Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 3

1. ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 6

1. 1. Виртуалды және интернет тәуелділіктің пайда болуы, белгілері мен механизмдері . . . 12

1. 2. Жеткіншек шақтағы балалардың виртуалды және интернет тәуелділігінің психологиялық аспектілері . . . 16

2. ЖЕТКІНШЕК ШАҚТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІНЕН АРЫЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ . . . 19

2. 1. Жеткіншек шақтағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері . . . 19

2. 2. Жеткіншек шақтағы балалардың виртуалды және интернет тәуелділігінен арылуының тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі . . . 24

Қорытынды . . . 63

Қолданылған әдебиеттер . . . 65

Қосымша . . . 66

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамдағы өсіп келе жатқан компьютеризация және «Интернетизациямен» байланысты шетелде 1980 жылдарда бастау алған виртуалды және интернетті патологиялық пайдалану проблемасы өзекті бола бастады. Яғни, виртуалды және «интернет-тәуелділік» туралы айтылып отыр (синонимдері: интернет-аддикция, нетаголизм, виртуалды аддикция, интернет әрекет-қылықтық тәуелділік, интернетті артық патологиялық қолдану) . Грифитс, 1995 көсетуі бойынша жоғары технологиялармен байланысты бейхимиялық (әрекет-қылықтық) аддикцияның жаңа формаларын белгілеу үшін М. Грифитс «технологиялық тәуелділіктер» термин ұсынды, ол оны пассивті (мысалы, теледидардан тәуелділік) және активті (интернет-ойындар) деп бөлді.

Соңғы екі онжылдық ондаған миллион адамдардың кәсіби әрі күнделікті өмірінде интернеттің кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Интернет арқылы өмірдің барлық аспектілері жайлы ақпарат алынады, сауда, қарым-қатынас, сексуалдық және ойындық құмарлықтар жүзеге асырылады.

Виртуалды және интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология педагогика, экология және т. б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді.

Қазіргі шақта компьютер біздің өмірдің таптырмас бөлігі, алайда кей кезде біз осы түсті металдың қымбат бөліктерінің еңбекке қабілеттілігінен тәуелді болатындығымызды әрқашан да мойындамаймыз. Қазіргі кезден компьютерлік желілер қызметтің банкілік іс, қауіпсіздік жүйесі, медицина, өндіріс, ғылым сияқты және тағы басқа маңызды салаларға ендірілген. Мұндай сфераларда қателіктер жіберілмейді, ал жіберіліп қойса, қымбат бағамен түзетіледі. Адамның компьютерден тәуелділігі мұнымен шектелмейді.

Сонымен компьютер, бұл зат біздің өмірге салыстырмалы жақында еніп, онда мәңгіге бекітілді. Ендігі бір де бір кәсіпорын, бір де бір оқу орны компьютерлік технологияларсыз өз ісін жүргізбейді. Бір жағынан компьютер өмірді айтарлықтай жеңілдетті, екінші жағынан адамзат компьютерлік ойындар мен виртуалды және интернеттен тәуелділіктің қалыптасуы сияқты глобальды проблемалармен ұштасып отыр.

Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік виртуалды және интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.

Өркениеттілік компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т. б. ) .

Сондықтан да аталған тақырып қазіргі таңда еліміздің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу мәселелері арасындағы ең өзекті мәселелер қатарына жатады деп толық сеніммен айта аламын.

Зерттеу мақсаты: Виртуалды және интернет-тәуелділік құбылысының негізін ашу, жеткіншектік жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу, тәуелділіктің туындау себебін анықтау және оның алдын-алу шараларын іздестіру.

Зерттеу нысаны: Виртуалды және интернет-тәуелділігі және оның жеткіншектік шақтағы көріністері.

Зерттеу пәні: Виртуалды және интернет-тәуелділігіне жағдай жасайтын факторлар, оның белгілері және механизмдері, жеткіншектік жастағы балаларға виртуалды және интернет-тәуелділіктің ықпалы.

Зерттеу болжамы: Егер жеткіншектердің бойындағы виртуалды және интернет-тәуелділіктің алдын алуда жас кезеңдік, жеке дара ерекшеліктері ескерілсе, онда көптеген жағымсыз мінез-құлық көріністерін жағымсыз әрекеттерге тәуелділігін болдырмай, алдын алуға болады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Виртуалды және интернет-тәуелділігінің пайда болу себептері, кезеңдері, белгілері мен механизмдерін ашу.
  2. Жеткіншектің жас ерекшеліктері негізінде интернет тұтынушысы ретіндегі психологиялық аспектілерін түсіндіру.

3. Жеткіншек шақтағы балалардың виртуалды және интернет тәуелділігінен арылу мақсатында тәжірибелік-эксперимент жұмыстар жүргізу

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

  1. Әлеуметтік психологияның өзекті виртуалды және интернет-тәуелділік мәселесі жан-жақты қарастырылып, мазмұны ашылды;
  2. Виртуалды және интернет-тәуелділіктің психологиялық аспектілері: психологиялық және физиологиялық симптомдар, интернет тұтынушылардың мотивациясы, қарым-қатынас жасау ерекшеліктері көрсетілді;
  3. Виртуалды және интернет-тәуелділіктің жеткіншек бойындағы көрінісі анықталып, әсері түсіндірілді;
  4. Жеткіншектің бойында виртуалды және интернет-тәуелділігінің алдын алу және түзету әдістемелері ұсынылады.

Зерттеудің практикалық мәні:

Интернет және компьютерлік ойындардан тәуелділікті анықтауға арналған тест-сұрақшасы; түзету әдістемелері орта мектептегі ұстаздар мен психолог-мамандар, ата-аналар үшін маңызы бар және тәжірибелік әрекетте қолдануға болады.

Зерттеу кезеңдері:

1 кезеңінде 2010-2011 жылдары виртуалды және интернет-тәуелділік мәселесі бойынша ақпараттар, материалдар, теориялық әдебиетер жинақталды. Ғылыми аппарат айқындалды.

2 кезеңде 2011-2012 жылдары виртуалды және интернет-тәуелділігінің пайда болуы, дамуы, оның кезеңдері, белгілері мен механизмдеріне байланысты материалдарға теориялық талдау жүргізілді. Теориялық-ғылыми мәліметтерді тәжірибелік-зерттеу жұмысында қолданып ой қорытындыланды.

Зерттеу базасы: Тараз қаласының № 47 орта мектебінің 8 сынып оқушылары.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

  1. Виртуалды және интернет тәуелділіктің пайда болуы, белгілері мен механизмдері

Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер сферасы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді [6] .

Виртуалды және интернет-тәуелділікпен алғашқы болып өз қызметінде интернетті пайдаланып, қызметкерлерінде онлайнда отырудан патологиялық құмарлық пайда болу салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар, сондай-ақ дәрігер психотерапевттер кездесті. Виртуалды және интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И. Гольдберг. К. Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін адддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И. Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция»терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды.

M. Orzack, 1998 мәліметтерінде М. Орзак Виртуалды және интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдарды бөліп көрсетілген:

Психологиялық симптомдар:

  • көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі;
  • тоқтау дың мүмкін еместігі;
  • компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы;
  • жанұя және жолдастарын елемеу;
  • компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу;
  • өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеіне жалған айту;
  • жұмыс немесе оқудағы проблемалар.

Физииологиялық симптомдар:

  • карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы) ;
  • көз сұйық затының құрғауы;
  • бас ауруы;
  • омыртқа ауруы;
  • уақытында тамақтанбау;
  • жеке гигиенаны сақтамау;
  • ұйқының бұзылуы.

К. Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (Виртуалды және интернет-тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады:

  • электрондық поштаны тексеруге деген бағыттылық;
  • келесі он-лайн сеансына алаңдаушылық;
  • он-лайн уақытын арттыру;
  • итернетке төленеін ақшаның артуы.

Орныққан итернет-аддикцияның белгілеріне К. Янг (2000) бойынша келесі критерийлер жатқызылады:

  • интернетке толық ену;
  • желіде өткізілетін уақытты үнемі арттырып отыру;
  • интернетті пайдалануды тоқтату кезіндегі тынымсыздық сезімдері;
  • уақытты басқарумен байланысты проблемалар;
  • қоршаған ортамен (жанұя, мектеп, жұмыс, достар) проблемалар;
  • желіде өткізген уақыт жайлы жалған айту;
  • интернетті пайдалану кезіндегі көңіл-күй өзгерісі [5] . .

Көрсетілген тәуелділіктің арасындағы таралым 1-5%-ды құрайды (Griffiths, 2000; Young, 1998), ҒТП сәйкес виртуалды тәуелділікке әртүрлі мамандар бейімделуі артуда. Kim et al., 2005 келтірген мәліметтерінде Корей зерттеушілерінің мәліметтері келтірілген және оған сәйкес жоғары сынып оқушыларының 38%-нда Интернет-аддикция бар екенін көрсетті. Ресейдегі (WWW. monitoring. ru) зерттеулер бойынша 1992-2004 ж. ж. жеткіншектер саны 2-25%-ға дейін өсті, яғни жеткіншектер желінің белсенді пайдаланушыларына айналып келуде, осыған сәйкес жастар арасындағы Интернет-аддикция жағдайлар саны да өсуде.

К. Янг (Young, 1998) Виртуалды және интернет-тәуелділіктің 5 негізгі түрін сипаттайды:

  1. Киберсексуалды тәуелділік- порносайттарға кіруге және киберсекспен айналысуға, чаттарда «ересектерге» арналған арнайы телеконференцияларда сексуалды тематиканы талқылау.
  2. Виртуалды танысуларға құмарлық- жанұямен, достармен реалдық қатынастардың орнына вертуалды кибер қатынастарды қалау.
  3. Желіге деген тым жоғары қажеттілік- онлайндық азарттық ойындар ойнау, үнемі аукциондарға қатысып сатып алулар жасау.
  4. Тым көп ақпарат қабылдау(жабысқақ «веб-серфинг») - жүйедегі үнемі саяхаттаулар, ақпаратты мәліметтер базасы және іздеуші сайттарда іздеу.
  5. Компьютерлік тәуелділік -компьютерлік ойындарға үнемі қатысу (атыс ойындары «Doom», «Quake», «Unreal», «Stan Craft» стратегиясы және т. б. ) .

К. Янг және Р. Роджерс (Young, Rodgers, 1998) жүргізген пилотаждық зерттеуге 259 адам оның ішінде 130 ер адам (орта жас шамасы-31) және 129 әйел адам (орта жас шамасы-33) он-лайндық режимде Р. Кеттелдің 16 факторлық жеке тұлғалық сұрақшасын (16PF) және Янг құрастырған виртуалды және интернет-тәуелділік сұрақшасын толтырды. Алынған мәліметтерге сәйкес аддикт адамдар абстрактілі ойлаудың жоғары деңгейіне ие, өз-өзіне сенімді индивидуалистер, сезімтал және басқаларға эмоционалды жауап беретіні анықталды [1] .

Зерттеушілердің пікірінше индивидуалист бола тұра, аддиктілер ұзаққа созылатын изоляцияға оңай бейімделеді.

М. Шоттон (Shotton, 1989) компьютерден тәуелділіктің типологиясын дайындадаы, онда бұл тәуелділіктің 3 түрін анықтады.

Бірінішіден , бұл « желішілер » (networkers) : олар оптимист, тәуелділіктің басқа типтерімен салыстырмалы түрде - анағұрлым әлеуметтік белсенді, адамдарға позитивті қатынас көрсетеді, жолдастары болады, ата-аналарымен жағымды қарым-қатынаста болады. Компьютер олар үшін - хобби сияқты : олар өшірілген мәліметтер базаларына ізденіс салулары немесе MUD типіндегі рольдік топтық ойындар ойнауы мүмкін, алайда көрсетілген басқа тәуелді типтерге қарағанда өз бетінше аз программалайды, компьютерлік графика немесе аппараттық қамсыздандырумен қызықпайды.

Екіншіден , бұл « жұмысшылар » (workers) - саны бойынша ең аз топ. Олар неғұрлым жаңа әрі қымбат комьютерлерге ие. Программалаупроцесін нақты жоспарлап алып бұл бағдарламаларды керекті нәтижеге жетц үшін дайындайды. Әдетте бұл топтың өкілдері жақсы оқыған стандартты оқыту бағдарламалары оларды қанағаттандырмайды, сондықтан да олар қосымша оқу курстарына қатысады. Оларға қатаң «қызметтік этика» тән.

Үшіншіден , бұл « зерттеушілер » (explorers) - саны ең көп топ. Олар бағдарламалауды интеллектуалды әрекет және көңілкөтерумен теңдей көреді. Аса күрделі бағдарламалар жаза отырып, көбінесе оны аяғына дейін жеткізбей, одан да күрделі жаңа түрлеріне көшеді. Бұл топтың өкілдері компьютерлік пираттылық және хакерліліктің қызметін атқарады. Формальды жағынан алғанда олардың білім дәрежесі «жұмысшыларға» қарағанда төмен алайда, «зерттеушілер» олардан қалмай отырып қана коймай, тіпті білім көлемңмен озып та кетеді. Амбициялары көп байқалмайды: жоғары шен де, үлкен төлемақы да олар үшін басты орында тұрған жоқ. Сөйтіп, олар өмірдегі жетістіктердің әлеуметтік критерийлеріне селқостықпен қарайды. «Зерттеушілер» үшін компьютер партнер және дос, оның жаны бар, адамдармен қарағанда онымен қарым-қатынасжасаған жеңілірек болып көрінеді [8] .

Kraut et al., 1998; Shapira et al., 2000 көрсеткендей, Интернетке тәуелділер арасында депрессия және обсессивті-компульсивті аффективті бұзылыстардың басымдылығы; Джолдыгулов және т. б., 2005 мәліметтеріне сүйенетінболсақ, сондай-ақ азпрогредиентті шизофрения шеңберіндегі жасырын депрессияның жоғары деңгейде екені анықталды. Kim et al., 2005 айтуынша, Корей зерттеушілері интернет-аддикциясы бар жоғары сынып оқушыларында депрессияның, суицид қаупінің жоғары болатыны анықтады . Y. Hambuger, E. Ben-Artzi (2000) Айзенк сұрақшасының көмегімен интернетке тәуелділіердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттей отырып, интроверттер мен экстраверттер интернеттің әртүрлі ресурстарын пайдаланатынын, сондай-ақ экстраверт ер адамдар интернетті «көңіл көтеру» үшін пайдалануда жағымды корреляцияланса, ақпараттық сайттарды пайдаланумен нейротизм жағымсыз байланыста болатынын көрсетті. Әйел адамдарда экстраверсия негативті корреляцияланды, ал нейротизм интернеттің ақпараттық сайттарын пайдалануда жағымды болатынын көрсетті. Кейін жаңағы авторлар интернет-аддиктілер, оның ішінде басымы әйел адамдар үшін жалғыздық сезімі тән, бұл сезім деңгейін төменднту мақсатында әйел адамдар чаттарда қарым-қатынас жасап, уақыт өткізетіні анықталды (Y. Amichai-Hambuger, E. Ben-Artzi; 2003) [5] .

Американ зерттеушісі S. Calpan (2002) Интернетке тәуелді тұлғалардың депрессия, жалғыздық, ұялшақтық, өзімшілдік сияқты жеке қасиеттерді бөліп көрсетті.

Н. В. Чудова (2002) болса, әртүрлі зерттеушілердің нәтижелері жалпылай келе, интернет-аддиктілердің келесідей қасиеттерді тізімін келтіреді: өзінің дене дамуына байланысты «Менін» қабылдауындағы қиындықтар; тікелей қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар (тұйықтылық) ; интеллектуализацияға бейімділік, жалғыздық сезімі және өзара түсіністіктің жетіспеушілігі; агрессивтіліктің төмендігі; эмоционалды күйзеліс және негативизмге бейімділік; фрустрацияланған қажеттіліктің болуы; тәуелсіздік; идеалды «Мен» туралы түсінік дифференциалданбаған; реалсызданған, өзін-өзі бағалау деңгейінің төмендігі; проблемалардан және жауапкершіліктен қашуға бейім болу [10] .

Менделевич В. Д., 2003 көрсетуінше, интернетке тәуелді адамдарда басқа аддикциялардың жасырын формалары көрініс табады: сексуалды адиакция «киберсекске» ауысады; псевдология, крусодерлілік сияқты кибер-қатынаста көрініс табатын коммуникативті тәуелділік

Д. Гринфилд (Greenfield, 1999) көбінесе интернет-тәуелділікпен қатар (жағдайлардың 20%-нда кездеседі) сексуалды аддикция жүреді деген деректер келтіреді [8] .

M. Грифитс (1998) Интернет-аддикция интернеттің әртүрлі формаларын пайдалану негізінде қалыптасуы мүмкін деген гипотезаны алға тартты. M. Грифитс 1999 зерттеулерін К. Янг зерттеулерімен салыстыратын болсақ, интернеттің көптеген көптеген интенсивті тұтынушыларының көпшілігі міндетті түрде интернет-аддиктілер емес, олар желіні басқа аддикцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланатынын атап көрсеткен болатын. J. Kandell М. Грифитс зерттеулерінен айырмашылығы ол интернет-адикцияны желідегі белсенділік формасынан тәуелсіз болып табылатын Интернеттен патологиялық тәуелділік деп анықтады [9] .

Интернет-аддикцияның дефиницияларын (қысқаша түсінігі, ұғымы) кеңейте отырып, К. Янг, R. Davis (2001) интернетті патологиялық пайдаланудың когнитивті-әрекет-қылыққа әсер ету моделін ұсынды. интернет-аддикцияның 2 формасын бөліп көрсетті: интернетті спецификалық патологиялық пайдалану (Specific Pathologial Internet Use) және интернетті негізгі патологиялық пайдалану (Generalized Pathological Internet Use) . Бірінші түрі интернеттің кез-келген арнайы қызметінен тәуелділіктің туындайтыны көрсетеді: онлайндық қызметтер, онлайндық аукциондар, акцияларды онлайндық сату, онлайндық гемблинг. Аддикцияның мазмұны сақталады, және интернеттен тыс жүзеге асырылуы мүмкін. Екінші түрі интернетті көп мақсатты әрі маманданусыз тым артық пайдалану жатқызылады, яғни желіде нақты мақсатсыз уақыт өткізеді және интернеттің әлеуметтік сферасымен байланысты [12] .

Интернет-аддикция құбылысы әртүрлі әрекет-қылықтық тәуелділіктердің қосындысынан тұрады (жұмыс істеу, қарым-қатынас, ойындық қажеттілік) . Компьютер мұнда тәуелділік обьектісі емес, ал оны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Девиантты әрекет-қылықтың басқа формаларының қалыптасуына әсер ететін әрі интернет-аддикциямен байланысты тағы бір аспектіні атап өту дұрыс болады. Бұл қауіппен жеткіншектер он-лайн режимінде кездесуі мүмкін:

  • балалар сеніміділігін пайдалану: тыйым әрекеттерді орындату мақсатында баланы қызықтыру;
  • порнографияға кіруге мүмкіндік: порнография желіде оңай таралғандықтан бала оған оп-оңай тап болуы мүмкін. Балалардың мұндай сайттарға кіруін қамтамасыз ететін бағдарламалық қамсыздандырулар өз қызметін ылғи да атқармайды, ал кейде тіпті де істен шығады;
  • деструктивті мазмұнды контент-сайттар: мысалы, бомба немесе нашақорлық заттарды дайындау бойынша немесе т. б.

Ата-аналар баласының қандай сайттарға кіретінін қадағалап, бала әрекет-қылығының кез-келген өзгерістеріне мұқият болулары керек.

DOOM, QUAKE тәріздес ойындар зорлығы бар желілік ойындар мен қызығу баланың агрессивтілігін жоғарылатады. Ата-ана баланың қандай ойын ойнайтынын білуі керек және құрастырмалы баламасын ұсынуға дайын болуы тиіс.

ТМД елдеріндегі компьютеризацияның дамуымен байланысты интернет-аддиктілердің де саны (әсіресе жастар арасында) өсетіні анықталуда [15] .

Интернет - адамзат миының жемісі. Интернет - әлемдегі әртүрлі нүктелерінде орналасқан компьютерлерді біріктірітін кең, тармақталған желі. Интернет 150 елді қамтып, 175 мыңнан астам әртүрлі желіні байланыстырды; интернетке 200 миллион компьютер қосылып, 500 миллионнан астам тұтынушылар тіркелген. Желіде бұл сан әрдайым өсуде. 1985 жылы интернет 100 желіні қамтыса, 1989 жылға қарай оның саны 500-ге дейін өсті. Қазіргі уақытта жыл сайын өсу қарқыны 100%-ға жетіп отыр. Көптеген тұтынушылар интернет желісіне кіру мүмкіндігін үйде де, жұмыста да қалар еді. Бұл жағдайдан шығу - модем және телефондық жүйелер арқылы қосылу болып табылады.

Интернеттің даму жылдамдығы соншалықты, оның коэффициенті айында пайызбен есептеледі. Басында ARPANET аталған бұл жүйе алғашында әртүрлі компьютерлер арасында үнемі байланысты қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді зерттеу үшін арналған болатын. Мәліметтерді жіберудің көптеген әдістері ARPANET-пен өткізілген эксперимент сәтті өткендігі соншалықты, күнделікті мәліметтерді жіберу мүмкіндігін алу үшін көптеген корпорациялар оған енуге бел буды. Ал 1975 жылы ARPANET экспериметалды желіден жұмыс істейтін желіге айналды. 1983 жылы MILNET ARPANET-тен бөлініп кетті, ал «Интернет» термині жалпымен қабылданған ортақ желіге айналды: MILNET қосу ARPANET 1991 жылы ARPANET компьютер нарығынан жойылғанымен, интернет желісі қалды, бүкіл әлемдегі көп желілерді біріктіргендіктен оның көрсеткіштері айтарлықтай артты. 2000 жылға қарай интернет энтузиасттар қолдарында болған кезеңнен өтті. Желінің дамуы оның нарықталуына әкелді. Бұның басты себебі 1992 жылы World Wide Web («Бүкіләлемдік тор») проектілеуі болды, бұның нәтижесінде ол 1990 жылдан бастап, тұтынушылар үшін өзекті бола бастайды [20] .

Тұтынушылар арасында Желі қарқынды таралуымен қатар жарнамалаушылар да оған қызыға бастады.

Ғылыми және азаматтық пайдалануда қолданылып жүрген интернет бүгінгі күнде коммерциялық емес фирма, БАҚ-рының және үкіметтің автономды баспалық құралдарының халықаралық қарым-қатынастың негізгі әдісі болып табылады. Шын мәнінде, интернетті өзіндік бір глобальды БАҚ ретінде қарастыруға болады. Барлық мәліметтер базасы мен жүйелеріне біруақытта үлкен жылдамдықта кіре алу және бір уақытта үйде отырып-ақ индивидуалды таңдау жасау - бұл деген керемет емес пе? Белгілі бір ақпараттық іздеу жүйесіне кірсе, білімнің барлық облыстарына есік ашылады. Интернеттегі «адам-компьютер» қосылу мүмкіндігінің дамуы «адам-компьютер-адам» қосылу мүмкіндігіне жол ашты. Желі арнайы нышандарға ие байланыстырушы функциясына желілік компьютерлік реалдылықта виртуалды қоғамдастықтар - интернет қарым-қатынасымен біріккен және спецификалық психологиялық қасиеттері бар топтар. Бастықтық интернетте компаниялардың бүкіл дерлігінде өз сайттары бар, ол Желі арқылы сауда жасайтын ақпарат және тауар айнымалы саны күннен күнге өсуде [21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОКУЛЫҚ Желінің логикалық құрылымы
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Локальді желілерге арналған чат жүйесі
Қазіргі замандағы Қазақстандағы жасөспірімдер
Локальды желі
Есептеу желілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz