Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары



Жоспар

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар
2. Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық идеялары.
3.Ғұламалар ғибараты және ұлттық тәрбие.

ІІІ.Қорытынды.
Кіріспе.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері төрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін, жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б. осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан "бірауызды қауымдасқан жандар" үнемі өзінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениеті сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықгың өмір сүру тәсілінен, діни наным-сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-ойға, терең құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуте болады.
Әрбір халықтың тәрбиелік идеяларында сол ұлттың ерекшеліктері: дүниетанымы, көзқарасы, наным-сенімі, талап-тілегі және т.б. орын тапқан. Халықтың өрбірінің тәрбиелеу мен үйрету саласында өз жетістіктері, табыстары мен олқылықгары да бар. Бұл арада бір халыққа, мөселен, қазақ халқына ғана тән жетістіктерді: қазақтардың отбасында тәрбиелеу жүйесі, туысаралық қатынастар ерекшеліктері, халықтың қолөнер кәсіпшілігі түрлеріне үйретудің әдістемелік қағидалары және т.б. тек осы халықтың талаптары рухында ғана ұқсатылуын қалаймыз. Мұндай үлгіні жер бетінде өмір сүріп жатқан әрбір ұлттың адамдары ұстануға тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз туған жеріне жан-тәнімен берілген адал азамат екенін, ұлтының болашағы тек өзіне байланысты екенін естен шығармағаны жөн. Осындай тұжырымға тоқталуга ұлттың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Оларда халыктың өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес жеткіншек ұрпақты төрбиелеуге байланысты талаптары қалыптасқан.
Демек, әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде өмірде жинакхалған төжірибе негізінде тәрбиелей отырып, оларды мүмкіндігінше терең игере түсуі керек.
Казақ жерінің орасан зор көлеміне, рулық, тайпалық бөлінуіне, сондай-ақ, бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан, түрлі аймақтардағы педагогикалық көзқарастардағы айырмашылық шамалы. Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек ұрпаққа тәрбие берудің біртүтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым жасауға негіз болады.
Тәрбиенің біртүтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына ыкпал етуші басты себеп - қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты, ілтипаты. Бала өміріндегі әрбір маңызды кезеңдерді: дүниеге келуін, оған ат қоюды, бесікке салуды, түсау кесуді, сүндетке отырғызуды, тілінің шығуын, алғаш рет ат жалын тартып мінуін, бәйгеге қатысуын және т.б. қуаныштай білген. Өздерінің оған деген сүйіспеншілігін, ыстық ыьдыласын өн-жырға қосқан.
Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшеліктеріне аса мон берген. "Әкеге қарап үл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Ұлдың үяты әкеге, қыздың үяты шешеге" деп, үл баланың тәрбиесімен әкелер мен аталар, қыз баланың тәрбиесімен аналар мен әжелер айналысқан. Қыз баланы "болашақ ана", иқонақ" деп аялап, мәпелеп өсірген, бетінен қақпаған, жекіп, дауыс көтеріп балағаттамаған. Оларды жастайынан абыройын сақтауға шақырған. Мейірімділікке, инабаттылыққа баулыған, үлкенді сыйлауға, жасы үлкен адамның, әсіресе, ер адамның алдынан көлденең өтпеуге, сөйлеп тұрғанда сөзін бөлмеуге, өтірік айтпауға, жетім-жесірге көмектесуге тәрбиелеген. Үйде, отбасында жайлы жағдай жасауға үйреткен.
Балалардың табиғи, дара ерекшеліктері, белгілі бір өнер түріне, іске бейімділігі, талап-талпынысы да назардан тыс қалмаған. Егер келелі сөзге, шешендікке бейімі болса, ел адамы етуді көздеп, шешен-билерге жанастырып, ән-күй саласынан кдбілеті болса, сал-серілерге ертіп, олардың өнерін үлгі-өнеге еткен.
Балаларды ерте бастан еңбек түрлеріне баулу, мысалы, мал және ауъш шаруашылығына үйрету, алуан түрлі қолданбалы өнер бүйымдарын жасауға тарту, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісіне, іскерлігі мен дағдысына талапты күшейту өрбір отбасының негізгі міндетіне айналды. Ер бала мал жайды, оны баптады, күтті, шөи шаиты, жинады, қыздар үй шаруашылығымен айналысты. Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке қүрметпен қарауға үйретті. Балаларды еңбекке ерте араластырып, олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық талғамдарының жетілуіріе, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге, халықтың мөдени мүрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдеседі.
Тәрбие процесінде педагогикалық ықпал етудің толып жатқан әдіс-тәсілдері, амал-жолдары қолданылды. Балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, баланың асыл. адамгершілік сезімдерін ояту, жанама ыкдал жасау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, түсіндіру, көрсету, акьо айту, өнеге беру, өтініш жасау, жаттықтыру, мақтау. мадақтау, ескерту, алғыс айту, қорғау және т.б.
Үлкендердің, ата-аналардың үлгі-өнегесі - балаларга ғибрат. "Үяда не көрсең, үшқанда соны ілерсің" дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке басының үлгі-өнегесі балалар тәрбиесіндегі үтымды әдістің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Әдеп. Инабаттылық дәрістері. -Алматы,1998.
2.Мөлдір бұлак. Құрастырған Р.М.Рахимова.- Бішкек, 2000.
3.Радлов В. Алтын сандық. -Алматы, 1993.
4.Регель О.В. Воспитание в детском саду.- М, 1984.
5.Трудовое воспитание в детском саду.- Минск, 1990.
6.Құнанбаев Абай. Қара сөздер. - "Қазақстан мектебі". Алматы. 2005.
7.Тұнғатарова. Г. Қырғыз халқының балаларды еңбеке баулудың ұлттық идеалары.-
Білім-образование,2006.
8.Құрсабаева.М.Ұлтық тәрбиенің маңыздылығы.-Ұлттағлымы,2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар
2. Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық
идеялары.
3.Ғұламалар ғибараты және ұлттық тәрбие.
ІІІ.Қорытынды.

Кіріспе.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері төрбие жөніндегі өнегелі істері мен
сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының
асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың
парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас
түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін, жасы үлкенді, ата-
ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу,
қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу, т.б. осындай қоғамдық қатынастарды
кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастың
сәйкестігі кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына
мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан "бірауызды қауымдасқан жандар"
үнемі өзінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді
ұстанады. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын
айқындайтын факторлар болды.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол
мәдениеті сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ,
ұлттық мәдени ерекшелік сол халықгың өмір сүру тәсілінен, діни наным-
сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай
білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ
халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті,
философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне
сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-
аймақ, Отанның ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат
тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап,
ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші,
термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие
ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе, ақын, жырау,
термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазмұнына ой
жүгіртсек, онда дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын
байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер
ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. Ал ақыл-
ойға, терең құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін,
мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуте болады.
Әрбір халықтың тәрбиелік идеяларында сол ұлттың ерекшеліктері:
дүниетанымы, көзқарасы, наным-сенімі, талап-тілегі және т.б. орын тапқан.
Халықтың өрбірінің тәрбиелеу мен үйрету саласында өз жетістіктері,
табыстары мен олқылықгары да бар. Бұл арада бір халыққа, мөселен, қазақ
халқына ғана тән жетістіктерді: қазақтардың отбасында тәрбиелеу жүйесі,
туысаралық қатынастар ерекшеліктері, халықтың қолөнер кәсіпшілігі түрлеріне
үйретудің әдістемелік қағидалары және т.б. тек осы халықтың талаптары
рухында ғана ұқсатылуын қалаймыз. Мұндай үлгіні жер бетінде өмір сүріп
жатқан әрбір ұлттың адамдары ұстануға тиіс. Сонымен бірге, әрбір адам ең
алдымен өз халқының перзенті, өз туған жеріне жан-тәнімен берілген адал
азамат екенін, ұлтының болашағы тек өзіне байланысты екенін естен
шығармағаны жөн. Осындай тұжырымға тоқталуга ұлттың әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып,
өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Оларда
халыктың өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес жеткіншек ұрпақты
төрбиелеуге байланысты талаптары қалыптасқан.
Демек, әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар
негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны ата-бабалар дәстүрінде
өмірде жинакхалған төжірибе негізінде тәрбиелей отырып, оларды
мүмкіндігінше терең игере түсуі керек.
Казақ жерінің орасан зор көлеміне, рулық, тайпалық бөлінуіне, сондай-ақ,
бауырлас халықтардың ықпалына қарамастан, түрлі аймақтардағы педагогикалық
көзқарастардағы айырмашылық шамалы. Мұның өзі қазақ халқында жеткіншек
ұрпаққа тәрбие берудің біртүтас өзіндік жүйесі қалыптасқан деп тұжырым
жасауға негіз болады.
Тәрбиенің біртүтас өзіндік жүйесінің қалыптасуына ыкпал етуші басты
себеп - қазақ халқының балажандылығы, балаға деген ерекше махаббаты,
ілтипаты. Бала өміріндегі әрбір маңызды кезеңдерді: дүниеге келуін, оған ат
қоюды, бесікке салуды, түсау кесуді, сүндетке отырғызуды, тілінің шығуын,
алғаш рет ат жалын тартып мінуін, бәйгеге қатысуын және т.б. қуаныштай
білген. Өздерінің оған деген сүйіспеншілігін, ыстық ыьдыласын өн-жырға
қосқан.
Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің ерекшеліктеріне аса мон берген. "Әкеге
қарап үл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Ұлдың үяты әкеге, қыздың үяты
шешеге" деп, үл баланың тәрбиесімен әкелер мен аталар, қыз баланың
тәрбиесімен аналар мен әжелер айналысқан. Қыз баланы "болашақ ана", иқонақ"
деп аялап, мәпелеп өсірген, бетінен қақпаған, жекіп, дауыс көтеріп
балағаттамаған. Оларды жастайынан абыройын сақтауға шақырған.
Мейірімділікке, инабаттылыққа баулыған, үлкенді сыйлауға, жасы үлкен
адамның, әсіресе, ер адамның алдынан көлденең өтпеуге, сөйлеп тұрғанда
сөзін бөлмеуге, өтірік айтпауға, жетім-жесірге көмектесуге тәрбиелеген.
Үйде, отбасында жайлы жағдай жасауға үйреткен.
Балалардың табиғи, дара ерекшеліктері, белгілі бір өнер түріне, іске
бейімділігі, талап-талпынысы да назардан тыс қалмаған. Егер келелі сөзге,
шешендікке бейімі болса, ел адамы етуді көздеп, шешен-билерге жанастырып,
ән-күй саласынан кдбілеті болса, сал-серілерге ертіп, олардың өнерін үлгі-
өнеге еткен.
Балаларды ерте бастан еңбек түрлеріне баулу, мысалы, мал және ауъш
шаруашылығына үйрету, алуан түрлі қолданбалы өнер бүйымдарын жасауға тарту,
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ой-өрісіне, іскерлігі мен
дағдысына талапты күшейту өрбір отбасының негізгі міндетіне айналды. Ер
бала мал жайды, оны баптады, күтті, шөи шаиты, жинады, қыздар үй
шаруашылығымен айналысты. Балаларды еңбекке тәрбиелеу барысында ата-аналар
оларды тек өзі үшін ғана емес, жалпы халықтың игілігі үшін еңбек етуге,
еңбекке қүрметпен қарауға үйретті. Балаларды еңбекке ерте араластырып,
олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік-эстетикалық
талғамдарының жетілуіріе, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге,
халықтың мөдени мүрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдеседі.
Тәрбие процесінде педагогикалық ықпал етудің толып жатқан әдіс-
тәсілдері, амал-жолдары қолданылды. Балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас
жасау, баланың асыл. адамгершілік сезімдерін ояту, жанама ыкдал жасау,
өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, түсіндіру, көрсету, акьо айту,
өнеге беру, өтініш жасау, жаттықтыру, мақтау. мадақтау, ескерту, алғыс
айту, қорғау және т.б.
Үлкендердің, ата-аналардың үлгі-өнегесі - балаларга ғибрат. "Үяда не
көрсең, үшқанда соны ілерсің" дегендей, үлкендердің, ата-аналардың жеке
басының үлгі-өнегесі балалар тәрбиесіндегі үтымды әдістің бірі.

1. Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен
жағдайлар

Тәрбиені қэжет ету адамның пайда болуммен бірге туды және адам қоғамы
қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрсе, сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай
тәрбиенің дамуын халықгьщ, этностық катысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.
Мектептер пайда болғанға дейін тұлға калыптастыруда ғасырлар бойы
қалыпатаскан тәрбиенің халықгық дәстүрлері шешуші роль аткдрды. Халық
ұрпақтан ұрпақка өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани
байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы
қоғамның материалдық және рухани мәдениеті тарихын туғызды.
Халықтың рухани өмірін анықтаушы жәйттер еңбектең, табиғаттан, ішкі:
дарындылықтан, табиғалықтан және адамгершіліктен туындады. Және дол осылар
тәрбиенің нағыз халықтық сипаттарын айқындап берді
Жетілген адам тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы көпқырлы және кең. Жөне
оны жузеге асыру кұралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін
калыптастыруға бүкіл халық өмірі ықпал етті: бөрі тәрбиеледі барлығы
тәрбиеледі, бәрін тәрбиеледі. Тәрбие қоғамның экономикалық өмірі мен рухани
өмірі арасын байланыстырушы ретінде алға шықты. Тұтас алғанда халықтың
материалдық және рухани өміріндегі педагогикалық мәдениетшің ерекше
хал-ахуалы осымен түсіндіріледі. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы
сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен камтамасыз етіледі.
Көрнекті педагрттардың кйй-қайсысы болмасын халықтық педагогика этностық
ұжымдық шығармашылығының кұрамды бөлігі екендігін ескертіп, оның
педагогикалық мәдениеті көрінісі ретінде ежелгі дәуірлерден тамыр
алатындығына назар аудартуы осыдан.
Халықгық педагогиканың қоғамдық сана элементі ретіңде дамуы, тәжірибе
мен дәстүрлер жинақгауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері өлі өмірге
келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек халыкгық
тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы
факторлар болды. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық
элементін енгізді жетілу жайлы ойды кеңейтті, нәтижесінде өзіндік жетілуге
ұмтылып, табиғатпен үңдестікке кемелдену ұғымы туды.
Табиғатпен объективті үйлесімділіктң субъективті де жағы бар:
денсаулықтың нығаюына көмектеседі; балалардың ақыл-ойы дамуына игі әсер
етеді. Табиғатпен және оның аясында өтіп жатқан өмірмен жанасу аркылы
балалар оны жақсы үйретуші, ұстаз деп таниды. Мұндан каңдай да бір
кұбылысты бақылауға беріледі және қоршаған дүние жайлы қызғылықты
мәліметтер алады.
Табиғатгағы құбылыстардың тұғастай қабылдануы олардың есте анағұрлым
күштірек сақталуына алып келеді, нәтижесінде ойдың жйнақылығы мен
тереңдігі. тербиеленеді.
Ал, табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік. Бүкіл өсемдік табиғатка тән.
Жастардың эстетикаылқ талғамының артуына табитаттың әсер ететіндігі жайлы
әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық
шығармаларынан көрініп тұр.Мінездің саналуандығын табиғат пен адамдар
әрекетінің саналуандылығымен түсіндіріп, адам мен тұтас халықтық
калыптасуындағы табиғаттың ролі, ұлттық мінезде табиғат жағдайлары көрініс
беретіндігі жайлы пікір білдірушілердің бірі орыс педагогы - Ушинский
болатын. Көрнекті педаготтың табиғат өсерімен калыптасатын даралықтардың
педагогикалық құбылыстарда да бейнеленбей қалмайтындығы жөніндегі ойлары
назар аударуға тұрарлық.
Табиғат тұлғаның барлық жағынан қалыптасуына ықпал етеді - дене күштерін
дамытады ерік пен мінезді шындайды, еңбексүйгіштігін, көркемдік талғамын
жетілдіреді. Яғни, табиғатпен үйлесімділік үлкендердің саналы педагогикалық
орскеті жағдайындағы оны сырттай карау және түсіндіру ғана емсс, сондай-ақ
оны белсенділікпен кайта өзгертуге кабілеттілік. Ал адам тұлғасының
үндестікте жетілуі дәл осы айналаны -табиғатпен қоғгамды қайта түлетулерде,
онымен ұқыпты қарым-катынас орнатуда.
Осылайша бірте-бірте тәрбиенің мақсаты айқындалып, нақтылана берді.
Әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылықтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту
құралы ретінде дос түрлер алға шықгы. Олардың көмегімен аға ұрпақтан
кішілерге мінез-құлық калыптары, тұлғаға қойылатын талаптар жеткізілді.
Жалпыға ортақтық, бүқаралық, түрақгылық, осерлі тартымдьшық дәстүрлерге
төн сипаттар болып табылады. Олардың мәні мұраланған әдет түрлесрін.
өзгеріссіз сақтауы бұрыннан калыптаскан- өмір салтына өткеннің мәдени
мұрасы ретінде ұқыпты карым-катынасында.Сонымен дәстүрлер қоғам өмірінің
объективті жағдайларын бейнелей келе, оның мәнді элементтерігі бекітеді,
олардың сабақтастығын камтамасыз етсді.
Дәстүрлердің күші табиғтығы, бір жағынан, ұйымдаспаған жаратылысында. Олар
көзқарастар мен тәртіп жолдарын ешкімге күштеп таңбайды, адамды
тәжірибелік әрекеттерге қосады, түсініктер мен тәртіп қалыптары ішкі
қарсылықсыз кабылданады.
Өзге халықтар секілді казақ халқы да жастарды.тәрбиелеуде прогресеивті
идеялар. мен дәстүрлерді қолданудың бірегей тәжірибесіне ие. Төменде осы
педагогикалық тәжірибеден хабардар етуде білімдік мәнге ие бірқатар
материаддар келтірілген.
Дәстүрлердің өміршеңдігі келер ұрпақтың оларды жаңа тарихи жағдайларда әрі
қарай дамыта алуында жатыр. Қоғам және топтар әлеуметтік; мұраның бір
элементтерін қабылдай отыра, басқрларынаң сырт айналады (қабылданбайды),
сондықтан дәстүрлер ұнамды (не және калай қабылданады), болуы секілді,
ұнамсыз (не және қалай кабылданбайды) да болуы мүмкін. Яғни, тәжірибе
дәстүрлердің ролін саралап бағалаудан шығуға үйретеді.
Алайда өкеінішке орай, дәстүрлер табиғаты жеткіліксіз зерттелген.
Олардың мәні педагогакалық. Қорытындылану деңгейін, озық дәстүрлердің
мазмұны және олардың жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне ыпдалы жайлы мәселер
нақтылауларды қажет.
Педагогика халық өмірінің барлық саласына енген. Халықтық педагогика - бұл
халық шығармашылығында көрініс тапқан тәрбие саласыңдағы түсіктер,
көзқарастар, пікірлер, сенімдер, идеялар, дағдылшар мен тәсіддер. Баскаша
айтканда бұл, тәрбие ісіне тікелей не жанама турде қызмет ететін халық
шығармашылығының тереңінен шыққан нәрсе.
"Халық шығармашылыығын кең құбылыс ретінде қарастыру керек. Себебі ол
өзіне еңбек әрекетінің сан алуан түрлерін, қолөнер, дәстүрлер, салттар,
мерекелер, ғұрыптар, фольклор, ойындарэ билер, халықтық киімэ бейнелеу
2көне сәндік қодданбалы өнерді біріктіреді Көптеген бастапқы белгілерін
сақтап ол ұдайы дамуда жөне жаңаруда, қалай болғанда да өз уақытының айнасы
болып табылады деген зерттеушілер пікірі орьгнды.
Көптеген халықтық әдет-ғұрыптарэ мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді
мәнерлілігімен, эстетикалық реңділігімен жастарға адамгершілік тәрбие
берудің қолайлы және тиімді құралы бодды. Халыктық педагогака адамгершілік
саласында ешқандай келісімдер мен көнулерге жол бермейді, өнегеліліктің
халықтық идеалдарын бұзушыларға кешірім жоқ. Оған адамгершілікке
тәрбиелеудің саналуан және бай тәсілдері белгілі. Бұған көз жеткізу үшін
барлық халықтарға белгілі әдістер мен құралдарды атаса да жеткшікті, бұл -
көрсету, үйрету, сенім, ізгітілгек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау,
ескерту, көндіру, күшейту, ант беру, жазалау және т.б.
Олардың қолданылуы көптеген формаларда жүзеге асты және ұлттық өзіндік,
тәрбиешілердің педагогикалық тәжірибесі мен халық педаготтарының
дарындылығы өз қолтаңбасын калдырып отырды. Адамгершілікке тәрбиелеудің
дәстүрлі халықтық әдістері мен тәсілдерін тыңғылықгы талдау арнайы бола
алар еді.
Адамды жетілдіруді халық мейлінше нақты және анық түсінді: сөз жетілген
адамның синтездік бейнесі ғана емес, сондай-ақ нақты жетілулер еңбекте,
ақыл-ой, адамгершілік-құлық, әсемдікке жетілуді калыптастыруды қамтамасыз
ету жайында болды.
Адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы түсініктер тәрбиенің
халықтық идеалдарының орнықтылығына куә етеді. Жетілген тұлғаның нақты
сипаттары тек тілек. - сөздер төңірегінде болған жоқ, олар тәрбие
тәжірибесімен тығыз Байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық
педагогикасының куатты тұстарының бірі-болып табылады.
Халық жеткіншек ұрпақ тәрбиесін жақсартуға қашанда қызығушылық білдіріп
отырды. Тәрбие нәтижелері жайлы ойланулар адамдарды бала тәрбиесінің сол не
өзге от басындағы жағымды тәжірибесін бағалауға мәжбүр етті, оларды 7
жыддық горблс дәсіурлеріне сыни түргыдан карауға, көршіә елдердің балалар
мен жастар тәрбиесі жүйссін талдай алуға үйретті. Бұл ойланулар тәжірибені
тексеруіне, одан құнды элементтерді талдау және осының бәрін өз отбасы,
руы? кауымы бала тәрбиесі практикасында қолдануға алып кеаді. Мәселен қазақ
халқы педагогикасында тарихи кезеңдер мол, мұнда халықтың күресі, жеңіс пен
жеңілісінің бүкіл тарихи жолы көрніс берді, онда қазақтың тарихи жылжу
жолында иеленген бүкіл бағалысы, кұндылықтары сақталған.
Мақсатқа сай бақылау халық педагогйкасыньщ дамуына ықпал еткен
шаралардың бірі болып табылады. ' Ата-ана балаларды ойын жоне біріккен
еңбек әрекеті процесіңде ұдайы және жүйелілікпен бақылады. Егер балалардың
дамуын олардың ойындары процесінде бақылауда жинақы еместік басым болса,
оларды біріқкен еңбек процесінде ұдайы және жүйелшікпен бақылады.
Үлкеңдер балалар мен жастар мерекелеріне қашанда бақылаушылар- мен
көрермендер ретінде катысты. Бұл қатысу дәстүрлі болғаңдықтан, оның
ұйымдаспаған болуы мүмкін емес.
Әрбір ұлттың ұрпақ тәрбиелеуде өзінің даму тарихы бар. Қай кезде де
тәрбие бастауы еңбек тәрбиесі болған. Тәй-тәй басқан балаға "Ананы әкеліп
берші" дегенде, баланың нәрсені әкелгені - оның еңбек еткені, қолқанат
болғаны. Бала қай өнерді үйренсе де ол еңбек тәрбиесімен ұштастырылып
жүргізіледі.
Көрнекті ғалым Серғазы Қалиұлы "Қазақ этнопедагогикасының теориялық
негіздері мен тарихы" деген еңбегінде қазақтың халықтық педагогикасының
даму кезеңдерін адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай 8 кезеңге
бөледі. Ғалым бірінші дәуірді біздің дәуірге дейінгі тас, қола замандарын,
"Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие" дәуірі деп қарастырады. Онда:
"Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. ¥л
балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалар үй
жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлерінің рәсімдеріне
қатысты" деп, еңбек тәрбиесі ұрпақ тәрбиесінің бастау екенін айқын
дәлелдейді.
Халқымыздың педагогика ғылымына еңбегі сіңген ғалым, жазушы ұлы ақын М.
Жұмабаев өзінің "Педагогика" (Алматы, "Рауан", 1993. (1923ж. Ташкен) деген
кітабындағұлама Джоби Зидельдің: "Кітап - мәдениеттің негізі емес,
мәдениеттің негізі- кол еңбегі, олай болса, кітап әншейін көмекші болып.
мектеп басынан аяғына шейін кол еңбегі негізіне кұрылсын" - деген пікірімен
келісетіндігін жазалы.
Күні бүгінгіге дейін халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің неше
ғасырлық бай тәжірибесіне сүйене отырып, ұрпақты еңбек сүйгіш, адал, сегіз
қырлы бір сырлы, ұлты үшін өнегелі азамат етіп тәрбиелеп шығару.
Тәуелсіз Қазақстандағы үлттық тәлім-тәрбие-нің өркен жаюы кезеңінен бері,
(С. Қалиұлы, "Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы")
мектептерде технология сабақтарында халық педагогикасының тәлімді
тәжірибесін пайдаланудың жастарға тәрбие берудегі мүмкіндігі ғылыми түрде
зерттеліп, дәлелденіп, оку-тәрбие ісінде жүзеге асырыла бастады.
Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігінің Республикалық оқу-
әдістемелік кеңесі ұсынған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 11.03.2003 жылғы№148 бұйрығымен бекітілген (Технология. Жалпы
орта білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар.
"Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндег көркем қолөнер
технологиясы", "Тіпті бұйымдарының сән үлгілері" бөлімі негізін оқулықта
"Тігін бұйымдарын модельдеу1' бөлімінде "Мата туралы жалпы түсінік", "Мақта
және зығыр маталарының түрлері, оларды өңде жолдары", "Мата шығару" және 6-
сыныптарда Қолөнер тігін бұйымдарын модельдеу" бөлімінде "Тоқыма
айкаспаларының түрлері"ақырыптары бар. Осы тақырыптар бойынша сабақ
барысында оқушылар мата тоқылатын жіптердің құрылысымен, (талшықтарымен)
касиеттерімен, түрлерімен танысады. Мата тоқылуында пайдаланатын жіп
атауларымен танысып, жалпы талшық, олардан жіп дайындалу жолдарынан
мағлұмат берілгені дұрыс. Жіп иіру фабрикасындағы негізгі мамандық - жіп
иіруші мамандығы. Оның атқаратын міндеті мен нені беруі керек екенін
әңгімелеген дұрыс. Иірілген жіп токыма фабрикасына түсіп, одан мата
тоқылады. Матаның ұзына бойына созылып жаткан жіпті негіз жібі, оған
көлденең өткізілетін жіпті арқау жібі деп атайды. Мата тоқылу барысында осы
жіптер бір-бірімен әртүрлі әдіспен айқасады. Соның ішінде оқушыларды
кездемелік және сәтендік айқаспа түрлерімен таныстыру корек. Бұл
айкаспаларды қағаздан қиылған екі түсті жіптерді пайдаланып оқушылар өздері
тоқып керулері керек . Қазақ қолөнерінде бұл тоқыма айқаспаларының
кездемелік түрлерін кілем, бау, басқұр, алаша, қақпа алаша, шекпен, қап
сияқты тұрмыстық бұйымдар жасауда қолданған.
Оқушыларға мата талшықтарының табиғи төрт түрі: мақта, зығыр, жүн, жібек
белгілі. Қазіргі маталардың түрлерінің өте көп болуының сырын окушыларға
проблемалық сұрақ ретінде қоюға болды. Окушылардан екі топқа бөлініп
ескілік атауларын кезекнен атап шығуларын сұраған дұрыс. Жібек, дүрия,
доқаба, ақдабы, ақсаң, барқыт, баршын, бәтес, борлат, бөз, бүлде, үлде,
масаты, мауыты, шұға, торқа, т.б. көптеген мата атаулары А. Кұралұлының
"Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы" атты сөздік анықтамалықтығыңда
түсінігімен қоса берілген. Осы маталардың кейбіреулері ертеде айырбас
арқылы Қытайдан еруенмен әкелінген. "¥лы Жібек жолы" деген атпен осы керуен
жолы тарихта қалған.
XI ғасырдың атақты түрік тілін зерттеушісі Махмұт Қашқаридың "Диуани
лұғат ат түрік" -Түрік сөздігі" деген кітабында мынадай мақал келтіреді:
"Қытай ханының торқасы көп, өлшемей пішпес". Осы кітапта: тұрқұ - торқа,
жібек деп көрсетілген. Шікін - жібек, жыханшы - Шынның өзгеше нақышты жібек
кеземесі, кензі -қырмызы, сары көк түсті Шын тоқымаларының (маталарының)
бір түрі.

2. Халықтық педагогикасындағы балаларды еңбекке баулудың ұлттық
идеялары.

Адамның жеке тұлға ретіндегі мінез-құлқының қалыптасуы, оның өзін-өзі
басқаруы мен тұрмыста табанын тік басып, мығым тұра білуі іс-қимыл
шеберлігінің дамуына байланысты.Адамның осы сапалық қалыптасуындағы шешуші
фактор еңбек болып табылады. Ерікті еңбек адамның шығармашылық мүмкіндігіне
кең өріс ашып, оны жүзеге асыруға жігерлендіреді.
Адамға, әсіресе, қоғамдық еңбектің игі әсері зор. Қоғамда еңбек
әлеуметтік сипатта бола отырып, топтық және жекелік іс-қимылдар түрінде
көрініс береді, сол арқылы жеке адамның өмірден өз орнын таба білуінің жолы
болып табылады.Міне сондықтан да қай қоғамда, қай мемлекетте болсын,
еңбектің маңызы ерекше болды.
Қырғыз халқы басқа да ұлттар сияқты өзінің сан ғасырлық өркендеу жолында
жасөспірім буынды еңбекке тәрбиелеуде бай тәжірибе жинақтаған. Еліміз
егемендікке қол жеткізгеннен бері ұлттық сипаттағы тәлім-тәрбиеге көп көңіл
бөліне бастады. Сондықтан да ұрпақтан ұрпаққа жоғалмай жеткен отбасылық
тәрбиенің өзіндік ерекшелігін, мәнін зерттеудің маңызы зор.
Жас баланың үйішілік тәрбиесінде қырғыз халқы еңбекке баулуға үлкен мән
береді. Себебі қырғыз отбасында жас буынды шынықтырып, шындаудың бірден-бір
жолы еңбек болып есептелінеді. Еңбектің бала тэрбиесінде бэрінен жоғары
түратынын "Байлықтың атасы -еңбек", "Еңбек мұрат қажеткізеді", "Еңбексіз
мұратыңа жетпейсің", "Еңбекпенен ел көгерер", "Ел еңбегінжер жемейді",
"Еңбекті сүймеген адам - есі жоқ надан", "Егізден төл өседі, еңбекпен ер
өседі" деген сияқты халық даналығы да растай түседі. Қырғыздарда "еңбек"
деген сөз кәсіпшілік, мал шаруашылығы, мергеншілік,қолөнер, ұсташылықтың
көптеген түрлерімен байланыста қаралады. Балаларды бұл істерге баулуда
олардың жас ерекшеліктеріне және ыңғайы мен ептілігіне көңіл бөлінеді. Жас
баланы еңбекке баулу қырғыздарда, шамамен алғанда, үш жастан басталады.
Баланың алғашқы іс-әрекеті үлкендердің еңбегін қайталаумен ерекшеленеді.
Қырғыздар қария я шаршаған адамға қол ұшын беру ( мысалы, қолына су құю,
еңбек құралдарын орньгна қою, сыйлау, тамақтануға көмектесу, істеген
жұмысын мақтау, т.б.), ата-анасының ісін ардақтау секілді қарапайым ғана
әрекеттерімен балаға көп нәрсені үйретеді.
Еңбек сүйгіштікке үйрету үшін балаға жалқаулық пен еріншектіктің залалын
мақал-мәтелдер арқылы да түсіндіріп отырады. Мысалы, "Жалқаудың ертеңі
бітпес", "Жалқаудың сылтауы көп", "Алма піс, аузыма түс", "Бекер жатқаннан
безе қаш", "Білмегенннің білегі ауырмайды" деген әрі қысқа, әрі нұсқа мақал-
мәтелдер балаға үлкен әсер етеді.
Тыю сөздер де балаға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-насихат айтуда қуатты
құрал болған. Мұндай тыю сөздерді халық өз жадынан шығарып айтып, ереже
қатарында қолданып, баланы жаман әдеттен, арам істен сақтандыруға
талпынған. Тыю сөздер қатарында "Жалғыз ағашты кеспе", "Малды үркітпе",
"Жалқау болма", т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Этнопедагогиканың оку пәні ретіндегі негізгі міңдеттері. Өзге ғылым салаларымен байланысы
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Халық педагогикасындағы тәрбие бағыттары, олардың мақсаты мен міндеттері
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
Пәндер