Құқықтық норма. Құқық көздері.


Тақырып: Құқықтық норма. Құқық көздері.
Жоспар:
- Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
- Құқықтық норма және құқықтық қатынас.
- Құқықтың қайнар көздері.
- Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозициця - қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.
Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т. б. саладағы нормалар.
Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық,
қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т. б.
Құқық әлеуметтк институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық тамемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталады. Құқықтың пайда болуы-әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) Мононормалардың ( алғашқы қауымдық әдет - ғұрыптардың ) әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) Құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды - нормативтік актілерді - шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық - шығармашылық қызметі;
3) Сот және әкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.
2. Құқықтық қатынастың экологиялық субектілері мен объектілері.
Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды.
Қазіргі заманда құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы ғылыми көзқарастарға байланысты ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады. Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынастар туралы негізгі бағытта тарихи тұрғыдан қарасақ бірнеше ой-пікірлер туындатады. Соның барлығын бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда орын табуда.
Құқықтық қатынастардың белгілері мен мәні, сондай-ақ олардың нақтыландырылған сипаттамалары осындай даулы мәселелерге жататын аужайлар (аспектілер) болып табылады.
Құқықтық қатынастарды тар және кең мағынада қарастыруға болады, яғни оларды заң нормаларымен арақатынастық байланыстары бойынша екі түрге бөліп атауға болады. Құқықтық қатынастарды кең мағынада түсінуді заң пайда болғанға дейін объективті түрде туындайтын әлеуметтік өзара ықпалдасулардың ерекше түрі деп ұғыну қажет. Бұл ықпалдасуларға қатысушылардың бір - біріне өзара қатысы болып келетін құқықтары мен міндеттері болады.
Олар сол құқықтар мен міндеттерін мемлекет тиым салмаған ерекше тәртіп бойынша өз мүдделеріне сай келетін қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүзеге асырады.
Құқықтық қатынасты тар мағынада түсіну оны заң нормаларымен реттелген әлеуметтік қатынастардың бірі деп ұғыну және бұл қатынасқа түсушілердің өзара кірігіп-бірігіп араласып кеткен құқықтарымен міндеттері болады.
Бұл құқықтары мен міндеттерін олар өз мұқтаждықтарын өтеу үшін мемлекеттің кепілдендіруімен (органдар арқылы) ерекше тәртіп бойынша жүзеге асырып отырады. Басқаша айтқанда бұл түрдегі құқықтық қатынас деп заң нормаларының қызмет істеуі, әрекет етуі түсініледі. Белгілі іс-әрекеттерді атқаруға құқығы бар адамдар құқықтық өкілеттілігі барлар, яғни құқыққа өкілеттілер әрекет ету, іс атқару жүктелгендер - міндеттелгендер, яғни міндеттілер деп аталады.
Заңға дейін (заң пайда болғанға дейін) туындайтын құқықтық қатынастар заң нормаларының қайнар көздері болып қызмет атқарады, яғни қоғамдық ерік - ықтиярды қалыптастырады демек, ол мемлекеттік ерікті де құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz