Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру


Тұжырым
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны мен пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері баяндалады.
Бірінші тарауда халық педагогикасы арқылы оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері туралы айтылады.
Екінші тарауда патриоттық тәрбиенің теориялық негізін пайдалана отырып, жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына оның әдістемесі дайындалып, тәжірибе-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері беріледі.
Аннотация
Дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованных источников.
В введении изложены актуальность, объект, предмет, цель, гипотеза и задачи исследования, методологические и теоретические основы дипломной работы.
В первой главе раскрываются научно-теоретические основы формирования патриотического вопитания школьников с помощью народной педагогики.
Во второй главе на основе определения теоретических основ патриотического воспитания учащихся общеобразовательных школ разроботана методические рекомендации, а также сделан практически-экспериментальный анализ работы.
Abstract
The diploma paper is consists of untroduction, two chapters, conclusive part, a list of used literature.
In introductive part the actuality, object, subject, purpose and tasks of the research, methodological foundation.
In the first chapter of diploma paper is describes the pedagogical problem foundation of patriotic education national study in the school
In the second chapter of diploma, to devise methodical recommendations and their testing in practice on the basis of defining the essence of patriotic education at comprehensive schools, proved its effectiveness in the way of experiments.
МАЗМҰНЫ
1 ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық ерекшелігі
2 ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың құрылымдық мазмұнының жүйесі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет осы мемелекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: « . . . біздің балаларымыз бен немерелеріміз . . . бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп үміт артып отыр [1] .
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу-тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі - отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы - көп ұлтты іргелі ел.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже - оның барысында қалыптасқан жаңа адам бостандықты жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық сын-сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетін, білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыпастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезеңде «қазақстандық отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халқының отансүйгіштік сезімін қалыпастыратын - азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар - жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік - қасиетті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына-сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездей-соқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы объективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындықтарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген, жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын, қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.
Патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін алғы шарттар пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана- сезімі артып, жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады.
Патриоттық сана-сезім болса, ол - отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.
Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, қандай ғылым болмасын адамзаттың ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өмірімен тікелей байланысты тәлім-тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал халықтық тәлім-тәрбие әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан, «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұсынған жөн; олардың мазмұндық құрылымы, қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?-деген сияқты көптеген проблемалық сұрақтар туындап отыр.
Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің сипатын ашып айқындаудың маңызы зор.
Бұл жағдайда, халқымыздың патриотизмге бай тарихи тәжірибелерін, жауынгер, ер жүрек, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін, іс-әрекетін, мінез-құлқын жас буындарға жеткізу, санасына сіңіріп, соған еліктеудің тың жолдарын іздестіру қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте аттары аңызға айналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай батыр сынды т. б. ерлеріміздің орны бөлек [5] .
Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов [6], М. Жұмабаев [7], Ш. Құдайбердиев [8], М. Дулатов [9], Б. Майлин [10], т. б. өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін сөзімен де, ісімен де дәлелдеген ұлы тұлғалар, олар ұлт азаматтығын оның өркениетті ел болуын көксеп, жастарды елін сүюге, ұлтын қадірлеуге, отанын қастерлеуге шақырған. Майдангер жазушылыр Б. Момышұлы [11], Ә. Нұршайықов [12], Ә. Қалмырзаев [13], өз шығармаларында патриотизмнің Ұлы Отан соғысындағы өшпес үлгілерін жастарға өнеге етіп көрсете білді. Заманымыздың белді ақындары М. Мақатаев [14], О. Сүлейменов [15], М. Шақанов [16] т. б. шығармаларын көкіректегі қайнаған патриотизмнен туындаған жалынды толғаулар деуге болады. Олар жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің сарқылмас бұлағы. Бұл ақын-жазушылар өз шығармаларында кейде ашық, кейде көміскі түрде тәуелсіз ел болуды аңсап, қазақ халқының бойында ұлттық патриоттық сезімді оятуға ұмтылған, ал қазіргі күні біз оны ашық айта аламыз.
Қазақстан мектептерінде кеңес одағы кезінде, өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып-білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю. К. Бабанский [17], Н. И. Болдырев [18], В. А. Сухомлинский [19], т. б. зерттеулерінде дәлелденген;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т. Тәжібаев [20], Қ. Бержанов [21], С. Мусин [22], Қ. Құнанбаев [23] т. б. қарастырған;
- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері Қ. Жарықбаев [24], С. Қалиев [25], М. Х. Балтабаев [26], Б. М. Бекмұхамедов [27], т. б. еңбектеріне орын алған;
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары мен кезеңдері ашылғанымен жалпы Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің даму тарихы толық зерделенбеген. Сонымен бірге Қазақстанда жаңа демократиялық құрылым жағдайында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде, аса маңызды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері және Отанымыздағы ұлт саясатына қатысты келелі ой-пікірлер осыған орай, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуынан туындап отырған «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» секілді ұғымдардың педагогикалық мәні ашылып нақтыланбаған. Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында, өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің тарихи тәжірибелерге негізделген педагогикалық бағыттары нақты белгіленбеген.
Мұрағат құжаттары және философиялық, психологиялық, педагогикалық тарихи еңбектер мен мектептердегі оқу-тәрбие практикасын зерделеу барысында - мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде мұрағат құжаттары мен озық тәжірибелердің тарихи-педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдаланылуының жеткіліксіздігі арасындағы; оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жаңа негізіндегі мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларын отаншылдыққ, елжандылыққа тәрбиелеудегі мектеп сұранысы аралығындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Бұл қайшылықтардың шешімін табу, біздің зерттеу проблемамыздың көкейкестілін анықтайды. Сондықтан да, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың технологиясы» деп анықтауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары.
Зерттеу пәні: Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жүйесіне тарихи-пеагогикалық талдау жүргізіліп, сипаттама берілсе, оның негізгі ұғымдарының мәні, мазмұны анықталса, онда жас ұрпақты патриотизмге, елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу жолдарын, бағыттарын, мазмұндарын айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері :
1. Қазақстан мектептеріндегі патриоттық тәрбиені тарихи -педагогикалық аспектіде қарастыру және оның озық тәжірибелерін пайдалану.
2. «Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашып көрсету.
3. Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеу көздері: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, педагогиканың тарихы мен теориясы; мұрағат құжаттары; ресми құжаттар; Қазақстан Республикасы Ата Заңы; білім беру заңы; тәрбие тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; педагогтар, психологтар, философтар мен тарихшы ғалымдардың, жазушылардың, соғыс ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арнаған еңбектері.
Зерттеудің жетекші идеясы: құқықтық, демократиялық негізде қалыптасып келе жатқан мемелекеттің жас буындарын патриоттық рухта тәрбиелеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі:
Табиғат, қоғам және адамзат дамуының жалпы заңдылықтары, патриоттық тәрбиенің мәні мен оны қалыптастыру жолдары туралы ілімдер, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалары, жеке тұлға туралы теория және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар жатады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу жұмыстарына тарихи-педагогикалық тұрғыда сипаттама берілді.
2. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық аспектісі анықталып, патриотизмнің мәні, мазмұны ашылып, анықтама берілді.
3. Бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге, ұлттық құндылықты, тілі мен ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеудің бағыттары мен мазмұндары, тиімді әдістемелері айқындалды.
Зерттеу базасы: Тараз қаласының № 42 мектебінде іс-тәжірибелік сынақтан өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеден зерттеудің өзектілігі, нысанасы, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері, негізгі жетекші идея, зерттеу әдісі мен кезеңдері, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалды.
«Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізі» атты бірінші тарауда, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу тарихы, даму кезеңдері, патриоттық тәрбиенің мәні, мазмұны, ондағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің іс-тәжірибелеріндегі тиімді жолдарына сипаттама берілді.
«Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың тиімді жолдары» атты екінші тарауда, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері қарастырылып, оны жетілдірудің бағыттары мен мазмұндары белгіленді.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негіздеген тұжырымдар берілген.
1 ОҚУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық негізі
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде», «Тарих толқынында» деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды рөль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-саттықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек», - деді [4] .
Өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді дамыту - қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе, жастардың отансүйгіштік сана - сезімін қалыптастыруда, Отан міндеттерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде бүгінгі аға буынның атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан. Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның мемлекеттік дамуындағы әйелдердің рөлі» атты әлеуметтік маңызды жобаның аясында «Қазақстандық патриотизм: тарих, мәдениет, тіл» атты конференция өтіп, жастар арасындағы патриоттық тәрбиені жетілдіру мен оның жолдары туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі - Отан. Оны таратып айтсақ, бұл - туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә. Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдык, ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қапыптасады» деп жазады [13] .
Қазақстандық патриотизм рухын отандастарымыздың санасына сіңіру - қазіргі заманда күн тәртібіндегі алдыңғы орында тұрған мәселелердің бірі. Патриотизм деген түсініктің өзі абстракциялы философиялық ұғым емес, мемлекеттілікпен тығыз байланысты, тіпті оның айнымас атрибуттарының бірі десе боларлық нақты сезім. Әрбір азамат өз елінің жетістігін біліп, оның алған асуына үнемі көз жеткізіп, оған қуанып, көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатып отыру керек. Әйтпесе, жалған ұран мен жалаң шақыраулардан патриоттық сезім оянбайды. Әрине, түйсігі терең, танымы зор адамдарда патриоттық сезім үнемі болады. Бірақ жұрттың бәрі ондай емес қой . . . Сондықтан, әсіресе, жастар арасында Отанымызға деген шынайы патриоттық сезімді ояту, елін сүюге баулу -маңыздылығы аса зор.
Барлық мемлекеттер де өз халқының отаншылдық сезімін оятуға мүдделі. Тіпті, мыңжылдық тарихы бар елдер де, бірнеше жүз жылдық құрылымы бар мемлекеттер де оны бір сәт естен шығарған емес. Өйткені, шынайы патриоттық сезімге селкеу түссе - елдің бірлігіне, іргесінің беріктігіне сызат түседі. Кешегі Кеңестер Одағының тарихынан біз оны көзіміз көрді. Жариялылық, демократия деген желеумен ел тарихының келеңсіз беттері айпара болып, қанды жорықтар мен қасапты қылықтардың құпиялары ашыла бастап еді, патриоттық сезімге де шіркеу түсті. Саналарда «Бұл елдің несін сүгенбіз, несіне оның жетістігіне мақтанғанбыз» деген ой туа бастады. Сөйтіп ұзақ жылдар бойы миға құйылған «кеңестік патриотизм» бірте-бірте сағымға айналып, желге ұшты. Сондықтанда Кеңестер Одағы бір оқ шықпай құлағанда «Елім, отаным» деп рухтанған, оны қорғаймын, өліспей беріспеймін деген бірде-бір адам болған жоқ.
Қалай десек те, патриотизм мемекеттіліктің бейресми атрибуты. Патриоттық сезімді барлық елдер де өмірдің барлық саласы арқылы қалыптастыруды бір сәт қаперден шығармайды. Анда-санда америкалық кино көріп отырсаңыз бір жағымды кейіпкер оқиға ортасында жүріп-ақ «Американы құдай сақтасын» немесе «Американың даңқы арта берсін» деген сөздерді айтып қалып жатады. Осының өзі-ақ беріле қарап отырған көрерменге ерекше әсер етіп, елдің амандығын, жасампаздығын үнемі ойлаумен қатар, оны сүйіп, онымен мақтану керек екенін еске салып, патриоттық ойдың ұшқынын тастап жібереді. Ал біз секілді жаңадан ел болған мемлекеттер үшін патриотизм, әсіресе, зәру дүние. Егер халық өз елін сүймесе, оның өрелі істерін біліп, онымен мақтанбаса, жүрегінде оған деген сүйіспеншілік, махаббат тұтанбайды. Ал еліне деген сүйіспеншілік болмаған жерде мемлекеттің өмір сүруі де екіталай екенінің мысалын жоғарыда айттық. Сондықтан да бұл істің әрқашан да маңызды орында тұруы керектігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта өзінің сөздерінде үнемі ескертіп отырады [2] .
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту - ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шарында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу қашанда толастамаған. Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, коммунисттік мораль қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрады. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты- жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz