Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс



Кіріспе 3
І. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар
1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық зерттеулер 5
1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар 8

ІІ. Математика сабағында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
2.1 Математика сабағында дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері 12
2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш сынып мұғалімінің математика сабағында тәрбие процесін ұйымдастыру 14
2.3 Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау іс.тәжірибе негізінде 19
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
Осыған орай «Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы» нормативті – құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата – аналарға, «Дарын» орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі – басты парызымыз.
«Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет».
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер (А.Бэн, В. Вундет, Д. Милль, Т. Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Көкейкестілігі: Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр.
Мақсаты: Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау.
Міндеті:
- Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
- Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін жиыстыру.
- Дарынды балалар мен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және олардың өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау;
Зерттеу пәні: Математика пәні.
Зерттеу объектісі: Математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық қабілеттері.
1. Ахметжанова А. «Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» Білім 2004
2. Әбжанов С. «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту» Бастауыш мектеп №2. 2003
3. Әбілқасымова А.Е. «Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру» Алматы Білім 1994
4. Бабаев С. « Жалпы психология» Алматы 2003
5. Есмағанбетова Ш. «Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру» Алматы. Ғылым 2002
6. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы 1992
7. Жұманбаева Қ. «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» Бастауыш мектеп. №7. 2001
8. Қошанова М. «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2004
9. Қоянбаев Ж. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы. Рауан. 1990
10. ҚР «Білім мемлекеттік бағдарламасы»
11. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030»
12. Өмірәлиев Қ. «Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Алматы. Мектеп. 1968
13. Рүстемова Ж. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2003
14. «Республика ұстаздары» газеті №21. 2004
15. Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы. 1992
16. Сәкенова Р., Найманбаева П. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №1. 2003
17. Табылдиев Ә. «Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие» Алматы 1992
18. Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту» Бастауыш мектеп №7. 1997
19. Жүнісова Д. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №10. 2002
20. Жұманбаева Қ. «Баланың логикалық ойлауын дамытудың жолдары» бастауыш мектеп №7. 2001

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
І. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін
жұмыстар
1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық 5
зерттеулер
1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын 8
талаптар

ІІ. Математика сабағында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
2.1 Математика сабағында дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс12
жасау ерекшеліктері
2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш сынып мұғалімінің 14
математика сабағында тәрбие процесін ұйымдастыру
2.3 Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау 19
іс-тәжірибе негізінде
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында
Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет деген сөздері бар. Демек,
оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық
қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу
– мектептің басты бағыттарының бірі.  Бұл салада атқарылатын жұмыстар
жетерлік.
Осыған орай Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау,
қолдау мен дамыту тұжырымдамасы нормативті – құқықтық құжаттар жинағы,
ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата – аналарға,
Дарын орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті
бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі – басты парызымыз.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің
кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан
анық.
Көбінесе дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы деген пікір
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл
пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз
ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал
қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне
түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық
дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз
емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін
есте ұстағаны жөн.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір
ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып,
оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен
конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады.
Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер
(А.Бэн, В. Вундет, Д. Милль, Т. Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын
диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте
ұстау) зерттеу керектігін айтады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық
жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа
жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. 
Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана
жақсы мұғалімге байланысты.  
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға
болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет
ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер
бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Көкейкестілігі: Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа
тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни
дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар
жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта
дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу –
тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі
болып отыр.
Мақсаты: Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін
жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау.
Міндеті:
- Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
- Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін
жиыстыру.
- Дарынды балалар мен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және олардың
өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау;
Зерттеу пәні: Математика пәні.
Зерттеу объектісі: Математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық
қабілеттері.

І. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін
жұмыстар

1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық
зерттеулер

Дарындылық – адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі. Талантты,
дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген
елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау
мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды.
Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне
көшкені мәлім. Ол Францияда, Германияда, Америкада, Жапонияда т.б. елдердің
білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы
топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің
орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз.Өмір сүретін орта,
берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны
мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды
бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез
келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық
мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын
енді тауып келеді.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа
берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды
дарын емес деп кім айта алады?
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы,
универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен
бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие
болады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қолға алынып, жүйелеуден өтіп
жатқан Дарын бағдарламасының педагогтер алдына қойып отырған мақсаты –
тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін
танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар
тудыру.
Жалпы Республикалық Дарын ғылыми-практикалық орталығының
бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін
ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай
шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау,
дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін,
ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз
болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі
мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы
жатады.
Біз балаға қабілетті деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан.
Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің
ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік
қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр
адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі
болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе,
оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы: біреу қолға алған ісін тез
бұрқыратып тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте
баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды.Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға
қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде
күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.Тәжірибе мен парасат адамдардың
тең емес екенін дәлелдейді.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады.Анатомиялық
нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке
жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі
қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол
тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан
қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп
атайды.Дарынды балалар мектеп бағдараламасын жылдам меңгереді. Зеректік,
байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады . Мысалы, Ч.Дарвин
көп уақытын көбелек қуып коллекция жинауға бөлген екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда
олардың санасының барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы
онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен
келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен
тәрбие.
Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе
соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше
қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның
өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін, дейді америкалық ғалымдар.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім берудің тиімді
жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі заманның
көкейкесті мәселесіне айналған.
Сол мәселелерді шешудің бірден-бір жолы педагог қауымның іс-
тәжірибесін жарыққа шығару.
Елбасымыз Заманымыз – мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді.
Білім алудың ішінде ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім, - дегені.
Шығармашылық үшін икемді жас – орта буын.Бұл жастың ерекшелігі ойлау
процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял,
сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан
дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми
бағыттары ескеріліп,негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:
- дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен
бұқаралығы;
- дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және
әлеуметтік факторларды ескеру;
- дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
- дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын
қолдану;
- жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды
одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
- дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
- инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту;
- дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.
Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше
болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған
талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог
мұғалімдер,сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.
Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;
- жүйелі бағдарламада (кезеңдермен);
- мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;
- бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.
Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін
жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп
отыруы тиіс.
Дарынды бала (ғылымда бұларды вундеркиндтер) мәселесі жөнінде әлемдік
психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес.
Өкінішке орай, оларды іздестіріп тауып алу, сондай-ақ, оқытып-тәрбиелеу
жағы қазақ жұрты бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе.
Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы
болатын факторлар да жеткілікті. Соның бірі көптеген мұғалімдер мен
тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық білім жүйелерінің саяздығы,
олардың жұмыс басшылығы, қабілетті шәкірттермен дербес жұмыс жүргізуге
уақыт бөлмеу т.б. Осы айтылғандар әр ауыл мен мектептен ұшырасып қалатыны
белгілі.
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасалып жатқан қазіргі кезеңде
республикамыздағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды
балалар үшін ашылған оқу орны әрине, мұндай оқушылар ел болашағы, оның
интеллектін (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резервы.Сондықтан да жер-жерден
бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс.Оларды баулып,қамқорлыққа
алу – баршамызға ортақ, халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де
қандай қоғамның болса да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлығы.
Дарындылық – адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс- әрекеттің
ерекше өрістеуіне себепкер болатын адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі,
арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі.

1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын
талаптар

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Демек, қай елдің
болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық
білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық
салаларындағы жағдайы түбірінен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту,
тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы – ұрпағында
болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды
азамат тәрбиелеу.Толыққанды азамат тәрбиедеу үшін ақыл-ой тәрбиесі,
имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар
экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек,
оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық
педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда
ұлтымыздың асыл перзенті Мағжан Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: Ұлт
тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір
тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті. Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей,
білім берем деу бекер әурешілік.
Осыдан 5 жыл бұрын сіздер мен біздер үшін дарындылық мәселесі,
дарынды бала, оны анықтау, олармен жұмыс істеутың тақырып еді.Мемлекеттік
деңгейде бағдарлы қолға алынған бұл игілікті шара өз нәтижесін бере
бастады.
- Ең бастысы – бала мектеп қабырғасында жүріп,өзіне деген үлкен
сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қолдауды сезініп, көруде.
- Дарынды балаларды шығармашылық жұмысқа баулудың әдіс-тәсілдері,
жолдары зерттелді.
- Бала дарынын дамыту үшін білім беруге жаңа мазмұн беріліп, озық
технологиялар енгізіле бастады.
- Дарынды балаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарында ізденіс жұмыстарындағы
ерекше шығармашылық қабілеттерін іске асыруда қамқорлық
көрсетіліп,жағдай туғызылды.
Ұстаз болу жауапты да, әрі қиын мамандық, оның үстіне жас өркеннің
бойындағы табиғат берген ерекше құбылысты, дарындылықты тани білу,дұрыс
бағыт-бағдар бере білу екі есе қиын. Ұстаз деген мәртебелі атқа ие болған
кез-келген адам осындай ерекше құбылыспен бетпе-бет келгенде қателіктер
жіберуі мүмкін.
Дарындылық – ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі.Ол өзіне
танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді білдіреді. Сондықтан
табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін
қоршаған ортамен тығыз байланыста,ерекшеліктерін екшеуде жас мөлшері,
қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек.
Д.Ж.Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың
үйлесімділігі: жоғары интелектілік, преативтілік және нәтижеге жетудегі
ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса адам дарын ретінде
қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете
алмайды.Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал
преативті қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен
шектеледі. Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып
отырады.Бала өз қалауымен бастаған ісін жетілдірсе, дамыта ұйымдастырса, ол
– шығармашылық, яғни дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету
ынтасын қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.
Дарындылықты анықтау үшін әр түрлі деректерді, бақылау бағалау нәтижелерін,
тест, трекинг әдістерін қолдануға болады.Дарынды балаларды анықтау үшін пән
мұғалімдері балаларды сабақ үстінде, әр түрлі істермен айналысу барысында
бақылау, ата-анасымен әңгімелесу, жолдастарымен әңгімелесу арқылы, тест,
трекинг қорытындысына қарай анықтайды.
Әр пән мұғалімдері әрбір оқушыға арналған педагогикалық-психологиялық
карта жүргізіп,осы картаны толтыру барысында диагностикалық жұмыстар
жүргізіп,әрбір оқушының зейінін, есте сақтау қабілеті,логикалық ойлауы,
интеллектуалдығы,шығармашылық жұмысқа бейімділігі бағаланады. Осы зерттеу
жұмыстары қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеп топтастыруға ықпалын
тигізеді. Мысалы, шығармашылық жұмыс бейімділігін анықтау үшін Кочетовтың
тестін қолдануға болады. Тест көмегімен оқушының әлеуметтік жағдайынан
бастап шығармашылық бейімділігін де анықтауға болады.
Сонымен қатар оқушы дарындылығын, ізденімпаздығын тудыруда оқушылардың
ғылыми қоғамның маңызы өте зор.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім
баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Балаға
білімін тереңдетуде, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді,
көмектеседі, көп жағдайда оқушының болашақ кәсіптіктағдыры мұғалімге
байланысты деуге болады. Қазіргі кезде дарынды балаларды анықтауға,
қолдауға, дамытуға көп мән беріліп отырғанына қарамастан мұғалімдерді
дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындау мәселелері қарастырылмаған.
Мектептерде мұғалімдердің бұл мәселеде тәжірибелері аз,тіпті жоқ деуге
болады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер өте аз. Сондықтан әр мұғалімнің
дарындылықты анықтау, дамыту, зерттеуде өз көзқарасастары қалыптасқан.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдерге
тән кейбір педагогикалық-психологиялық жағдайлар:
- Мұғалімдер дарынды балалардың ішкі дүниесіне үңілмейді, немқұрайлы
қарайды.
- Тіпті кейбір дарынды баланы жақтырмайды, себебі ол мұғалім беделіне
қауіп төндіреді.
- Олардың ерекшеліктерін, диагностикалау әдістерін білмегендіктен
дарындылықты анықтауда төмен көрсеткіштер көрсетеді.
- Дарынды балаларға көңіл аударғанымен, жұмысты ұйымдастыру әдістерін
білмейді, тапсырманың санын көбейту тактикасын қолданады.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер
дарынды балаларға арнайы бағдарламалар құра біледі, өз бетімен жұмыс
істеуге баулитын, шығармашылық ізденісін тудыратын, практикалық тапсырмалар
мен есептердің стандартты емес шешімдерін таба білуге баулитын әдістер
қолдана біледі. Қажетті материалдарды іріктеу, оқытудың әдіс-тәсілдерін
таңдауда сабақ міндетін ашуда, даралап дифференциалды оқытуда педагогикалық
жұмысты тиімді ұйымдастыра біледі. Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы
үшін интеллектуалы жоғары тұлғалар керек, сондықтан мұғалімдердің дарынды
балалармен жұмыс істеуі үшін арнайы дайындықтан өтуі, өз бетімен білімдерін
көтеру керектігі заман талабы. Дарынды балалармен жұмыс істейтін
мұғалімдерге қандай педагогикалық-психологиялық талаптар қойылады?
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің педагогика
кафедрасының профессорлар тобы құрастырған Педагогикалық білім
концепциясы дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалім қасиеттері деп
төмендегі мына белгілерді анықтайды:
І. Мұғалімнің кәсіптік бағдары.
- Дарынды балалармен жұмыс істеу заман талабы екенін түсінуі;
- Балаға деген сүйіспеншілік, ерекше қабілетті балаға деген жағымды
қарым-қатынасы;
- Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырудың нәтижелі жолдарын
іздестіруді қызығуы, қажетсінуі;
- Дарынды балаларменжұмыста жоғары көрсеткішке ұмтылуы;
ІІ. Дарындылық, педагогикаық процесс туралы білім.
- Өз пәнін мемлекеттік стандарт көлемінен артық білуі;
- Тұтас педагогикалық процесс туралы білімінің болуы;
- Дарынды бала ұғымының білінуі;
- Жеке тұлға туралы, оның шығармашылығы, оны дамыту жолдары туралы
теориялық білімнің болуы;
- Дарындылықты анықтау әдістері туралы білімнің болуы;
ІІІ. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі.
- Кластағы педагогикалық процесті диагностикалау әдістерін білуі;
- Дарынды балаларды анықтау әдістерін білуі;
- Дарынды балаларға арналған қосымша бағдарламалар жасақтай білуі
(топтық,жеке);
- Ерекше қабілетті оқушыларға шығармашылық ізденіске және зерттеуге
есептер мен тапсырмалар таңдай білуі;
- Жаңа оқу технологияларын қолдана білуі;
- Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық түрде сауатты құра білуі;
- Дарынды баланы оқытудың нәтижесін бағалай білуі, қорытынды жасау,
қорытындыға сәйкес шешім шығара білуі;
- Дарынды балалармен қосымша сабақ өткізе білуі.
Міне, дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалімнің бойынан
табылуға тиіс қасиеттер осы болса, оның іске асуын бағалау деңгейлері
төмендегідей:
1. Дайындығы төмен деңгейдегі мұғалімнің өз пәні бойынша білімі
мемлекеттік стандарт деңгейінде ғана, оқу процесін репродуктивті деңгейде
жүргізеді, оқу-тәрбие жұмысын диагностикалауда тек үлгерімін ғана көрсете
алады. Дарынды балалармен арнайы жұмыс жүргізбейді.
2. Орташа деңгейдегі мұғалім. Пәнін тек мемлекеттік стандарт көлемінде
біледі.Оқыту тәсілі – оқулықтан терңдетілмеген деңгейде. Дифферециалды
жұмыс істемейді, қабілетті оқушыға оқулықтан ғана тапсырма береді. Дарынды
балаларда диагностикалау жұмысын жүргізбейді. Дарынды баламен арнайы жұмыс
жүргізбейді.
3. Ортадан жоғары деңгей – төмен және орташа деңгейден айырмашылығы
қабілетті оқушыны мектеп олимпиадаларына шығара алады, кейбір кеңестер бере
алады.
4. Жоғары деңгейде – оқу-тәрбие процесін шығармашылық негізде құра
біледі.Педагогикалық процесті диагностикалаумен қатар кейбір психологиялық
әдістерді қолданып,дарындылықты анықтай алады. Қосымша тапсырмалар
ұйымдастыра біледі, ата-анасымен байланыс жасайды. Бірақ арнайы дайындығы
жетпегендіктен толық дарындылықты дамытудың арнайы бағдарламасын жасауда
қиналады.
5. Өте жоғары деңгей. Мұғалім оқу-тәрбие процесін диагностикалық
тұрғыда басқара біледі. Оқу процесінде оқушылар арасында әр түрлі формада
танымдық қызметін ұйымдастырады. Оқытудың оқушы белсенділігін арттыратын
технологияларын тиімді қолдана біледі. Дарынды балалармен арнайы жұмыс
жүргізіледі. Қосымша бағдарлама жасақтап, шығармашылығын дамыту
тапсырмаларын дайындайды, күнделік жүргізеді.Онда дарынды баланың дамуы,
жетістігі, зерттеуі жазылып отырады. Балалардың конкурсқа, олимпиадаға
қатысуына жетелейді. Баланың ата-анасымен жұмыс жүргізеді.
Міне, жоғарыда айтылып өткен дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімге
дайындық көрсеткіштерін білу мұғалімге өз білімін жетілдіруіне, ізденуіне
бағыт-бағдар беру болады. Психологиялық-педагогикалық талаптар мұғалім
жұмысына, ғылыми зерттеуіне және шығармашылық ізденісіне ғылыми тұрғыда
құруына негіз болады деп ойлаймыз.

ІІ. Математика сабағында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

2.1 Математика сабағында дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс
жасау ерекшеліктері
 
Бүгінгі таңда мектепте  жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды
балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт
артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім
алуда. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен
айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті
осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі
өзекті мәселенің бірі.
Дарынды оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жүйесін 4
деңгейде іске асыруға болады. 1 деңгей – математика сабағының
үстінде. Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын,
дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр.
2 деңгейде - тереңдетіп оқытатын сыныптар, бағдарлы сынып,
гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары арқылы дамыту. Бұл сыныптарда негізгі
даму компоненті ретінде авторлық бағдарламалар арқылы жүргізілетін арнайы
курстар болып отыр.
3 деңгей - сыныптан тыс жұмыстар, факультатив, үйірме, қосымша
қызметтер арқылы дамыту.
4 деңгей - оқушылардың ғылыми қоғамы. Қоғамға олимпиадаға дайындық
жұмыстары жүретін клубы, оқушыларды ғылыми - зерттеу жұмыстарына
қызығушылығын қалыптастыру мақсатында ғылыми жобалар клубы, шешендік өнерін
қалыптастыратып, арттыратын дебат клубы және Дарын интеллектуалдық
орталығына қатысатын оқушылар кіреді.
Математикадан үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге
қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада, логикалық есептерді талдай
отырып шығартуға болады. Бұл олардың ой-өрісін математикалық қабілетін
дамытудағы тура жолдың бірі.
Жалпы түрде алғанда, оқушылардың математикаға қабілеттілігі туа
бітетін заңды жағдай. Оқушылардың қабілеттіліктері негізінен 3
компоненке  бөлініп қарастырылады: алгоритмдік, геометриялық, логикалық.
Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептер берілуі
керек. Мұндай есептерді біртіндеп шығару арқылы оқушылардың математикалық
есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол себепті олимпиада есептерін таңдап
алып шығарудың маңызы ерекше. Кейінгі кезде математикалық ойын
түріндегі есептер жиі кездеседі.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында Оқушының дарындылығын дамыту
картасы жасалынуы тиіс. Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке
тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының
субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. Дарындылықты дамыту
картасының тәжірибелік маңыздылығы дарынды оқушының шығармашылық даралығын
дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы және
мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.
Дарындылықты дамыту картасы бірнеше бөлімдерден тұрады:
- Оқушы туралы жалпы мәлімет;
- Оқушының дамуын және дарындылығын анықтау;
- Психологиялық бақылаулар нәтижесі;
- Оқу іс-әрекеті. Рейтинг жүйесі;
- Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар;
- Шығармашылық жұмыстар мен жетістіктер.
Дарындылықты дамыту картасымен жұмыс жасау бес кезеңнен тұрады:
1) Мәліметтер жинау және қорытынды жасау кезеңінде оқу үрдісінің
барлық субъектілері қатыса отырып, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарына
толық сипаттама беріледі.
2) Әрекет жоспары. Дарынды оқушыны дамыту және өзін-өзі дамытуда көмек
және қолдау көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне түзетулер енгізу. Бұл
кезеңде аралық нәтижелер таңдалады.
4) Даму динамикасы, мұнда жеке тұлғаның даму нәтижесі және оқу іс-
әрекеті қарастырылады. 5 кезең.Бағдарлама субъектілерінің іс-әрекетінің
тиімділігін бағалау. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе
дарындылық белгілері психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып
келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып
олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл
айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму
қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты.
Жалпы, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын
вербальді тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Дарынды балалармен
жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі заман
талабы. Ал ол қандай болуы керек? деген сауал туындауы да мүмкін ғой.
Бірінші кезекте дарынды балаларға арналған арнайы бағдарламалар болуы
тиіс. Оған қойылатын талаптардың мазмұны келесідей:
- оқушылар таңдаған тақырыптарды тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің
болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара
отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- абстрактілі-логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру; - алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдану
арқылы жаңа жұмыстар табуға ынталандыру;
- өзін-өзі танып білу, өз мүмкіндіктерін сезіну, өзге адамдардың жеке
ерекшелік-терін түсіну қабілеттерінің дамуына әсер ету;
- әр түрлі критерийлермен жұмыс нәтижелерін, жұмысын бағалай білу.
Дарынды балаларды оқытудың мақсатты бағдарламасы барлық талаптарға
жауап беруі тиіс.
Екіншіден, оқыту мазмұнын өзгерту немесе байыту, яғни тереңдетумен
байланысты. Бұл жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу.
Дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге
мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе
бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі.
Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға
болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.
Бүгінгі таңда дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған
ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің
жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен
жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.
Қорыта келгенде мектепте дарынды оқушыларды анықтау және
оларды  қолдау оқытушы мен психологтың үлкен шеберлігін қажет етеді.
Қазіргі уақытта білімді, зерделі де зейінді дара тұлғаның бойындағы
жеке қасиеттерді дамыту үшін арнайы бағдарламалар мен сан алуан іс-шаралар
жүзеге асырылып жатқан сияқты. Дегенмен де, осы бағытта мына біздер,
ұлағатты ұстаздар, одан да тереңірек әрі белсендірек өз үлестерімізді
қосуымыз қажет деп ойлаймыз!!!

2.2 Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде бастауыш сынып мұғалімінің
математика сабағында тәрбие процесін ұйымдастыру

Талабы таудай, қабілет қарымы мол ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат
игілігіне үлес қоыс жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты жүйеленген
әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Дарындылықты дамыту ұстаздарға, мектеп
әкімшілігіне, ата-аналарға байланысты. Осы орайда құрылған дарын мектеп-
интернаттарының негізгі міндеті: қала облыс көлемінде ерекше қабілетті
балаларды іздеу, қабілеттілігінің бағытын анықтау және оны әрі қарай дамыта
түсу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру. Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу
кезеңдеріне бөлінеді:
1-кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау жүйесін құру.
2-кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау жүйесін құру.
3-кезең. Қабілетті оқушымен жеке жұмыстар жүргізу арқылы оның білім
дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамыта түсу жүйесін құру.
Дарындылықтың дамуы, нәтижелі болуы біріншіден мұғалім еңбегінің
көрінісі, ал екіншіден оқу жоспарының дұрыс құрылып, жүйелі түрде іске
асырылуында. Мұғалімнің оқу -тәрбие жұмысын ұйымдастыруда педагогикалық
шеберлігінің маңызы зор. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше
түрі бар. Мұғалім ең алдымен ғылыми философиялық ілімді табандылықпен оқып-
үйренуі тиіс. Өйткені мектептегі оқу және тәрбие жұмысының жемісті , әрі
нәтижелі болуы мұғалімнің жалпы сауаттылығы мен идеялық ұстанымдылығына
байланысты. Мұғалім мамандығы бойынша өз пәнін қазіргі ғылым мен техниканың
өскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Бастауыш сыныптарда
мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің
дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен
бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке
ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге
ойластыра жүргізгені дұрыс. Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттілігін, оның
оқу материалдарын тез ұға алушылығымен. ғана байланыстырады. Бұл жерде
мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттернне
байланысты табиғатынан баяу (флегматиктер мен меланхоликтер) болып келетіен
балаларда аз емес. Осындай баяу лйланып жауап беретін балалар
қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл идеоглогиялық тұрғыдан өрескел
қате болып есептеледі.
Бала дарындылығын тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен
түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға оқушылардың жас және дара
ерекшеліктері, туған жері мен отбасы жағдайына байланысты жүргізе білу
әрбәр мүғалімнің жеке шығармашылық ісі.
Әдетте, дарынды балалардың қабілеті басқа оқушылардан ерекше болады.
Дарынды балалардың қабілеттерін ойдағыдай дамыту үшін қабілеттерінің қандай
дәрежеде қалыптасқанына зер салғаны абзал.
Мұғалімнің оқу –тәрбие жұмысындағы әдіс – тәсілдердінің қай – қайсысы
болсын, оқушылардың сана – сезімін. Ақыл – ойын дамытуды мақсат ететін
болғандықтан дарынды оқушылардың ерекшеліктерін біліп, санасып отыру керек.
Қазіргі таңда Векслер Равиннің интелектуалды зерттеуге арналған тестісі
бойынша түрлі зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дарынды оқушылар мен жұмыс
жүргізуде олардың жеке ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан бірнеше
бөлікке бөліа қарастырады. Оның құрамындағы ең басты бөлік – оның бағыты
(өмірлік позициясы, сенім, талғамы, қызығуы);
Екінші бөлік – жеке адамның танымдық – психикалық қасеттері (зейін,
түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял).
Үшінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Математиканы оқыту процесінде дарынды балалардың даму мәселелері
Дарынды балалармен жұмыс жасағанда мұғалімнің қызметі
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Пәндер