Экологиялық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтары мен объектілері.


Тақырып: Экологиялық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтары мен объектілері.

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң .
  3. Орман мен Су кодексі.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы - Сенат, төменгі палаталы -Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Конституция құрылымы:

  • I бөлім. Жалпы ережелер
  • II бөлім. Адам және азамат
  • III бөлім. Президент
  • IV бөлім. Парламент
  • V бөлім. Үкімет
  • VI бөлім. Конституциялық кеңес
  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

2. Қоршаған ортаны қорғау туралы заң .

Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.

Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;

қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;

табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т. б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;

экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

Олар:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;

- жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

- табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.

3. Орман мен Су кодексі.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Кодексі

Қазақстан Республикасының Орман кодесі 20 тараудан 118 баптан тұрады

1-бөлім. Жалпы ережелер (1-10 баптар)

1-тарау. Негізгі ережелер (1-4 баптар)

2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері (5-10 баптар)

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау(11-21 баптар)

3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару (11-18 баптар)

4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау (19-21 баптар)

3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы (22-42 баптар)

5-тарау. Орман иелену құқығы (22-28 баптар)

6-тарау. Орман пайдалану құқығы (29-42 баптар)

4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру (43-54 баптар)

7-тарау. Орман шаруашылығын ұйымдастыру негіздері (43-54 баптар)

5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі

(55-61 баптар)

8-тарау. Орман орналастыру (55-58 баптар)

9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі (59-61 баптар)

6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы(62-87 баптар)

10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау (62-68 баптар)

11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті (69-70 баптар)

12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру (71-75 баптар)

13-тарау. Орман тұқым шаруашылығы (76-80 баптар)

14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру мен орман өсіру ерекшеліктері(81-87 баптар)

7-бөлім. Орман қорын пайдалану (88-103 баптар)

15-тарау. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау(88-89 баптар)

16-тарау. Орман пайдалануды жүзеге асыру (90-103 баптар)

8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі(104-112 баптар)

17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы(104-108 баптар)

18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру (109-112 баптар)

9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар(113-118 баптар)

19-тарау. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар

20-тарау. Қорытынды ережелер (117-118 баптар)

Су кодексі 1993 жылы қабылданды. Су кодексі 11-бөлімнен, 32-тараудан және 146-баптан тұрады.

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

5-бап. Су объектiлерi

6-бап. Су ресурстары

7-бап. Су қорының жерлерi

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар

2-тарау. Су қатынастары объектілері

11-бап. Су қатынастары объектiлерi

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

13-бап. Жер асты су объектiлерi

14-бап. Теңiз сулары

15-бап. Трансшекаралық сулар

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері

20-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

23-бап. Су сервитуты

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу

5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті

36-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

37-бап Уәкiлеттi органның құзыретi

37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Жер құқықтық қатынастары
Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
Құқық негіздері Оқу құралы
Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі
Жер құқық қатынастары
Шетелдік түлғалар мен азаматтардың табиғат пайдалану құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz