Негзгі құрлдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оларды жетілдіру жолдары



М А З М Ұ Н Ы

КIРІСПЕ 6

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ 9
1.1 Бәсекеге қабілеттік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 9
1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
1.3 Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 20

2 КӘСІПОРЫН ҚОРАЛРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ 27
2.1 Кәсіпорын қорларын жіктеу және бағалау 27
2.2 Кәсіпорын қорлар қозғалысының есебі 36
2.3 Кәсіпорын қорларының амортизциясы мен құнсыздануының есебі 43
2.4 Кәсіпорын қорларының жөндеу есебі 53

3 КӘСІПОРЫН ҚОРЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ 56
3.1 Кәсіпорын қорлар есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 61
3.2 Кәсіпорын қорларына аудиторлық тексерудің маңызы мен міндеті 61
3.3 Кәсіпорынның негізгі құралдарының техникалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау 66

ҚОРЫТЫНДЫ 73

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76

ТІРКЕМЕЛЕР 78
КIРІСПЕ

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол келесі мәселелерді шешеді:
– экономикалық өсуді ынталандыру;
– кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
– аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;
Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді. Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектiлер мен еңбек ұйымдарын шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзiнiң өндiрген, шығарған өнiмдерiн халықаралық рынокқа бәсекелестiкке, салыстырмалылыққа жеткiзуге, өндiрiсiн ұлғайтуға, өндiрген өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға және оған зиян келтiрмеуге мүдделi. Бұл орайда шаруашылық субъектiнiң материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиiмсiз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша атап өтуге болады. Жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргiзу үшiн кәсiпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлi ерекше. Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі құралдар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, дайындаудың еңбек
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңы 2006 жылғы 5 мамырдағы №139-III.
2. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы 15.02.2007 жыл №234-ІІІ
3. «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі» ҚР Қаржы Министрлігінің 22.06.2007 жыл №221 бұйрығымен бекітілген
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары. ҚР Қаржы Министрлігінің 23.05.2007 жыл №185 бұйрығымен бекітілген
5. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік ұсыныстар, шоттардың типтік жоспары: құжаттар жинағы. – Алматы: LEM, 2009. – 320 б.
6. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2009 – 672 б.
7. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. – Алматы: Раритет, 2009 – 786 б.
8. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ. 2010. – 536 б.
9. Абленов Д.О. қаржылық аудит және талдау. Теория, әдіснама, практика. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2010. – 528 бет
10. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 1 кітап, - Алматы: Нұр – Пресс, 2008 – 506 б.
11. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. 2 кітап, - Алматы: Нұр – Пресс, 2009 – 506 б.
12. Әжібаева З.Н., Байболатова Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит. Оқулық. – Алматы: 2006 ж
13. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп: Оқулық. – Алматы, 2007. – 296 б.
14. Дүйсембаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2011 – 348 бет.
15. Жақыпбеков С. Ішкі аудит: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008 – 344 б.
16. Институт профессиональных бухгалтеров и аудиторов РК Аудит: Учебное пособие. – Алматы, 2007
17. Исакова С.А., Қалабаева А.Б. Аудит: Оқу құралы. Тараз: Тараз университеті, 2008. – 302 бет.
18. Исакова С.А. Есеп және аудит халықаралық стандарттары: монография. – Тараз: Тараз университеті, 2010. – 213 б.
19. Междунараодные стандарты финансовой отчетности: теория и практика / Справочное рукаводство. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2007. – 568 с.
20. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Алматы: Экономика 2005 б.
21. Нұрсейтов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп / Оқу құралы. - Алматы, «Издательство LEM» ЖШС, 2009

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Кiріспе

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік
есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және
басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты
және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына және
субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп
шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің
негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне
есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы бухгалтерлік есепті реттеу
заңнамалық, атқарушылық және бақылаушылық жүйесін мемлекеттік құқықтық
мүмкіншілікті мекемелер тарапынан және қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге
асырылатын, әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әр түрлі өзгерістерге
қалыптастыруға арналған шараларды қамтитынын сипаттайды.
Бухгалтерлік есепті жетілдіруде басты мақсат экономикалық және
әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында ол
келесі мәселелерді шешеді:
– экономикалық өсуді ынталандыру;
– кәсіпорын жұмысын тиімді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
– аймақтық және салалық құрылымдардың қарқынды дамуын қолдау;
Бухгалтерлік есептің негізгі түрлері, бағыттары экономикалық және
әлеуметтік мәселелердің табиғатымен және маңыздылығымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп – ол өз экономикалық өміріне мемлекеттің араласу
түрінің бірі болып табылады. Яғни, ол шектеулі ресурстарды тиімді бөліп
және теңдіктерді қамтамасыз ете отырып, қазіргі уақыттағы басқарудағы
экономиканы реттеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып келеді. Экономиканың қай
саласында болмасын шаруашылық субъектiлер мен еңбек ұйымдарын шикiзат пен
материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты
жоюға, өзiнiң өндiрген, шығарған өнiмдерiн халықаралық рынокқа
бәсекелестiкке, салыстырмалылыққа жеткiзуге, өндiрiсiн ұлғайтуға, өндiрген
өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға және оған зиян
келтiрмеуге мүдделi. Бұл орайда шаруашылық субъектiнiң материалдық
құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиiмсiз
жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша атап
өтуге болады. Жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргiзу үшiн кәсiпорындардағы
еңбек құралдарының атқаратын рөлi ерекше. Қазіргі таңда негізгі өндірістік
қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі
құралдар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық
технико-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде
өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, дайындаудың еңбек
сыйымдылығына, табыстау және өндіріс рентабелділігінің өсуіне ықпал
жасайды.
Кәсіпорында негізгі құралдарды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің
маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық
талаптарды және негізгі өндірістік қорлардың салалық ерекшеліктерін ескеру
негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі
құралдардың жағдайына ерекше мән берілуде. Өйткені, оларды пайдалану
деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына
айарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі
өндірістік құралдарды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны
түсіндіріледі. Жаңа үлгiдегi сапалы және өнiмдiлiгi жоғары еңбек құралдары
болмайынша кәсiпорынның айтарлықтай жетiстiкке жетуi мүмкiн емес.
Отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне
өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі
капиталдың моральдық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы
өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен
бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге
сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді.
Қазіргі кезде қолданылатын техниканың ішінде де моралдық және табиғи
тозығы жеткен құрал-жабдықтардың үлесі көп деп айтуға болады. Тоқтап тұрған
құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру әлеуеті төмен болып отыр.
Жалпы моральды және табиғи тозығы жеткен өндірістік аппарат басым.
Өндірістегі құрал-жабдықтардың орташа жасы 20 жылдан астам.
Бұндай капиталды ұзақ уақыт сақтау еліміздің өндірістік аппаратының
әрі қарай ескіруіне әкеп соқтырады, экономиканың жоғарғы қарқынмен ішкі
дамуына және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары өнім өндіруге
мүмкіндік бермейді. Еліміздің техникалық артта қалуы күшейе түседі және ол
жыл өткен сайын жинақталған ғылыми техникалық әлеуеттің толық жойылуына
әкеледі.
Демек, негізгі құралдарды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі
болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру,
модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық
және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. өнеркәсіп
кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе машина жасау
өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестиция жеткіліксіз. Кәсіпорынның
техникалық базасының төмендігінен және инвестицияняң тартымды болмауынан
соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белседілігі бәсең
болып келді.
Сондықтан да ''Негiзгi құралдардың есебi мен ішкі аудитін ұйымдастыру
және оларды жетілдіру жолдары'' тақырыбы бүгiнгi күнi актуалды тақырып
болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу
үшiн таңдап алынды.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі қаулысымен бекітілген 2-ҰҚЕС-ның 16 - Негізгі құралдар есебі
бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес іске асырылады.
Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты,
сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша
қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі
шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар топтар бойынша мақсатты
белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
Диплом жұмысының мақсаты: ұйымда негізгі құралдардың құрылымын,
өзгерісін және жағдайын, олардың есебін білуге ерекше көңіл бөлінеді.
Себебі, бұлар қоғамның ұзақ мерзімді активінің үлес салмағының көп бөлігін
алады.
Негізгі құралдар кез-келген өндірістің маңызды факторларының бірі
болып табылады. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы қоғамның шаруашылық
қызметінің нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылады:
• Негізгі құралдарды жіктеп бағалау;
• Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу;
• Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу;
• Негізгі құралдарды түгендеу;
• Негізгі құралдардың аудитін жүргізу
• Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімді пайдалану
көрсеткіштерін талдау;
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012
жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы
әдебиеттер пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан және қорытындылар
мен ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі дипломдық жұмысты жазуда база
ретінде пайдаланылатын Нуржан и КЖШС-ң қызметін толықтай көрсету, оның
экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін
пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды
тиімді пайдалануын және басқалар қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде негізгі құралдардың бухгалтерлік
есебінің есебінің ерекшеліктері, яғни негізгі құралдар нені көрсетеді,
негізгі құралдардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі.
Қазіргі жағдайға негізгі құралдардың мағынасы және мақсаттары келтірілген.
Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде
зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы
қарастырылады.
Үшінші бөлімде негізгі құралдарға аудит жүргізу мен олардың тиімді
пайдалану көрсеткіштерінің талдауы қарастырылады.
1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

1.1 Бәсекеге қабілеттік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның
келешектегі даму жолдары

Нуржан и КЖауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгі 2004 жылдың 18
ақпанынан бастап өз жұмысын атқарып келеді. (Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгiнде тiркелген). Меншiктiң түрi – жеке меншік.
Кәсіпорынның ресми атауы Нуржан и Кдеп аталады.
Кәсіпорын толық шаруашылық есеп міндеттерін, өзін-өзі қаржыландыру
және өзін-өзі өтеу арқылы жүзеге асады. Компанияның қазіргі кездегі тұрған
жерi: Тараз қаласы Қойкелдi, Қолбасшы көшесі 177.  Жарғылық капиталға
салымның үлесi - 100%. Бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың
қатарына жатады.
Нуржан и КЖШС-гі жұмыстың негiзгi түрлеріне мыналарды айтып кетуге
болады:
- үнемдейтiн тәсiлдемелер, пайдаланулар;
- әзiрлеу, жоспарлау;
- жобалау;
- Жамбыл облысының мекемелеріне, ұйымдарға, коммуналдық-тұрмыстық
кәсіпорындарға газ торабын енгізу;
- қондыру, тексерiс, қызмет көрсету жобалау және есептеудiң құралдарын
жөндеу;
- газбен жабдықтау, пайдаланылатын өлшеуiш құрылғысымен және басқалары
жатады.
Кәсіпорын өзінің жұмысын келесi құжаттардың негiзінде және нормативтiк
актiлер арқылы жүзеге асырады: кәсіпорынның жарғысы, Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексі; 22.04.1998 жыл, №220-1 (өзгерiс пен
толықтыруларды есептеумен) серiктестiктер туралы шектелген және қосымша
жауапкершiлiкпен Қазақстан Республикасының заңы; басқа заңдар, нормативтiк
актiлер, нұсқау және ол бойымен Қазақстан Республикасының ұйымдары қаржы-
шаруашылық қызмет регламент белгiлейтiн әдiстемелiк ұсыныстар.
Кәсіпорын басқа да кәсіпорындармен жұмыс атқарып, келісім-шарттарға
отырады.
Кәсіпорын өз жұмыстарын тек қала ішінде ғана орындап қоймай, сонымен
қатар басқа да аудандарда жұмыстарын атқарды. Яғни ол аудандарға: Лугавой
ауданы, Жуалы ауданы, Қордай аудандарында газ құбырлары мен монтаж
жұмыстары бойынша қызметтер жасалды. Кәсіпорын қызметінің қаржылық
нәтижелері жылдық бухгалтерлік есебі негізінде анықталып, қаржылық есеп
берулері жыл сайын жасалынады және кәсіпорынның кірісі мен шығыстары
теңгелік немесе шетелдік валютада көрсетіліп отырады.
Кәсіпорын қызметін басқару үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін
пайдаланады, ол бойынша өз жұмысын жоспарлайды, есеп пен есеп беруді
ұйымдастырады, баға және жұмысқа ынталандыру жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландырылуы тиіс.
Қаржы жағдайы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын
және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз
міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін
көрсетеді.
Талдау бізге кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін болжамдап,
баға беру үшін қажет.
Келесі кестеде Нуржан и КЖШС-ң № 2-нысан Кірістер мен шығындар
туралы есеп, 2-ШК Шағын кәсіпорын қызметі туралы есептіліктің
мәліметтерін қоладана отырып мәліметтерін қолдана отырып, кәсіпорынының
2011-2012 ж.ж. негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін талдаймыз.

1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау
және оларды бағалау

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын талдау, дамуындағы
тенденцияларды анықтау, оның қаржылық есеп беруінің көрсеткіштерін
зерттеуге негізделеді. Бухгалтерлік есептің жағдайы көп кезде кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың сапасын анықтайды. Осыған орай, бұл
проблеманың екі аспектісін ерекше айтуға болады:
Біріншіден, бухгалтерлік есептің әдістемелік базасының жағдайы;
Екіншіден, нақты кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп жағдайы.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру және сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау керек. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметіне талдау жүргізу процессінде
әрдайым көрсеткіштердің жүйесімен жұмыс жасауға тура келеді. Талдау
қорытындысы дұрыс және сапалы болу үшін есеп беру мәліметтерінің сапасы
жоғары болуы қажет, мұнда әринеішкі және сыртқы аудиттің ролі зор.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жан-жақты зерттеу негізіне
бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің тобы жатады. Санды
көрсеткіштер абсолютті көлемді білдіреді, ал қызмет көрсету көлемі
қызметкерлердің саны мен құрамы, негізгі құралдар мен материалдардың
қажеттілігі. Сапалы көрсеткіштер өндіріс тиімділігін анықтайды, кәсіпорын
қызметінің жағдайын сипаттайды, еңбек өнімділігін, құрал-жабдықтарды
пайдалану деңгейі, табыстылығы, атқарылған қызмет бірлігіне анықталған
материалдың және басқада шығысдарды көрсетеді.
Шаруашылық жоспар көрсеткіштерінің экономикалық мазмұнына есептің
басқада мәліметтеріне талдау жүргізе отырып жоспардың орындалуын өндірістік-
шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсуін анықтайды, әсер еткен
факторларды табады, оның әрқайсысын салмақтап, маңыздыларын анықтайды, әр
бөлімше, цех, учаскелердің, кәсіпорынның жұмыс нәтижесіне баға береді.
Субьект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің
3 – Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп нысанымен
анықталады. Онда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі,
бұл өз кезегінде кәсіпорынның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық
есебін салыстыруға мүмкіндік береді.
Нуржан и КЖШС-ң негізгі қаржы-экономикалы
көрсеткіштерін бағалау, талдау жүргізу үшін 1-аналитикалық кесте құрамыз,
ол үшін 2011-2012 жылдардағы жылдық есеп беру мәліметтерін пайдаланамыз,
оның ішінде №1 үлгі “Баланс”, №2 үлгі “Қаржылық нәтиже жөнінде есеп беру”,
№3 үлгі “Ақшалай қаражаттардың жылжуы жөнінде есеп беру”, №1ПФ
“Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі жөнінде есеп беру”, №11 үлгі
“Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің нақтылығы мен жылжуы
жөнінде есеп беру”, № 1-Т үлгі “Еңбек жөнінде есеп беру”, басқада тиісті
құжаттар.

Кесте 1
Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. негізгі қаржы- экономикалық
көрсеткіштерін талдау
РсКөрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауыт- Өсу
бірлігі қу (+;-) қарқы-
ны
%
2011ж 2012ж
10 Жұмысшылар саны адам 812 783 -29 96,4
11 Бір жұмысшының орташа тг. 71769
жалақысы
2011 ж 2012 ж
Сомасы,мыҮлесі, Сомасы, Үлесі
ң тг % мың тг %
1 Ағымдағы активтер 82305 18,1 85752 18,2 3447
1.1Ақшалай қаражаттар 7 0,3 13 1 6
1.2Дебиторлық берешектер 60 2 2078 3,4 2018
1.3Тауарлы материалдық 80382 97,7 81837 95,6 1455
қорлар
2 Ұзақ мерзімді активтер 373217 81,9 384757 81,8 11540
2.1Негізгі құралдар 373217 - 384757 - 11540
Активтердің жиыны 455522 100 470509 100 14987

2-кестенің мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 14987 мың тг. артқанын көруге болады. Бұл
кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен оның жұмысының оң
нәтижесін сипаттайды. Кәсіпорынның ағымдағы активтері 85752 мың тг. артқан,
соның ішінде ақша қаражаттары 6 мың. тг, дебиторлық борыштар 2018 мың тг,
тауарлық материалдық қорлар 1455 мың тг. ұлғайған. Ал ұзақ мерзімді
активтер бойынша тек негізгі құралдарда ғана өзгеріс болған, яғни 11540
мың тг. өсіп отыр.
Келтірілген кестенің деректері бойынша соңғы екі жылдада қысқа және
ұзақ мерзімді активтер құны бойынша ұзақ мерзімді активтердің құны жоғары
екенін көрсетеді. Алайда есепті жылы ағымдағы активтердің өсуі ұзақ
мерзімді активтердің өсуінен 2 есеге ұлғайған.
Кез келген ұйым табысты жұмыс істеу үшін ақшалай қаражаттың
қозғалысын талдауға тиіс. Талдау ақшалай қаражат ағынының өзгеруіне ықпал
ететін ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалу бағыттарының объективтік, дәл
және уақытылы сипаттамасын беретін ақшалай қаражат параметрінің қажетті
көлемін, объективтік және субъективтік, ішкі және сыртқы факторлардың
көлемін, құрамын, құрылымын алу мақсатында жасалады.
Ақшалай қаражаттың қозғалысын талдамай ақшалай қаражатты басқарудың
тиімді жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес, ал жүйе болмаған жағдайда кез
келген ұйым банкрот болуы ықтимал. Оның деректері бойынша ұйымның есеті
кезеңдегі ақшалай қаражатының кетуі мен келуін өткен кезеңмен салыстырып
талдаймыз. Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп –ақшалай қаражат пен оның
баламаларының кетуі мен келуінен құралатын ақшалай қаражаттың қозғалысын
талдауға арналған ақпараттың негізгі көзі. Аталған есеп беру нысаны
негізінде келесі кестені құрамыз.

Кесте 3
Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. ақша қаражаттарының бары және
қозғалысы
мың теңге
РсКөрсеткіштер Іс жүзінде Ауытқу (+;-)
2011ж. 2012ж.
1 Келіп түскен ақша қаражаты 884152 964368 80216
соның ішінде:
1.1дайын өнімді (қызмет, жұмыс, 4306 6675 2369
өнім) өткізуден
1.2басқа да түсімдер 879846 957693 77847
2 Ақша қаражатының шығуы 884159 964362 80203
соның ішінде:
2.1жеткізіп берушілер мен 74404 59667 -14737
медігерлерге төлем
Кесте 3 жалғасы
2.2еңбек ақы бойынша төлем 584302 638383 54081
2.3бюджетпен есеп айырысулар 88509 101602 13093
2.4басқада төлемдер 136944 164710 27766
3 Шаруашылық барысының нәтижесі -7 6 13

3-кесте бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын талдайтын болсақ,
жалпы келіп түсен ақша сомасы 80216 мың тг. артқан, соның ішінде қызмет
көрсетуден алынған сома 2369 мың тг., басқада қызметтерден алынған ақша
77847 мың тг. өскен. Ал ақша қаражаттарының шығуы 80203 мың тг. ұлғайған,
соның ішінде жеткізіп берушілер мен мердігерлерге төлем 14737 мың тг.
төмендесе, еңбек ақы бойынша төлем 54081 мың тг., бюджетпен есеп айырысулар
13093 мың тг., басқада төлемдер 27766 мың тг. көбейген. Жалпы 2011 жылмен
салыстырғанда шаруашылық барысының нәтижесі 2012 жылы 13 мың тг. артқан,
яғни ақша қаражаты 13 мың тг. көбейгенін көрсетіп отыр.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің
құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың
дұрыстығымен сипатталады. Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын
бағалаумен қатар, кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да
қарастырылады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерінің жалпы құнындағы дебиторлық
берешектің үлесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын ең маңызды
көрсеткіштің бірі болып табылады, сондықтан бухгалтерлік есептің қысқа
мерзімді берешекті көрсететін шоттарының деректері бойынша оның өсуінің
себептерін зерттеу қажет. Ұйымның қаржылық жай-күйіне дебиторлық берешектің
болуы емес, оның көлемі, қозғалысы мен нысаны, яғни осы берешектің пайда
болу себебі ықпал етеді.
Талдаушы дебиторлық берешекті зерттегенде оны кредиторлық берешекпен
салыстыруға міндетті. Кредиторлық берешектің өсуінің немесе кемуінің
себептерін зерттей отырып, талдаушы есепті кезеңде қысқа мерзімді
кредиторлық берешектің құрамында қандай өзгерістердің орын алғанын анықтап,
мұның өзінде жеткізушілер мен мердігерлерге төленуі тиіс және еңбекақы
жөніндегі берешекке назар аударуы керек.
Келесі кесте арқылы кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық
қарыздарының құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз.

Кесте 4
Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. дебиторлық қарыздардың және
міндеттемелердің құрамы мен құрылымын талдау
мың теңге
Көрсеткіштер 2010ж. 2011ж. Ауытуқу
Рс (+;-)

1 Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар 60 2078 2018
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс 60 - -60
берушілердің дебиторлық берешегі
1.2 Басқада дебиторлық берешек - 2078 2078
2 Қысқа мерзімді міндеттемелер 1400107 1553703 153598
2.1 Салықтар бойынша міндеттемелер 13630 18005 4375
2.2 Басқа да міндетті және ерікті төлемдер16820 21174 4354
2.3 Жабдықтаушылар мен мердігерлерге 1302987 1427651 124664
берілетін кредиторлық берешек
2.4 Еңбекақы төлеу бойынша берешек 30401 45859 15458
2.5 Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық 680 1536 856
берешек
2.6 Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер 35589 39478 3889

4-кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 2018 мың тг. өсіп
отыр. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегі 2011
жылы 60 мың тг. құраған, ал 2012 жылы сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің берешегі жүргізілмеген. Басқадай дебиторылқ берешек 2012 жылы
2078 мың тг. құраған. Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері есепті
кезеңде 153598 мың тг. ұлғайған. Соның ішінде, салықтар бойынша
міндеттемелер 4375 мың тг., басқа да міндетті және ерікті төлемдер 4354 мың
тг. артқан. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін кредиторлық берешек
124664 мың тг., еңбекақы төлеу бойынша берешек ұлғайған. Басқа да қысқа
мерзімді кредиторлық берешек 856 мың тг., басқа да қысқа мерзімді
міндеттемелер 3889 мың тг. өсіп отыр.
Дебиторлық және кредиторылқ берешек арасындағы қатынас 2:1 болуы
тиіс. Егер кредиторлық берешек дебиторлық берешекпен қамтамасыз етілмесе,
онда меншікті қаражаттың кейбір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын
баяулататын мұндай жағдайды қолайсыз деп бағалауға болады.
Талданып отырған кәсіпорында екі жылда да қысқа мерзімді дебиторлық
берешек қысқа мерзімді кредиторлық берешектен біршама артық болды, бұл
ұйымның кредиторлық берешекпен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды бөліктерінің бірі
кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Ол өтімділік
көрсеткіштерін зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Ұйымның өтімділігі деп оның
өз міндеттемелерін ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне
сәйкес келетін активтермен өтеу қабілеті аталады.
Ұйымның келешекті төлем қабілеттілігін анықтау үшін ұйымның активтері
ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін даярылық пен жылдамдықты сипаттайтын
өтімділіктің статикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады. Мына үш
көрсеткіш жиі пайдаланылады: абсалюттік өтімділік коэффициенті, аралық өтеу
коэффициенті, жалпы өтеу коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақшалай қаражаттармен кәсіпорынның
ағымдағы міндеттемелерін төлеуді сипаттайды, яғни ақшалай қаражаттың,
олардың баламалары мен қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде
есептеледі. Оның мөлшері 0,2-0,5
Аралық өтімділік коэффициенті ақшалай қаражатқа төленген дебиторлық
қарызды қосқандағы ағымды міндеттемелерді өтеу мүмкіншілігін көрсетеді, бұл
көрсеткіштің дұрыс көлемі 0,7-0,8 болғаны жөн.
Жалпы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның барлық ағымды активтерін
өткізгенде ағымды міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігін сипаттайды. Ол қысқа
мерзімді активтер қысқа мерзімді міндеттемелерді қанша есеге жабатынын
анықтауға және дебиторлармен уақытылы есеп айырысып, даяр өнім жақсы
сатылған, сондай-ақ қажет жағдайда материалдық айналым қаражатының
элементтері сатылған жағдайда бағаланғанын төлем төлеу мүмкіндігін
көрсетеді. Жалпы өтімділік коэффициенті өндірістің сипатына орай күрт
өзгеруі мүмкін. Оның деңгейіне жөнелтілген тауарлар мен көрсетілген қызмет
үшін есеп айырысу нысандары, өндірістік циклдің ұзақтығы, запастардың
құрылымы мен т.б. ықпал етеді. Оның дұрыс көлемі К.т.л .2
Өтімділік құралдарының есебі әр түрлі дәрежеде жүргізілгендіктен,
өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері ұйымның қаржылық тұрақтылығын жан-жақты
сипаттайды. Көп ұйымдарда аралық өтімділіктің төмен коэффициенттері жалпы
өтімділік коэффициентімен үйлеседі. Ұйымның аралық өтімділік коэффициенті
төмен және жалпы өтімділік коэффициенті жоғары болса, оның төлем
қабілеттілігі нашарлайды.
Келесі кесте арқылы Нуржан и КЖШС-ң ағымдағы активтерінің өтімділік
көрсеткіштерін талдаймыз. Ол үшін қаржылық есеп берудің №1 нысаны “Баланс”
мәліметтерін қолданамыз.

Кесте 5
Тараз РегионГазСервис ЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. ағымдағы активтерінің
өтімділік көрсеткіштерін талдау
Рс Көрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі (+,-)
2011ж. 2012ж.
1 Ағымдағы активтер, барлығы мың тг. 82305 85752 3447
соның ішінде :
1.1 ақшалай қаражаттар мың тг. 7 13 6
Кесте 5 жалғасы
1.2 дебиторлық қарыз мың тг. 60 2078 2018
1.3 тауарлы-материалдық мың тг. 80382 81837 1455
босалқылар
2 Ағымдағы міндеттемелер мың тг. 1400107 1553703 153596
өтімділік көрсеткіштері:
2.1 абсолюттік өтімділік коэф. 0,000005 0,000008 0,000003
коэффициенті
2.2 аралық өтімділік коэф. 0,000047 0,001346 0,001299
коэффициенті
2.3 жалпы өтімділік коэф. 0,058784 0,055192 -0,003592
коэффициенті

Бұл кестенің мәліметтері бойынша абсолюттік өтімділік коэффициенті
0,000003 өскені, бірақ орташа мәніне сәйкес еместігі анықталып отыр, яғни
ақша қаражаты ағымды міндеттемелердің белгілі көлемін жаппайды. Осындай
жағдай аралық өтімділік коэффициенті бойынша да қайталанады, яғни
дебиторлық қарыз өтелсе де кәсіпорын өз міндеттемелерін өтей алмайды.
Өткізілген қызметтің көлемінің өзгеруіне әсерін тигізетін негізгі
өндірістік шығындар болып табылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны - өнім өндірісінің
экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның деңгейінде
шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрініс табады, барлық өндірістік
ресурстарды пайдалану нәтижесі бейнеленеді. Оның деңгейінен кәсіпорын
қызметінің қаржылық нәтижесі, үдемелі ұдайы өндіріс қарқыны мен субьектінің
қаржылық жағдайы тәуелді.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын талдау шығындарды басқару
жүйесінде үлкен мәнге ие. Оның негізінде бүкіл көрсеткіштің өзгеру
тенденциясына, оның өзгерісіне факторлардың әсерінің сипатына, өнімнің
(жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының деңгейін төмендету мүмкіншіліктеріне
баға беруге болады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын талдау өндіріске
жұмсалған жалпы шығындардыы шығын элементтері бойынша талдаудан басталады.
Келесі аналитикалық кесте негізінде өткізілген қызмет көлемінің
өзгеруіне әсерін тигізген өндірістік шығындардың құрамы мен құрылымын
талдаймыз. Ол үшін №1ПФ “Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі жөнінде есеп
беру” нысанын пайдаланамыз.

Кесте 6
Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. өндірістік шығындарының құрамы мен
құрылымы
РсШығын элементтері Іс жүзінде Ауытқу (+,-)
2011 2012
Сомасы, Үле-сіСомасы, Үле-сСомасы, Үле-сі
мың тг. , % мың тг. і, % мың тг. ,%
1 Еңбекақы бойынша 699319 57,2 790396 57,9 91077 0,7
шығындар
2 Әлеуметтік сипаттағы 84998 6,95 99754 7,3 14756 0,35
шығыстар мен
аударымдар
3 Материалдық шығындар:
3.1материалдар 177855 14,5 226462 16,6 48607 2,1
3.2отын 7174 0,6 6962 0,5 -212 -0,1
3.3энергия 11659 1 12803 0,9 1144 -0,1
3.4еншілес кәсіпорындар 55969 4,6 29021 2,1 -26948 -2,5
мен құрылымдық
бөлімшелерге төлемдер
4 Негізгі құралдардың 10144 0,8 10251 0,7 107 -0,1
тозуы
5 Басқа да шығындар 175093 14,3 189859 14 14766 -0,3
6 Барлығы 1222211 100 1365508 100 143297 -

6 – кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның қызмет көрсету барысында
жұмсаған шығындарының сомасы 143297 мың тг. жоғарылаған. Барлық шығын
элементтерінің абсалютті сомасы өскенімен, шығын құрылымында еңбекақы
төлеу бойынша шығындар мен әлеуметтік сипаттағы шығындардың үлес салмағы
жоғарылап, басқа шығын элементтерінің үлес салмағы кеміген. Бұл аталған
шығындар сомасының жоғары қарқынмен өсуіне және оның шығын құрылымында
елеулі үлеске ие болуына байланысты.
Енді кәсіпорынның материалдық ресурстарының тиімді пайдалануына талдау
жүргіземіз. Материалдық ресурстар өндіріс шығындарының елеулі үлесін
алады, сол себепті оларды пайдалану тиімділігін талдау мен оны арттыру
жолдарын іздестіру кез келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Материалдық
ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін қолданылатын
жалпылаушы көрсеткіштерге материал сиымдылығы, материал қайтарымы жатады.
Олардың динамика бойынша өзгеруіне әсер етуіне баға беру үшін келесі
кестені құрастырамыз.

Кесте 7
Нуржан и КЖШС-ң 2011-2012 ж.ж. материал ресурстарының тиімді
пайдалануын талдау
рсКөрсеткіштер Өлшем Іс жүзінде Ауытқу
бірлігі ( + , - )
2011 ж. 2012 ж.
2 Материал шығындары
2.1Кәсіпорын қорларын жіктеу және бағалау

Қазіргі кезде кез-келген ұйымдарды алып қарасақ та олардың
бухгалтерлік есеп барысында негізгі құралдардың алатын орны, олардың
мөлшері ұлғаюда. Сондықтан да негізгі құралдар бухгалтерлік есептің
объектісі ретіндегі алатын орны зор. Негізгі құралдардың есебін
ұйымдастыруда оларды бағалауда кездесетін көптеген мәселелер туындайды.
Өйткені олар тікелей өндіріске немесе басқа да салаларда пайдаланылу
барысында алатын орны үлкен. Сондай-ақ олардың амортизациялық аударымдарын
дұрыс есептеу мен есептік әдістерін таңдау барысында олардың әр түрі
өзіндік құнның мөлшерін өзгеріске ұшыратады.

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы, яғни бір
жылдан артық уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын
(пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа
көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық
аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық
активтерді айтамыз.

Халық шаруашылығының алдына қойған міндеттерін табысты шешуде оның
басты буындары – экономиканың нақты секторындағы ұйымдарды басқаруды
жетілдірудің маңызы зор. Негізгі құралдар ұлттық байлықтың бір бөлігі,
еліміздің экономикасын дамытудың материалды техникалық базасы болып
табылады. Сондықтан да, өндіріс тиімділігін әрі қарай арттыру негізгі
құралдарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қоғамдық өндірістің
тиімділігі едәуір дәрежеде негізгі құралдардың ұтымды пайдаланылуына
байланысты.

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында ұйым қызметінің қаржылық
мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі
бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде
халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі
ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму
кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым-қатынастарының нығаю кезеңінде
маңызды болып саналады.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең
негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік
есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.
Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі
бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің
16 Негізгі құралдар стандартымен және №6 БЕС сәйкес реттеледі. Аталған
стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік
құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын
сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қор қайтарымы болып табылады, ол
негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе
ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға
алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз – субъектігі тиесілі және оның
балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт
бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар
болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар:
- тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) – уақытша қолданылмайды;
- қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында
қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
- жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа
ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар

Сызба - 1
Негізгі құралдардың жіктелуі

Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп
тұрғындар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған
немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар,
өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және
жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал
жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар,
шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар,
жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады.
Үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметтік құбылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады.
Ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат
мүліктік объект болып табылады.
Қондырғылар – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу
қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік
объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар,
жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан
тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель машиналары.
Жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал жабдық.
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар.
Есептеу техникасы – процесстерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар.
Басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа
құрал жабдық.
Көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен
заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу
үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік
объект болып табылады.
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады.
Шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік
объекті бола алады;
Жұмысқа пайдаланылатын өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және басқа
жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал;
асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар,
еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір
ересек малмүліктік объект болып табылады;
Көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас
өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық
мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын
жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық
субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен
машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін
жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар
мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында
қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген
ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де
жатпайды.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салдарына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда
бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған
негізгі құралдарды баланстан тыс шоттарында көрсетеді.
Нуржан и КЖШС-ң негізгі құралдардың келесідей түрлері бар:
• жер;
• ғимарат;
• хабарлағыш құралдар;
• машиналар мен жабдықтар;
• көлік құралдары;
• құрал-саймандар;
• өндірістік құралдар;
• шаруашылық құралдар;
• әлеуметтік сфера обьектілері;
• офистік жабдықтар мен жиһаздар;
• өндірістік емес негізгі құралдар;
• аяқталмаған құрылыс.
Нуржан и КЖШС-ң есеп саясатына сәйкес негізгі құрал ретінде
келесідей талаптарды ескеретін материалдық активтер танылады:
1) актив 12 айдан жоғары мерзімге қолдануға арналған;
2) активтердің өзіндік құнынын нақты анықтауға болатындығы;
3) активтер жақын арада сатып алу үшін сатып алынбайды;
4) актив болашақта экономикалық пайда әкелетіндігі.
Негізгі құралдарға сонымен қатар экономикалық пайда әкелмейтін
обьектілер де бар. Оларға қауіпсіздікті сақтау немесе қоршаған ортаны
қорғауға арналған обьектілер жатады.
Ірі бөлшетер мен резервтік құралдар бір жылдан артық қолданылатын
болса, онда олар негізгі құралдарға жатады және аяқталмаған құрылыс
құрамына кіреді. Сонымен қатар, бөлшектер мен сервистік құралдар тек
негізгі құралдарды жөндеу обьектісі ретінде қолданылатын болсада
аяқталмаған құрылысқа жатады. Оларды есепке алу барысында ұсақ бөлшектер
ретінде жіктеледі және тауарлы материалдық қорладың құрамына кіреді, егер
олар:
- орнатылатын негізгі құралдарға қатысты құны болса;
- нақты обьект ретінде қолданылмаса;
- әр түрлі техникалық міндеті мен пайдалы қызмет мірзімі белгіленген
негізгі құралдарға орнатылса. Бөлшектердің пайдалы қызмет мерзімін
көрсету мүмкін емес.
Жалпы жоғарыда айтылған бөлшектерге дөңгелек жұптары, жылжымалы
құрамның арбалары және тағы басқалар жатады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық
түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қай тарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен
байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
- Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел
айқындау;
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.
Негiзгi құралдың есебiн ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС мен 16 Негізгі құралдар
ҚЕХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
• Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға
сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген
ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға
бойынша негізгі қаражаттық құны;
• Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті
ауыстыруға болатын сома;
• Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында
субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған
қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның
орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған
залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын
сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын
толтыратын құннан артқан сома.
16 Негізгі құралдар ҚЕХС – на сәйкес негізгі құралдар бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілігінде олар түскен сәттен бастап баланстан
шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты
өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары,
соның ішінде:
- сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
- жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
- активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар
жатады.
Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге
кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы
құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы және кәсіпорынның негізгі сипаттамасы
Ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудитін қарастырып, талдап, оны жетілдіру
Дебиторлық берешектің түрлері
Резервтік капитал аудиті
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі және талдауы
Кәсіпорын маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
Кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орны
«Семей былғары-мех комбинаты» ЖШС-дегі өндірістік шығындардың аудиті және талдауы
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Аудиттің халықаралық стандарты
Пәндер