Құқыққа сәйкес мінез-құлық, құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық



Жоспар:
1. Құқықтық мінез.құлық және құқыққа қарсы мінез.
2. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.
3. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері.
Құқықтық мінез-құлық және құқыққа қарсы мінез.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады.
Құқықтық мінез - құлық – адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Құқықтық мінез-құлық және құқыққа қарсы мінез.
2. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.
3. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері.

Құқықтық мінез-құлық және құқыққа қарсы мінез.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады.
Құқықтық мінез - құлық - адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.
Құқыққа қарсы мінез. Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.
Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілікактімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезіретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.
Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының негізіне қайшы келетін борышқордың іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді.
Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққақарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188-бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.

Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық -- биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық -- құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез -- құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық -- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық -- қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық -- объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Формальді -- логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға зиянды әрекет -- әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік байқалады:
1. Заңда құқыққа қайшы деп саналғандардың бәрі де, қоғамға зиянды немесе қауіпті.
2. Қоғамға қауіпті әрекеттің барлығы да, құқықтық нормаларға қайшы деп тыйым салынбаған.
Құқық бұзушылықтың мәні -- оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау -- өте қауіпті қылмыс. Ал біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады. Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы -- ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. -
Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігі, зияндылығының занды көрінісі құқыққа қайшылық деп саналады. Ол іс қимылдың белгілі бір түрінің нышаны ретінде құқық талаптарының саналы түрде бұзылуын білдіреді. Әрекет-әрекетсіздік заңды міндетін орындамау немесе құқықты теріс пайдалану, яғни егер оған құқықпен тыйым салынса және оны жүзеге асырған жағдайда, құқықтық нормалардың санкциясы қолданылуға жатса, бұл құқыққа қайшы деген сөз.
Егер де құқықпен тыйым салынбаса, құқық бұзушылық болмайды. Адамның өзінің тұлғалық құқықтарын қолданбауы, оның жеке қалауына байланысты болғандықтан, құқық бұзушылыққа жатпайды. Керісінше, адамның қоғамға, мемлекет және азаматтардың мүддесіне залал келтіре отырып, құқықтар мен бостандықтарды пайдалануы, құқыққа қайшы әрекет деп саналады.
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық -- құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттер мен байланысты болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқьшы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылу үшін занды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімімен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартгы жағдай. Әрекет қабілеттілік деген адамның өз еркімен саналы тұрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы.(Юнг) -- құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым-қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:

1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуының тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бүған немқұрайды қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайдылықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапкд тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру. Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқьшы.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіие келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-түру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;
- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;
- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.
1. Объект -- құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандай да бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықгың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.
2. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлеуметтік-психологиялық механизмін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық -- құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.
Субъект -- әрекет қабілеттігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл-есінің кемдігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әрекеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен белгілі бір жасқа толу керек. Айталық, қылмыстың жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас, әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтык жауапкершілік 15 жастан есептеледі.
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген. Құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады.
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықбұзушылық түсінігі
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Құқық бұзушылық туралы
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Қылмыс - кінәлі қоғамдық қауіпті қылмыстық әрекет
Құқық бұзушылық түрлері
Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықбұзушылық, онымен күрес
Пәндер