін алфавит ретімен жазу керек.
4. Ғылыми жобаның жоспарын құру. Әр оқушы жұмысқа кіріспестен бұрын, жазатын жұмысы нәтижелі, жүйелі, бірізді болу үшін жоспардың мазмұны зор.
5. Ғылыми жоба бойынша әдебиеттерді зерттеу. Оқушы кітапханаға бара отырып, өзінің ғылыми жобасына байланысты қолданылған әдебиеттің библиографиялық тізімін жасауды айтамыз. Ол 15-20-дан кем болмауы тиіс. Бұған кітаптар ғана жатпайды: ғылыми жоба, диссертациялар, монографиялық еңбектер.
Үлгі:
1. Жексенбекова В. Қазақстандағы этникалық қарым - қатынастар.
Саясат, 2002, №11. 30-32 бет.
Кей жағдайда сілтеме деген болады [ 5, 212 б].
Ғылыми зерттеу жұмыстарының типтері және оған қойылатын талаптар.
Ғылыми зерттеу жұмысының мынадай типтері бар:
1. Талдау шолу - зерттеу жұмысы бойынша қажетті әдебиеттерді сұрыптап таңдау. Сол әдебиеттерді оқу арқылы зерттеу жұмысының жағдайын керек әдебиеттерді бөлек қойып, ал кейбір сұрақтарға жауап таба алмасаң, ендігі кезекте соған байланысты әдебиеттерді іздеу.
2. Сынды шолу - реферат жазушы автордың өзіндік ойлары және оған тақырыбы бойынша мүмкіндігінше сол тақырыпқа қатысты ойын, идеясын білдіру деген сөз.
3. Теориялық шолу - алып отырған бойынша автордың жан - жақты ізденіп, теориялық мағлұматтар жазу және сол тақырыптың жаңа қырлары жайлы өз көзқарастарын білдіре білу.
4. Эмпириялық суреттермен шолу - мұнда тақырыпқа байланысты кейбір құбылыстарды, жаңа фактілерді табу үшін әр-түрлі тәжірибе жасау. Эмпириялық ерекшеліктегі зерттеулерге мынадай талаптар қойылады: ұсынылатын әдістемелер қажеттілік, сенімділік, анықтылық пен бірмәнділік талабына сай болуы тиіс. Егер жасалынатын әдістеме қалыптастырушы типте болса, онда кең көлемде теориялың негіздеме ұсынылуы және қалай әдістеме көмегі арқылы қалыптасатыны көрсетілуі, сонымен бірге бұл әдістемені тәжірибеде қайда, қалай және қашан қолдануға болатыны айқын көрсетілуі тиіс.
5. Түсіндірмелі-эмпириялық шолу - мұнда жүргізілген зерттеу жұмысына, яғни жүргізілген тәжірибені түсіндіріп беруді айтамыз. Бұл кезде нақты деректемелері қолданылады. Ерекше топқа әдістемелік зерттеулерді жатқызуға болады. Бұлардың негізгі мақсаты -- кейбір жаңа әдістемелерді тәжірибеде дайындау мен негіздеу, олардың сенімділігі мен дәлелділігі тұрғысында тексеру, немесе анықталған белгілерін құрастыратын әдістемені дүниеге келтіру.
6. Әдістемелік шолу - алынған тақырыпты зерттей отырып, оның маңыздылығын жеткізу нақты материалды дүниеге әкелу.
Шолу жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
oo Қолданылған анықтамалардың дәлелдігі мен логикалық;
oo Реферат мәтіннің қисындылығы, сауаттылығы, дұрыс толтырылуы және қазіргі заманға сай библиографиялық талаптарға сай келуі;
oo Ұсынылған мәліметтер қажеттілік, сенімділік, анықтылық сапаларға сай болуы тиіс;
oo Жасалынған тәжірибе қайда, қалай, қашан жасалынды, және оны қалай жүргізгендігі туралы мәліметтері анық болуы тиіс.
Оқушылардың ғылыми қоғамның мақсаттары мен міндеттері.
1. Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаттары мен міндеттері:
Оқушыларға ғылым ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыра, шығармашылық қабілетін ашу, дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін үйрету, сол арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуге, олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру.
2. Оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ереже:
1. Оқушылардың ғылыми қоғамы - өзінің интелектісінің дамытуға ғылыми зерттеуге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркінен құралған шығармашылық бірлестік.
Зерттеу - дарынды оқыту негізі. Онсыз баланың потенциалыд қабілетін ашу, дамыту.
2. Оқушылардың ғылыми қоғамы - білім беру ұйымдарының жанында құрылады, атауы, эмблемасы, девизі, өзіндік дәстүрі бар.
3. Оқушылардың ғылыми қоғамы - білім мен ғылым министірлігінің нормативтік, құқықтық актілермен сәйкес жүзеге асырады.
3. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұсымын ұйымдастыру:
1. Оқушылардың ғылыми қоғамы осы қоғамда болуға тілек білдірушілер, мұғалімдер, тән бірлестігінің жетекшілігі, ұсынған кез келген оқушы мүше болады.
2. Қоғамның мүшелері секция оқушылардың ғылыми қоғамы жоғары органы болып табылады және ол жылына бір рет өткізіледі.
3. Секцияда оқу жылының міндеттері анықталады, жұмыс жоспары бекітіледі, түрлі шешімдер қабылданады.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасына бір рет өткізіледі.
Ғылыми зерттеу жұмысын жазу үшін оқушыларға қажетті зерттеу дағдылары.
Оқушы ғылыми жұмыспен айналыса отырып, өз бойына мынадай дағдыларды қалыптастырады:
1. Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдысы. Оқушы ғылыми жұмысты жазбастан бұрын, кітапханаға барып, кітаптарды қарап, ең қажеттісін сұрыптап алады. Сол әдебиет тізімінен библиографиялық көрсеткіш жасайды. Оқушы әдебиеттер тізімінен сауатты жазу керек. Бұл үшін мыналарды ескереді:
- кітаптың аты;
- баспасы;
- басылып шыққан жылы;
- пайдаланған бет.
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Әдебиеттер тізімі дұрыс жазылса, сілтемеде [5, 212] дұрыс жазылады. Ұсынылған әдебиеттердің ішінде көптеген ғылыми терминдер болады. Оны басқаларға жақсы түсіну үшін практикалық жағынан ашу керек. Мысалы: Гератология - тірі ағзаның өмірінен зерттейтін ғылым.
2. Кітаптағы материалдарға сыни көзбен қарау дағдысы. Материалдарды жазып қана қоймай, сол материалдың ішінде қайсысы құнды, қайсысы нақтылық дәлелденген, қайсысы теория мен практикада жақсы байланысқан екендігі жайлы өзіндік салыстыру жүргізіледі.
3. Өзінің ойын нақты және түсінікті жеткізе білу дағдысы. Оқушы бір тарауын екінші тарауымен байланыстыра отырып сөйлегенде Менің ойымша, Менің пікірімше дәлелденген фактілер бойынша деген қыстырма сөздерді қолдану керек.

2.3 Зерттеушілік іс - әрекет - оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.
Бәсекеге қабілетті деп өмірдің қай саласында болмасын әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз. Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларын да бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.
Оқушылардың ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;
- Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;
- Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу;
- Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау;
- Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
- Басқа адамдармен қарым - қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта);
- Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;
- ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу.
Зерттеушілік қызмет дегеніміз - жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім зерттеушілік дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
Сын - пікір беруші педагогика, психология
Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар
Эксперимент жүргізу дағдылары мен дағдылары
Кіші мектеп жасындағы балалардың мінез - құлықының ерекшеліктері
Сын - пікір білдіруші
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Пәндер