Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері



Кіріспе
1. Етістіктің лексика.грамматикалық сипаты
Негізгі бөлім
1.Етістік түбірінің семантикалық ерекшеліктері
1.1.Негізгі және көмекші етістіктер
1.2.Аналитикалық форманттар
1.3.Сипат мәні
1.4.Қалып етістіктерінің ерекшеліктері.

2.Етістік категорияларының ерекшеліктері, түрлері.
2.1. Етістіктің сабақтылық.салттық категориясы
2.2. Етіс категориясы, мағыналық және тұлғалық сипаты
2.3.Етістіктің болымды.болымсыз категориясы
2.4.Рай категориясы
2.5.Есімше және көсемше
2.6.Етістіктің шақ категориясы.
2.7.Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы.

Пайдаланылған әдебиеттер
Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді таптастырудың негізгі үш приципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде етістік те өз алдына жеке сөз табын құрайды.
Етістік – сөз таптарының ішінде ең көлемді де күрделісі болып саналады. Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың қат-қабаттылығынан, грамматикалық категориялардың әр-түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратың синтаксистік қызметінен, т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістік зат есім секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған сөз табы.
Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр-түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Кейбір еңбектерде етістікке «қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы» (Маманов. ҚҚТ. 8-б.) деген анықтама беріледі. Дұрысында, «етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді, қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары ғана (қимыл есімі немесе тұйық етістік) білдіреді. Етістіктің семантикалық өрісі кең. «Оның себебі,-дейді А.Ысқақов, - ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй, сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады». (ҚҚТ,233). Етістіктерді іштей мағыналық, функциялық сипатына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Мысалы: А.Ысқақов оларды: амал-әрекет етістіктері, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, жылжы), қалып-сапа етістіктері (жат, тұр), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, жатты), өсу-өну етістіктері (балала, гүлде), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кет, әкет), көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген сияқты топтарға бөлсе (ҚҚТ, 235) академиялық грамматикада:
1. Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: (же, іш, майла, жүр, көр, оқы) т.б. сабақты етістіктер.
2. Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын болатын етістіктер: (кел, кет, түс, шық, жина, тара, тарқа).
3. Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: (ұйықта, оян, азай, көбей).
4. Бейнелеу етістіктері: (едірей, жыми, ырсылда, қызараңда, сайра)
5. Ішкі объектілі салт етістіктер: (құлында, гүлде). (ҚТГ, 127-128).
1. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. А, 1971.
2. Аблақов Ә. Меңгеріле байланысқан етістіктің сөз тіркестері. А,1986.
3. ҚТ. Энциклопедия. 329-б., 333-334-б., 120-121-б.
4. Исаев С. ҚҚТСГС. 1998. 168-183-б.
5. Төлеуов, Сөз таптары. А,82-72
6. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. А, 1951.
7. Исаев С.М. «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтың мазмұны (мет. құрал). А,2003. 81-85-б.
8. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А,1966. 8-32-б., 89-116-б., 34-53-б.
9. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А,1992. 120-128-б.
10. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А,1974. 233-241-б., 310-316-б., 293-295-б.
11. Қазақ тілінің грамматикасы. І Морфология. А,1964. 124-154-б., 178-189-б., 162-176-б.
12. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1985
13. Исаев С.М. Из истории розвития послелогов дейін, шейін и аффиксов –ша/ше, –дай/дей в казахском языке. ҚТ мен әдебиеті. 1970. VII шығуы. 114-125-б.
14. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. А,1953. 39-114-б.
15. Омарбеков С. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА-ның хабарлары, филология және өнертану сериясы. 1960. №1.
16. Оралбаева И. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы және қазақ мектебі. 1971. №4. 89-92-б.
17. Оралбаева И. Етістіктің жіктелуі және қазақ мектебі. 1963, №2.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
13
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Орындаған:

Мазмұны:

Кіріспе
1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Негізгі бөлім
1.Етістік түбірінің семантикалық ерекшеліктері
1.1.Негізгі және көмекші етістіктер
1.2.Аналитикалық форманттар
1.3.Сипат мәні
1.4.Қалып етістіктерінің ерекшеліктері.

2.Етістік категорияларының ерекшеліктері, түрлері.
2.1. Етістіктің сабақтылық-салттық категориясы
2.2. Етіс категориясы, мағыналық және тұлғалық сипаты
2.3.Етістіктің болымды-болымсыз категориясы
2.4.Рай категориясы
2.5.Есімше және көсемше
2.6.Етістіктің шақ категориясы.
2.7.Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты дегенде, алдымен, лексикалық мағынасының жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағынасы, екіншіден, грамматикалық түрлену жүйесі яғни сөйлеу процесінде пайда болатын таза грамматикалық мағыналар мен оны білдірудің парадигмалық формалар жүйесінің жиынтығы, үшіншіден, сол топқа тән сөйлемдегі синтаксистік қызметі негізге алынады. Яғни белгілі бір сөз табының лексика-грамматикалық сипаты сөздерді таптастырудың негізгі үш приципіне негізделеді. Осы жағынан келгенде етістік те өз алдына жеке сөз табын құрайды.
Етістік - сөз таптарының ішінде ең көлемді де күрделісі болып саналады. Етістіктің ең күрделі сөз табы екендігі оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формалардың қат-қабаттылығынан, грамматикалық категориялардың әр-түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратың синтаксистік қызметінен, т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістік зат есім секілді көне (сөз табы), басқа сөз таптарын жасауға негіз болған сөз табы.
Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр-түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Кейбір еңбектерде етістікке қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы (Маманов. ҚҚТ. 8-б.) деген анықтама беріледі. Дұрысында, етістік қимылдың атын емес, нақ өзін білдіреді, қимылдың атын етістіктің кейбір тұлғалары ғана (қимыл есімі немесе тұйық етістік) білдіреді. Етістіктің семантикалық өрісі кең. Оның себебі,-дейді А.Ысқақов, - ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай, күй, сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады. (ҚҚТ,233). Етістіктерді іштей мағыналық, функциялық сипатына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Мысалы: А.Ысқақов оларды: амал-әрекет етістіктері, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, жылжы), қалып-сапа етістіктері (жат, тұр), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, жатты), өсу-өну етістіктері (балала, гүлде), бағыт-бағдар етістіктері (бар, кет, әкет), көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген сияқты топтарға бөлсе (ҚҚТ, 235) академиялық грамматикада:
1. Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер: (же, іш, майла, жүр, көр, оқы) т.б. сабақты етістіктер.
2. Субъект қозғалысын, беталыс, бағытын болатын етістіктер: (кел, кет, түс, шық, жина, тара, тарқа).
3. Субъектінің қалпы, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер: (ұйықта, оян, азай, көбей).
4. Бейнелеу етістіктері: (едірей, жыми, ырсылда, қызараңда, сайра)
5. Ішкі объектілі салт етістіктер: (құлында, гүлде). (ҚТГ, 127-128).

Негізгі бөлім
1.Етістік түбірінің семантикалық ерекшеліктері

Етістіктер басқа да мағыналы сөз топтары сияқты түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп жүрміз. Бірақ етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар. Ең алдымен ол ерекшелік, С.М.Исаев көрсеткендей,- етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ тілінде етістіктің түбір тұлғасы сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың жекеше ІІ-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сондықтан да қазақ тілінің грамматикасында, етістіктің түбір тұлғасына қимылды білдірумен бірге осындай грамматикалық мағыналар, яғни бұйрықтың және ІІ жақ анайы жекешелік мағына тән көрсетіледі де, етістіктің түбірі - бұйрық райдың екінші жағы деп анықталады. (Төлеуов, Сөз таптары. А,82-72).
Төлеуов: Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі ІІ жақ бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады,- дейді (Т,72).
Демек, ІІ жақ бұйрықтық мағына деген ұғым мен етістіктің түбірі бір ұғым болып түсіндіріледі.
Бұл анықтама бойынша етістіктің түбірі деген ұғым мен бұйрық райдың жекеше ІІ жақ формасы деген ұғым бір де, бұйрық рай етістіктің грамматикалық түрлену жүйесінің бір көрінісі емес, түбірге ғана тән семантикалық-грамматикалық сипат деген қорытынды туады. Ал дұрысында, профессор С.М.Исаев көрсеткендей, біріншіден, бұйрық райдың жекеше ІІ жақ формасында тұрған етістіктің бәрі бірдей түбір бола бермейді: сен кел, оқы дегендерді түбір деп танысақ, ал келтірме, оқытқызба дегендерді де түбір деп тану керек, екіншіден бұрықтың мағына түбірге тән грамматикалық мағына болса, яғни, ол грамматикалық түрлену формалары арқылы берілмей, түбірде әуел бастан бар және грамматикалық мағына болса, осы тұлғаның үстіне қосылған түрлену формаларында жұмсалғанда да, ол мағына сақтала беру керек, бірақ қимылдық мағына сақталады да, бұйрықтық мағына сақталмайды: келгенмін, оқыпсың т.б. дегенде ешбір бұйрықтық мағына жоқ. Демек, ІІ жақ бұйрық мағына түбірдің емес, етістіктің арнайы түрлену жүйесінің бір көрінісі болып табылатын таза грамматикалық мағына. Үшіншіден, ІІ жақ бұйрық мағына түбірге тән болса, арнайы грамматикалық формалары бар ІІ жақ сыпайы (сіз келіңіз) және көпше түрдегі бұйрық рай тұлғалары (сендер келіңдер) қайда кірмек? Төртіншіден, рай категориясы етістіктің грамматикалық түрлену жүйесіндегі таза грамматикалық категориясы, ол түбірден бүтіндей бөлек, ал бұйрық рай рай категориясының бір түрі ғана. Бесіншіден, етістіктің түбірі тікелей жіктелмейді, ал ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы - жіктелудің бір грамматикалық, парадигмалық көрінісі болып табылады.
Етістік түбірдің грамматикада көрсетіліп жүрген бір ерекшелігі - олардың тікелей жіктелмеуі. Ал, бұйрық рай ІІ жағы жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Мұның өзі етістіктің түбірі - бұйрық рай ІІ жағы деген анықтаманың қате екендігін, етістік түбірі басқа сөз таптары түбір сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. Ы.Мамановтың Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады, деген пікірінің орынды екенін байқаймыз (М. ҚҚТ. -1-т 65-б).
Демек, етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол - етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі және грамматикалық мағынасы, ал бұйрық рай ІІ жағы - сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын грамматикалық нольдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық мағынасы болып табылады.
Мен бар + айын Біз бар + айық
Сен бар Сендер бар + ыңдар
Сіз бар + ыңыз Сіздер бар + ыңыздар
Ол бар + сын Олар бар + сын
1.1.Негізгі және көмекші етістіктер
Етістік сөйлемде негізгі мәнде де, көмекші мәнде де қолданылады. Жеке тұғанда лексикалық мағынасы бар түрін немесе күрделі етістіктің негізгі мәнін білдіріп тұратын сыңарын негізгі етістік, күрделі етістіктің негізгі мәнін емес, грамматикалық мәндерін білдіретін сыңарын көмекші етістік деп атайды. Көмекші етістіктің мәнді, мәнсіз (Ы.Маманов) немесе толымды, толымсыз (Ысқақов) түрлері болады.
Мәнсіз етістіктер - е, ет, жазда, де.
Мәнді көмекші етістіктер: өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын түбір етістіктер тұлғасындағы атауыш сөздер (барып келгелі, үре бастады).
Толымды көмекші етістіктер: ал, бар, бер, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жүр, жөнел, жібер, кел, қал, таста, тұр, шық, қыл, ет (259. Ысқ.. ҚҚТ).
Толымсыз көмекші етістіктер: е (еді, екен, емес). Бұл көмекшілер өздері тіркескен сөздерге ешқандай да лексикалық мағына я реңк үстемейді, тек грамматикалық мағына ғана жамайды.
Түрлері
Ережесі
Мысалы:
1.Мәнсіз көмекші етістіктер
Сөйлемде дербес қызмет атқара алмайтын, лексикалық мағынасы жоқ, тек басқа толық мағыналы атауыш сөздермен тіркесіп, солардың шылауында қолданылып, соларға грамматикалық мағына үстейді. Кейбіреуінің лексикалық мағынасы бүтіндей жоқ болса, кейбіреуінде жартылай.
Е, ет, жазда, де көмекші етістіктері.
Е көмекші етістігінің сөздік мағынасы бүтіндей жоқ, жедел өткен шақ, өткен шақ есімше формасымен түрленеді. (едің, еді)
М, Ол кезде жас едім, құлай жаздадым, дір етті
2.Мәнді көмекші етістіктер
Өз алдына лексикалық толық мағына білдіретін, дербес сөйлем мүшесі қызметін атқаратын түбір етістік тұлғасындағы атауыш сөздер.
Кетіп қалу, келе жату, оқып шығу, жүре беру.
М, кітапты үш қайтара оқып шықтым т.б.

Де көмекші етістігі
де етістігі
oo ойлау
oo сөйлеу етістіктері деп аталатын екі топқа бөлінеді, айт, сөйле, болжа, ойла, сөйле етістіктеріне синоним.
oo Семантикасы мен функциясының жан-жақты қолданылу қабылеті жағынан болсын өзге сөйлеу етістіктерінің бірде-біреуі де етістігіне барабар бола алмайды. Өйткені, айт, сөйле... Етістіктері тек өздерінің негізгі қызметтерінің аясында ғана қолданылса, де етістігінің өресі олардан гөрі әлдеқайда кең.
Де етістігінің жетекшілік қызметі де, көмекшілік қызметі де әрі орамды, әрі икемді. Бұл етістік өте жиі қолданылатындықтан, кейде де етістігінсіз тілімізде сөйлеуге болмайтын шығар, оның қызметіне тең түсетін басқа сөз жоқ шығар дегендей ой да, түсінік те оралып отырады.
oo Деп формасы нағыз көмекші болып жұмсалғанда, амалдың әр қилы кезеңдерін және жүзеге асу сипаттарын білдіретін көптеген аналитикалық форманттар жасауға дәнекер болып, сол форманттардың тұрақты компоненттерінің бірі есебінде қызмет атқарады. Ол форманттар және олардың функциялары мынандай:
oo ...деп ал; ...деп бар; ...деп жібер; ...деп кет; ...дей сал; деп таста форманттары, қажетіне қарай, түрленіп, өздерінен бұрынғы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді бұлжытпай айтуға дәнекер бояуларымен қатар, сол хабардың не мақсатпен (...деп бар...), бірден басқа күйге көшу (...деп кет...), ерекше құлшыну (...деп таста...) т.б. мағыналарды білдіретін форманттар есебінде қызмет етеді.
-йын де форманттарына - п қал; -л барады, -п келеді форманттары қосылып, күрделі форманттар (-йын деп қал; -йын деп бар; -йын деп кел) құралады да, олар әрқайсысы жетекші етістікке өздерінше реңк үстейді. Сипаты:
oo -йын деп қал форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу, не аяқталуының соңғы шекке жеткенін білдіреді. М, жұмыс бітейін деп қалды
oo -йын деп барады форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталуға я аяқталуға бет алғанын, соған бірте-бірте көшкенін білдіретін реңк үстейді. М, су тасиын деп барады
oo -йын деп келеді форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың бірте-бірте үдегенін, я кемігенін білдіретін реңк үстейді. М, күн суытайын деп келеді т.б.
-йын де формантына - п тұр, -п отыр, -п жүр, -п жатыр форманттары қосылып, 4 түрлі күрделі формант жасайды:
oo -йын деп тұр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу не аяқталу қарсаңында екенін білдіреді. М, жіп үзілейін деп тұр т.б.
oo -йын деп отыр форманты жетекші етістікке тіркесіп, амалдың басталу не аяқталу қарсаңында екенін білдіреді. М, мен жүрейін деп отырмын. Т.б.
oo -йын деп жатыр форманты өзі тіркесетін жетекші етістікке амалдың дереу болғалы жатқанын білдіретін реңк үстейді. М, Абзал мақала жазайын деп жатыр т.б.
oo -йын деп жүр формантыжетекші етістікке тіркесіп, амалдың субъект жүзеге асыру қамында екенін я жүзеге асыру қарсаңында жүргенін білдіреді. М, осы ойымды сізге айтып қояйын деп жүрмін.
oo -йын деді форманты жетекші етістікке тіркесіп, оған амалдың басталу я аяқталу қарсаңындағы әлі де үдеп кетпегеня дамып үлгермеген немесе үдеуге я бәсеңдеуге бет алған нақтылы бір кезеңін я мезетін білдіретіндей реңк жасайды. М, мен бұдан сескенейін дедім, су таусылайын деді т.б.
oo -йын депті форманты да жетекші етістікке - йын деді форманты жамайтын мағынаны үстейді. Бірақ - йын деді және - йын депті форманттарының екі түрлі форма болғандықтан, мағыналарында сәл де болса айырмашылық бар. Егер сөйлеуші амалдың тікелей басы қасында болса, жетекші етістікке - йын деді форманты қосылады, ал амалдың басы-қасында болмай, іс кезеңдерінің басталу я аяқталуы оның көргенінен, естігенінен, білгенінен бұрын болған болса, онда жетекші етістікке - йын депті форманты қосылады. М, су бітейін деді - су бітейін депті
Де етістігі:
* Жеке сөз я сөз тіркесін, жеке сөйлем я бірнеше сөйлемді, қысқа я ұзақ лебізді болсын, олардың мағыналарын да, формаларын да бұзбай сақтап, сол қалпында айдармай айтуға дәнекерлік етеді
* Айтылмаған көкейдегі сөзді я олардың мазмұнын жарыққа шығаруға дәнекер болады
* Әр қилы грамматикалық формалары, белгілі бір формада жұмсалатын жеке сөзді я сөз тіркесін жекелеп, мағынасын нақтылап, байланысын жымдастырып, сөйлемнің бір мүшесі етуге дәнекерлік жасайды
* Өзінің бұрынғы көсемше және басқа формаларымен тіркесіп, сараламалы етістіктің әр алуан форманттарының қалыптасуына себеп те, негіз де болған
* Көптеген тұрақты тіркестердің қалыптасуына, ол тіркестердің сөйлеу тілінде де қолдануына дәнекер болған.
А.Қ. Жұбанов "Қолданбалы лингвистика: Қазақ тілінің статистикасы" деген кітабында белгілі роман-эпопея "Абай жолындағы" сөздердің қайталану жиілігіне статистикалық талдау жасаған. Сонда бір ғана де көмекші етістігінің абсолютті жиілігі, жиынтық абсолютті жиілігі - 9828, ал қатынастық жиілігі, жиынтық қатынастық жиілігі- 0,02110 болған екен.
Мысалдар:
oo Майбасар көшуден тоқтатам деп әртүрлі сөз айтты. ("Абай жолы")
oo Сүйтіп, иістерің аралассын! - десті.
oo Не қарғысқа ұшырап туып ең!- дей беріп еді, Құнанбай "доғар" дегендей ишарат қылды.
oo -Ішпейміз, жүреміз! - деді.
oo Айтам ғой, "жер тәңірісімін" десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ.
oo Жалғыз-ақ, жұрт жатып қалды, көрісудің орны болмас, десіп өкініп келе жатқан.

1.2.Аналитикалық форманттар.
Аналитизм - (гр.analysis - ыдырау) деген мағына береді. Сөздің аналитикалық формасы негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін негізгі сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы: келе жатыр деген тіркесте негізгі лексикалық мағынаға ие болып тұрған сөз - келе етістігі, ал жатыр етістігінің дербес лексикалық мағынасы бұл тіркесте сақталмаған, ол көмекші морфемаларға ұқсас мағынаға ие болып, соларға тән қызмет атқарып тұр. Белгілі бір сөздердің тіркесінің сөз тіркесі емес, аналитикалық форма болу үшін, оның белгілі бір грамматикалық категориялардың мағынасын беруі керек.
Аналитикалық етістік я аналитикалық тұлға болу үшін, дейді А.Ысқақов,- біріншіден, негізгі етістік, екіншіден, оған қосылатын дәнекер форма, үшіншіден, көмекші қызметін атқаруға тиісті тағы бір етістік қатысуы керек. Аналитикалық етістік кемі осындай 3 компоненттің тіркесуі арқылы жасалады.
Аналитикалық етістік грамматиканың семантикасын білдіріп, оның көрсеткіші есебінде қызмет ететін соңғы екі бөлшегі - көсемше жұрнағы мен көсемше етістік - мағына жағынан да, қызметі жағынан да дәйім бірлікте жұмсалады да бір ғана форма ретінде қызмет етеді. Бұл грамматикалық форма аналитикалық қосымша я аналитикалық формант деп аталады.
Аналитикалық форманттың І компонентінің есебінде көсемшенің й (а, е), ып, (іп, п) жұрнағы қызмет етеді де, екінші компоненті ретінде толымды көмекші етістік жұмсалады.
Әрбір аналитикалық форманттың өзіне тән мағынасы бар:
1. - п, ал - форманты негізгі етістікке жалғанғанда субъект өзге істі қол тұрып, я басқа іске көшпей тұрып, әрекетті әуелі өзі үшін жүзеге асырып алуды қалайтындай мән үстейді: көріп ал, жұлып ал, сыпырып ал, жуынып ал, сөйлесіп ал.
- й ал форманты сол амалды жүзеге асыру я орындау мүмкіндігін білдірерліктей
реңк жасайды. Мысалы: үйден шыға алмадым, бітіре аласың ба?
2. - п бар - амалдың бірте-бірте я үдеуін, я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Мысалы: кетіп барады, тасып барады, бітіп барады т.б.
- й бар амалдың мақсатын не одан жол-жөнекей істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар, қарай бар, сұрай бар.
3. - п бер амалдың бөгде адам үшін істелетінін көрсетеді. Мысалы: айтып бер, жазып бер, алып бер.
- й бер амалдың тоқтаусыз жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: жаза бер, ала бер,көре бер.
4. -п кел -й кел
өсіп келеді қорыта кел
көркейіп келеді сөйлей кел
5. -п сал -й сал
айтып салды ала сал
шығарып салды жаза сал
6. -п кет -й кет
қалғып кетті қисая кет
үсіп кетті құлай кет
Толымсыз көмекші етістіктер де аналитикалық форманттар жасауға қатысады:
- ып еді (айтып еді) - са игі еді (айтса игі еді)
oo қан еді (айтқан еді) - ушы еді (айтушы еді)
oo атын еді (айтатын еді) - а жатқан еді (бара жатқан еді)
oo ар еді (айтар еді)
Көмекші етістіктің қатысымен күрделі өткен шақ категориясын жасайтын мынадай аналитикалық форманттар қалыптасқан:
-ған екен (барған екен).
oo атын екен (баратын екен)
oo ады екен (барады екен)
oo са екен (барса екен)
oo ар ма екен (барар ма екен)
oo мақшы екен (бармақшы екен)
oo а жатыр екен (бара жатыр екен)
oo ып жатыр екен (барып жатыр екен)
тұр, жүр, отыр - арқылы (сөйлеп тұр екен).
Күрделі етістіктер қазақ тілінде өте көп қолданылатын формалардың бірі болып табылады. Олар құрамына және грамматикалық мағынасына қарай үш топқа бөлінеді: (ҚТГ, 155)
1. Есімдер мен еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалатын тіркесті түбір етістіктер: жек көру, таң қалу, ер жету, құр қалу, тарс ету, гүрс ету. Күрделі етістіктің бұл түрі ешқандай грамматикалық үстеме мағына білдірмейді де, лексикалық единица есепті қолданылады. Сондықтан да бұл форма сөз тудыру категориясына жатады.
2. Еді көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалатын күрделі формалар: оқыған еді, көрген еді.
3. Көсемше тұлғасындағы етістікке көмекші етістіктің тіскесуі арқылы жасалатын формалар: оқып шыққан, келе жатыр. Күрделі етістіктер құрамындағы негізгі етістіктің мағынасына қарай Қазақ тілінің грамматикасында үшке бөлінген:
а) кесімді күрделі етістік.
ә) босаң күрделі етістік.
б) бейімді күрделі етістік.
Ал, Ысқақов оқулығында Қалау мәнді күрделі етістік түрі қосылған (63-б)
1. Кесімді күрделі етістіктердің алдынғы негізгі сыңары өткен шақ көсемше формасында жұмсалады, бұл тіркес іс-әрекеттің тиянақты кесімді түрде өтетінін білдіреді: (жеп қой, алып қой, айтып қой).
2. Босаң күрделі етістіктің алдынғысы келер шақ көсемше формасында жұмсалады да, бұлар қимылдың, іс-әрекеттің арнайы емес, жол-жөнекей, екінші бір іспен байланысты өтетінін білдіреді: ала кел, айта бар, кіре шық.
3. Бейімді күрделі етістік мақсатты келер шақ көсемше формасының (-ғалы, -гелі) қалып етістігімен тіркесуі арқылы жасалады: шығарып салғалы келіпті, құлағалы тұр.
4. Қалау мәнді күрделі етістік: ғыгі, қыкі форманты арқылы жасалады: барғым келеді, айтқысы келеді т.б.
1.3.Сипат категориясы.
Қимылдың өтуі, ағымы, мезгілмен өлшенгенде, әр түрлі болады: тез, баяу, ұзақ болуы мүмкін. Мысалы: су қайнады, су қайнап жатты, су қайнап кетті. Бұлардың үшеуі де қимылдың өткен шақта болғанын білдіргенмен, бұлардың арасында семантикалық айырма бар.
Қимылдың осындай өту шегін, ағымын білдіретін етістіктің формасын сипат категориясы дейміз. Сипат категориясы 2-ге бөлінеді: созылыңқы және аяқталған сипат.
1. Қимыл ағымы процесс түрінде өтетіндігін білдіретін етістік формасы созылыңқы сипатқа жатады. Ол көсемше формалы сөздің қалып етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады.
2. Аяқталған сипат - қимылдың, іс-әрекеттің ағымы мен өту шегінің аяқталғанын көрсететін етістіктің бір түрі. Ол көсемше формасының көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалады: қал, қой, таста, шық, сол, жібер, кет, бол, бер т.б: айтып шықты, жеп қойды, ашып тастады т.б.

1.4.Қалып етістіктің ерекшеліктері.
Амал-әрекеттің, қимылдың белгілі бір қалпын білдіретін етістіктер қалып етістіктер деп аталады. Оларға жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктері жатады.
Біріншіден, бұл етістіктер, негізгі етістік есебінде қолданылады: ол отыр, ол әнгіме айтып отыр.
Екіншіден, бұлардың лексикалық мағыналары басқа, көмекші етістік ретінде аналитикалық формант құрағандағы беретін реңктері де әр түрлі.
Үшіншіден, қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап, нақ осы шақ қызметін атқара береді.
Төртіншіден, тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнағы қосыла береді, ал қалып етістігінен өзге етіс форманты жасалғанымен, өздік етіс жасалмайды.
Бесіншіден, тіліміздегі басқа етістіктің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер тіркеспейді, ал қалып етістіктері негізіне тіркеседі: тұр еді, жүр еді. (Ыс.271-272)
Қазіргі тілімізде тек қалып етістіктері тікелей жіктеліп қолданылады. Жіктелуде ІІІ-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың ІІ-жақ тұлғасы сырттай сәйкес келеді: ол тұр, - сен отыр, тек жатыр етістіктері ғана ІІІ-жақта ол жатыр болып, бұйрық райда ІІ-жақта ғана сен жат болып беріледі.
Қалып етістік есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта формасыз қолданылады. Қалып етістіктің бұндай ерекшелігі түбір тұлға емес екендігінен болып тұр. Қазіргі кезде түбір деп танылып жүргенмен, олар етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол тұрұр тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр, жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы - ұр, - үр қосымшалары түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті - процессуалды мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге ие болған.Қалып етістіктері, бір жағынан, нақ осы шақтың көрсеткіші ретінде жұмсалса, екінші жағынан қимылдың, іс-әрекеттің өту сипатын білдіруге бейім тұрады. Көмекші етістік ретінде негізгі етістікпен тіркескенде сыпат мәні анық байқалады: бара жатыр және барып жатыр, келе жүр және келіп жүр т.б.
2.Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұра, сол етістіктер өздерінің мазмұнындағы барлығына ортақ сипат есебінде танылатын семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз табына телінеді. Лексика-грамматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын етістіктерді іштей топ-топқа жіктеуге болады.
Байырғы түбір етістіктерді грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады;
oo Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын тұйық етістіктер жатады. Жетекшілік қызмет атқарады. М, айт, жең, қада, жақ т.б.
oo Лексикалық мағыналарын толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын не жарты, не бүтін жоғалтып, оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп, жәрдемші ретінде қызмет атқаратын түбір етістіктер. М, ет, жат, ал, бар, баста, бер т.б.
oo Өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға ие болып қызмет ететін, көмекші есебінде жүретін етістіктер М, екен, жазда, де, е, еді етістіктері.
Етістік семантикалық мәні айқын болса да, грамматикалық сипаты сан-салалы, түрлену тұлғалары әр алуан сөз табы. Етістік тұлғаларының жүйесін, оның грамматикалық сипаттарын түсіну үшін, етістіктің сөйлемде қолданылу ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Біріншіден, етістік түбір тұлғасында тұрып қолданылмайды.
Екіншіден, етістік жіктеліп барып немесе тұйық етістік, есімше, көсемше түрлерінде ғана қолданыла алады: оқу үшін келді, жүре сөйлесті, оқығалы келді, айтар сөз т.с.с.
Үшіншіден, етістік түбірі қалып етістігі мен бұйрық рай тұлғасын есептелмегенде, тікелей жіктелмейді. Етістіктің түбір тұлғасына үстелетін грамматикалық форманың барлығы бірдей жіктеле бермейді. Мәселен, күшейтпелі етістік (ыңқыра, іңкіре), етіс, болымсыз етістік түрлері тікелей жіктелмей, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғаларының бірі үстелгенде ғана жіктеледі.
Төртіншіден, етістік формаларының белгілі жалғану тәртібі бар: сөйле+т+кіз+бе+й+міз, айт+ыл+ыңқыра+ма+йтың т.б. Рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары етістік түбірге тікелей де жалғана алады: келген, келіпті. Сондай-ақ етіс, күшейткіш етістік, болымсыз етістік тұлғалары бірінің үстіне бірі қосыла берсе, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары бірінен соң екіншісі қосылмай, біреуі ғана жалғанады: сөйле+т+кіз+бе+се+м. Бұның өзі етістіктің басқа тұлғаларына қарағанда, рай, шақ, есімше, көсемше тұлғалары грамматикалық сипаты жағынан қатарлас, реттес, мәндес, қызметтері жақын, ыңғайлас екендігін көрсетеді. Бұл сияқты ерекшеліктерді етістік формаларының білдіретін мағыналық сипатынан да байқаймыз.
Осындай семантикалық, грамматикалық-тұлғалық сипаты және қызметі жағынан етістіктің аталған категориялары бірдей емес. Етістіктің сабақтылық, салттылық, етіс, болымсыз түрлері: семантикалық жағынан етістік түбірінен аз да болса айыруға болады, яғни етістік түбіріне жалғанғанда, оған мағыналық реңк үстейді, ал грамматикалық жағынан түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:
oo тікелей жіктелмейді,
oo сол күйінде тікелей қолданылмайды,
oo сырттай І-жақ бұйрық райдың анайы жекеше тұлғасына ұқсас келеді.
Осындай сипаттарын ескеріп, бұларды (салт - сабақтылық, етіс, күшейтпелі етістік, болымды-болымсыздық) етістіктің лексика-грамматикалық категориялары деп бөліп қарауға болады.
Ал етістік рай, шақ тұлғаларында тұрып, тікелей жіктеледі, өз бетімен қолданылады, түбірге жалғанғанда оның семантикасына ешбір әсер етпей, тек қосымша грамматикалық мағына үстейді. Сондықтан рай, шақ, іс-әрекет, амалдың өту сипаты, жақ категориялары етістіктің таза грамматикалық категориялары деп аталады.
Ал тұйық етістік пен есімше, көсемшелер грамматикалық категорияға жатпай, етістіктің ерекше грамматикалық түрлері болып табылады. Өйткені, тұйық етістік семантикалық жағынан қимылдың өзін білдірмей, атын, атауын білдіреді, грамматикалық жағынан етістікше түрленбей, зат есімше түрленеді, есімше есімдер орнына қолданылса, көсемше үстеу мәнін білдіріп, тікелей жіктеліп қолданылады. Грамматикалық жағынан есімше мен көсемше шақ категориясының грамматикалық көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да бұлар етістіктің грамматикалық категориясы болмай, ерекше грамматикалық тұлғалары болып табылады.
2.1.Етістіктің сабақтылық-салттық категориясы
Етістіктің салттылық және сабақтылық сипаты оның жалпы грамматикалық семантикасына, яғни тура объектіні қажет ету-етпеуіне байланысты. (Ысқ 293)
oo Негізгі түбір деп танылып жүрген оқу, жазу, көру туынды түбір деп танылып жүрген ойлау, шегелеу, ескерту күрделі түбір деп танылып жүрген жек көру, келемеж ету, оқып отыру т.б. етістіктер және әр түрлі тұлға түрлері де сабақты етістік болып табылады, өйткені бұлардың барлығы тура объектіні тікелей талап етеді; онымен тіркесетін табыс септікті зат көрініп тұрады. М, Кітапты оқып шықтың ба?
oo Келгенмін, келсе, ойнасам, келгісі келу т.б. салт етістік болып табылады, өйткені бұлар тура объектіні қажет етпейді, табыс септікті зат есіммен тіркеспейді. М, Асан асықтармен ойнап отыр. Етістік көмектес септігімен тіркесіп тұр.
Жалпы қимыл-әрекетті білдіретін етістіктер объектіге тікелей бағытталуы, тірелуі, сабақталуы жағынан және керісінше, қимыл объектіге бағытталмай, сабақталмай, жанай жүзеге асуы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Табыс септігіндегі тура толықтауышты талап ету, меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай тіліміздегі бүкіл етістіктер салт және сабақты болып екіге бөлінеді. Мағыналық тұрғыдан алғанда, негізінен, адамның еңбек процесін, қимыл-әрекетін білдіріп етістіктер табыс септігіндегі сөздермен тіркесіп, сабақ етістіктер тобын құрайды. Мысалы: ашу, айту, бағу, егу, жазу, себу, теру, кесу, ору, күреу, қамау, мүжу т.б. етістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Етістіктің грамматикалық категориялары
Етістік категориялары
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
Қалып етістіктерінің грамматикалық қасиеті
Етістікті мектепте оқыту
Етістіктің ерекшеліктері
Модификациялық етістіктер
Сабақты және салт етістіктер
Пәндер