Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Теориялық оқу материалын оқып.үйренудің әдістері.
1.1.Тарих сабағында түсіндіру, пікір айту және салыстырудың түрлері мен тәсілдері..5
1.2.Оқушыларға теориялық оқу материалын оқытуды дамыту әдістерінің қолданылу жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ тарау. Теориялық материалды оқып.үйренудегі оқушылардың әрекеті.
2.1. Тарих сабағында оқушылардың ақыл.ой тәсілдері мен дағдыларын қалыптастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2.Теориялық оқу материалын оқып үйренуді кезеңдерге бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қоғамның мүлдем жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлар негізінде түбегейлі қайта құрылуы жоғары білімді, шығармашылықпен іс қылатын адамдар тәрбиелеуді, жан-жақты дамытуды көздейді. Сондықтан да мектеп реформасы мен үздіксіз білім беру тұжырымдамасында оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, әр пәннің ғылыми дәрежесін сақтау, ғылым негізін мұқият меңгерту міндеттері қойылған. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы аса маңызды мәселелердің бірі - олардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындықтарын қалыптастыру болып табылады.
Теориялық оқу материалын үйренуге дайындықты қалыптастыру - оқу жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі жұмыс.
Қоғамның қойып отырған міндеттерін орындау оқыту әдістерін қайта құру қажеттілігін талап етіп отыр. Дидактикалық әдістер жүйесінің ішінде оқушылардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындығын есепке ала отырып түсіндіру ерекше орын алады. Теория жүзінде бұл әдістің мүмкіндіктері, оның құрылымы, әртүрлілігі, тәжірибеде қолданудың шарттары толық ашылмаған. Бұл бағыттағы түсіндіру тек эмпирикалық сипаттан шығармашылық деңгейге, қалыптасқан жағдайдан ғылыми түсінікке жетелейді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Орта мектептердегі теориялық оқу материалдарын оқып үйрену тақырыбы, Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің өзекті тақырыптарының бірі.Бұл тақырыпты бұл салада еңбек еткен ғалым-тарихшылардың, ішінара педагогтардың еңбектерінен кездестіре аламыз.Бұл тақырыпқа әсіресе көрнекті тарихшы Тұрсын Хазіретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістері (Алматы.Дарын.2004.)атты еңбегінің Теориялық оқу материалын оқып үйрену деген тарауында біршама бағыт береді.Онда түсіндіру,пікір, салыстыру мен сипаттама ұғымдарына тоқталып өтілген.Аталмыш тақырыпты Тұрлығұл Т.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі (Алматы.Ғылым.2003.)деген еңбегінің Қазақстан тарихын оқытудың әдістері атты тараудан кездестіре аламыз.Мұнда теориялық оқу материалдарын оқып үйрену, жаңа материалдарды игеру тақырыбымен байланыстырылған.Бұл еңбектерді Жанысбекова Г.Тарихты оқыту әдістемесі (Шымкент.2004.) мен Абдугулова Б. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері(Алматы.2004) атты шағын жинақтар толықтырып отырды.Ал Кеңес тарихшыларына келер болсақ., бұл тақырыпты көрнекті ғалым-тарихшылар Кревер Г.А Изучение теоритического содержания курсов истории в 5-9классах. (Москва.Просвщение. 1990.), Полторак Д.И. Методика использования средств обучения впредподавание истории.( Москва.Просвещение.1987.)Грицевцкий И.М. Работа учителя с учебникам при подготовке к уроку истории.атты еңбектер бар.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:Орта мектептердегі Тарих пәнінің теориялық оқу материалдарын оқу әдістері.
Курстық жұмыстың мақсат- міндеттері:Курстық жұмыстың негізгі мақсаты бағдарламалық материалды өту барысында, оның күрделенуін сезе отырып, оқушыларға біртіндеп күрделі тақырыпты түсіндіріп, оны меңгеріп кетуге ыңғайлау. Мұғалім материалдарды оқулықтардан, кейде қосымша әдебиеттерден алып, тірек схемаларды, түсіндірмелі баяндау әдістерін,пікір мен салыстыруды қолдану арқылы уақытты ұтымды пайдалану болып табылады.
Осыдан мынадай міндеттер келіп шығады:
• Теориялық терминдерге анықтама беру;
• Тақырыптың өзектілігін айқындау;
• Теориялық оқу материалын оқып үйренудегі қолданылатын әдістерге сараптама жасау;
• Жаңа сабақты түсіндіру барысында қолданылатын әдістерге талдау жасау;
• Теория мен практиканың байланысын және арақатынасын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс Кіріспеден, негізгі мәселелер қаралған ІІ тараудан және Қорытынды мен Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Тұрлығұл Т.Т.Қазақстан тарихын оқытудың әдістері.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы.Ғылым. 2003 ж. 256 б.-116-117 б.
2. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-52-53 б.
3. Көрсетілген еңбек.-53-58 б.
4. Жанысбекова Г. Тарихты оқыту әдістемесі. Ш.,2004 ж, 104 б.-80-86 б.
5. Тұрлығұл Т.Т.Қазақстан тарихын оқытудың әдістері.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы.Ғылым. 2003 ж. 256 б.-131-132 б.
6. Көрсетілген еңбек.-133 б.
7. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-59-60 б.
8. Аманжолова К.Қазақ КСР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. Алматы. Мектеп 1989 ж. 84 б.-58 б.
9. Кревер Г.А.Изучение теоритического содержание курсов истории в5-9. Москва.Просвещение. 1990 ж.192 с.-67-72 б.
10. Тұрсын Хазретәлі.Теориялық оқу материалдарын оқып үйрену.Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы. Дарын. 2004ж.160 б.-52-53 б.
11. Грицевский И.М. Работа учителя с учебником при подготовке к уроку истории. Москва.Просвещение. 1987. 80 с-10-12 б..
12. Көрсетілген еңбек.35-39 б.
13. Полторак Д.И. Методика использование средств обучения в предподавание истории. Москва.Просвещение.1987.-308 б.-125-126 б.
14. Тыныбаева Б.Материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптаудың тиімділігі.//Қазақстан мектебі.2005.№4 67 б.
15. Абдугулова Б.Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері.Алматы. 2004 ж. 50 б

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері.
1.1.Тарих сабағында түсіндіру, пікір айту және салыстырудың түрлері мен
тәсілдері..5
1.2.Оқушыларға теориялық оқу материалын оқытуды дамыту әдістерінің
қолданылу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .8
ІІ тарау. Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылардың әрекеті.
2.1. Тарих сабағында оқушылардың ақыл-ой тәсілдері мен дағдыларын
қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10
2.2.Теориялық оқу материалын оқып үйренуді кезеңдерге
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...19
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .20
Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі қоғамның мүлдем жаңа экономикалық,
әлеуметтік, саяси жағдайлар негізінде түбегейлі қайта құрылуы жоғары
білімді, шығармашылықпен іс қылатын адамдар тәрбиелеуді, жан-жақты дамытуды
көздейді. Сондықтан да мектеп реформасы мен үздіксіз білім беру
тұжырымдамасында оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыру, әр пәннің ғылыми
дәрежесін сақтау, ғылым негізін мұқият меңгерту міндеттері қойылған.
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы аса маңызды мәселелердің бірі -
олардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындықтарын қалыптастыру болып
табылады.
Теориялық оқу материалын үйренуге дайындықты қалыптастыру - оқу
жұмысында үздіксіз жүріп отыратын жүйелі жұмыс.
Қоғамның қойып отырған міндеттерін орындау оқыту әдістерін қайта құру
қажеттілігін талап етіп отыр. Дидактикалық әдістер жүйесінің ішінде
оқушылардың теориялық оқу материалын үйренуге дайындығын есепке ала отырып
түсіндіру ерекше орын алады. Теория жүзінде бұл әдістің мүмкіндіктері, оның
құрылымы, әртүрлілігі, тәжірибеде қолданудың шарттары толық ашылмаған. Бұл
бағыттағы түсіндіру тек эмпирикалық сипаттан шығармашылық деңгейге,
қалыптасқан жағдайдан ғылыми түсінікке жетелейді.
Курстық жұмыстың тарихнамасы: Орта мектептердегі теориялық оқу
материалдарын оқып үйрену тақырыбы, Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің
өзекті тақырыптарының бірі.Бұл тақырыпты бұл салада еңбек еткен ғалым-
тарихшылардың, ішінара педагогтардың еңбектерінен кездестіре аламыз.Бұл
тақырыпқа әсіресе көрнекті тарихшы Тұрсын Хазіретәлінің Мектепте тарихты
оқыту әдістері (Алматы.Дарын.2004.)атты еңбегінің Теориялық оқу материалын
оқып үйрену деген тарауында біршама бағыт береді.Онда түсіндіру,пікір,
салыстыру мен сипаттама ұғымдарына тоқталып өтілген.Аталмыш тақырыпты
Тұрлығұл Т.Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі
(Алматы.Ғылым.2003.)деген еңбегінің Қазақстан тарихын оқытудың әдістері
атты тараудан кездестіре аламыз.Мұнда теориялық оқу материалдарын оқып
үйрену, жаңа материалдарды игеру тақырыбымен байланыстырылған.Бұл
еңбектерді Жанысбекова Г.Тарихты оқыту әдістемесі (Шымкент.2004.) мен
Абдугулова Б. Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқытудың
дидактикалық негіздері(Алматы.2004) атты шағын жинақтар толықтырып
отырды.Ал Кеңес тарихшыларына келер болсақ., бұл тақырыпты көрнекті ғалым-
тарихшылар Кревер Г.А Изучение теоритического содержания курсов истории в 5-
9классах. (Москва.Просвщение. 1990.), Полторак Д.И. Методика использования
средств обучения впредподавание истории.(
Москва.Просвещение.1987.)Грицевцкий И.М. Работа учителя с учебникам при
подготовке к уроку истории.атты еңбектер бар.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:Орта мектептердегі Тарих пәнінің
теориялық оқу материалдарын оқу әдістері.
Курстық жұмыстың мақсат- міндеттері:Курстық жұмыстың негізгі мақсаты
бағдарламалық материалды өту барысында, оның күрделенуін сезе отырып,
оқушыларға біртіндеп күрделі тақырыпты түсіндіріп, оны меңгеріп кетуге
ыңғайлау. Мұғалім материалдарды оқулықтардан, кейде қосымша әдебиеттерден
алып, тірек схемаларды, түсіндірмелі баяндау әдістерін,пікір мен
салыстыруды қолдану арқылы уақытты ұтымды пайдалану болып табылады.
Осыдан мынадай міндеттер келіп шығады:
• Теориялық терминдерге анықтама беру;
• Тақырыптың өзектілігін айқындау;
• Теориялық оқу материалын оқып үйренудегі қолданылатын әдістерге
сараптама жасау;
• Жаңа сабақты түсіндіру барысында қолданылатын әдістерге талдау
жасау;
• Теория мен практиканың байланысын және арақатынасын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс Кіріспеден, негізгі
мәселелер қаралған ІІ тараудан және Қорытынды мен Пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Тарих сабағында түсіндіру және пікір айту тәсілдері.
Жаңа оқу материалы өтілетін сабақ типінің қайсысында болса да шешуші
рөл атқарады. Сабақ уақытының көбі теориялық оқу материалын оқып үйренуге
және оны саналылықпен меңгеруге жұмсалады, сабақтың бұл элементі дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың басым көпшілігі негізгі материалды
ұғып алады. Мұнда мұғалім жетекші рөл атқарады. Ол материалдың мазмұнын
ескере отырып, оны оқытып үйрететін негізгі әдіс, тәсілдерді белгілейді.
Жаңа материалды шәкірттерге берік меңгертудің басты шарты-оны оқып үйренуге
оқушылардың өздерін белсенді қатыстыру. Мұғалім қаншалықты қызықты,
тартымды, тіпті көркем, бейнелеп сөйлегенмен оның 15-20 минуттай айтқан
әңгімесін барлық оқушы бірдей ынта қойып тындамайды, ал ықыластанып тындап
отырған оқушылардың өзі де айтылған әңгіменің бәрін қабылдап меңгере
алмайды.
Теориялық оқу материалын оқытып меңгертудегі басты міндет — оның
қиындау, күрделілеу мәселелерінің негізін барлық оқушыға сабақ үстінде
түсіндіріп жіберу. Ол мәселелерді мұғалім оқулықтағыдан әлде қайда
толығырақ, түсініктірек етіп әңгімелейді, бірақ артық ештеме қоспайды,
талдап түсіндіреді.1
Сабақтың қиындау мәселелерінің бірін мұғалім 4-5 минут әңгімелеп тұрып,
тақтаны, тарихи картаны, оқулықты және оның иллюстрацияларын, тарихи
құжаттың т.б. үзінділерін, бояулы суреттер не техникалық құралдарды
пайдаланып, сол өтіліп отырған материалға, немесе қолданып отырған
құралдарға байланысты сұрақ қойып, оқушыларды тікелей қатыстырып отырады.
Қосымша құралдар болмай, әңгіме тек ғылыми мәселелер туралы болғанның
өзінде де мұғалім,- ал енді мұның себептерін қарастырайық, неліктен осындай
болды екен, қазіргі кезең үшін осы тұжырымның қандай маңызы бар, осыдан
қандай қорытынды жасауға болды, осы теориялық қорытындыға тарихтан нақты
мысалдар келтіріндер деген сияқты сұрақтардың, тапсырмалардың көмегімен
оқушыларды осы материалды оқып үйренуге қатыстырып отырады. Демек сабақты
ауызша баяндағанның өзінде де мұғалім айтатын әрбір сөйлем, белгілі ой
оқушыларды ойландыратындай, олардың ойлау қызметін көздеп отырған мәселені
шешуге бағыттап, жетелеп отыратындай болып құрылғаны дұрыс.
Сабақтың алғашқы күрделі мәселесінің қалған бөлігін, немесе екінші
күрделі мәселе бойынша алдымен оқушылар өздігінше жұмыс істеп, оқулық,
тарихи құжат, сызбалар, кестелер, т.б., соңынан сұрақтар қойып әңгімелесіп,
мұғалім қорытынды жасаса тиімді болмақ.
Жаңа сабақ материалының негізгі мәселесін оқушылар сыныпта біліп кетуі
үшін оның ішіндегі тірек білімдерді-ұғымдарды, теориялық қағидаларды,
негізгі оқиғалар мен олардың даталарын бірнеше рет қайталау керек.
Түсіндіру — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең
таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым
түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғым (салық, жасақ) мен себеп-
салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғышарттары)
мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи
деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының заңдылығы
ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым
екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
Түсіндіру желісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда
қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп,
есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше
танымдық әрекетін шектелетіндігінде.
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау)-- себеп-салдарлы байланыс пен
ұғымның негізгі белгісін анықтауда қойылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл
тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін
көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық
әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударғандай мәселе
қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді
салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу
материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте,
жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Оқу материалының теориялық мазмұнын баяндағанда салыстырмалы
сипаттама беріледі. Мемлекеттік билік, шаруашылық типтері және т.б.
ұғымдар, деректер салыстырылады. Оның барысында тарихи нысанның
салыстыратын белгілері айқындалады; сосын барып салыстыру барысында олардың
ортақ, ерекше, жеке белгілері анықталып, қорытынды жасалады.
Ұлт-азаттық қозғалыстарын салыстыруға арналған мынадай жаднаманы
қолдануға болады:
1. Ұлт-азаттық қозғалыстың себебі.
2. Қозғалыс басшысына сипаттама.
3. Қозғалысқа қатысушылар, олардың мақсаттары.
4. Қозғалыстың сипаты.
5. Қозғалыс барысы.
6. Жеңілу себептері.
7. Тарихи маңызы.
Жинақтаушы сипаттаманың мақсаты мүлдем бөлек. Ол оқылған теориялық
материалды қорытып, ұғым қалыптастырады. Белгілі құбылысты жинақтай отырып,
оның басты белгілерін логикалық бірізділікпен тізеді. Мысалы, колхоз
құрылысы туралы әңгімелегенде оның директивалық жоспарластыру, өндірілген
өнімді тартып алу, шаруаны жерге бекітіп қою сияқты белгілерін атайды.2
Жинақтаушы сипаттама күрделі тарихи құбылысты түсіндіру аяқталғанда
немесе оның маңызды белгілері мен байланыстарын анықтағанда қолданады. Сол
сияқты басты деректерді индуктивті және дедуктивті баяндағанда да бұл
тәсілді жемісті қолдануға болады.
Өзекті мәселені мазмұндау. Ойлау процесі проблемалық ситуацияға
байланысты. Адамда әлденені түсіну қажеттілігі пайда болғаннан бастап ол
ойлануға кіріседі. Ойлау қай кезде де мәселеден немесе сұрақтан, таң қалу,
түсінбеу, қарама-қарсылықтан басталады.
Өзекті мәселені оқыту элементтерін мұғалім көптеген сабақтарға енгізе
алады. Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларды ойландыратын қызықты,
оқыс сұрақтар қояды, ал олардың жауабы сабақ соңында берілуі керек. Ал
өзекті мәселе сабағында теориялық мазмұнды игеру жолындағы белсенді
ізденушілік әрекет бүкіл сабақ барысында жалғасады. Қабілетті оқушыларға
күрделі теориялық тапсырмалар беріліп, мұғалім ұсынған мәселені ізденушілік
сипаттағы оқу тәсілдеріне бағыттайды.
Өзекті мәселе ахуалы қалай қалыптасады? Ол оқу материалындағы
үйлесімсіздік немесе сабаққа қарама-қарсы сипаттағы құжаттардан үзінділер
енгізу немесе бір мәселеге қарама-қарсылықты әртүрлі көзқарастарды баяндау
өзекті мәселе ахуалына негіз болады. Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан
туындаған міндеттерді оқушылар бұрышы алған білімдеріне сүйеніп, өз
білімімен шешуі тиіс.
Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру
басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген
жеке қабілеттерін қалыптастыру.
Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды
игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бұл әдіс
мұғалім мен оқушы арысында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже
бермейді.3
1.2.Окушыларға теориялық оқу материалын оқытуды дамыту әдістерінің
қолданылу жайы.
Қазірге дейін дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістері толық
жіктеліп-сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы
белгілі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше жіктеліп-
сарапталады:
1. Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері: бұған мұғалімнің ауызша
баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектеп лекциясы, оқушылармен әңгімелесуі
жатқызылды;
2. Тарихты көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері: бұған бояулы
суреттер, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және
портретті, картаны, экрандық және басқа да техникалық құралдарды пайдалану
жатқызылды;
3. Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері: бұған
оқулықпен, тарихи құжаттармен, көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістері
қосылды.4
Оқыту теориясы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдар барлық
пәндерге ортақ деп оқыту әдістерін төмендегіше жіктеп-саралады:
Иллюстрациялап түсіндіру әдісі — бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және
әңгімелеп тұрып, пайдаланылатын басқа құралдарды (оқулықпен, техникалық,
көрнекі т.б. қүралдар, көркем әдебиет т.б. қамтиды. Бұл әдісті қолдану
барысында мүғалім де, оқушылар да қызмет етеді.
Репродуктивті әдіс — оқушыларға қажетті біліктерді қалыптастыруды
көздейді. Өйткені, оқушылар иллюстрациялап түсіндіру кезінде меңгерген
білімін қолдануға қажетті біліктерді меңгере алмайды. Олар осы екінші
әдісті қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушылар
мұғалімнің басшылығымен ол оқытып үйреткен білімді өздігінше бірнеше рет
және әртүрлі жағдайда еске түсіруге мүмкіндік беретін жұмыс түрін атқарады.
Мәселен, бүгін өтілген тарихи оқиғаны бұрын оқытылып кеткен ұқсас оқиғамен
салыстырып, ұқсас белгілері мен ерекшеліктерін табады, өтілген материал
бойынша жоспар жасайды, тарихи фактілерге өздігінше баға береді, теориялық
қорытындыларға, тұжырымдарға тарихтан, өмірден өздігінше нақты мысалдар
келтіреді, түрлі схемалар, кестелер сызады т.б.
Проблемалық оқыту әдісі — мұның мәнісі мұғалім жаңа тақырыпты баяндар
алдында, немесе оның белгілі бір маңызды мәселесін түсіндіруге кіріскенде
оқушылардың аддына проблема қояды, оның шешілуі туралы ғылыми болжам
жасайды, соған жетудің әртүрлі жолдарын, нұсқаларын ұсынады. Оқушылар
мұғалімнің әңгімесін зер сала тыңдай отырып, проблеманы шешу логикасын
қадағалайды, алдын ала жасалған ғылыми болжамдардың, шығарылған
қорытындылардың қайсысының қаншалықты дұрыстығын, дәлелдігін аңғартады.
Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс — оқушыларды бірте-бірте
белгілі бір проблемаларды өздігінше шеше алу дәрежесіне дейін жеткізуді
көздейді, осыған қажетті біліктерді біртіндеп қалыптастырады. Мәселен,
бояулы суретке, құжатқа, түсінген мәселеге байланысты сұрақ қоя отырып,
проблеманы шешуге үйретеді; естіген фактілері бойынша қорытынды жасауды,
немесе өздерінің болжамдарын айтуды ұсынады т.б.
Зерттеу әдісі — шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілін және білім мен
біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Бұл әдіс Кеңес мектебі
тәжірибесінде ұзақ уақыт және кеңінен қолданылды, сонымен бірге өзінің
тиімді екенін де көрсетті. Зерттеу әдісі — ғылыми тұрғыда танып білудің
тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс істеудің бұған
дейінгі айтылып өткен белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмы-сын
жүргізуге қызығатын оқушылардың ынтасын ұштай түседі; оқушылар білімді
толық әрі саналы түрде меңгереді және оны ұтымды орынды қолдана алуға
үйренеді.
Информациялы-рецептивті (дайын рецеппен) (I) — әдіс әңгіме, лекция,
экскурсия түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың,
тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі
жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция,
экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады. Білімді хабарлау негізінен
оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2) — әдіс тарихты оқыту барысында
мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінімен ауызша,
жазбаша жаттығуларды, басқа да оқу қызметтерін өздігінше орындауы арқылы
жүзеге асады.
Ал, қазақ мектептері тарихшыларының тәжірибесінде көбіне иллюстрациялап-
түсіндіру немесе информациялы-рецевтивті және эвристикалық әдіс
қолданылады, қалған әдістер көпшіліктің тәжірибесінде кездесе бермейді.
Өйткені оларды қолдауға белгілі бір жағдай керек, ең алдымен мұғалімнің де
оқушылардың да қажетті дайындығы болуы тиіс.5

қалыптастырудың жолдары.
Ақыл-ой әрекетінің тәсілдері оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында, елеусіз
көрінеді. Дағдыларының әрбір тобын игеру қарапайым ұғымдарды орындауды
талап етеді. Ойлау әрекетінің алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5 сыныптардан
бастап қолданады. Мұғалім оларды тарихи оқиғаларды кім?(не?) кайда? неге?
қалай? не үшін? деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға үйретеді.
Теориялық материалды оқып-үйренуге сөздік-ұғымдық ойлау тәсілдері де
енеді. Оған талдау және жинақтау, салыстыру, топтастыру, дәлелдеу, ең
маңыздысын бөліп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау
әдістері жатады.
Оқушылардың дағдылары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделене бастайды.
Олардың негізгі тізімі мынадай:
5 сынып –жеке оқиғаларды салыстыра алу, деректерді суреттеу дағдылары;
6 сынып - тарихи деректерді жинақтап, талдап, қарапайым қорытындылар
жасау, елдердің табиғи жағдайларын, еңбек, мәдениет ескерткіштерін
салыстырмалы түрде суреттей алу;
7-сынып — қоғамның әлеуметтік топтарының басты белгілерін анықтау; бір
үлгідегі құбылыс, процестерді салыстыру; оқиғалардың себебін жинақтап,
маңызын анықтау; өз тұжырымдарын түрлі дерек көздерімен дәлелдеу;
8 сынып — құбылыстар мен оқиғалардың маңызын бағалау; отандық және
жалпы тарихтың бір үлгідегі процестерін салыстырып, олардың себептері мен
салдарларын анықтай алу;
9 сынып — теориялық ережелерге сүйсініп, тарихи деректерді талдай алу;
10-11 сыныптар - жекелеген тарихи ұғымдарға анықтама беру; тарихи және
қоғамтану білімдері, дереккөздері негізінде талдау және жинақтау; қоғамдық
құбылыстардың дамуын сипаттау; процестерге салыстырмалы сипаттама беру.
Жоғары сынып оқушылары баяндама және реферат, сөйлейтін сөзінің тезистері
мен конспектілерін дайындай алуы тиіс.6
Әдістерді шеру қысқа немесе ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Мысалы,
салыстыру жүргізу дағдысын оқушы бірнеше жылда меңгере алады. Сол сияқты
оқушылардың талдау және жинақтау тәсілдерін игеруі де бірнеше жылға
созылады.
Талдау және жинақтау. Тұтас ұғымды ойынға бөлшектеу тәсілі талдау
(анализ) деп аталады. Анализге қарама-қарсы тәсіл — жинақтау (синтез).
Бірақ бұл ойлау операциясы анализбен, жинақтау, жүйелеу, топтастырумен
бірге іске асады. Жинақтау — жеке бөліктерді тұтас бірлікке ойға топтастыру
(олардың арасындағы байланыстарды ашу). Жинақтау тәсілін алғашқы қауымдық
құрылыс белгілерінің қисындық тізбегімен анық етіп көрсетуге болады:
Қарапайым еңбек құралы — бірлескен еңбек -ортақ меншік -қауым мүшелерінің
теңдігі.
Отандық тарихты оқытуға қарапайым талдау тәсілдерін енгізуге болады.
Мысалы, сақ сарбазының суретіне қарап, оның қандай қаруларды пайдаланғанын
анықтау. Бұл жұмыста мынадай арнайы жаднаманы пайдалануға болады:
салыстыратын белгілерді анықтау; олардың ең маңыздыларын қалдыру; ең
маңызды белгіні бірінші орынға, оған байланыстыларын одан кейін тізбектеу;
оқиға мен құбылысты салыстыру; қорытынды жасау,
Салыстыру - ортақ және әртүрлі белгілерді анықтау. Психолог
зерттеушілердің айқындауы бойынша 5-7 сынып оқушылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz