Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І Тарау. Тарих пәнінің мұғалімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Тарихшы мұғалімнің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ...
1.3. Тарихты оқытудағы шығармашылық қабілет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 тарау. Кәсіби біліктілік . табыс кепілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Тарих пәні мұғалімнің кәсіптік біліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Тарих пәні мұғалімінің сабаққа дайындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: бұл бүгінгі таңдағы ғылым мен білімді талап ететін заманда жас ұрпағымызды тәрбиелеп, саналы ой мен сапалы білім беру бұл ұстаз қауымымен тікелей байланысты. Себебі, балаларға сабақ беру, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды өнегелі, үлгілі істерімен тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол-шәкірттерінің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауып-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры болуы тиіс.
Міне, осындай үлкен жауапкершілікті орындайтын білімді – білікті ұстаздар біздің қоғамымызға өте қажет және осы тұрғыдан шешілуіне тиіс өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде тарихты оқытуда, тарих пәні мұғалімінің талапқа сай білім беруіне жол ашу, соған сәйкес жас маман мұғалімдерге сабақ өту барысында тиімді әдіс қолдануын ескерту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жалпы білім беретін мектепте мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруға өз үлесімді қосу;
- жоғарғы оқу орындарында білікті маман жастардың көбеюіне жол ашу;
- қазіргі қоғамда мұғалімнің сан емес сапа жағына мән беріп қадағалауына өз септігімді тигізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелер қаралатын екі тараудан, қорытынды, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Қазақ тарихы журнал. № 1 2006 ж. 350. 84 – 85 б.
2. Қолданылған әдебиет. 85 – 86 б.
3. Т.Т.Тәжіұлы. «Мектепте қазақстан тарихын оқытудың теориясы». Алматы 2003 ж. 256. 226-231 б.
4. Тұрсын Хазіретәлі. «Мектепте тарихты оқыту әдістемесі». Алматы 2004 ж. 280. 131-135 б.
5. Қолданылған әдебиет. 142-143 б.
6. Қолданылған әдебиет. 144-145 б.
7. Қолданылған әдебиет. 145-150 б.
8. Қазақ мектебі журнал. № 5 2004 ж. 170. 83-84 б.
9. Қолданылған еңбек. 85- 86 б.
10. Мілләди. Хижра. №3 2006 ж. 180. 101-103 б.
11. Қолданылған әдебиет. 104-108 б.
12. Б.Әбдіғұлова. «Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы 2004 ж. 280. 150-155 б.
13. Г.А.Жанысбекова. «Тарихты оқыту әдістемесі». Шымкент 2004 ж. 250. 110-115 б.
14. Б.Матекова. «Қазақстан тарихынан әдістемелік журнал». 2006 ж. 71-72 б.
15. Қазақ мектебі журнал. №3 2002ж. 81-84 б.

Мазмұны:
Кіріспе. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 6
І Тарау. Тарих пәнінің 7
мұғалімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ..
1.1. Тарихшы мұғалімнің 10
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
... ... . 15
1.2. Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен 19
мазмұны ... ... ... ... ... ... 22
1.3. Тарихты оқытудағы шығармашылық 23
қабілет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 тарау. Кәсіби біліктілік – табыс
кепілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Тарих пәні мұғалімнің кәсіптік
біліктілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.3. Тарих пәні мұғалімінің сабаққа
дайындығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: бұл бүгінгі таңдағы ғылым мен білімді
талап ететін заманда жас ұрпағымызды тәрбиелеп, саналы ой мен сапалы білім
беру бұл ұстаз қауымымен тікелей байланысты. Себебі, балаларға сабақ беру,
білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды өнегелі,
үлгілі істерімен тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда мұғалім
қарапайым қызметкер емес, ол-шәкірттерінің алдағы өмірін, бір күндерде
зарығатын, тарығатын, қауып-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп,
өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын
шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын
қорғаушысы, қамқоры болуы тиіс.
Міне, осындай үлкен жауапкершілікті орындайтын білімді – білікті
ұстаздар біздің қоғамымызға өте қажет және осы тұрғыдан шешілуіне тиіс
өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде тарихты
оқытуда, тарих пәні мұғалімінің талапқа сай білім беруіне жол ашу, соған
сәйкес жас маман мұғалімдерге сабақ өту барысында тиімді әдіс қолдануын
ескерту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жалпы білім беретін мектепте мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруға
өз үлесімді қосу;
- жоғарғы оқу орындарында білікті маман жастардың көбеюіне жол ашу;
- қазіргі қоғамда мұғалімнің сан емес сапа жағына мән беріп
қадағалауына өз септігімді тигізу.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелер
қаралатын екі тараудан, қорытынды, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.
І Тарау. Тарих пәнінің мұғалімі.
Біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, Қазақстан тәуелсіздікке ие болған
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының тарихқа енгеніне де көп уақыт бола
қойған жоқ. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар-бүгінгі жас ұрпақ.
Сондықтан, мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы ең басты
мәселе болып табылады. Олай десек, ертеңгі болашағымыздың саналы болуы,
білімді болуы казіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз
еңбеккер, кез-келген ортаның ұйытқысы, өз оқушыларына беделді, ұжым
мүшелері және ата-аналар арасында сыйлы болуы шарт.
Міне, осындай барша жақсы қасиеттерді бойында жинақтаған адам ғана
мұғалім бола алады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұғалімдердің қоғамдағы орнын бағалай отырып
былай деді: "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы
азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын туйсінетін жаны да, тәні де таза,
білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз". 1
Ендеше, түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім,
саналы тәрбие беру— кез-келген мұғалімнің міндеті.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Мысалы, пресс-
конференция сабағы, театрландырылған сабақ, сот сабағы, рөлдік сабақ,
интеграл сабағы, сайыс сабағы, дебат сабағы, модульдеп оқыту сабағы, тағы
басқа көптеген түрлері тиімді қолданылады.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық қуаты мен ұлттық
кауіпсіздігінің кепілі ретінде білім беру жүйесін реформалауды ойдағыдай
жүзеге асырудың маңызы артып отыр. Білім беру жүйесіндегі білім, білік,
дағды жиынтығынан жылдам өзгеріп отыратын өмірге бейімделген өзін-өзі
көрсете алатын, қоғам өміріне белсене қатысатын, қоғам өміріндегі
жағдайларға терең талдау жасап, шығармашылықпен ойланатын, өздігінен
қажетті ақпаратты іздеп өз қабілетін дамыта білетін жеке тұлғаны субьект
ретінде қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының "Білім
туралы" Заңында, "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері
білім мазмұнының тұжырымдамасы", "Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы", "Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту" тұжырымдамасында
бүгінгі білім берудің алдына қойылатын талаптарды іске асыру шаралары
анықталған. Осы шараларды жүзеге асыру барысында да тарихшы мұғалімнің
үлесі көп.
Түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы
тәрбие беру кез-келген мұғалімнің міндеті болуға тиіс. Себебі бізге халық
өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр. 2
Қазіргі қоғамда жалпы білім беретін мектептерде дүние жүзі тарихынан,
Қазақстан тарихынан, "Адам және қоғам", құқық негіздері, дінтану
пәндерінен, ал кейбір мектептерде "Экономика негіздерінен" де сабақ береді.
Біз тарих пәнінен беретін мұғалімдерге ерекше тоқталғалы отырмыз.
Қазақстан тарихынан сабақ беретін мұғалім тереңірек ойланып, өзіне
үлкен тарихи, әрі саяси жауапкершілік жүктелгелі тұрғанын жүрегімен сезінуі
керек. Осы курстың негізгі мазмұнын құрайтын қазақ халқының тарихы қандай
тарих, оның басқа тарихтардан, мәселен дүние жүзі тарихынан Ресей
тарихынан айырмашылығы, ерекшелігі бар екенін білу керек.
Мектепте тарихты оқытудағы маңызды да үлкен өзгерістің бірі тарихты
шындық тұрғыда оқыту. Олай болса тарихты шындық тұрғыдан оқыта отырып,
халқымыздың тарихқа ақысы кеткен тұстарын, бастан кешкен сансыз
нәубеттерін, мың өліп мың тірілгенін, сондай-ақ тәуелсіздік үшін ғасырлар
бойы жүргізген қаһармандық күресін ашып көрсете келіп, оқушыларымызды
отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу. Қоғамымызда қазір орын алып отырған
келеңсіздіктерді, соның бірі қазақ халқының тарихын бұрмалаушылықты,
мемлекеттік тілге қарсы шығушылықты әшкерелеп, оны уағыздаушылардың түпкі
мүддесін ашып көрсету қажет.
Мектептегі бүкіл оқу тәрбие жұмысы, жеке пәндердің оқытылу дәрежесі
мұғалімдерге байланысты екені белгілі. Сондықтан да Қазақстанның
жұртшылығы, Мемлекеті мен Үкіметі мұғалімдер қызметіне үлкен міндеттер
жүктеп отыр. Ол туралы 2001 жылы болып өткен халыққа білім беру саласы
қызметкерлерінің съезінде Елбасы да айтқан болатын Қоғам ілгері қарай
дамыған сайын бұл жауапкершілік өсе түседі. Өз міндетіне зор
жауапкершілікпен қарап, оқушыларды оқытып, тәрбиелеуге бар білімі мен
педагогтік өнерін, күш-жігерін сарқа жұмсап, шығармашылықпен еңбек ететін
ұстаздар қазақ мектептерінде жүздеп саналады. Сонымен бірге мектеп
оқушыларына казіргі талаптарға сай білім, тәрбие беріп, оларды өмір
талабына сай дамыту үшін жақсы жұмыс істейтін мұғалімдердің жүздеп, тіпті
мындап саналуы жеткіліксіз екенін, қазақ мектебідегі барлық мұғалім, тіпті
бірі қалғанша жақсы жұмыс істеуге міндетті екенін атап өтті. 3
1.1. Тарихшы мұғалімнің қалыптасуы
Мұғалімнің тұлғасы, оның рөлі мен маңызы туралы пікірлер көп. Солардың
арасында К.Д.Ушинскийдің "...Тікелей жеке ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы
тәрбие жоқ. Тек тұлға ғана тұлғаны" дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды",
— деген пікірі ерекше. 4
Сан-салалы педагогикалық қызметте мұғалімнің жеке тұлғалық
қасиеттерінің атқаратын рөлінің маңызы зор.
Қазіргі кезде қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құбылыстарына, жаңа ғылыми
тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық ақпаратгы педагогикалық тұрғыдан
түсіндіре алу сияқты бағалы қасиеттер бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де
ауадай қажет.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуы ұзақ та үздіксіз процесс. Ол жоғары оқу
орнынан басталып, мұғалімнің бүкіл еңбек қызметі барысында жалғасады.
Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық тәжірибеден
өтетін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік кемшіліктерге
жол береді:
• негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді
игеруге қиналады;
• баяндап тұрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі
материалдармен байланыстыра алмайды;
• материадды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен түсіндіреді;
• уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау жаңа
материалды түсіндіруден де көп уақытқа созылып кетеді;
• тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп қоймайды,
танымдық ойындардың маңызын елемейді;
• бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін
қолданады;
• мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар,
есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер).
• оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта оқушылар мүлдем
аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар қойылады;
• дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы тапсырмалар
бермейді;
• оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына
алмайды; пікірталас жүргізбейді;
• мұғалім мен оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі бірлескен жұмысын өз
дәрежесінде ойластыра алмайды; сұрау барысында көбіне мұғалім-оқушы диалогы
созылып кетеді;
• сабақты түсіндіруді бастағанда дербес тапсырмамен жұмысын жалғастырып
отырған оқушыларды ұмытып кетеді;
• өзінің оқытушылық қызметінің нәтижелерін айқындауға өте аз көңіл
бөледі.
Оқыту процесіндегі осындай олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерді
жою арқылы жас маман өзінің базалық білімімен бірге әдістемелік тәжірибесін
де байытып, кемелдене түседі. Өзінің педагогикалық қызметінде шығармашылық
табыстарға жетуді басты мақсат тұтқан мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті
жүйелі болады.
1.2. Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны.
Тарихшы мұғалімнің, құқық негіздерін, азаматтану, адам және қоғам
пәндерін оқытуды; сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік
сабақтар жүргізу; оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен
жұмыс; қоғамдық жұмыстар атқаруды атауға болады. Тарихшы мұғалім әрекетінің
әрбір түрі оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын
құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді. 5
Мысалы, сабақ жүргізудің өзі белгілі бір тарих курсын жүргізуге
мүғалімнің алдын-ала дайындығын талап етеді. Ол дайындық мынадай тізбек
құрайды:
1) тиісті курстың оқу бағдарламасы, оқулығы, оқу құралдары, арнайы және
әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену;
2) сол курсты оқытуға қажетті материалдарды жинау және жүйелеу;
3) оқу процесінде қолданылатын оқытудың көрнекі және техникалық
құралдарымен танысу;
4) сыныппен, оның оқуға дайындық деңгейімен, оқушылардың қызығушылығы
мен бейімі, ерекшеліктерімен, ал жұмысты жаңа бастаған мұғалім үшін оқу
орнының ерекшелігімен (мектеп, лицей, дарын мектебі т.б.) танысу.
Осындай жалпы танысудан соң мұғалім тікелей сабақ өткізуге дайындалады;
өткен сабақтың нәтижесін талдайды; сабақ мақсатын нақтылап, оның құрылымы
мен типін анықтайды. Оқу материалдарын, әдістері мен тәсілдерін тандайды,
сонымен бірге қолдануға қажет деп есептеген дидактикалық материалдар,
көмекші, техникалық құралдарды іріктейді; сабақ барысында оқушылармен
дербес және жаппай жүргізетін жұмыстардың мазмұнын анықтайды; сабақтың
жоспарын жасайды.
Мұғалім факультативтік курс сабақтарын ұйымдастырғанда оқушылармен
қосымша жұмыс жүргізіп, оларды материалды терең оқып-үйренуге бағыттайды.
Сабақ жүргізу оқушылардың дәптерін және жазба жұмыстарын тексерумен
ұштасады. Ол мынадай бағыттарды қамтиды; жазба жұмысы мазмұнының дұрыстығы
мен жазба жұмыстың орындалуын тексеру; жазылым мен тыныс белгілер;
орындалған жұмысқа баға беру және дәптер мен жазба жұмыстарын тексерудің
нәтижелеріне талдау жасау; тексеру нәтижелерін есепке алып, салыстыру.
Тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны сынақтар мен емтихандар алуды
ұйымдастыруды да қамтиды; ол — сынақ алдындағы және емтахан алдындағы
қайталауды ұйымдастыру; сынаққа қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмалар
дайындау; жауаптарды бағалау; сынақ алудың түрі мен әдістерін айқындау;
қосымша берілетін сұрақтар дайындау сияқты жұмыстардан тұрады.
Мұғалімнің тарих кабинетіндегі жұмыстары кабинетті безендіру,
лаборанттың жұмысын ұйымдастыру, дидактикалық материалдар, көмекші
құралдарды жинап, жүйелеу және сақтау, сабақ және сыныптан тыс жұмыстарды
жүргізуге кабинетті және ондағы материалдарды пайдалану сияқты көптеген
әрекеттерден тұрады
Тарихшы мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұны да біршама күрделі.
Ол жұмыстардың мынадай түрлерін атап айтуға болады: өзге мұғалімдердің
сабағына қатысу және талдау жасау, мектептік, аудандық әдістемелік
бірлесліктердің жұмысына қатысу, өз тәжірибесін жазып шығару; жарыссөзге,
баяндамаға дайындалу, сабақтың, ашық сабақтың талдамасын дайындап, мақала
жазу, көмекші құрал жасауға қатысу, педагогикалық эксперимент жасап, оның
нәтижелерін талдау, дербес әдістемелік тақырыппен жұмыс жасап, алынған
нәтижелердің теориялық және практикалық маңызына баға беру.
Тарихшы мұғалім қызметі мазмұнының түрлері оның жұмыс істеген білім
беру мекемесінің - қалалық, ауылдық, лицей, тереңдетіліп оқытылатын мектеп
— жағдайына қарай толықтырылуы мүмкін.
1.3. Тарихты оқытудағы шығармашылық қабілет.
К.Д.Ушинский педагогикадық қызметті "...практикалық-өнердің бір түрі"
деп бағалаған 6. Мұғалім мамандығының шығармашылық сипаты оның еңбегінің
үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан туындайды. Олай
дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады, жаңа педагогикалық
идеялар мен оқу әдістері пайда болады, оқытуды ұйымдастыру түрлері
жетілдіріледі. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының өзгеруі, дамуы
мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі өзгертіп отыруды талап етеді,
оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа педагогикалық міндеттерді шешумен
айналысуға итермелейді.
Бұл міндеттерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең түйіндісін
таңдап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының жеткілікті
болуы, педагогика, психология және оқыту әдістемесін жетік білуі
жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде
атқара алатын қабілеттілік те қажет.
Тарихишы мұғалім әдістемелік құралды, оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен
мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері белгіленген дайын сабақ
жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанмен де оларды өз мәселесіне бейімдеп,
жаңадан ой елегінен өткізеді. Мұның өзі шығармашылық ізденістің көрінісі.
Мұғалім мамандығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу-тәрбие
міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық шығармашылығының мазмұнынан
туындайды. Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат етіп қойған
мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып, алған білімдерін
қорытып, тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей алатын дәрежеге
жеткізуі тиіс.
Жұмысты жаңа бастаған тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс қиын және
күрделі болады. Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға қойған мақсатына
негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мәжбүр болатындығынан туындайды.
Осы қиыншылықтан жалтарып, оңай жол іздеу — шығармашылық дамуды тежейді.
Мұғалім қызметінің ең маңызды кезеңінің бірі — өзінің педагогикалық
қызметіне талдау жасап, баға беруі. Бұл әрекет иедагогикалық мақсат пен
құралдың, қажетті жағдай мен мүмкіндіктің арасындағы қарама-қайшылықты,
өзінің қызметінде орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді анықтауға
мүмкіндік береді. 7
Өзінің тұлғалық сапаларына өзі талдау жасай алған мұғалім өзінің
әрекетіне түзету жасап, оған шы,армашылық тәсілдер енгізеді. Сол сияқты
білімі мен біліктілігін көтеріп, қазіргі заманғы педагогикалық және тарихи
білімінің дамуы мен өскелең қоғамның талаптарына сай тұрақты кәсіптік өсуді
қамтамасыз ете алады.
2 тарау. Кәсіби біліктілік – табыс кепілі.
Республика ұстаздарының негізгі мақсаты — қоғам дамуының қазіргі
кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз
мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.
Қоғамның дамып өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық
ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып
жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда,
білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде
мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б.
қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты
білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді
талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде
ғана жемісті болатынын ұғындыру.
Қазіргі уақыттағы білімнің жаңа үрдісі қарқын алып, 12 жылдық білім
беруге көшу тұсындағы білім беру саясатының ең негізгі мақсаты - қоғам
дамуының қазіргі кезеңіне сай студенттерді мұғалімдікке дайындау және
дайындық процесін ұйымдастыру, қалыптастыру, мұғалімдердің кез келген
проблеманың теориялық негізін анықтап, практикалық мәселелерінің шешу
тәсілдерін қамтамасыз ету мүмкіндігін ұйымдастыру. Педагогикалық
қызығушылық - ол эмоциялық-танымдық, өзінің мамандығына белсенді қарым-
қатынас, кейін балалармен де жұмыс істеуге өз септігін тигізе отырып,
мамандықты меңгеруі үшін маңызды элемент болып табылады.
Соңғы жылдары басты назар мұғалім жұмысындағы шығармашылық мәселесіне,
мұғалімді де, оқушыны да дамытуға көбірек көңіл бөлініп, зерттеулер
жүргізіліп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық этиканы жетілдіруге
байланысты көптеген ұсыныстар айтылуда.
Кәсіптік-педагогикалық қызығудың негізгі көрсеткіші мыналар:
- балаға деген сүйіспеншілік, олардың ата- анасына деген жағымды
көзқарас;
- мұғалімнің білім қорының толық, нақты болуы және өз білімін үнемі
толықтырып отыруы;
- педагогикалық жұмысқа белсенді қатысу.
Белсенді шығармашылық арқылы мұғалімдік мамандықты меңгеру
педагогикалық қабілеттілікпен ұштаса отырып, балаға деген сүйіспеншілік,
олармен оқу – тәрбие процесінде қарым - қатынасқа түсуге дайындығы, өзінің
педагогикалық білімі мен білігі, дағдысын одан әрі жалғастыру сияқты
мотивтермен ұштасады. Қабілеттілік тек қана мұғалім болумен пайда болмайды,
ол балалармен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен қалыптасады.
Мұғалімдік мамандыққа қызығу мен қабілеттілікті Н.В.Кузьмина тұлғаның
педагогикалық бағыттылығымен түсіндіреді. Педагогикалық бағыттылық -
мұғалімдік мамандықты меңгерудің басты буыны, яғни мамандықты таңдаудағы
маңызды мақсаты, маңызды бағдары болып табылады. 8
Педагогикалық бағыттылық педагогикалық мамандыққа деген құндылық
қатынас ретінде түсіндіріледі жене ол төмендегідей қасиеттерді қамтиды:
- болашақ мамандық туралы анық сенім;
- педагогикалық - кәсіптік қызығудың нақтылануы мен талаптылығы;
- мұғалімдік мамандыққа өзін - өзі даярлауы;
- басқа мамандықтармен салыстыра отырып, өзінің шешімінің дұрыстығына
толық сену;
- кәсіптік қызметте өзінің күш-жігеріне, қабілетіне сену.
Психологияда педагогикалық қабілеттілік адам тұлғасының ерекшелік
сипатымен, педагогикалық жұмыстың талаптарына жауап беретін, мамандықты
жеңіл алып жүру жене меңгеру, соның нәтижесінде жоғары жетістіктерге жете
білу деп түсіндіріледі.
Біз өз зерттеулерімізде педагогикалық жұмыстың құрылымына сүйене
отырып, педагогикапық қабілеттіліктің мына компоненттерін жасадық:
- оқушы тұлғасын болжау, яғни оқу~тәрбие процесін оқушының жас және
дербес ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін есепке ала отырып құру;
- оқушыларды іс - әрекеттің әр түрлеріне қарай ұйымдастыру;
- оқушылармен дұрыс қарым - қатынас құру;
- өз іс - әрекетінің нәтижесі мен оқу – тәрбие процесін зерттеп,
анықтау.
Педагогикалық қабілеттіліктің құрылымына педагогикалық байқағыштық,
педагогикалық шығармашылық, педагогикалық ойлау, талап қоюшылық,
педагогикалық такт, үйірсектік, ынтымақтастық, жаңашылдық, т.б компоненттер
де кіреді. Педагогикалық қабілеттіліктің компоненттерін түзуде ең бірінші
оқу процесіне қатысты элементтерді таңдап алу өте маңызды:
- оқушыларға біпім, білік, дағдыны қысқа, қызықты, нақты етіп бере білу
қабілеті;
- байқағыштықтың көмегімен оқушыларды түсіне білу қабілеті;
- ойлаудың өзіндік және шығармашылық формасы;
- тапқырлық;
- ұйымдастырушылық қабілеті.
В.П. Крутецкии педагогикалық қабілеттіліктің барлығын жинақтап отырып,
оларды үш топқа жіктеді: тұлғалық, дидактикалық және ұйымдастырушылық -
коммуникативтік.
Тұлғалық қабілеттілік - балаға деген жақындық, өзін - өзі билеп алу,
сергек бола білу, өмірге қызығушылықпен қарай білу және т.б.
Дидактикалық шешендік қабілет - оқытатын пенін жетік меңгеру оны
балаларға түсінікті етіп баяндай алу және т.б.
Ұйымдастырушылық - коммуникативті қабілеттер - оқу – тәрбие процесін
ұйымдастыруға ынтасы, көңілі, қабілеті болу, оқушы жан дүниесіне ене білу,
яғни перцептивті, коммуникативті, оқушылардың еріктік қасиетін қозғап алу
қабілеті. 9
Қазіргі кездің мұғаліміне маңызды қабілеттер төмендегідей:
- оқу - тәрбие процесін шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеті;
- оқушыны түсіне білу;
- оқушының өз интузиазымын қызықтыра білу қабілетін ояту;
- оқушымен бірге жұмыс істей білу;
- ұйымдастырушылық қабілеті.
Сонымен, педагогикалық қабілет — өзінің ерекшелік табиғатымен
сипатталады. Ол өмір сүру жағдайында, мектепте, отбасында қалыптасады.
Ендігі жерде мұғалім іс - әрекетінің психологиялық міндеттерді шешу
барысында оның жүйелік құрылымымен тікелей байланысты. Олар:
- құрылымдық,
- ұйымдастырушылық;
- коммуннкативтілік;
- гностикалық;
Бұл жіктелген әрбір қабілеттіліктің сипаттары өзіндік білім шеңберімен
түсіндіріледі. Бұлардың барлығына қарапайым дағдылар кіреді: сөйлеу
дағдысы, сейлеу этикасы, дикция, ритмика, дауыс диапазоны, оқушылардың
психологиялық, бағалзи алу, білім, білік әдіскерліктерін есепке алу
қабілеті мәденметі, өзін - өзі ұстай білу, сыртқы келбеті, мәдөниеті, жүріс
- тұрысы, киім киюі, ым - ишара білдіруі және т,б. тұлғалық және
психологиялық қабылеттері. Аталмыш дағдыларды қалыптастырудың ең бір тиімді
әрі нәтиже беретін жолы - ол қоғамдық - педагогикалық жұмыс болып табылады.
Құрылымдық дағдылар мыналарды құрайды:
- оқу - тәрбие процесін жоспарлай білу;
- оқушыларға жеке қарым - қатынас, бағыт көрсету;
- жағдайға байланысты оқушы жұмысын, іскерлігін болжай алу;
- кез келген сабақ, сыныптан тыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz